Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар



ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Валюталық операциялар жөнінде түсінік
2. Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар
3. «АТФБанк» АҚ валюталық операциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Валюталық операциялар жөнінде түсінік
2. Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар
3. АТФБанк АҚ валюталық операциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Экономикалық процестерге тигізетін әсерлеріне қарай валюталық
операциялар екі негізгі түрге сараланған. Өткізілу тәртібіне орай олар
қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі. Қолма-қол валюталық
операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні
өткен соң айырбасталады.
Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал
қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi.
Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында
ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық
валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және
сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.
Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және
оның агенттері ( өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның
мақсаты – валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға
бақылау жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп
мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi
немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат
жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда
жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма
–қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ
шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу
бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.
Кассалық келісімдер немесе дереу орындалатын келісімдер спот (spot)
ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп
жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары
бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер
валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-
ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолданылады.

1. Валюталық операциялар жөнінде түсінік

Валюталық операциялар — валюталық құндылықтар ға қатысты жасалатын
мәмілелер. Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен
реттеледі. ҚР-ның заңдары бойынша, валюталық операциялар валюталық
құндылықтарды меншіктену және т.б. құқыларының өзгеге берілуіне байланысты,
соның ішінде төлем құралдары ретінде шет ел валютасын және шет ел валютасы
түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға байланысты операциялар; валюталық
құндылықтарды республикаға алып келу, сыртқа шығару және жолдау; ұлттық
валютаны, сондай-ақ, номиналы мен құны осы валютамен есептелінетін
құнды қағаздар мен төлем құжаттарын меншіктену құқыларының бір-біріне өтуі
жөніндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы мәмілелер болып
бөлінеді. Олардың ағымдық және капитал қозғалысына байланысты түрлері бар.
Ағымдық валюталық операциялар экспорт-импорттық сауда операциялар ына
(олардың төлемақыларын өтеуге, осы мақсаттар үшін кредит бөлуге), сондай-
ақ, шет елде тұратын, жұмыс істейтін азаматтардың валюталық қаражаттарын
(зейнетақыларын, аударымдарды, т.б.) пайдалануларын қамтамасыз етуге
арналады. Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар қазақстандық
капиталды шет ел экономикасына салуға, не шет ел капиталын ішке тартуға, ел
экономикасын өркендету үшін пайдалануға қызмет етеді.

Егер белгілі бір шектен асып кетсе, осы екі процес те экономикасының
дамуына кері әсер етіп, кесірін тигізуі ықтимал.

Мәселен, ұлттық экономиканың әр алуан саласында ше-телдіктердің
бақылау орнатуына немесе отандық капиталдың қайтарымсыз шетке кетіп қалуына
душар етеді.Сондықтан, капитал қозғалысына байланысты операциялар тиесілі
органдар арқылы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынуға тиіс. 

Экономикалық процестерге тигізетін әсерлеріне қарай валюталық
операциялар осындай екі негізгі түрге сараланған. Бұған қоса, өткізілу
тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі.
Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не
одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады.

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында
тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.

Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:

1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға
ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде
шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.

2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және
шығару операциялары.

3)Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.

Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді.
Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі
валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды
қамтиды.

Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге
асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында
ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық
валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және
сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін
негізгі терминдерге анықтама беру қажет, соның ішінде ең негізгісі – шетел
валютасы.

Шетел валютасы болып саналады:

1) банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі
төлем құралы болатын және айналымдағы тиындар, сонымен қатар
айналыммен шығарылатын, бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері;

2) шетел мемлекеттерімен халықаралық ақшалай немесе есеп- айырысу
бірліктеріндегі счеттарда орналасқан қаржы.

Ал валюталық құндылықтарға:

1) Шетел валютасы;

2) Шетел валютасындағы бағалы қағаздар- төлем құжаттары (акция мен
облигациялар), және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз
міндеттемелер;

3) Бағалы металлдар – алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары
барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа;

4) Табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және т.б.

Қазақстан Республикасының валютасына кіреді:

- айналымдағы, сонымен қатар айналымнан шығарылған, бірақ айырбастауға
жататын ҚР Ұлттық банкінің билеттері мен тиындары түріндегі теңгелер;

- Қазақстан Республикасы банктеріндегі мен басқа да несиелік
мекемелеіндегі счеттарға орналасқан теңгелей қаржылар.

- ҚР валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде көрсетілген төлем құжаттары
мен қарыз міндеттемелер. Ұлттық және Шетел валютасындағы операцияларды
жүргізетін субъектілерді анықтауүшін валюталық реттеу жүйесінің
резидент пен резидент емес деген негізгі түсініктеріне анықтама беру
қажет.

