XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты



Мазмұны

1 тарау. XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты.
2. тарау. Би шешендер шығармашылығының даму ерекшелігі.
3. тарау. XV ғасырдағы ақындар поэзиясының ерекшелігі.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жөніндегі сипаты.
Қазақ халқыда да басқа халықтар сияқты поэзияға бай, сөз өнерін ерекше қадірлей білген, көркем сөз құдіретін қастерлеп, оған үлкен міндет жүктеп келген ел. Адам баласының шыр етіп дүние есігін ашқан шақтан бастап, ең соңғы демі біткенше дейінгі өмір жолы, тіршілік қадамдары түгел дерлік поэзияға қарыздар. Поэзияның адам өмірі мен тіршілігіндегі ролі оның қоғамдық маңызында белгілейді.
Белгілі тарихи қоғамның, әлеуметтік ортаның алдыңғы қатарлы санасы тұрғысындағы туындаған поэзия – адамгершіл асыл поэзия. Заманалар жасаған көркем сөз кестелері, асқақ арман, ұшқыр қиял жемістері – халық өнерпаздары жасаған өлмел, өшпес мәңгілік мұра. Әр халық өзінің рухани мәдинетінің деңгейін көркемөнер туындыларының нәрлі қорлары, сан – салмағы, сән – сәулетінің аумағымен өлшейді, бағалайды. Атадан балаға ауысқан, үрім – бұтаққа мұра боп жеткен «шебердің бізі, шешеннің тілі» туғызғанөнер құдіретін рухани байлығынан санайды. Берік материалдық негізде дамыған рухани мәдениет адам баласы қоғамның жетіле түсінуінде шешуші роль атқарады. Адам баласы өзінің өсіп-өркендеу жолында өмір сүруі үшін тікелей қажет нәрселерді алып қоймайды, соған қоса рухани азық болатын өнер мұраларымен де сусындап отырады. Осылардың қай – қайсынан да адам өз қолымен жасап, керегіне асырады. Барлық материалдық және рухани байлықтардың нағыз иесі – еңбекші халық деген лениндік қағиданың кемеңгерлік маңызды да осындай заңдылықтарын таныта білгендік болса керек.
Ақындар өнердің ілкі тобы XVIII ғасырда көрінді дедік. Енді осы бір дәуір сипатын еске ала кетелік.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамында кейбір өзгерстер нышаны байқалса да, оның экономикалық – саяси өркендеуі феодалдық ұсақ рулық дережеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен бір тұтас хандық мемлекеттің құрылуына мүмкіндік болмады. Қазақтың үш жүзі кейде бірігіп, кейде бір – бірімен байланссыз оқшау өмір сүрді. Қазақ рулары өз жүздерінің хандарына да бағынбай, өз рубасы батырын немесе би – феодалын билеуші санап, өз бетінше тіршілік етіп жатты. Көрші елдер осы ұсақ билеушілердің өзара назарлықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп бағындыруды көздеді.
Сырқы жаулардың ішінде Қазақстанның бұл кездегі ең қауіпті дұшпаны жоңғарлар еді. XVIII ғасырдағы жоңғарлар күшті соғыс қолын жасақтап, Қазақстан мен Орта Азияға шабуыл жасады. Сөйтіп, жоңғарлар ауызбіршілігін нашар, бытыраңқы қазақ жерінің бірінен соң бірінен басып алды.
XVIII ғасыр поэзиясы да түгелдей ақындар өнерімен шектелмейді. Аталмыш дәуір әдәбиетінде де жыраулық дәстүрдің іргесі әлі берік. Әсіресе, Ақтанберді мен Бұхар жыраулар қосқан үлестерді аттап өтуге болмас еді. Сондықтан, біз бұл тұста ақындардан бұрын
Пайдаланған әдебиеттер:
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., «Ана тілі», 1992.
Мағауин М. Қобыз сарыны. А., «Жазушы», 1968.
Негимов С. Шешендік өнер. А., «Ана тілі», 1997.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., «Санат», 1997.
Сүйіншәлиев Х. 8-18 ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., «Мектеп». 1989
Жумалиев Қ. XVIII - XIX ғасыр Қазақ әдебиеті. А, «Мектеп», 1987 ж.
Сүйіншіәлиев Х. XVIII - XIX ғасырдағы Қазақ әдебиеті А, «Мектеп», 1987 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 тарау. XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты.
2. тарау. Би шешендер шығармашылығының даму ерекшелігі.
3. тарау. XV ғасырдағы ақындар поэзиясының ерекшелігі.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жөніндегі сипаты.
Қазақ халқыда да басқа халықтар сияқты поэзияға бай,
сөз өнерін ерекше қадірлей білген, көркем сөз құдіретін
қастерлеп, оған үлкен міндет жүктеп келген ел. Адам баласының
шыр етіп дүние есігін ашқан шақтан бастап, ең соңғы демі
біткенше дейінгі өмір жолы, тіршілік қадамдары түгел дерлік
поэзияға қарыздар. Поэзияның адам өмірі мен тіршілігіндегі
ролі оның қоғамдық маңызында белгілейді.
Белгілі тарихи қоғамның, әлеуметтік ортаның алдыңғы
қатарлы санасы тұрғысындағы туындаған поэзия – адамгершіл асыл
поэзия. Заманалар жасаған көркем сөз кестелері, асқақ арман,
ұшқыр қиял жемістері – халық өнерпаздары жасаған өлмел, өшпес
мәңгілік мұра. Әр халық өзінің рухани мәдинетінің деңгейін
көркемөнер туындыларының нәрлі қорлары, сан – салмағы, сән –
сәулетінің аумағымен өлшейді, бағалайды. Атадан балаға ауысқан,
үрім – бұтаққа мұра боп жеткен шебердің бізі, шешеннің тілі
туғызғанөнер құдіретін рухани байлығынан санайды. Берік
материалдық негізде дамыған рухани мәдениет адам баласы қоғамның
жетіле түсінуінде шешуші роль атқарады. Адам баласы өзінің
өсіп-өркендеу жолында өмір сүруі үшін тікелей қажет нәрселерді
алып қоймайды, соған қоса рухани азық болатын өнер
мұраларымен де сусындап отырады. Осылардың қай – қайсынан да
адам өз қолымен жасап, керегіне асырады. Барлық материалдық
және рухани байлықтардың нағыз иесі – еңбекші халық деген
лениндік қағиданың кемеңгерлік маңызды да осындай заңдылықтарын
таныта білгендік болса керек.
Ақындар өнердің ілкі тобы XVIII ғасырда көрінді
дедік. Енді осы бір дәуір сипатын еске ала кетелік.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамында кейбір өзгерстер
нышаны байқалса да, оның экономикалық – саяси өркендеуі феодалдық
ұсақ рулық дережеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен
бір тұтас хандық мемлекеттің құрылуына мүмкіндік болмады.
Қазақтың үш жүзі кейде бірігіп, кейде бір – бірімен байланссыз
оқшау өмір сүрді. Қазақ рулары өз жүздерінің хандарына да
бағынбай, өз рубасы батырын немесе би – феодалын билеуші санап,
өз бетінше тіршілік етіп жатты. Көрші елдер осы ұсақ
билеушілердің өзара назарлықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп
бағындыруды көздеді.
Сырқы жаулардың ішінде Қазақстанның бұл кездегі ең
қауіпті дұшпаны жоңғарлар еді. XVIII ғасырдағы жоңғарлар күшті
соғыс қолын жасақтап, Қазақстан мен Орта Азияға шабуыл
жасады. Сөйтіп, жоңғарлар ауызбіршілігін нашар, бытыраңқы қазақ
жерінің бірінен соң бірінен басып алды.
XVIII ғасыр поэзиясы да түгелдей ақындар өнерімен
шектелмейді. Аталмыш дәуір әдәбиетінде де жыраулық дәстүрдің
іргесі әлі берік. Әсіресе, Ақтанберді мен Бұхар жыраулар қосқан
үлестерді аттап өтуге болмас еді. Сондықтан, біз бұл тұста
ақындардан бұрын жасаған аттары әйгілі – Ақтамберді мен Бұхар
жыраулар творчествосына арнайы тоқтаймыз.
Әдебиетіиіздегі жыраулар жасаған бұл шығармашылық
түрлері кейінгі сөз өнерпаздары толық игеріп, оны
ілгерілетті. Жыраулар көтерілген көркем сатыдан да өтіп,
поэзияның жаңа шыңына қанат қақты. Әлеуметтік өмірді, халық
тұрмысын кеңінен қамтитын, қоғамдық мәні жоғары ақындар
поэзиялық туындыларды шығарушы өнер иелерін XVIII ғасырдан
бастап, жырау деуден гөрі ақын деп атау қолданыла бастады.
XVIII ғасырда өздерін толық жыраусанатында танытқандар – Бұхар,
Ақтанберді және қазақ халқының би – шешендері болды. Ал, XIX
ғасыр поэзиясында жырау деген атау өте сирек қолданылады.
Бұрынғы ауыр сазды, көкекесті мұңды қобызға қосып жырлайтын
жыраулар орнын енді әзіл – оспағы аралас жеңіл терме, аспандата
шырқап айтар ән - өлеңдер, жүрек тебірентер назды лирикалар,
кезектесе тіл қағысып, өнер оздыратын айтыстар, бебеу қағып
безгектеген домбыраның қоңыр үніне жарыса үн қосқан ақындар
пайда болды.
Иә, байырғы қазақ ұғымындағы ақын сөзі, міне,
осындай көп мағналы ұғым туғызатын сөз екен. Сондықтан, нағыз
ақын атқарар қоғамдық мәні зор міндетті кез – келген адам
ақтай алмады. Көкірегінде ақындық бұлақтың көзі бар нағыз
талант иесі ғана ақтайды.
Басқыншылар қазақ ауылын тонап, мадын айдап,
қаласын өртеп, Бау – бақшалық жерлерін таптап, бейбіт елді
құлдыққа ұшыратты.
Жоңғар шауылы қазақ халқының басына түскен ең
бір ауыр кезең болған еді. Халық күйзелісі мен ел қасіретінің
бұл кезеңде күшейгені соншалық, халық түгел босап кету
қауіпіне ұшырады. Ақтабан шұбырынды деген атпен ел есінде
сақталып қалған ұлы басқыншылық осы жоңғар қалмақтары
шапқыншылығының салдары еді.
Сөйтіп, XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің екі түрлі
қоғамдық, әлеуметтік мәселелер бой көрсетті. Оның бірі - сырқы
жауға қарсы күрес басшыларын, хандық құрылысы, бірлікті нығайту
мақсатын көздеген дәуір талабынан туған сарынды танытса, екіншісі –
бейбіт дәуір тілегінен туған, негізінен ел мұңын мұңдап, бұқара
тілегін танытар халық ниетін елестетін сарын. Аталмыш тарихи ауыр
кезеңде қалыптасқан ақындық өнердің жыраулар салған ізден шығып
кетуі, әрине, мүмкін емес. керсінше олар сол жыраулар өнерін
жалғастырды. Кейін бейбіт өмір орнаған тұста олардың қанаты қатая
түсті. Ақындық творчество айқындалып, біртіндеп ілгерілей береді.
Жырау сөзінің мәні, жыраулар өнері, ақындық
импровизация туралы Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Потанин және
кейінгі совет зертеушілері сан пікірлер айтып, халқымыздың табан
асты суырып салып өлең шығарғыш қасиеттерін таңдана сөз еткені
әркімге – ақ мәлім.
Ақын сөзінің мән – мағнасаын тап қазіргі кезде
түсіндіріп жату мүлде артық. Ол туралы жазылған арнайы зерттеулер
де баршылық. Бұл сөздің шығу тегін проф Е.Ысмайылов өзінің
Ақындар атты еңбегінде егжей - тегжейлі түсіндірген. Сондай-ақ оның
жырау, жыршы, сал, сері, өлеңші деген атаулар туралы берген
анықтамалары да талас тудырмайды. Бұлар - қазақтың байырғы ұғымдарының
балама төл атау сөздері.Сөйте тұрса да , осы тұста кейбір деректерді
келтіре кетудің артықшылығы жоқ. Араб тіліндегі: шәғири- шайыр, ақын:
шеғыр- тақпақ, тұспал, терме; шиғіри- поэзия деген ұғым беретін
сөздердің қазақтың жырау, жыр, шайыр, термеші деген сөзд ерінің
қалыптасуына ықпалы болмады ма екен деген сұраудың ойландыратын ескере
кеткіміз келеді. Бұл- әрине, арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе.
Үстем қоғамының менменшіл, тәкәппар топас тобы ақындық
өнердің қадірін түсіруге тырысып отырған, олар өнерді қорлап,
өктемдік көрсетіп, ақындық өнерді бақсылық кәсіп деп те ұғындырмақ
болған. Өздерінің бойына жат ақындық өнерге барынша қасы шығып,
оны кемітіп асыл сөздің құнын арзандатып жіберуді көздеген. Кейде,
тіпті, ақын деген қадірлі тақты аяқққа басып, күлкі – мазаққа
айналдырып қорлауға дейін барған. Бұған өткен замандағы Ақан сері
мен Біржан салдар өмірі айғақ... Осындай себептердің салдарынан
өткен замандағы озбыр ортада өскен кейбір ақындар өзінің ақындық
талантын жасырған немесе басқа бір адамның атынан өз жырларын
шығарып отыпған. Кезінде ақындық дарындарын ұзақ жылдар жасыруға
душар болған ақындар ішінде қазақ әдебиетінің кемеңгер тұлғасы Абай
Құнанбаевтың да болғанын айтуға болады.
Сөйсе де ақындық өнердің XVIII - XIX ғасырларда дами
түскенін танытар деректер ретінде біз біз осы кезең аралығында
жасап, поэзияда өзіндік із қалдырған Көтеш, Шал, Тәтіқара,
Үмбетейлер болды. Және қазақ халхымыздың би – шешендері де болды.
Х. Сүйіншіәлиев Қазақ әдиебиетінің қалыптасу кезңдері
(1967)
моногрфиясында қазақ жыраулар поэзиясын әдебиетіміздің жеке
мұрасы ретінде ғылыми – деректік жақтан алғаш рет жүйелеп береді.
Осы орайда қазақ әдебиетіндегі жыраулық өнер аса айқын көрінген,
даусыз жасаған қазақ хандығы дәуірі туралы сол дәуірдің әдебиетін
белгілі бір жүйемен, ғылыми негізбен қарастыруды, зерттеуді жолға
қойған ғалым Бейсенбай Кенжебайевтің еңбегі өлшкусіз.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті Мұхтар Мағауин түбірімен
түбегейлі, індете зерттеді.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті осыдан отыз жылдан
бастап бұрын жан – жақты қарастырып, жүйелеп, зерделеген, көпшілік
жыраудың ғұмырбаян деректерін тұңғыш рет жұртшылық назарына ұсынған
ғалым М. Мағауин жыраулар поэзиясын қарастыруда толымды, түбегейлі
еңбек тындырды. Ғалымның жыраулар поэзиясының туу, жасау себептерін
тарихи жағдай мазмұн, мән жағынан тайға таңба басқандай, жіліктеп,
жіктеп отырып, сол жайларды енді әдебиетінің, поэзиясының көркемдік
заңдылықтармен қос – қабат қарастыруды, негіздеуі қазақ әдебиеттану
ғылымының айтулы табысы.
Ғалым Немат Келімбетов Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ
жыраулары атты зертеуінде (Ежелгі дәуір әдебиеті) мынандай түйіндер
жасайды: XV - XVIII ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулары
поэзиясындағы әлеуметтік және дидактикалық сарындарын түп – төркіні
ежелгі түркі әдебиетінде жатқанын аңғару қиын емес.
Жыраулар поэзиясының бұлжымас заңдылығы, дәстүрлі арналары, көркемдік
негіздері бар екендігін, өзіндік туу себептерін, ерекшеліктерін
академик Зәки Ахметов арнаулы зертеулерінде аса ұтымды теориалық
тұжырымдармен бекітіп отырады. өлең сөздің теориасының айтулы білгір
З. Ахметовтың тоқтам – тұжырымды жырау поэзиясын көркемдік жағынан
талдауда таптырмайтын тиянақ.
Жыраулар жайлы Қ.Өмірәлиев: "Бұл табиғи дарын иелері қай замандарда
да болып отырған. Олар қазақ халқының ауызша әдебиетін -көшпелі халықтың
жазба әдебиетке дейінгі жердегі поэзиясын жасады-дейді.
Құлмат Өмірэлиев қазақ өлеңіне қатысты зерттеулерге тоқтала келіп, "Қазақ
поэзиясының жанры және стилі" еңбегінде былай дейді: "Бірақ бұл
зерттеулердің қай-қайсысы болса да, біріншіден, қазақтың ауызша туған барша
сөз үлгілерін "ауыз әдебиеті" жэне "тарихи әдебиет" деп екіге бөліп
қарайды. Осыдан келіп, қазақтың ауызша туған поэзиясы - бір негізді
поэзиясы таза жанр жағынан бір топталмай, авторын сақтау - сақтамауына
қарай екі бөлініп, екі әдебиет дүниесі ретінде қаралады. Екіншіден, қазақ
поэзиясы жанр жағынан жіктелгенмен, өлең түріне, стиліне қарай бөлу бұл
еңбектерде мақсат етілмеген. Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті
түрде зерттеу мэселесін алға қойып, түбегейлі зерттеулер жүргізген ғалымның
бірі осы Қүлмат Өмірэлиев.
Ол қазақ жыраулары - көшпелі халықтың жазба әдебиетке
дейінгі поэзиясының өкілдері деп, бұл өнерді ғылыми тұрғыдан өлеңнің ырғақ
жігі, шумақ жігі, синтаксистік жүйе т.б. мәселесі жөнінен жан-жақты-
қарастырды.
Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан цоэзия әлденеше ғасыр
бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанры қызметін
атқарды. Ал осы кезендегі Қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген, сөз
өнерінің жетекші өкілдері - жыраулар болды. Қазақ жыраулары ХУ-ХУІП
ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мэні бар аса қүнды әдеби мұра жасады.
Бұл- жыраулар поэзиясының пайда болу, жасау кезеңдерін белгілі бір
уақыт аясына қымтап тастау емес; жыраулық өнердің түрлі деректерде
аталатынын, ежелгі өнердің бір түрі екенін, ол өнердің қайсыбір шарттарі^
көнеріп, жойылғанымен Қазақ хандығы ыдырағаннан кейінгі кезеңдерде қилы
жағдай, қалыпта бой көрсетіп отырғаны, кайсыбір жағдайларда күні бүгінге
шейін жасап отырғаны даусыз.

Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың ішкі-сыртқы құбылыстарын,
халықтың көкейтесті күйлерін көрегендікпен болжау, түйіндеп, тоқтам айту
қажет болған тұста, дәл сол баяғы жыраулардың сарынымен, мақамымен,
үлгісімен сөйлеу күні бүгінге шейін үзілмей келе жатқан үлгі.
Сонда да болса жырау мұасының қазақ хандығы тұында аса бір айшықтанып
дара шыққан, бар мәнімен, барша көркемдік мүмкіндіктерімен жасаған әдебиет
екені даусыз.
Бұл поэзиясы бізге ең эуелі қазақ халқының құралу дәуіріндегі қилы
күйді жеткізеді. Асанның, Қазтуғанның, Шалкиіздің, Доспамбеттің
жыртолғауларында сол бір алыста қалған аласапыран арпалыс шақтардың тірі
суреттері жатыр.
Бұл дәуір поэзиясы бізге ата қоныс, құт мекеннен ауа көшудің қасіретін
қырык, жыл қырғында ат үстінен түспеген жауынгердің жан мұратын; ел
басқарған хандардың тура тартқан тұсы мен бүралаң бұрылыс қате кеткен
шалғайларың т.б. толып жатқан, жазба тарихқа ауыс түскен құдырет
шындықтарын қаз қалпында жеткізді.
Жырау бұл өнерінің барлығын белгілі бір мақсатқа бағыттап отырды. Өз
қоғамының, қазақ мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайларына: ел басқарған
хандардың бір ісіне, айнала көрші елдермен қарым-қатынас саясатына, сырт
жаулармен соғыста бірлік, ерлік жайына, ел ішінін, бітім-шар тұтастығына,
жеке адам тірлігіндегі дүние кезендеріне, ұрпақ тәрбиесіне т.б. мәселереге
бағыттады; қазақ қоғамының моральдық, провалық, діни нормаларын айқындау,
насихаттау, қалыптастыру ісіне араласты. Жырау поэзиясы ежелгі түркі
әдебиетіне тән жалпы өсиет, шеңберінен шығып, қоғамдық әлеуметтік ой-
пікірлерді білдіретін, түтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой ағымына
айналды.
Сол себептерден де жырау - өз қоғамының бас идеологы. Бұл миссия қазақ
хандығы дәуірінде аса айқын көрініп; қазақ хандығы жойылып, билік жүйе
өзгергенде аяқталды. Жалпы, жыраудың әлеуметтік статусы, коғамдық тұлғасы
қазақ мемлекетімен аса байланысты құбылыс. XVIII ғасырдың
аяғында, қазақ хандығы жойылған тұста жыраудын. әлеуметтік сипатының
бірталайы тарих сахнасынан көшті. Жыр түрі, үгіт, өнеге, ел қамын жеу, т.б.
құбылыстар, сарындар сақталғанымен, негізгі жырау қызметі -мемлекет, қоғам
ісін басқаруға - реттеп отыруға қатысу аякталды. Ханға кеңес, мін, сын,
мадақ айту өткен тарихтың еншісіне айналды. "Әрине, байырғы тайпа
абыздарының, яғни Қорқыттардың ұрпағы Асан қайғы, Сыпыра, Бұхар шын
мәніндегі жыраулар болды. Олар өздерін мадақтап жырлар туғызған жоқ, өз
ерліктерін жырға қосқан жоқ. Ал ру мүддесінен олар жоғары тұрды. Бұл
жыраулар, "Қорқыт ата" ескерткіштерінде "Оғыз" ұлысының бүтіндігі жайлы жыр
шертетін Қорқыт сияқты, тұтас халықтың амандығын, хандықтың бірлігін
толғады, болашаққа көзтігіп, болжау аян сөздер айтты, ұлы ескертулер
жасады. Олар ханның қошеметшісі де, өзін ханға бүлдаушы да болған жоқ. Олар
хан ордасының ұлы кеңесшісі, сәуегей ақылшысы болды. Өз заманының, жалпы
халықтың мүддесі тұрғысынан толғаулар айтқан осы г жыраулар халық поэзиясын
(әдебиетін) жасаушылар да болды.
Сырт жауларға қарсы күрес, елдің сыртқы, ішкі жағдайы түскен саяси
ахуал көрініс беріп жататын; қаһарман жауынгердің тұлғасы соғыс сәтінде
сомдалған ерлік жырларда туғызушы Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Қожаберген,
Ақтамберді, Бұхар, Үмбетай, Тәтіқара жыраулар еді
Жыраулар өнернамасының негізінде біздің әдебиетімізде қазақ халқының
қилы кезендердегі тағдыр-талайы, ел басқарған үлы хандар түлғасы, олардың
төңірегіндегі ер жастанып жатып, қырық жыл кырғынның ортасында журіп,
халқының азаттығы мен ар-намысын қорғаған Дарабоз батыл түлға-түғырлар
жайлы толып жатқан батырлық жырлар, дастандар, аңыз-әңгімелер, шежіре
хикаялар, шешендік ағындар қалды. Әдебиетіміздің көп асылы, үлкен томдары
осы дэуірлерде туды.
Үмбетай жырау қазақ әдебиетінде Алатаудай Ақша батырдан асып, болаттуған
Бөгембай бейнесін сомдады. Тэттіқара әр елдің атақты батырын дэріптейді.
Қажаберген елінің күйініш, тілегі солар екенін толғайды.
Жырау поэзиясының негізгі сарындары ұлт-азаттық күрес, иман күйі,
ұрпак тәрбиесі, пенделік ғүмырдың жеке бас көңіл-күйі, адамның жас шамасы,
опасыз жалған дүние-тірліктен табар тиянақ-тұғыр, т.б. жайлар. XV-XVIII
ғасырлар арасында жасаған жыраулардың шығармаларынан осы сарындарды
ұшыратамыз.
Жырау поэзиясындағы басты сарындардың бірі - туған жер, аға қоныспен
қоштасу, қымбатын жоқтау, қимасын аялау. Бұл сарын сонау қазақ хандықты
құрылудың алдындағы өткен тарихи жағдайлардан күйін шерткен беріде Бұхарды
алаң көңіл еткен, онан беріде Дулатты аһ ұрғызып, Мұратты мұңға батырған,
Парманбетті нар түйедей шектірген зар еді.
Туған жермен қоштасу сарыны, қоныс мекен жайы сонау XV ғасырдағы Асан
жыраудан бар. Осы сарын әсіресе XVII ғасырға шейінгі жыраулар мұрасында
басым көрінеді.
Еділ менен Жайықтың
Бірін жарға жайласаң,
Бірін қыста қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!...
(Асан)
Асанда Ойыл, Жем аталады. Еділ деген киян дейді жырау. Кейін (XIX
ғасырда) осы атамекен, туған жерді айту сарыны, онан айырылу, ажырау мұңы
поэзияда қайта жанданды. Мұрат ақын сол Асанда аталған қиян сөзін және
шығарды. ("Үш қиян").
Жалпы Асан, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет замандарындағы
қоныс, мекеннен ауа көшу, қоштасу сарындарының төркінінен М.Мағауин былайша
ой тартады: Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазбалар қорында қазақ
халқының құралу дәуіріндегі белгілі тарихи оқиғалардан көрініс беретін
ұзынды-қысқалы өлең, жыр, поэмалар бар. Бұл шығармалардан кейбір рулардың
ата қоныстарынан аууға онша құштар болмағандығы аңғарылады.
Еділ менен Жайыққа Ешбір жердің теңі жоқ!
Бірақ осы қасиетті қоныста береке қалмаған еді. Ел ішіндегі өзара қырқыс,
сұлтандар арасындағы бақастық халықты әбден күйзелткен болатын. Әйткенмен
де жұрт ескі қонысты қимайды, бет алып жүрмек жерлердің қайырлы болатынын.
Күлдірлеген сарт-өзбек Барғанмен бірге не қылар. Қоныстан ауыл барған
соң Біздерге сын тағылар... Мекен еткен қонысын Еділ менен Жайықты Қатын
бала сағынар" Алайда көшпенділік рух жеңіп, рубасылар айтқан. Бұрынғы
өткен атамыз. Көшемін деп өлді ме, Қырымды тастап Еділге Ақылы жоқтан
келді ме, - деген сөздердің салмағы басым түседі. Ел ескі қонысынан, онда
қалып бара жатқан бауырлас, аталас туысқан жұртпен жылап айырылысады.
Жылау, жылау, жылау күй, жылаған зарлы мынау күн. Қазақ пенен ноғай
айрылды, Қазақ артқа кайырылды. Ноғайлардың ну елі күйіренді, қайғырды қара
қыпшақ қобыланды қара орнынан айрылды. Ел қанаты қайрылды. Зар күн туды зор
күндер!
Қазақ жұртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманның
ірі қайраткер – азаматы, сөз өнерінің көне көз өкілі Ақтамберді көп
жылдар бойы жіті зерттелмей, ескерусіз естен шығып қалуға айналған
асыл мұралар қатарына жатады.

Ақтанберді Сарыұлы.
Ақтамберді Сарыұлы – суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі.
Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу
арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар
кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір
сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған халынды жырау деп
санайды.
Ақтамберді – тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының
тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады

.
Күбір – күмбір кісінетіп деп басталатын шығармасы – ақынның
алдында қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар
мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған
батыр адам үні естіліп тұрады.

Күмбір – күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күрек тісін қақситып,
Сұлуды құшар ма екенбіз.
Күдерінен бау тағып,
Кіреукеден тон киер ме екенбіз.
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз.
Сауыт киер ме екенбіз
Сырттан сауыт киген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр сақын төске алып,
Қол қашырар ма екенбіз.
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз!
Ақтанберді қолы деп,
Жанайдың салған жолы деп,
Жақсы атананар ма екенбіз!

1973 ж. шыққан Алдаспан жинағында осы толғаудың екі нұсқасы
басылған. Асылы, олар - әрқайсысы әр тұста айтылған өзінше бөлек
жырлар.
Ақнның батыр мінер тұлпары бейнеленген өлеңі оның
суреткерлік шеберлігнен де хабар береді. Кей жерлері жоғарыдағы
жолдарға үндесіп жатады.

Келбетіне қараса,
Омырауы даладай,
әлпетіне қараса,
сырлап соққан моладай.
Жан – жағына қараған,
Жал – құйрығын тараған,
Жолбарыстай жон түзеген,
Аш күзендей бүгілген,
Ор киіктей жүгірген,
Табаны жалпақ боз тарлан,
Таңдап мінер ме екенбіз!

Ақтамберді сөздері – ақыл – нақыл ретінде келетін дидактикалық
толғаулар. Ол Ел аман болсын ләйлім - деп, туған жер, Отан
тілегін бірінші орынға қоя білген. Халқының ер – азаматы, төре –
сұлтандары, бай – батыр, жарлы – жақыбайы – түгел бір мақсатта, бір
тілте болса деп армандайды. Олардың арасындағы қайшылықты
ағайыншылықпен шешуге үндейді. Татулықты, сараң болмай, мейірімді
болуды, әділ билік пен батырлықты, ақылмен іс қылуды көксейді.

Сары аязда қата ма,
Қайнардың аққан тұнығы,
Қап түбінде жата ма,
Болаттың алтын сынығы,
Халқы тозып, кем болмас,
Әділ болса ұлығы.

Ақынның нақылдары ішінде талай адамгершіл ақылдар, өмірдің
өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан
тұспалдар көп. Солардың бірін жар таңдаушы жастар үшін ғибрат
деуге болады.

Мінезі болса алғанның.
Одан артық жар барма
Екі жаман қосыоса,
Күнде жанжал, күнде шу,
Ұяларлық ар бар ма
Білімді туған жақсыға,
Залал қылмас мың қарға,
Жаман туған жігітке,
Рахатты күн бар ма
Өз мінін білген жігіттің,
Тәлімінде мін бар ма!

Сайып келгенде, Ақтанберді 90 жас жасап, 1752 жылы шамасында
дүние салған, өз заманының талабына сай жыр толғап өткен әрі
батыр, әрі жырау. Оның шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен
ер тұлғасын, жақсылыққа бастап, адмгершіл ой түйген терең ойлы
ақыл иесі абзал азаматты танытады. өзінің өрелі ойларын жыр
кестесіне тізе білген жүйрік тілді шешен ақынды көрсетеді.

Бұқар Қалқаманұлы.
Бұқар Қалқаманұлы (1684 – 1782) – 18 ғасыр әдебиеті көрнекті
өкілінің бірі Бұқар – жырау Абылайхан заманында өмір сүрген. Әкесі –
Қалқаман белгілі батыр.
Бұқардың өлеңдері, өзі тұстас ақындармен салыстырғанда
кейінге молырақ жеткен. Оның Абылай туралы өлеңін жазып алып,
алғаш пікір айтөан Шоқан еді.
Деректерге қарағанда, Бұқар – діни білімі бар, оқыған
адам. Оның өлеңдерінде мұсылманшылық әсері айқын: Дін кітаптарын
оқыдым, ақтан сия танықан, дәіт пенен қаламды айт деген сөздері
кездеседі. Бұл сөздер тегін айтылмаса керек.
Бұқар жырау – қазақ жеріне ертеден мәлім. Оның бізге
жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық
мәселені көтереді. Еөп жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан
шешеді. Хандық құрылысты нығайту мақсатын көздейді. Соған қоса
жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке, бейбітшілікке,
әділеттілікке үндейді; ұстамды моральдық пікірлер ұсынады. Абылайдың
сырқы саясатына аралысып, ақыл береді. Оның кейбір ісіне наразылық
та білдіреді.
Бұқар ойынша, дәулет, дүние, байлық тұрақты болмайды
ол үнемі өзгеріп, ауысып отырады. Жыраудың Айналайын жер
тұтқан, Ақсаңнан биәк тау болмас, Жал құйрығы қаба деп деген
және басқа сол сияқты өлеңдері оның өмңр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Жыраулар поэзиясындағы портрет
М. Мағауин жайлы бірер сөз
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Жыраулар поэзиясын оқыту
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Пәндер