Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдары және олардың несие беру қызметі



Жоспар
Кiрiспе

1. ҚР.ның коммерциялық банктеріндегі несие қызметіне талдау
2. ҚР Банктік емес ұйымдары және олардың несие беру қызметі
3. Қазақстан Республикасының несие қызметін дамыту

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдары және оларды дамыту негіздері

Жоспар

Кiрiспе

1. ҚР-ның коммерциялық банктеріндегі несие қызметіне талдау
2. ҚР Банктік емес ұйымдары және олардың несие беру қызметі
3. Қазақстан Республикасының несие қызметін дамыту

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. "Несие" деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда "сенім" деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың
төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.

1. ҚР-ның коммерциялық банктеріндегі несие қызметіне талдау
Әлемдік банк жүйесінде банктер мамандандыруда бірқатар критерийлер қолданылады. Оның ішінде функционалдық мамандандыру жиі қолданылады. Орта мерзiмдi перспективада банк секторын дамытудың негiзгi мақсаттары және мiндеттері мыналар болып табылады:
* халықтың банк өнiмдерiне қатынауын кеңейту және қаржы қызметтерiн тұтынушыларды қорғау деңгейiн арттыру;
* халықтың банк секторына сенiмдiлiгiн арттыру мақсатында отандық екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң айқындық деңгейiн арттыру;
* бәсекелестiктi дамыту және шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына қатынауын ырықтандыру;
* үздiк халықаралық практика негiзiнде банктiк қадағалауды жетiлдiру және елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру.
Әлемдiк экономикаға неғұрлым тығыз кiрiгу жолында отандық банк жүйесiн одан әрi жетiлдiру түйiндi рөл атқарады. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда озық шетелдiк тәжiрибенi енгiзуге, менеджмент сапасын және тиiсiнше, банк жүйесiн дамыту деңгейiн арттыру.
Банк секторын ырықтандыру мәселесi Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi келiссөз процесi шеңберiнде қаралады. Осыған байланысты одан әрi ырықтандыру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметiне тең жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қазақстандық банк нарығына кiруi жөнінде бірқатар шектеулер жойылды.
Банк жүйесi қызметiнiң ашықтығын арттыру мақсатында Банк қызметiнiң ашықтығын арттыру мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау туралы меморандум әзiрленiп, банктерге қол қоюға ұсынылды, онда банктiң шынайы меншiк иелерi туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тiзбесi туралы, банктiң аффилиирленген тұлғалары және олармен жасалатын мәмiлелер туралы, банк бизнесiн дамытудың жақын арадағы бес жылға арналған стратегиясы туралы ақпаратты банктердiң ашуы көзделедi.
Экономиканың үздiксiз өрлеуi, елдегi қолайлы инвестициялық ахуал, соңғы жылдары банк секторының орнықты дамуы халықаралық кредиторлар тарапынан сенiмнiң нығаюына және соның нәтижесiнде сыртқы қарыздардың ағылуына ықпал еттi, бұл өз кезегiнде банк секторының шетелден алынатын қарыздарға тәуелдiлiгiн күшейтуi мүмкiн.
Сырттан қарыз алудың өсуi банк секторының айтарлықтай валюталық тәуекелге бейiмдiлiк дәрежесiн арттыруға алып келуi мүмкiн екенiн атап өткен жөн, оның келеңсiз әсерi банктердiң валюталық мiндеттемелерiн қайта бағалауға, сондай-ақ қайта қаржыландыру тәуекелдерiне, пайыздық тәуекелге және өтiмдiлiк тәуекелiне әкеп соғуы мүмкiн.
Қазақстандық банктер сыртқы қарыздарды негiзiнен құбылмалы пайыздық ставка бойынша тартатынын айрықша атап өту қажет. Өз кезегiнде, әлемдiк нарықтағы ахуал мен кредиттiк келiсiмдердiң шарттары күрт өзгерген жағдайда банктер өз мiндеттемелерi бойынша жауап беруге қабiлетсiз болуы мүмкiн, бұл жекелеген банктiң де, республиканың бүкiл банк жүйесiнiң де рейтингіне келеңсiз ықпал етуi мүмкiн.
Ағымдағы жылы банктердiң сырттан қарыз алуын шектеу мақсатында пруденциалық сипаттағы тиiстi жанама шаралар қабылданды.
Отандық банк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет.
Банк секторын одан әрi дамыту мақсатында, сондай-ақ алдағы Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiн ескере отырып, халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетiлдiру, бәсекелестiктi дамытуды және шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына кiруiн ырықтандыруды дамыту тәуекелдердi бағалау негiзiнде шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру бойынша шараларды қабылдау (ҚР-дағы қолданыстағы кангломераторларды және осыған байланысты тәуекелдердiң туындауын ескере отырып), банктердiң сыртқы нарықтарға экспансиясына, тұтынушылық кредит берумен және шағын бизнеске кредит берумен байланысты банк тәуекелдерiн төмендету, қаржы статистикасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу ұйғарылады.
Шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына кiруiн ырықтандыру
жаһандандыру процесiн, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiру перспективасын ескере отырып, банк жүйесiнде ырықтандыру және бәсекелестiктi арттыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру орынды болып табылады.
Шетелдiң қатысуы бар, банктердiң қызметi үшiн алынған шектеулерден өзге (шетелдiң қатысуы бар банктердiң жиынтық жарғылық капиталына, Басқарма құрамына, қаражатты iшкi активтерге орналастыру жөнiндегi талаптарға, сондай-ақ персоналға қатысты) өтпелi кезеңдi және елдiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге танылған шарттарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында олардың филиалдарының қызметiне рұқсат беру мүмкiндiгiн ұйғарылады.
Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру және оның әлемдiк нарықтарға кiруiн жеделдету мен белсендi халықаралық ынтымақтастық үшiн ұлттық банк секторының айқындылығын қамтамасыз ету
Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру және банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау, меншiк иелерi құрылымы, аффилиирлендiрiлген тұлғалармен қарым-қатынас жасасу бөлiгiнде банктердiң заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған банктiк қадағалау рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады.
Жылжымайтын мүлiкке кредит беру көлемiнiң өсуiне, банктердiң сыртқы нарықтарға экспансиесiне, тұтыну кредитiн беруге және шағын бизнеске кредит беруге, сондай-ақ банк қызметтерiнiң тiзбесiн дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тәуекелдерiн азайту үшiн шаралар қабылдау
Екiншi деңгейдегi банктердiң кредит тәуекелдерiн, сондай-ақ жоғарыда санамаланған тәуекелдердi қажеттiлiгiне қарай бағалау мақсатында және экономикалық орындылықты ескере отырып қолданыстағы банк заңнамасы, әсiресе пруденциалдық реттеу және екiншi деңгейдегi банктердiң активтерiн сыныптау әдiстемесi бөлiгiнде жетiлдiрiлетiн болады.
Халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетiлдiру Қазақстанның банк секторын реттеудi халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесiнiң Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң "Капитал есебiнiң және капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurment and Capital Standars) (Базель II) капитал барабарлығының жаңа келiсiмiне көшуiн жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады. Орта мерзiмдi перспективада Базель II көшудi аяқтау жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады. Бұдан басқа, банктердiң қызметiне қойылатын талаптарды арттыру, халықаралық практиканы ескере отырып екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын болады.
Қадағалау ақпаратымен алмасу үшiн шетелдiк мемлекеттердiң қадағалау органдарымен өзара iс-әрекет жасасу халықаралық стандарттарды ескере отырып, банк заңнамасын әсiресе Қазақстанның банк жүйесiнiң Базель II көшуiн жүзеге асыру бөлiгiнде жетiлдiру жөнiндегi шаралар шеңберiнде елдердiң Қазақстанда қаржы ұйымдарының еншiлес қаржы ұйымдары бар барлық реттеу органдарымен (АҚШ, Нидерланды) және тиiсiнше Қазақстанның қаржы ұйымдарының еншiлес ұйымдары мен филиалдары бар елдермен ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы меморандумдарды жасасу жөнiндегi жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ Қазақстанда еншiлес банктерi бар бас банктердiң (атап айтқанда,АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания) қадағалау органдарымен бас банктердiң Базель II ережелерiн қолдануда өзара iс-әрекет стратегиясын әзiрлеу, оның iшiнде техникалық ынтымақтастық саласында шет елдердiң қадағалау органдарымен қарым-қатынастарды орнату.
Елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру. Ағымдағы жылы қабылданған халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарын ескере отырып, халықаралық практиканы зерделеуге негiзделген банктердiң сыртқы қарыз алуын шектеу жөнiндегi шараларды, перспективада, қалыптасқан жағдай шеңберiнде және көрсетiлген шаралардың банк секторының сыртқы қарыз алу көлемiне әсер етуiн назарға ала отырып, қажет болған кезде банктердiң қызметiн пруденциялық реттеудi жетiлдiру шеңберiнде осы бағыттағы жекелеген нормативтер мен лимиттердi қайта қарау мүмкiн.
Қаржы статистикасын жетiлдiру экономиканың қаржы секторының ұзақ мерзiмдi кредит беру статистикасының жоқтығы банк жүйесiнiң өнеркәсiптiң негiзгi құралдарын құру және жаңғыртуға инвестициялық кредит беруiн тиiсiнше бағалауды жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.

2. ҚР Банктік емес ұйымдары және олардың несие беру қызметі
Қазақстан Республикасында да, шет елдерде де банктiк емес ұйымдарды дамыту мен олардың қызметiнiң негiзгi мақсаты халықты, шағын және орта кәсiпкерлердi кредиттiк ресурстармен қамтамасыз ету осы ұйымдардың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығының деңгейiн арттыру болып табылады.
Банктiк емес ұйымдар қаржылық қызметтер нарығындағы екiншi деңгейдегi банктер жасауы мүмкiн ақауларды толтыруға ықпал етуге тиiс.
Банктiк емес ұйымдардың секторын одан әрi жетiлдiрудi қамтамасыз етуде қаржы жүйесiн елеулi тәуекелдерден, ал халықты - бір жағынан қағидатсыз iс-әрекеттерден қорғау, екiншi жағынан - инновацияны дамыту және кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кедергiлердi жеңу арасында балансқа қол жеткiзу қажеттiлiгi маңызды рөл ойнайды.
3-кесте.Несиелеу барысында банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар

Ішкі факторлар
67%
Сыртқы факторлар
33%
Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі
22%
Компанияның банкроттығы
12%
Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Банкіне есептеме беру міндеттемесі
Банктік емес ұйымдардың түрлері және жүзеге асыратын операциялары
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың негізгі құқықтары
Қазақстан Республикасының цифрлык банкинг жүйесі
Банктік тәуекел
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның несие және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы ролі
Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары
Пәндер