Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі және қызмет етуі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3

1. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1. Қосылған құнға салынатын салық: экономикалық мәні мен мазмұны 5
1.2. Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғышарттары. 12

2.ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ. 17
2.1 Қосылған құнға салынатын салықты бүгінгі таңда есептеу механизмі 17
2.2 Қосылған құнға салынатын салық түсімдеріне экономикалық талдау 26

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫ ТӨЛЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ... 31

ҚОРЫТЫНДЫ 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

Пән: Салық
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 33 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




ЖОСПАР

Кіріспе 3

1. Қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негіздері 5
Қосылған құнға салынатын салық: экономикалық мәні мен мазмұны 5
Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғышарттары. 12
2.Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі және қызмет етуі. 17
2.1 Қосылған құнға салынатын салықты бүгінгі таңда есептеу механизмі 17
2.2 Қосылған құнға салынатын салық түсімдеріне экономикалық талдау 26
3. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі қосылған құнға салынатын салықты төлеу жолдарын жетілдіру ... 31

Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер 37

Кіріспе

Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік кіріс деп, мемлекет қарамағына әртүрлі түсім көздерінен келіп түсетін және өзіне тән міндеттерін шешуге, сондай-ақ функцияларын жүзеге асыруға пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.
Салықтар мемлекеттің басқа да атрибуттары сияқты (мысалы, өкімет билігі, мемлекет аумағы, егемендігі, қарулы күштері, қаржылары және т.б.) мемлекеттер құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әрқашан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп өркендеуінің негізгі материалдық тірегі болып табылған. Алғашқы кездерде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай күйінде алынған болса, кейіннен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге - салықтарға айналған.
Экономикалық категория ретінде салықтар - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, жеке тұлғалардың мемлекетпен арасындағы туындайтын қаржылық қатынастың жиынтығы.
Салықтар дегеніміз, заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік бюджетке белгілі бір мөлшерде белгілі бір мерзімде заңға сәйкес төленетін міндетті төлемдер. Осы берілген түсінікті (ұғымды) жан-жақты талдап, салыстыру мақсатында басқа да авторлардың көзқарасына тоқталайық.
Мысалы, Гуреев В.И. салықтарды "міндетті жарна" деп атайды және мынандай түсінік береді: "міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының бір бөлігін заңмен белгіленген тәсілмен ақшалай түрде алу".
Белгілі ғалым Пепеляев С.Г. салыққа мынандай анықтама береді "салық - мемлекеттің өкімет билігі субъектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және дербес- ақысыз түрінде заңды және жеке тұлғалардан заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері".
Қазақстандық белгілі экономист - ғалым Қарағұсова Г.Ж. "салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады" деген анықтама береді.
Ең қысқаша берілген ұғым Мельников В.Д. мырзанікі болуы керек: "Салықтар - белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын заң жүзінде көзделген (қарастыралған) міндетті төлемдер".
Салықтар - өркениет үшін төленетін төлемдер. Сондықтан оның қандай түрінен болмасын жалтаруға болмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірде қабылдаған заң күші бар "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығы барлық салық органдарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мұнда салық қызметкерлерінің атқаратын жұмыстары нақтылы көрсетілген.
Бұған дейін республика бойынша салық салудың 41 түрі болса, қазір олардың шамамен 17 түрі ғана бар. Нақтылап айтар болсақ, әр облыс бюджетінен табыстары мынандай салықтар мен төлемдер есебінен құралады. Атап айтқанда, заңды тұлғалардың табыс салығы, әлеуметтік салық, су үшін төлем ақы, кәсіпкерлердің табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, мемлекеттік баж салығынан түсетін түсімдер. Міне салықтың осы 7 түрінен ақша бюджет қалтасына тұрақты түсіп отырады.
Маңызды бір мәселеге тоқталсақ, күнделікті тауар айналымында және көрсетілетін ақылы қызмет пен атқарылатын ақылы жұмыс орайында көпшілік қауымға жиі ұшырасатын салық- бюджетке жиналатын салықтың бір ірі тармағы болып есептелетін қосымша құн салығы болғандықтан ол туралы көпшіліктің хабардар болуы және оған түсінік беріп отыру ерекше маңызды.
Қазір қолданып жүрген "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының "Қосылған құн салығы " деп аталатын арнайы бөлімі бар. Мұнда осы қосылған құн салығы туралы жалпы түсінік айқындалып, оның есептелу мен төлену тәртібі түсіндіріледі.
Бұл бітіру жұмыстың мән, мағынасы да осы қосылған құн салығына байланысты болып келеді.
Жалпы, бұл бітіру жұмысын жазудағы мақсат - қазіргі қолданудағы салық заңдары негізінде жұмыс жасап жатқан жанама салықтардың, соның ішінде қосылған құн салығының жағдайын талдау және осы салықты есептеу мен төлеу механизмін жетілдіру үшін бір қатар нақты ұсыныстар жасау болып табылады.

1. Қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негіздері
1.1 Қосылған құнға салынатын салық: экономикалық мәні мен мазмұны

Жалпы, салық жүйесінде негізгі рөльді жанама салықтар алады. Оларға: қосылған құн салығы, акциздер, баж салықтары жатады.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Жоғарыда аталған салықтардың ішінде және бюджет кірістерінің көздері құрамында ең маңызды рөльді "Қосылған құнға салынатын салық" алады.
Тұтыну салықтары жанама салықтардың маңызды тобы ретінде дамыған мемлекеттердің салық салу тәжірибесінде ертеден қолданылуда. Алғашқыда, 1950 жылдарға дейін бұл топқа тек екі салық кірді: айналым салығы және сатуға салынатын салық.
Айналымға салынатын салық- өзінің табиғатына сәйкес тауар айналымының өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысының әрбір стадиясында, бірнеше рет салынады.
Сатуға салынатын салық- тауарды соңғы өткізу кезінде тауар құнынан процент түрінде алынады.
Айналым салығын сату салығынан ерекшелендіретін белгілер:
1) барлық сатылар өндіріс сатыларына қарамастан, соңғы тұтынуға тәуелсіз. Тікелей салықтардан айырмашылығы кәсіпкерлік пайдаға салық салуға немесе тұрғылықты халық пайдасына салық салуға негізделген.
2) барлық немесе соңғы тұтынудың бөлігінен түрлі тауар топтарына тең ставкалар мөлшерінде салық салу. Оның акциз, кедендік баждар тәрізді жанама салықтардан айырмашылығы тек қазыналық емес, басқа мақсаттарды көздейді. Мысалы, акциздерді арнайы тауар топтарынан (ішімдік және темекі өнімдері) осы өнімдерді тұтыну арқылы жоғары пайда алу мақсатында жүзеге асырылады және кейде қосымша түрде жоғарғы баға көмегімен осы өнімдерді тұтыну мақсатын көздейді. Кеден баждарынан тек сыртқы саудалық емес өнімдермен байланысты, қазыналық және басқа мақсаттарды, мысалы импортты баждар отандық өндірушілерді қорғау үшін қолданылады. Экспортты баждар - арнайы тапшы тауарларды шетелге шығаруды шектеуді көздейтін тауарлардан алынады.
3) салықтарды тұтыну мемлекеттік кіріс бөліктерін қандайда бір алынған салық кірістерін толықтыру үшін қызмет етеді. Әлеуметтік сақтандыру тәрізді кәсіпкерлердің жарнамалары жанама салықтың осындай түрлерінен ажыратылады. Бұл салықтық жарналар тұтыну есебін толықтырады, мақсатты бағыттағы кейінірек қолданылған әлемметтік қамтамасыз етілген түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы бюджеттің кіріс бөлігін торлықтыруға арналған.
1950 жылға дейін Батыс елдерінде осы екі жанама салық түрі билік етті, соңында олар бірте - бірте қосылған құнға салынатын салықпен ауысты. Бұл ауысу түрі ұзақ тарихи жағдайдан кейін ғана болды.
Айналымға салынатын салық Батыс елдерімен бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде күннен- күнге жоғары қарқынмен өсіп тұрған әскери шығындарды жабу үшін қолданылды. Бұл кәсіпкерлер мен тұтынушылар тарапынан үлкен наразылық туғызды. Себебі, тауар қанша өндірістік және айналым стадиясынан өтсе, тауар бағасы соншалықты қымбаттай берді де, нәтижесінде осы тауарды тұтынудың азаюына әкелді.
Айналым салығы келесі негізгі қағидалар негізінде құрылды. Ол мемлекеттік салалық ұйымдар , ұйымдарға кірмейтін мемлекеттік кәсіпорындар мен өз өндірісі негізінде тауарларды сататын кооперативтік ұйымдардан бөлінеді. Осындай негізде салық тауар айналымынан бөлінді, яғни өндірістік шаруашылық қажеттіліктер мен халықтың тұтыну мүмкіндіктерін қанағаттандыруға бағытталған тауар айналымдарынан бөлінді.
Салықтан бөлінетін айналымды анықтауда тек тауар айналымы ұғымы ғана емес, тараптарға сату ұғымы да кіреді. Мұндай сатудың айырушы белгісі - сол шаруашылық шегінде тауарларды сататын құжат болып табылады.
Бір ұйымның кәсіпорындары арасында жасалатын тауарларды сату айналымдары ішкі болып саналды және салық салудан босатылды. Бұл әдіс шаруашылық ұйымдарда жасалатын шикізат өнімдері өндірісін ынталандыру мақсатына көзделген. Осы арқылы өнімнің өз құнын төмендету тек салық айналымынсыз баға белгілеу жолымен ғана емес, өндіріс үшін өндірілетін шикізат шығындарын қысқарту жолымен өз мақсатына жетті. Тиісті тауар бағасымен алынатын қоғамның таза табысының шешуші бөлігі бюджетке осы тауар арқылы бір рет түсті. Салық айналымын төлеудің бір жақтылығы төлеушілер санын азайтты, салықты төлеу мен бөлуге бақылауды жеңілдетті.
Әр ұйымдық сала бойынша өнім айналымы процент есебінен 1 процент ставкасы белгіленді. Барлығы өндірістік сала ұйымдар санына сәйкес 46 салық ставкасы белгіленді. Салық әр сатылған тауар бойынша банк мекемесінде тиісті сатып алушының ағымдағы шот сомаларын бюджет есебіне енгізу автоматты бөлу арқылы төленді.
1931 жылы І - жарты жылдығында салық айналым төлеушілері кәсіпорынның алдыңғы квартал жоспарлы айналымын негіздейтін салықтың кварталды қаржылық жоспар сомаларын енгізуі және бұл жоспарларды әр айдың 25 - нен мемлекеттік банк мекемесіне мемлекеттік бюджет есебінен төлеушілер есептерінің салық сомаларын беруі қажет.
Жалпы маңызға ие кәсіпорынның салық айналымын жұмылдыру республикалық және жергілікті қаржы органдарымен жүзеге асырылды. Осындай негізде салық төлеудің орталықтандырылған тәртібі белгіленді.
Салық реформасы кезінде елеулі кемшіліктер жіберілді, бірінші кезекте салық төлеудің бірден орталықтануы.
Салықты кәсіпорын немесе шаруашылық ұйымдар өндірушілері емес, тұрғылықты жері бойынша салалық ұйымдар төледі.
1931 жылы жалпы сипатқа ие ұйымдар барлық салық айналымының 94 сомасын төлеуге міндетті болды. Мұндай тәртіп жергілікті қаржылық органдардың салықты есептеу және кәсіпорындардың өндірістік жоспарларын орындауға бақылауын шектеді. Жергілікті бюджеттер үшін салық шегерімдері нақты сомаларда белгіленді.
Салық айналымының салалық ставкасы деп аталатын иесізденген ставкалар жүйесінің салық айналымына түсуі теріс қалыптасты. Ставка көбінесе барлық біріктірілген айналым шегерімдерімен анықталынды, ол тауар топтары салықтарын иесіздік арқылы жұмылдыруды көздеді. Ставкалардың мұндай жүйесі маңызы бойынша салық айналымын нақты тауар бағаларынан және қоғамның таза табысы жинақтары кезеңінің кейінделуін білдірді.
Салалық ставкалардың көптігі 1929 - 1930 жылдары баға құрылымы мен ассортиментіне сәйкес келді және бірыңғайланған салық айналымдарындағы сала төлемдері деңгейімен анықталынды. Салалық ставка жүйесі бағаны жоспарлауды қиындатты және өнімнің жеке түрлерінің азаюына әкеліп соқты, шаруашылық есеп айырысуды әлсіретті.
Салық айналымын орталықтан алу кері әсерін тигізді және бірыңғай салалық ставкалардың болуы салықты фактілі емес, жоспарлық айналымнан алуды төмендетті. Салық реформасының кемшіліктері оның екі сатысында болды, яғни 1931 жылдан кейін салық айналымын алу жүйесіне маңызды келесідей өзгертулер енгізілді.
Салық айналымын алу тәртібі орталықтандырылған салалық ұйымдарда біртіндеп бірлестіктер құрамына енетін жекетрестер мен кәсіпорындардан деорталықтандырылған салық алумен ауыстырылды. Деорталықтандырылу тәртібіне ену тек салықтың түсуін жеделдетіп қана қоймай, айналым есебінің толықтығын, салық есептеу дұрыстығын қамтамасыз етті. Жергілікті басқару органдарының бюджет алдындағы кәсіпорындарға қатысты міндеттерін орындау мүдделілігін арттырды, қаржы органдарының өнімдерді өндіру мен сатуды жүзеге асыру жоспарларын орындауды бақылауын күшейтті.
1932 жылдың бірінші қаңтарынан бастап салық айналымының салалақ ставкалары мемлекеттік өндірістік кәсіпорынның тауарлық топтық ставкаларымен алмастырылды. Салық ставкалары тауар бағасымен жүзеге асырылатын қоғамның негізгі табыс деңгейі есебімен белгіленді. Айналым салығының ставкалары 143 - ке дейін жеткізілді.
Айналым салығының ставкалары өзгертілді, ол жеке салалар пайдалылығының және тауарлардың өзгертілуімен байланысты болды. Айналым салығының ставкалары айналым пайыздарында белгіленді, сонымен қатар салықты төлеу мерзімі туралы өзгерістер болды.
Айта келе, айналым салығының жетіспеушілігі ол тауар өндірісі процесіндегі әрбір кезекті стадияда соңғы өнім құнына нақты қосылған құнға бұл салықтың байланыссыз болуы. Анығырақ айтсақ, айналым салығы әрбір стадияда қосылған құнға байланысты емес өндірістік стадия санына байланысты өзгеріп отырады.
Сондықтан, көптеген мемлекеттерде бірінші дүниежүзілік соғыс бітуімен бұл салық түрін қолдану тоқтатылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, әскери және фискалдық шығындарды жабу үшін көптеген елдер айналым салығын қайта пайдалануға енгізді, ал кейбір елдер сатуға салынатын салыққа көшті. Осы салықты қолдану кезінде оның мынандай кемшіліктері шықты: бұл салықты қолданған мемлекеттер тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысының әрбір стадиясына әсер ете алмады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуымен бұл елдер өздерінің қаржылық шығындарын жабу үшін алдыңғы екеуіне қарағанда тиімді қосылған құнға салынатын салықты енгізді.
Бүгінгі таңда қосылған құн салығы салыстырмалы түрде ең жас салықтың бірі болып табылады. Бүгінгі күні қызмет атқарып, іс жүзінде пайдаланып жүрген салықтар тәжірибеге ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған. Кейбір салықтар мысалы, акциз, жер салығы ерте заманда - ақ пайда болды. Қосылған құн салығының негізгі құрылымы Францияда әйгілі, танымал экономист М.Лореннің арқасында 1954 жылы жасалды. 1958 жылы Францияның салық жүйесіне енгізіліп, қолдана бастады. Сол уақыттан бастап қосылған құн салығы аналитикалық және статистикалық мақсатта ХІХ ғасырдың аяғында қолдана бастады. Қосылған құн салығының пайда болуы мемлекеттік шығындардың өсуімен және табыстарға деген мемлекеттің қажеттілігінің өсуімен байланыстырады. Жанама салықтардың ең алғашқы түрі акциз болып табылады. Олар тауарлардың бөлек түрлерінен алынады. Оған қарама - қарсы бағытта қосылған құн салығы шығады, өйткені бұл салық тауарлардың барлық түрлерінен алынады және әмбебап болып табылады.
Жоғарыда айтып өткендей, жанама салық салудың алғашқысы сатудан түсетін салық болып табылады, сол уақытта ол қосылған құн салығымен салыстырмалы түрде сәйкес келетін. Сатудан түсетін салықтың пайда болу себебін бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі "әскери шығындардың" көптігімен байланыстырады. Салықтың бұл түрі тауардың өндірушіден тұтынушыға жылжу барысында өтетін барлық сатыдан көп рет өндіріледі. Салықтың қызмет ету нәтижесінде сатылатын тауарлардың бағасы өсе келе өндірушілер, сонымен қатар тұтынушылар тарапынан келіспеушіліктер туғызды. Ең алдымен бұл келіспеушіліктің себебі бұл тұтынушылардың, көп рет сату салығы өндірілетін тауарды өте қымбат бағамен сатып алған болып табылады. Ал басқа жағынан өндірушілер де бағаның өсуіне және сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты өндірілген өнімдерін өткізе алмай, зиян шекті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін салықтың бұл түрі салық жүйесіне алында. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде мемлекеттік бюджеттің үлкен шығындарымен байланысты табыс бөлімінің өсуіне қосымша қайнар көздерді қажет етті. Өндіріп алу сұраныстарына сай келетін сатудан алынатын салық салық жүйесіне қайтадан енді. Осы салық пен салық салудың механизмі біршама өзгерді. Біріншіден, ол тек қана бір жерден алына бастады, әрине бөлшек сауда сатысында және капитал айналымын бәсеңдеткен жоқ. Екінші қорлардың айналымдылығының өсуімен байланысты қазынаға түсімнің келіп түсу процесі жылдамдатылды. Осы жағдайға байланысты мемлекет біршама шығынға ұшырады, өйткені, тауар өндіру және тауар айналымы сатыларын толығымен бақылай алмады. Салық салу объектісіне көп рет салық салған уақытта өндіріп алу ұйымдары салықтық декларацияларды қабылдау барысында капитал қозғалысы жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік болатын. Ал тек бір рет салық салу барысында - бөлшек сауда сатысында - бұндай мүмкіндік жойылатын. Айтылған барлық факторлар қосылған құн салығының пайда болуына әкелді және бұл салық мемлекетке өндіріс және тауар айналымының барлық сатысына бақылау орнатуға мүмкіндік берді.
Қосылған құн салығының осылайша дүние жүзінде кең тарауы 1957 жылы Римде Еуропалық Одақтың құрылуы барысында мүше мемлекеттер ортақ нарықты құру мақсатында өздерінің салық жүйелерін бірыңғайға келтіруге қол қоюына байланысты. 1967 жылы Еуропалық Экономикалық Одақтың екінші директивасында қосылған құн салығы жанама салықтардың ішінде "ең басты салық" деп жарияланды және бұл салықты 1972 жылға дейін салықтық жүйеде мемлекеттер міндетті түрде енгізуін сұрады. Еуропалық Экономикалық Одақтың кеңесінің алтыншы директивасында қосылған құн салығының бүгінгі күнгі жүйесін қорытындылап бекітті. Содан кейін қосылған құн салығының мәлімдемелерін 1991 жылы оныншы директивамен бекітті және осы стандарттар Еуропалық Экономикалық Одақ мүшелерінің салықтық заңдарына енгізілген. Қазіргі таңда қосылған құн салығы әлемнің қырықтан астам елдерінде өндіріліп алынады. Қосылған құн салығының әлемдегі көптеген елдерге таралуы оның өмірге қабілеттілігін және нарықтық экономиканың барлық талаптарына сай келетінін көрсетеді. Айта кететін жай, бұл салық түрінің салық салу тәжірибесіне енуінің келесі факторлары бар:
Біріншіден тікелей салықтарда болатын кемшіліктер. Олардың қатарына салық салудың ауырлығын, салық төлеуден бас тартудың көп болуын жатқызуға болады.
Екіншіден, мәңгілік бюджет тапшылығы және салық салу базасын кеңейту арқылы табыстарды көбейтуге деген мұқтаждықтың болуы.
Үшіншіден, салық жүйелерін экономикалық даму деңгейіне сәйкес өзгерту.
Кейбір елдерде қосылған құн салығын енгізу жақпады. Мысалы, 1970 - ші жылдардағы шикізатқа және еңбек күшіне бай Бразилия өзінің экономикалық бағдарламасын жүзеге асыру барысында қосылған құн салығын енгізіп көрді. Олар қосылған құн салығын тек штат аралық негізде енгізді және әр штаттың есептеу тәсілдері үш түрлі болды (бүгінгі күнде де осындай). Осылайша қосылған құн салығы Бразилияның салықтық жүйесіне енбеді.
1990 жылы Халықаралық валюталық қор және Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы Индонезия астанасы Джапартада "Азиядағы қосылған құн салығы" атты біріккен семинар өткізді. Онда қосылған құн салығын енгізу барысындағы кездесетін алғашқы қиыншылықтар туралы мәселелерді қарады.
Қосылған құн салығының кейбір мәселелеріне талдау жасап көрелік:
Біріншіден, салықтық жүйенің қалыптасу барысында қосылған құн салығы және оның жанама салықтар арасындағы "негізгі бәсекелестері" - "бөлшек сауда салығы" және "тұтыну табысына салынатын салық" арасындағы талдау мәселесі.
"Бөлшек сауда салығы" айналыста қарапайым және тұтынушыға түсінікті болып қызмет етуі шектеулі болғандықтан салық салу объектісі тек кейбір тауар сатуда қолданады. Бұл салық қызметтерге салынбайды. Бірақ та, бағаның көтерілуі бұл салықты да белсенді етіп көтереді. Өйткені әр өндірісті өзгерту кезеңіндегі жалпы түсімнің ешбір шегерімсіз салық салынады және барған сайын салықтық міндеттеме өсе береді.
Егер салықтық жүйеде бөлшек сауда салығынан басқа салық түрі болмаса, онда тұтынушы белгілі тауардың бағасын басқа бағамен салыстыра алмайды.
Сонымен қатар бұл салық бөлу жүйесіндегі ең нашар звенодан ұсталады, өндірістік сатып алу, сату барысында тек кассалық ведомость қана құжат бола алады. Көбінесе нақты ақшаға тауар сатып алу барысында бұл фактіні ешкім тіркемейді және тиісті сома банкіге өткізілмейді, сәйкесінше салық төленбейді.
Өндірістік шығындар жиынтығы мен және түсім арасындағы айырмаға тұтыну табысына салықты енгізу жөнсіз деп қарастыруға болады. Өйткені салық төлеушілердің бұл салық түрінен талонда көптеген әдістерін біледі.
Мысал ретінде, алынған жалпы пайданы, өзіне және жұмысшыларына қосымша еңбекақы ретінде (жәрдемақы, материалдық көмек, сыйақы) төлеуі мүмкін.
Қосылған құн салығы көптеген тауарлар мен қызметтерді қоса кең салық салу базасы бар және ол шот - фактура негізінде жүйесінің барлық өзгерістік шығындарын шегеріп қоймай тек алдыңғы кезеңдегі өндірісте шикізат және материал сатып алу шығындары шегеріледі. Осының бәрі бюджетке шығын келтірмей және өндірісті ауырлатпай ең төмен жарнаны енгізуге көмек береді. Сондықтан қосылған құн салығы тұрақты және пайдалы 12-30 мемлекеттік түсім әкеледі және жалпы ұлттық өнімнің 5 - 10-ін құрайды. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Қазақстанның басынан өткен. Салықтық реформалаудың арқасында қосылған құн салығының жарналары 28-тен 20-ке, одан 16-ке төмендетілді, соның өзінде бюджет түсімінің 25-ін әкеледі.
Қосылған құн салығы осыншама жұмыс бәсеңділігі басқа салықтарға қарағанда экономикалық жағдайға байланысты таптырарлық емес, әсіресе табыс салығының базасы шектеулі, ал, негізгі жергілікті шикізат табыстарының тұрақсыздығымен ерекшеленетін мемлекеттерде, әрине кәсіпорындарда қосылған құн салығын өндіру кезінде инфляциялық жоғалтуларды болдырмау мақсатында қайтарып беру сомалары өз уақтылы төленсе жақсы болар еді.
.Айта кететін жай қосылған құн салығының негізгі ерекшелегі: өндірістік процестің интенсификациялануының эффекті ынталандырушысы, тәжірибесінде әмбебапты және ең негізгі аяқталмаған өндірістің көлемін қысқыртудағы әкімшілік емес реттеушісі болып табылады. Әрине қосылған құн салықтың несие ретінде өз уақтылы төлеген әрбір өндіруші өндіріс немесе өнімді сату арқылы сол соманы барынша тез қайтаруға тырысады.
Салықтың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал, салықтың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметтеріне тікелей қатысты.
Қосылған құнға салынатын салықтың негізгі 2 қызметтері бар:
1. Фискалдық
2. Реттеушілік
Бүгінгі таңда біздің елімізде, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бұл салықтың тек фискалды функциясы байқалады. Яғни, бюджет кіріс көздерін толтыру болып табылады.
Фискалдық немесе бюджеттік қызметі - бұл арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады, яғни бюджеттің кіріс көзін құру болып табылады.
Реттеушілік қызметі - салықтың ең негізгі қызметі болып табылады. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады.
Салықтық реттеудің ең басты мақсаты- өндірістің дамуына ықпал ету. Салық ставкалары, жеңілдіктері және тағы басқалары салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда аталған салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкасы мен салық жеңілдіктерініңі алатын орыны ерекше. Себебі, ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады.
Бір сөзбен айтқанда, салықтық реттеу қызметі арқылы, салықтар арқылы мемлекеттің экономикаға араласуы, оларға ықпал етуі болып табылады.
Әрбір салық сияқты қосылған құн салығының да өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар, ол келесідей:
Артықшылықтары:
1. Мөлшерлеменің өзгеруіне қарамастан салық түсімдерін бағаның өсуімен тікелей байланыстырады және де бюджеттік қаржының инфляциялық құнсыздану процесін болдырмайтын бірден - бір тиімді амалы болып табылады.
2. Мөлшерлеменің дифференциациялау әдісі арқылы мемлекетке қосылған құн салығы тұтынушылар сұранысының іс - қимылын реттеуге мүмкіндік береді.
3. Фискальдық қызметті атқара отырып, мемлекеттің атынан бағаны еркіне жіберу және құнсыздануды реттеуімен сәйкес келеді.
4. Әлемдік тәжірибеде өндірісті тоқтату, ұстап тұру элементі нарықтан әлсіз өндірушілерді шығарып тастауды жеделдетеді.
5. Мемлекеттің экономиканы реттеуші құралы ретінде қызмет атқарып, ұдайы өндірістегі дағдарысқа төтеп бере алады.
6. Әлемдік тәжірибеде қосылған құн салығының мөлшерлемесі тек қана деңгейі бойынша емес, саны бойынша да есептеледі. Төмендетілген мөлшерлеме сауда- саттықта қолданылса, жоғарылатылған- заттарға қолданылады.
Кемшіліктері:
1. Қосылған құн салығының жоғары мөлшерлемесі тұрғындардың сатып алу қабілетін төмендетеді және өндіруші үшін өткізу нарығын тарылтады. Сонымен қатар сатып алушылардың шектеулі мүмкіндігіне байланысты өндірушілердің өз тауарын тез өткізуге мүмкіндік бермейді.
2. Ең соңғы тұтынушыға салынғандықтан бұл белгілі бір деңгейде регрессивті жанама салық болып табылады.
3. Шикізат пен материалдарды жабдықтаушылардың қосылған құн салығын төлеу уақыты мен сатып алушылардан түскен өткізілген тауарлардың бағасындағы қосылған құн салығының уақыты сәйкес келмейді.
4. Реттеу мүмкіндігін және ішкі мәнін дұрыс қолданбау кәсіпкерлік қызметке кері әсерін тигізеді.
5. Салық есебіндегі қаржы аудару әдісінің нәтижесінде салықты төлеу үшін өзіндік айналым қорларын жұмсауға тура келіп отыр.
6. Қосылған құн салығының жоғарғы мөлшерлемесі өзін-өзі қаржыландыру үрдесін жасамай, бағаның көтерілуін тездетеді.

1.2 Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары

1970 - 1980 жылдары шет мемлекеттерінің салық саясатындағы аса маңызды жаңалық - ол қосылған құнға салынатын салықтың кең таралуы. Салықтың теориядан практикаға мұндай жылдам қарқынмен өтіп әлемдегі көптеген мемлекеттердің бюджетінің кіріс көзіндегі тұтынуға салынатын салықтардың ішінде басыңқы жағдайға ие болуы тарихта бұрын соңды болмаған еді.
Қосылған құнға салынатын салықты ең алғаш 1954 жылы М. Лоре (Франция) ойлап тауып, қызмет ету схемасын көрсеткен. Сонымен қатар, ол сол кезде Францияда қызмет етіп тұрған айналым салығын қосылған құнға салынатын салық толық ауыстыра алатынын дәлелдеген. Мұның есебі ретінде айналым салығының жағымсыз кері әсерінің көптігі көрінеді.
Қазіргі кезде қосылған құнға салынатын салық өзінің жалпы нысанында келесі 39 елдің салық - бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады:
а) Европадағы 17 мемлекет: Австрия, Бельгия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Соединское Королевство, Турция, Финляндия, Германия, Швеция.
ә) Латын Америкасының 14 елі: Аргентина, Боливия, Бразилия, Гветемала, Гондурас, Колумбия, Коста - Рика, Мексика, Никарагуа, Панама, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор.
б) Африканың 2 елі: Мадагаскар, Нигер.
в) Азидағы 2 ел: Корей Республикасы, Тайвань.
г) Кариб бассейніндегі 2 ел: Доминикан Республикасы және Ганти.
д) Шығыста бір ел: Израиль.
ж) Океанияда бір ел: Жаңа Зеландия.
Ең алғаш қосылған құнға салынатын салықты жалпы формасында 1967 жылы Бразилия штаттары енгізді. Бразилия штаттары 30 жыл бойы алынып келген біртекті емес айналым салығын алып тастады. Жүргізілген реформа айналымға салынатын салықтарға байланысты жетіспеушіліктерді жойып, федерацияның әртүрлі штаттарындағы салық органдарының қызметтерін жоғары деңгейде бағыттауы тиіс болды. Бұл салық тұтыну тауарларына салынды, ал инвестициялық тауарларға салынбады. Өндірушілердің сатуына салынатын жалпы ұлттық салықты есептеуде қосылған құн әдісі Бразилияда 1959 жылдан бастап қолданылып келеді. Қосылған құнға салынатын салықтың бұл елде ең алғашқы болып қолданылуы осыған байланысты болды.
1967 жылдың келесі айларында Данияда қосылған құнға салынатын салық жалпы ұлттық деңгейде енгізілді.
1968 жылы Германия бұл салықты дұрыс деп көріп оны салық жүйесіне енгізді.
Бұл елдерде қосылған құнға салынатын салық сатуға салынатын салықтардың бірнешеуін ауыстырады:
а) өндірушілерге салынатын қосылған құнға салынатын салық, қызметке салынатын жеке салық және бөлшек саудаға салынатын жергілікті салық (Франция);
ә) айналымға салынатын салық (Германия);
б) көтерме саудаға салынатын салық (Дания).
Швецияда 1969 жылы және Норвегияда 1970 жылы қосылған құнға салынатын салық сатуға салынатын салық орнына енгізілді. Әдетте бұл екі салық түрін бір - біріне ұқсас дейді, бірақ қосылған құнға салынатын салық бөлшек сатуға салынатын салыққа қарағанда өте көп салық төлеушілерге салынады және салық базасынан өндірістік мақсаттағы тауарларды шығарып тастау өте оңай болып келеді.
Америка Құрама Штаттарында қосылған құнға салынатын салықты 1975 жылы енгізді. Бұған дейін қосылған құн салығын енгізу мәселесіне байланысты ірі пікір таластар болып, талдау бойынша арнайы мамандардың екі жылдық зерттеуі негізінде бұл салықты салық жүйесіне енгізу негізсіз деп танылған болатын. 1975 жылы Америка Құрама Штаттың алты штаты корпарация табыс салығын алып тастап орнына қосылған құнға салынатын салықты енгізді.
Жоғарыда аталған мемлекеттерде бұл салықтың үлесіне орташа мөлшерде алғанда мемлекеттердің бюджеттерінің салықтық түсімдерінің 13,8 және жалпы ішкі өнімі 5,5 тиеді.
Мемлекеттік қаржы тарихында бұрын соңды мұндай тез өсу болмаған көрініс, себебі табыс салығының өзі мұндай қарқынмен дамымаған.
Қосылған құнға салынатын салықтың осылай кең таралуының себептері сан алуан, бірақ олардың негізгілері мыналар:
1) Тұтынуға салынатын салық арқылы кіретін мемлекеттік кірістерді ұлғайту мақсатында қосылған құнға салынатын салықтың әлеуетті кең салық базасы бар;
2) өндірушілердің тауар мен қызмет өндіруге байланысты шығындарына емес соңғы тұтынушылардың шығындарына салық салу мақсатында;
3) басқару мен қадағалау шығындарының аздығы;
4) бұл салықтан жалтарудың қиындығы;
5) Европалық Экономикалық қауымдастыққа кіруге қойылатын талап, ол мемлекеттің қосылған құнға салынатын салық салық жүйесінде болуы талап ретінде қойылуына байланысты.
Әлем елдерінде таралып, осыдан келіп қосылған құнға салынатын салық Қазақстан Республикасына да келіп жетті.
1991 жылы Қазақстан Республикасының салық жүйесіне енгізілген элементтің бірі - қосылған құнға салынатын салық. Осы кезеңде Қазақстан егемендік мәртебеге ие болды. Одақтық, бұрынғы мұрагерлік негізде қалған қаржы - несие жүйесі бұрынғы әкімшілік топтар жүйесі сипатына ие болды және ол экономикалық дамудың нарық жолын таңдаған жаңа жас мемлекет талаптарына жауап бермеді. Осыған байланысты, алғашқы рет республика жоғарғы Кеңесімен "Қазақстан Республикасының салық жүйесі" және "Бюджет жүйесі туралы" заң құжаттары қабылданды, онда тек қаржылық жүйе реформаланып қоймай, жаңа әлем тәжірибесіне сәйкес салық салудың прогрессивті ағымдары пайда болды.
Салықтың айналымға ену барысын талдауға келсек, бұл төлем осы кіріс нысандарын бөлуді бірыңғайландыру негізінде, қоғамның таза кіріс нысаны сыртқы қатынаста салықтық емес сипатқа ие осындай төлемдерден пайда болды.
Салықтар айналымын біріктіретін барлық төлемдер жеке қайнар көз ретінде қоғамның таза кірісін құрады. Салық айналымын құру кезеңімен бірге қоғамның таза кірісін бір топқа біріктіру негізінде пайда болғанын көрсетеді. Айта кететін бір жайт, салық айналымын құру кезеңінде жалпы таза кіріс нысандары халық шаруашылығы салаларының маңызды өсу пайдалылығымен байланысты. Салық айналымын қалыптастыру тарихы заңдылықпен ұштасады.
30 жылдары салық реформасы кеңестік шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының бюджеттік төлемдер жүйесін сәйкестендіріп, ықшамдады. Жүзеге асырылып жатқан төлемдердің басым көпшілігі негізгі 2 төлемге біріктірілді. Салық айналымдар мен шегерімдері мемлекет табысына енгізілді. Салық айналымына бұрынғы жүзеге асырылып жатқан құндар және төлем пайдасы шегерімдері сәйкестендірілді. Осылардың қатарында жеке төлемдер, кедендік алымдар, сот баждары, жергілікті салықтар жалпы саны 10 төлемдер сақталынды.
2 қыркүйек 1930 жылғы "Салық айналымы туралы" Ережеде келесідей көрсетілген:
Салықты төлеу сатылған тауарға мемлекеттік банк мекемесінің есебі негізінде мемлекеттік бюджет есебіне төлейтін салық төлеушінің контокоррентті есеп сомаларын бөлу жолымен жеке операциялар жүзеге асырылды.Сатылған тауарға мемлекеттік банк мекемесінің есебі кәсіпорын тиісті операциялардың салық сомаларын білдіреді. Мұндай тәртіп салық төлеудің кезеңі айналымына максимальды жақындауға мүмкіндік береді (онда кәсіпорынның салық айналымын есептемегенде). Бірақ бұл автоматты болып есеп айырысуға енгізілген жоқ. Салық төлеушінің бұйрығы ғана банкке төлемді есеп айырысу арқылы бюджетке енгізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты 1931 жылы 1 - ші мамырда ССРО халық қаржы комитеті салық төлеудің жаңа тәртібін енгізді. Онда барлық тауар құны алдымен салық төлеушінің есеп шотына бөлінеді, кейін оны салық айналымына енгізуде бюджетке бөлінеді.
Айналым мен төлемдер арасында қайшылық пайда болды. 1931 жылдың 1 - ші мамырынан бастап бюджетке төленетін салықтар біраз уақыт бойы жоспардан тыс ресурстарды құрайтын халық шаруашылығы органдары айналымында болды. 1931 жылдың 1 - ші мамырынан бастап ай сайынғы төлеу мерзімі әр айдың 25 - нен бастап өткен ай айналымы бойынша енгізілді. Кейін қаражаттардың бюджетке түсуін жетілдіру үшін төлеу мерзімдері өзгертілді.
Айналымға енген контингент тауарлар бағасы, оны төлеу көлемдері маңызды өзгерістерге ұшырады.
Салық реформасымен қоғамның таза кіріс бөліктерін айналым қабілеті жоқ тауарларға қатысты (мұндай кәсіпорындар болып пайда немесе табыс салығы шегерімдерін төлеушілер болды) бөлу көрсетілген жоқ. Бұл кәсіпорынға тауарлық емес операцияларды қаржы органдарымен ағымдық емес бақылауда көрсеткіштер санымен жоспарды орындау бөлігін көрсетті, төлемдер пайдасы орталықтан алынып отырды.
1931 жылы қаржылық бақылауды жетілдіру мақсатында салық айналымына қосымша түрлері енгізілді. 1932 жылдан бастап салық реформасы жасалынды. Соңғы жылдары салық жүйесіне маңызды өзгертулер енгізілді. Бұл жүйенің жетілдіруінің маңызды кезеңінің бірі қосылған құн салығын енгізу болып табылады. Оған көптеген себептер әсер етті
Нарық қатынастарының дамуы шаруашылық субъектілерінің меншік нысандарының түрлерін дамытуға, өндірістік аралас нысандардың пайда болуына әсер етті. Құнның өсуі негізінде әрекет ететін делдалдық қызметтің дамуы мемлекеттік қазынаның өсуінің бір бөлігі болып табылатын универсалды (әмбебап) салықтың қолданылуын талап етті. Әкімшілік басқару жүйесіндегі қаржы саясатында айналым салығы өзінің бастапқы қадамдарына ие болды. Айналым салығын қолдану аймақ бойынша заңсыз кіріс түсімдерінің түсуіне әкеліп соқты және базалық салаларға ие дамыған өндіріс өнімдерін тұтынуды әлсіретіп, мүліктік жағдайға итермеледі.
Осындай негізде салық айналымын қолдану аймақтар арасында қайшылықтарға әкеліп соқтырды. Қосылған құн салығының мүлкін объективті есептеу және жанама салық салуды толығымен қаржы әлеуметтік теориясы бойынша жанама салық салмауға итермеледі.
Қосылған құн салығын алудың елеулі артықшылықтары: барлық өндіріс сатыларында шотты қолдану бағасы дамыды, бұл салық үлесінің маңызды аргументі салық жүйесін құрудың шетел тәжірибесі болып табылады. Дамыған шет мемлекеттер тәжірибесі көрсеткендей жанама салықтар біртіндеп тең негізде бөлінген қоссылған құн салығының құны қандайда бір ауыртпалық әкелмейтін тауарларға, халық шаруашылығында қаржы пропорциясына ыңғайланды.
Қосылған құнға салынатын салықты көбінесе "Европалық салық" деп атаған. Себебі, Европа елдерінде бұл салық түрі бюджет кіріс көздерінің ең негізгі құрамы болып табылған. Бұл салық түрі Европа елінің 33 елдерінде қолданылады. 15 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері де осы салықты. қолданады. Сөйте келе бұл салық біздің елімізге келіп жетті.
"Қосылған құнға салынатын салық" Қазақстан Республикасында 1 қаңтар 1992 жылы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес енгізілді.
Сонымен айта келе, қосылған құнға салынатын салық - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығынын сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2. Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі және қызмет етуі
2.1 Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі

Қосылған құнға салынатын салықтың объектілері мыналар:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт болып табылады.
Салық салынатын айналым - өнімдерді, тауарларды өндіру немесе сату, сонымен қатар жұмысты өткізуден түскен айналым.
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым:
1. Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым: тауарға меншік құқығын беруді (тауарды сатуды, тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды, тауар экспортын тауарды тегін беруді, жарғылық капиталға жарна төлеуді, жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін),тауарды төлем мерзімінен ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді, соның ішінде қаржы лизингіне беруді, комиссия шарттары бойынша тауарларды тиеп жөнелтуді, қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойылған мүлкін (тауарын) беруін, заңды тұлғаның бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін, кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды жалдамалы қызметкерлердің, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын білдіреді.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез - келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай- ақ тауарды өткізуден өзге сый-ақы үшін кез- келген қызметті, оның ішінде: мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау шартымен пайдалануды, санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға салым ретінде берілетін құқықтар беруді, жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін, бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.
3. Мыналар: бірлігінің құны екі айлық есептік көрсеткішпен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау, тауарды қайтару, қайтарылған ыдысты тиеп жөнелту, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимімен рәсімделсе, өткізу бойынша айналым болып табылмайды; тапсырысшының мердігерге оның дайын өнімді әзірлеу және құрастыру және жөндеу үшін алыс- беріс тауарларын тиеп жөнелтуі, аталған тауарлар Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде дайындалған және құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды. Ұқсату режимі экспорт режиміне өзгертілген жағдайда , бұрын әкетілген алыс- беріс тауарлары немесе оларды ұқсату өнімдері өткізу бойынша айналым болып табылады.
Салық салынатын импорт - Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Импортталатын тауарларға салықты 2 түрлі әдіспен салады: тауар құнына бұрынғы бойынша 20 процент, қазіргіше 12 процент немесе оңайлатылған әдіспен тауарлардың кедендік бағасын, кеден бажын, кеден алымын, акциз сомасын қосып, осының бәрі 1,2 коэффициентке көбейтіледі. Мәселен, айталық, импорт кезінде жеке тұлғаға кеден бажын төлеуге-1300 теңге, кеден рәсімі үшін алым-110 теңге, акциз (акцизделетін тауарлар бойынша) - 3300 теңге, барлығы-4710 теңге талап қойды. Бұл жағдайда қосылған құнға салынатын салық 5652 теңге(4710*1,2) болады.
Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалармен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар(жұмыстар, қызмет көрсетулер) ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қосылған құнға салынатын салық
Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың құрлылу негізі және қызмет ету механизмі
Қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негiздерi
Қосылған құн салықты төлеушілер және салық салу объектілері
Қосымша құн салығы: есептеу механизмі мен қызмет ету мәселелері
Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі
Қосылған құнға салынатын салықты алудың ғылыми негізделген жүйесін зеттеу, қол жеткізуге мүмкін теориялық және әдістемелік материалдардың деректерін біріктіріп қарастыру негізінде олардың оңтайлы мөлшерін анықтау
Қосылған құн салықты төлеушілер және салық салу объектілері жайлы
Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь