Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану


КІРІСПЕ
Зерттеулердің өзектілігі. Адамның психикалық іс-әрекеті сыртқы орта мен ағзаның ішкі жағдайымен байланысты болады. Сезім мүшелері арқылы адам әртүрлі сыртқы және ішкі құбылыстар жайлы ақпараттарды түйсік түрінде алады. Түйсік таным процестерінің ең қарапайым түрі және түйсік жүйке жүйесі бар барлық тірі ағзаларда кездеседі. Әртүрлі арнайы тітіркендіргіш әсерінен пайда болатын сезім мүшелері арқылы пайда болатын түйсікті, сенсорлық тану деп атайды(сенсорика) . [2]
Түйсік - эволюция кезінде тітіркендіргіштіктің негізінде пайда болған. Тітіркендіргіштік - сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық.
Түйсіктің қызметі - орталық жүйке жүйесіне ағзаның ішкі жағдайы және сыртқы ортасы туралы маңызды мәліметтерді уақытында жеткізу. Түйсікті - И. П. Павловтың сигнал беру теориясы бойынша, 1-ші сигналдық жүйесіне жатқызуға болады. [4]
Түйсіктер қоршаған ортаның адам үшін маңызды қасиеттерін бейнелейді. Адамның сезім мүшелері туғаннан бастап сыртқы ортаның әртүрлі қуаттарын қабылдауға бейімделген (физикалық, механикалық, химиялық . . . ) .
Түйсік- заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің мидағы бейнесі, материалды тітіркендіргіштердің адам сезім мүшелеріне әсер етуі арқылы туындайды.
Сезім мүшелері- бұл сыртқы орта ақпараттарын бас ми қыртысына жеткізуші механизмі.
Түйсік көмегімен адам санасы заттар мен құбылыстардың негізгі сыртқы белгілерін (түсін, пішінін, көлемін, заттың сыртқы ерекшелігін, дыбысын, дәмін т. б) бейнелейді.
Сезім мүшелері көмегімен адам ағзасы түйсік түрінде ішкі және сыртқы орта жағдайы туралы әртүрлі ақпарат алады. Түйсік - сыртқы орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін, сонымен қатар материалдық тітіркендіргіштердің, сәйкес рецепторға тікелей әрекеті кезіндегі ағзаның ішкі жағдайын бейнелеуден тұратын қарапайым психикалық процесс. Сыртқы орта біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, түйсікті пайда болдырады. Сезім мүшелеріміз - сыртқы дүниенің адам санасына енетін жалғыз жолы. Сезім мүшелері адамға қоршаған ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Адамға үнемі қоршаған орта туралы мәлімет алып отыруы керек. Түйсік туралы материалистік оқытуда - заттар және олардың қасиеттері бастапқы, ал түйсік - материяның сезім мүшелеріне әсер етуінің нәтижесі деп пайымдайды. Соған байланысты түйсік бізге дүниені тура қалпында бейнелейді. Түйсіктің шынайы өлшемі тәжірибе, субъектінің әрекеті болып табылады.
И. Мюллер мен Гельмгольцтің тұжырымдамасы бойынша түйсік - шартты белгі, яғни сыртқы әсердің белгілері ғана. Нақтырақ айтқанда тітіркендіргіштер үнемі әр түрлі сезім мүшелеріне әсер етіп, түрлі түйсік бастау алады. [6]
Зерттеу объектісі: Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тануының ерекшеліктері.
Тақырып: Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану.
Зерттеу мақсаты: Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмыстың адам өміріндегі маңыздылығын психологиялық тұрғыдан негіздеп, анықтау.
Зерттеу болжамы: егер түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысқа деген әсері болса, онда түйсік - танымдық процесінің тиімділігі артады, өйткені бұл кезде түйсік процесінің атқаратын қызметі көбейе түседі.
Зерттеу міндеттері:
- Түйсіктің адам тіршілік іс-әрекетіндегі рөлін қарастыра отырып, адамға деген әсерін анықтау;
- Түйсіктің физиологиялық негіздерін қарастыра отырып, адамның таным процестеріндегі психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- Түйсіктің баланың қалыптасуы мен дамуына тигізер әсерін талдау;
- Түйсіктің еңбек барысында дамуын анықтау.
1. Түйсік туралы жалпы түсінік
Түйсіну - деп акиқат дүниедегі заттар мен күбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің сәулеленуін айтады. Түйсіну болмаса, біз басқа жолмен затгың қозғалыстың құбылыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік - материалық дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды, ол біздің айналамызда ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын карапайым процесс. Түйсік адамды коршаған шындыкты бейнелеуден пайда болады. Түйсік карапайым психикалык процесс деп аталғанымен, ол - адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидын, бейнелеу қызметі. Түйсік зандылықтарын мынадай екі түрге бөлуге болады: 1) түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизиологикалық заңдылықтар. 2) Түйсіктер мен сезім мүшелерінін қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылықтар. Түйсіну табалдырығьштың шегі - абсолюттік табалдырық , түйсіктің абсолюттік табалдырығы деп өте нәзік сезілетін түйсік іуған кездегі тітіркепдіргіштің азгана шамасын айтады. Айыру табалдырығы дегеніміз - туйсіктердің болар - болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минимальдық айырмасы. [4]
Түйсік - бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеуде көрінетін қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тітікендіргіштердің сәйкес рецепторларға тікелей әсері нәтижесінде жүзеге асады. Рецептор - бұл дененің үстінде немесе оның ішінде орналасатын және табиғаты жағынан әр түрлі тітіркендіргіштерді физикалық, химиялық, механикалық және т. б. қабылдауға және оларды жүйелік электр импульстеріне түрлендіруге арналған арнайы органикалық құрылғы.
Эволюция барысында әрбір рецептор белгілі бір тітіркендіргішке арнайы бейімделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар , сипап сезуді
сезінуге, ауторецепторлар , дәм сезу тітіркендіргіштерін түйсінуге, стиборецепторлар - иіс сезуге, фонорецепторлар , дыбыстық тітіркендіргіштерді және фоторецепторлар жарықтық немесе сәулелік рецепторларды түйсінуге бейімделген.
Алайда кейбір парадоксалды жағдайларда адекватты емес тітіркендіргіштер белгілі бір рецепторға әсер ете отырып, оған тән түйсіктерді тудыруы мүмкін. Осылайша, мысалы, электр тоғы немесе күшті қысым көздің жарығын тудыруы мүмкін (мысалы, соққы кезінде көзден ұшқын шығады) . Бұл өте сирек жағдайларда болады. Ал, жалпы алғанда, түйсіктер арнайы сезім мүшелері (анализаторлар) арқылы тек өзіне ғана тән тітікендіргіштерді түйсінуге арналған, яғни көбінесе объективті болып келеді. Бұл жерде тағы бір ескеретін нәрсе, түйсіктер сезім мүшелерінің, рецепторларының арнайы қызметіне немесе спецификалық энергиясына (И. Мюллер тұжырымдағандай)
Байланысты емес, ал, негізінен, сыртқы тітікендіргіштердің қасиеттеріне тәуелді болады.
Түйсіктер біздің дүниежүзіндегі білімдеріміздің ғана емес, сондай-ақ біздің сезімдеріміз бен эмоцияларымыздың да қайнар көзі болып табылады. Эмоциялық күйзелістің ең қарапайым түрі - бұл түйсіктің сезімдік немесе эмоциялық тоны, яғни түйсіктермен байланысты болған сезім. Мысалы, кейбір түстер, дыбыстар мен иістердің олардың, мініне, олармен байланысты болатын естеліктер мен ойларға тәуелсіз, бізде жағымды және жағымсыз сезмді тудыратыны бәрімізге жақсы белгілі. Әдемі дауыстың дыбысы, шабдалының дәмі, раушан гүлінің иісі - жақсы, жағымды эмоциялық тонды тудырады. Пышақтың шыныға үйкелгендегі сиқыры жағымсыз эмоциялық тонға ие болады. Сонымен, түйсіктер эмоциялардың пайда болуында да үлкен рөл атқарады. [7]
Біз енді танымдық психикалық процестерді қарастыруды бастап, ең алдымен, олардың ішіндегі ең қарапайымы - түйсіктерге тоқталамыз. Түйсік процесі сезім мүшелеріне тітіркендіргіштердеп аталатын әр түрлі материалдық факторлардың әсер етуі салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету процесі тітіркену деп аталады. Тітіркенудің өзі басқа орталыққа бағытталған немесе афференттік жүйелер арқылы бас ми қыртысына өтіп, түйсікті тудратын қозу процесін тудырады. Осылайша, түйсік объективтік ақиқатты сезімдік бейнелендіру болып табылады. Олар сананың сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етіп, объективті дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін бейнелейді.
1. 1Түйсіктің физиологиялық негіздері мен қасиеттері
Түйсік жүйке жүйесі бар тірі организмдердің барлығында болады. Бірақ саналатын түйсіктер, яғни белгілі бір күйлердің шығу себебі мен қасиеттері жөнінде өз-өзіне есеп бере алушылық тек адамға ғана тән.
Тірі организмдердің эволюциясында түйсіктер тітіркену, яғни тірі материяның, ортаның биологиялық мәнді әсерлеріне өзінің ішкі күйі мен сыртқы мінез-құлқын өзгертуінде көрінетін қасиеті негізінде пайда болған. Түйсіктер алғашқы кезеңдерден бастап, организмнің іс-әрекетімен, өзінің биологиялық қажеттілігін өтеумен байланысты туындаған. Түйсіктердің өмір үшін маңызды рөлі - орталық жүйке жүйесіне ішкі және сыртқы ортаның күйі жөнінде мағлұмат беру. Түйсік тітіркенумен салыстырғанда, сыртқы әсердің белгілі бір қасиеттері жөнінде ақпарат береді. Адамның түйсіктері қоршаған ортаның оған қажетті алуан түрлі қасиеттерін бейнелейді. Мұның өзі түрлі модалдық бойынша ақпарат беретін әр түрлі сезім мүшелері арқылы жүзеге асады.
Сонымен қатар адамның түйсіктері тек биологиялық факторларды ғана бейнелеу емес. Олар, сонымен қатар, абиотикалық яғни әлеуметтік маңызы бар факторларға да жауап беру қабілеті болып табылады. Бұл қабілет сезгіштік деп аталады.
Түйсіктердің физиологиялық негіздері болып табылатын - ол тітікендіргіштің оған сәйкес анализаторға әсері нәтижесінде пайда болатын жүйке процесі. И. П. Павлов бойынша, анализатор - бұл тітіркендіргіштерді қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын аференттік және эфференттік жүйке жолдарының жиынтығы. Анализатор - тітіркендіргіштердің әсерімен рефлекторлық түрде өзгеріп отыратын белсенді мүше, сондықтан түйсік пассивті емес, ал әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсенді психикалық процесс болып табылады.
Анализатор үш бөлімнен тұрады:
- Перифериялық бөлім - сыртқы энергияны жүйке процесіне айналдыратын арнайы трансформатор;
- талшықтары немесе өткізгіш жолдар;
- Анализатордың мидағы қабықасты және қабықты бөлімдері; бұларда перифериялық бөлімдерден келетін жүйке импульстерінің өңдеуі іске асады. [2]
Анализатордың ішкі бөлімдерінің белгілі бір клеткаларына ми қыртысы клеткаларының белгілі бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осылайша, мысалы, көз торының әр түрлі нүктелеріне ми қыртысында кеңістік бойынша әр түрлі орналасқан нүктелер сәйкес келеді.
Жасанды тітіркендіру әдістері арқылы жасалған көптеген байқаулар көрсеткендей, қазіргі кезде әр түрлі сезгіштіктің мидағы локализациясын анықтауға болады. Мысалы:
- Көру сезгіштігі мидың желке бөлімдерінде орналасқан.
- Есту сезгіштігі жоғары самай иірімдерінің орта бөлімінде локализацияланады.
- Сипап сезі-қозғалыстық сезгіштік артқы орталық иірімдерде орналасқан.
Түйсіктің пайда болуы үшін анализатордың тұтас, бірыңғай жұмысы қажет. Рецептор сырттан келетін энергияны жүйке процесіне ауыстырғанда тітіркену басталады. Бұл процесс рецептордан орталыққа бағытталған жүйкелік жол арқылы анализатордың жұлындағы орталығына немесе бас миының ядролық бөліміне жетеді. Қозу анализатордың қыртыс клеткаларына жеткенде адам тітіркендіргіштің қасиетін түсініп ажыратылады, содан кейін организмнің оған жауап беруі жүзеге асады. [4]
Организмнің осындай үйлесімді жұмысы рефлекторлық доға механизмі арқылы кызмет етеді. Рефлекторық доға рецептордан, өткізгіш жолдардан және эффектордан тұрады. Рефлекторлық доғада жүретін процестердің динамикасы болып сыртқы әсерлердің қасиетіне өзіндік сәйкестелу болып табылады. Мысалы, сипап сезу дәл сондай процесс. Себебі қолдардың қимыл-қозғалысы берілген объектінің құрылымына сәйкес келі, оның қалпын қайталайды. Сонымен қатар көру, есту, сөйлеу мүшелері де өздері қабылдайтын объектінің қасиеттеріне сәйкестеніп, қозғалыстар жасайды.
Түйсіктің пайда болуында эффекторлық процестердің қатысын көрсеткен көптеген зерттеулер түйсіктің психикалық құбылыс ретінде организмнің жауап қайтуынсыз және оның сәйкестігінсіз болуы мүмкін еместігі жөнінде қорытындыларға келді. Сезім мүшелері қозғалыс мүшелерімен тығыз байланысты болады, және қозғалыс мүшелері организмнің тек бейімделу және атқарушы қызметін атқарып ғана қоймай, сондай-ақ ақпарат алуда маңызды рөл атқарады. [5]
Түйсік пайда болу үшін барлық анализаторлар бүтіндей жұмыс істеуі керек.
Қабылдаушы мүшеге әсер ете отырып, әр түрлі тітіркендіргіш (түсі, дыбысы, қозғалысы, т. б) рецепторда қозуды тудырады. Бұл қозу рецепторлардан ортаға тебуші жүйкелер арқылы адамның ми қыртысы орталығына жеткізіледі. Бұл жерде әр анализатордың орталығы бар. Әр анализатордан түскен сигналдарды талдайды және жинақтайды.
Бас ми қыртысында әр анализатордың белгілі бір аймағы бар. Көру анализаторының аймағы ми қыртысының желке бөлігінде, есту анализаторы жоғары самай сайының ортаңғы бөлігінде, қозғалыс сезімі- ортаңғы сайда орналасқан. Рецептор мен ми арасында тура және кері байланыс бар. Кері байланыс принципін И. М. Сеченов ашқан, ол сезім мүшелері кезектесіп бірде рецептор, бірде эффектор болатынын мойындатады. Түйсік орталық талпыныс процесінің нәтижесі емес, оның негізінде толық және күрделі рефлексиялық қызметтің жалпы заңдылығына бағынады.
Адамның қоршаған ортаға бағдары “рефлекторлық шеңбер” физиологиялық механизмі бойынша адам мен оны қоршаған орта арасындағы байланысты орнатады. [7]
Түйсік қасиеттері. Түйсіктің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиетке ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы жіне түйсіктің кеңсітік мекендігі.
Түйсік сапасы - нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді.
Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын белдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады.
Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қоймайды, ол үшін біршама жасырын уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің жасырын уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті.
Түйсіктің тітіркендіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтынындай, оның сөнуі де әсер аяғына тура келеді.
Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден соң да біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырып тұрған шам кенеттен сөне қалса, көз алдыңызда шам орнындағы жарқылдың біраз уақыт елестеуі осы құбылыстан.
Түйсіктер үшін тітіркендіргіштердің кеңістік мекендігі де тән қасиет. Әрқандай тітіркендіргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу түйсіктері тітікендіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді. [8]
Түйсік табалдырықтары. А. Сезгіштік және табалдырық . Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды.
Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі.
Абсолюттік сезгіштік дегеніміз - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық - түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштін болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумакқа түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, оңда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз улътра күлгін сөулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік
туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек, Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-ге тең. Бүл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық Күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың
даусы аздап болса да көтеріледі.
Ә. Адаптация. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріи отырады. Бұл кұбылысты
адаптация дейді.
Адаптация күбылысы адам сезгішіігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адап-тацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бүл қарашыктан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері етс күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн
көзге шағылысып, көз еріксіз жұмылады.
Адаптация құбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.
Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралык. түйсіктердің де адаптациясы мол.
Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмейтіы болса, горчица мен нашатыр спиртінің
иісіне адаптациялану тезірек болады.
Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жүмысының бұзылғандығын, осы сигнал-дың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация құбылысы үнемі өзгеріп отыратыы сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализаторлардың калай да бейімделе алатындығын байқатады.
Б. Түйсіктердің өзара байланысы.
Сенсибилизация. Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайла-рға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизаңия сезгіштіктің тек артуын ғана
керсетстін құбылыс болып табылады.
Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлеіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп түрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дүрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі үшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20-30 минут бойына қызыл
көзілдірік киетіндері осыдан. С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада дем алуы, жеңіл дене қимылын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген. [2]
Сыртқы дүниенің затгары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне тускен әсер, қалған сезім мупіелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің күбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (кышкыл нәрсе) көру сезгіштігін артгырады, түз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тэтті болып көрінеді? Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозгалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) құбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сұр тік бүрыш айналасын қара түске бояған сүр тік бүрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы сұр тік бүрыштың айнадасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жүйке процестерінің өзара индукция
зандылығьшен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz