Кәсіпорындардағы менеджмент


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Кәсіпорындардағы менеджмент»

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы 201_

Жоспар

I. Кіріспе . . . 3 бет

II. Негізгі бөлім

2. 1. Менеджменттің ұғымы мен мәні . . . 4 бет

2. 2. Менеджменттің бернелері . . . 8 бет

2. 3. Менеджерлік қызметтің міндеті . . . 11 бет

III. Қорытынды . . . 14 бет

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 15 бет


Кіріспе

Менеджмент - бұл басқару теориясы және нарықтық экономиканың қажетті элементі болып табылады. Басқару теориясы ғылым ретінде XIX - шы ғасырдың аяғы мен XX - шы ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше дәуірді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқарушылық ойдың алғашқы қарқыны- “тейлоризммен” байланысты екені айтылады. Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж. ) американ инженері, басқаруды ғылыми тұрғыдан жүргізуді алғашқы рет айтқан және ол кез үшін бұл жаңалық әрі фонтазия сияқты көрінді. Ф. Тейлор “Халықтық менеджменттің принциптері” еңбегінде кәсіпорынды басқаруды өнер ретінде қарастырып, онда “нені жасауды дәл білу және оны арзан әрі ең жақсы тәсілмен қалай жасауға болатынын ” қарастырылған. Осы мектептің жақтаушысы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925 жж. ) болған. Ол практикалық тәжірибені жинақтау негізінде төмендегідей қорытындыға келген: “басқару - кәсіпорынның ресурстарын барынша пайдаланып, оны мақсатқа жетелеу”. А. Файоль басқарушылық міндеттерін кәсіпорынның техникалық, қаржылық және басқа мәселелерімен қарғанда ерекше зерттеу облысы ретінде оқшауланады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Басқарудың - американдық, жапондық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. Әлемдік шаруашылық дамуы өзінің әсерін қазіргі менеджментті интернациялауға ықпал етуде.

Рыноктық қатынасқа көшу, мемлекеттің толық өзіндік еркіндікке тәуелділігі өзін - өзі басқару тәсіліне ерекше мән беруді талап етеді. Бәсекелестік күресте өмір сүру үшін кәсіпорынды дәстүрлі емес жаңаша басқаруды үйрену керек.


Менеджменттің ұғымы мен мәні

Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа экономикалық қатынастарды және әлеуметтік- экономикалық процестерді басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.

Қазіргі кезде кәсіпорындар басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не өндіру, қалай және кім үшін - бұл сұрақтарды олардың өздері дербес шешуді қажет етеді. Сондықтан да, менеджменттің отандық әдістері мен проблемаларын жақсы білген жөн.

Менеджментті нарықтық жағдайдағы экономикалық ынталандырудың бернелерін және әдістерін, әр түрлілік принциптерін қолдану, материалды, қаржыны, ақпаратты және ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде шаруашылық өміріндегі қол жеткізуге бағытталған басқарудың ерекше тұрі ретіндегі экономикалық дербес субъектісі деп түсіндіруге болады.

Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі менеджменттің төрт аталымын береді (43) :

  1. Адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, тәсілі.
  2. Басқарудың өнері және билік.
  3. Әкімшілдік дағдылары және білудің ерекше түрі.
  4. Басқару органы, әкімшілік бірлігі.

Шет тілдер сөздігінде «Менеджментті» өндірісті басқару және оның тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті басқарудың принциптерінің, әдістерінің және нысандарының жиынтығы деп қарайды.

Отандық теория мен практикада менеджментті және қызметкерді, жұмысшы тобы және жалпы мекемені басшылық жасау (басқару) деп түсіндіреді.

Арнайы басқарушылық әдебиеттерде менеджмент ұғымына әр түрлі түсініктер беріледі. Олардың ішінде қазіргі кезде кең түрде қолданылып жүргендерін мына төмендегі сызбадан көруге болады (43) .

Мұнда бірінші, менеджмент адам қызметінің түрі есебінде қалады. «Атап айтқанда, барлығында біз тек өндірістің экономикалық факторына салсақ, әсіресе, капиталды, онда біз дамуға қол жеткізбес едік. Азғантай жағдайда, қашан біз менеджменттің қуатын тудыратын болсақ, ондабіз дамуды шапшаңдатқан болар едік. Даму, басқа сөзбен айтқанда, - байлыққа қарағанда адам қуатының іс - қимылы жақын » (18) .

Екінші менеджмент процесс ретінде анықталады. Осының көмегімен дайындалған кәсіптік мамандар өздерінің алға қойған мақсаттары мен әзірлеме тәсілдеріне сүйене отырып, кәсіпорындарды қалыптастыруға ықпал етеді. Басқару процесі - бұл ақпараттық процесс, яғни қалыптастыру, алып беру, өңдеу және ақпаратты сақтау. Басқару ақпаратқа алып бармайды, бірақ та ақпараттан тыс мүмкін емес екендігін ерекше атап өткен жөн.

Менеджменттік қызмет - бұл кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің еңбегінде, ақыл - парасаттарына, адамдардың мінез - құлықтары уәждеріне сүйене отырып, алдына қойған мақсаттарын іс жүзінде асыруды ұйымдастырады.

Үшінші менеджмент сатылы ұйымдастырушылық құрылымы ретінде басқару бернесін іске асырады. өз кезегінде, сатылы басқару аппараты сол немесе басқа да кәсіпорынның басқару құрылымында нақтылы көрінеді. Сонымен, басқару аппараты кез келген кәсіпорынның құрамды бөлігі болып табылады және менеджмент ұғымымен қауымдастырылады. Мұнсыз кәсіпорын құрылым мақсатқа сай және тиімді жұмыс істей алмайды.

Төртінші, менеджмент басқарумен айналысқан адамдардың санаты ретінде қаралады. Мақсатты алға қою және оны іске асырудағы менеджмент ғылым мезетінің негізін қалаушы Ф. У. Тейлор алда не істеу керек және қалай оны ең жақсы және арзан тәсілмен жасау қажеттігін өнер ретінде нақты білуді анықтайды. Бұл өнерді нақтылы адамдар санды - менеджерлер игеру қажет.

Басқарушылық қызметкерлердің басты міндеті - кәсіпорынның барлық ресурстарын (капиталды, ғимаратты, жабдықтарды, материалдарды, еңбекті, ақпараммы) тиімді пайдалану және үлестіру болып табылады.

Бесінші менеджмент ғылым ретінде барлық күшін басқарушылық еңбек тегін, себеп пен нәтижесі арасындағы байланысты белгілеу, факторлар мен жағдайларды анықтау, сөйтіп, адамдардың біріккен еңбегінің әрі пайдалы, әрі тиімді екендігіне бағыттайды. Менеджментті ғылым ретінде анықтағанда басқару жөніндегі білімді тәртіпке келтірудің маңыздылығын ескере білген жөн. Олар ағымдағы істерді өз мерзімінде және саналы басқару ғана емес, сонымен қатар жағдайдың дамуын болжайды, сөйтіп, осыған сәйкес кәсіпорынның операциясы мен тактикасын әзірлейді.

Сонымен, «Менеджмент» ұғымы көптеген мағынада қолданылады: басқару, басқарушылық қызметін жүзеге асыратын әлеуметтік топтар. Менеджмент - бұл өзіне ұштастырылатын экономикалық, социологиялық, психолгиялық, құқықтық, техникалық және басқа да пәндердің табысқа жетуіндегі, басқару өнерін пайдаланудағы білімнің пәнаралық саласы болып табылыды. Ол сонымен қатар, басқарудың теориясы мен практикасын қосады, икемді және активті қолданудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуді қамтамасыз етеді.

Отандық менеджменттің басты негізі - адам ресурстары және кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Сондықтан да, оның басты міндеті - ақпараттың, білімнің, тәжірибе мен өндіргіш күштердің жаңа ережелерін жасау.

Менеджмент жүйесінде көптеген түрлерді бөлуге болады:

  • өндірістік менеджмент;
  • кадрлық менеджмент;
  • инновациялық менеджмент;
  • ақпарат менеджменті;
  • қаржы менеджменті;
  • сауда менеждменті;
  • маркетинг менеджменті;
  • салық менеджменті;
  • халықаралық менеджмент.

Менеджменттің бернелері

Менеджменттің бернесі - бұл басқарушылық қызметтің нақтылы түрі, арнайы қабыл алу және тәсілі, сол сияқты тиісті жұмысты ұйымдастыру, қызметті бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Міне, осыдан, басқару мазмұнының негізгі құрамдас компонентінің бірі - берне болып табылады, яғни сол немесе басқа да жай жұмысты біршама орындау үшін не керек, қорытындысында істі қалай ұцымдастыру, уәждемелеу және оның орындалуын бақылау керектігін күні бұрын анықтауды қажет етеді. Мұны басқару бернесі деп атауға болады.

Менеджменттік берне - өндіріс факторларын пайдалану, жаңа өнімдер мен технологияны енгізу жөніндегі шешімдерді ұйымдастыру және орындауды қабылдаудан тұрады.

Берне - бұл басқарудың объективті құрылуы, ұғымды қалыптастыру және басқарудың берне құрылымының жүйелі тәсілінен тұрады.

Басқарудың әрбір бернесі одан әрі саралауға тап болуы мүмкін. Мына кестеде бірден - бір мүмкін болатын нұсқалар шамаланады.

Басқару бернелерін сыныптау

Басқару сатысы
Басқару бернесі
Басқару сатысы: Басқарушылық шешімді қабылдау
Басқару бернесі: Болжау
Басқару сатысы: Қабылданған шешімді іске асыру
Басқару бернесі: Жоспарлау
Басқару сатысы: Ұйымдастыру
Басқару сатысы: Бақылау
Басқару бернесі: Үйлестіру және реттеу
Басқару сатысы: Жандандыру және ынталандыру
Басқару сатысы: Есеп
Басқару сатысы: Талдау

Негізгі өзара байланыстың басқару бернесі арасындағы сызбалық тұлғалар мына төменде келтіріледі:

Басқарушылық қызмет төмендегідей істердің атқарылуын қарастырады:

  • кәсіпорын жұмысын жоспарлау мен болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс - әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер миен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
  • рангысына байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш - жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғары тиімділікке мақсатты бағыттау;
  • басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру.
  • Алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Нақтылы экономикалық объектіде басқару бернесінің практикада алға қойған міндетінің іс жүзінде асуына байланысты, тиісті басқару аппараты оны шешуге қаблетті болуы тиіс. Қызмет міндеті ретінде немесе басқару аппаратының бернесі ретінде оларды дәлірек анықтауды қажет етеді.

Берненің құрамы - міндеті, аппараттың өзінің құрылымы басқару объектісінің ерекшеліктерімен анықталады. Объектінің ерекшелігіне байланысты, сол сияқты жалпы басқару объектісінің бернелерімен аппараттың кейбір буындарының берне - міндеттерімен бөлінеді:

  • өндірістің техникалық дайындығы;
  • қызмет көрсетудің бірнеше түрлері;
  • өнім сапасын бақылау.

Процестің бір тұтастығы және басқару құрылымы басқарушылық аппаратта шешілерін басқару бернесіне сіңісетін және бернелер - міндетін тұлғалайды: әрбір берне - міндеттің орындалуы басқарудың барлық бернелерін іске аыруды ұйғарады.

Менеджерлік қызметтің міндеті

«Менеджер» дегеніміз - ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей - тегжейлі білетін мамандандырылған басшы. Менеджерлік әрекетінің мәні өзгерусіз, тек менеджердің бернесі және оның жұмыс әдісі ғана қалады. Еңбектің басқа түрлерімен салыстырғанда басқару еңбегін ұйымдастырудң бірнеше ерекшеліктері болады. Сөйтіп, оның еңбегі, оның нәтижесіне және қабылдайтын шешімін білдіреді.

Шешетін міндеттің артықшылығы көбінесе басқару еңбегінің творчестволық ой - мінезін алдын ала анықтау болып табылады. Менеджер адам, финанс және басқа да ресурстарын көп өнімділікке жеткізеді. Менеджерлік әрекеттің қорытындысы алға қойылған мақсатқа жетумен бағаланады. Қандай да салада жұмыс істемесін әрбір менеджердің жұмысында бес базалық операция болады. Олардың нәтижелерін, тіршілікке қабілеттілігін және ұйымдастырушылығын қолдауда интеграциялық ресурстар басты рөл атқарады.

Менеджер, біріншіден, мақсатты белгілейді. Ол міндеттің әрбір тобын анықтайды және осы мақсатқа жету үшін не істеу керек екенін шешеді.

Екіншіден, менеджер жұмысты ұйымдасырады. Ол әрекет түрлерін, шешімді, қатынасты, қойылған мақсатты іске асыру үшін қажеттілікке талдау жасайды. Ол сонымен қатар, оларды басқарылатын жиынтықтарға, ал бұл жиынтық басқаратын еңбек міндеттеріне бөлінеді.

Үшіншіден, менеджер мотивация мен коммуникацияны қолдайды. Ол түрлі жұмыстарға жауапкершілікті адамдардан өзінің құрамын жасақтайды және де мұны ерекше әдіс жәрдемімен жалақы жөнінде, жұмысқа тағайындау, қызметке жоғарылату арқылы және көптеген басқа да түрлі шешімдерді кадрлар арқылы шешуді ұйымдастырады.

Төртіншіден, менеджерлік қызметіндегі өлшеу. Ол өлшеу бірлігін бергілейді, әрбір адамның өзіне тән көрсеткіші болуын қадағалайды, бағалайды және нәтижесіне назар аударады.

Бесіншіден, ол өзімен бірге адамдардың өсуіне жағдай жасайды. Аталған еңбек өмірінің сапасы ұйым мүшелерінің өсуіне қолда бар мүмкіншілікті қамтамасыз етеді.

Осы жоғарыдағы аталған операциялар жұмыстардың санатына бөлінуі мүмкін, сөйтіп олардың әрқайсысына ерекше сапа және мамандықты талап етеді.

Кімді менеджер деп атауға болады деген сұрақ жиі айтылады. Осы жерде есте болатын жай, менеджер билік емес, ранг емес, барлық ұйымның іс - әрекетіне және жауапкершіліктің нәтижесіне қосатын үлесі.

Қайсы бір фирма жұмысына кірісетін келешектегі менеджерге фирманың жоспарлы бағдарламасын жасап алуы керек. Онда мына сауалдарға: не істеу? қалай істеу? қашан істеу керек? Дегендерге нақты жауап болғаны жөн. Жоспарлы жасау - бұл тек қана алғашқы қадам. Егер менеджер көздеген нәрсені көп жоспарлы және белсенді танытып орындамаса, ең жақсы және әбден белгіленген жоспардың өзі қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Персоналды басқару стильдері
Функционалды біліктілік
Персоналды басқару және кадрлық саясат
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Кәсіпкерлікке қолдау көрсету
Корпоративті басқарудың құрылуы мен дамуы
Кәсіби мотивация және жас мамандардың кәсіби мотивациясының ерекшеліктері
Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz