Лизинг түсінігі және артықшылықтары мен кемшіліктері



Жоспар
Кіріспе
1. Лизинг түсінігі және функциялары
2. Лизингтің негізгі түрлері
3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
Қорытынды

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Лизинг түсінігі және функциялары
2. Лизингтің негізгі түрлері
3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
Қорытынды

Кіріспе
Орталықтандырылған бюрократиялық ұйымдар негізінен сатып алудың ескі әдісін пайдалануды ұнатады және жаңа тауарлар немесе жабдықтаушыларды қарастыруға бейімделген. Шешім қабылдаудың ашық түрін ұстанатын фирмалар жаңа тауарлар мен жабдықтаушыларды ынталандыруға тырысады.
Қазақстанда өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алу кезінде лизингті белсенді пайдалана бастады. Лизинг объектілеріне: басу машиналарынан бастап электростанцияларға дейін, ұшақтан бастап, ауыл шаруашылығына қажет техникалар, пішен шабатын машиналарға дейін және т.б. құралдар жатады.
Лизинг - бұл сату-сатып алумен, жалға (аренда) берумен және несиемен байланысты экономикалық және заңды қатынастар кешені. Мұнда лизинг беруші өзіндік және тартылған қаражаты есебінен өз меншігіне ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын және инвестициялық тауарларды сатып алып, оларды лизинг алушыға нақты төлемге және мерзімге уақытша пайдалануға береді. Қазақстандық компаниялардың ұсынатын лизинг нобайының ресейлікке қарағанда артықшылықтары бар. Ресейде ауыл шаруашылық техникасы 5 жылға пайдалануға берілсе, Қазақстанда 7 жылға беріледі. Елімізде ең қуатты лизингтік компания ҚазАгроҚаржы (КазАгроФинанс) шаруа қожалықтарына, өндірістік кооперативтерге және басқа өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын ұсынады. Компания ассортиментінде отандық ауыл шаруашылық машина жасаудың ең жақсы үлгілері, (Павлодар трактор шынжыр табанды тракторлары және т.б.) Ресей, АҚШ, Бельгия, астық жинау комбайндары, беларустық доңғалақты және шынжыр табанды тракторлар, украиндық тіркемелі егін оратын машиналар, сондай-ақ егін егу және егін егу алдындағы жұмыстарды жүргізу құралдары бар. Павлодар трактор зауытының Т-95,4 тракторын фермер лизингке 2009 ж. дейін жылына 7% төлем жасай отырып, 20 мың долларға сатып алады.
Тұлғааралық және жекелей факторларға тиісті өкілеттілік, статус және бедел, сатып алу жөнінде шешім қабылдайтын адамның жасы, білімі және қызметі жатады. Сатып алу жөніндегі мамандар өз жұмысын ұйымдастыру үшін әр қилы тәсілдерді ұстанады.
Кейбір жоғары білімді жас жабдықтаушылар компьютерге құлай беріледі және жеткізіп берушіні таңдамас бұрын барлық бәсекелес ұсыныстарға мұқият машиналық талдау жасайды. Ескі мектептің өз ісіне мығым мықтылары жабдықтаушыларды бір-бірімен қақтығыстырып жүріп-ақ өз мақсаттарына жетеді.
1. Лизинг түсінігі және функциялары
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда "жалға беру" беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг -- бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Лизинг - лизинг шартын жүзеге асыруға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастар жиынтығы, оған сәйкес жалға беруші (әрі қарай - лизинг беруші) жалға алушы (әрі қарай - лизинг алушы) нұсқаған мүлікті белгілі бір сатушыдан өз меншігіне алуға және осы мүлікті лизинг алушыға ақылы негізде уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімге жалдаған жалға алушы мүліктерді пайдалану шамасы бойынша борыштарын бірте-бірте өтеуі; лизингтік келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша: жалға алушы қалдық құны бойынша құрал-жабдықтарды сатып алуы, мерзімін ұзартуы, материалдық құндылықтарды қайтаруы мүмкін.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. Юнайтед Стейтс лизин корп. атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы Дойче лизинг ГМ6Х деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Қазіргі заманғы лизинг ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. 1940-шы жылдардың басында Чикаголық автомобиль сатушы Золи Фрэнк бір емес, бүкіл машина паркін жалға беруді ұйғарды. Бүгінде бұл адамды қазіргі заманғы автолизингтің атасы деп атайды. Алғашқы лизингтік компаниялар он жыл өткен соң - ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының орта шенінде пайда болды. Кейбір дереккөздерде дәл мезгілі - 1954 жыл деп белгіленген. Лизингтің қазіргі заманғы тарихы осы уақыттан басталады. Араға ондаған жылдар салып, қаржылық жалгерлік әлемде кеңінен өріс алады. Бүгін дамыған елдерде экономикаға нақты инвестициялардың шамамен 30-40%-ы лизингтің үлесіне тиесілі.
Қазақстанда қаржылық жалгерлік едәуір кеш - 90-шы жылдардың басында пайда болды. Сондықтан лизинг тарихы Батыста жарты ғасырды еңсерсе, Қазақстанда небары 15 шақты жылдан бері есептеледі. Дегенмен, елімізде лизингтің артықшылықтарын түсініп-бағалайтын кәсіпорындар саны күн өткен сайын артып келеді. Инвестиция тапшылығы, ұзақ мерзімді қаржыландыру қиыншылықтары мен өндірісті жаңартудың өткір қажеттілігі жағдайында қаржылық жалгерлік өнеркәсіп пен сауданы дамытудың тиімді құралына айналады.

2. Лизингтің негізгі түрлері
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
1.Ішкі лизинг - бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
2.Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Қаржылық лизинг - бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші(жалға беруші);
- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг - бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.
Лизинг қатысушылары
Лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
Лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизинг және лизингтік мәмілеге қатысушылар
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда жалға беру беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:
* қайтарылатын лизинг - лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;
* банк лизингі - лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;
* толық лизинг - лизингтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
Қаржылық лизинг
Лизингтік операциялар есебі
Тауар нарығы: құрылымы, негізгі сипаттары, артықшылықтары мен кемшіліктері
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Кәсіпкерлік қызметтегі лизинг операциялары
Лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Кәсіпорынның негізгі құралдарын жаңарту нысаны ретінде лизингті дамыту
Лизингтік қатынастар туралы
Бағалау
Пәндер