Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары



Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.
Белгілі ғалым және саяхатшы П.П.Семенов-Тян-Шанский Уалихановты «ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп бағалаған болатынды.
Шоқан алғашқы білімді ауыл мектебінен алды, онда арабша жазуға және оқи білуге үйренді. Содан кейін 1847-1853 ж.ж.сол кездегі Сібірдегі ең алыңғы қатарлы оқу орындарының бірі саналатын Омбы Кадет корпусында оқыды. Оны «ағарту ісі мен патриотизмнің дәнін себуші» деп атады, корпусты бітірген түлектерінің сол кезде Ресейге белгілі саяхатшы, зерттеуші Г.Н.Потанин, белгілі публицист Я.М.Ядренцев, ғалым А.Ф.Анненский. Корпуста оқып жүрген кезінде Шоқан жағырафияны, тарихты, әдебиетті зерттеуде қабілеттілігін аңғартты. Ол көп оқыды

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары
(1835-1865)

Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы,
шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ
мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ
халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады.
Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол
кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уалихановтың мәні ерекше
белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: ...Шоқан
Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды.
Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп
танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар
ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп
кетті. Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.
Белгілі ғалым және саяхатшы П.П.Семенов-Тян-Шанский Уалихановты
ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді деп
бағалаған болатынды.
Шоқан алғашқы білімді ауыл мектебінен алды, онда арабша жазуға және
оқи білуге үйренді. Содан кейін 1847-1853 ж.ж.сол кездегі Сібірдегі ең
алыңғы қатарлы оқу орындарының бірі саналатын Омбы Кадет корпусында оқыды.
Оны ағарту ісі мен патриотизмнің дәнін себуші деп атады, корпусты
бітірген түлектерінің сол кезде Ресейге белгілі саяхатшы, зерттеуші
Г.Н.Потанин, белгілі публицист Я.М.Ядренцев, ғалым А.Ф.Анненский. Корпуста
оқып жүрген кезінде Шоқан жағырафияны, тарихты, әдебиетті зерттеуде
қабілеттілігін аңғартты. Ол көп оқыды. Естеліктерін ерекше аталғандай,
саяси көзқарасының қалыптасуы мен әдебиет саласында ерекше өз достарынан,
өз қатарынан көп озық жүрді.
Кадет корпусында оқып жүргенде туған өлкесін зерттеу ерекше
қызықтырды, сол кездің өзінде ауыз әдебиеті шығармаларын жазып алып отырды,
қазақ даласының тарихын зерттеуге құлшынды, тарихи-архитектуралық
ескерткіштердің суреттерін салып отырды.
Г.Н.Потанин Шоқан туралы былай деп есіне алады: Шоқанды арман
алыстағы жұмбақ қыоғыз елдеріне, Тянь-Шань, Тибет тауларының баурайына
апарды... Ол тіпті мектеп қабырғасында саяхатшының қызметін даярланды,
Палластың, Рычковтың, Левашиннің, Вельяминов-Зерновтың және т.б. кітаптарын
көп оқыды. Шоқанға 14-15 жастың өзінде, оған корпустың оқытушылары болашақ
зерттеуші және ғалым ретінде қарады.
Кадет корпусында оқып жүргенде халқына қызмет ету идеясын ұсынған
болатынды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін, әуелі Сібір казактары әскері
кавалерия полкының қызметінде, кейін Батыс Сібір генерал-губернаторында
Шоқан өзінің негізгі арманын іске асыруға кіріседі.
1854-1857 жж. Шоқан Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Қырғыстан
жеріне саяхат жасайды, осы сапарларда ол көрнекті ғалым-географ П.П.Семенов-
Тян-Шанскиймен бірге жүрді, ол Шоқанның қабілеттілігі мен біліміне ерекше
назар аударады, оның ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.
Шоқан сол кезде Омбы және Семей қалаларына жер ауып келген орыс
революцияшыл-демократы, ақын С.Ф.Дуровпен және жазушы Ф.М.Достаевскиймен
жақын кездеседі. Шоқан мен Ф.М.Достаевскийдің достық қарым-қатынасы өте
естен кетпестей болды. Өзінің хаттарының бірінде Достаевский былай деп
жазды: ...Мен Сізді сондай сүйемін, күні бойы Сіз туралы және Сіздің
дағдарыңыз туралы армандаймын. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық болды:
бұл Сіздің тайпаңыздың ішінде бірінші еуропалық білім алған Сізсіз. Демек,
осы жағдайдың өзі ерекше, ол туралы Сізге еріксіз міндеттер жүктейді...
Дағдыр Сізді тамаша адам ретінде қалыптастырды, Сізге жан мен жүректі
сыйлады.
Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан
1855 жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан
кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға
қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін,
халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар
жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның
адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай
болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20
жастағы Шоқан Ыстықкөл сапарының күнделігі, Қытай империясының батыс
провинциясы және Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар деген және
т.б.құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін
Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып
сайланды.
1857-1859 жж.Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат
қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды.Сол елдің
саяси құрылысы, табиғаты, халықының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар
ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке
шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: Бұл мейлінше
қызықты, мейлінше пайдалы еңбек, - деп көрсетілген.
Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын
Еуропа мәдениетінен үйренуге прогреске шақырды. Сот реформасы туралы
жазбаларында Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасы бай, сұлтан,
билердің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы
Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау
Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар
Шоқанның жастық шағы
Шоқанның суретшілік өнері
Ы. Алтынсариннің ағартушылық еңбегі
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Пәндер