Ақша айналымы



Мазмұны

Кіріспе

1. Тарау. Ақша айналымы
1.1. Ақша айналымы туралы ұғым
1.2. Айналымдағы ақша
1.3. Сақталған қаржы, инвестиция және қаржы нарығы
1.4. Ақша айналымында мемлекеттің атқаратьш ролі.

2. Тарау. Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
2.1. Ақша. маңызды тауар
2.2. Ақша.айналым құралы ретінде
2.3. Ақша құн өлшеуші
2.4. Ақша қорлану құралы ретінде

3. Тарау. Ақша және ақша жүйесі
3.1. Ақшаның шығу тарихы
3.2. Металдық,қағаз ақша және несие ақшасыныц даму эволюциясы
3.3. Ақша жүйесі туралы ұғым, оның элементтері және негізгі түрлері
3.4. Ақша реформасы

Қорытынды

Пайдалынылған Әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңдағы нарықтық экономика жағдайында үй шаруашылығының жыл сайынғы шығыны орташа, олардың табыстарының көлемі төмен. Үй шаруашылығының табысының бір бөлігі сақталған қаржы болып табылады. Себебі, ол тауарларды сатып алуға, салықты төлеуге жұмсалынбайды, тек сақтауға жіберіледі.
Сақтаудың ең көп тараған формасы табыстың бір бөлігін нақты ақша түрінде жинақтап құрау немесе сақтау банкілеріне ақша салу , иә болмаса құнды қағаздарды алу болып табылады.
Айталық, барлық үй шаруашылығы ақшаны сақтау категориясына жатпайды, Мысалы, үй шаруашылығының жастар жағын алып қарайтын болсақ, олар кейбір қымбат тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін үй, білім жоне т.с.с сатып алу үшін, ақшаны еңбектеп тапқаннан гөрі, қол ақша жұмсағысы келеді Бұл заттарды сатып алу займдар бойынша жүзеге асырылады.
Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар пайда болды.
Ақша маңызды тауар болғандықтан, оның келесідей спецификалық ерекшеліктері бар: -оның тұтыну құнында басқа тауардың құны көрсетіледі;
-оған жасалған нақты еңбек абстрактылы еңбек көрінісінің жалпыға ортақ формасы қызметін атқарады; Ақша құн өлшеу функциясы кезінде оймен ұсынылады. Тауар бағасын белгілеуде-оны тауар формасына айналдыру, тауарды ақшаға айырбастамастан бұрын оның қүны өлшенеді. Тауарды өлшеуде нақты ақшаның қажеті болмайды, себебі еңбек өнімін теңестіру оймен жүзеге асырылады. Сондықтан, ақша тауарды өлшемейді, қайта тауар ақшаның көмегімен өлшенеді, себебі олар ақша сияқты адам еңбегінің өнімі болып табылады.
Пайдаланылған Әдебиеттер
1. Антонов Н.Г. Денежное обрщение, кредит и банки.
2. Москва Финстатинформ,1995
3. Бержанов С.А. Валютная система. Валютный рьшок и валютные операции. Нукус Каракалпакстан, 1996
4. 3. Бабичев Банковское дело, Москва, 1993
5. Жуков Е.Ф. Общая теория денег и кредита.
6. Москва Банки и биржи, 1995
7. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки, Москва Банки и биржи 1998г.
8. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта катынастары Алматы 2000
9. Лаврушин О.И. Банковское дсло. Москва, 1992
10. Поляков В.П. Московкина Л.А. Основы денежного обращения и кредита. Москва Инфра-М, 1997
11. Сейткасимова Г.С Деньги, кредит, банк Алматы Экономика, 1998
12. Усоскин В.М. Современный коммсрческий банк. Москва ИПЦ Вазар-Ферро,1994
13. Утебаев М.С. Тодковый финансово-кредитный словарь. г.Шымкент 1993
14. 12. Эдвин Дж.Долан, Колин Д.Кемибелл Деньги, банковское дело и денежно кредитная политика. 1991
15. Банк қызметі бойынша нормативті актілер жэне заңдар. 1995-2000 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Тарау. Ақша айналымы
1.1. Ақша айналымы туралы ұғым
1.2. Айналымдағы ақша
1.3. Сақталған қаржы, инвестиция және қаржы нарығы
1.4. Ақша айналымында мемлекеттің атқаратьш ролі.
2. Тарау. Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
2.1. Ақша- маңызды тауар
2.2. Ақша-айналым құралы ретінде
2.3. Ақша құн өлшеуші
2.4. Ақша қорлану құралы ретінде

3. Тарау. Ақша және ақша жүйесі

3.1. Ақшаның шығу тарихы
3.2. Металдық,қағаз ақша және несие ақшасыныц даму эволюциясы
3.3. Ақша жүйесі туралы ұғым, оның элементтері және
негізгі түрлері
3.4. Ақша реформасы

Қорытынды
Пайдалынылған Әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі таңдағы нарықтық экономика жағдайында үй шаруашылығының жыл
сайынғы шығыны орташа, олардың табыстарының көлемі төмен. Үй шаруашылығының
табысының бір бөлігі сақталған қаржы болып табылады. Себебі, ол тауарларды
сатып алуға, салықты төлеуге жұмсалынбайды, тек сақтауға жіберіледі.
Сақтаудың ең көп тараған формасы табыстың бір бөлігін нақты ақша
түрінде жинақтап құрау немесе сақтау банкілеріне ақша салу , иә болмаса
құнды қағаздарды алу болып табылады.
Айталық, барлық үй шаруашылығы ақшаны сақтау категориясына жатпайды,
Мысалы, үй шаруашылығының жастар жағын алып қарайтын болсақ, олар кейбір
қымбат тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін үй, білім жоне т.с.с сатып алу
үшін, ақшаны еңбектеп тапқаннан гөрі, қол ақша жұмсағысы келеді Бұл
заттарды сатып алу займдар бойынша жүзеге асырылады.
Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар
айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың
әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т.
б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті
металдар пайда болды.
Ақша маңызды тауар болғандықтан, оның келесідей спецификалық
ерекшеліктері бар: -оның тұтыну құнында басқа тауардың құны көрсетіледі;
-оған жасалған нақты еңбек абстрактылы еңбек көрінісінің жалпыға ортақ
формасы қызметін атқарады; Ақша құн өлшеу функциясы кезінде оймен
ұсынылады. Тауар бағасын белгілеуде-оны тауар формасына айналдыру, тауарды
ақшаға айырбастамастан бұрын оның қүны өлшенеді. Тауарды өлшеуде нақты
ақшаның қажеті болмайды, себебі еңбек өнімін теңестіру оймен жүзеге
асырылады. Сондықтан, ақша тауарды өлшемейді, қайта тауар ақшаның көмегімен
өлшенеді, себебі олар ақша сияқты адам еңбегінің өнімі болып табылады.
Тарау 1. Ақша айналымы
1.1Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымы - бұл тауарды немесе қызмет көрсетуді өткізуде
қамтамасыз ететін ақша қозғалысының нақты қолма-қол және нақтысыз формасы
болып табылады. Сонымен қатар, шаруашьшықтағы есеп-айырысу мен тауар
түрдегі емес төлемдер де болып табылады .
Ақша айналымының объективті жағы - тауар мен ақшаны бөліп көрсететін
тауар өндірісі болып табылады. Капитализм тұсында қоғамдық еңбек
бөлінісінің тереңдеуі мсн жалпы ұлттық жөне әлемдік базардың калыптасуы
ақша айналымының келешекте дамуына әкеледі. Ол жалпы қоғамдық өнім
жиынтығын айналым мен айырбасқа әкеле отырып, капиталдың үнемі айналысқа
түсуін қамтамасыз етеді.
Нақтылай және нақтысыз формадағы ақшаның көмегімен тауардың айналым
процесі, сонымен бірге жалған және ссудалық капиталдың қозғалысы жүзеге
асырылады.
Ақша айналымы екі сфераға бөлінеді: нақтылай және нақтысыз. Нақтылай
ақша айналымы - бұл қолда бар ақшаның қозғалысы. Ол
банкноттармен, әр түрлі тиындар (немесе монеталар) мен қағаз ақшаларымен
қамтамасыз етіледі.
Нақтысыз ақша айналымы - бұл қолма - қолсыз ақша айналымының
козғалысы болып табылады.
Оған клиентгердің есеп шотындағы банк депозиттсрі жатады. Ол чектердің,
несие карточкалары, электрондық аударымдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ақша айналымында вексельдер, сертификаттар да қолданылады.
Ал кейбір елдерде түрлі міндеттер мен талаптар қолданылады.
Нақтылы ақша мен нақтысыз ақшаның арасында тығыз және өзара
байланысқан тәуелділік бар: ақша үнемі бір сфера айналымынан басқа сфераға
өту арқылы, нақтылы ақша белгісі - банкінің депозит формасына ауысады және
керісінше. Банкі есеп шотына нақтысыз ақша құралының келіп түсуі - бұл
міндетті түрде ақшаны беру (немесе тарату) шарты болып табылады. Сондықтан,
нақтысыз төлем айналымы нақтылы ақша айналымынан ажырамас құрал. Ол
еліміздің бірдей ақша айналымының жүруін құрайды.
1.2 Айналымдағы ақша
Өнім базары (нарыгы) –бұл фирмалармен өндірілген тауарлар мен қызмет
түрлерін үй шаруашылығы сатып алатын базары болып табылады.
Ресурстар базары -бұл фирмалардың өндіріске қажетті ресурстарды сатып
алудағы базары болып табылады жұмысшы күші, капитал және табиғи ресурстар.
Бұл жеңілдетілген экономикалық жүйеде барлық ресурстар үй шаруашылығына
жатады, яғни ресурстарды фирмаларға белгілі ақшалай төлемдермен сатады; бұл
төлемдер еңбек ақы, ренталық төлемдер, проценттік табыстар түрін қамтиды.
Бұл процестер үздіксіз және жалғасқан.
Ұлттық өнім - бұл экономика жүйесінде өндірілген барлық дайын тауарлар
мен қызмет түрлерінің құнының бағасы.
Дайын тауалар мен қызмет көрсету- бұл сатуға дайын немесе сатылған, өз
кезегінде тұтыну үшін, инвестиция үшін, мемлекеттік сатып алуларды
(закупок) жүзеге асыру үшін немесе экспорт үшін қолданылатын тауарлар мен
қызмет түрлері.
Аралық, тауарлар, мысалы: коммерциялық пекарниялармен нанды дайындау
үшін сатып алынған ұн немесе автомашинаны өндіру үшін автомабиль
заводтарымен сатып алатын құрыш ұлттық, өнімге жатпайды.
Ұлттық табыс - бұл үй шаруашылығымен алатын барлық табыстар:оның
ішінде барлық еңбек ақы, рента, проценттік төлем және пайданы көрсетеді .
Айналым үлгісінде ұлттық табыс пен ұлттық өнім тең.
Айналымнан құралған бөлігі нақты түрде, сол сияқты номиналды түрде
өлшенуі мүмкін.
Экономика ғылымында номиналды тсрмині инфляцияны есепке алмайтын,
бағада көрсетілетін кез келген сандық белгі үшін қоданылады, яғни сол
бағада тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің нақты сатылып қоюы.
Нақты - мұнда инфляция эффектілері есепке алынады және соған сәйкес
түзетулер жүзеге асырылады. Бұдан басқа сандық керсеткіштер бар. Оны
статистикалық мөлшер деп атайды. Бұл көрсеткіштер кейбір нақтылы уақыт
сәттерінде санды өлшеуге қызмет етеді. Мұндай мөлшер уақыт интервалының
есебінсіз-ақ көрсетіледі.
1.3 Сақталған қаржы, инвестиция және қаржы нарығы
Қазіргі таңдағы нарықтық экономика жағдайында үй шаруашылығының жыл
сайынғы шығыны орташа, олардың табыстарының көлемі төмен. Үй шаруашылығының
табысының бір бөлігі сақталған қаржы болып табылады. Себебі, ол тауарларды
сатып алуға, салықты төлеуге жұмсалынбайды, тек сақтауға жіберіледі.
Сақтаудың ең көп тараған формасы табыстың бір бөлігін нақты ақша
түрінде жинақтап құрау немесе сақтау банкілеріне ақша салу , иә болмаса
құнды қағаздарды алу болып табылады.
Айталық, барлық үй шаруашылығы ақшаны сақтау категориясына жатпайды,
Мысалы, үй шаруашылығының жастар жағын алып қарайтын болсақ, олар кейбір
қымбат тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін үй, білім жоне т.с.с сатып алу
үшін, ақшаны еңбектеп тапқаннан гөрі, қол ақша жұмсағысы келеді Бұл
заттарды сатып алу займдар бойынша жүзеге асырылады.
Фирмалармен жүзеге асырылатын инвестиция екі түрлі компоненттен
тұрады:
Бірінші – бұл инвестиция бастапқы капитал, яғни қайта өндірілген
капитал игіліктерін қалыптастыру (өндіріс кұрал-жабдықтары, компьютерлер
және өндіріс ғимараты).
Екішісі- өндіріс процесінде қолдануға жататын шикізаттар қорын (залас)
көрсететін тауар-материалдық қор инвестициясы болып табылады. Сондықтан,
ақшаны сақтауды көбінесе үй шаруашылығы жасайтын болса, ал инвестиция
фирмалармен жүзеге асырылады. Сол себепті ақшаны орналастыруды жүзеге
асыратын механизм жиынтығы қажет. Міне, бұл механизмдер қаржы нарығы арқылы
іске асырылады.
Қаржы нарығының өзі көптеген каналдардан тұрады. Бұл каналдардың өзін
екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа тікелей қаржыландыру каналдары жатады, яғни ақша құралы
тікелей сақтаушының меншігінен несие алушыға келіп орналасуы. Тікелей
қаржыландыру әдісін екіге топтастыруға болады:
- капиталды каржыландыру, бұл фирманың ақшаны алу арқылы өз мақсатын жүзеге
асыру үшін берілетін құқық , яғни инвестиция алу
- несиені алу арқылы қаржыландыру
Екінші топтағы канал жанама қаржыландыру.
Жанама қаржыландыру кезінде қаржы үй шаруашылығынан фирмаларға өтуде,
маңызды институттар арқылы өтеді: мысалы, банкілер, өзара
қорлар, сақтандыру компаниялары. Бұл ұйымдар қаржы деддалдары деп
аталынады.
Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы
Қаржы – бұл мемлекет, заңды және жеке тұлғалардың арасында ақша
құралдары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын
экономикалық қатынастар жүйесі. Қаржы ақша құралдары қорының қалыптасуы мен
пайдалануының бақылау және ЖІӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің
экономикалық құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады:
бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық.
Қаржының бөлу қызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында
пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары
шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын
шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың,
азаматтардың табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін
қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық
өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін
жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда
қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік
береді.
Қаржының ынталандырушы қызметі: салық ставкаларын, жеңілдіктерді,
салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен
өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті
проблемаларын шешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет
техникалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына
күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады.
Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен
азаматтардың табысының бір бөлігін орталықтандырып, мемлекеттік қызметті
жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды.
Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржы қатынастарының жиынтығы
мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтандырылған,
орталықтандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан
қалыптасады.
Орталықтандырылған қаржылар – ол мемлекеттік бюджеттік жүйе,
мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы
бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалпы реттеудің, маңызды
әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде
пайдаланылады.
Орталықтандырылмаған қаржылар – әртүрлі меншік формасындағы
кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылары. Бұл заңды тұлғалар арасындағы,
заңды тұлғалар мен мемлекет арасындағы және заңды тұлғалар мен жеке
тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Кәсіпорындар мен салалар қаржылары
қаржы жүйесінің негізін құрайды. Мұнда қаржы ресурстарының маңызды бөлігі
қалыптасады. Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы жағдайынан
елдің жалпы қаржы жағдайы тәуелді болады.
Үй шаруашылықтарының қаржылары – өзіндік қаржылар, яғни ортақ
шаруашылық жүргізетін жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Қаржы
жүйесінің әрбір элементі өндіріске әсер ете алады және өзінің қызметтері
бар. Орталықтандырылған қаржылар көмегімен мемлекеттің негізгі
орталықтанған қорына ресурстар жинақталып, халық шаруашылық салалары
арасында бөлінеді және қайта бөлінеді. Фирмалардың қаржылары өндірісті
қамтамасыз етеді. Олардың қатысуымен ЖҰӨ өндіріледі. Үй шаруашылығының
қаржылары олардың өмірінің материалдық негізі болады. Сондықтан жалпы қаржы
жүйесі қаржы қатынастарының әртүрлі сфераларының жиынтығынан тұрады.
Макроэкономикалық зерттеу көзқарасынан мемлекеттік қаржылар маңызды роль
ойнайды.
1.4. Ақша айналымында мемлекеттің атқаратьш ролі.
Мемлекет бюджетіне келіп түсетін салыктар- бұл үй шаруашылығы
секторынан ақша құралының тасқындай келуінен кұралады. Бірақ, бұл
тасқындай келген ақша үй шаруашылығы төлемдер төлеу арқылы толтырылуы
мүмкін; бұл төлемдер формасы трансферттік төлем деп аталады. Оған
жататындар: зейнетақы, жұмыс істемейтіндерге жәрдем ақы , табысы төмен
адамдарға төленетін төлем.
Салық жүйесіне таза әсер қалдыруын анық бағалау үшін,
яғни үй шаруашылығынан үкіметке келіп түсетін салыққа, біз трансферттік
төлемді келіп түсетін салықтан алып тастаймыз. Нәтижесінде біз таза салық
көлемін аламыз.
Үкімет айналымының басқа да элементтсрімен байланыса отырып,
келесідей үш әдіске тән.
Біріншіден, үкімет үй шаруашылығынан таза салық алады (трансферттік
төлемдермен келіп түсетін салықтар арасындағы айырмашылық).
Екіншіден, ол өнімдер нарығында тауарлар мен қызмет көрсетуде сатып
алуды жүзеге асырады.
Үшіншіден, егер импорт экспорттан асып кетсе, онда ішкі қаржы нарығы
шетелден капиталдың ағылуын көрсетеді. Егер экспорт импорттан асып кетсе,
онда ішкі экономикалық жүйеден капитал тоқтатылады.
Айналым процесіне мемлекет тарапынан әсср ететін көздердің
бірі-фискалдық (салықтық- бюджеттік) саясат болып табылады.
Фискалдық саясат – бұл үкіметтің салық салу және мемлекеттік шығындар
аумағындағы саясат.
Үкімет таза салықты ұлғайту арқылы үй шаруашылығынан алынатын ақша
құралының көлемін жоғарлатады. Мұндай жағдайда, үй шаруашылығы- өзінің
тұтыну шығындарын, сақталған қорды қысқарту арқылы немесе
басқа да жолмен өндіру арқылы еріксіз барады.
Таза салықты төмендету – сақталған қорды, тұтыну өсімін, сол сияқты
ұлттық өнімнің өсуіне әсерін тигізе отырып ынталандырады.
Ақша-несие саясаты-бұл айналымдағы ақша санына ықпалын
тигізетін үкіметтің саясаты болып табылады.

Тарау 2. Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
2.1. Ақша- маңызды тауар
Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар
айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың
әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т.
б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті
металдар пайда болды.
Ақша маңызды тауар болғандықтан, оның келесідей спецификалық
ерекшеліктері бар:
-оның тұтыну құнында басқа тауардың құны көрсетіледі;
-оған жасалған нақты еңбек абстрактылы еңбек көрінісінің жалпыға ортақ
формасы қызметін атқарады;
- оның қүрамындағы жеке еңбек тікелей коғамдық еңбек ретінде орналасады.
Тауар мен ақшаның айырмашылығы оның тұтынушылық құнынан көруге болады. Кез
келген тауардың белгілі қажеттілікті қанағаттандыратын қайталанбайтын,
ерекше қабілеттілігі бар. Мысалы, нан-тамақ қажеттілігін қанағатандырса, ал
пальто-киім кажеттілігін канағаттандырады. Мұның барлығы ақшалай тауарға да
қатысты. Сонымен қатар , ақшаның тауарлардан айырмашылыгы жалпы тұтынушылық
құнға ие, яғни тікелей барлық тауарлармен алмасып отырады.
Тауардың ішкі қарама-қайшылығы – бұл тұтыну құны мен құндылықтың
арасынан айырбас процесінде ê¼ðóãå болады. Сондықтан тауарларды меншіктеп
-тауар және ақша òүрінде бөлінеді . Ақша-жалпыға бірдей тікелей
айырбасталатын, тұтыну құнына ие спецификалық тауар болып табылады.
Сонымен бірге, тікелей жөне жасырынды қоғамдық сңбектің арасындағы
қарама-қайшылығы тауарды айырбас арқылы жүргізілгеннен көрініс алады. Тауар-
өндіруші керек емес затты қоғамға ақшаны өндіріп алу үшін сата алмайды, сол
сияқты оның жеке еңбегі мұндай жағдайда қоғамда ешқандай орьш алмайды. Егер
ол тауарды сататын болса, онда оның тауарының қоғамга кажет болғаны. Жеке
өндірушінің тауарды ақшаға сатқаны, олардың ецбегін қоғам бағалағанын
байқауға болады.
Сондықтан, ақша-жалпыга ортақ балама ролін атқарушы спецификалық тауар
болып табылады . Тауар шаруашылығында олар жеке өндірушілердің қоғамдық
еңбегін есепке алатын механизм болып табылады.
2. Ақша-айналым құралы ретінде
Ақшаның атқаратын әрбір функциясы тауар айырбас процссінен ксліп
шығатын тауар өндірушілердіц байлалыс формасы ретінде әлеуметтік-
экономикалық жағының ақша мазмұнын көрсетеді. Ақша бірнеше функцияны
атқарады:
-құн өлшеуші;
-айналым құралы ретінде;
-қорлану құралы ретінде;
Ақша айналым құралы функциясы кезінде тауарды өткізу уақытында делдал
болып табылады. Тауарды қолдан-қолға өткізуде оның айналым сферасына үнемі
итере отырып, тұтьнушыға жеткізе де отыра, ақша үздіксіз қозғалыста жүреді.
Сатушы тауарьн сата сала, басқа тауарды сатып алуға асықпайды. Ақшаның
делдалдық көмегі арқасында осы уақытша және тура келмсйтін кеңістікті жеңе
аламыз.
Айналымнан кететін, өз қүньн өткізіп қоятын, ақшаның тауардан
айырмашылығы сату және сатып алу процесін қамтамасыз ете отырып, ақша
айналым құралы ретінде өз орнын табады. Көбінесе, біздс ақша айналым құрал
функциясын атқаруда - мемлекеттік, коопсративтік, коммерциялық саудада,
базарда тауарды сатып алу кезінде орындалады.
Ақшаның айналым құралы ретінде атқаратын функциясының ерекшелігі
келесідей болып табылады:
1. ол нақты ақша түрінде орындалады;
2. бұл функцияда ақша-тауар айырбас кезінде делдал болып қызмет атқарса ,
онда оны нағыз ақша емесалтын, оның орнын басатын-ақша белгісі орындайды.
Ақша айналым құралы функциясын және қажетті айналым санын
орындағандықтан, сатылған тауарлар бағасы мсн массасы арқылы анықталады.
Егер ақша массасы тауар массасынан жоғары болса, онда бұл олардың
құнсыздануына -инфляцияға әкеледі.

2.3.Ақша құн өлшеуші
Құн өлшеу функциясы - тауар өндірісі жағдайындағы нәтижесінен келіп
шығады. Бұл дегсн, оның бағаны анықтау кезінде делдалдық қызметті атқаруда,
барлық тауарлардың құнын өлшейтін қабілетке ие болып келеді. Материалдың
құны болып тек сол тауар өзінің меншікті құнынан тән болса. Сондықтан,
алтынды қазып алу үшін жұмсалатын қоғамдық еңбек қүнды жасаушы болып
табылады. Сол себепті бұл функцияны толық ақшалар алтындар орындайды.
Ақша еңбекпен жасалатын құнды көрсете алады.
Ақша құн өлшеу функциясы кезінде оймен ұсынылады. Тауар бағасын
белгілеуде-оны тауар формасына айналдыру, тауарды ақшаға айырбастамастан
бұрын оның қүны өлшенеді. Тауарды өлшеуде нақты ақшаның қажеті болмайды,
себебі еңбек өнімін теңестіру оймен жүзеге асырылады. Сондықтан, ақша
тауарды өлшемейді, қайта тауар ақшаның көмегімен өлшенеді, себебі олар ақша
сияқты адам еңбегінің өнімі болып табылады.
Тауар ақшалай көрініс құнын тапқан соң, баға түрінде көрсетіледі.
Ақшаның айналым кезінде алтынның бағасы болмады. Ақшаға баға коя алмайсың,
оны құны өзімен анықтала алмайды.
Ақша бағаның орнына-тауар санын керсететін, оны сатып алу қабілетіне
ие. Құн өлшеу функциясы тауардьщ ақшаға қатынасьн көрсететін жалпы балама
сияқты. Бірақ, тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Баға
масштабы-бұл бір елдің ақша өлшеміне алған және барлық тауарлардың бағасын
өлшеу үшін қызмет атқаратын металдың салмақ мөлшері болып табылады.

2.4.Ақша қорлану құралы ретінде
Қорлану құралы – бұл болашақта сатып алу қабілеттілігін қамтамасыз
ететін және тауар мен қызмет керсетуді сатқаннан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша айналымы туралы түсінік
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
Ақша айналысының құрылымы
Ақша айналысының эволюциясы
Ақша айналымы және құрылымы
Тауар - ақша айналымы және қаржы зеттеудің заңдылықтары
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
ТАУАР-АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
Пәндер