Есік қаласының экономикасы мен әлеуметтік аясының кешенді даму жағдайы және болашағы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
«Басқару» факультеті
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Есік қаласының экономикасы мен әлеуметтік аясының кешенді даму жағдайы және болашағы»
4 курс студенті күндізгі оқу бөлім
Мамандық: «Мемлекеттік және
жергілікті басқару»
Мұсабекова Бекзат
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Есенжигитова Р. Ғ.
Жұмыс қорғауға жіберілді
«Экономиканы мемлекеттік реттеу»
кафедрасының меңгерушісі,
э. ғ. д., профессор Ж. Ихданов
АЛМАТЫ, 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЯЛАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1. 1 Экономикалық дамудың мәні
1. 2 Әлеуметтік аялардың дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі
1. 3 Экономика мен әлеуметтік аяларды кешенді дамыту факторлары
2. ЕСІК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қала экономикасының даму жағдайын талдау
2. 2 Есік қаласының әлеуметтік аясының даму барысына сипаттама
3. ЭКОНОМИКА МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АЯЛАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
3. 1 Экономикалық тұрақтылық - әлеуметтік дамудың кепілі
3. 2 Аймақтық деңгейде тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсарту шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар өтпелі кезеңде қоғамның әлеуметтік шиеленісушілік қысымы күшейіп және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуінен Қазақстан Республикасында әлеуметтік процестерді басқару зор мәнге ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтік саласында түпкілікті өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі экономикалық-әлеуметтік реформаны онан әрі терендету және тездету жолындағы Президент Нұрсылтан Назарбаевтың бағытын дәйектілікпен өмірге ендіруде. Экономиканың нақты секторларын сауықтыра отырып, қаржы саласын реформалау, еліміздің экономикасына инвестицияларды тарту арқылы әлеуметтік саясатты белсенді жүргізу Үкіметтің 1998-2000 жылдардағы жұмыстарының басты мақсаты болып табылады. Бұл белгіленген бағдарламаны іске асырудың өзі стратегиялық жоспарлау мен бюджеттік бағдарламалаудың ғылыми әдістерін пайдалану негізінде еліміздің жоспарлау менэкономикалық-әлеуметтік басқару жүйелерін нақты тәртіпке келтіруді қажет етеді.
Соңғы жылдары әлеуметтік процестерге көп көңіл бөлінуі қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымыздың дамуының мазмұны мен оны басқару формасының күрделенуімен түсіндіруге болады. Сондықтан осы процестердің өту ерекшеліктерін, олардың қоғам өмірінің әр түрлі сферасында, түрлі масштабта, оны басқарудың әр түрлі деңгейінде байланысын терең түсіну қажет.
Қазақстан республикасындағы жаңа экономикалық, саяси және әлеуметтік қатынастардың құрылуы жаңа, сапалы қоғамдық процестерді басқару жүйесінің дамуымен сипатталады. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында қалыптасқан әлеуметтік басқару жүйесінің негізгі қайшылықтарының бірі - әлеуметтік-экономикалық сферадағы жергілікті басқару органдарының және олардың осы басқаруды тиімді жүргізудің нақты мүмкіндіктері арасындағы өсіп аеле жатқан міндеттерінің бұзылуында. Сондықтан қоғамдық процестерді басқаруды жетілдірудің маңызды бағыты ретінде мемлекеттік және аймақтық басқарудың, экономиканы басқарудың салалық және территориялды принциптерінің органикалық байланысының қамтамасыз етілуін және белгілі бір аймақтар мен аудандар масштабындағы салааралық және сала ішіндегі әлеуметтік-экономикалық байланыстардың рационализациялануын мойындауымыз қажет.
Республикамыздың аймақтық әлеуметтік саясаты бір жақты мағынада халықтың өмірі ментұрмыс деңгейінің дамуының аудан-аралық өзгешеліктерін реттеумен байланысты. Осы өзгешеліктерді реттеуді территориялық жағынан түсіндіру қиын, бірақ, айта кету керек, қатысты стандарттармен кепілді ету республика масштабында да, жеке аймақ ішінде де өндіріс тиімділігін арттыру мәселелерімен байланыспаған. Жекелеген облыстардың әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы объективті өзгешеліктер оларды нарықты экономикаға өтпелі кезеңде тұрақты дамуын бірдей емес жағдайға қояды. Бір аймақтың екінші бір аймақтан артықшылығын олардың құрылу жағдайындағы басымды дамитын кейбір территория мен салаларға республикалық бюджеттен қаржылардың бөлінуімен түсіндіруге болады. Аймақтардың теңсіздік жағдайы нарықтың қайта құру мен механизмінің жүргізілуіне де байланысты.
Нарық экономикасына өтпелі кезең жағдайында халықтың тұрмыс деңгейі өзгеруі проблемасы зор мәнге ие болып отыр. Осы проблеманы шешу Қазақстан Республика реформалардың дұрыс бағыт алуына және қоғамда саяси тыныштық сақталуына себепші. Облыстағы халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруын тек экономикалық өсу мен стабилизацияның ұзақ мерзімді мақсаттарын көздететін саясат арқылы ғана жетуге болады.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЯЛАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1. 1 Экономикалық дамудың мәні
Кез-келген қоғамның экономикалық даму сипатын анықтау үшін “экономикалық жүйе” түсінігі қолданылады.
Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған) өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе өміршеңдігінің басты себебі- ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.
Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлтттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші тұрпатқа өзгереді.
Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық политэкономияның негізін салушы- А. Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы» (1776ж. жарық көрген) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады. Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д. Рикардо (1817ж. ), Ф. Лист (1841ж. ), Дж. С. Милль (1848ж. ), К. Маркс (1867ж. ), К. Менгер (1871ж. ), А. Маршалл (1890ж. ), Дж. М. Кейнс (1936ж. ), П. Самуэлсон (1951ж. ) еңбектерінде орын алды.
Экономикалық жүйенің даму бағыты туралы қарама-қарсы көзқарастардың тұжырымы бойынша:
1. Жүйе оның барлық элементтерінің біртұтастылығы мен біркелкілігі арқылы дамиды. Әртүрлі экономикалық жүйелер өзара экономикалық тепе-теңдік күйде өмір сүреді, бірақ ұзақ мерзімде бір жүйе екіншісін ығыстыру арқылы өзгеріске ұшырайды. Бұл қоғамдағы реформалық өзгерістерді сипаттайтын теориялық көзқарас.
2. Әртүрлі экономикалық жүйелердің бір кезеңде өмір сүруі бір-бірін толықтырады және экономикалық өсу мен экономикалық жүйенің сапасын арттырады. Қазіргі конвергенция теориясы бойынша әртүрлі экономикалық жүйелер өздерінің дамуы мен жетілуі нәтижесінде бірігуі арқылы жаңа экономикалық жүйені туындатады.
Табиғи:
табиғи ресурстар, адамдардың мүмкіншіліктері
Қоғамдық:
өндіріс құралдары, еңбек бөлінісі.
Жалпы:
ғылым, білім, мәдениет, т. б.
Ресурстар:
табиғи, еңбек, қаржылық, ақпараттық.
Қоғамдық еңбек бөлінісі :
өнімді шығарумен байланысты өндірістің мамандануы.
Еңбек процесі мен элементтері:
еңбек, еңбек заты, еңбек құралы.
Өндірістік мүмкіншіліктер:
шектеулі ресурстарды таңдау.
Нәтижелер:
өнім, қызмет.
Тиімділік:
нәтиже мен шығындардың ара қатынасы.
Мұндай кереғар көзқарастар экономикалық жүйенің қайшылықта дамитынын, үнемі өзгерісте болатынын сипаттайды. Көптеген дамыған елдерде меншікті ұлттандыру- мемлекет иелігінен алумен, жаппай жоспарлау- одан бас тартумен, орталықтандыру- орталықсыздандырумен ауыстырылды.
Экономикалық жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы.
Қоғамның даму процесінде қарама-қайшы мүдделердің орын алуы маңызды рөл атқарады. Экономикадағы басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну; материалдық және рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері; жинақтау мен тұтыну; және т. б. Қоғамның экономикалық дамуын тежеуші басты қайшылық- рыноктық және мемлекеттік өндірістің сипаты және өндіріс нәтижелерін иемдену.
Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы сипаты
Экономикалық жүйенің сипатты белгілері:
1) экономикалық жүйені құраушы бөлшектердің біртұтастылығы.
2) экономикалық жүйедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық-заттай өзара тәуелділігі.
3) экономикалық жүйе құрылымының күрделілігі.
Экономикалық жүйенің әрбір элементі өзінше ішкі жүйені қалыптастырады. Мысалы, қазіргі өндіріс екі ішкі жүйеден: материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларынан құралған.
Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіншіліктері пайдаланылатын ресурстардың сиректігіне байланысты шектеледі. Сондықтан қоғамның алдында таңдау мәселесі туындайды. Яғни, сирек кездесетін қымбат ресурстардың орнына жеткілікті әрі арзан ресурстарды пайдаланып, аз шығынмен көп пайда алатын тиімді жүйені таңдау.
Экономикалық жүйеде қызмет ететін шаруашылық субъектісі өз таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарға ие болуы тиіс және не өндіру? қалай өндіру? кім үшін өндіру? керек деген экономиканың үш негізгі міндеттерін шешуге ұмтылады. Шаруашылық өмірдің бұл міндеттерін шешу тәсілін кез-келген қоғамға тән ақпараттық жүйе анықтайды. Шаруашылық іс-әрекетте әрбір субъектінің өз жоспары, талғамы, артықшылық беруі және өндіріс әдістері туралы көзқарастары болатындықтан, таңдауды үйлестіруді кім және қалай жүзеге асырады деген сұрақ туындайды.
Экономикалық теорияда үйлестірудің екі түрлі тәсілі қарастырылады: ішкі немесе табиғи тәртіп және сатылы тәртіп (иерархия) .
1. Табиғи тәртіп бойынша қажетті ақпараттар баға арқылы алынады. Ресурстар мен өндірілген игіліктердің бағалары шаруашылық субъектілеріне қай бағытта әрекет ету қажеттігін көрсетеді. Яғни, не, қалай, кім үшін өндіру керектігін анықтайды.
Рыноктық қатынастардың шекарасы ұлғайған сайын, көптеген шаруашылық субъектілерінің ресурстар, шығындар, пайда көлемі туралы толық ақпарат алуы қиындайды, өйткені ресурстар, талғамдар және тұтынушылардың артықшылықтары туралы ақпараттар шашыраңқы болады. Мұндай жағдайда баға мен балама шығындардың өзгерісі адамдардың экономикалық таңдауын үйлестіреді.
2. Ақпарат алудың екінші тәсілі- орталықтан орындаушыға (өндірушіге) бұйрық, тапсырма түрінде жоғарыдан төмен қарай берілетін сатылы тәртіп (иерархиялық) жүйесі. Бұл жүйеде шаруашылық субъектілерінің ақпараттар алуы, қызмет ету бағыттарын анықтауы дербес, еркін таңдау арқылы емес, биліктегі өкілетті органдардың шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Сатылы тәртіп жүйесіне мысал ретінде, бұрынғы Кеңес елдеріндегі мемлекеттік жоспардың (қандай бағада, не, қалай өндіру, ресурстарды қайда бөлу) бұйрықпен орындалғанын айтуға болады.
Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты:
- дәстүрлі экономикалық жүйе.
- орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық) .
- рыноктық экономикалық жүйе.
- аралас экономикалық жүйе.
2. Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе:
- дәстүрлі- қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т. б. ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалып отырады.
- либералды- қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам) .
- аралас- бірінші және екінші типтердің элементтерінен құралады.
3. Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:
- жабық экономикалық жүйе- шаруашылық іс-әрекеттер белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырылады (натуралды шаруашылық) .
- ашық экономикалық жүйе- басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады (рыноктық шаруашылық) .
Бізге белгілі, “әлеуметтік” ұғымы кең ұғымда “қоғамдық” деген мағынада қарастырылады. Сайып келгенде, әлеуметтік қатынастар - бұл қоғамдық қатынас. Осындай кең мағынада қатынастарға экономикалық, саяси, жанұя және әлеуметтік қатынастардың өзін де жатқызады, соңғысына, әдетте, адамның тұрмыс деңгейін, білім беру, жалпы мәдени деңгейлер және тағы басқа қатынасын жатқызады /11/.
Экономикалық даму ол нақты бір әлеуметтік нәтижелерге жетудің негізі болып табылады. Экономикалық процестер әлеуметтік процестермен тығыз байланысты. Бұл жөнінде, Д. И. Правдиннің айтуынша: “Әлеуметтік процесс - кең ұғымда - бұл адам өмірі мен олардың қатынасын көрсететін қоғамдық процесс. Осы мағынада экономикалық қатынастарды, қоғамдағы адамдардың барлық басқа қатынастарының негізін қалайтын әлеуметтік қатынастар деп те айтуға болады. Әлеуметтік қатынастар қысқаша айтқанда, адамның жеке тұлғалық факторы, оның қоғамдағы орны, әлеуметтік тегі, адам санасының қалыптасуымен тығыз байланысты” /12/.
Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын сипаттайтын, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады.
Экономикалық өсу дегеніміз - бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму- бұл көп өлшемді процесс, оның құрамына техникалық экономикалық, әлеуметтік, саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістер кіреді. Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:
1. Экономика дамуының бастапқы деңгейi (мысалы, жан басына шаққандағы табыспен өлшенетін) ;
2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі;
3. Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс;
4. Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары, яғни әлемдік экономика конъюнктурасы.
Экономикалық даму оң және теріс экономикалық динамикада болуы мүмкін. Ал, экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасы болып табылады.
Оны график түрінде де көрсетуге болады (1-сурет) .
ЖҰӨ
экономикалық
өсу
бум
жандану
құлдыр. тоқырау
t (жылдар)
40-60 жыл
1-сурет. Экономикалық даму және экономикалық өсу.
Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экономикалық өсуге жету мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу- бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т. б. ) даму бағыты. Сонымен қатар, экономикалық өсу - бұл номиналды және нақты ЖҰӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан экономикалық өсу мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі болып табылады.
Нақты экономикалық өсу - экономикадағы негізгі қайшылықты (ресурстардың шектеулілігі мен қоғамдық қажеттіліктердің шексіздігі арасындағы) жаңа деңгейде шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:
1. Өндірістік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстарды, өндіріс процесінде жаңа мүмкіншіліктерді қолдану) .
2. Қолда бар өндірістік мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану және қоғамдық қажеттіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашоқорлыққа қарсы күрес, адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту) .
Тағы бір көңіл бөлетін ұғым - қазіргі экономикалық өсу. Қазіргі экономикалық өсу - нақты ұлттық табыстың өсу қарқынының халық санының өсу қарқынан тұрақты түрде жоғары болуы. Қазіргі экономикалық өсуге тән белгілер:
- Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі.
- Халықтың білім деңгейі жоғарылайды.
- Аграрлық сектордың үлесі азаяды.
- Урбанизация процесі жеделдейді.
- ЖІӨ-гі экспорттың үлесі артады.
- ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.
- Экономика мен әлеуметтік-саяси даму арасында тығыз байланыс туындайды (демократиялану процесі) .
Айта кету керек, экономикалық өсудің қарқыны мен экономикалық өсу сапасының жоғарылауы арасында белгілі бір алшақтық болады. Өсудің жоғары қарқыны өсу сапасының төмендеуі арқылы да болуы мүмкін. Мысалы, еңбек шығындарының артуына, сол арқылы экономикалық өсу қарқынын өсіретін жұмыс күнінің ұзаруы немесе еңбек интенсивтілігінің өсуі өз кезегінде экономикалық өсу сапасына кері әсер етеді, яғни бос уақытты азайтады. Керісінше, төмен және теріс экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім шығару негізінде тұтынуды қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан да көп экономистердің ойы бойынша өсу аса жоғары қарқынды (9-10%) болса да, төмен болса да (2-3%) экономикалық өсудің тұрақты қарқыны болу керек.
Экономикалық өсу өндіріс көлемі мен сұраныс өсетін экономиканың жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Сонымен қатар, ол экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады және экономиканың циклдық ауытқуын жоя алмағанның өзінде, оны төмендетуге бағытталады. Сондай-ақ, дамудың объективті мүмкіндіктері жағдайында үздіксіз және барынша жоғары экономикалық өрлеуді қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өрлеу әдетте жалпы ұлттық өнімнің өсуімен (пайызбен есептеледі) есептеледі. Бұл өлшем өнімнің мазмұнына және статистикалық ақпараттың сапасына байланысты болады.
ЖҰӨ өсу = ЖУӨ 1 / ЖУӨ 0 х 100%
ЖҰӨ 1 - есептік жылдағы жалпы ұлттық өнім
ЖҰӨ 0 - базистік жылдағы жалпы ұлттық өнім
Өсу кез-келген экономиканың, оның табиғатына қарамастан, түпкі мақсаты болып табылады. Бұл мақсаттың басымдылығы екі жағдайға жауап береді:
- Жеке және ұжымдық кажеттіліктердің өсуін қамтамасыз ету (өмір сүру деңгейін көтеру) ;
- Халықаралық бәсекеге қатысу үшін барынша жағымды жағдайлар жасау.
Өсу сатылары:
- Дайындық сатысы кезінде бірқатар құрылымдық өзгерістер баяу және кезеңді жүргізіледі;
- Салыстырмалы қысқа (30-40жыл) «өрлеу» сатысы, арта түскен инвестицияның әсерінен экономика дамудың шегінен өтеді;
- Дамудың тұрақты өспелі сатысы, азды-көпті күшті ауытқуларға қарамастан экономика белсенділіктің тұрақты өспелі деңгейін сақтайды, бірақ бұл жерде өсу қарқыны алдыңғы кезеңге қарағанда төмен болады.
Дамыған экономикалық елдердің қазіргі басты мәселелерінің бірі- экономикалық өсудің өмір сүру деңгейіне теріс әсер етуші келеңсіз құбылыстардың дамуымен жалғасатындығында болып отыр. Бір жағынан, инфляция мәселесі экономикалық саясатты үздіксіз етуге және жедел экономикалық өсуге қол жеткізуге итермелейді. Осылайша үкіметтің барлық талпынысының негізі тұрақты экономикалық өсу болып табылады.
Әлеуметтік басқару - бұл қоғамды тәртіпке келтіру, жетілдіру мен дамыту, сапалық ерекшеліктерін сақтау, қоғамдық еңбек сипатынан туындайтын адам өмірі мен еңбек процесінде адамдардың қатынасының қажеттілігі, материалдық және рухани қызметтің өнімімен алмасу мақсатымен қоғамға әсер ету болып табылады.
Әлеуметтік басқарудың субъектілеріне мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар мен қызмет орындарын жатқызады.
Модельный набор социальных индикаторов уровня жизни населения /2/, разработанный и утвержденный Советом руководителей статистических служб государств-участников СНГ, Статкомитетом СНГ, опирался на рекомендации Статистической Комиссии ООН. Данный набор показателей целесообразно внедрить в статистическую практику национальных статистических служб и Статкомитета СНГ в целях анализа социального положения населения стран Содружества, а также для межстрановых сравнений (таблица) :
Кесте 1- Халықтың өмір сүру деңгейінің әлеуметтік индикаторларының үлгілік жинағы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz