Түйнек жемістілер


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Түйнек жемістілер.

Картоптың биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы.

  1. Түйнек жемістілер түрлері. Олардың халық - шаруашылығындағы маңызы, өндірілетін аудандары және өнімділігі.
  1. Картоптың ботаникалық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері. Аудандастырылған сорттары.
  1. Картоптың өсіру технологиясы.

1. Түйнек жемістілерге картоп және жер алмұрты жатады. Оларды тамаққа мал азығы және дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады.

Картоптың халық шаруашылық маңызы зор. Ол - адамға тағам, малға азық. Сонымен бағалы техникалық дақыл. Халық картопты наннан кейінгі тағам деп бағалайды. Егістіктің белгілі бір көлемінен алынатын нәрлік заттар мөлшері жөнінен картоп адам баласы өсіретін өсімдіктер арасында алдынғы орындардың бірін алады.

Сортына және өсіру жағдайына байланысты картоптың құрамында 14-тен 22 % дейін крахмал, 0, 8 - 1, 5 % қант, 0, 2 - 0, 3 % май, 2 -3 % белок, 1% жуық клетчатка, 0, 8- 1% күл және 75% шамасында су болады.

Картоп нәрлі тағам, егер жұмыс істейтін адамның күндік тағамында 3000 калорий болу керек болса, картоптың 1 кг =840 калория бар. Тағамда 100 калория болу үшін: май- 14 г, нан - 38г, жұмыртқа -64г, сиыр еті -64г, картоп -117г, сәбіз -224г, капуста -350г, томат -117г қажет.

Қазір картоптан 100 түрлі тағам жасалады. Картоптан алынған крахмал түрлі диетикалық тағамдарды, жеміс және сүт кисельдерін пайдаланылады. Күзде қазылып алынған картоптың әрбір 100 г 16 мг С витамині болатындығы анықталды.

Картоп қабығында және көтеріліп кеткен картопта улы зат - глюкоалколойд - соланин болады. Оның мөлшері ішкі түйнектің 100 г 1 мг - 20мг жетеді. Түйнекте соланин көп болса, ол адам және малдың денсаулығына зиянын тигізеді.

Картоп малға, шошқаға жақсы азық. . Малға картоп шикілей және буланып пісірілген күйінде беріледі. Сондай - ақ малға азық ретінде картоптың сүрленген сабағы мен жапырағы картоп өңдеу өнеркәсібінің қосалқы өнімдері. 1 картоптың нәрлілігі 0, 3 азық өлшеміне тең. Картоптың 100 кг сүрленген көк майса сабағында 8, 5 азық өлшемі, жас бардада - 4, 0 кептірілген мезгада 95, 5 азық өлшемі болады.

Картоп, спирт және крахмал жасау өнер кәсібі үшін шикі зат ретінде кеңінен қолданылады.

Өтамалы дақыл ретінде картоп алқапты арам - шөптерден тазартады және көптеген ауыл шаруашылық дақылдары үшін таптырмас алғы дақыл дақыл бола алады.

Республикада картоп барлық облыстарда өсіріледі, ал тауарлы картоппен солтүстік облыстар және Алматы облысының таулы аудандары шұғылданады. Картоп түйнегінің орташа өнімділігі 120-130 г.

Республикада өндірілетін картоптың мөлшері халықтың қвжетін өтей алмай келеді. Бірақ бұл міндетті орындауға болады, ол үшін гектар шығындылығын арттыру қажет.

Көптеген шаруашылықтар белгіленген агротехникалық әдістер комплексінжүзеге асыры отырып, жұмыс түрлерін дер кезінде, және сапалы атқару арқылы картоптан тұрақты өнімдердер алып жүр. Олардың бұндай табысқа жетуінің басты себебі тұқым шаруашылығын дұрыс жолға қойып, тұқымның жеткілікті болуы қажет.

Картоптың шығындылығын арттыру ісіндегі ең көкейниетті мәселе - оны өсірудің агротехникалық әдістері комплексін қолдану, агротехн икалық әдістерді белгілі бір аймақтың, тіпті шаруашылықтың ерекшелігіне қарай саралап қолдану, сонымен қатар әрбір тәсілдің тиімділігін арттыру, оны өсімдіктң өсу ыңғайына жергілікті жағдайға, топырақ режимы мен ауа райының құбылуына қарай әрдайым өзгереді.

Картоп шаруашылығын одан әрі өркендетудің шешуші шарттарының бірі картоп өсірудің озық әдістерін барлық жерде бірдей қолдану болып табылады. Сонымен қатар, картоп егісі суармалы алқаптарда орналастырылуға тиіс және тынайтқыштар беру керек.

Қолдан өсірілетін картоп шөп тәрізді сабағы және түйнек түзетін тамыры бар-көп жылдық дақыл. Картопты ұрық арқылы өсіруге болады. Ұрық арқылы өсіру секциялық істе, картоптың жаңа сортын шығаруға қолданылады. Ұрықтан өсірілетін картоп бір жылдық дақыл. Картоптың түйнегі сабағының жалғасы, оның пішіні ғана өзгерген. Сабағының топырақ астындағы бөлігі (столон) немесе жылан бауыр сабақ деп аталады. Өсу кезінде столондардың шет жағы жуандап, бірте-бірте түйнекке айналады.

Картоп түйнегінің үстіңгі жағында көздері болады, сондықтан түйнекте сабақ сияқты төбе жағынан өседі.

Сабағы - 3 немесе 4 қырлы, бұтақтанып өседі биіктігі 30-150 см.

Жапырағы күрделі дара немесе қос қуырсынды болып келеді.

Картоптың шоқ гүлі 2-3 немесе 4 бұрышынан тұрады. Картоп ұрығы - балғын 2 ұялы, көп ұрықты жеміс. 1000дана ұрық салмағы 0, 5 г жуық.

Тамыр жүйесі шашақты . Картоп өсу дәуірі сортына, өсіру жағдайына қарай 60-180 күнге созылады.

өсу дәуірі келесі кезеңдерден тұрады: көктеп шығу, гүл салу, гүл жару, түйнек тастау және сабағының солуы.

Биологиялық ерекшеліктері. Сабағының өсіуі үшін қолайлы температура 21, гүл жару -26, түйнек тастау -16, -18.

Сыртқы ортаның жағдайына және сортына қарай картоп отырығызылғаннан кейінгі 18-20 күн ішінде өркендейді, гүл салуы отырығызылғаннан кейін 30-35 ішіндегі күндері басталып 20-50 күнге созылады. Гүл жару тоқталғаннан кейін сабағының өсуі тоқтайды да, түйнектердің өсуі тездегіле түседі.

Түйнектің өсуі, крахмалдың жиналуы үшін ең қолайлы кезең Қазақстанның оңт. тамыз-қазан айлары, солт. Тамыз-қыркүйек.

Сабағының солған кезінде түйнектердің өсуі тоқтайды, олар қабық түзілтеді. Картоп сақталу жағдайына және оның сортына байланысты 3 айдан 5 айға дейін бір күйде болады, осыдан кейін ол көктейді.

Картоптың отаны оңт. Америка, оның ішінде Чилидің теңіз жағалары болып есептеледі.

Картоп өсудің түрлі кезеңдерінде жылулықты да түрліше талап етеді. Ол қоңыр салқын климатты сүйетін өсімдік.

Түйнектің өсуі 10см тереңдіктегі топырақтың жылулығы 7 0 кем болмаған жағдайда басталады.

Картоптың қоректік заттардың бойына жақсы сіңіруі үшін ең қолайлы температура 20 0 жылулық.

Картоп жарық сүйгіш дақыл. Күн сәулесі жеткіліксіз болса, картоптың сабағы сынып биік өседі, осал болады. Түйнектін бір қалыпты өсуін қамтамасыз ете алмайды.

Картоптың ылғалды мейлінше мол қажет ететін мезгілі - гүл салу және гүл жару кезеңдері. Оңт. Қазақстан жағдайында картоп үшін ең қолайлы ылғалдылық дала топырағының су ұстау көрсеткішінің 70-75%.

Картоптың дұрыс өніп-өсуі үшін түйіршіктер арасында ауа жақсы енетін борпылдақ топырақ қажет. Картоп үшін механикалық құрамы жағынан алғанда құмайт және жеңіл саз балшықты құнары тәуір топырақ қолайлы келеді. Ауыр саз балшықты, тұтасып қалатын топырақтың картоп өсіруге жарамдылығы шамалы, мұндай алқаптарды минералдық заттарды көп беріп тыңайтқанда ғана картоп өсіруге пайдалануға болады.

Картоптың топырақтан алатын қоректік заттарының мөлшері сабағының күлтеленудің өсімдіктің тығыз сиректігіне, картоптың сортына, сүмен қамтамасыз етілуіне, түйнектердің шығындылығына т. б. байланысты болады. Сабағы күлтеленіп тамыры тарамданып өссе, сүмен жеткілікті қамтамасыз етілсе, картоп қоректік заттарды топырақтан көп алады.

Проз. Ларх. А. Т. мәліметі бойынша 1га жердегі картоп топырақтан 48, 4 кг Н, 103, 4 кг К, 22, 4 кг Р 2 О 5 , 38, 5 кг әк, 15, 8 кг мг алады.

3. Картоп өсіру технологиясы

Тауарлы картоп негізінен тәлімі жерлерде, атап айтқанда далалы аймақта жылына 250-300 мм ылғал түсетін және таулы аудандарда 500-600 мм жерлерде өсіріледі.

Ауыспалы егіс . Картоп өсіру ісінде қолданылатын агротехникалық шаралардың тиімділігі ең алдымен ауыспалы егістікте картоп орнының дұрыс белгіленуіне байланысты болады. Құрылымында қоректік заттар көк топырақта картоптан мол өнім алынады. Егер картоп бір алқапта талай жылдар бойы өсірілсе, топырақтағы қоректік заттар 1-жақсы пайдаланыладыда, оның құнары нашарлайды, картоптың түрлі аурулары артиды, зияндары көбейіп кетеді, шығымдылығы төмендейді.

Қазақстанның солт. аудандарында картопқа жақсы алғы дақыл болып таза пар, сұлы ас бұршақ қоспасы және сүрлемдік жерлері болып есептеледі. Қазақстанның батысында таза пар және қыртысы қайырыла жыртылған көп жылдық шөп өскен алқап және қияр өскен жер.

Картоптың өзі де, басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Жүгері мен қант қызылшасын картоптан кейін егудін тиімді екенін көрсетеді. Картоп егілген жер күздік бидай егуге өте қолайлы келеді.

Картопты көкөніс дақылдарының ауыспалы егісіне, техникалық дақылдар қосылған ауыспалы егіске, сондай-ақ дәнді дақылдар мен жемшөптік дақылдар ауыспалы егісінде енгізуге болады. Картоп өсіруге бейімделген шаруашылықтарда арнайы ауыспалы егіс жүйесін жасаған тиімді.

Топырақты өңдеу Картоптың негізгі өнімі - түйнек. Түйнек топырақ арасында түзіледі. Картоптың тамыр жүйесінде топырақтың нақ беткі қабатында жатады, сондықтан бұл қабатта ылғалдың жеткілікті болуы, топырақтың ұлпа келуі және арам шөптен таза болуы шарт. Топырақты өңдеу ісіне басты маңыз беріледі. Картоптың тамырының кежеусіз өсуі, топыраққа ауамен ылғалдың енуі үшін алқаптың топырағы жақсы қажытылуы үшін керек. Тамыр жүйесі жайыла өссе, өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі артады.

Өңдеу әдістері: Алқапты сыдыра жырту, сүдігер тарту, ерте көктемде тырмалау, культивациялау немесе дисклеу, топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгізу үшін қайта жырту.

Тыңайту: Өсімдіктің бір қалыпты өсуі үшін күн көзі, жылылық, су, ауа және қоректік заттар қажет. Өсімдіктер сабақтары және тамырлары арқылы қоректенеді. Сабақтар ауадан көмір қышқылын алады, ал тамырлар су мен минералды тұздарды қабылдайды. Картоп азотты гүл жару кезінде қажетсінеді. Фосфорды - өсу дәуірінің бастапқы сатысында, ал каминмен барлық өсу кезеңдерінде қоректенеді.

Картоп танабына органикалық тыңайтқыш - көң беру керек. Мөлшері 40 т/га

Қазақ көкөніс және картоп шаруашылығы ҒЗИ деректері бойынша 250ц/га түйнек қалыптастыру үшін, оған азот 80 кг, фосфор - 120 кг, камит 20кг әсерлі затпен беру керек.

Картопты көкеніс дақылдарының ауыспалы егісіне, техникалық дақылдар қосылған ауыспалы егіске, сондай-ақ дәнді дақылдар мен жемшөптік дақылдар ауыспалы егісінде енгізуге болады. Картоп өсіруге бейімделген шаруашылықтарда арнайы ауыспалы егіс жүйесін жасаған тиімді.

Топырақты өңдеу . Картоптың негізгі өнімі түйнек. Түинек топырақ арасында түйінделеді. Картоптың тамыры түйіскенде топырақтың нақ беткі қабатында жатады, сондықтан жатады, сондықтан бұл қабатта ылғалдың жеткілікті болуы, топырақтың ұлпа келуі және арам шөптен таза болуы шарт. Топырақты өңде ісіне басты маңыз беріледі. Картоптың тамырының тежеусіз өсуі, топыраққа ауамен ылғалдың енуі үшін алқаптың топырағы жақсы қосытылуы керек. Тамыр жүйесі жайыла өссе, өсімдіктің құрғақшылыққа төзіділігі артады.

Өңдеу әдістері: алқапты сыдыра жырту, сүдігер тарту, ерте көктемде тырмалау, культивациялау немесе диекілеу, топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгізу үшін қайта жырту.

Шыңайту Өсімдіктің бір қалыпты өсуі үшін күн көзі, жылырақ, су, ауа және қоректік заттар қажет өсімдіктер сабақтары және тамырлары арқылы қоректенеді. Сабақтар ауадан көмір қышқыл газын ал тамырлар су мен минералды тұздарды қабылдайды. Картоп азотты гүл жару кезінде қажетсінеді. Фосфорды- өсу дәуірінің бастапқы сатысында, ал каллимен барлық өсу кезеңдерінде қоректенеді.

Картоп талабына органикалық тыңйтқыштың беруі керек. Мөлшері- 40 т/га.

Қазақ көкөніс және картоп шаруашылығы ҒЗИ деректері бойынша, 250ц/та түйнек қалыптастыру үшін, оған азот-80 кг, Фосфор-120 кг, Калли- 20 кг әсерлі затпен беру керек.

Түйнекті егуе әзірлеу

Картоптың тұқымға жарамдығын анықтау үшін түйнектің сапасы және өнгіштігі анықталады.

Ірі түйнектер егілсе, картоп шығымдылығы мол болады. Бірақ ірі түйіндерді екенде тұқым көп жұмсалады. Сондықтан тұқым ретінде салмағы 50-80 гр келетін орта көлемді түйіндерді пайдалану керек.

Егу алдында түйіндер түрлі ауру қоздырғыштарына қарсы дәріленеді. Тұқымдық картоп формалин ертіндісімен дәріленеді. Картопты химиялық дәрілеудің екі әдісі бар, олар: картопты ертіндіге салып қоюжәне картоптың үстіне ертіндібүрку.

Егілетін түйнектерді көктету. Көктету үшін ауруы жоқ, жақсы сақталған түйіндер алынады. Түйіндердікөктету картопты егуге әзірлеудің негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдіс картоптың өсуін жеделдетеді және шығымдылығын арттырады. Көктету кезінде картоп көздерінен қысқа және жуан өркендер өсіп шығады, ол картопқа түсісімен тез өсіп, картоптың тамыр жүйесі мейлінше торамдана түседі.

Картоты егу мерзімі . Егу мерзімі картоптың шығымдылығына елеулі әсер етеді. Картоп өте ерте немесе өте кеш егілсе, оның шығындығының төмендеп кетуі ықтимал.

Қазақстанның қай аймағында болмасынкартоп ерте егілсе, мейлі ол көктетілсін немесе көктетілмесін, өнім молырақ алынады. Ерте егу товарлы түйнектердікөбейтіп қана қоймайды, соған қоса түйнектегі крахмал мөлшерін арттырады, ал кешігіп егу ерте және кеш пісетін картоп сорттарының шығымдылығын төмендетіп жібереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақша дақылдары
Көк азық түрі
Тамыр – түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Көк азық
Тамыр-түйнек құрылысымен танысу
Жемістер мен көкөністер. Физико-химиялық технологияның негіздері .Жылуфизикалық технологияның негіздері
Сиыр туралы жалпы түсініктеме
Азықтардың түрлері
Тамыр-түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы ақпарат
Сауын сиырларының гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz