Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. КіріспеҚан айналым жүйесінің филогенезіне сипаттама
  2. Негізгі бөлімЖануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлеріЖүрек-тамыр жүйесінің қызметін реттеу механизмдеріҚан айналым жүйесінің дамуыҮлкен қанайналым шеңберіКіші қанайналым шеңбері
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қан айналым жүйесінің филогенезіне сипаттама

Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.

Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан тамырлары - артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды - веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.

Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен түрады.

Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға - артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні Ұлпалар береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқылгазды сіңіріп, вена қанына айналады.

Негізгі бөлім

Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері

Жануарлар әлемінде қан айналым жүйесінің екі түрі кездеседі: тұйықталған және тұйықталмаған (ашық) жүйелер.

Тұйықталған жүйеде қан тұйық кеңістікте (қуыста) айналып отырады, одан шықпайды, жүректен ұлпалар мен мүшелерге арнаулы арналармен (тамырлармен) жеткізіледі де, сол қуыстан шықпай жүрекке қайта оралады. Мұндай қан айналым жүйесі - буылтық құртгарға, бас-аяқты моллюскаларға (былқылақ денелілерге), тікенек терілілер мен хордалы жануарларға тән. Бұл жүйе қан айналым қуыстарында айтарлықтай үлкен қысымның қалыптасуын, қаннынң әр түрлі мүшелер арасында таралуын, жүрекке шапшаң оралуын қамтамасыз ететін механизмнің болуымен ерекшеленеді.

Тұйықталмаған қан айналымдық жүйеде жүретген басталатын қан тамырлары денеде ашылып (үзіліп), қан ұлпалар мен мүшелерді шаймалағаннан соң ғана тамырлар арқылы кері - жүрекке оралады. Мұндай қан айналым жүйесі буын аяқтыларда, былқылдақ денелілерде (бас-аяқтылардан басқа) жөне қабықшалыларда дамыған. Тұйықталмаған жүйеде қысым төмен болады, мүшелерге қан бірдей деңгейде таралмайды жөне жүрекке баяу оралады.

Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Оларда қан ірі веналардан тұрады.

Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады.

Жүрек-тамыр жүйесінің қызметін реттеу механизмдері

Жүректің негізгі қызметі қанды қозғалтып, оның тамырлармен айналуын қамтамасыз ету. Бұл жұмысты ол еттерінің жиырылу (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарады. Жүрек еттері жиырылғаңда қан жүрекшелерден қарыншаларға, қарыншалардан қан тамырларына айдалады және артерия мен вена жүйелерінде кысым айырмашылығы пайда болады. Бұл қанның тамырлармен жылжуын қамтамасыз етеді. Жүрек еті босаңсыған кезде жүрек куыстарындағы қысым күрт төмендеп, қан веналардан жүрекшелерге сорылады, ал жүрекшелер жиырылғанда қан карыншаларға құйылады. Босаңсыған жүрек еті біраз уақыт тыныштық күйде болады, оны журек үзілісі дейді.

Жүрек етінің бір рет жиырылып, босаңсуын және тыньш жағдайынан өтуін журек айналымы (циклы) дейді. Жүрек айналымы жүрекшелердің жиырылуымен басталады. Айта кетер жәйт, Кис-Фляк түйінінің орналасу жағдайына сәйкес оң жүрекше сол жүрекшеден 0, 01 сек, ал жүрекшелер қарыншалардан 0, 1 сек бұрын жиырылады. Жүрекшелер жиырылған кезде қуыс веналар мен өкпе венасының тесігі қысыла жабылып, қан жармалы қақпақшалар арқылы қарыншаларға құйылады. Бұл кезде қолқа мен өкпе артериясындағы қан қарыншаларға кері өте алмайды, себебі бұл тамырлардағы жоғары қысымның әсерінен жарты айшық қақпақшалар жабылып қалады.

Тамырлар жүйесі немесе жүрек-тамырлар жүйесі мен қанжасау мүшелері жануарлар организміндегі жасушалық көне ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің ұлпалары мен жасушаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморалдық реттелуді, дене кызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды қорғаныс қызметтерін де атқарады.

Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін angiologia (грек. аngіоn - тамыр; lоgоs - ілім) - деп атайды. Тамырлар жүйесі өз кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш жүйелерінен кұралған: қанайналым, лимфаайналым және қанжасау немесе иммундық қорғаныс мүшелері.

Қан айналым жүйесінің дамуы

Онтогенез. Сүтқоректілердің қан айналым мүшелері онтогенездің өте ерте кезеңінде қалыптаса бастайды. Олар негізінен жас дәнекер ұлпасы мезенхимадан бастау алады. Ұрықтық дамудың бастапқы кезеңінде мезенхима жасушаларының бірқатары, қан аралшықтары немесе ангиобластар түрінде оқшаулана бастайды. Кейіннен бұлардың ортасындағы жасушалардан эритроциттер мен лейкоциттер пайда болады. Ал оларды қоршап жатқан мезенхиманың басты жасушаларынан, ұрыктық капилляр тамырларының эндотелий қабаты бұзыла бастайды. Бұдан басқа ұрық денесінен тыс жатқан мезенхимадан сарыуыз қапшығы мен кіндіктің қан тамырлары пайда болады. Бұлар кейіннен ұрық денесінде дамып жатқан қан тамырларымен қосылып, оның тамырлар жүйесін құрайды

Қанайналым жүйесі қан тамырларынан, жүректен және олардың қуысымен үздіксіз ағып жататын сұйық ұлпа қаннан тұрады. Қанды жүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын артериялар (қызылтамырлар), қанды организмнен, керісінше, жүрекке алып келетін ірі қан тамырларын веналар (көктамырлар), ал артериялар мен веналардың аралығындағы тым жұқа қабырғалы майда қан тамырлары микроайналым арналарының қан тамырлары /артериолалар, капиллярлар, венулалар/ - деп аталады.

ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРЛЕРІ. Жануарлардың жеке дамуы кезеңінде қан тамырлар жүйесінде бірнеше қан айналым шеңберлерін ажыратады:

Сарыуыздық қан айналым шеңбері - ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда болады, плацентарлық шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым шеңбері негізінен жұп жүрек түтікшелерінің алдыңғы ұшында жетілген. Ол дорсальдық қолқадан басталады. Сарыуыз қапшығында капиллярлар торына тармақталады.

Плацентарлық қан айналым шеңбері - іштөлі жолдасы (плацента) пайда болғаннан бастап қызмет атқарады. Бұл кезеңде жүрек түтікшелері төрт бөлімді жүрекке айналады. Осы кезден бастап артерия мен вена тамырлары қалыптасады. Қан іштөлі организмнен жұп кіндік артериялары арқылы плацентаға жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі мен қоректік заттарға қанығып артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық денесіне, оның бауырындағы капиллярлар торына қарай бағытталады. Бауырдан ағып шыққан іштөлі артерия қаны каудальды қуыс вена арқылы келген вена қанымен араласып, жүректің он жүрекшесіне құйылады. Аралас қан оң жүрекшеден сопақша тесік арқылы сол жүрешеге, одан жүреше - қарыншалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа арқылы денеге тарайды. Бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң қарыншаға өтеді, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Іштөлі организміндегі өкпенің қызметке қосылмауына байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып құйылады. Төлдің бірінші тыныс алуы өкпенің қызметін қалыптастырады. Өкпе артериясы арқылы вена қаны оң қарыншадан өкпеге қарай үлкен қысыммен ағып келіп, өкпе веналарымен сол жүрекшеге құйылады. Үлкен қан қысымының әсерімен сопақша тесіктегі қақпақша тесікті жабады. Кейін ол жүрекше аралық ет пердемен тұтаса бірігіп кетеді. Солай төлде кіші және үлкен қан айналым шеңберлері қалыптасады. Кіндіктік вена мен артериялар байламдарға айналады.

Үлкен қан айналым шеңбері - қанның жүректің сол қарыншасынан қолқа, артерия, капилляр, веналар арқылы дененің барлық жүйелерімен жүректің оң жүрекшесіне дейінгі аралықта жүріп өтетін жолын айтады.

Кіші немесе өкпелік қан айналым шеңбері - жүректің оң қарыншасынан басталып, оның сол жүрекшесінде аяқталады.

Қан тамырлардың құрылысы. Қан тамырлары артерияларға, веналарға және осы екеуін бір-бірімен жалғастырып тұратын капиллярларға бөлінеді. Аталған қан тамырлары қанды мүшелерге жеткізіп, ұлпа мен қан арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді.

Атқаратын қызметіне қарай қан тамырлар қабырғасының құрылысы әр түрлі болады. Артерия мен веналардың қабырғасы негізінен ішкі интима, ортаңғы медиа және сыртқы адвентиция қабықтарынан түрады. Ішкі интима қабығы үш қабаттан түзілген. Олар: қан тамырлары мен жүректің ішкі бетін астарлап жатқан эндотелий, оның астындағы эңдотелийастылық және ішкі эластикалық жарғақ (мембрана) қабаттары. Соңғы қабат тек артерияда болады. Ортаңғы медиа қабығы бірыңғай салалы ет пен серпімді тығыз дәнекер ұлпа талшықтарынан тұрады. Сыртқы адвентиция қабығы борпылдақ дәнекер ұлпадан түзілген.

Қан тамырларының қабырғаларында оларды қоректік затпен қамтамасыз ететін тамырлары және қызметін реттейтін жүйкелері болады.

Тамыр тамырлары негізінен адвентиция мен ортаңғы медиа қабығында орналасып, қан және лимфа тамырларына бөлінеді.

Тамыр жүйкелері жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігіне жатады. Олар эфференттік (қозғалтқыш), афференттік (сезімтал) жүйке талшықтарынан, әр түрлі жүйкелік тораптардан (периваскулярлық, перимускулярлық және интрамускулярлық) және кейбір қан тамырларында орналасқан рефлексогендік аймақтардан тұрады. Аталған жүйкелік қүрылымдардың қатысуымен қан тамырлар қуысының тарылуы мен босаңсып кеңеюі, қанның химиялық құрамының өзгеруі мен қысымының реттелуі жүзеге асады.

Артериялар жүректен қанды алып шығатын тамырлар. Олар қанды тасымалдаумен қатар, оның қан тамырларымен қозғалысын да қамтамасыз етеді. Басқа қан тамырларына қарағанда артериялардың қабырғасы қалың және созылмалы келеді. Қан қысымы мен ағысы өте жоғары, жүрекке жақын орналасқан артериялардың (қолқа, өкпе артериялары) қабырғалары қалың, қуысы кең болады. Ал, қан тамырлары жүректен алшақтаған сайын, ондағы қан қысымы мен онын ағу жылдамдығы азаяды. Осыған байланысты артериялар қабырғасының құрылысы да өзгереді.

Артериялар қабырғасы құрылысына қарай үш түрге бөлінеді. Олар: серпімді (эластикалық), аралас және етті артериялар. Эластикалық түрінде, оның медиа қабығы негізінен эластикалық дәнекер ұлпадан құралады. Сондықтан, бұндай артерияның қабырғасы резеңке тәрізді созылғыш келеді. Эластикалық артерияларға қолқа, өкпе, ұйқы артериялары мен иық-бас бағаны жатады. Аталған қан тамырлары жүрекке жақын орналасқандықтан, олардағы қан қысымы жоғары болады. Артериялар жүректен қашықтаған сайын, олардағы қанның қысымы да төмендей бастайды. Осыған байланысты артерия қабырғасында эластикалық талшықтар азайып, оларды бірыңғай салалы ет талшықтары ауыстыра бастайды. Олар қан тамырының медиа қабығында аралас орналасып, бір-бірінен басым болуына қарай эластикалық етті немесе етті-эластикалық сияқты артериялардың аралас түрлері ажыратылады.

Артериялардың етті түрі негізінен жүректен қашық ағзаларда орналасады. Олардың қабырғасындағы бірыңғай салалы ет ұлпасының жиырылуы арқасында қанның қысымы күшейіп, қозғалысы артады. Оларға ішкі мүшелер мен аяқтарға қан тасымалдайтын көптеген артериялар жатады.

Капиллярлар өте жіңішке қоректендіргіш қан тамырлары. Олар артерия мен веналардың шеткі ұштары - артериолалар мен венулаларды өзара байланыстырып, қан тамырлар жүйесін тұйықтайды. Сонымен қатар, капиллярлар мүшелер мен ұлпаларды қанмен қамтамасыз етілуін реттеп отырады. Мида олар тек жүйке жасушаларына қажетті заттарды ғана өткізіп, тосқауыл (барьер) қызметін атқарады.

Үлкен қанайналым шеңбері

Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия ұантамырларына жеткізіледі. Қан қсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

Кіші қанайналым шеңбері

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.

Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.

Оттегіне қаныққан қан - артерия қаны (алқызыл түсті таза қан), көмірқышқыл газына қаныққан қан - вена қаны (қоңырқай қызыл түсті қан) .

Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантмырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады. Жұрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне (инфаркт миокарда) шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23-27 секунд.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларда тәжірибе
Популяция.Таралуы,көшірмесі. Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым
Қан айналу жүйесі
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Зат алмасу кезеңдері
ХОҚ уланған кезде патоморфологиялық өзгерістер
Эксгумацияланған өлексені сараптау
Популяция туралы түсінік
Түр. популяциялар құрылымы, динамикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz