Греция


ГРЕЦИЯ
Ежелгі, Эллада (грек. Hellas) - ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балқан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңізіндегі аралдарды. Фракия жағалауын, Кіші Азияның бат. өңірін ала орналасқан. Грек отаршылдығы дәуірінде (б. з. б. 8-6 ғ. ) бұл мемлекеттер өз ықпалын Оңт. Италия, Шығ. Сицилия, Оңт. Франция жеріне, Африканың солт. жағалауына (Кпренаикаға) . Қара Teңiз бен Азов теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Мифология және дін. Г. мифологиясы дамудың ұзақ жолынан өтті. Оның алғашқы кезеңі (матриархаттық дәуірде) өзінің стихиялылығы, дөрекі-лігімен сипатталады. Мифологиялық көзқарас бойынша барлық сұмдық жерден шығады деп есептелді. Алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде ежелгі гректер мифологиясы мен дінінде заттардың рухани мәні мен олардың өздері бір-бірінен ажырамас тұлға деген ұғым пайда болды. Мыс, Зевс құдай, бүркіт, аққу, найзағай, ал Афина жайалақ немесе жылан түрінде бейнеленді. Олимпиялық мифология шыққанға дейін, жеке қауымдар ғана таныған көптеген жергілікті құдайлар; болды. Олимпиялық мифология қалыптасуына байланысты, патриархалдық дәуірде бұл құдайлардың есімдері немесе оларға табынған жерлер жаңа эпитет болып қосыла берді (мыс, Зевс Трофоний, Артемида Эфесская т. б. ) . Б. з. б. 2 мың жылдықта грек мифологиясы дамудың ең жоғары сатысына көтерілді. Бұл кезде көп құдайлардың бәрі - «адам атаулының және құдай біткеннің әкесі» Зевске бағынды. Олимп тауын мекендеген құдайлардың әрқайсысына белгілі бір қызмет берілді. Афина - соғыс, өнер, қалалар мен елдерді қорғау құдайы, Гермес - сауда құдайы, Афродита - ғашықтың пен сұлулық құдайы т. с. с. Олимпиялық мифология бойынша құдайлар мен шайтандар адам түрінде бейнеленді. (Мұны антропоморфизм деп атайды) . Бұрынғы сұмдықтар жайлы аңыздар орнына батырлар туралы ( Геракл т. б. ) мифтер пайда болды. Мұндан мофтердің шығуы адамның табиғатқа үстемдік жасай бастағанын көрсетеді.
Г. мпфологиясымен қатар дін де дами бастады. Дін ғажайып күш иесі - құдайларға сеніп, оған арнап құрбандың шалуды, дұға оқуды уағыздады. Грек мифологиясы мен діні Ежелгі Шығыс халықтарының кейбір қағидаларын қабылдады. Грек мифологиясының адамгершілікке, ізгі сезімге толы бейнелері ертедегі дүние өнерінің дамуына негіз болды. Ол ертедегі рим діні мен мифологиясының дамуына ықпал жасады. Барлық грек мәдениеті сияқты, оны Қайта өркендеу дәуірі идеологтары молынан пайдаланды, сондай-ақ ол кейінгі дәуірлер ғылымы мен өнерінің дамуында да елеулі роль атқарды.
Әдебиеті . Г. әдебиеті - грек халқының құл иелену заманында туған, Европадрғы ең көне әдебиет. Гректердің мифологиялық образдар мен сю-жеттерді мол пайдалаиуы Г. әдебиетінде алуан жанрлардың тууына негіз болды. Көне дәуірде, яғни 9 ғ-дан (б. з. дейінгі аралықта), құл иеленушілік пайда болған кезден бастап, грек халқының өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Оның әдебиеті туып, өркен жая бастады. Алайда, грек мифологиясы әдебиеттің негізгі арқауы болып қала берді. Бұл кезеңнің ұлы ескерткіштері - «Илиада» мен «Одиссея». Ру-тайпалық қарым-қатынастардың күйреу кезінде Гесиодтың (8-7 г. ) дидактикалық поэмасы «Теогония» («Құдайлардын, тегі») туды. Бұл дәуірдің әдебиетінде лирика жетекшілік роль атқарды. Б. з. б. 6 ғ-да Анаксимандр, Анаксимен, Гераклит саяқты философтар өдерінің ой-пікірлерін прозалық трактат түрінде жазды. Өмірде болғанды хроника жолымен хабарлау - тарихна-маны, ал өмір көрінісін фольклорлық сыңайда баяндау - новелланы туғыз-ды. Ұұл Эзопқа банланысты аңыз-әңгімелер - осының бір сілемі. Эзоп тек прозалық фольклордың негізгі кейіпкері ғана емес, сонымен қатар талай мәнді де құнарлы мысалдардың авторы болды деген жорамал бар.
Ежелгі грек әдебиетінің ең бір гүлденген шағы - Аттика дәуірі, бұл кезде, яғни 5-4 ғ-да Афины мәдени еркендеудің биігіне көтерілді. Осы ке-зеңде Эсхил өзінің «Персілер», «Орестея», «Данаиды», «Прометей» сияқты шығармаларымен трагедия жанрының шоқтығын көтерсе, Софокл
«Антигона», «Филоктет», «Эдип патша» арқылы драма жанрын қалыптастырды. Сол дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің «Медея», «Ипполит», «Геракл» т. б. шығармаларында адамды іс-әрекетімен, күйініш-сүйінішімен көрсету басым болды. Кратил, Евполид, Аристофан творчествосында комедия жанры өpic алды. Проза жанры бұл дәуірде ғылми-филос. және тарихи-баяндау формаларымен өркендеді. Софистік мәдениет тұсында проза көркем сөз сипатына ие болып, шешендік өнерге айналды, риторика пайда болды. Философ Платон, Сократ, тарихшы Ксенофонт заманында шешендік сөздің абыроны артса, Аристотель поэтикалық сөздің қадір-қасиетін өзінің «Ақындар туралы» трактаты мен әйгілі «Поэтикасында» баяндап, оның тарихи және теориялық сыр-сипатын ашты. Г. әдебиетінің эллнндік және римдік дәуірлері Македония жаугершілігі кезінде орнаған эскери-бюрократиялық монархияның тілек-талабына сай, монархтарды мақтауға, жел сөздікке ауысты. Бұл дәуірде поэзияның кіші түрі - эпиграмма бірқыдыру өркен жайды.
Г. әдебиеті кейінгі әдебиеттердің, оның ішінде Рим әдебиетінің де өсіп-өркендеуіне үлкен әсерін тигізді. К. Маркс ежелгі грек әдебиеті мен өнерін адамзат қоғамының сәбилік дәуірінід тамаша бір ғажап дүниесі деп бағалады. Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Грек архитектурасыньң шығу төркіні мегарон деп аталатын тұрғын үн түрі қалыптасқан критмикен мәдениетіне саяды. Гомерлік кезеңде (б. з. б. 11-8 ғ. ) мегарондар негізінде алғашқы грек храмдары салына бастады. Архаика кезеңінде (б. з. б. 7-6 ғ. ) полистердід дамуымен байланысты, етек жағында қоғамдық алаңдар (агоралар) мен тұрғын үйлер тұрғызылған бекініс төбелер- акрополъдар салынды. Құлдық қоғамның толысып, полистердің гүлденген шағында тастан салынған қоғамдық құрылыстар, стадпондар, гимнасий және палестра сияқты оқу орындары ірге көтерді. Әсіресе ғибадатханаларды сәулеттеудің қоғамдық ролі басым болды. Ежелгі сәулетшілер грек архитектурасындағы пропорциялық үйлесім мен образдар айқындығына осы ғибадатхана ордерлерін (қ. Архитектуралығы ордерлер) дамыту арқылы жетті (Олимпиядағы Гераның, Коринфтегі Аполлонның ғибадатханалары) . Классика кезеңінде (б. з. б. 5-4 ғ. ) құлдық қоғамның өркендеуіне орай, грек архитектурасы гүлдену сатысына көтерілді. Қоғамдық ғимараттар көбінесе мәрмәрдан салынды. Б. з. б. 5 ғ-дың 1-жартысындағы сәулет өнеріне тән жинақы стиль. (Посейдониядағы «Посейдон» ғибадатханасы) бертін келе ашық райлы архит. образбен (Олимпиядағы Зевстің ғибадатханасы) алмасты. Афиныдағы акрополь ансамблін құрайтын классикалық периптер - Парфенон және симметриясыз Эрехтеиоп ғибадатханасы, Нике Аптерос ғиба-датханасы - ежелгі грек архитектурасының, шыңы. Б. з. б. 5 ғ-да қала салу ісі жаңа қарқынмен өркендеп, қалаларды жоспарлы түрде тұрғызу қалыптасты (арх. Гипподам), порттар мен гаваньдар салу жұмысы дамыды. Осы тұста коринфтік ордерлер пайда болды. Б. з. б. 4 ғ-да үш ордердің (дорилік, ионилік және коринфтік) басын біріктірген ғибадатханалар (Тегеядағы Афины Алей ғибадатханасы) тұрғызылды, әсіресе ақсүйектер қауымына арналған құрылыстар, театрлар (Эпидавр мен Афиныда) салу маңызды орын алды. Полистердің тоқырауға ұшыраған кезінде жеке адамдарды дәріптеу мақсатымен (ң. Галикарнас мавзолейі), б. з. б. 4 ғ-дың 2-жартысында пайда болған эллинистік архитектураға тән перистиле бар сәулетті тұрғын үйлер салынды. Ежелгі грек архитектурасындағы қоғамдық мазмұн мен адамзат мүддесіне толы, гармониялық үндестікте шешім тапқан образдар кейінгі дәуірдің сәулет өнеріне үлкен ықпалын тигізді.
Г-ның бейнелеу өнері де крит-микен мәдениеті негізінде дамыды. Оның кейінгі өркендеуі ежелгі грек құлдық қоғамының қалыптасу және
гүлденуімен тікелей байланысты. Бізге келіп жеткен ескерткіштердің ең маңыздылары: мәрмәр мүсіндер (сонымен қатар храмдарды безендірген мүсін, фронтондардағы мүсін топтамалар, фриздердегі рельефтер және метоп) және қыш ыдыстарындағы әсемдік жазбалары. Гомерлік кезеңде бейнелеу өнері қарапайымдылыңқа бой ұрды. Бұған бағана тәрізді ағаштан жасалған құдай мүсіндері, қыш ыдыстардагы геом. өрнектер т. б. жатады. Классика кезеціндегі өнер өмір шындығын өзек етіп, әсемдік үйлесімдігінің биігіне көтерілді. Осы кезде Несиот, Пеопи, Мирон сияқты мүсіншілердің творчествосы арқылы бейнелеу өнері жоғары дәрежеге көтерілді. Халық образын азаматтық пафоста бейнелеген Парфенон храмындағы (Афины) рельефтер Фидийдід басшылығымен жасалды. Ол- Акрополь алаындағы Афины қола мүсінінің, Парфенондағы алтын мен піл сүйегінен жасалған Афины және Зевс мүсін ескерткішінің де авторы. Мүсін оперінің мұнан әрі дамуы Кресилай, Алкамен т. б. шеберлердің жасаған еңбектеріне байланысты. Б. з. б. 6 ғ-да қыш ыдыстарына адам кескінін еркін бейнелеу дәрежесіне кө-терілген қызыл фигуралы стиль пайда болды. Б. з. б. 5 ғ-да монументті кескіндеме (Полигнот т. б. ) дамыды. Б. з. б. 4 ғ-да мүсін өнеріндегі образдар - айқын индивидуальдық портрет, жарқын драм. -патетикалық бейнелер (Скопас), нәзік сезім сырын беру (Пракситель), сыртқы сұлулықты тэптіштеу (Леохар), қозғалыс үстіндегі қажетті бір сәтті бейнелеуге назар аудару (Лпсипп) сияқты, жаңа ізденістермен толысты. Александр Македонскийдің жаулап алуынан бастап Г. өнері күрделі де сан қырлы эллинизм өнерінің арқауына айналды. Г. өнері өмірдегі сұлулықты, мифтік аңыздарды ой елегінен өткізіп, адамзаттың азаматтығын паш етумен ғасырлар бойы реалистік өнердің көрнекті үлгісі болып қалды.
Музыкасы. Музыка гректердің қоғамдық өмірінен елеулі орын алған. Ол жастарды тәрбиелеу құралының бірі болса, ең айту мен муз. аспапта ойлау гимнастикалық және шеберлік жарысы программасына енген. Г-да әншілердің, музыканттар мен бишілердің арнайы ұйымы (коллегиялар) болған. Ежелгі. грек муз. өнерінің ерекшелігі - сөз (текст) бен музыканың, бидің тығыз байланыста болуында. Біздің заманымызға грек музыкасы нота жазуларының бірнеше фрагменттері жетті: Еврипидтің «Орест» драмасыны жүйесіне жазылған музыка (338-344-6. ), Аполлонға арналған екі гимн, жоқтау әуені және лирикалық әндер, 12 жол мен, Аянттың өзін-өзі өлтіруіне жазылған муз. жолдары т. б. Грек музыкасының ең кене түріне лин-әндер (жүзім жинаған кезде форминг дегеп іпгекті аспапқа қосылып орындалған), үйлену тойы әндері, паш (Аполлонның құрметіне арналған шаттық гимні) және тренос (жоқтау әуені) жатады. Әсіресе көне театрда музыканың ролі басым болды. Гректің ақын-драматургтері әрі композитор болған (Вакхилид, Пипдар, Сапфо, Эсхил, Софокл т. б. ) . Б. з. б. 6-5 ғ-да вокальдық музыкадан аспаптық музыканың дараланып айтылуы байқалады. Байырғы гректердің муз. төңірегіндегі теориялық және эстетикалық тұжырымдаулары кейінгі дәуірлерде де мадызын жойған жоқ. Г-да термин болып қалыптасқан «музыка», «мелос», «ритм», «гармония», сияқты атаулар музыкада осы күнге дейін қолданылып келеді.
Театры . Ертедегі грек драмасы мен театры жүзім мен шарап жасау құ-дайы Дионистің құрметіне ауылдық жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл-әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент боп келді. Б. з. б. 6 ғ-дың 2-жартысында ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны - актерді бөліп шығарды. Грек драмасы өзінің даму про-цесінде діни әдет-ғүұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді; сонымен бірге, драма грек мифтеріяің бүкіл байлығын пайдаланды. Гректің ұлы адындары - Эсхил, Софокл, Еерипид, Аристофаннъщ драматургиялары грек халқының қоғамдық-саяси және рухани өмірін жан-жақты көрсетті. Театр ойындары ашық далада өткізілді. Театр үйі орхестрден (дөңгелек алаң), театроннан (көрермендер орны) және скенадан (бастапңыда актерлердің киініп, сахнаға шығуына арналған жай, палатка. Эсхил тұсында оқиға орнын белгілейтін ағаш қоршау) құралды. Театрларда әйел рольдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска киіп ойнады. Эсхил өзінің қаһармандық-патриоттык, трагедияларында екінші актерді (дефтерагонист) енгізді. Бұл қайғылы қақтығыстарды тереңірек ашып, театр ойынының әсерлі болуына жол ашты. Софоклдың азаматтық, эстетикалық идеалдарды жырлаған трагедияларында үшінші актер (тритагонист) пайда болып, хордын, ролі төмендеді, трагедияда диалог көбейді. Еврипид творчествосында қаһармандық тақырып әуені бәсеңдейді, бірақ адам психологиясына, айналадағы өмір шындығына назар аудару күшейеді. Ал Аристофанның комедиялары Афиныдағы қоғамдық-саяси өмір құбы-лыстарының ұнамсыз жақтарын өткір диалогтармен әшкереледі. Элййнизм дәуірінде театр қоғамдық-саяси тақырыптан қол үзді. Трагедия күрт құлдырай бастады. «Жаңа комедия» (Менандр т. б. ) тек үй-ішіндегі қарым-қатынасты, жеке адамның күйіші-қасіретін берумен шектелді. Эллинистік дәуірде кең тараған тұрмыстық, пародиялық-сатиралық шағын көріністер - мимдер Г-да ерте кезден-ақ орындалып келді. Мим актерлері маскасыз ойнады. Мұнда әйелдер де қатысты. Әллинистік дәуірде мифологпялық сюжетке құрылған пантомиалық-би сауықтары да тарады. Г-ның театр мәдениеті дүн. жүз. театрдың дамуына зор әсер етті. Күрделі қоғамдық-саяси, филос. және этикалық мәселелерді қозғау, зорлық пен езгіге қарсы күресу, көрермен-дердің азаматтық ой-санасын тәрбиелейтін қаһармандық тұлғалар жасай білу, осының бәрі - Г. театр өнерінің өміршең қуатын танытты.
Әдебиеті. Гректің жаңа әдебиеті Константинополь үстемдігі жойылған-нан кейін (1453) халық поэзиясының дәстүрі негізінде қалыптасып, осман-дық езгіден арыла бастаған аймақтарда дамыған («Махаббат туралы «сөз», Кипр, «Ұлдар мен қыздардың әзіл айтысы», «Махаббат жайлы мың «сөз» Додеканес) . 16-17 г-да Крит өңірінде көркем әдебиет қалыптаса бастайды («Бала шопан» поэмасы, «Эрофилп» трагедиясы) . Халыққа ұғымды өз тілімен жазылған жаңа әдебиеттің қалыптасуына ежелгі грек және Византия әдеби мұраларының, сондай-ақ, Ренессанс және Бат. Европа өнерінің ықпалы зор болды. 16-17 ғ. византиялықтар ұрпағы мен діни ғұламалар тобы Константинополь қасында діни, дидактикалық жене естелік нұсқалы әдебиетпен және ежелгі грек, Византия филологиясының мәселелерімен шұғылданды. 17- 19 ғ. грек буржуазиясының пайда болуына байланысты, оныц ірі колониялары - Венеция, Вена, Бухарест, Одесса т. б. жерлерде мәдени өмір жандана түсті. Поэзияда тұңғыш рет ұлт тақырыбы көтеріліп, «Намыс гулдер!» (1708, Венеция) атты жинаққа арқау болды. К. Дапонтестің (1714- 84) өлеңдері мен прозалық шығармаларында баяндау және бейнелей жазу үлгісі бой көрсетеді. Әдебиеттің өркен жаюына революционер-демократ Ригас Велестинлистің (1757-98 ж. ша-масы) қызметі мен азаматтық лири-касының маңызы зор болды. Грек халкының 1821-29 ұлт-азаттық соғысы және оның негізгі мақсаттарьгн бүкіл Европаның қолдауы - халықтық дәстүр мен тілді жақтаушы мектептің басты өкілі - Д. Соломостың (1798-1857, «Азаттық гимні», «Азаттық үшін ауыздықталғандар» т. б. ) шығармаларына қанат бітіріп, тез таратты. А. Матесис (1794-1875) ұлттық драматургияның негізін салды («Базилик» пьесасы, 1829 т. б. ) . Я. Макриянис пен Т. Колокотронистің 1821-29 ж. ұлт азаттық көтерілісі жайлы естеліктері де керкем әдебиет туын жоғары көтерісті. Монархияға қарсы азаттық сарыны А. Суцос, П. Суцос, А. Рангапис т. б. шығармаларынан байқалады. Халықтық тіл мен ұлттық тақырьшты негіздеушілердің бірі 2-Афины мектебінің басты өкілі К. Паламас болды. Н. Политис грек фольклорын зерттеді, И. Психарпс сөйлеу тілін батыл пайдалану жолыпдағы күресті басқарды. Прозаға реалистік әдісті енгізушілер-прозаик әрі драматург Г. Ксепопулос пен А. Каркавицас болды.
Г. әдебиетіне ¥лы Окт. соц. революциясы идеяларының да ықпалы болды. Оны соц. реализм мен маркстік эстетика тұрғысынан жазылған: «От шапшаң жарық» (1922), «Құрсаулы құлдар» (1927), «Эстетика - сын» (1958) т. б. шығармалардан байқауға болады. Соғысқа қарсы идеядағы 20-30 ж. жазылған шығармалардың ішінде С. Миривилистің «Табыттағы өмір» романын атап көрсетуге болады. Фашизмге қарсы бағытталған әдебиет өкілдері - А. Сикелианос, Н. Карвунис, В. Ротас т. б. Соғыстан кейін Г. поэзиясын ілгері дамытушылар: 3. Карели, Р. Буми-Папа, Н. Папас, Т. Ливадитис т. б. Бурж. қарым-қатынастар мен діни езгіге қарсы күрес пафосы Халықар. Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Н. Казандзакистің (1883-1957) соғыстан кейінгі творчествосынан айқын байқалады. Ерлік және әлеуметтік сарындар Я. Манглис, К. Сукас, Д. Хадзис т. б. творчестволарының негізгі арқауы болған. Мемл. төңкерістен кейін, (1967) бірнеше прогрессивті
газет-журналдар жабылып, көптеген жазушылар ұсталып, жер аударылды. Осыған орай, Г. әдебистінде мұң-зар, торығу сарыны туды. Алайда, М. Ав-гернстің («Жағыспа жолдар мен қарысна жолдар», 1969), Й. Манусакастың («Мылқау дене», 1970) өлеңдер жинақтарынан еркіндік аңсаған сенім үні естіледі. Демокр. ағымдағы әдебиет өкілдері: Рицос, Вреттакос, О. Элитис, әмиграцияда тұратын Василикос, Кодзиас, Александропулос т. б.
Әскери диктатураның қатаң тәртібіне қарамастан, Г. жазушыларының демокр. өзгерістер жасау жолындағы күресі үдей түсуде («Он сегіз жыр мен сыр», 1970) . Бұл саладағы маңызды бір шығарма Варналис, Рицос, Авгерис және абантыда отырған бірнеше жазушылар қатысқан «Жаңа жырлар мен сырлар» (1971) атты жинақ болды.
Архитектурасы мен беннелеу өнері. Жаңа дәуірдің архитектурасы 1830 ж. Афины қаласының құрылыс жоспарын жасаудан басталды. Грек сәулетшілері С Клеантис, Л. Кавтадзоглу тұрғын үйлердің жаңа, классикалық пропорциядағы түрлерін іске асырса, шетел сәулетшілері көп бағаналы қо-ғамдық ғимараттар салды (дат сәулетшісі X. К. Хансен тұрғызған Ұлттық кітапхана, 1832; Афиныдағы унт, 1837) . Шіркеу архитектурасында 19 ғ-дағы Византия үлгісіне көбірек еліктегендік байқалады. 1920 жылдан бастап қалалар кеңи бастады (негізінен порттық қалалар: Афины, Салоники т. б. ) . 20-30 жылдардағы Г. архитектурасы функционализм мен неоклассицизм ықпалында болды. 50- 60 ж. құрылыс негізінен Афиныда жүргізілді. Афинының орталық аудандарындағы көнерген үйлер бұзылып, көп қабатты үйлер ретсіз салына бастады. Бұл кезде тұрғын үй архитектурасы елеулі табысқа жетті: көп пәтерлі үй салу әдісі кемелденіп, оның құрылысында темір-бетон пайдаланылды. Виллалар мен жеке үйлер салу да ерекше дамыды. Олардың композициясы халықтың нақышына негізделді (арх. Д. Пикионис т. б. ) . Жаңа дәуірдің бейнелеу өнері 19 ғ-дың 1-жартысындағы дәлме-дәл портрет салу шеберлерінен басталады (Н. Кандунис, Н. Кунелакис)
Б. з. б. 2800-2250ж. Ежелгі патшалық кезеңі III әулеттің бірінші патшасы Джосердің таққа отыруынан басталады. Бұл кезеңде егіншілік, мал шаруашылығы, қолөнері сауда мен құрылыс дами түсті. Қауымдық жер иеленуме бірге жеке меншікті жер иеленушілікте өрістеді. Б. з. б. 2050-1700ж. ш. Е. Орта патшалық кезіне ойыс ты. Бұл кезеңде суар жүйесі көптеп салынды, қол бұйым дар жасалынды, Сириямен Критепен айырбас ұлғайды. Б. з. б. 1750ж. ш. Ел тағы да ыдырай бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz