XIX ғасырдағы Ұлыбританияның Қытайды отарлауы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.8 беттер
1 XIX ғасырдағы Ұлыбританияның Қытайды отарлауы
1.1 Қытайда ағылшын экспансиясының басталуы ... ... ... ... ...9.11беттер
1.2 Ағылшындардың Қытайдағы агрессиялық саясаты ... ... ... .12.15 беттер
1.3 Ағылшындардың Шығыс Қытайдағы және Янцзидың төменгі
ағысы маңындағы әскери әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.17 беттер
2 XIX ғасырдағы Қытайдың дипломатиялық қатынасы
2.1 Ресей мен Цинь империясының қарым.қатынасы ... ... ... ..18.21 беттер
2.2 Қытайға қатысты басқа капиталистік мемлекеттің жүргізген
cаясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.25 беттер
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27 беттер
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.29 беттер
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30.34 беттер

Кіріспе
Осы жұмысты жазудағы басты мақсатым XIX ғасырдағы Қытайдың тарихы мен саясаты және дипломатиясын зерттеу болды. Қытай әлемдік тарих сахнасында өзіндік орны бар ерекше мемлекет.
Цин империясының құлдырауы Батыс Еуропалық державалардың және АҚШ тарапынан экспансиалауды күшейтумен қатар жүрді. Батыс Еуропалық державалар мен АҚШ мемлекеті қандай да болмасын амалмен өз тауарларын өткізу үшін Қытайға жол салуға ұмтылды. Бұл жөнінен ең белсенді әрекетті Англия іске асырғысы келді. Ол ХVIII ғасырдың аяғында әлемдік саудада алғашқы орында болды. 1801 жылдың маусымында Францияның күштеуімен Португалиямен бітім шарт жасасты. Ол бойынша португалдық барлық порттар Ағылшындықтар үшін жабылып, француздар үшін ашылды. Оған жауап ретінде Бенгалиядағы ағылшын генерал-губернаторы Гоа-дағы португал әкімшілігі өкілдеріне Ағылшындықтар Франция кемелерін Макаоға кіргізбейтіндігін ескертті. 1802 жылы наурызында ағылшындық алты әскери кеме Макаоға десант түсіру үшін әрекет етті. Сол кезде португалдықтар өздерінің миссионерлері арқылы Пекиндегі Цин үкіметінен көмек сұрады, ал Цин үкіметі қауіпсіздік шараларын іске асыра бастады. Әскери қақтығыс сауда әрекеттерін тоқтатып қоюы мүмкін деп ағылшын әскерлері шегініс берді. 1802 жылдың жиырма жетінші мамырында ағылшын эскадрасы кетткеннен кейін, Макаодағы Цин билеушілері португалдықтардан порт территориясына ешқандай да шетелдік кеме келмейді деп жазба міндеттеме алды[1].
1808 жылы Үндістандағы ағылшын әкімшілдігіне Францияның Португалияға қысымшылық жасап жатқандығы жайлы хабар жетті. 1808 жылдың он бірінші қыркүйегінде Макаоға Мадрастан ағылшын контр адмералы В.Дрюри үш жүз адамдық отрядпен келді. Портгулалдықтар мен ағылшындықтар ұзақ келіссөзден кейін ағылшындықтар портқа түсті.Бұған жауап ретінде Цин үкіметі шетелдіктермен сауданы тоқтатты, он жетінші қазанда ағылшын фактурасындағы қытайлық қызмет көрсетуші персоналды

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6- 8 беттер
1 XIX ғасырдағы Ұлыбританияның Қытайды отарлауы
1.1 Қытайда ағылшын экспансиясының басталуы ... ... ... ... ...9-11беттер
1.2 Ағылшындардың Қытайдағы агрессиялық саясаты ... ... ... .12-15 беттер
1.3 Ағылшындардың Шығыс Қытайдағы және Янцзидың төменгі
ағысы маңындағы әскери әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-17 беттер
2 XIX ғасырдағы Қытайдың дипломатиялық қатынасы
2.1 Ресей мен Цинь империясының қарым-қатынасы ... ... ... ..18-21 беттер
2.2 Қытайға қатысты басқа капиталистік мемлекеттің жүргізген
cаясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22 -25 беттер
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26- 27 беттер
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-29 беттер
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30- 34 беттер
Кіріспе
Осы жұмысты жазудағы басты мақсатым XIX ғасырдағы Қытайдың тарихы мен
саясаты және дипломатиясын зерттеу болды. Қытай әлемдік тарих сахнасында
өзіндік орны бар ерекше мемлекет.
Цин империясының құлдырауы Батыс Еуропалық державалардың және АҚШ
тарапынан экспансиалауды күшейтумен қатар жүрді. Батыс Еуропалық державалар
мен АҚШ мемлекеті қандай да болмасын амалмен өз тауарларын өткізу үшін
Қытайға жол салуға ұмтылды. Бұл жөнінен ең белсенді әрекетті Англия іске
асырғысы келді. Ол ХVIII ғасырдың аяғында әлемдік саудада алғашқы орында
болды. 1801 жылдың маусымында Францияның күштеуімен Португалиямен бітім
шарт жасасты. Ол бойынша португалдық барлық порттар Ағылшындықтар үшін
жабылып, француздар үшін ашылды. Оған жауап ретінде Бенгалиядағы ағылшын
генерал-губернаторы Гоа-дағы португал әкімшілігі өкілдеріне Ағылшындықтар
Франция кемелерін Макаоға кіргізбейтіндігін ескертті. 1802 жылы наурызында
ағылшындық алты әскери кеме Макаоға десант түсіру үшін әрекет етті. Сол
кезде португалдықтар өздерінің миссионерлері арқылы Пекиндегі Цин
үкіметінен көмек сұрады, ал Цин үкіметі қауіпсіздік шараларын іске асыра
бастады. Әскери қақтығыс сауда әрекеттерін тоқтатып қоюы мүмкін деп ағылшын
әскерлері шегініс берді. 1802 жылдың жиырма жетінші мамырында ағылшын
эскадрасы кетткеннен кейін, Макаодағы Цин билеушілері португалдықтардан
порт территориясына ешқандай да шетелдік кеме келмейді деп жазба міндеттеме
алды[1].
1808 жылы Үндістандағы ағылшын әкімшілдігіне Францияның
Португалияға қысымшылық жасап жатқандығы жайлы хабар жетті. 1808 жылдың он
бірінші қыркүйегінде Макаоға Мадрастан ағылшын контр адмералы В.Дрюри үш
жүз адамдық отрядпен келді. Портгулалдықтар мен ағылшындықтар ұзақ
келіссөзден кейін ағылшындықтар портқа түсті.Бұған жауап ретінде Цин
үкіметі шетелдіктермен сауданы тоқтатты, он жетінші қазанда ағылшын
фактурасындағы қытайлық қызмет көрсетуші персоналды кері шақырды. Сонда
ағылшын адмералы Гуанчжоға сауда жасауға рұқсат беруді сұранды. Осылай
жағдай шиеленісе бастады.
Ағылшын әскерлері Янцзыдың төменгі ағысы бойындағы қалаларды
басып ала бастады. Он сегізінші мамырда олардың кемелері Чжапу қаласы
маңына жақындады. Мұнда Цин әскерлерінің ірі бірлестіктері жинақталған еді.
Қала ағылшындықтарға қарсылық білдірді, бірақ Маньчжур гарнизоны қаланы
қорғап қала алмады. Көптеген солдаттар мен офицерлер тұтқынға түспес үшін
өздеріне қол салды. Он тоғызыншы маусымда ағылшындар Шанхайды басып алды.
Он бесінші шілдеде ағылшын кемелері Ұлы каналдың солтүстік маңындағы
бөлігін басып алып жүктердің қозғалысын тежеді. Ағылшындардың жиырма бір
ірі әскери күштері Нанкинге қарай жатқан жолдарда орналасты. Гарнизон
күшті қарсылық білдіріп жеңіле бастаған соң өздерімен бірге өз отбасы
мүшелерін өлтірді. [3]
Ұлттық қасіретке айналған апиын шегумен күрес мемлекеттің тағдырына
алаңдаған Қытай қоғамының алдыңғы қатарлы тұлғаларының зейінін өзіне
аудармай қоймады. Апиынмен саудаға Қытайдың билік топтарының бірқатар
сановниктері мен ғалымдары қарсы шықты, солардың ішінде, Хуан Цзюэ-цзы,
Вэй Юань, Гун Цзы-чжень және Линь Цзе-сюйлерді атауға болады. Апиын
саудасына жергілікті халық та қарсы болды. 1838-ші жылдың екінші маусымында
астаналық сановник Хуан Цзюэ-цзи Цин сарайына баяндама беріп, онда
Қытайдағы апиын саудасынан келіп жатқан зардаптарды атап көрсетті.
Император Даогуан баяндамамен танысып, провинция губернаторына осы
жөніндегі пікірді айтуларын сұранды. Қытай үкіметі тарапынан апиын
саудасына шектеу қою әрекеттері басталды. Шетелдік көпестерден апиын
саудасынан бас тарту жайлы міндеттемеге қол қою талап етілді. Бірқатар
уақыт сыртқы сауда тоқтатылды. Шетелдік көпестер Гуанчжоудан шықпай апиын
қорын өткізулері тиіс болды. [2]
Реакциялық Цин үкіметінің шетел агрессиясына тойтарыс беруге
қабілетсіздігі оның өкіметін әлсіретті. Британ қаруы алдында, - деп жазды
К. Маркс, - маньчжур әулетінің беделі көкке ұшты; мәңгілік Аспан империясы
туралы ырымшыл түсініктерге өлтіре соққы берілді . Апиын соғыстары
шаруаларды қанауды күшейте түсті. Жеңген елдерге соғыс салығын төлеу үшін
жаңа салықтар жинау енгізілді. Аренда ақысы өсті. Шетел тауарларының басып
кетуі жергілікті қолөнершілерді күйзелтті. Мұндай жағдайда күшті шарулар
соғысы бұрқ ете түсті. Ол 1850 жылы елдің оңтүстігінде, Кантонға таяу
жерде басталды. Маньчжур әулеті мен помещиктерге қарсы күрес отаршылдарға
қарсы күреске ұласты. Көтерілісшілерді басқарған шаруаның баласы, мектеп
мұғалімі Хун Сюцюань болды. Ол жалпыға бірдей теңдік идеясын насихаттап,
Жаппай рахат кешетін аспан патшалығы мемлекетін құруға шақырды.
Сондықтан шаруалар соғысына қатысушыларды тайпиндер деп атады.
Англия Гонконг аралын басып алып, Қытайды шетел көпестеріне бірқатар
порттарды ашып беру жөніндегі тең правосыз шартқа қол қоюға көндірді.
Қытай апиынның әкелінуін заңдандырғысы келмесе де, іс жүзінде ол жеткізіле
берді.[3]

1.1 Қытайда ағылшын экспансиясының басталуы
1814 жылы ағылшындық Дорис фрегаты Сицзян бұғазына еніп, американдық
сауда кемесін басып алды. Жергілікті билеуші топтар ағылшын кемесінің
кетуін талап етті. Өкілеттігі жоқтығына сүйене отырып Ост-Үнді
компаниясының өкілі бұл талапты орындаудан бас тартты. Қытай билеушілері
ағылшындықтармен сауда жасуды бірден тоқтатып, бұғаздан ағылшын фрегатын
алғаннан соң ғана қайта сауда жасауды бастады.
Әскери күш қолдана отырып, нәтижеге қол жеткізе алмаған
ағылшындықтар қарым-қатынасты дипломатиялық жломен қайта бастады. Цин
сарайына лорд Анхерстом бастаған елшілер келді. Елшіліктің мақсаты – Цин
үкіметімен тікелей қарым-қатынас жасайтын ағылшын елшілігін орнықтыру.
Портсмуттан екі кемемен кеткен Ахерст тоғызыншы тамызда Байхэ бұғазына
келді. Тяньцзинге түскен елшілер Цин сановниктерімен жолықты. Осы жерден
олар каналдар арқылы Пекинге бет алды. Алғашқы келіссөздерде-ақ Цин
сановниктері қытайлық дәстүрді құрметтеуді талап етті. Жиырма сегізінші
тамызда елшілер Юаньминъюаньға келді. Ағылшын елшісі богды ханмен бетпе-бет
жолығуға шақырылғанда, елші белгісіз себептерге сілтемелеп, кездесуге
бармады. Ашуланған богды хан елшілерді кері қайтарып жіберді. Цин
императоры принц-регент Георг IV-ге хат жолдап наразылығын білдіріп хат
жолдады. Онда егер Цин империясының сенімді бассалы болып қалғысы келсе,
ешқашан елшілерін жібермеуін өтінді. Амхерст елшілігі Қытаймен
дипломатиялық қатынас жасауға әрекеттенген соңғы қадам болды. Бұл елшілік
ағылшын сауда-өндіріс буржуазиясы ортасында Гуанчжоудан солтүстікке қарай
жатқан қытай порттарында ағылшын саудасын дамытудың әскери күшпен әрекет
ету жолы ғана қалды деген пікірді негіздеді. Қытайдың соғысқа даярлығын
білу үшін Х.Г. Линтсей басқарған Амхерст ағылшын кемесі Гуанчжоуға 1832-
ші жылы жіберілді. Аудармашы ретінде неміс миссионері Карл Гюцлаф
ілесті.Солтүстік бағыттан келген ағылшын кемесі Сямынь, Фучжоу, Нинбо,
Шанхай, Тайвань және Люцю аралдарын бақылап өтті. Жергілікті билеушілердің
қарсылығына қарамастан Лнидсей карта жасау үшін қажетті мағлұмат жинауға
қанша уақыт керек болса, сонша уақыт әр жерде тоқтап тұрды. Ағылшындықтар
үкімет мекемелеріне баса көктеп еніп, жергілікті билік өкілдерін
балағаттады.[4]
Линдсейдің саяхаты маңызды нәтижелер берді. Қытаймен сауда
жасудың болашақ болжамдарын, күтулерін ақтамады. Өйткені жергілікті халық
ағылшын маталарын сатып алудан бас тартты және сатып алғандар кері қайтарып
берді. Бірақ Линдсей маңызды қорытынды жасады – ол апиынмен сауда жасау
және соны дамыту. Линдсей есебінде Қытай үкіметінің есірткімен сауда
жасауға қаншалықты тыйым салғанымен есірткіні Фучжоуда сатуға болады деді.
Қытайдың әскери әлсіздігін ескере отырып, оны қысқа мерзімде жаулап алуға
болады деді. Бұл пікірді Англияның билеуші топтары дереу қолдап, Қытайдың
бір бөлігін немесе бүкіл елді жаулап алу үшін әскери теңіз флотын жіберуді
өтінді.[6]
1833 жылы 28-ші тамызда ағылшын парламенті Англияның әр
азаматы Қытаймен сауда жасай алады деген шешімге қол қойды. Ост-Үнді
компаниясының шаймен басқада қытай тауарларын шығаруға монополиялы құқыққа
ие болғанымен ағылшын өндірушілері мен көпестер үшін Қытайға жол ашылды.
Гуанчжоудағы сауда барысын бақылау үшін 1833 жылы ағылшын үкіметі өкілетті
тұлға ретінде корольдік флоттың капитаны лорд Нэпирді тағайындады.
Пальмерстоннан алынған ережеге сәйкес ол Қытайдағы ағылшын саудасы үшін
тиімді жаңа аудандарды бағдарлап болғаннан соң барып, богды ханның
сарайымен тікелей қарым-қатынас жасауы тиіс еді. Ағылшын өкілі көпестер мен
кеме иелерінің әрекетіне араласпады. Бұл Нэпирдің Гуанчжоудағы
ағылшындықтардың апиын мен контробандалық саудасына кедергі ете алмайды
дегенді білдірді.[15]
Цин империясының құлдырауы Батыс Еуропалық державалардың және
АҚШ тарапынан экспансиалауды күшейтумен қатар жүрді. Батыс Еуропалық
державалар мен АҚШ мемлекеті қандай да болмасын амалмен өз тауарларын
өткізу үшін Қытайға жол салуға ұмтылды. Бұл жөнінен ең белсенді әрекетті
Англия іске асырғысы келді. Ол ХVIII ғасырдың аяғында әлемдік саудада
алғашқы орында болды. 1801 жылдың маусымында Францияның күштеуімен
Португалия бітім шарт жасасты. Ол бойынша португалдық барлық порттар
Ағылшындықтар үшін жабылып, француздар үшін ашылды. Оған жауап ретінде
Бенгалиядағы ағылшын генерал-губернаторы Гоа-дағы португал әкімшілігі
өкілдеріне Ағылшындықтар Франция кемелерін Макаоға кіргізбейтіндігін
ескертті.
1802 жылы наурызында ағылшындық алты әскери кеме Макаоға десант түсіру
үшін әрекет етті. Сол кезде португалдықтар өздерінің миссионерлері арқылы
Пекиндегі Цин үкіметінен көмек сұрады, ал Цин үкіметі қауіпсіздік шараларын
іске асыра бастады. Әскери қақтығыс сауда әрекеттерін тоқтатып қоюы мүмкін
деп ағылшын әскерлері шегініс берді. 1802 жылдың жиырма жетінші мамырында
ағылшын эскадрасы кетткеннен кейін, Макаодағы Цин билеушілері
португалдықтардан порт территориясына ешқандай да шетелдік кеме келмейді
деп жазба міндеттеме алды.[5]
1.2 Ағылшындардың Қытайдағы агрессиялық саясаты
XIX-шы ғасырдың ортасында Қиыр шығыста жүргізілген отарлаушы
экспанцияны белсенді іске асырған мемлекет Англия болды. Англияның
өнеркәсібінің үдемелі дамуы нәтижесінде өнеркәсіптік төңкеріс орын алып, ол
әсерін отарларға да тигізді. Отар елдер шикі заттың көзі болды. Жалпы
отарлау XV-ші ғасырда бастау алып, XIX -шы ғасырда ауқымды түрде
жүргізілді.
Қытай рыногы ағылшын буржуазиясын ертеден-ақ қызықтырған.
Қытайдың саяси және әскери әлсіздігі Қытайды оп-оңай өзіне бағындыруға
мүмкіндік берді. Қытайдың өздігінен сауда жасауға қадам жасамайтындығын
білген ағылшындықтар бұл жерде апиынның жасырын саудасын өркендете түседі.
Қытаймен соғыс бастауға сылтау етіп,
апиын дауын қолданды. Өйткені, Цин үкіметі апиынды саудалаумен оны
тұтынуға тиым салатын заң шығарды. Апиын мен контробандалық сауданың
сақталып қалуына бірқатар Манчжурлық және қытайлық, Гуандундық сановниктер
мүдделі еді. Өйткені, олар осы апиын саудасынан пара алу арқылы пайда
тапты. Көпестер де құр қалмады. [11]
Ұлттық қасіретке айналған апиын шегумен күрес мемлекеттің
тағдырына алаңдаған Қытай қоғамының алдыңғы қатарлы тұлғаларының зейінін
өзіне аудармай қоймады. Апиынмен саудаға Қытайдың билік топтарының
бірқатар сановниктері мен ғалымдары қарсы шықты, солардың ішінде, Хуан
Цзюэ-цзы, Вэй Юань, Гун Цзы-чжень және Линь Цзе-сюйлерді атауға болады.
Апиын саудасына жергілікті халық та қарсы болды. 1838-ші жылдың екінші
маусымында астаналық сановник Хуан Цзюэ-цзи Цин сарайына баяндама беріп,
онда Қытайдағы апиын саудасынан келіп жатқан зардаптарды атап көрсетті.

қорын өткізулері тиіс болды. [7]
Жергілікті Қытай өкімет орындары апиын жүктерін
конфискелеген кезде, ағылшын үкіметі Қытайға апиын соғысын (1840-1842)
бастады, бұл арқылы апиынды және басқа да ағылшын тауарларын, әсіресе
матаны Қытайға әкелу правосын заңдандырғысы келді. Ағылшын флоты мен әскері
Қытайдан оңтүстік-шығыстан шабуыл жасап, Кантонға өрт салды. Халық
бұқарасы партизан отрядтарын құрды, алайда Цин үкіметі халықты қарсылық
көрсетуге шақырудан қорықты. Оның әскері жеңіліске ұшырады. Қытайдың
жеңіліп қалуының басты себебі – оның экономикалық және әскери-техникалық
жағынан мешеулігі еді. Ағылшынның көп зеңбіректі желкенді әскери кемесіне
және ең жаңа да күшті атыла тын қарумен жабдықталған әскеріне жебе, садақ,
найзамен тойтарыс беру қиын еді.
Англия Гонконг аралын басып алып, Қытайды шетел
көпестеріне бірқатар порттарды ашып беру жөніндегі тең правосыз шартқа қол
қоюға көндірді. Қытай апиынның әкелінуін заңдандырғысы келмесе де, іс
жүзінде ол жеткізіле берді.
1856-1860 жылдары апиын соғыстары қайталанды да,
Қытайды ағылшын және француз әскерлерінің біріккен күші бұрынғыдан да бетер
күйретіп салды. Олар императордың Пекин маңындағы қазына-байлыққа толы
сарайын талқандап, тонады. Отаршылдар Қытайға тағы да тең правосыз шартты
таңды. Шетелдіктерге бұрынғының үстіне тағы бірнеше порттарда сауда жасауға
рұқсат етілді, басқа да артықшылықтар берілді. [14]
Қытайға таңылған шарттың теңсіздігі, әсіресе, мынадай
жағдайлардан анық көрінді. Қытай жерінде тұратын ағылшын және француз
азаматтары қытай заңына бағынбайтын болды, оны қытай соты соттай алмады.
Егер олар қылмысты болса, оларды елдің тиісті консулы өз заңы бойынша
соттады. Қытайда артықшылықтарды бәрінен көп пайдаланған Англия болды,
өйткені оның теңіз саудасындағы басымдығы күшті еді. Теңіз жағалауларындағы
үлкен қалаларда арнайы кварталдар құрылды, онда тек шетелдіктер тұрды, оған
қытай өкімет орындары кіре алмады.
Реакциялық Цин үкіметінің шетел агрессиясына тойтарыс
беруге қабілетсіздігі оның өкіметін әлсіретті. Британ қаруы алдында, -
деп жазды К. Маркс, - маньчжур әулетінің беделі көкке ұшты; мәңгілік Аспан
империясы туралы ырымшыл түсініктерге өлтіре соққы берілді . Апиын
соғыстары шаруаларды қанауды күшейте түсті. Жеңген елдерге соғыс салығын
төлеу үшін жаңа салықтар жинау енгізілді. Аренда ақысы өсті. Шетел
тауарларының басып кетуі жергілікті қолөнершілерді күйзелтті. Мұндай
жағдайда күшті шарулар соғысы бұрқ ете түсті. Ол 1850 жылы елдің
оңтүстігінде, Кантонға таяу жерде басталды. Маньчжур әулеті мен
помещиктерге қарсы күрес отаршылдарға қарсы күреске ұласты.
Көтерілісшілерді басқарған шаруаның баласы, мектеп мұғалімі Хун Сюцюань
болды. Ол жалпыға бірдей теңдік идеясын насихаттап, Жаппай рахат кешетін
аспан патшалығы мемлекетін құруға шақырды. Сондықтан шаруалар соғысына
қатысушыларды тайпиндер деп атады.
1939 жылдың тоғызыншы қыркүйекте ағылшын кемелерімен және
қытай джонкаларының арасында қақтығыс болды. Алғашқы оқты ағ ылшын кемесі
Перл жасады. Он үшінші қарашада ағылшын және қытай кемелері Чуаньби
маңында қақтығысты. Жиырма алтыншы қарашада Цин императоры бұл хабарды
есітіп, ағылшындармен сауданы тоқтатуды бұйырды. [6]
1840 жылдың тоғызыншы маусымында ағылшын әскери
эскадрасының алғашқы кемесі пайда болып, айдың соңына қарай ол жерде он
жеті ағылшын әскери кемесі бес жүз қырық қарумен, артиллериямен
жабдықталған бу кемесімен, және жиырма жеті жүк тасушы кеме жинақталды. Осы
уақытта Қытайда үш полкпен төрт мың адамнан тұратын инженер-сапер бөлімдері
әскерлер Чжуцзянь бұғазында жинақталды. Олар белсенді әскери әрекеттерден
бас тартты. Отызыншы маусымда ағылшын эскадрасы Гуандун провинциясының
оңтүстік бөлігін тастап, солтүстікке бет алды. Төртінші шілденің таңында
олар Чжоушань түбегінің маңына келді. Цин әскерлері ағылшын кемелерін
көріп, қаша бастады. Ағылшындықтар қаланы қатыгездікпен тонады. Ағылшын
эскадрасы Байхэ маңында якорға тұрып, он алтыншы тамызда ағылшын әскери
басшылары Цин чиновниктеріне Г. Пальмерстонның нотасын берді. Осылай ресми
түрде он күннің ішінде жауап беруі талап етті. Англия үкіметі Қытайға
келесі талаптарды берді. Гуандунде ағылшын көпестерінің апиынын
тәркілегені үшін, оның құнының орнын толтыру, Гуанханның ағылшын
көпестеріне көпжылдық қарызын төлеу, ағылшын өкіметі капитан Ч.
Эллиоттың ар-намысына нұқсан келтіргені үшін Гуандун билеушілерін жазаға
тарту, Англияға континентальды Қытай жағалауында орналасқан Қытайға тиесілі
қос аралдардың бірін беру, Қытайға әскери экпедицияны жарақтандырумен
байланысты Англияның шығынының орнын толтыру. [8]
1.3 Шығыс Қытайдағы және Янцзидың төменгі ағысы маңындағы
әскери әрекеттері
Цин сарайы жағалау аймағындағы қорғаныс қабілетін арттыру
үшін әскери әрекеттерден тыныс алу мезетін қолдана қоймады. Император
Гуандуннан тұрақты әскери күштерін басқа аймаққа көмек көрсету үшін
жіберді. Императордың ұйғарымы бойынша ағылшын-қытай сауда қатынастары
қайта жанданды. Цин сарайы мен королева Виктория Чуаньби конвенциясын
іске асырмағанымен, ағылшындар Гонконг аралдарын оккупациялауды тоқтатпады.
1841 жылдың жетінші маусымында оны тәуелсіз порт деп жариялады.
Ағылшын өкіметі Чуаньби конвенциясының талаптарымен келіспей
және Қытайдағы Ч. Элиоттың қызметіне наразы болып, 1841 жылдың отызыншы
сәуірінде, 1841 жылдың жиырмасыншы қаңтарында жасалынған келісімшарттың
шешімін қайта қарау ды және капитан Ч. Эллиоттың орнына Қытайға өкілетті
тұлға ретінде генерал Г. Поттингерді тағайындады. Оныншы тамызда Қытайға
жаңа әскери күштерін басқарушы контр-адмерал У. Паркер бірге келді. Г.
Поттингер өзімен бірге Пальмерстонның жаңа ережесін әкелді. Бұл ереже
бойынша әскери әрекеттерді Янцзы бассейініне ауыстыру керек екен немесе
солтүстікке қарай бағыт алу пунктін Байхэ аймағына қою. Тек осыдан кейін
ғана Цин үкіметімен бітім жасағанда ғана ағылшындар қанағаттанады екен.
Поттингердің келуімен әскери әрекеттер Қытайдың ішіне ене бастады. [4]
Ағылшын әскерлері Янцзыдың төменгі ағысы бойындағы қалаларды басып
ала бастады. Он сегізінші мамырда олардың кемелері Чжапу қаласы маңына
жақындады. Мұнда Цин әскерлерінің ірі бірлестіктері жинақталған еді. Қала
ағылшындықтарға қарсылық білдірді, бірақ Маньчжур гарнизоны қаланы қорғап
қала алмады. Көптеген солдаттар мен офицерлер тұтқынға түспес үшін өздеріне
қол салды. Он тоғызыншы маусымда ағылшындар Шанхайды басып алды. Он
бесінші шілдеде ағылшын кемелері Ұлы каналдың солтүстік маңындағы бөлігін
басып алып жүктердің қозғалысын тежеді. Ағылшындардың жиырма бір ірі әскери
күштері Нанкинге қарай жатқан жолдарда орналасты. Гарнизон күшті қарсылық
білдіріп жеңіле бастаған соң өздерімен бірге өз отбасы мүшелерін өлтірді.
[9]
Нанкиндегі жасалған келісімшарт әділетсіз болды. 1842 жылы
жиырма тоғызыншы тамызда ағылшын-қытай келіссөздері аяқталып, Консуэллс
кемесінде бейбіт келісім шартқа қол қойылып, ол тарихта Нанкин келісімшарты
деп аталды.
Ағылшындықтар бейбітшілік, достастық, сауда және шығындарды
өтеу келісім шартын ағылшындықтар екіжүзділікпен әділетті деп санады,
бірақ Қытай үшін ол әділетсіз болды. Бұл Қытай үшін алғашқы әділетсіз
келісім шарт еді.
Нанкин келісім шарты он үш баптан тұрады. Оның екінші бабы –
ағылшын саудасы үшін бес теңіз порттарын ашады: Гуанчжоу, Амой, Фучжоу,
Нинбо және Шанхай. Ашық порттар жүйесін жасай отырып, ағылшындықтар шексіз
сауда жасауға құқықты болды. Төрт порт ашылды: 1843 жылдың қарашасында
Шанхай, 1843 жылдың желтоқсанында Нинбо және Фучжоу, 1844 жылдың
маусымында Амой порттары ашылды. Тек Гуанчжоу Гуандун провинциясының
халқының қарсыласуының нәтижесінде апиын соғысына дейін (1856-1860 ж.)
шетелдік сауда жасау үшін жабық болды.
Нанкин келісім шарты Қытайдың кейінгі тағдырын шешуде едәуір,
ықпалды роль атқарды. Ол ресми түрде шетелдік, ең алдымен, ағылшындық
капиталдың Қытайға енуіне жол ашты. Осылай мемлекетті капиталистік
державалармен бодандау процесі басталды. Жасанды түрде ұзақ уақыт қоршаған
мемлекеттерден елді жабық ұстау оның артта қалуына ықпал берді.[10]

2.1 Ресей мен Цин империясының қарым-қатынасы
Батыс Еуропалық мемлекеттерге қарағанда Ресей ынтымақты-
көршілес саясатын жүргізді. Өйткені Қытай мен Ресей шекаралас болып және
сауда қатынастарының бұзылмауына мүдделі болды .
1803-ші жылдың сәуірінде Жапонияға бағытталған елшілікті
даярлаумен байланысты сауда министрі граф Н.П. Румянцев Александр I-ге
жасаған баяндамасын сауданы кеңейту үшін Қытайға да елшілер жіберу қажет
екендігін айтты. Богды хан сарайының қатал талаптарын ескере отырып, орыс
өкілеттілігі алдын ала сұрау жасуды дұрыс деп тапты. 1804-ші жылдың
маусымында жауап келді. Онда Цин үкіметі орыс елшілерінің шығу уақытын және
елшілердің санын ескертіп айтуды сұранды. Богды ханға арналған сый-
сияпаттың даярлануы созылып кеткендіктен орыс үкіметі 1804-ші жылдың
қыркүйегінде орыс елшілігін келесі жылға қалдыратындығын хабарлады. 1805-ші
жылдың жиырма сегізінші ақпанында орыс үкіметі Ю.А. Головкинді Қытайдың
төтенше және өкілетті елшісі деп тағайындады. Елшілікпен ғылыми экспедиция
ілесті. Оны белгілі поляк тарихшысы мен жаратылыс танушысы граф Потоцкий
басқарды. Экспедиция құрамына: астроном, өсімдік танушы, жануартанушы,
минерал танушы, жұқпалы аурулар дәрігері (зерттеуші), оташы, фармацевт және
тіл ғылымын зерттеуші енді. Ережеге сәйкес Головкин Синцзянь батыс
бөліктегі шекара бойында сауда жасуға рұқсат сұрауы тиіс еді. Сонымен
қатар, орыс саудагерлері Гуанчжоу мен Нанкинде сауда жасауға мүмкіндік алса
екен деді. Ол Қытаймен керуендік сауда жасауы тиіс еді. Орыс елшісі сонымен
қатар, Пекинде арнайы дипломатиялық агенттікті тұрақты орнықтыруға рұқсат
сұрауы тиіс еді. [11]
1805-ші жылдың шілдесінде Головкин Петербургтен шығып,
Иркутскіге қыркүйекте жетті. Орыс елшілері Сібірдегі жағдайды бағдарлап
болғанынша, Цин билеушілерінен хат келіп, онда орыстар богды ханға сый-
сияпат әкеле жатыр ма, жоқ па, сол түсініксіз болып тұр деп, рұқсат беру
хабарын кештете бастады.
Он жетінші қазанда Головкин Кяхтаға келді, жиырмасына
аудармашыны елшіліктің мақсаттарымен шекараға келіп тұрғандығы жайлы Ургуға
хабарлауға жіберді. Х атында Головкин богды ханға арнайы орыс
императорынан грамота әкел гендігін айтады. Цин үкіметі орыс елшілігін
бодандарға теңестіру әрекетін жасайды деген оймен Головкин экспедиция
санын қысқартудан бас тартатындығын айтады.
Богды хан желтоқсанның ақырында орыс елшілігіне шекарадан
өтуге рұқсат береді. Сібірде ғылыми экспедиция мүшелерін қалдырып, Головкин
Ургуға 1806-шы жылдың он бесінші қаңтарында аттанады. Головкин елшілігімен
халық алдында жағылған балауыздар мен коутоу дәстүрін жасаудан елші бас
тартты. Бес сағаттық даудан соң, Головкин кері қайтты. Головкинге дәстүрді
орындамайынша елшіліктің қабылданбайтындығы қатаң ескертілді. Головкин
Ресейге богды ханмен келісімшарт жасамай қайта алмайтындығын айтады.[12]
Ақпанның бірінші онкүндігінде Пекиннен ескерту хат
келеді. Сондағы мақсат дәстүрді орындату. Головкин бас тартты. Нәтижесіз
үш айдан соң, орыс елшілігі Ресейге қайтты.
1805-ші жылы Камчаткада Резанов Головкиннің елшілігі жайлы
хабарсыз түрде, бірақ оның жемісті болатындығына үміттеніп, Крузенштернге
Гуанчжоуға Неваны қарсы алу үшін баруды ұсынады. 1805-ші жылдың
жиырмасыншы қазанында Надежда Макаоға келді. Синцзяньге кірмей Неваны
сыртқы ауданда күтіп тұрды. Он екі күннен кейін Нева осында жетті.
Келесі күні ол өзімен бірге сол қаланы жақсы білетін Крузенштернді ала
кетті. Гуанчжоуда Гуанхан деген көпеспен кеден басшысының рұқсатымен
тауарлады түсіре бастады. Крузенштерннің сұранысымен саудаға келесі орыс
кемесі Надеждаға да рұқсат берілді. 1896 жылғы 22 майда ( 3 июньде )
Россия мен Қытай арасында Жапонияға қарсы қорғаныс одағы жасалынды.
Договордың I статьясында : Жапонияның Шығыс Азиядағы орыс территориясына,
Қытай немесе Корея территориясына қандай да болмасын шабуыл жасауы осы
договорды қолдануға дәлел деп қаралады делінген. Екі мемлекет те бірін –
бірі құрлықтағы және теңіздегі барлық күштермен қолдануға міндеттенді.
Осының соңынан іле – шала Россия пара беру арқылы Маньчжурияны кесіп өтетін
Шығыс – Қытай темір жолын салуға концепция алды. Қытай үкіметімен
жарналас болса да , жолды жеке қоғам ісі еді. Шығыс – Қытай темір жолы
Чита мен Владивостокты байланыстыруға тиісті болды және оның экономикалық
жағынан ғана емес, сонымен қатар соғыс – стратегиялық жағынан да өте зор
маңызы бар еді.[13]
Тынық мұхитқа қарай салынған темір жол Россияның Қиыр
Шығыстағы экономикалық және соғыс жағдайын нығай туға тиісті болды. Шығыс –
Қытай темір жолын салу туралы договор жаласымен орыс капиталистері
концессия алу үшін Маньчжурия мен Кореяға қарай қаптады. Патша үкіметі
мүшелерінің ішінен Тынық мұхиттан қаптайтын порт алуға ықласы ауғандар да
шықты. Қытай мен Корея аралығынан порт таңдауда ұзақ қобалжу болды.
Ақырында Порт – Артурды басып алуға ұйғарылды. 1896 жылғы 28 майдағы
договор бойынша орыс үкіметі Кореяны қаржыландыру, онда әске және әскери
нұсқаушылар ұстауға Жапониямен бірдей право алды. Үкімет финанс
министрлігінің кеңесшісін. Бірақ көп ұзамай Россия Корея банкісін жауып,
ондағы финанс кеңесшісін кері шақырып алды. Біз Кореяны Жапонияның басым
ықпал жасауыеа көрінекөзге өзіміз бердік , - деп жазды Витте.
Соғыста жеңіліп әбден әлсіреген Қытайға келетін болсақ, оның
жағдайы тіпті нашарлап кеткен еді. Қытай үкіметі үш жыл ішінде 19 темір жол
концессиясын берді, ал европалық мемлекеттер Қытайды ашықтан – ашық бөліске
салды. Алғашқы қадамды Германия жасады, ол 1897 жылғы декабрьде Шаньдундағы
Циндао портын басып алды. Орыс үкіметі Қытайға көмек көрсетпек түгіл өзі де
Қытай территориясын ашықтан – ашық басып алуға кірісті. 1897 жылы декабрьде
орыс эскадрасы Порт – Артурға кірді, ал 1898 жылғы мартта Ляодун түбегінің
оңтүстік жағына порттарымен, түйісіп жатқан аралдарымен қоса 25 жылға жалға
алудың шарттары жөнінде Қытаймен договорға қол қойылды. [14] Порт – Артур
орыстың Тынық мұхит эскадрасының басты соғыс базасына айналдырылды, ал
Далянь барлық ұлттардың кемелері үшін ашық сауда порты деп жарияланды.
Кейінірек бұл порттардың арсын Шығыс – Қытай темір жолы жалғастырды.
Россияның күшеюінің есесін Англия Вей – Хай – Вей мен Янцзы бассейнін,
Франция – Үндіқытайға шекаралас ауданынан теңіз базасын, темір жол
концессияларын басып алумен қайырды. Жапония есесін Фуцзянь провинциясынан
алды және оның үстіне 1898 жылы Россия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz