Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және баға беру



Жоспар
Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2. Кәсіпорынның баланс өтімділігін және төлем қабілеттілігін талдау
Қорытынды
Әдебиеттер
Қосымша материалдар

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2. Кәсіпорынның баланс өтімділігін және төлем қабілеттілігін талдау
Қорытынды
Әдебиеттер
Қосымша материалдар

Кіріспе
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды:
Ктс = Мк:Ак (1)
Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Ктс =14406101877666=0,76723
Ктс = 16410812077380=0,78997
Tәуелділік коэффициенті
Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс
Мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);
Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.
Кт=(425030+11269)2077380=0,21
Кт=(421752+15304)1877666=0,23
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті ка-питалдың қатыстырылған капи - талға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
Кқ = Мк:Қк
Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Қк - қатыстырылған капитал.
Кқ=1641081(425030+11269)=3,76
Кқ=1440610(421752+15304)=3,29
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:
Кқт=( Мк + ҰМ ) Ак
Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);
Кқт =(1641081+11269)2077380=0,7954
Кқт =(1440610+15304)1877666=0,7753
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.
Қорыта келгенде, бұл кәсіпорын жағдайы тұрақты болып табылады. Тәуелсіздік коэффициенті кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көрсетеді, яғни бұл кәсіпорында жылдың басына қарағанда тәуелсіздік коэффициенті 2 пайызға өскен.
Тәуелділік коэффициенті. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,23, ал жыл соңында 0,21 болды.
Қаржыландыру коэффициенті. Қаржыландыру коэффициенті 1 болатын жағдай төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді кіріседі. Жыл басында - 3,29, жыл аяғында - 3,76.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті. Жыл басында - 0,7753, жыл аяғында - 0,7954.

2. Кәсіпорынның баланс өтімділігін және төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады. Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
Біздің кәсіпорын жағдайында А1=171654+23159=194813 жыл басында және А1 = 94788+50000=144788 жыл соңында.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш, басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады.
Бұл кәсіпорынның тез өткізілетін активтері А=2610500+67624=678124 жылдың басында және А2 = 931873+49504=981382 жылдың соңында.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің I бөлімінің "Тауарлы материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің II бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы. Бірақ бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін.
Біздің жағдайда баяу өткізілетін активтер - А3=197177+39308=236485 жыл басы және А3 = 42239+8575=50814 жыл соңы.
А4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы
АТАЕКЕН-АГРО-ШУКЫРКОЛЬ. КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық мазмұны мен мәні
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері
Кәсіпорын қаржылық тұрақтылықтың қайнар көздері
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
Пәндер