Радиация деңгейі



Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Радиация деңгейі
2.2. Радиациялық және химиялық пост құрамындағы барлаушының
іс . әрекеті
2.3. Зақымдану ошағындағы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс.әрекеті.
2.4. Зақым аймағында адамдардың болуы ықтимал уақыты анықтау
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Радиация деңгейі
2.2. Радиациялық және химиялық пост құрамындағы барлаушының
іс - әрекеті
2.3. Зақымдану ошағындағы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс-әрекеті.
2.4. Зақым аймағында адамдардың болуы ықтимал уақыты анықтау
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зақымдалған аймақтардан өту -- әскерлердің (күштердің) ұрыстық, ұрыс алдындагы және жорықтық реттермен, жауынгерлік қабілеттіліктерін барынша сақтап және жауынгерлік міндеттерді орындай отырып зақымданған және қираған өңірлерден ұйымдасқан түрде өтуі. Бұл осындай өңірлерді айналып өту немесе әскерлерді тікұшақтар және ұшақтармен алып өту мүмкіндігі болмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Өту тәсілдерін нақты ұрыстық жағдайға, бөлімшелер мен бөлімдердің қорғалу дәрежесіне, олардың орындайтын міндеттерінің мазмұнына, жергілікті жер мен ауаның радиоактивті зақымдану дәрежесіне, қирау сипатына, жергілікті жердің жағдайына, өңірдің әскерлердің жүру бағытына қатысты жағдайына және олардың аумағына байланысты командирлер анықтайды.

Радиация деңгейi
Радиация деңгейi -- радиоактивті сәулелердің қарқындылығы, зақымданған өңірде болған уақыт өлшемі ішінде адамның алуы мүмкін мөлшер шамасы. Жердің радиоактивті заттармен зақымдануы ренттен сағатпен ("Рс") өлшенеді. Заттардың, техниканың, адам терісінің радиоактивтік заттармен зақымдануы миллиренттенсағатпен ("мРс") әлшенеді. Гамма-сәулелер дозасын өлшеу үшін дозиметрлік және ренттенометрлік аспаптар қолданылады.
Аймақтар. Радиоактивті зақымданған аймақтардан екі тәсілмен: радиация деңгейінің төмендеуін күтпей бірден және радиацияның жоғары деңгейі төмендегеннен кейін өтіледі. Құрамында әр түрлі деңгейде қорғалған бөлімшелері бар құрамалар мен бөлімдер Бұл тәсілдерді аралас түрде қолданады: сауытты машиналардағы бөлімшелер мен бөлімдер аймақтардан бірден өте алады, ал автомобильдермен жылжитын әскерлер радиация деңгейі белгілі бір дәрежеге төмендегеннен кейін өтеді. Радиоактивті зақымданған аймақтарды бірден өту кезінде шабуылдьщ шапшаң қаркыны сакталады, қарсыластың шабуылдаушы әскерлерден алыстау мүмкіндігі қиындайды. Зақымданған аймактардан радиацияның деңгейі төмендегеннен кейін өту жеке құрам бірден өту кезінде сәулеленуге көбірек шалдығатындай болғанда және радиация төмендеуін күту жауынгерлік міндетті орындауға кедергі болатындай жағдайларда жүзеге асырылады. Өту алдында ең қауіпті тұстарды айналып өту жолдарын анықтау үшін барлау жүргізіледі. Өту бағыттын тандау кезінде радиация деңгейінің мөлшері, ядролық соққыдан кейін өткен уакыт, әскерлер жүріп өтуінің ықтимал жылдамдығы есептелінеді. Өту жолдарын анықтауда жеке құрам сәулеленуінін болжамды дозасы негізгі фактор ретінде алынады. Әскерлер зақымданған аймакты бірден өту кезінде саптық реттерін өзгертпейді. Радиация деңгейі жоғары болғанда қорғаныс дәрежелері жоғары бөлімшелер мен бәлімдер бірінші эшелонға шығады. Закымданған жерлерде ашық машиналарда жылжитын жеке құрам шаң көтерген жағдайда газтұмылдырық пен теріні қорғау құралдарын киеді.Танк, ЖҮМ экипаждары және үсті жабық машиналардағы жеке құрам газтұмылдырықтарды ғана қолданады. Аймақтан шыққан соң қажет болса арнайы өндеу жүргізіледі.

Радиациялық және химиялық пост құрамындағы
барлаушының іс- әрекеті
Поста бақылаушы үшін орын және жеке құрамға арналған таса жабдықталады. Бақылаушыға арналған орын бақыланатын объектіні жақсы шолуды қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Радиациялық және химиялық бақылау постының міндетін АҚ штабының бастығы белгілейді. Міндеттер қою кезінде оның көрсететіндері: пост құрамы; орналасу орны; бақылау секторы; не нәрсеге көңіл аудару керектігі; бақылау нәтижелері жайлы мәліметтердің реті; тапсырманы орындауға дайындық уақыты. Пост бастығы тапсырма алған соң жеке құрамды жинауды, мүлік қабылдауды ұйымдастырады, бағынышты адамдарға міндеттер түсіндіреді, бақылау ретін, пост жабдықталуын анықтайды, аспаптардың жөндемділігін тексеріп, бақылаушылар әрекетіне басшылық жасайды. Сондай-ақ пост бастығы бақылаушының кезекшілік міндетін атқарады.
Бақылаушы кезекші көрсетілген жерде табан аудармай болуы, әуе және жер үсті жағдайларының өзгерістерін тексеріп отыруға, жағдайдағы барлық өзгерістер туралы деректі тез пост бастығына хабарлап, оның нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.
Әуе дабылы! сигналы бойынша постың жеке құрамы тасаны иемденеді, ал бақылаушы кезекші бақылауын жалғастыра береді.
Бақылаушы радиациялық барлау аспабын іске қосылған күйде ұстайды және оның көрсетілуін байқап отырады. Радиоактивті жауын-шашын түскен кезде ол аспап көрсетулері бойынша радиация деңгейін анықтап, ол жайлы пост бастығына мәлімдейді және пост бастығының бұйрығы бойынша радиоактивті зақымдануы жайында хабарлау белгілерін береді. Содан кейін газтұмылдырықты, теріні қорғау құралдарын киіп, аспап көрсетулерін үздіксіз бақылауын жалғастыра береді. Барлаушы радиация деңгейі көбейге жағдайда пост бастығына баяндайды да, оның рұқсатымен панаға барып тасаланады.
Радиация деңгейінің өзгерісі туралы бақылау тасадан жүргізіледі, бұл кезде иондалған сәулелену коэффицентінің әлсіз екендігін есепке алады. Коэффицент аспап бойынша екі өлшеу жолымен - тасадан тыс және таса ішінде анықталады. Бірінші өлшеудің екіншісіне қатынасы әлсіздену коэффиценті болып табылады. Тасадағы радиация деңгейін өлшеп және оның мәнін әлсіздену коэффицентіне көбейте отырып жергілікті жердегі радиация деңгейі анықталады.
Бақылаушы радиация деңгейін өлшей отырып олардың өсуі мен төмендеуін белгілейді.
Қарсылас химиялық қаруды қолданған немесе ауада уландырғыш заттар таралу белгілері білінген жағдайда бақылаушы кезекші газтұмылдырық пен теріні қорғау құралдарын киіп, пост бастығына мәлімдейді де, оның нұсқауы бойынша хабарлау сигналдарын береді және әрекет етеді. Бақылаушы аумақты зерттей отырып химиялық барлау аспабының көмегі арқылы улағыш заттар түрін, уланған ауаның іркілу орнын, ондағы улағыш заттардың қоюлануын анықтайды.
Зақымдалған аймақты қоршап қою белгілерімен белгілейді.
Зілзала аудандарында, өндірістік апаттар мен апаттар кезіндегі бақылаушының негізгі міндеті - құтқару және апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуші құрылымдарға аудандар мен жұмыс аймақтарындағы жағдайдың шұғыл өзгерістері туралы дер кезінде хабарлау болып табылады.
Өрт кезінде бақылаушының негізгі міндеті - бірінші кезекте өрт сипаты мен оттың жайылу бағытын анықтау және өрт ошағы жайылған немесе жайылмаған аудандарға бақылау қою.

Зақымдану ошағындағы объектіде барлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық қарудың зардаптары
Радиациялық және химиялық қауіптілік
Радиация және олардың түрлері жайлы
Химиялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Химиялық барлау мен бақылаудың аспаптары. Радиациялық барлаудың мақсаттары мен міндеттері. Радиациялық барлауды жүргізу мен ұйымдастыру
Радиация
Радиациялық - жылулық зақымданулар клиникасының ерекшеліктері
Қоршаған орта және табиғи радиация
Сәулеленудің генетикалық әсері
Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері
Радиация және олардың түрлері туралы
Пәндер