Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. Жеке тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде ... ..
1.1. Жеке тұлға ұғымы, азаматтың есімі ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде ... ... .
2.1. Заңды тұлға атауы, теориялық түсінік ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Заңды тұлғанын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Заңды тұлғанын пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
VI. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2. Заңды тұлғанын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Заңды тұлғанын пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
VI. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Азаматтық құқық субъектісі азаматтық құқықтық қатынастар элементін құрайды. Азаматтық құқық кодекстің 2 тарауына сәйкес субъект болып мынал танылады: Жеке тұлға, Заңды тұлға, Әкімшілік аумақтық бөлініс және Мемлекет. Жеке тұлға- Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлға- Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Әкімшілік аумақтық бөлініс- Қазақстан Республикасының территориясында заң бойынша бөліністе тұратын әкімшілік территориялық округтарды айтамыз. Мемлекет деп Қазақстан Республикасын айтамыз.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: азаматтық құқық субъектісі түсінігін, мазмұнын және субъектінің түрлерін, сонымен қоса қазіргі кездегі тіркелген заңды тұлғалардың көрсеткішін анықтап, статистикаға тоқтатылып, тақырыпты толықтай зерттеу болып табылады.
I. Жеке тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде
1.1.Жеке тұлға ұғымы, азаматтың есімі.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Қазақстан Республикасы азаматтарына құқық қабілеттігі толық түрде беріледі. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы Заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады. Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі. Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.
Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу және жүзеге асыру тиісіншеғ дербестікке ие болу керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-бабының 1-тармағына сәйкес азамат өз тегі мен өз есімін, содай-ақ қаласа, әкесінің атын да қоса алды. Азаматқа туған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының тегі беріледі. Егер әртурлі тегі болса, онда ата-аналары қайсысын біреуді өздері келісіп шешеді. Некесіз туылған балаға әкесі жоқтыңынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасының тегі беріледі. Біздің елімізде 1998 жылдан бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді ескере отырып, баланы әкесінің немесе атасының атына жаздыруға мүмкіндігі беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтарының тегі мен әкесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика Үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26 қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісі нақтылай түседі. Өмірде аты, тегі және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді, Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәландыру мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді-мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалады. Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. Азамат өзі бір жерде тұрып, екінше жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кезедеседі.
1 . 2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады.
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13- бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұртың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне , дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтаржы құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберіне жекеленген азматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсетіле қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру мумкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі деген заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: Заң құжаттарыңда көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен қабілеттілігін шектеуге болмайды. Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот укімі алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігін толықтай айрылмайды.
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен катар, құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз, нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мумкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауакершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Құқық қабілеттілігі адамның - құқық субъектісін өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара мұра қысқарады, ішінара мұрагерге көшеді. Өлім - бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей емес , бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18-жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда Неке және отбасы туралы Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарды ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады. Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымына толық құқықлы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Жасы кәмелетке толмаған жар келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе қамқоршысы өтеуге тиісті бөлігін, оның ата-анасы немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиын келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірілген зиынды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi.Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншысы жасайды.Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуiр жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабiлеттiлiгi бар деп таниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.
Спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн сот Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiп бойынша шектеуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мәмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кiрiстерiн алуды және оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады.
Азамат спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.
II . Заңды тұлғалар азаматтық құқық субьектісі ретінде
2. 1. Заңды тұлға атауы, теориялық түсінік
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады". Заңды тұлғаны құруға қатысқан адамдарды құрылтайшылар немесе қатысушылар деп атайды.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Заңды тұлға екі түрге бөлінеді
Коммерциялық ұйым Коммерциялық емес ұйым
Коммерциялық ұйым дегеніміз - меншік шаруашылық жүргізу құқығындағы қызметінен, іс-әрекетінен түсетін пайданы өз құрылтайшыларының арасында бөліске салатын заңды тұлғаны айтамыз ( шаруашылық серіктестік, толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершіліші бар серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын ) .
Коммерциялық емес ұйым - пайда табу көзін көздейтін бірақ түскен пайданы құрылтайшылар арасында бөліске салынбайтын түскен пайда қайырымдылыққа жұмсалатын заңды тұлғаны айтамыз ( мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі, діни бірлестік ) .
Заңды тұлғаны басқа заңды тұлғалардан айыру мүмкін болу үшін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды түлғаның атауы құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеулер де жасалады. Егер заңды тұлғаның атауы заң талаптарына және қоғамдық мораль нормаларына қйшы келетін болса ондай есімдерді пайдалануға жол берілмейді.
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрақты тұрған жері болып есептеледі. Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал деп аталады.
Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер жасайтын оқшау бөлімшесін өкілдік деп атаймыз.
Статистика агенттігінің бугінгі күнгі деректеріне қарағанда, тіркелген заңды тұлғалар ішінде 278 мың 197 бірлігінің 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар болып табылады. Сонымен бірге, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 186 мың 235-ті құраса, оның 171 мың 882-сі - шағын кәсіпорындар. Сондай-ақ қыркүйектегі жағдай бойынша республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 210 мың 916 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға артқан.
Қазіргі таңда өзінің жеке меншік кәсіпорнын ашып, коммерциялық қызметпен айналысамын, өз қызметінен пайда табамын деген азаматтар аз мерзімнің ішінде кәсіпорындарын ашып, жұмыстарын бастай алады. Оған қазіргі уақытта түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, құжаттарды қабылдау және беру енді бір жерден жүргізілетін болды, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар саны да азайтылған.
2010 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысы Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жеңілдету мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойып, ол 12 ақпаннан бастап өз күшіне енді. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу мерзімдері азайтылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершіліктері бар серіктестіктер туралы Заңына өзгерістер енгізіліп, шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталының мөлшері 100 теңгеге дейін азайтылды. Бұған дейін жарғылық капиталдың мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш болатын.
Бұдан басқа, алғашқы тіркеуден өтетін, шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын жарғы, құрылтай шарты нотариалдық түрде куәландыру міндеті алынып тасталды.
2. 2. Заңды тұлғалардың негізгі түрлері.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялык емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше күқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік коғам, өндірістік кооператив нысан-дарыңда құрыла алады.
Кұрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:
1. құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
2. қүрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
3. құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік күкығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматтық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың қызметі 1998 жылы 10-шілдеде қабылданған Қазақстан Реслубликасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңымен және 1995 жылы 2-мамырда қабылданған Казақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығымен реттеледі. Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің құкықтык мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай келуі тиіс. Азаматық кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған: 1) толык серіктестік; 2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 4) сенім (коммандиттік) серіктестігі. Шаруашылық серіктестігінің қүрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейін қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары жалпы ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.
Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам бір тұлғамен кұрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктін міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Сенім серіктестігі - дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz