Қазақстандағы баптизм дінінің таралуы
КІРІСПЕ 3
І ӘЛЕМДІК ДІНДЕР
1.1 Әлемдік діндер арасындағы баптизмнің орны 5
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАПТИЗМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
2.1 Баптизм ағымының пайда болу тарихы 10
2.2 Кеңес дәуіріндегі баптизм 12
2.3 Қазіргі замандағы Қазақстандағы баптизм мәселесі 16
ҚОРЫТЫНДЫ 22
Пайдаланылған әдебиеттер 24

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ӘЛЕМДІК ДІНДЕР
0.1 Әлемдік діндер арасындағы баптизмнің орны 5

КІРІСПЕ
Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек...
Дін - араб тілінен енген сөз. Сөздікте Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету мағыналарын береді.
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы - дiнтану. Дiнтану ғылымы - дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты - дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.
Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы - дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, - дейді мамандар.
Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол - Алланың: Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па? - деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: Біз тоқталдық, ей иеміз... - деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін ресми дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр.
Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек, - деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн.
І ӘЛЕМДІК ДІНДЕР
0.2 1.1 Әлемдік діндер арасындағы баптизмнің орны
Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда,Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары әткізіліп отырылуы керек. Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, "Кришна санасының қоғамы" - өз жақтаушыларын, ал "Вера бахай" шіркеуінің өкілдері - өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқызады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады.
Буддизм. 3ерттеушiлердiң пiкiрiнше, буддизм осыдан 2500 жыл бұрын пайда болған. Оның негізін Индияның солтүстiгiнде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни есімді тұлға қалаған. Ол жер-жерлерді аралап жүрiп, өз ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзiн Будда (атақты бiлгiш) деп таныстырған. Ол жердегі адамзатты, жан-жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екенін түсіндірген.
Шығыс философтарының тұжырымдарына сүйенсек, Будданың анасы, шакья тайпасының патшасының әйелі Майя (Махамайяульи Майя) бiрде түс көрген. Түсiнде оның құрсағына бiр аппақ пiл кiрiп кеткен. Содан көп ұзамай Майя жүкті болып, балалы болған. Аңызға қарағанда, бала жерге шыр етiп түскенде, оған бүкiл құдайлар қатты қуанған. Әкесi баласының дiн жолына түсуін қаламай, оған дүниелiк тәрбие берген. Көңілін дiннен қашықтату әрекетiнде болған. Патша болғандықтан, әшекей дүниелерге кенелтiп, оны үйлендiредi. Бiрақ, бұл әрекеттерi баласын тоқтата алмайды.
Ү-ҮІІ ғасырларда буддизм мәдениетi өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жеттi. Монастрларда үлкен байлық жиналды. Азияның қалалары -- Кошамби, Санчи, Бодх-Гасде, Матуре, Сарнатхе, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсiндерi жасалды. І ғ. Қытайға, ҮП ғ. Тибетке, ХIҮ ғ. Монғолия мен Ресей мемлекеттеріне ендi.
Христиан дiні. Әлемдік діндердің бірі - христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен Інжіл кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен. Діндарлардың көзқарасынша, кітаптың алғашқы түпнұсқасында әрбір әріп жоғарыдан, яғни жаратушы иеден, ал қоспа сөздерді адамдар өз қолдарымен жазды деген тұжырымдамаларды айтады. ІҮ ғасырда Шіркеу тарихы деген кітаптың авторы Кесарий кітапқа қосылған Ионна мен Павелдің қоспаларын атап көрсеткен.
Христиан дінінің пайда болу кезеңі Иса (с.ғ.)-ның туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші ғасырының басынан деп белгіленеді. Бірақ оның кітабы - Інжіл бірнеше ғасыр бойы жазылып, өңделіп келді.
Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.
Келешектің жақсылығынан, көктен келген құтқарушының шапағатынан үміттенген Рим империясының адамдары оның іздерін иудей миссиясынан, Филоней Погосынан іздеді. Осындай жайлардан Құдай-адам, яғни Исус Христос бейнесіндегі құдай пайда болып, Христостың атымен христиан діні аталды. Бұл діннің негізін салған адам туралы, оның болғаны жайлы пікірталастар, дау-дамайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Өмірде болғанына сенімсіздікпен қараушылар көп.
Зороастризм. Зороастризм отқа табынушылық діні. Зороастр сөзінің мағынасы зоро - адам, астра - жұлдыз.
Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт - Зороастр.
Зороастр дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді.
Құммен тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып болған соң жанына итті қойып іштей ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған.
Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау - күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді.
Әйелге қатысты заңдылықтары: етеккірі келсе, отқа жолатпайды, таза емес есебінде. Қараңғы жерде отырғызады, ұйықтайтын болса жерде жатады, тас орындықта отырады. От жағуға рұқсат жоқ, тамақты бөлек ішеді, храмға кіруге рұқсат бермейді. Әйел бала туатын болса, тазалықты кірлету деп есептейді. Бала туар алдында бөлмесіне от жағып қояды. Босанарда оттың жалыны түзу болу керек, себебі қисық болса, бұл баланың жын-шайтаны көп болады деген. Әйел босанғаннан кейін тазару жолын қиындатқан. Бірінші күні таза су ішкізбеген, отқа жылынуға тыйым салған.
Даосизм. Даосизм (қытайша дао цзяо - жол ілімі) б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди (Сары император) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алды. Ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзыныкі саналады. Жол және ізгіліктер туралы канонда (Дао-де-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) Чжуан-цзыда баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм Лэ-цзы (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) және Хуаинань-цзы (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Көне даосизмнің философиялық ұстанымы оратағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даоцизмнің көрнекті өкілдері Ге Хун (ҮІғ.), Вань Сюаньлань (ҮІІ ғ.), Ли Цюань (ҮІІІ ғ.), Тянь Цяо (Х ғ.), Чжуань Бодуань (ХІ ғ.). Конфуцийшілдік білім алған зиялы қауым да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда шығармашылық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас әсіресе Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі арқасында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдер тіліне аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.
ІІ ғасырда Аспан жұлдыздарының жолы деп аталатын Чжан даомин (І-ІІ ғасырларда) негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқығын иеленеді. Оның Көктен түскен ұстаз титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІҮғасырда Жоғары тазалық және Рухани асыл қазына атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымдау тәсілдеріне көп көңіл бөлді.
ІҮ-ҮІ ғасырлардан бастап даолық ілімнің көптеген қағидалары қайта қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп ауқымды иерархиялық канон жасалды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, ҮІІІ ғасырда қытайлық көптеген институтттар мен монастрлар, ҮІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі - кемелденген ақиқат ілімі осы күнге дейін жетті.
Ислам діні. Ислам (арабтың - Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) - әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы - жалғыз құдайды - Алланы ғана мойындау.
Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін мұсылманмын деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін ұстанады.
Қазақтарда жиi айтылатын сөз - Құдай. Түркітілдес халықтар ислам пайда болғанға дейін Алланы Құдай деп атаған. Б.э.д. ІІІ ғасырда пайда болған зороастризм дінінің Авеста кітабында осы сөз жазылған. Зерттеушi С.И.Оспановтың айтуынша, Авестаның тілі - көне түркi тiл. Құдай сөзі екi түркi сөзінен: Құт(ты) және ай-дан құралады. Байлық, бақыт, аманшылық беретін - ай деген мағынаны бiлдiредi. Айды сол замандарда құдайдың деңгейiне дейiн көтерген.
Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүр, мәдениетіне берік болды. Қожа Ахмет Яссауи исламды өз реформасымен халыққа жақын, әрі түсiнiктi етіп ыңғайластырғаннан кейін ғана ислам діні қазаққа тарай бастады. Нәтижесінде шариғат заңдары исламға дейiнгi діндердің ырымдарымен араласты. Мысалы ортодоксальды мұсылмандар жылқы етін жемеген, қазақтар керісінше оны Алланың атына құрбандыққа да шалған. Өйткені Қожа Ахмет Яссауидың реформасы бұған рұқсат берген. Бірақ Алланы жан дүниемен сүюге шақырған.
Сөйтіп, Қожа Ахмет Яссауи көшпелілерге ислам-ның кейбір қатал шарттарын үйлестірді. Қожа Ахмет Яссауи құранның кейбір уағыздарын, Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың өсиеттерін орындамаған молдалар, имандарды, басшыларды (сұлтандар, әмiрлер), таразыдан жеген саудагерлерді, ар-ұждансыз әйелдерді сынап, дұрыс жолға бағыттап отырған. Осы қадамдар ислам дінінің көшпелі халық жүрегінен ойып орын алуына ықпал етті.
Ислам 714 ж. Сайрам (Испиджаб), Яссы (Түркiстан) аудандарын, Сырдария өзенiн бойлай отырықшы халыққа кең тарала бастады. Бұл жерде Үзген, Жент, Жұбан-ана, Саудакент, Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар сияқты қалалар орналасқан.
Баптистер - протестанттық христиандықтаң бір ағымының өкілдері. Баптистердің пікірінше, шынайы Шіркеу шіркеулік иерархияны қажетсінбейтін дінге сенушілерден түрады. Шіркеудің мемлекеттен болінуін талап етеді. Жалпы, баптистер қатып қалған діни наным-сенімдерден аулақ, өз идеологиялық негізін Евангелиядан алады. Оларға қатаң моральдық принциптер тән, мысалы, темекі шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынады. Англиядан кейін АҚШ бұл дінді таратудың әлемдік орталығы болып табылады.
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАПТИЗМ ДІНИ ІЛІМІНІҢ ТАРАЛУЫ
2.1 Баптизм ағымының пайда болу тарихы
Христиандықтың Орта Азияда Мерві қаласында пайда болуы туралы мәліметтер ортағасырлық тарихшы Бируни еңбектерінде б.з. ІІІ ғ. деп беріледі. Тарихи деректерде III - IV ғғ. Христиандық культ жоралғыларын өткізу үшін ғимараттар салынғандығын айтады. IV ғ. басында Соғды, Самарқанд қалаларында христиандықтың несториандық бағытының (ерте христиандық бағыттарының бірі) митрополиясы құрыла бастағандығы туралы деректер бар. Византия мен Сирияда қуғын көрген несториандықтар Орта Азия территорияларына көше бастады. Патриарх Тимофей тұсында (VIII-IX ғғ.) түркілердің христиандықты қабылдады деген деректер бар.
Несториандықтармен қатар, Орта Азия жеріне, Иса Мәсіх тек құдайылық табиғатқа ие (христиандықтың басым бағыттары құдайылық пен адами болмыстар бөлінбейтін, Иса Мәсіхтің құдай-адам табиғатын) деген пікірдегі яковиттер - сириялық монофизиттер ене бастады. Сонымен қатар, осы аймақтарда Антиохтық патриархқа бағынатын көне сириялық православиелікті ұстанатын - мелькиттердің де болғандығы белгілі.
Алайда, түркілердің исламды қабылдауымен христиандық ықпалы әлсіреп қалды, XII-XIII ғғ. таман Орталық Азияда христиан қауымдастығы қалмады десе де болады.
XVII ғ. баптизм діни ілімі Голландияда ағылшындар арасында пайда болды. Ағылшын Джон Смит (1554-1612 жж.) Англияда бірінші баптистік қауымды ұйымдастырды. Баптистік (грек. Суға батырамын, сумен шоқындырамын) қауымда ересек адамдарды суға түсіріп шоқындыратын әдет ендіреді, өйткені, олардың ойынша, кәмелетке жасы толғандар шын сеніммен келеді дейді. Баптисттердің мінәжат (дом молитвы) үйіне кіретін есік кімге болса да ашық. Баптистер бостандықты талап етеді, қандай да бір дін болмасын дербес өмір сүруі керек, шіркеу мемлекеттен бөлінуі керек, діни қауымдарға адамдардың барлығы тең құқықты болуы керек деген ұстанымдарға сүйенді. Олар Троицаны, Христостың Құдай тектес екендігін мойындағанымен, шіркеудің адамдар арасындағы байланысшы болатынына, иконға бас июге, крес, әулиелерге сиынуға, монахтыққа қарсы болып, мойындамайды. Литургия, месса сияқтылардың орнына баталық жиындар (молитвенные собрания) өткізеді. Христиандық әдет-ғұрыптар мейрамдардан шоқындыруды, нан үзіп жеу салты (хлебопреломлена) және қол-алақан мен басқа дем (рукоположениені) және де Христостың атына байланысты мейрамдарды қолдайды. Баптистердің шоқындыру рәсімі өзгеше. Олар маңайындағы табиғат суларын (өзенді, көлді, су қорын) пайдаланады, оны құпия демей, адамның шіркеуге кіруін белгілейтін ғұрып деп есептейді.
Баптистік қауымдар XVII ғасырда пайда болды. Алғашқы ағылшын баптисі Джон Смит (1554-1612) болып саналады. Қауымдарда ересектерді сағы батыру арқылы шоқындыру енгізілді. Конфессия атауы да осымен байланысты (грек. - baptize суға батыру, шоқындыру). Баптистер діни еркіндікті, төзімділікті, шіркеуді мемлекеттен бөлуді талап етті. Баптизм ілімінде жеке сенімге және дінді қабылдауға көп көңіл бөлінеді. Жалпы баптистер аман қалуға адам ырқының қатысуын мойындаған XVI ғасырда голландық реформатор Яков Арминийдің ықпалында болды және Христосқа сенгендердің бәрі аман қалады деген доктринаны ұстанды. Жеке баптистер кальвиндік жазмыш ілімін қатаң сақтайды. Бұл баптизмдегі басым бағытқа айналды.
Шоқынуды баптистер сенімді саналы қабылдау, рухани қайта түлеу деп түсінеді. Қауым мүшелігіне үміткерлер оған сынақ мерзімінен кейін және дұғалық жиында тәубеге келгеннен соң жіберіледі. Тек суда шоқынуды қабылдағандар ғана қауымның толыққанды мүшесі болып саналады. Шоқыну мен нан үзу Христоспен рухани тұтасуды білдіретін рәсімдер болып саналады. Баптизм өз ізбасарларынан белсенді миссионерлік әрекетті талап етеді. Баптистік қауымдарды сайланбалы пресвитерлер басқарады, ал оларға дьякондар мен уағызшылдар көмектеседі.
XVII ғасырдың бірінші жартысында баптизм Солтүстік Америкада тарала бастады. Үстемдік етуші діни-шіркеулік дәстүрі болмаған жаңа құрлықта баптизмнің дамуы жаңа конфессиялардың нығаюындағы маңызды фактор болды. Олар Еуропа мен басқа елдерге бағытталған өз миссияларын осы құрлықтан бастады. Бұл процесте ревивалистік қозғалыстар (діни қайта жаңғыру), әсіресе 1720 жылы басталған Ұлы ояну қозғалысы маңызды рөл атқарды. Сол кездегі көптеген конгрегационалистер баптизмді қабылдады.
Баптизм протестантизмдегі ең ірі конфессиялардың біріне айналды. Баптист қауымдарының мүшелерінің саны 35 млн-ға жуық, ал балаларды, жастарды, достарды (жақындарды) қосқанда баптизм ізбасарлары 75 млн-нан асады. 1905 жылы баптистер саны әлемде бес есеге артты. 122 елде баптистік шіркеулер бар.
Баптистердің құлшылық ететін үйлері шіркеуден өзгеше. Олардың ішкі дүниелері Құдай деген махаббат деген міндетті түрдегі ұран-ұстаныммен шектелген. Құдайға құлшылық ету уағыз айтудан, Тауратты оқудан және діни әндер айтудан тұрады. Олардың мәтіндерін қауымдастық мүшелері өздері шығарып, халықтық әуендер негізінде, қазір тіпті бүгінгі әндер негізінде орындайды.
2.2 Кеңес дәуіріндегі баптизм
Баптизм протестанттардың ішінде ең көп конфессияға айналды. Тек таза қауымға кіретін баптистердің мүшесі 35 млн адамға, ал олардың балаларымен, жастарымен, достарымен қосып санасақ, онда 75 млн адамға жетеді. 1905 жылы осы кезде олардың саны 5 есе артты. Қазіргі кезде 122 мемлекетте баптистердің қауымдары бар. Ең бір үлкен қауымы АҚШ-та. 1905 жылы Лондон қаласында бірінші конгресі өтіп дүнижүзілік баптистер одағын құрды. XIX ғасырдың ортасында баптистер Ресейге тарады да, XX ғасырдың басында Қазақстан жеріне де тарады. 1944 жылы КСРО-да Евангелие христиан баптистердің одағы құрылды. Одан бір жылдан соң пятидесятниктер, ал 1963 жылы менониттер қосылып, бірлескен бір одақ құрды - ВСЕХБ (Всесоюзный совет Евангельских христианских баптистов). Оларда белгіленген уақытынды съездері өтіп тұрады. Съездер арасында Братский Весник деген журнал арқылы жаңалықтарын бөлісіп отырады. 1960 жылдан бастап ЕХБ (Евангельские христиан баптисты) ішінде әкімдік күрес басталып, 70 жылдары қауымдар дербес одақтар шыға бастады. Қазіргі кезде дербес үш қауымдық одақ құрылды, олар: ЕХБ одағы, ЕХБ шіркеуі кеңес және ЕХБ шіркеу автономиясы.
Баптизмнің ең ірі ұйымдары АҚШ-та құрылды. Ал 1905 жылы Лондонда өткен бірінші конгресте баптистердің Дүниежүзілік Одағы құрылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында баптизм Ресей империясында, алдымен Украинада, Закавказвьеде, Прибалтикада таралады. XIX ғасырдың 70-жылдары Петербургте баптистерге жақын евангелиялық христиандар ағымы пайда болады. 1905 жылы діни төзімділік туралы жарлық шықаннан кейін баптистер Одағы мен евангелияшылдар Одағы құрылады. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін екі одақ та өз әрекеттерін жандандырады. 1917-1927 жылдар аралығын бұл қозғалыс өкілдері алтын он жылдық деп атайды. Осы жылдар олар ауылшаруашылық қауымдары мен кооперативтер құрып, ауқымды рухани әдебиеттер, газет-журналдар шығарды. Христиан жастары ұйымдары құрылды, уағызшылдар дайындайтын библиялық курстар ашылды.
Діни ұйымдарға қатысты саясат өзгергенде евангелияшыл христиандар мен баптистер қауымының басым көпшілігі әкімшілік тұрғыда жабылды (1932). Бірақ Ұлы Отан соғысы жылдары тыйым салу шаралары әлсіреді. 1944 жылы КСРО-да евангелистік христиан-баптистер одағы құрылды. 1945 жылы бұл одаққа елуігшілердің бір бөлігі, ал 1963 жылы меннионит бауырлар қосылды. Кеңесті съезд сайлайтын Бүкілодақтық Евангелиялық Христиан Баптистер Одағы басқарды (БЕХБО).
Дінге қарсы жаңа әкімшілік күрес жанданған 1960 жылдары (1965 жылы) ЕХБ шіркеуінің Кеңесі басқарған топ бөлініп шықты. Оның жетекшілері балалар мен жастарға діни тәрбие беруді талап етті, діндарлардың азаматтық құқықтары, уағыз айту мен миссионерлік әрекет бостандығы үшін күресті.
Бірқатар қауымдар тәуелсіз ретінде тіркеле бастаған 70-жылдардың екінші жартысында біртіндеп үш тәуелсіз ұйым: ЕХБ Одағы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz