Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Шетел валюталарымен жүргізілетін операциялар есебі

1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу

2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі

3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі

4. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары

5. Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі

1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу

Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, елмімздің ішінде бейрезидент тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем құралы ретінде сол елдің ұлттық валютсы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚЕХС сәйкес валюталық операция - бұл шетел валютасында диноминацияланатын немесе ондағы есепті талап ететін операция.

Валюталық нарықтар-шетел валюталарын, сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасқан бағам бойынша ұлттық валютаға сатып алып сататын немесе айырбас жүргізілетін ресми орталықтар.

Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық ХІХ ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

  • байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;
  • операциялар барлық елдер түкпірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалыналыд;
  • валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында валюталық операциялардың кең көлемде дамуы;
  • алып-сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты валюталық оепарциялардан біршама асып түседі: олардың қатысушыларның саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлтаралық корпорациялардан (ҰАК) басқа заңды және жеке тұлғалар да жатады.

Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды:

  • халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы;
  • валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
  • әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтардың өзара байланысы;
  • банк, кәсіпорын, мемлекеттік валюталық резервтерінің әртараптандырылуы (диверсификация) ;
  • валюталық бағады реттеу;
  • қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы;
  • экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.

Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық - бұл банктердің, брокерлік фирмалардың, корпорациялардың, әсіресе ұлт аралық корпорациялардың (ҰАТ) жиынтығы. Банктер банк аралық нарықта өзара және тауарлы-өнеркәсіп клиентурасымен 85-95 % валюталық мәмілелер жасайды.

Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғалары жатады.

Валюталық реттеулердің объектілері валюталық құндылықтарымен жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжаттары, қарыздық мінджеттеме, қымбат металдар) жатады.

Валюталық құдылықтарымен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамын елден валюта аудару және керісінше валюта қаблдау, саудалы сипатға жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және т. б. капитал қозғалысы мен байланысты операциялар жатады.

Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензияларды Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерді сәйкес жүргізуге құқы бар:

  • шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға;
  • банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие және қарыздарды тарту және ұсыну;
  • шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу;
  • өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;
  • шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
  • халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру.

Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген банктер уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелер мен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңзды рөл атқарады.

2000 жылдың сәурінен бастап Ұлттық банк теңгенің еркін қалқымалы бағамын белгіледі. Ол Ұлттық банк қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жағдайда валюталық реттедің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

* Қазақстан республикасының аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын анықтайтын нормативтік-құқықтық актілерді шығару, валюталық операциялар субъектінің құқықтары мен міндеттері;

* валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау (валюталық бақылау) ;

валюталық нарық, жүргізілетін валюталық операциялар көлемін және құрылымының жағдайын талдау.

Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі келесі негізгі әдістерді қолданады:

  • валюталық операциялар оюъектілері мен субъектілерін, валюталық операциялар субъектілерінің құқықтары мен міндетерін, жіктелуін, валюталық құндылықтармен айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;
  • сипатына, субъктісіне, объектісіне, көлеміне байланысты белгілі валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;
  • шетел валютасын пайдаланатын қызметтерді лицензиялау;
  • валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралық байланыс. (Қазақстан 1992 жылдың ортасынан бстап халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мүшщесі болып табылады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінен бастап ХВҚ келісім баптарының VІІІ бабына енді, онда мемлекеттердің өздерінің валюталарының айырбасталымдылығын қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған, яғни ағымдағы валюталық операциялар бойынша шектулер енгізбеу) .

Валюталық реттеудің негізін құрайшы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары:

  • заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін валюталық операциялардың сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен куәліктердің болуы;
  • шетел валютасындағы төлемдердің шарт жағдайына сәйкестігін тексеру;
  • валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есеп беретін толқтығын объективтігін тексеру.

Валюталық қатынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы валюталық заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республикасың заңдылықтарына сәйкес валюталқ реттеудің қызметтерін атқаратын Ұлттық банкі болып табылады. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар валюталық реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде жүргізеді. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативтік актілері 1998 жылдың 24 желтоқсанында «Валюталық реттеу туралы» заң толықтырулар мен қосымалар енгізілген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың принциптері мен тәртібін валюталық операция субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, валюталық заңдылықтар бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылау агенттері ретінде валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңдылқтардың орындалуын бақылау міндеті жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Респбликасында келесідей валюталық шектеулер қолданылады:

  • резиденттер арасында жүргізілетін операциялар бойынша бар;
  • шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастау өкілетті банктер мен банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тыс жерде жүргізуге болмайды;
  • қызмет және тауар үшін төлем ретінде және несие ретінде резиденттер алатын шетел валютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарына міндетті түрде есепке алыну керек.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және күипеген жағдайлардың туындай кезінде кез келген валюталық операцияларды шектеуге және тоқтатуға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» заңды күші бар Жарғысына сәйкес ҚР Ұлттық банк шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулерді енгізуге оның ішінде осындай оеперациялардың көлемі немесе сыйақылар мөлшерлемесінің деңгейі кіреді құқы бар. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі резиденттердің экспорттық операцияларына валюталық төлем және экспорттық валюталық түсімді міндтті сату тәртібіне шек қоя алады. соңғысы нақты уақытта уақытша тоқтатылған.

2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі

Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін валюталық шот ашу қажет. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда оны ашу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  • нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі;
  • заңды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы:
  • уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері;
  • салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі туралы куәлік.

Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер көшірмесі бар заңдық іс жасалынады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте валюталық шот ашу үшін келесі құжатарды ұсыну қажет:

  • мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін құжат (патент немесе лицензия) көшірмесі.

Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар заңды болу қажет уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып алынған экспортты валюталық түсім, жарғылық капиталға салым, қаржылық көмек, қайырымдылықтар, сыйлықтар, несиелер, қарыздар, валюта. Заңды тұлғалар шетел валютасындағы несиені тек бейрезидент тұлғалармен есеп айырысу үшін және шетел валютасында алынған банктік несилер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ған алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы валюталық қаражаттарды сатып алуға берілетін арық арқылы (2-қосымша) және кросс-операция (айырбастау) (3-қосымша) бойынша жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-тапсырма негізіндле жүргізіледі (4-қосымша) .

Тауарды импорттау (жұмыстар мен қызметтер) бойынша келісімшарттардың төлемі алдын ала валюталық шоттан төленген кезде клиент банкке тиісті өзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерді ұсынуы қажет. Ұсынылатын құжаттар негізінде валюталық шот ашу кезінде тоғыз таңбалы саннан тұратын нөмір беріледі.

000 000 000

1 2 3,

Мұндағы: 1 - валютаның коды;

2 - шоттың баланстық нөмірі;

3 - клиенттің нөмірі (жеке)

Онда шоттың ашылған күні, клиентті атауы, нөмірі және қосымша ақпараттар жазылатын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасы жүргізіледі. Сол уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот бойынша ақша қаражаттарымен байланысты барлық материалдар жиналатын заңды іс және дербес шот көрсетіледі.

Жоғарыда айтылғандай, банктер шетел валютасында операция жүргізу үшін лицензия алулары қажет. ҚР Ұлттық банкі лицензиялауды заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырады. Бүгінгі күні шетел валютасында қолма-қол есеп айырысу негізінде бөлшек сауда және қызмет көрсетулермен байланысты әрекет, резиденттердің мемлкет заңдылықтары бойынша құқықтарына сәйкес шетел банктерінде және қаржы институттарында шоттар ашумен байланысты қызметтерге лицензия беріледі.

Кейбір шетел валютасындағы операциялар ұлттық банкке тіркелуі қажет, мысалы, 100 мың АҚШ долларынан асатын ақша пайдасына өтуін қарастыратын капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың келесі тіркеу тәртібін анықтаған:

  • 180 күннен асатын мерзімге дейнгі алынатын несие;
  • 180 күннен асатын мерзімге резидентердің экспорттық мәмілелерін бейрезиденттердің несиеленуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
  • 180 күннен асатын мерзімге резиденттердің импорттық мәмілелерін бейрезиденттедің несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттердің инвестициясы;
  • жылжымайтын мүліктерге мүлікті және басқа да құққтар төлемдеріне аударымдар;
  • бейрезиденттердің 180 күннен асатын мерзімге резиденттердің экспорттық мәмілелерін несилеумен байланысты есеп айрысуларды жүзеге асыру.

Валюталық операциялар бойынша есеп және есеп беру тәртібі және нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен статистикалық уәкілетті мемлекеттік органдарының келісіміне сәкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен бекітіледі және Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары мінетті түрде орындауы керек.

Республикадағы балық заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Ұлттық банк және өкілетті банктерге олардың сұрауы бойынша, валюталық реттеу заңының талаптарын орындау мақсатында қажетті ақпараттар мен қаражаттарды ұсынуға міндетті.

Жекелеген валюталардың ұзақ немес қысқа позицияларында бірінші кезекте мүмкіндігі болатын қолма-қол өтелмеген мәмілелермен байланысты олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелерімен валюталық операцияларды жүргізу кезінде банктер әр түрлі тәуекелге бел буады.

Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы талаптар мен міндеттернің арақатынастарын білдіреді. Олардың нақы валюта бойынша тең болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есептелінеді, ал тең келмеуі кезінде - ашық.

Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған тоабыспен басқа сату мәмілесімен жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді.

Валюталық бағам Банк үшін жағымсыз бағытта өзгеруі мүмкін болғандықтан ашық валюталық позиция банктің зиян шегу тәуекелімен байланысты. Сонықтан да Ұлттық банк, оның мөлшерін шектеп, арнайы бөлек есептілікті тағайындайды.

Егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талаптар.

Ашық валюталық позицияның шегі қатаң валютадағы банктік жарғылық капиталының 30% құрауы керек, ал ұзақ валюталық позиция жұмсақ валюта бойынша 5%, валюталық нетто-позицияның жарғылық апиталдың 50% құрауы керек.

Банктік валюталық операциялардың жіктелуі жалып банктік критерийлері бойынша, сондай-ақ тек валюталық операцияларға ғана тән басқа да белгілері бойынша жүзеге асады. Снымен, олар келесідей жіктеледі:

  • Қазақстан Республикасы аумағында жасалынатын;
  • Қазақстанның валюталық құндылықтарының шекарадан өтуіне байланысты;
  • Республикадан тыс жерде банктер жасайтын.

3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың түрлері кеңінен дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну («спот») және мерзімді (форвордтық) мәмілелер кең қолданылады, соңғылары валюталық реттеу объектілері болып табылады. Жетпісінші жылдардан бастап биржада фъючерстік және опционды валюталы мәмілелер дамыды. Бұлш алып-сатарлық мәмілені және валюталы тәуекелден сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталы операцияларды көп банктер жүеге асырады, мерзімді операциялармен «своп» мәмілелерін негізінен ірі банктер, ал опционды операцияларды ірілендірілген банктер жүзеге асырады. Жедел ұсына («своп») валюталық операцияларды өте кең таралған және төленген мәміле көлемінің 90% құрайды. Олардың мәні мәмілені жасау кезіндеі баға бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші күні валютаны алып-сату шартына байланысты банк-контрагенттерінің оны жеткізуінде.

«Свифт» электрондық байланыс құралының, банкаралық электронды аударымдар жүйесінің мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лондонда ЧАПС және т. с. с., компьютерлі өңдеудің кең таралуы «бүгіннен ертеңге дейін» немесе «ертеңнен келесі күнге дейінгі» бір күнде депозиттерді орналастыру операцияларын тез жүзеге асыру үшін қалады. Осы бағам негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары анықталады: мерзімдікте сол сияқты валютаны жеткізудің қысқа мерзіміндегі бір ретті мәмілеге арнлаған бағам.

Жедел ұсынмен байланысты валюталық операциялар валюталық позицияның ең мерзімді элементі болып табылады және белгілі бір тәуекелді өз мойнына алады. «Банктер «спот» операциясының көмегі арқылы өз клиентерінің шетел валютасындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардығ оның ішінде «қапыл» ақөшалардың бір валютадан басқаға ауыстыра отырып төрелік және алып-сатарлық операцияларды жүзеге асырады.

Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фъючесртік) - шарт жасаған кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгіленген уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын валюталық мәміле . Осы анықтамадан мерзімдік валюталық опеарциялардың екі ерекшелігі байақалады:

  1. шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интервал бар, яғни валтаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күнгіне бастап кезең соңы ретінде (мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейін) немесе мерзім шегіндегі кез келген кезең.
  2. операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамы мәміле жасалған кезде тіркеледі.

«Спот» және «форвард» мәмілесі бойынша валюта бағамның арасындағы айырма мерзімді мәміле бағамы төмен кезде, «спот» бағамы бойынша жеңілдік (дисконт - dis немесе депорт - D) ретінде немесе егер жоғары болған кезде сыйақы ретінде анықталады. Сыйақы мерзімі бойынша жасалған мәміледе валюта қолма-қол операцияға қарағанда қымбат айырбасталады дегенді білдіреді. Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қолға қарағанда төмен екендігін бідіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік немесе сыйақы көлемі «спот» бағамына қарағанда тұрақты. Сондықтан банк аралық нарықта мерзімді мәмілелердің бағамын белгілеу кезінде көбінесе сыйақымен дисконт анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал сыйақы «спот» бағамынан шегеріледі. Сыйақы және дисконт әдісі бойынша емес, сандық белгіде белгіленетін мерзімді мәміле бойына валюта бағамы «аутрайт» бағамы деп аталады.

Шетел валютасына жасалатын мерзімді мәмілелер елесі мақсаттарға жүргізіледі:

  • коммерциялық ақсаттағы валюта айырбасталымы, валюталық түсімдері, валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қажет төлемдерді сатып алуы немес сатуы;
  • валюталық бағамының төмендеуіне байланысты болатын шығындардан шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық капитал салымдарын сақтандыру;
  • бағам айырмасы есебінен аылп-сатарлық пайда алу.

Валюталық опцион сатып алу-сату (лат. opito, options - таңдау) - келісілген мерзім аяқталғанға дейін мәмілені жасау кезінде белгіленген бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардың бір жағы сатып алу-сату мәмілесі кезінде сатып алу (call мәмілесі - сатып алушы опционы) немес сату (put мәмілесі - сатушы опционы) құқығын таңдауға мүмкіндік беретін белгіленген комиссияны (сыйақы) төлеу шарты кезіндегі келісім. Опцион жағдайындағы мәмелелер банк үшін тәуекелі жоғары, сондықтан ол клиентке аз табысты бағамын белгілейді. опцион бойынша сыйақы мөлшері опциондық шарттың аяқталу күніндегі жедел мәміле бойынша валюта бағамының есебі арқылы анықталады. Опционды мәміелелер сыйақы көлемінен асып түсетін бағамдық ауытқулар кезінде тиімді болады. Негізінен валюталы опцион валюталық тәукелді сақтандыру үшін қолданылады. Опциондармен тек қана банкаралық нарықта ғана емес, сонымен қатар қор және тауар биржасына саудаласады.

Жетпісінші жылдардан бастап батыс елдерінде қалқөымалы валюталық бағамға өту барысында фъючерстер дамыды. Валюталық фъючерс - мәмілеге отыру кезінде алдын ала белгіленген бағам бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаның стандарттық көлемін сатып ату немесе сату міндеттемесін білдіретін келісім. Стандарттық шарттарда барлық жағдайлар реттелген: сома, мерзім, кепілді депозит, есеп айырысу тәсілі. Фъючерстермен сауда жасау клирингтік үй арқылы жүзеге асырылады: ол әрбір сатып алушы үшін сатушы, ал әрбір сатушы үшін сатып алушы болып табылады.

Қолма-қол және мерзімді операцияларға сәйкес валюталық мәміленің әр түрлі «своп» мәмілесі болып табылады. «Своп» «ағылшын. swap - айырбастау) - бұл белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір шартты мәміле бойынша жедел жеткізу жағдайындағы клиент қолма-қол мәміле бойынша сатушы және сатып алушы бағамының арасындағы айырма маржадан үнемдейді. «Своп» операциялары банктер үшін өте қолайлы болып табылады: олар ашық позициясыз өтеді (сатып алу-сату жабылады), онң тәуекелсіз қажетті валютамен уақытша қамтамасыз етеді. «Своп» операциялары тек валютамен ғана емес, сонымен қатар пайызбен де жасалынады. «Своп» мәміле нысанында банктер валюталарды, несиелерді, депозиттерді, пайыздық мөлшерлемелерді, бағалы қағаздарды немесе басқа құндылықтарды айырбастау жүзеге асырады.

Валюталық операциялармен байланысты нарықтық қызметтің белгілі бір түрі - бұл төрелік - пайда табу мақсатында валютаны бір нарықтан сатып алу және сол уақытта оны сату. Төреліктің айтарлықтай маңызды нысаны - олардың қамтамасыз етілу икемділігін жоғарылату үшін пайыздық мөлшерлеме мен форвардтық сыйақы немесе дисконт айырмасы арасындағы қатынастарды банктер пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекеліне ұшырамаған пайданы алу жағдайы кезіндегі пайыздық арбитраж.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазаөстан Республикасының ұлттық валюта жүйесінің дамуының пайда болуы мен проблемалары
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Валюталық бақылаудың субьектілірі Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары, агенттеріменен Республикасының заңдылықтарына сәйкес орындалуы
Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері
Валюталық бақылау
Валюталық реттеуді либерализациялаудың әлемдік тәжірибесі
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz