Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудын қажеттілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кәсіпорын стратегиянын қалыптастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.3 Жоспарлауды ұйымдастыру және оның қызметтері мен міндеттері ... ... 26
2. «РВ ДАЧИН» ЖШС.ның жоспарлау қызметін зерттеу мен экономикалық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.1 Нарықтық жағдайдың және «РВ ДАЧИН» ЖШС.нің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2 «РВ ДАЧИН» ЖШС.нің экономикалық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... 33
2.3 «РВ ДАЧИН» ЖШС.нің табыстылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
3. Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ..48
3.1 Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3.2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау ... ... ... ... ... ... .53
3.3 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға ұсыныстар ... ... ... ... ..58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудын қажеттілі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Кәсіпорын стратегиянын қалыптастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 19

2. РВ ДАЧИН ЖШС-ның жоспарлау қызметін зерттеу мен экономикалық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.1 Нарықтық жағдайдың және РВ ДАЧИН ЖШС-нің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.2 РВ ДАЧИН ЖШС-нің экономикалық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... 3 3
2.3 РВ ДАЧИН ЖШС-нің табыстылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 42
3. Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... 48
3.1 Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3.2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау ... ... ... ... ... ... .5 3

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Кіріспе
Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өнімділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.
Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:
Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтижесін жоспарлау мен болжау қажет,
Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.
Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтижеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады[1].
Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда - материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Көпшілік салада жетістіктерге жету үшін кәсіпкер, кәсіпорынның даму стратегиясын жоспарлаудан бастайды және ол туралы шет елдердің басылымдарында төмендегідей кеңестер береді:
1) Қандайда болмасын зат өндірудің бір түрімен, немесе қызмет көрсетудін ерекше түрі бар монополияңыздың болуына талпыныңыз.
2) Сіздің бизнесіңіздің түрінің болашағы болу керек, сізге қарама-қарсы бәсекелестер (конкурент) бола тұрса да, тұрақты қажеттілікке жауап бере алатын болуы керек;
3) Өзіңіздің өнімдеріңізге (продукция) жаңадан сауда рыногтарын ұйымдастыра білуіңіз шарт.
4) Кез келген кәсіпорынның стратегиялық жоспары болуы керек;
- рынокқа қандай өнімді шығару, оның түрі (ассортимент) және қандай бағамен.
- тауарлар (заттар, өнімдер) айналымын қандай жүйелеге (каналдарға) түсіру және қандай көлемде саудаға қоя білу.
- тұтынушылардың назарын қандай да әдіспен аудара білу, олардың мұқтаждық қажеттіліктерін оңғара білу, сөйте отырып өнімнің тез өтуіне ықпал (стимул) жасау.
- сервис қалай болуы керек, және ол кімдерменіске алады.
- келешекте кәсіпорынды қандай экономикалық өзгерістер күтіп тұр және қандай шығындар қажет екендігін жоспарлау.
Осылайша жетістіктерге жету үшін кәсіпорын өз жұмысын жоспарлағанда кәсіпорынды талдауды, жоспарлау стратегиялары мен тактикаларын кең түрде ендіре білуі керек[2].
Осыған орай дипломдық жұмыс тақырыбы Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжамды іске асыру деп алынған.
Зерттеу объектісі болып кәсіпорынның тыныс тіршілігінің жоспарлау мен болжаудағы әдістерін анықтау мен жаңаша өмірге сәйкес сараптама жасау және РВ ДАЧИН ЖШС мысалға ала отырып жан-жақты талдау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты нарықтық қатынастарда қызмет етіп отырған шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін зерттеудің маңыздылығын, жоспарлаудың ерекшеліктерін, оның іске асу барысы мен жүргізілу тәсілдерін, жоспарлаудың мазмұны мен топтамасын, есептеу жолдарын, кәсіпорынды жоспарлау қызметінің ұйымдастырылуын РВ ДАЧИН ЖШС-нің мысалында талдау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін дипломдық жұмысқа келесі міндеттер қойылады:
oo Нарықтық экономикада кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәнін, мағынасын, жоспарлау кезеңдерін қарастыру;
oo Кәсіпорын жұмысын жоспарлау, оның әдістемесін және ұйымдастырылуын анықтау;
oo РВ ДАЧИН ЖШС-нің мәліметтері мысалында аталған шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін зерттеу және экономикалық жағдайын талдау;
oo Жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтердің түрлерімен танысу;
oo Кәсіпорындардың жоспарлау қызметін жетілдіру мен дамыту жолдары қарастыру
1.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болдаудын қажеттілі
1.1 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері
Жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуынажетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өңдірістің материялдық-заттық элементтерітұрғысында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді жасау тұрғысында, ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің қажеттілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктері болжамдайды, нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштері, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудыңдәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсаттқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады) [3].
Жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.
Жоспарлау - атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтижисін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.
Жоспарлау мен болжау - бұл экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтижесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.
Адамдардың субъективті қызметі ретіндегі жоспарлау тек қоғам дамуының объективті заңдылықтарын танып білуге, қаржы ресурстары козғалысының тенденцияларына басты негізделген, бұрын жүргізілген шаралар мен қаржы операцияларының нәтижелігін зерттелуге негізделген жағдайда ғана оң нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың шешімдерін бағалаудың прогресивті әдістерін ғылыми пайдалануды, техникалық дамуымен, тиісті ақпараттың жоғары біліктілігімен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалығының үлкен маңызы бар. Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі - табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Жоспарлаудыц мазмұны ақшалай табыстар мен қорларды жасау, бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржыны жоспарлаудың міндеті жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарын ұдайы өндірістің материялдық заттық элементеріне оңайтыла сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді, жүйелердің дамуының үйлесімдігі мен теңгерілімдігіне жету.
Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мыналар:
- қаржы ресурстарын қалыптастырудың көздерін және олардың жалпы мөлшерін анықтау;
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік-аймақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлар үйлестерін (пропорцияларын) белгілеу;
- қаржы ресурстарын пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және резервтерін жасау.
Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді рөл атқарады, өйткені ол бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, екінші жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары, мекемелері және олардың жоғары құрылымдары жүзеге асырады.
Нарықтық жағдайында жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам - арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағым қандай болса да бір құбылыстың жай-күін ықтималды пайдалану. Болжау - қандай болса да бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамдарын әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы - бұл қаржы қатнастарының мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі - қаржы ресурстары, процесі - ақша қорларының қозғалысы[3].
Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мезгілді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам( болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануын анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске ауыстырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді: Экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау; Коррекциялық - регресиялық талдау; Тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Жоспар - іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе.
Жоспарлау - жоспарлаудың өзін әзірлеуді, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалы) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық - үйлестіруші рөлді атқарады және қаржы қызметінің субъектіліріне экономикалық зерттеушіліер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізіледі. Оны жасау барысында Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізінде алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құру жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың ажырағымсыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау юолып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын атқару.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді-реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқалары пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағасы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттык банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амартизациялық аударымдарының нормалары [4].
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде жоспарлау белсенді роль атқарады. Қаржы жоспарларын әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмаларың қауыртығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығыстарды қысқартурезервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендету, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқаруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан - қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаларға негізделген: орталықтандырылған көзқарастардың үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жургізуге мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысыналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бірліктер мен биліктің жергілікті орындарының нақтылы жоспарлау жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелігі артырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биіліктің жергілікті органдары бюджеттерінің аумағына орналасқан шаруашылық жүргізүші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтудегі, тиімділікті жоғарлатудағы оның ролін арттыру қажет.
Бірлік қағидасы қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысты. Қаржы жоспарларының негізіндеэкономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысты білдіреді. Жоғары ұйымдардыңқаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді.
Жоспарлаудың үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет.Бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қолжетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістері мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптарыжасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың жәнеэкономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғары ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған карасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді [5].
Жоспарлаудың үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қолжетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың жәнежалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарды құрудың және пацдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: орталықтандырылған (жалпы мемлекеттік) және ортал ықтандырылмаған.
Орталықтандырылмаған қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғаласын негіздейді. Мемлекеттің қаржы жүйесін жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сондай-ақ министірліктердің, ведомстволардың каржы жоспарларының құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомстваның шегінде ғана жобалайтындықтан олар орталықтандырылмаған жоспарлаға жатады. Орталықтандырылмаған қаржы жрспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен бірге сферасымен, жоспарлау әдістемесімен және арналымымен ерекшеленеді.
Орталықтандырылмаған қаржы жоспарларының мынадай елеулі белгілері болады:
Объектісі - микро деңгейде қалыптасып, бөлінітін жалпы мемлекеттік ресурстар;
Қамтуы - мемлекеттің қаржы қызметінің сферасы, титісінше оның ұдайы өндіріс процесіне қатысушыларымен өзара қаржы қатынастары және сонымен бірге пайда болатын жалпы құндық ара қатынастар;
Негізгі мақсаты - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға негізделетін нақтылы кезеңге арналған оның қаржы жоспарын негіздеу.
Орталықтандырылған қаржы жоспарының нысандары, мазмұны көбнесе тиісті мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылысына, қаржы жүйесінің жеке буындарына, сондай-ақ нақтылы кезеңге қаржы көмегімен жүзеге асырылатын қайта бөлу процестерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Орталықтандырылған қаржы жоспарлары экономикалық және әлеуметтік процестерді мемлекттік реттеуде маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде құрама қаржы жоспары жалпы мемлекеттік, салық аумақтық жоспарларды қамтиды. Мыналар жалпы мемлекеттік болып табылады: мемлекттің құрама қаржы балансы, мемлекттік бюджет, республикалық бюджет. Құрама қаржы балансы деп орта мерзімді (бес жылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады.Оны жасаумен Қаржы Министірлігінің Ұлттық Банктің белсенді қатысуымен экономика және Бюджеттік жоспарлау Министірлігі айналысады Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізілуі тиіс[5].
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды қамтиды: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (ҚҚС, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (құрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвециялар), сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар, әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалынатын шығыстар, басқару мен қорғаныс шығыстары, қысқа мерзімді несие салымдарының және ұзақ мерзімді несиелер алуға арналған қаражаттардың өсімі.
Құрама қаржы балансы, сонымен ұлттық шаруашылық қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржы көсеткіштерінің жүйесі болып табылады. Құрама қаржы балансында қамтылатын көрсеткіштердің құрамы елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылады. Бес жылдық мерзімді (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-несие қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Құрама қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштері бойынша министірліктер мен ведомстволарға нақты бекітуінсіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілердің мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстарда да осындай.
Дүние жүзінің барлық елдерінде таралған маңызды орталықтандырылған қаржы жоспары - мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттілігінен туындайды[4].
Бюджетбаланс нысанында жасалады. Онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұғымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңдестіруіне баса назар аударылады.
Аса маңызды оперативті қаржы жоспарының мемлекеттің құрама қаржы балансынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес, тек орталықтандырылған бөлігі қамтылып көрсетіледі. Бюджетте түсетін төлемдердің нақты аттары мен олардың төлеушілірі, арналым және оларды алушылар көрсетіледі. Мемлекеттік сақтандырудың құрама каржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен стихиялық апаттарды ескертуімен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының жасау мен бөлуді жоспарлайды. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, қаражаттарын біріктірді.
Аймақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың құрама қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдар және тағы басқалары.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, орташа мерзімді (3 жылдық, 5 жылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бес жылдық мерзімде жасалынады. Арналымына байланысты бес жылға құрама қаржы балансы, бірқатар басқа құрамдық жоспарлары жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстардың негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізулуі тиіс.
Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызмет жоспарлаудақаржы көрсеткіштері - шаруашылық жүргізуші субъектілердің салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспарлық, есептік немесе есеп-қисаптық мәліметтер пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы (нормаларда) мөлшерлерде көрінеді. Қаржы көрсеткіштері сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.
Кәсіпорын деңгейінде мыналар аса маңызды қаржы-экономикалық көрсеткіштер болып табылады:
- өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табысы;
-бұл көрсеткіш мақсатты арналымның қорлары бойынша ақша қаражаттарын одан әрі бөлу және пайдалану ауқымдары мен мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды;
- шығындардың көрсеткіштері (өткізілген өнімнің өзіндік құны, шығындардағы және элементтерінің үлес салмағы, кезең шығысы);
- жалпы табыс;
- таза табыс;
- реннтабельділіктің (табыстылықтың) деңгейі;
- амортизациялық аударымдардың мөлшері;
- өндірістік және әлеуметтік дамуының шаруашылық есеп қорларының ауқымы (қорлану, тұтыну, резерв,валюта және ұқсас қорлар);
-жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен, басқа ұйымдармен (несиелік және дебиторлық берешек, міндеттемелердің ауқымы, бюджет бойынша берешектер және басқалары) есеп айырысу аухалының көршеткіштері;
- айналым қаражаттарының көлемі, сақталымдағы және олардың жасау көздері;
- айналым қаражаттарына деген қажеттіліктің оның қола барымен сәйкестігі;
- негізгі және айналым құралдарын пайдаланудың көрсеткіштер (қор қайтарым, өнімнің қор сиымдылығы, айналым қаражаттары айналымдығының коэффициенті, айналым қаражаттарының ұзақтағы, айналымдылығының тездетудің көрсеткіші);
- акционерлік капиталдың ауқымы және дивиденттердің көлемі;
- жалдау ақысының мөлшері және басқалары;
- кәсіпорын қаражаттары тиімділігінің көрсеткіштері.
Алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
- Экономиканың даму бағытын анықтау;
- Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;
- Нәтежиеге қажетті ресурстарды анықтау;
Жоспардың өзіне тән қасиеттері:
Біріншіден, жоспарда нақты мәліметтер, өндіріс құрамы мен қызметі, мақсатты тапсырмалары және оларды шешу тәсілдері толығымен жазылады;
Екіншіден, экономиканың даму инфрақұрылымын қарастыра отырып, жоспарларда еңбек күші, материялдық және қаржылық ресурстары толығымен көрсетіледі.
Үшіншіден, жоспар - бұл нарық субьектілерінің арасындағы келісім жасайтын тиімді құрал және ол қоғамға мемлекеттің экономикалық саясаты туралы ақпарат беру қызметін атқарады.
Төртіншіден, экономиканың дамуы үшін жоспарларда экономикалық болжау жасалынады.
Осының нәтежиесінде, мемлекет жоспар көрсеткіштері арқылы экономикалық өзгерістерді және жеке кәсіпкерлік фирмалардың даму қарқыны туралы мәліметтер алып отырады [3].
Болжау мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады.
Болжаудың негізгі принципі - жоспарлық есептің ғылыми негізделуі және нақты шама болуы.Бұл барлық экономикалық заңдылықтарды, ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, техника мен технологиялық жетістіктерді меңгеруді өнімділікті ұйымдастыра білу мен басқарудан құралады.
Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.
Жоспар жасалу барысында, тексеріле отырып, түзетулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бүгінгі таңда ғалымдардың есептеуі бойынша жоспарлау мен болжау жасаудың 150-ден астам әдісі бар. Бірақ тәжерибе жүзінде негізінен соның ішінде 15-20әдісі қолданылып келеді.
Сонымен қатар, болжалдау мен жоспарлауда келесідей әдістер қолданылады:
1. Экономикалық-статистикалық әдістер: экономикалық салыстыру әдісі, орташа шамалар әдісі, динамикалық қатарлар, тотау әдісі
2. Математикалық-статистикалық әдістер: корреляциялық әдіс, регрессиялық әдіс
3. Баланстық әдіс
4. Нормативтік әдіс
5. Монографиялық әдіс
6. Эксперттік бағалау әдісі
7. Эксперементалдық әдісі
8. Экономикалық математикалық модельдеу
9. Абстрактылы-логикалық әдіс
Болжау мен жоспар жасағанда бірнеше әдісті бірден қолдана аламыз. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырылып, байланыстырылып тұруы керек.
Кең қолданылатын маңызды әдістердің бірі болып баланстық әдісті қарастырамыз. Бұл әдісте материялдық және ақшалай ресурстардың қорлары мен қажеттіліктері және жоспар элементтерімен байланыстары қарастырылады. Баланстық әдісті дұрыс қолдана білу республикалық, кәсіпорындық әртүрлі салалармен қарым қатынасты, ресурстардың тиімді жұмсалуын, дамуды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте көбінесе материалдық ресурстар балансы, жұмыс күші, жер көлемі, т.б, баланстық өлшемдер есепке толығымен алынады.
Жеке баланстық есептерді және халық шаруашылық балансын есемтеуде экономикалық математикалық модельдеу әдісі мен есептеуіш техника кеңінен қолданылуда.
Жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтерді келесідей топтарға бөлеміз:
- Қоғамдық еңбек өнімділігінің нормасы
- Отын-энегргия және еңбек ресурстарының нормасы
- Өнімділік қарқынының нормасы
- Инвестиция және капитал салымдарының нормасы
- Қаржылық нормалар
Кәсіпорын өзінің даму жоспарын жасамас бұрын өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызмет түрлеріне сұранысты, кәсіпорынның экономикалық-әлеуметтік қамтамасыз етілуін, жұмыспен қамтылуын, еңбек өнімділігі мен күшін толық есепке алуы керек.
Жоспарлау кәсіпорынның айналыста жоғары көрсеткіштерге жеткізетін экономикалық табысы, пайда түсімі және басқа әсерлі қаржылай көрсеткіштерге жеткізеді деу артық та болар еді. Кейбір мамандар жоспарлауды сондай-ақ өзара тәуелді етіп көрсетуге тырысады. Дегенмен ары қарай жеке болжамдармен іс алға жылжымайды. Қайта тәжірибе көрсеткендей кәсіпорынның жоғары табысы мен тез өркендеуі жай түрде жоспарлауға ғана байланысты емес, кәсіпкерлік дарын мен кәсіпорын басшылығының дұрыс шешім қабылдауына көбірек байланысты сонымен қатар, көптеген кәсіпорындар, соның ішінде қазақстандық кәсіпорындар, жоспарлауды өзінің даму кезеңінің қалыпты кезеңі басталғанда, қол жеткен табыстарын бекіту кезеңінде проблемалалар пайда бола бастағанда, нағыз өсу кезеңі өткеннен кейін қолдана бастайды [5].
Тәртіп бойынша ірі кәсіпорындар жалпы жоспарлау үрдісін іске асырады. Дұрыс ұйымдастырылмаған кәсіпорын стратегиялық жоспармен қоса орташа мерзімдік жоспар және бағдарламаны қажет етеді, сонымен қатар шұғыл жоспарлаудың әр түрлі түрлерін қажет етеді. Үлкен кәсіпорындар жаңа тауарлар, жаңа құрылымдардың даму жобасын іске асыру мен дайындау туралы ойлануға тиіс. Орташа көлемдегі кәсіпорындар 5 жылдық стратегиялық жоспарлар мен жылдық кооперативтік жоспарлар жасаумен шектеледі.
Жоспарлау үрдісі сызбасын қалай ойластыруға болатын сияқты, тактикалық жоспарды құру стратегиясы жоспарға байланысты болады. Дегенмен көптеген менеджерлер мен жоспарлаушылар тәжірибесі мол бола тұра, стратегиялық жоспар жасаудың алғашқы кезеңінде жоспарлау қызметін стратегияны анықтауға байланысты сақтанады. Ұйым қызметінің негізгі жалпы бағыттарын қарастыру олар үшін тым түсініксіз, онша қажет емес және тіптен уақытты жоғалту жағынан қарағанда қауіпті және жедел шешілуге тиісті мақсаттарға назер аударумен айналысу сияқты көрінеді.
Мұндай менеджерлер жедел жоспарлауды әзірлеумен айналысуды жоспарлау қызметінің негізгі түрін жасағандай сезінеді, ал стратегиялық жоспарлауға, қосымша тапсырма сияқты қарайды. Мұндай жағдайларда жоспар реттілігі қарама-қарсы қойылуы мүмкін: бірінші жедел жоспарлар, ал сосын стратегиялық жоспарды әзірлеу. Бірақ тәжірибе көрсеткендей біртіндеп 2-3 жылдық циклден кейін, менеджерлер стратегиялық жоспарлаудың дұрыстығын мойындайды, қажет дағдыларды үйренеді және табады, бұл стратегиядан тактикаға өтуге көмектеседі.
Кейбір жағдайларда стратегиялық жоспармен қоса жедел жоспарлардың бірге орындалуы да кездеседі. Мұндай тәжірибеде басты жетіспеушілік - бұл тиімді жоспарлауға кедергі болу шешімдердің жеделділігіне байланысты стратегиялық жоспарлау проблемаларына басымдылығын бастайды және кәсіпорын өз қызметіндегі негізгі бағытын жоғалтады. Егер үрдістің мазмұны мен реттілігі анықталған болса, күнтізбелік реттілігін жоспарлау үрдісімен сызба жасалынған болса, ұйым үшін пайдалы болып табылады. Бұл сызбалар әр түрлі түрде болуы мүмкін: диаграмма, кесте, кестелік тізбелер, кесте-пирамида және тағы басқа кез келген жағдайда мұндай сызбалар ұйымға көмектеседі [10].
oo жалпы жоспарлау үрдісін түсінікті етеді;
oo оны бір жүйеге ендіреді және үрдіс кезеңдерін жылдың әр түрлі мерзімі бойынша бөледі;
oo жоспарлау үрдісінің әрбір кезеңінің орындалуы туралы бақылау үрдісін ұйымдастырады.
Жоспарлау бойынша ақпараттардың үлкен бөлігі арнайы хабарлау түрінде отырыстарда және тағы басқа түрде ауызша түрде беріледі. Осыған қарамастан сызбаны жасау жоспарды жасауға қатысушылар үшін өте пайдалы, бұл жоспар қызметін тәртіпке келтіреді.
1-суретте көрсетілгендей ұйымдардағы жоспарлау үрдісі үздіксіз жыл бойына жалғасады. Жоспарлаудың негізгі екі бөлігі жылдың әр түрлі кезеңінде орындалады: стратегиялық жоспар қаржы жылының әдеттегідей I - II тоқсандарында жүргізіледі, қалған уақытта жедел жоспарлау орындалады. Жедел жоспар алғашқы жылдағы әрекеттерге арналған 5 жылдық жоспардың мазмұнын анықтайды. Жоспарлау үрдісі үзіліссіз және екі 5 жылдық жоспар аралығында үзіліс болмау үшін көптеген ұйымдар өтпелі жоспар деп аталатын жоспар құрастырады. Ауыспалы жоспарда ағымдағы жылмен қоса әр кезде жаңа жыл қосылады (2007-2011 жылдарға арналған жоспарда 2008 жылдан бастап 2012 жыл аралығындағы жаңа бес жылдықты айқындайтын 2005 жыл барысы бойынша 2010 жыл қосылады). Мұнымен қатар нарықтық жағдайдағы өткен технологиялардың, саясаттың, өткен (2010 жыл) жылдағы ұйымдардың ішкі факторларының өзгерістері есепке алынады және жаңадан жасалған жоспарға қажетті өзгерістер енгізіледі [5].
5 жылдық жоспарды жасау циклі
Жылдық жоспарды жасау циклі
Наурыз
5 жылдық жоспарды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар дайындау
Жоспарлаудың өткен цикл қорытындыларын бақылау
5 жылдық жоспарлау бойынша құрылым ұсыныстарын әзірлеу
Құрылымдардың ұсыныстарын жинақтау
Жылдың мәселелер ісін анықтау
Негізгі стратегиялық проблемаларды жоғары деңгейде талқылау
Штабтық және дивизиялық жоспарларды дайындау
Кәсіпорынның 5 жылдық бір ғана жоспарын құру
Қаржылық жоспарды құрастыру
Кәсіпорынның стратегиялық ұстанымын бағалау
кәсіпорынның жылдық жоспарын бекіту
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан
Сурет 1. Кәсіпорынның жоспарлау сызбасы[5]
Реттік жоспарлау сызбасына сәйкес жоспарлау бойынша белгіленген операциялар (Мысалы, бюджетті құрастыру) тұрақты, жыл сайын, шамамен жылдың бір мезгілінде іске асады. Бірақ егер жоспарларды орындауда маңызды өзгеріс болған жағдайда, онда жоспарды сол кезде қайта қараудан басқа тәсіл жоқ (мысалы, бюджетті қаңтарда емес мамырда қайта жүргізу керек болған жағдайда).
Жоспарлаудың ұйымдастырылған құрылымдары жоспарлау үрдісінде төмендегілер қатысады:
oo біріншіден, ұйымдардың жоғарғы басшылығы;
oo екіншіден, жоспарлаушылар командасы;
oo үшіншіден, бөлімшелердің басшылары мен мамандары.
Бұрында көрсетілгендей ұйымның барлық қызметкерлері жоспарды талқылау мен құрастыруға қатысқан кезде бұл жағдай ойдағыдай болып саналады. Жоспарлау қызметіне қатысушылар арасындағы міндеттемелер қалай бөлінеді?
Жоғарғы басшылық жоспарлау үрдісінің архитекторы болып табылады. Жоспарлаудың реттілігі мен оның негізгі сатыларын анықтайды. Жоғарғы менеджмент жоспарлау үрдісін ұйымның әрбір қызметкерінің түсінікті және анық болатындай жасауы керек, ол оған өзінің барлық қызметкерлерін толық қатыстыра білу керек.
Жоғарғы басшылықтың басқа қызметі кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу мен стратегияны жоспарлау бойынша шешім қабылдауында болып табылады. Кәсіпорын басшылығы оның дамуының жалпы мақсаттарын және оған дәл жеткізудің негізгі тәсілдерін айқындайды. Стратегияны әзірлеу жоғарғы менеджменттен аналитикалық бейімділік пен көлемді ойлауды талап етеді.
Орташа және төмен топ басшылығы, сонымен қатар бөлімшелер мамандары жедел жоспарларды әзірлеумен айналысады. Мамандардың міндетіне сонымен қатар ұйымдардың ішкі және сыртқы ортасына талдау жасау, болжам құрастыру кіреді. Бөлімше басшылары мен штат қызметкерлері ұйымдар үшін ұсынылған ұқсас стратегияларды бағалауда бірігеді.
Жоспарлау қызметі кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуге қатысады, оның негізгі мақсаттарын түсіндіреді. Дегенмен кеңес беруші ретінде бұл қызметті жоспарлаушылар іске асырады. Кейде стратегиялық негізгі мәселелерді жоспарлаушы мен жоғарғы басқарушы жеке әңгімелесу арқылы талқылайды. Стратегияларды бекітуге байланысты қорытынды шешімді жоғарғы басшылық қабылдайды [3].
Басқа мамандармен қатар жоспарлаушылар талдау және кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын бағалауды іске асырады. Олар кәсіпорын туралы ең құнды ақпараттарды біледі. Менеджерлермен бірге жоспарлаушылар кәсіпорынның болашағы туралы болжамдарды құрастыруға қатысады, қорытынды жоспардың болжамды бөлігін дайындаумен айналысады. Жоспар қызметі жоғарғы менеджментке барлық қатысушылар осы үрдісте тиімді жаңалық енгізуге дайын болу үшін қажетті оқуды ұйымдастыру мен өткізуге көмектеседі. Жоспарлаушылар өз болашағын жоспарлауда қызметкерлерге творчестволық рух беруге, сонымен қатар адамдарды бір бірімен өзара әрекет жасауға үйретуге тиіс.
Ұйым түрін жоспарлау жөніндегі кеңесшіні тарту пайдалы болып табылады. Кеңесші жоспарлау барысында ұйымдастыру жөніндегі және жоспар мазмұны бойынша кеңес береді. Жоспарлауға дұрыс баға беру үшін ол ұйымның мақсаттары мен оның қызметінің нәтижесіне қатысы жөнінде ол бейтарап болуға тиіс.
Кеңесші ұйымның ішкі қатысушысы сияқты сыртқа да қатысуы мүмкін. Қалай болса, да ол жоспарлаудың ішкі кәсіпорындық тәжірибесі мен теориясын жақсы меңгеруге міндетті, сол сияқты төрелік соттың қызметін дау туған жағдайда атқару үшін сенім мен құрметке ие болуға тиісті. Ішкі кеңесші кәсіпорын өмірін әр түрлі жағынан білуімен ерекшелінеді. Сыртқы кеңесші жоспарлау тәжірибесі бай және әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бірлесіп жұмыс істемегендіктен уақыты шектеулі болып табылады. Кеңесшінің міндетіне төмендегілер қатысады:
oo жоспарлау бойынша шешім дайындауға жәрдем беру;
oo жоспарлау мәселелері бойынша жоғарғы басшылыққа кеңес беру және оқыту;
oo жоспарлау бойынша мәслихаттар ұйымдастыруға кеңес беру, мәслихат қорытындысын шығаруға көмек көрсету;
oo жоспар құжаттарын құрастыруда нұсқаулықтар беру. Жоспарлау командасы қалай ұйымдасқан болса, оның көлемі де соған байланысты. Ұйымдардағы жоспарлау қызметінің көлемі мен құрамы ұйымдастырылған құрылым түріне, басқару мәнері туралы ұсыныстарға байланысты болады.
Жоспарлау қызметінің құрылымын анықтаудың ең негізгі факторы ұйымның көлемі болып табылады.
Көптеген шағын кәсіпорындарға толық ставкада жұмыс істейтін жоспарлаушының қажеті жоқ. Сондықтан олар кей кездерде оның қызметінен бас тартады.
Қызметкерді жарты ставкаға қабылдау пайдалы немесе жоспар жасауға байланысты белгілі бір уақыт аралығына толық ставкаға шақырады. Жоспар мәселелері бойынша сырттан кеңесші шақыру өзін ақтайды.
Орташа көлемдегі ұйымдар үшін толық ставкада тұрақты бір қызметкерді жоспарлау бойынша маман қызметін орындауға алу орынды болып табылады.
Үлкен кәсіпорындарда жоспарлау қызметінде 1-2 адам жұмыс істейді, кейде жоспары көлемді бөлімшелерде 100 адамға дейін қабылданады. Ірі жоспарлау қызметіне техникалық персонал сияқты кәсіби жоспарлаушыларды қабылдайды. Ірі жоспарлау қызметінің жұмысын ұйымдастыру үшін жоспарлау үрдісін үйлестіретін әкімші лауазымы қажет: ол жоспарлау бойынша құжаттар жасау үшін бақылау жүргізеді және тәртіпті белгілейді, ресімдейді және осы мәслихаттың қорытынды құжаттарын таратады және тағы басқа. Кейінгі кезде ұйымдардың ірі бөлімшелерінде стратегиялық шаруашылық орталықтардың құрылуы мен ішкі кәсіпорындық жоспарлау орталықсыздандырудың жалпы беталысына байланысты шектен тыс кеңейген жоспарлаудың орталық қызметінде 20-25 адамға дейін қысқарту сипат алып келеді [7].
Жоспарлаушының жоспарлау бойынша шешім қабылдауға құқы жоқ болуына қарамастан ол жоспарлау үрдісіндегі мағынаны және ұйымдастырылған аспектілерді анықтауды өте маңызды тұлға болып табылады.
Болашақтағы кәсіпорынды алдын ала болжай білу мен рәсімдеудің қажеттілігі жоспарлаушының жеке қасиеттеріне біршама қатал талаптар қояды.
Ол төмендегідей болуға тиіс:
oo жақсы теоретик болуы керек, абстракты ойлу қабілеті болуға тиіс және сонымен қатар дипломатиялық қасиеттерге ие болуы қажет;
oo кәсіпорын мәнерін түсінуі, өз білімін кәсіпорын саясатын әзірлеуге қолдана білу;
oo ұйымдарда жұмыс істейтін әртүрлі саладағы мамандармен кәсіби деңгейде сөйлесе білуі эконометриктермен, маркетологтармен, қаржыгерлермен, әкімшілікпен және тағы басқа.
oo кәсіпорын ма, әлде басқа өзі қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген немесе экономикалық ұйым кәсіпкерлік аясындағы жұмыс тәжірибесінің болуы. Басқарушылық тәжірибесінің болуы;
oo барлық жағынан терең білікті болуы, іскер, техникалық дара.
1.2 Кәсіпорын стратегиянын қалыптастырудың негіздері
Экономика дамуының көптеген салаларында, яғни сауда, қаржы және басқа да бөлімдерінде жетекші орынды өндіріспен немесе қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар алады. Олардың қызметі ұлттық нарықтармен ғана емес, дүниежүзілік нарықтармен де байланысты болып отыр.
Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды: стратегия - кәсіпорын - кәсіпорынның экономикалық стратегиясы тізбегінде жүргіздік.
Стратегия терминіне анықтама беруші ғылыми еңбектерді зерделей отырып, стратегияны - ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыру және оларға жету жолдарын таңдау үрдісі деп бағалаймыз.
Ал кәсіпорынды - пайда табу мақсатымен ақша қаражаттарын және мүліктерін бірлестіруге шешім қабылдаушы тұлғалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz