Несиенің мәні және оның қажеттілігі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Несиенің мәні және қажеттілігі
  2. Несие қайтарымдылығының мәні және оны талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Коммерциялық банктерді басқарудың батыстық теориясында пассив және активтерді басқару, сонымен қатар, банк ресурстарын орналастырудың барлық тәсілдерін анықтаушы көрсеткіш ликвидтілікті басқару жолдары қарастырылған.

Несие - банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.

  1. Несиенің мәні және қажеттілігі

Несиенің мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма - қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады.

Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдалануына қарыз алушы да ынталы болады.

Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.

Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Бұл принциптердің барлығы бір - бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады.

Несие берушi несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн. Қазiргi уақытта қарызға ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайға несие берушi болса, екiншi жағдайда- қарыз алушы болып көрiнедi.

Қарызға алушы - несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызға алушылар - кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарызға алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды.

Несие берушi -қарызгер болуы мүмкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады. Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиелеген құн болып табылады.

  1. Несие қайтарымдылығының мәні және оны талдау

Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалсына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыдан тану механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Несиелеу процесі мына кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілетті талдау;
  • несиелік келісімшаротты жасасу;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау;

Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:

  1. несиені толық қайтару;
  2. несиені жартылай қайтару;

Қайтару жиілігіне қарай:

  • бірден қайтару;
  • несиені бөліп-бөліп қайтару;

Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:

  • несиені жүйелі түрде қайтару;
  • несиені эпизодтық қайтару;

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға клиенттің жазбаша өкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.

Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелер бойынша картотека жүргізіледі. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерізмі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды.

Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және тағы басқа да мерзімге есептелуі мүмкін және ол қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны- 30 күн, ал жылдағы 360 күнмен алынады.

Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиесі пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне оның қаржылық жағдайына талдау жасап қажет болған жағдайларда орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлоық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік келісім шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға қатысты банк қарыз алушыға ары қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға құқы бар болып табылады. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын талап етуге құқылы болып табылады.

Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі мен және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.

Кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты болып табылады. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан банк несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруы тиіс.

Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі элементтері келесілер болып табылады:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • лимиттер белгілеу;
  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты деңгейлеріне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
  • несиелік мониторинг;
  • несиелік портфелді басқару;
  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру;

Кез-келген банктік несие белгіленген мөлшер негізінде беріледі.

Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушылармен бірлесе отырып, материалдық қорлардың қажеттілігін зерттеу барысында шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін және өндіріс көлемі мен шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығыстарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты болып табылады. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен және банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалдық бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
  • маржа деңгейіне;
  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
  • банкте бар ресурс көлеміне және тағы басқалары;

Несиелік портфелді басқару - бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғары жететін деңгейін талап ететін жоғары жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік портфелді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына келесілер жатады:

  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
  • несиелік рейтингпен байланысты болатын жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
  • төменгі тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдау;
  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау;

Несие үшін төлейтін сыйақы мөлшерлемесі несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады. Банктің проблемалық несиелеріне қарсы шараларына келесілер жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Несиелік талдау және несиелеу кезеңдері
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Несиенің түрлері және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz