Бұйымдардың біріктірілген құрама бөліктерін кескіндеу және белгілеу



Машиналар мен аспаптар тетікбөлшектері ажыратылатын және ажыратылмайтын біріктірулерінен тұрады. Ажыратылатын біріктірулерді көп мәрте жинап-жіктеуге болады, ажыратылмайтын біріктірулерді жіктеу үшін біріктіруге енетін кейбір тетікбөлшектерді бұзуға тура келеді.
Тетікбөлшектердің ажыратылатын біріктірулерін бұрандасы бар бұйымдармен, сұққыштармен, кілтекгермен және т.т. жүзеге асырады.
Ажыратылмайтын біріктірулер тойтарма көмегімен, пісіру, дәнекерлеу, желімдеу арқылы және басқа тәсілдермен жасалады.

Бұранадалы біріктірулер
Бурандалы біріктірулер бұрандасы бар тетікбөлшектерді тікелей біріктіру арқылы (5.1-сурет) немесе бұрандасы бар арнайы тетікбөлшектер (оларды бекіту тетікбөлшектері дейді) көмегімен жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда құрастыру сызбаларында біріктіруді кескіндеу ережелері жоғарыға келтірілген, сол себептен тек бекіту тетікбөлшектердің көмегімен жасалатын біріктірулерді қарастырамыз.
Бұранданы кескіндеу
Машина жасау саласында алмалы-салмалы бұрандалы біріктірулер кең таралған. Бұл біріктірулердің негізгі әлементі бұранда болып табылады.
Бұранданың жасалуы. Бұранда кейбір жазық фигураның (ол бұранданың профилін анықтайды және де айналу бетінің өсімен бұранда өсімен бір жазықтықта жатады) бұрама қозғалысы нәтижесінде жасалады.
Профилінің түріне байланысты бұранданы үшбұрышты, шаршылы, трапеция тәрізді, жұмырлы деп атайды.
Профиль өс теңірегінде бір рет айналғанда жасалған бұранда бөлігін орам деп атайды. Бұл жерде жасаушы профильдің барлық нуктелері бұранда жүрісі

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
БҰЙЫМДАРДЫҢ БІРІКТІРІЛГЕН ҚҰРАМА БӨЛІКТЕРІН КЕСКІНДЕУ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕУ
Машиналар мен аспаптар тетікбөлшектері ажыратылатын және ажыратылмайтын
біріктірулерінен тұрады. Ажыратылатын біріктірулерді көп мәрте жинап-
жіктеуге болады, ажыратылмайтын біріктірулерді жіктеу үшін біріктіруге
енетін кейбір тетікбөлшектерді бұзуға тура келеді.
Тетікбөлшектердің ажыратылатын біріктірулерін бұрандасы бар бұйымдармен,
сұққыштармен, кілтекгермен және т.т. жүзеге асырады.
Ажыратылмайтын біріктірулер тойтарма көмегімен, пісіру, дәнекерлеу,
желімдеу арқылы және басқа тәсілдермен жасалады.

Бұранадалы біріктірулер

Бурандалы біріктірулер бұрандасы бар тетікбөлшектерді тікелей біріктіру
арқылы (5.1-сурет) немесе бұрандасы бар арнайы тетікбөлшектер (оларды
бекіту тетікбөлшектері дейді) көмегімен жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда
құрастыру сызбаларында біріктіруді кескіндеу ережелері жоғарыға
келтірілген, сол себептен тек бекіту тетікбөлшектердің көмегімен жасалатын
біріктірулерді қарастырамыз.

Бұранданы кескіндеу

Машина жасау саласында алмалы-салмалы бұрандалы біріктірулер кең
таралған. Бұл біріктірулердің негізгі әлементі бұранда болып табылады.
Бұранданың жасалуы. Бұранда кейбір жазық фигураның (ол бұранданың
профилін анықтайды және де айналу бетінің өсімен бұранда өсімен бір
жазықтықта жатады) бұрама қозғалысы нәтижесінде жасалады.
Профилінің түріне байланысты бұранданы үшбұрышты, шаршылы, трапеция
тәрізді, жұмырлы деп атайды.
Профиль өс теңірегінде бір рет айналғанда жасалған бұранда бөлігін орам
деп атайды. Бұл жерде жасаушы профильдің барлық нуктелері бұранда жүрісі
деп аталатын бір шамаға ілгері, өске параллель жылжиды.
Бұранда негізінде қандай бұрама сызық (оңқай немесе солақай) жатқанына
байланысты бұранданы оңқай немесе солақай деп айырады.
Егер профиль айналу цилиндрі бетімен жылжитын болса, онда бұранда
цилиндрлік деп (бұл техникада ең көп қолданылатын бұранда), айналу конусы
бетімен жылжыса – конустық деп аталады.

Бұранда сырықта (стерженьде) және тесікте орындалады (5.2 —сурет).
Бір профильдің қозғалуымен жасалған бұранданы бір кірмелі, ал екі, үш және
одан да көп профильдердің қозғалуымен жасалғанды – көп кірмелі деп атайды.
Осыған байланысты Р үлкен латын әріпімен белгіленетін бұранда адымы деген
ұғым енгізілген, ол бұранда өсіне паралель түзу бойымен өлшенілетін айналу
өсінің бір жағында өстік жазықтықта жатқан бұранда профилінің сәйкес
нүктелерінің ара қашықтығы.
Бұранда әлементтері. Бұранданы шартты кескіндеу. Материалға (металл,
пластмасс, шыны) және басқа шарттарға байланысты бұранданы кесетін сайман
кемегімен материалды ойып, немесе бұранданың шығыңқы жерлерін қысып шығару
арқылы, немесе қалыпқа құйып, немесе престеп, немесе штампылап жасайды.
Бұранданы оятын сайман беттің толық профильді бұрандасы бар бөлінген
(5.2-суретте l бөліктері) оның тепе бөлігіне біртіндеп өткенде, бөлігі
пайда болады. Оны сілем деп атайды.
Егер сілемі жоқ толық профильда бұранданы жасау талап етілсе, онда
бұранда жасайтын сайманды шығару үшін бунақ, жасайды (5.2,в-сурет). Әдетте,
бұранданың бас жағында оның шеткі орамдарына зақым келтірмеу үшін және
бұрандасы бар тетікбөлшектерді біріктіргенде бағыттаушы міндетін атқаратын
қиықжиек жасайды (5.2-суретті қараңыз).
Бұранда орамдарының дәл кескіш салуға көп уақыт кетеді, сондықтан оны
өте сирек қолданады. МЕСТ 2.311-68-ге сәйкес сызбаларда бұранданы шартты
тұрде, бұранда профиліне тәуелсіз кескіндейді: а) сырықта - бұранданың
барлық, ұзындығына, қиықжиекті қоса, - бұранданың сыртқы диаметрлері
бойынша тұтас негізгі сызықтармен, ал ішкі диаметрлері бойынша тұтас
жіңішке сызықтармен. Сырық өсіне перпендикуляр жазықтыққа проекциялаумен
алынған кескіндерде бұранданың ішкі диаметрлері бойынша тұтас жіңішке
сызықпен шеңбердің 34 белгіше тең, кез келген жерде үілген, доғаны
жүргізеді (5.3,а-сурет); ә) тескте - бұранданың ішкі диаметрлері бойынша
тұтас негізгі жіңішке сызықтармен.

Тесіктің өсіне перпендикуляр жазықтыққа проекциялаумен алынған
кескіндерде бұранданың сыртқы диаметрлері бойынша тұтас жіңішке сызықпен
шеңбердің 34 бөлігіне тең, кез келген жерде үзілген, доғаны жүргізеді (5.4-
сурет).
Бұранданы кескіндегенде тұтас жіңішке сызықты негізгі сызықтан 0,8 мм-
ден кем емес, бірақ бұранда адамының шамасынан аспайтын қашықтықта
жүргізеді.
Қималардағы сызықтауды сырықтағы бұранданың сыртқы диаметрлерінің
сызығына дейін (5.5-сурет) және тесіктен бұранданың ішкі диаметрінің
сызығына дейін жүргізеді (5.4-суретті қараңыз).
Бұрандасы бар сырықтағы және бұрандасы бар тесіктеп фаскаларды арнаулы
құрылымды қызмет атқармаса сырық немесе тесік өстеріне перпендикуляр
жазықтықтағы көріністе кескіндемейді (5.3,5.4-суреттер). Бұранданың
шекарасын сырықта да, тесікте де бұранданың толық профилінің соңында
негізгі сызықпен (немесе үзілме сызықпен, егер бұрында көрінбейтін болып
кескінделсе, 5.6-сурет) бұранда диаметрлерінің сыртқы сызықтарына жетізіп
жүргізеді.
Көрінбейтін етіп көрсетілген бұранданы ішкі және сыртқы диаметрлері
бойынша жуандығы бірдей үзілмей сызықтармен кескіндейді (5.6-сурет).
Егер бұранданың шала ойымын немесе шала ойымы бар бұранданың ұзындығын
көрсету керек болса, бұранда өлшемін 5.7-суреттегідей түсіреді.
Егер сызба бойынша бұранда жасалмайтын болса (құрастыру сызбаларында), онда
шұңқырдағы бұранданың соңғы жағын 5.8-суреттегідей кескіндеуге руқсат
етіледі.
Бұрандалы біріутірудің тілігінде оның өсіне параллель жазықтыққа
кескіндеу кезінде тесікте тек сырықтың бұрандасы жауып тұрмаған бұранданың
бөлігін көрсетеді (5.9-сурет).
Бұранданың белгілеуін оның өлшемі мен шеткі ауытқуларының стандарттары
бойынша жасайды. Конустық және құбырлық бұрандадан басқа бұрандаларға
белгілеуін сыртқы диаметрге қояды (5.10,а-сурет). Бұранданың аталған екі
түрлі белгілеуді 5.10,ә суреттегідей түсіреді.
Профилі стандартпен тағайындалмайтын бұранданы профильдің қалпын
көрсетіп, кедір-бұдырлығы белгілеуін, барлық, қажетті өлшемдер мен шеткі
ауытқуларды түсіріп, кескіндейді. Сонымен қатар, сызбада кірмелер саны
жөнінде, буранданың оңқай бағыты жөнінде және басқа қосымша мәліметтерді
береді.
Метрикалық бұранданы техникада өте кең пайдаланады. Бұранда профилін МЕСТ
9150-81, бұранданың сыртқы, ортаңғы және ішкі диаметрлерінің өлшемдері МЕСТ
24705-81, диаметрлер мен адымдарды МЕСТ 8724-81, бұранда орындалуы
дәлдігінің дәрежесін МЕСТ 16093-81 тағайындайды.

Профильдің шығыңқы жерлері мен ойылған жерлерінің төбелері түзу немесе
шеңбер доғасы бойынша қиылған, бұл бұранда жасауды жеңілдетеді, кернеудің
шоғырлануын азайтады және тұтыну кезінде бұрандаға зақым келтіруден
сақтайды.
Метрикалық, бұранданы ірі (бұранданың берілген диаметр үшін біреу ғана
болады) және ұсақ (берілген диаметрі үшін бірнешеуі болуы мүмкін) адымды
етіп орындайды. Мәселен, бұранданың d=20 мм-лж диаметр3 үшінш ірі адым 2,5
мм-ге тен, ал ұсақ адым 2; 1,5; 1; 0,75 және 0,5 мм-ге тен, болуы мүмкін
(5.1-кестені қараңыз). Сондықтан метрикалық буранданың белгілеуінде ірі
адымды көрсетпейді, ал ұсақ адымды мідетті түрде көрсетеді. Белгілеу
мысалдары: сыртқы бұранда (сырықтағы) М 20-6%; М20LН-6g; М 20x1,5-6g;
М 20х1,5LH-6g, ішкі бұранда (тесіктгі) М 20-6Н; М20HL-6Н; М20x1,5-6Н;
М20х1,5LH-6Н. Дәлдік өрісін міндетті түрде көрсету керек.
Көп кірмелі метрикалық бұранданы белгілеу мысалы: М 20x10 (Р1)-6g, бұл
жерде 10 – жүріс шамасы, Р - адым белгісі, 1 - адым шамасы, 6g - сыртқы
бұранданың дәлдік өрісі.

5.1. – кесте
d Адымы 5
11-қатар 2-қатар Ірі Ұсақ
8 1,25 1; 0,75; 0,5
10 1,5 1,25; 1; 0,75; 0,5
12 1,75 1,5; 1,25; 1; 0,75;
0,5
14 2 1,5; 1,25; 1; 0,75;
0,5
16 2 1,5; 1; 0,75; 0,5
20 2,5 2; 1,5; 1; 0,75; 0,5
22 2,5 2; 1,5; 1; 0,75; 0,5
24 2,5 2; 1,5; 1; 0,75;
27 3 2; 1,5; 1; 0,75;
30 3,5 (3);2;1,5; 1; 0,75;
36 4 3; 2; 1,5; 1;
42 4,5 (4); 3; 2; 1,5; 1;
48 5 (4); 3; 2; 1,5; 1;

МЕСТ 6357-81 бойынша орындалған цилиндрлік құбырлық бұранданы суды және
газды жеткізетін құбырларда, оларды біріктіретін бөлшектерде (муфталарда,
бұрыштықтарда, крестовиналарда, т.т.) және басқа жерлерде қолданады.
Цилиндрлік құбырлық бұранданың шартты белгілеуіне G әрпі, дюйммен ("
таңбасы) берілген бұранда өлшемі, бұранданың ортаңғы диаметрі дәлдігінің
сыныпы - А немесе В (дәдігі төмен) және бұралу ұзындығы (егер ол стандарт
тағайындаған қалыпты ұзындықтан асып тұрса). Мысалдар: GЗ4-А, G 34 LН-А,
G 38-А-20, G1 LН-В-40 (мұнда 20 мен 40 сандары бұралу ұзындығы, мм).
Метрикалық бұранда белгілеуінде көрсетілетін диаметр өлшемі
оның нақты өлшеміне сәйкес келеді, ал құбырлық, бұранда белгілеуінде
көрсетілетін оның өлшемі шамамен құбырдың шартты өтіміне (құбырдың өткізу
қабілетін есептеу үшін қажет, дюйммен есептелетін номинал ішкі диаметрне)
тең болады. Мысалы, G1 шартты өтімі 25 мм-ге, яғни шамамен 1 дюймге тең
құбырдың сыртқы бетте түсірілген бұранданың өлшемін белгілейді, ал
бұранданың нақты сыртқы диаметрі 33,249 мм-ге тең болады. Сондықтан
құбырлық бұранда өлшемінің белгілеуін оңаша, шығару сызы-ғының сөкісіне,
түсіреді.
Конустық құбырлық бұранданы (МЕСТ 6211-81) үлкен қысым мен
температураға арналған құбырларды біріктірілгенде қолданады, сонда
біріктірудің жақсы қымталуы қамтамасыз етіледі. Профиль бұрышы - 55°,
конустылығы-1:16. Конустық бұранданың диаметрінің үздіксіз өзгеретіні
салдарынан оның өлшемін негізгі жазықтықтағы шамамен сыртқы буранданың
ұзындығының ортасындағы қимаға қатысты етіп тағайындайды. Бұл қимада
конустық бұранданың диаметрі цилиндрлі құбырлық, бұранданың диаметріне тең.
Негізгі жазықтықтың орны жұмыс сызбасында көрсетіледі (стандарттан
алынады).
Сыртқы бұранда R әрпімен белгіленеді, мысалы R12; ішкісі -Rс деп,
мысалы Кс 12; солақайлары - алдынғыларға сәйкес 12 LН және Кс 12LН
деп.
Дюймдік бұранда ОСТ НКТП 1260 бойынша орындалады. Белгілеу мысалы: 112
ОСТ НКТП 1260.
МЕСТ 6111-52 бойынша орындалатын дюймдік конустық бұранданы (профиль
бұрышы - 60°, конустылығы - 1:16) машиналар мен білдектерде жоғары
қысымсыз жұмыс істейтін жанармай, суйық, май, су және ауа жеткізетін
құбырларды жалғастырғанда қолданады. Құбырлық, бұранданың үлгісімен
түсірілген белгілеу мысалы: К 34" МЕСТ 6111-52.
МЕСТ 25229-82 бойынша орындалатын 60°-тық профиль бұрышы және 1:16
конустылығы бар конустық, метрикалық, бұранданың негізгі жазықтықта МЕСТ
9150-81 бойынша орындалған метрикалық бұрандамен ортақ өлшемдері болады,
сондықтан сыртқы конустық және ішкі цилиндрлік бұрандалар арқылы біріктіру
жасаугғ болады. Шығару сызығының сәйкесіне түсірілетін белгілу мысалдары:
МК 20x1,5; МК 20x1,5LH.
Жүріс беретін бұрандалар ішінде мыналар кеңінен қолданылады:
1) трапециялық бұранда ілгерілемелі қозғалысты беретін винттерде
қолданылады. Блгілеу мысалдары: бір кірмелі - Tr 40x6LH-8e; көп
кірмелі, мәселен үш кірмелі – Tr 40x9 (P3)-6e, б9л жерде 40- номинал
диаметр, 9 – жүріс шамасы, 3-адымы (мм).
тіректік бұранда бір жаққа бағытталған күштер жүктелген
винттерде қолданылады. Белгілеу мысалдары: S 80х20-7h; 580х20LН-
7Н; S 80х20(Р5)-7h, бұл жерде 80 - номинал диаметр, 20 - журіс
шамасы, 5-адым (төрт кірмелі бұранда). Стандарт профильді,
бірақ, адымы немесе диаметрі стандарт емес арнаулы бұрандалар-
ды профильдің шартты белгіленуінің алдына Сп деген арнаулы
жазуды қосып белгілейді, мысалы Сп М40х1,5-6g;
тікбұрышты бұранда жүктеменің әсерімен өзінен-өзі бұра-
лып кетуге жол бермеуге арналған біріктірулерде қолданылады.
Мұндай бұранданың профилі стандартталмаған, сондықтан сыз-
бада оны жасауға қажетті барлық өлшемдерді келтіреді.

Стандарт бекіту тетікбөлшектері

Техника мен тұрмыста ең көп тараған бекіту тетікбөлшектері бұрандамалар,
бұрамасұқпалар, бұрамалар, сомындар болып табылады. Олардың бәрі
стандартталған және де қалпына, жасау дәлдігіне, материалына және т.т.
қарай әртүрлі болып келеді. Оларды жалпы қызмет атқаратын және арнайы,
ерекше жағдайларда немесе белгілі бір бұйымдар түрлерінде қолдануға
арналған, деп бөледі. Төменде жалпы қызмет атқаратын бекіту
тетікбөлшектерін кескіндеу және белгілу ережелерін баяндаймыз.

Кең тараған бекіту тетікбөлшектері және олардың элементтері

Бұрандама. Бұрандама бір ұшында бұрандасы, екінші ұшында басы бар
цилиндр пішініндепгі сырық тәрізді болады. Ең жиі алты жақты басы бар
бұрандамалар қолданылады. Олар жоғары, қалыпты және тұрпайы дәлдікпен
(А, В, С дәлдік сыныптары бойынша), басы қалыпты немесе кішірейтілген
болып, бұранда адымы ірі немесе ұсақ болып, бір немесе бірнеше орындау
түрінде жасалады. МЕСТ 7198-70 бойынша шығарылатын осындай болт өзінің
төрт түрінде 5.11,а-суретте берілген. Бұл бұрандаманың бұрандасының
қалыпты диаметрі 6...48 мм аралығында, ал ұзындығы - 8...300 мм болады.

5.11-сурет
Бұрандаманың алты жақты басының оқу сызбаларында орындалатын кескіні
5.11,ә-суретте келтірілген. Бұрандама басының жақтарында пайда болатын
гиперболалар (айналу конусы өсіне параллель жазықтықтармен қиылысқанда
гипербола пайда болатыны белгілі) шеңбер доғаларымен алмастырылады.

Сомын. Сомын ортасында бұранда ойылған тесігі, конустық қиыкжиегі бар,
дұрыс, көбіне алты бұрышты, призма немесе қулақшалары бар қиық конус,
немесе оймакілтектері бар цилиндр тәрізді тетікбөлшек болып табылады.

Қызметіне немесе пайдалану жағдайына байланысты олар алты жақты, алты
жақты жармалы немесе тәжді деп бөлінеді өте кең алты жақты сомын
қолданылады. Мұндай сомындар үш түрде (5.12-сурет), жоғары, қалыпты және
тұрпайы дәлдікпен (А,В,С дәлдік сыныптарына сәйкес), қалыпты биіктікте,
тапал, биік және өте биік етіп, "кілтке арналған"

өлшемді қалыпты етіп немесе кішірейтір, бұранда адымын немесе ұсақ, етіп
шығарылады. Егер сомынға фреза көмегімен сіргеге арналған жырашықтар
ойылса, онда ол жармалы деп аталады. Егер осындай жырашықтар
бұрандабекіткіштің цилиндрлік шығыңқы жерінде ойылса, онда ол тәжді деп
аталады. Мұндай сомындар 5.13-суретте келтірілген.

Бұрамасуқпа. Бұрамасуқпа бір ұшында тетікбөлшек денесіне оны кіргізу үшін,
ал екінші ұшында бұраңдабекткішті бұрау үшін бұрандалары бар цилииндрлік
сырық болып табылады. Бұрамасұқпа ұштары сұқпа үш және қысқа ұш деп
аталады. Бұрамасұқпаларды МЕСТ 22032-76...МЕСТ 22043-76 бойынша (барлық
стандарттар тек қана бір түрді енгізеді), А және В дәлдік сыныптарына
сейкес бұранда диаметрі 2...48 мм, ұзындығын 10...300 мм етіп жасайды (5.14-
сурет). Суреттегі l – бұрамасұқпа белгілеуінде көрсетілетін оның ұзындығы,
l 0- қыспа ұштың ұзындығы (шала ойымсыз), l-сұқпа ұшында жасалатын бұранда
ұзындығы ( шала ойымды қоса). l1-ді бұрамасұқпа қондырылатын тетікбөлшек
материалына байланысты байлнысты былай алады: егер ол құрыштан, қоладан,
жезден және титан қорытпаларынан жасалса l -й, егер шойыннан жасалса 2,5 d
және 1,6 d (шойыннын екі түріне сейкес), егер жеңіл қорытпалардан жасалса,
онда l 1 =2d және 2,5d.
Бұрамасұқпаның бұранда ойылмаған (тегіс) бөлігінің диаметрін шамамен
бұранданың орта диаметріне тең етіп алып жасау рұқсат етіледі. Мұндай
бұрамасұқпалар белгілеуінде "Бұрамасұқпа деген сөзден кейін "2„ таңбасын
қояды.
Бұрамалар. Бұрама деп бір ұшына бұранда ойылған, екінші ұшында басы бар
(бұраманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толқын өткізгіш - коаксиалды ауысу
Математика пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Бөлшектерге амалдар қолдану
Ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстар
Бетон полимерлі қадалар
Құрастыру сызбасы туралы
Adobe Photoshop программасы
Отынның техникалық талдануы
Орта мектепте информатика курсын оқыту туралы
Географиялық карта және оның қасиеттері
Пәндер