Резидент түсінігінің құрамына келесі категориялы азаматтар мен
мекемелер кіреді:

- ҚР территориясында тұратын тұлғалар  ( белгілі бір мерзімде ҚР
территориясынан тыс тұратын тұлғалар да)

- ҚР заңдарына сәйкес және қР территориясында орналасқан заңды тұлғалар;

- Заңды тұлға ретінде саналмайтын, бірақ ҚР-ның заңына сәйкес құрылған
мекемелер мен организациялар.

- ҚР –ң территориясынан тыс орналасқан дипломатиялық және басқа да ресми
предстовительстволар.

- ҚР территориясынан тыс жерде орналасқан резиденттердің филиалдары
Резидент емес тұлғаларға жатады:

- ҚР тыс мемлекеттерінің заңына сәйкес және ҚР да тұрақты мекен жайы жоқ
заңды тұлғалар

- Заңды тұлға болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.

- ҚР территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми
представительстволары

- ҚР-ның территориясында орналасқан резидент еместердің филиялдары.

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында
тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық
операцияларға төмендегілер жатады:

1.Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға
ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде
шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.

2. Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және
шығару операциялары.

3. Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл
операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық
бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталықоперациялар түсінігі валюталық
құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын
операцияларды қамтиды.

4. Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге
асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында
ақшалай есеп- айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен,
халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды
сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады. 

2. Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар
Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал
қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi.
1. Ағымдық операцияларға жататындар:
• тауарлар жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң
мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт
импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар;
• 180 күнен аспайтын несиелер беру жәе алу;
• салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар
бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және
аудару;
• осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын
барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
• инвестицияларды жүзеге асыру;
• интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi
көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған
аударымдар;
• мүлiктiк құқыққа және өзге де жыложымайтын мүлiк құқығына төлеуге
аударымдар;
• тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң
мерзiмiн 180 күннен асатын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-
импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар;
• 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
• өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары бойынша банк операцияларын
жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық
ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
• зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша
халықаралық аударымдар,
• жинақтау сипатындағы сақтандыру жәе қайта сақтандыру шарттары
бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде шетел валютасымен банктiк
операциялар жүргiзуде ҚР Ұлттық банкiнен алған лицензиясы бар өкiлеттi
банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР ұлттық банк валюталық
реттеудi және валюталық бақылауды жүргiзедi.
Банктрдiң жүзеге асыратын валюталық операциялардың өзiндiк
белгiлерiне байланысты жiктеледi:
1. Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:
• заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге)
валюталық шот ашу;
• шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
• операция жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн беру;
• кез келген аралық уақытта шот архивтерiн рәсiмдеу;
• клиенттердiң тапсырмалары бойынша операияларды орындау (клиенттер
есебiне шетел валютасын сатып ал және сату);
• экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты
мен импортты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп
айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай:
• қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын
сату және сатып алу;
• шетел валютасын жәе шетел валютасындағы төлем құжаттарын
инкассациялау;
• шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып алу ( төлеу);
• ақшалай аккредитивтердi төлеу.
2. Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
НОСТРО шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни
корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумн
байланысты операциялар;
ЛОРО шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент-
банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары.
3. Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
СПОТ мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және
сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi
күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.
ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi
валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi
2 банктiк жұмыс күнiндегi валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард
операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша белгiленген күнi
бiр валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшiн
жасалған контакт.

3. АТФБанк АҚ валюталық операциялары
Банк жұмысының негізгі бағыттарының бірі — ақша аударымдары және
төлемдер. Біз Қазақстан аумағында, сондай-ақ оның шегінен тыс жерлерде ақша
қаражаттарын аударамыз.
Сіз АТФБанктің дамыған филиал желісін пайдалана аласыз және өзіңіздің
шотыңыздан банктік аударымды, соның ішінде шот ашпай аударымды оңай
ресімдей аласыз.
АТФБанктің және басқа банктердің шоттарына ақша аударымдары теңгеде
және шетелдік валютада жүзеге асырылады.
ҚР аумағында клиенттердің өз шоттарына және ҚР Валюта Заңнамасымен
рұқсат етілген үшінші тұлғалардың шоттарына операцияларды қоспағанда,
резиденттер арасында шетелдік валютада есеп айырысуларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша жүйесінің қалыптасу негіздері
Шетел валютасын кәсіпкерлік қызмет ретінде пайдаланудың тәртібі және оның режимі
Валюталық операциялар түрлері туралы
Коммерциялық банктегі ақша қаражаттары
Валюталық шоттағы ақшаларды есепке алу
Банктерге және үкіметке несиелер беру
Банк активтік операцияларын сақтандыру
Коммерциялық банктердің қаржылық есебі
Центркредит Банкінің салымдарын салыстыру
Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы
Пәндер