Ұлттық шоттар жүйесі, Макроэкономикалық көрсеткіштер



1. Өндіріс шоты
2. Аралық тұтыну
3. Табыстардың құралу шоты
4. Салыстырма (өткен жылғы) бағаларға қайта бағалау
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Статистика пәні бойынша

СӨЖ

Тақырыбы: Ұлттық шоттар жүйесі. Макроэкономикалық көрсеткіштер

Орындаған:

Тексерген:

Алматы, 201_ ж.

Жоспар:

1. Өндіріс шоты
2. Аралық тұтыну
3. Табыстардың құралу шоты
4. Салыстырма (өткен жылғы) бағаларға қайта бағалау

Ұлттық шоттар жүйесі. Макроэкономикалық көрсеткіштер

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын Ұлттық шоттар жүйесі
1993 жылғы ҰШЖ тұжырымдамаларына негізделген. Ол нарықтық қатынастың өтпелі
кезеңінде тұрған елдің экономикасын ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып құрылған.
Ұлттық шоттар жүйесінің мәні экономика салаларының ұдайы өндіріс
процесінің әртүрлі сатыларындағы дамуының жинақтап қорытылған
көрсеткіштерін есептеп шығаруға және осы көрсеткіштердің бір-бірімен өзара
үйлесуіне саяды. Ұдайы өндірістің әрбір сатысына арнаулы шот немесе шоттар
тобы сәйкес келеді. Осылайша, өндірілген тауарлар мен қызметтер құнының
қозғалысын, сондай-ақ өндіруден пайдалануға дейінгі қосылған құнды бақылап
отыру мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында тауарлар мен қызметтер шотын,
өндіріс шотын, табыстарды бөлу және пайдалану шоттарын, жинақтау шоттарын
есептеу жүзеге асырылған.
Тауарлар мен қызметтердің шоты өзіндік жиынтық кесте болып табылады.
Ол басқа да барлық шоттар сияқты екі бөліктен тұрады: ресурстар бөлігінде
тауарлар мен қызметтердің шығарылымы және импорты, өнімдерге және импортқа
салынған салықтар, өнімдерге арналған субсидиялар, ал пайдалану бөлігінде
– тұтынуға (аралық және түпкілікті) арналған тауарлар мен қызметтердің
пайдалану көлемі, негізгі және айналым капиталының қорланымы, экспорт
көрсетіледі.
Өндіріс шоты тікелей өндіру процесіне қатысты операцияларды қамтып
көрсетеді. Бұл шотта экономика дамуының жинақтап қорытылған аса маңызды
көрсеткіштерін – жалпы ішкі өнімді есептеп шығарудың негізін құрайтын
қосылған құн анықталады.
Шығарылым есепті кезеңде экономикада өндірілген тауарлар мен
қызметтердің жиынтықты құнын көрсетеді.
Тауар өндіруге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық
шаруашылығы, құрылыс сияқты салалар кіреді.
Қызмет көрсетулерді өндіруге көлік, байланыс, сауда, мәдениет, білім
беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, банктер көрсететін
қызметтер және т.б. қызметтер жатады.
Аралық тұтыну есепті кезеңде өндіріс процесінде түрленетін немесе
түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құнына тең. Негізгі капиталды
тұтыну аралық тұтыну құрамына кірмейді.
Аралық тұтыну құрамына қаржы делдалдығының (банктердің) жанама-өлшемді
қызметін тұтыну жеке жайғасым болып енеді.
Жалпы қосылған құн салалар деңгейінде тауарлар және қызметтер
шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп
шығарылады. Жалпы термині өндіріс процесінде тұтынылған негізгі
капиталдың құны көрсеткішке қосылатындығын көрсетеді.
Өнімдерге салынған салықтарға мөлшері өндірілген өнімдер мен
көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар кіреді.
Өнімдерге салынатын салықтарға қосылған құн салығы, акциздер, отынға
салынатын салық және басқалары кіреді. Импортқа салынатын салықтар – бұл
шетелдерден әкелінетін тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар.
Өнімдерге салынған cубсидиялар – кәсіпорындарға олар тауарлар мен
қызметтердің белгілі бір түрлерін өндірген жағдайда Мемлекеттік бюджеттен
берілетін ағымдағы өтеусіз төлемдер.
Жалпы ішкі өнім өндіріс сатысында жалпы қосылған құнды салалар бойынша
жиынтықтау жолымен алынады. Жалпы ішкі өнім рынок бағасы бойынша есептеп
шығарылады, яғни өзіне өнімдерге және импортқа салынған таза салықтарды
қосады. Таза термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп
көрсетілгендігін білдіреді. Бұл – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті
нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің
бірі.
Табыстардың құралу шоты институционалдық бірліктердің – тауарлар мен
қызметтер өндіруге тікелей қатысатын резиденттердің бастапқы табыстарын
төлеуді көрсетеді.
Институционалдық бірлік, егер елдің аумағында оның экономикалық мүдделер
орталығы болса, яғни ол, әдетте бір жылға теңестірілетін ұзақ уақыт кезеңі
ішінде экономикалық қызметтің немесе операциялардың қандай да бір түрімен
айналысса немесе айналысуды ойласа, онда ол ел экономикасының резиденті
болып саналады.
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс берушінің қызметкерлерге
олардың есепті кезеңде орындаған жұмысына ақшалай жәненемесе заттай
нысанда төлеген барлық сыйақыларының сомасымен анықталады. Қызметкерлердің
еңбегіне ақы төлеу есептелген сома негізінде есепке алынады және оған
әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, табысқа салынатын салықтар сомасы мен
қызметкерлердің төлеуге жататын, тіпті олар шын мәнісінде әкімшілік
мүдделер немесе өзге де себептер бойынша ұсталып және қызметкердің атынан
тікелей әлеуметтік сақтандыру органдарына, салық қызметтеріне және т.б.
төленетін басқа да төлемдер кіреді.
Өндіріске салынатын басқа да салықтар өнімге салынатын салықтардан
басқа, өндіруші бірліктердің өндіруге немесе өндіру факторларын
пайдалануына байланысты оларға салынатын барлық салықтардан тұрады. Мұндай
салықтардың мөлшері өндірістің көлемі мен пайдалылығына тікелей байланысты
емес.
Олар сол сияқты институционалдық бірліктер алатын пайдаға немесе өзге
де табыстарға салынатын кез келген салықтарды қоспайды. Өндіріске салынатын
басқа да салықтарға жататындар: табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін
салықтар (экологиялық салық), жер үшін төлем (жер салығы), патенттер үшін
төлем, мемлекеттік баж және алымдар, кәсіпорындар мен ұйымдардан алынатын
жылжымайтын мүлікке салынатын салық.
Экономиканың жалпы (таза) пайдасы қосылған құнның қызметкерлер
еңбегіне ақы төлеуге және өндіріске салынатын салықтарды төлеуге байланысты
шығыстарды шегергеннен кейін өндірушілерде қалатын бөлігі. Жалпы немесе
таза термині бұл жағдайда осы көрсеткіш өндіріс процесінде негізгі
капиталды тұтынуды қоса ма немесе қоспай ма соны көрсетеді.
Үй шаруашылықтарының меншігінде тұрған кәсіпорындардың өндірістік
қызметінің нәтижесінде құралатын пайда жалпы аралас табыс деп аталады,
өйткені ол кәсіпорынның меншік иесі орындаған жұмысқа ақы төлеуді де, сол
сияқты кәсіпкерліктен түскен пайданы да көрсетеді.
Негізгі капиталды тұтыну негізгі капитал құнының есепті кезең ішінде
оның табиғи тозуы мен сапалық тозуының және кездейсоқ бүлінуінің
нәтижесінде азаюын көрсетеді.
Бастапқы табыстарды бөлу шоты резиденттер арасындағы (институционалдық
бірліктер немесе секторлар) өндірістік қызмет пен меншіктен алынған
бастапқы табысты бөлуді сипаттайды.
Меншіктен түскен табыстарға институционалдық бірліктердің қаржы
активтерін, жерді және басқа қаржыға жатпайтын активтерді (жер қойнауы және
басқа табиғи активтер, патенттер, лицензиялар және т.б.) пайдалануға
беруіне байланысты алатын немесе төленетін табыстары кіреді.
Бастапқы табыстар сальдосы институционалдық бірліктердің –
резиденттердің меншіктен өндіріске қатысуының нәтижесінде құралатын
табыстарды сипаттайды. Олар бірліктер-резиденттер алған және төлеген барлық
бастапқы табыстардың арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы негізде
анықталған, яғни негізгі капиталды тұтынуды шегергенге дейінгі бастапқы
табыстар сальдосы тұтастай экономика деңгейінде жалпы ұлттық табысқа тең.
Таза негізде анықталған, яғни негізгі капиталды тұтынуды шегергендегі
бастапқы табыстар сальдосы таза ұлттық табысқа тең.
Табыстарды қайталама бөлу шоты ағымдағы трансферттердің түсуі және
табысталуы нәтижесінде секторлардың бастапқы табыс сальдосының олардың
қолдағы табысына айналуын көрсетеді.
Трансферт бір институционалдық бірліктің екінші бірлікке орнына тауар,
қызмет немесе актив түріндегі өтем алмай-ақ, тауар, қызмет немесе актив
(қаржылық немесе қаржыға жатпайтын) беру операциясы. Трансферт ағымдағы
және күрделі деп бөлінеді. Олар ақшалай және заттай нысанда жүргізілуі
мүмкін.
Ағымдағы трансферттің мынадай негізгі түрлері бар: табысқа, байлыққа
және т.б. салынатын ағымдағы салықтар, әлеуметтік сақтандыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат
Өндіріс шоттары
Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны туралы
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
Ұлттық есеп жүесi – макроэкономикалық статистиканың негiзi
Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны
Әлеуметтік-экономикалық статистика
Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер
Лекциялардың қысқаша конспектілер
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі
Пәндер