Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері



КІРІСПЕ 3

1 МОРФОЛОГИЯ МЕН СИНТАКСИСТІҢ ӨЗАРА ГРАММАТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ
1.1 Морфологиялық құрылым туралы түсінік 6
1.2 Синтаксис 19

2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫН
СИНТАКСИСТІК НЕГІЗДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 31
2.1. Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік
негізде оқыту әдістемесінің негізгі принциптері мен мәні 31
2.2. Қазақ сыныптарында оқушыларға ағылшын тілінде сөйлемдердің
синтаксистік негіздері 33
2.3 Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру 50

ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 МОРФОЛОГИЯ МЕН СИНТАКСИСТІҢ ӨЗАРА ГРАММАТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ
1.1 Морфологиялық құрылым туралы түсінік
6
1.2 Синтаксис
19

2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫН
СИНТАКСИСТІК НЕГІЗДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 31
2.1. Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік
негізде оқыту әдістемесінің негізгі принциптері мен мәні
31
2.2. Қазақ сыныптарында оқушыларға ағылшын тілінде сөйлемдердің
синтаксистік негіздері
33
2.3 Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру
50

ҚОРЫТЫНДЫ 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

Кіріспе

Қазіргі таңда шет тілі, әсіресе ағылшын тілі білімі бар азаматтарға
сұраныс күннен күнге артуда.
Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай ағылшын тілін оқытудың сапасын
арттыру мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Қазіргі нарық
заманында Қазақстан көптеген шет мемлекеттермен достық қарым-қатынасты
нығайтуда. Мемлекетіміздегі болып жатқан өзгерістер мен саяси-мәдени
араласулардың көбеюі, біріккен өнеркәсіптердің пайда болуы, экономикалық
қайта құрулар қазақтардың тілге деген қызығушылығы мен сұраныстарын тудырып
отыр.
Алайда Республикамыздағы ағылшын тілін оқыту мәселесі бүгінгі таңда
әдіскерлер мен тәжиребелі, ізденімпаз мұғалімдерді қатты алаңдатып отыр.
Тілді оқытудың сапасы мен нәтижесіне деген қанағаттанбаушылық сезімі оқу
процесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздеуге жетелейді.
Қазіргі әдіскерлердің оқыту саласында айрықша назар аударатын мәселесі
тілді коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту. Қандай тіл болмасын оны
еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді
грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс. Алайда,
ағылшын тілінде басты рөлді сөйлемдерді грамматикалық дұрыс жеткізе білу
ойнайды.
Сөйлеушінің өз ойын,көңіл-күйін, эмоциясын, қатынасын дұрыс жеткізе
білуінде және тыңдаушының оның сөзін дұрыс ұға білуінде сөйлемдерді орнымен
қолдану рөлі айрықша.
Сөйлем түрлерінің ішінде қоғамда адамның өз ойын, таным-білімін дұрыс
жеткізуінде сұраулы сөйлемнің орны ерекше. Алайда, біздің мақсатымыз
мектептерде морфологияны синтаксистік негізде оқытқанда кездесетін
қиындықтарды алдын алу және болдырмау әдістерін іздеу..
Қазіргі таңда қазақ тілді мектептерде ағылшын тілін оқытудың өзіне тән
ерекшеліктері бар.Оқушы шет тілін дұрыс меңгеру үшін өз ана тіліндегі
біліміне сүйенген жөн.Оқушы бұл тілдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
жете білгенде ғана ,ол тілді дұрыс та тез игере алады.
Алайда ғылыми еңбектер, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеу жұмыстарының
нәтижелеріне талдау жасай келе орта мектептерде ағылшын тілінің
морфологиясынын синтаксистік негізде меңгертуде нақты да нәтижелі жол
көрсетілмегені, бұл мәселе жетік зерттелмегені байқалады. Содан болар,
білім беру, оқыту кезінде оқушылардың ана тілінің (біздің мәселемізде қазақ
тілінің) ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып жасалған оқыту әдісі жоқтың
қасы.
Осының нәтижесінде көптеген жағдайда қазақ тілді оқушылар ағылшын
тілінде сөйлемдерді аударғанда,сөздердің орын тәртібін қате қолданады, бұл,
әлбетте, оқушының сөзінің мән-мағынасына кері әсер етіп, оның
көркемділігіне бөгет болады.
Орта мектептерде қазақ тілді оқушыларға ағылшын тілінде сөйлемдердің
дұрыс қолдануды меңгертудің белгілі бір нақты оқыту технологиясы, ғылыми
зерттеуден өткен оқыту материалдарының жоқтығы басты мәселе болып отыр.
Мұның бәрі қазақ сыныптарында ағылшын тілін жетік біліп, сол тілде,
әсіресе синтаксистік сөйлемдерді қолдануда білім, білік, дағдыны
қалыптастыру үшін керекті, тәжірибелі әдістеме жасау қажеттілігін тудырады.
Осы зерттеу жұмысында шетел тілінің морфологиясын синтаксистік негізде
оқытудың тиімді әдістерін іздейміз.
Зерттеудің нысаны. Орта мектептерде ағылшын тілінің морфологиясын
синтаксистік негізде оқыту процесі
Зерттеу жұмысын басты қаралар пәні — ағылшын тіліндегі сөз тіркестері
мен сөйлемдер, олардың құрылымы,атқаратын қызметі мен дауыс ырғағын қазақ
сыныптарында оқыту әдістемесі.
Ағылшын тіліндегі морфология ұғымын анықтап, сөйлем типтері мен сөз
тіркестерін мен олардың интонациялық ерекшелігін анықтап,оқушыларға ағылшын
тілінің морфологиясын синтаксистік негізде дұрыс қолдануды меңгертудің
тиімді әдістерін,іздеу дипломдық жұмысының мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысында мынадай міндеттер іске
асырылуы тиіс:
1. Теориялық материалды лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық және
әдістемелік тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, сөзтіркесі мен
сөйлемдердің функциялық мәнін анықтау
2. Ағылшын тілін үйренуші оқушылардың сөйлеу барысында жіберген қателер
мен қиыншылықтарды анықтау
3. Қатені оқушылармен бірлесе отырып талдау.
4. Қазақ сыныптарына сай келетін ағылшын тілінің морфологиясын оқыту
әдістемесін жасау
5. Жасалған әдістеменің нәтижелілігін тәжірибе жүзінде тексеру
Қойылған міндеттерді шешу контрастивтік, имитативтік, эксперименттік,
статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді. Атап айтқанда:
· ғылыми әдебиеттер мен теориялық білім көздерін зерттей отырып, талдау
жасау
· Ағылшын тілінің морфологиясын салыстырмалы түрде зерттеу
· әлеуметтік–педагогикалық (бақылау,орта мектептерде қолданылатын оқу
бағдарламаларын зерттеу, әңгіме, педагогикалық тәжірибені зерттеп,
қорытындылау, дедукция және индукция)
· эксперименттік (ойлау эксперименті, педагогикалық эксперимент)
Дипломдық жұмысының жетекші идеаясы, сол тілде еркін, сауатты сөйлей алу
қабілетін игеруге ықпал етеді және ағылшын тілін коммуникативті – танымдық
тұрғыдан меңгертуге жол ашады.
Дипломдық жұмысының болжамы
Егер оқушыларға ағылшын тілінің морфологиясын нәтижелі меңгерту
барысында олардың ана тіліндегі қалыптасқан білімін көңілге ала отырып,
анықталған қателерге баса назар аудартып оқытса, онда грамматикалық
дағдыларды меңгеру деңгейі жоғары болары және интерференциялық әсерлерді
болдырмай, олардың алдын алатыны сөзсіз, өйткені әрбір тілдің өзіндік
ерекшеліктері болады және оқушылар ана тілінде қолданылатын грамматикалық
ережемен салыстыра отырып үйренуге мүмкіндік алады, қателерді алдын ала
саналы түрде жібермеуге дайындалады.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізіне тілдік іс–әрекет теориясы,
тіл және ойлау теориясы, ауызша тілдесудің құрылымының лингвистикалық
зерттеулері, біртұтас педагогикалық процесс теориясы, тілдік іс–әрекет
ерекшеліктері теориясы, психология және физиология теориясы, коммуникация
және ауызша тілдесу теориясы алынады. Осы теориялар назарға алына отырып,
ағылшын, және қазақ тілдерінің сөз тіркестері, сөйлемдердің ерекшеліктері
анықталып, ағылшын тілінің морфологиясын дұрыс пайдалана білуге үйретудің
психологиялық––педагогикалық негіздері зерттеледі.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы
· қазақ сыныптарында ағылшын тілінің грамматиасын оқыту әдістемесі
жасалды;
· қазақ сыныптарындағы оқушылардың ағылшын тілінің грамматикасын
қолданғанда жіберетін қателерін жүйелеп, негізгі түрлері анықталды;
· қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлемдердің түрлер мен дауыс
ырғағындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары анықталып, салыстырмалы
зерттеу жүргізілді;
Дипломдық жұмыстың құрылымы
Зерттеу жұмысының мақсат және міндеттеріне қарай дипломдық жұмыс
кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері,
нысаны, пәні, ғылыми болжамы, ғылыми жаңалығы, жетекші идеясы, қолданылатын
әдістері, әдіснамалық негізі, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы
қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың Морфологиямен синтаксистің грамматикалық
байланыстары деген теориялық бөлімінде ағылшын тілінің морфологиясы мен
синтаксистік ерекшеліктері қазақ тілімен салыстыра отырып, талдау жасалды,
оларды меңгеруде қазақ тілді оқушылардың беттесетін қиыншылықтары
анықталып, оларды шешу жолдары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың “Ағылшын тілінің морфологиясын оқыту әдісінің
негіздері” деген тақырып алатын бөлімде қазақ сыныптарына арнайы жасалған
әдістеме үлгісі беріледі.
Осы ұсынылып отырған әдістеме бойынша оқушылармен арнайы тәжірибелік
жұмыс жасалады.
Аталмыш дипломдық жұмыс бөлімдерге қорытынды жасай келе, қолданылған
әдебиеттер тізімімен аяқталады.

1 Морфология және синтаксистің өзара грамматикалық байланыстары

1.2 Морфологиялық құрылым туралы түсінік

Сөз құрамы морфология – сөздің формасын зерттейтін грамматиканың
саласы. Сөз морфологияның негізгі бірлігі болғандықтан, сөзге анықтама
берейік.
Иванова өзінің “Қазіргі ағылшын тілінің грамматикалық теориясы” деген
еңбегінде сөзге Масловтың анықтамасын берген.Бұл анықтама бойынша-сөз
өзіндік позициясы бар,ең кіші бірлік.Бұл анықтама бойынша сөзге, бір
жағынан, сөйлемдегі сөздің орын ауыстыру (бір сөз әр түрлі сөйлемдерде әр
түрлі позицияда тұруы мүмкін) екінші жағынан,сөз –ең кіші тілдік бірлік,
сөз синтаксистік қызмет атқара алатын ең кіші бірлік және морфологияның ең
үлкен бірлігі ретінде нақты анықтама берілген [1,4] .Кейбір лингвистер
сөз терминін көп мағыналы дейді. Шыңдығымен, сөз барлық сөз формасының
сөз өзгертуші формасы, сөз барлық сөздік форманың өкілі. Лингвистикалық
әдебиетте аналитикалық сөз теориясы кездеседі Аналитикалық сөздерге put on,
take hold сияқты тіркестер жатады. Олар бөлек тұрғаны мен, бір мағына лық
бірлікті жасап тұр. Бұл жерде екі сөз бар, бірінші етістікке тән
өзгерушілікті сақтайды (he) put on took hold. Осы тіркестік компоненттердің
арасына үшінші сөзді қоюға болады – put it on, take firm hold. Жоғарыда
айтылғандай, сөз морфологияның ең үлкен бірлігі, морфологияның ең кіші
бірлігі морфема. Бұл ең кіші мағыналы бірлік. А. И. Смирницкий морфемаға
тілдік белгілері ішкі (дыбыстық) және сытқы мағыналары бар, ең кіші тілдік
бірлік деп анықтама берген[2,58], Морфема дыбыстап айтылатын, ең кіші
мағыналық бірлік. Морфемалар, түбірден, аффикстен префикс пен суффикстен
тұрады. Аффикстер екі түрлі қызмет атқарады, кейбіреулері сөзжасамада, сөз
таптары негізінде жаңа сөздер жасауға, тағы біреулері, сөз түрлендіруге,
бір сөзден әр түрлі сөздер жасауға қатысады Сөз жасам мен сөз түрлендірудің
өзіне тән аффикстері бар, кейбір кезде сәйкес келуі омонимия болуы мүмкін
(зат есімдегі er writer және сын есімнің салыстырмалы шырайындағы er
longer ),
Префикстар ағылшын тілінде тек сөз жасау функциясын атқарады. Түбір
морфема В Н Ярцеваның анықтамасы бойынша, ол сөзбен тұтас әр түрлі
лексикалық- грамматикалық разрядка жатады (black, blackish, blacken) Бұл
сөздердің түбірі black [3.44].
Казіргі лингвистикада нольдік морфема деген түсінік бар.Нолдік морфема
жалғау жоқ сөздік формаларда қаралады, бірақ осы категорияның басқа
формаларында жалғауды қабылдай алады.
Сөз түрлендіруші аффикстер, ағылшын тіліңде флекция термині мен
беріледі. Флективті тілдерде флекция бір аффиксте бірнеше грамматикалық
мағынаны береді. Ағылшын сөз түрлендіруші аффикстері бір ғана мағына
береді, Мысалы: rooms сөзіңдегі –s тек көптік мағынада білдіріп тұр, - ed
өткен шақ формасын,–іng осы шақ есімшені немесе герудийді білдіріп тұр.
Лингвистер аффикстің негізге жалғануын агглютинация терминімен береді
Аглютанивті жабысулар бір- біріне қатпарланады, септік жабысулар, көпше
түрдегі жабысуға, сөйтіп барлық форма категориялық көрсеткіштермен
қамтылады Ағылшын тілінде мұндай жабысулар мүмкін емес Бір сөзде бір неше
сөз түрлендіруші аффикстік формалар болмайды. Ішкі флекасияның сөз
түрлендіруші формат пен сәйкес келуі keep етістігінде байқалады, keep-
kept, ride – rade – ridden.
Грамматикалық категория. Грамматикалық мағына.
Грамматиканың негізгі түсініктері, грамматикалық категория және
грамматикалық мағына. Грамматикалық мағынасы қарамы-қарсы немесе сәйкес,
екі немесе оданда көп грамматикалық форманың бірігуі грамматикалық
категория деп аталады. Грамматикалық категория екі қарама-қарсы форманы
қамтиды.Үш шақтың формасы бар, ол осы шақ, өткен шақ және келер шақ.
Етістік шақтары торт топқа бөлінеді, шақтың жалпы түрі , шақтық созылықы
түрі, шақтың аяқталған түрі, шақтың аяқталған созылыққы түрі, Зат есімнің
екі түрі бар, көпше және жекеше. Етістіктің екі түрі, негізгі ырықсыз түрі
бар. Грамматикалық категориялар айналымыздағы қоршаған құбылыстардың
өзіңдік сәулесі..Сан категориясы мөлшерлік қатынасқа, мезгіл категориясы іс-
қимылдық сөзге қатынасына байланысты.. Обьективті әлемдегі құбылыстарға
негізделмеген категориялар да бар. Мысалы кейбір тілдерде тек категориясы
бар, олар сөзтіркестіктерін қиысу арқылы ұйымдастырудың синтаксистік
функциясын атқарады.
Флективті тілдерде сөздің грамматикалық мағынасын беретің
морфологиялық әдістері флекция.Сөз тудырушы формат, флекция ішкі болуы
мүмкін, foot -feet- find -found
Қазіргі ағылшын тілінде флекцияның айырықша түрі бар, ол бір сөз
формасын емес, сөз тіркесі бірліктерің безендіруге қабілетті Мысалы my aunt
and uncle's arrival бұл монофлексия деп аталады Флекция негізге қосылады my
uncle's arrival. Монофлекция негізгі емес, сөз тіркестерін безендіреді,
сондықтан оны синтаксистік формат ретіңде қарауға болады.
Грамматикалық қатардың сөздері суплетивті болады, әсіресе ағылшын
тіліңде бұлар тұрақты формалар to be, am ,was, good ,better, the best.
Аналитикалық формасы. Аналитикалық форма флекциядан кейін пайда болды.
Олар бір комекші сөзден және бір лексикалық толықтырудан, көп мөлшерде
көмекші компонентерден тұрады is coming ,,has been asked, is being built.
Аналитикалық формалар сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсайды, оларды
айырудың кейбір критерииі бар.Жалпы грамматикалық мағынасы форманы жасап
тұрған барлық компоненттердің тіркесіне жиналады, комекші етістік жақ пен
түрге өзіне тән ішкіпарадигматиялық мағына береді, бірақ шақтық, етістік,
модельдік мағынасы бүкіл компоненттерімен бірге жиналады Әр бір компонент,
өз алдында форманын жалпы мағынасы туралы ақпарат бере алмайды Мысалы has
given had beek sent сияқты перфект мағынасы туралы хабарлай алмайды.
Аналитикалық форма ертеде белгілі бір жалғаулы баяндауыш негізінде,
синтатаксистік тіркестерден пайда болған.[4.17]. Олардың арасындағы
грамматикалық бірігу тығыздалғанда олардын арасындағы синтаксистік байланыс
жойылып олар аналитикалық формаға айналды Осыдан аналитикалық форманың
компоненттері арасында синтаксистік байланыс болуы мүмкін емес деген
қорытынды шығара аламыз.
Текстегі синтаксистік байланыс барлық формаларға жалпы беріледі,
форманын әр компоненті жеке жеке синтаксистік байланысқа ие бола алмайды,
Мысалы was driving the car деген тіркесте the car элементі барлық етістік
формасында толықтауыш болып тұр, ал had often remembered тіркесінде of ten
элементі баяндауыш пысықтауыш болып тұр.
Сөз таптары. Сөз таптарының классификациялық теориясы.
Ағылшын тілінін барлық сөздік қоры белгілі бір лексика граммати калық
кластарға,яғни сөз таптарынна бөлінеді.Сөз таптарына әр түрлі
түсініктемелер берілген..
Бұл бөлімнің ертеден келе жатқан разрядтарына негізгі принципті Л В
Щерба қалыптастырған. Бұл принцип бойынша, оған лексикалық мағына,
морфологиялық форма және синтаксистік қызмет атқаруы жатады.[5.83].
Ағылшын тілінің ғылыми грамматикасының бірінші авторы Г.Суит сөз
таптарын негізінен, екі топқа; түрленетін және түрленбейтін топқа бөледі.
Сөйтіп морфологиялық қасиет классификациясынның негізгі принципі деп
санайды.[6.103]. Түрленуші (declinables) топқа зат есім, сын есім,
етістікті жүргізеді. Үстеу предлогтар, жалғаулықты, одағайды түрленбейтің
(indeclinables) топқа біріктіреді. Осы классификациямен қатар, Суит
синтаксистік қызметіне қарай белгілі бір сөздік класстар тобын ұсынады.
Атаулы сөздер (noun words) зат есім нен басқа, қызметіне қарай ұқсас
атаулы есептік атаулы сан есім (noun numerale) инфинитив және герундиді
қамтиды, адьективті сөздер тобына сын есімнен басқа адьективті есімдік
(adrectike numerals) есіміне кіреді. Етістік тобына етістік мен вербалдар
кіреді. Барлық жақты, жақсыз формалары етістіктің шақ және етіс
категориясына ие болып, морфологиялық принцип негізгі болып тұр. Ч. К. Фриз
“ағылшын тіліңін құрылымы” деген кітабында сөйлемдегі сөздің позициясына
негізделген класстар жүйесін құруға тырысады[7.87]. Сызбалар көмегімен Фриз
сөздерді төрт классқа бөледі, зат есім, етістік, сын есім және үстеуге.
Бірінші классқа The concert was good сөйлеміңде concert позициясында тұра
алатын барлы сөздер ,the clerk remembered. the tax сөйлеміңде tax сөзінің
позициясының иелей алатын барлы сөздер жатады. Екінші классты сөйлемдердегі
it was ,remembered позициясын, үшіңші классқа good позициясын, төртіншіге
модельдегі there позициясын иелене алатын сөздер кіреді.
Фриз позициялық принципті ұстанады да, бірінші классқа тек зат
есімдер ғана емес, екі класстың алдындағы позицияда тұра алатың кез келген
сөз кіреді, жақты етістіктің алдында келетің, мысалы, man, he ,the others,
anoter сөздері бірінші классқа жатады,өйткені олар екінші класстық саmе
сөзінін алдындағы позицияны иемдене алады. Фриз төрт класстан басқа, Б
топты бөлім корсетеді. Ол бұл топтарды” function words” деп атайды[7.89]. А
тобына the позициясында тұрып анықтауыш бола алатын бүкіл сөз кіреді. А
тобына кіретін сөздерге, мына сөздер мысал бола алады, the, no, your,
their, both ,few, much, john s our ,four,twenty...
Бір екі сөз кіретін топтар бар С, H, N топтары not there,there is
please сөздерін қамтиды. Фриздың классификация құру идеясы қызықты,
бірақ мақсатсыз. Оның ұсынған бұл идеясы өте шиеленіскен, бір сөз бірнеше
разрядта пайда болады. Енді Г.Глисон және Дж Следд ұсынған классификацияға
келіп тоқтайық. Глисон өзінің класификациясында бүкіл сөздік қорды үлкен
екі топқа, сөз түрлендіруші формальды белгілері бар бар және оңдай
белгілері жоқ топқа бөлді. Бірінші топ зат есім, сын есім, етістік және
үстеуді қамтиды. Глисон бұл топтан парадигмалық белгісі жоқ бүкіл сөзді
шығарып тастаған. Beautiful сын есім бұл топқа кірмейді, себебі оның
beautifuller, beautifullеst формалары жоқ . Екінші топқа позициялық
белгілері мен айшықталатын бүкіл сөз кіреді. Beautiful сөзі fine сын
есімінің позициясында болғандықтан,екінші топқа adjectives тобына кіреді.
Бір позицияда кездесетін класстарды конституентттік constituent
класстарына біріктіреді. Бірақ олардын дәл санының анықтамасын бермеген.
Глисон классификациясы Фриз классификациясынан жүйесіздеу, класстардын бір
біріне жүйелілік қатынасы жоқ. Дж Следд класификациясы Глисон принципіне
жақын. Ол сөздері флективті және позициялық Nominals verbals,
adjectivals,, adverbials кластарына кіргізеді, оларға сегіз кіші класстар
қосылады. Көмекші етістік анықтауыштар, предлогтар, шылау есімдіктің әр
түрлі разрядтары, мұнда біз түсініксіз критерийді кездестіреміз, кейбір
есімдіктер зат есімдер сияқты позицияны иемденеді, бірақ өзгеше классқа
жатады,сұрау есімдігі позициясы жағынан сілтеу есімдігінен айырмашылығы
болмаса да, лексикалық мағынасы негізінде өзгеше классқа бөлінген. Следд
классификация өткен классификациялар сияқты көңілге қонымсыз.
Сөйтіп, бір принципке негізделген тілдік единицалар классификациясын
жасау сәтсіз аяқталды. Сондықтан енді біз дәстүрлі классификация тоқтаймыз.

Ағылшын тіліндегі барлық сөздер үш үлкен топқа болінеді. Олар атауыш
сөздер, комекші сөздер және тәуелсіз сөздер. Ағылшын тілінде тоғыз сөз табы
бар. Атауыш сөздер notional words лексикалық та, грамматикалық та
мағыналары бар және белгілі сұраққа жауап беретін сөздер[8.45]. Атауыш
сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік және үстеу жатады.
Көмекші сөздер Structural words лексикалық дербес мағыналары солғындалған
сөздер. Комекші сөздерге арктикль, демеулік, предлог және шылау сөздер
жатады. Тәуелсіз сөздер Independent words қазақ тіліңдегі одағай сөздер
сияқты, ешқандай белгілі ұғымды білдіре алмайтын, сөйлемде ешқандай сөйлем
мүшесі қызметтің атқармайтын ,тек адамның көңіл күйі ,ішкі сезімін және іс
әрекеттің мүмкіндігі мен қажеттілігін білдіретін сөздер.[9.9] .Тәуелсіз
сөздерге одағай, модаль сөздер, құптау және терістеу сөздер жатады.
Зат есім the Noun заттық атын, нәрселерді, табиғат пен қоғамдық
өмірдегі ұшырысатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен
түсініктерді білдіретін сөз табы. Зат есім who is this ? бұл кім? What is
this ? бұл не? деген сұрақтарға жауап береді. Зат есімнін алдында арктикль
қойылады,Арктикльдің екі түрі бар. Олар The lndefinite article Белгісіздік
арктикль – a,-an The definite article Белгісіздік арктикль - the
Белгісіздік арктикль саналатын да, саналмайтын да зат есімнің алдында
кездеседі.
Белгісіздік арктикль а және аn Егер сөз дауыссыз дыбыстан басталса
а қолданылады. А book, a table. Егер сөз дауысты дыбыстан басталса аn
қолданылады.
A - арктиклі An -
арктиклі
A – fathter An –
apple
A- lamp An –
engineer
Белгілік арктикльі The зат есімнін алдында белгілі бір нәрсені
айтқанда, сол затты көрсетіп немесе нақтылаған кезде қолданылады. Ағылшын
тілінде тек категориясы орта ағылшындық кезеңде жойылған тілде тектер сөз
жасау және лексикалық тәсілмен көрсетіледі. Boу-girl cock- hen bull-cow
waiter-waitress lion-lioness he-goat-she-goat "Modern-English Struture"
кітабының авторы Б Стренг ағылшын тілінде тек категориясы бар дейді. Ол
мұны биологиялық текті білдіретін he, she және жансыз зат есімге қатысты
it есімдігіне негізденіп айытқан[10.56].
Зат есімнін екі түрі бар; жекеше және көпше. Зат есімнін көпше түрі
жекеше түрдегі зат есімге -s,-es жалғаулары жалғануы арқылы жасалады
dogs,cats,potatoes,books,cllasses,b uhses. Көпше түрдің осындай сөз
түрлендіруші модельін ашық модель деп айтуға болады. Өйткені тілде пайда
болып жаңа сөздердің көпше түрі осындай әдіспен жасалады.
Ашық модельмен қатар жабық топтарда кездеседі. Бұл топқа кіретін зат
есімдердің көпше түрі осы топ төңірегінде қалыптасады. а) – en жалғауы екі
зат есімге бекітілген – oxen ,children.
Ағылшын тілінде зат есімнін көпше түрі дауыстылардын ауысуы арқылы да
жасалады [u:] -[i:] – tooth – teeth foot feet - [au] –[ai] – mouse mice
louse like – [u] – [i] - woman - women – [ǣ] – [e] – man –men. Кейбір
зат есімнін көпше түрі жоқ. Мысалы sheep,deer,swine.
Зат есім тұлғасына қарай simple негізгі және derevative туынды
құрамына қарай simple дара және compound күрделі болып бөлінеді. Негізгі
зат есімдер түбір зат есімнен жасалады, оларға префикс жұрнақ жалғанбайды.
School ,tea,milk,water,air Туынды зат есімдер жұрнақтар немесе префикстер
арқылы жасалады, pianist,childhood unemployment reconstruction Күрделі зат
есімдер қос сөз дер, біріккен тіркескен сөздерден жасалады
motorcar,newspape, railway,daughter-in-law. Зат есімдер саналатын және
саналмайтын болып екіге болінеді. Саналатын зат есімдерге затты, құбылыс
тарды, сезімді немесе олардың пайда болғаннын білдіретің зат есімдер кіреді
bench,girl ,storm,breakfast departure,illness,joy,wish. Саналамайтын зат
есімдерге дискретті емес нәрселері атайтын зат есімдер кіреді; air,brass
oxyden ,sugar.
"peuralia tantum" деген өзгеше топқа екі бөліктен тұратын заттар
кіреді. Олардың жекеше түрі жоқ. Мысалы
shorts,scissors,spectacles,trousers , Ағылшын тілінде зат есімдер екі
септікте беріледі the common case (жалпы етістік) the Possessive Case (
тәуелсіз етістік) Мысалы Student (жалпы септік) student s тәуелдік
септік.[11.92] .
- s дәйекшесі (апостроф) жанды зат есімдермен бірге қолданылады the
girl s бірге the dog s bark. Жансыз зат есіммен сирек кездеседі the car s
roof, the door s support .
-s дәйекшесімен басты мүшелері бастауыш болатын сөз тіркестері
жасалады – John and Tom s room the Prime Miпister of England s speech
бастауышы жоқ тіркестер де somebody else s car кездеседі.
Зат есім сөз таптарынын арасында ең көп синтаксистік ие. Ең бас тысы
онын бастауыш және толықтауыш позициясында тұруы the dog wagged its fail i
like dogs Зат есім баяндауыштық бөлігі предикативті мүшесі болу мүмкін; she
is a singer[11.103]. Ағылшын тілінің өзгешелік зат есімнің анықтауыш
функциясында тұруы а stone wall, the speed limit, the sea breeze. Сын
есім. Сөз таптарынын бірі – сын есім. Заттын түрін, түсін, сапасын,
сипатын, көлемін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. a clean dress, a
high hill. Сын есім тұлғасына қарай simple (негізгі) derivative (туынды)
құрамына қарай simple (дара) және compound (күрделі) болып бөлінеді.
Негізгі, дара сын есімде, beg ,shorl,black,hot. Туынды сын есімдер
жұрнақтар арқылы жасалады natural, incarrect, unnatural. Күрделі сын
есімдер екі сөз ден тұрады dark, blue ,kind ,hearted. Сын есімнің өзіне тән
шырай категориясы бар. Олар жай шырай (pоsitive comparison) салыстырмалы
шырай (comparative comparison) күшейтпелі шырай. (superlative
comparison).Сын есім шырайлары. Жай шырай сын есімнің өзге шырайларының
жасалуына негіз болады.,сондықтан жай шырайға қосымша жалғанбайды;long,
good, little, bad young . Cалыстырмалы шырай бір заттың сыны мен сапасының
екінші бір заттың дәл сондай сыны мен сапасынан сәл кем немесе артық екенін
білдіреді.Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақ -er. Мысалы;long,longer.
young-younger .John is younger than Tom.
Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл
шырай бір буынды немесе кейбір қос буынды негізгі сын есімдер- ге -est
жұрнағы жалғануы арқылы жасалады.Мұндай күшейтпелі шырай да тұрған сын
есімдердің алдында белгілілік артиклі ;the қолданылады. Мысалы;longer- the
longest younger-the youngest. [12.76]
Көп жағдайда қос буынды немесе көп буынды сын есімдердің салыстырмалы
шырай түрі more сөзі арқылы, ал күшейтпелі шырай түрі most сөзі арқылы
жасалады;beautiful-more beautiful-the most beautiful . Кейбір сын
есімдердің салыстырмалы шырайлары басқа түбірден жасалады; good-better-the
best Cалыстырмалы шырайда than жалғаулықты шылау қолданылады. Мысалы;This
room is larger than that. Екі затты салыстырғанда as ... as шылауы
қолданылады,жай шырай сын есімдері as ... .as жалғаулықты шылаудың арасында
айтылады.This book is as interesting as that Сын есім сөйлемде анықтауыш
пен баяндауыш қызметін атқарады.[12.78].
Сан есім.
Сан есім заттың санын,мөлшерін,ретін білдіретін сөз табы.Сан есім
есептік және реттік болып екіге бөлінедіОлардың сөз түрлендіруші белгілеоі
жоқ.Синтаксистік жақтан зат есім мен сын есімдегідей позицияларға ие бола
алады.She might be thirty or forty-five. Two Italian primitives on the wall
.She had not seen me for four days .Реттік сан есімдер заттың қатарын,ретін
білдіреді; in ten sixty-six Chapter seven.Реттік сан есімдерге 12 ден 20
дейін -teen жұрнағы жалғанады.20 дан 100 дейін -ty ;ал реттік бестен бастап
-th жұрнағы жалғануы арқылы жасалады.
Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады.Есімдік
заттың өз атауын да,белгісінің атын да білдірмейді,тек соларды нұсқап
меңзеп көрсетеді де,солардың орнына қолданылады.Есімдік зат есім сияқты
жалпы атау септікте,және тәуелді септікте беріледі;somebody (жалпы септік
somebody s(тәуелдік септік еach other (жалпы септік each other s
(тәуелдік септік . Басқа есімдік атау септікті және барыс септікте
беріледі.Есімдік лексикалық-семантикалық мағыналарына қарай 10 топқа
бөлінеді.Олар (Personal) жіктеу Possessive тәуелдік
Reflexive-өздік Demonstrative-сілтеу; nterrogative-сұрау; Indefinite
белгісіздік Reciprocal -ортақ ,Relative-қатыстық, Conjunctive -байлан-
ыстырушы, negative-болымсыздық. Барлық есімдер есімдік зат
есімдер,есімдіксын есімдер болып бөлінеді.Есімдік зат есімдер заттық ұғымды
білдіретін сөздердің орнына жүреді.Есімдік- зат есімдер сөйлемде
бастауыш,баяндауыш толықтауыш қызметін атқарады. Есімдік сын есімдер
заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына жүреді,сон-дықтан сөйлемде
анықтауыш қызметін атқарады. Сөйлемде есімдік бастауыш, баяндауыш,
толықтауыш анақтауыштың қызметін атқарады.
Жіктік есімдігі есімдік зат есімдердің оржүреді.Олар екі септікте
беріледі.Nominative Case (Атау септік) Objective Case ( Тәуелдік септік)
I есімдігі сөйлемнің басында да, ортасында да,соңында да үлкен
әріппен жазылады. Мысалы; I am a student .My brother and I will help you.
It is
I .It есімдігі ағылшын тілінде төрт түрлі қызмет атқарады.1. Жіктеу
есімдігі жансыз зат есімнің орнына қолданылады.Мысалы;It is open
It cілтеу есімдіктің қызметін атқарғанда бастауыштың немесе
толықтауыштың қызметін атқарады.МысалыIt is a magazine I know it
Жақсыз сөйлемде бастауыштың қызметін атқарады.It мыныдай жағдайда
кездеседі.Мысалы;Its raining now Its warm today. Сөйлемде бастауыш тұйық
етістік немесе герундийдан жасалады.Its hard to learn a foreign language
in a short time.
Күшейткіш it сабақтас-құрмалас сөйлемнің it is ... that конструкция
сы бастауыш,толықтауыш пысықтауыш,бөлек тұрады.It was+ бөлінген сөз+that
бастауыш+баяндауыш It was yesterday that Imet John at the concert.
Сөйлемде жіктік есмдік бастауыш, баяндауыш. тура және жанама
толықтауыш қызметін атқарады. Тәуелдк есімдік. My, his, her its, our, your
,their есімдіктері тәуелділікті білдіреді. Синтаксистік жағынан зат
есімнің анықтауышы болады да,артиклмен бірдей дәрежеде қызмет атқарады; a
drees, my drees ,a the new drees.
Зат есімге тән позицияда тәуелдік есімдік өзгеше субстантивті формада
қызмет етеді; mine,his, hers,our, yours, theirs.Yours must be a tiring
life nurse, said Lois.Егер тәуелдік есімдік пенбасқа анақтауышты бір сөз
тіркесіне жазу керек болса,тәуелдік есімдіктер постпозициялық субстантивті
формада болады; a dress of mine ,that friend of yours.
Сілтеу есімдік.
Сілтеу есімдіктері екі топқа бөлінеді;this these есімдігі сөйлеушіге
жақын заттарды атағанда қолданылады My department would be quite. willing
to take over these first discussions I said . That. those cөйлеушіге
уақытымен немесе кеңістігімен алыс затты атауға қолданылады.Now I was
getting older I could realize those mistakes in the past .I hate to think
of you up there in those dreadful smoky streets. Сілтеу есімдіктері зат
есімді анықтайды;this girl this young girl the
girl the young girl
Сұрау есімдігі.
Сұрау есімдік;who, whom ,whose ,what ,which .Whom кейде who түрінде
келеді.Сұрау есімдігі , өзінің семантикалық күшімен бірінші тұрады;who
есімдігі сөйлемде тек бастауыш болады.Who is there Whom толықтауыш
позициясында тұрады.Whom do yoи see What және which субстантивті позицияда
бастауыш немесе толықтауыш ,анықтау- ыш қызметін атқарады.; What is your
favourite pastime What do you mean What book are you reading Which boor are
you reading Which author do you prefer
Reflexive pronoun (Өздік есімдік)
Өздік есімдік my ,your, him, her ,it, our ,them.тәуелдік
есімдіктеріне -self -selves жалғаулары қосылуы арқылы жасалады I saw myself
ten twenty years hence ... growing sour because life had passed my.
Қазіргі ағылшын тілінде өздік етістікті айтылатын ой өзгермейтін
жағдайда ғана қолданады.In the morning I wash (myself) dress (myself) and
have breakfast.Толықтауыш қызметін атқара алатын етістіктерден басқа,өздері
толықтауышты қажет ететін етістіктер де бар.Бұл жағдай да өздік есімдік
қолданылады; amuse oneself enjoy oneself collect oneself He was enjoying
himself we were sharing a bottle of wine. Ағылшын тілінде барлық жіктеу
есімдіктеріне пара-пар жіктеу есімдіктері бар; I saw it myself.
Белгісіздік есімдік.
Есімдіктің бұл қандайда бір затты көрсетеді,бірақ теңестірмейді.
Бұл есімдіктің анықталған құрылымы жоқ. Есімдіктің негізі some,any
сөздері,туынды есімдіктер-something , anything, nothihg, somebody, any-
body, nobody , someone ,anyone ,no one .-Body -one әдетте жануарларға
байланысты қолданылмайды,мысалы, бөлмеде адам болмаса, ит немесе мысық
болса,Is there anybody in your room? деген сұраққа, There is nobody there,
деп жауап беріледі..Some any сөйлемде субстантивті мүше қызметін атқарады
немесе анықтауыш орнында тұрады.She made some excuse and came towards us.I
don t suppose he had any option.
Етістік.
Ю.С. Маслов етістікке қимылдың, іс-әрекеттің грамматикалық мағынасын
білдіретін сөз табы ретінде анықтама берген. Қимылдың грамматикалық
мағынасы әр түрлі түсіндіріледі, бұл тек қимыл мен іс-әрекет ғана
емес,қандай да бір заттың бар екенін және оның қандайда бір класқа
жататынын көрсетеді. A chair is a piece of furniture .He wrote a letter. He
will soon recover. Олар сөйлемде қимыл, іс-әрекетті көрсеткендіктен,
баяндауыш қызметін атқарады. Етістіктің сөз түрлендіруші құрылымы онша бай
емес,аффиксация өте аз,жұрнақтармен беріледі,конверсия тәсілімен жасалған
күрделі етістіктер көп және реверсия тәсілімен,яғни зат есімнің соңғы
бөлігін алып тастау арқылы жасалған етістіктер бар; to blackmail
(blackmailing) to seabathe( sea bathing)[13.84].Ең көп тараған етістіктің
жұрнақтары-еn; to redden, to strengthen ,-fy to magnify , to dignify,
-ize to fraternize , to mobilize.Ағылшынның барлық етістіктері
морфологиялық құрамына қарай 2 топқа бөлінеді.өткен шақ формасының және
есімшенің жасалу тәсіліне байланысты.Стандартты етістік негізгі формаға
жұрнақ жалғануы арқылы жасалады.оның үш түрлі фонетикалық нұсқасы бар.
Соңғы дыбысына байланысты \ d\ ашық дауыссыз және дауыстыдан кейін
saved \seivd\ echoed\ekoud\; \t\ қатаң дауыссыздан кейін-looked \Iukt\
және \id\ дентальдан соң loaded \Ioudid \.Жазба түрінде жұрнақтың бір
ғана түрі бар-ed.Екінші топқа стандартты емес етістіктер кіреді,олар
бірнеше топшаларға бөлінеді.Негізгі топты өзгермейтін етістіктер құрайды;
to put ,to let ,to hit, to cast.Келесі топқа дауысты дыбыс ауысып,щған
дентальды жұрнақ жалғануы арқылы жасалады; to keep-kept -kept ,to weep-wept-
wept.
Негізгі етістіктер өзіндік мағынасы бар және сөйлемде етістікті
баяндауыш қызметін атқарады.Көмекші етістік өзіндік мағынасы жоқ және
негізгі етістікпен тіркесіп,күрделі етістік жасайды.Көмекші етістіктер; to
be, to have ,to do, shall(shoud will( would .Байланыстырушы етістікке to
be to become to grow to get to turn to look етістіктері жатады.Модаль
етістікте тұйық етістік негізгі етістікпен тіркесіп келеді.Олар
мүмкіндікті,қажеттікті білдіреді.Модаль етістіктер can (could) may (might)
must ought
Aғылшын тілінің жақ пен түр категориясы бар. Жақты етістіктер
жекеше,көпше түрде және үш жақта ,бірінші,екінші,үшінші жақта
қолданылады.Ағылшын тілінде to be етістігін осы шақ берілуінде жеке
формалары бар;I am he(she it )is we (you they) are.Өткен шақта to be
жекешк,көпше түрінде басқа формалары болады.I he (she it) was we (you
they)were.Осы шақта to have етістігінің ІІІ-ші жақ жекеше түрінде өзіне
тән формалары бар He (she it) has.Осы шақта барлық етістіктерге модаль
етістіктен басқаларына ІІІ-ші жақта жекеше түрде -ы жалғауы жалғанады.He
writes She reads Іс-әрекеттің,қимылдың мезгілге,уақытқа байланыстырылғанын
көрсететін етістікке тән категорияныетістіктің шақтары деп атайды. Олар
үшеу.The Present Tense ,The Past Tens, The Future Tense. Ағылшын тілінде
аяқталған іс-әрекет осы шақ, өткен шақ,келер шақта беріледі.Етістіктің
шақтары 4 топқа бөлінеді.1.Шақтың жалпы түрі (Indefinite Tenses) 2.Шақтың
созылыңқы түрі(Continuous Tenses)3.
Шақтың аяқталған түрі(Perfect Tenses) 4.Шақтың аяқталған созылыңқы
түрі (Perfect Continuous Tenses)
1.Шақтың жалпы түрі.Бұл топтың құрамы мынадай, Жалпы осы шақ. Жалпы
өткен шақ.Жалпы келер шақ.Бұл шақ тек аяқталған іс-әрекеттің
осы,өткен,келер шақтағы қайталануын білдіреді.
2.Шақтың созылыңқы түрі(Continuous Tenses)Бұл топқа мыналар кіреді
Созылыңқы осы шақ.Созылыңқы өткен шақ.Созылыңқы келер шақ. Соntinuous
шағындағы түрлер іс-әрекеттің ұзақтығын,белгілі бір уақытқа дейін басталған
іс-әрекеттің осы,өткен,келер шақта аяқталуын,аяқталғанын немесе аяқталатын
осы сәтті білдіреді.
3.Шақтың аяқталған түрі(Perfect Tenses),Бұл топтың құрамы мынадай
Аяқталған осы шақ.Аяқталған өткен шақ.Аяқталған келер шақ. Perfect шақтар
тобы іс-әрекеттің өткен мезгілде болғанын,қазір орындалғанын, келер шақта
міндетті түрде орындалатынын көрсетеді. Perfect шақтар тобы to have
көмекші етістік пен Participle ІІ арқылы жасалады.
4.Шақтың Аяқталған созылыңқы түрі(Perfect Continuous Tenses) Бұл топқа
мыналар жатады,Аяқталған созылыңқы осы шақ,Аяқталған созылыңқы өткен
шақ.Аяқталған созылыңқы келер шақ.Perfect Con-tinuous шағындағы түрлер
созылыңқы іс-әрәкеттің белгілі бір уақыт аралығында осы,өткен,келер шақта
аяқталуын білдіреді.
1Етістіктің ерекше граматикалық категориясының бірі -етіс(volce)істің
істеушіге және істелетін затқа (объектіге)қатынасына байланысты мағыналық
және тұлғалық жақтап өзгеруін етіс деп атайды.Ағылшын тілінде 2етістің түрі
бар:the active болса,the passive.Негізгі етістікте іс-әрекеттің
атқарушысы,қимыл иесі арнайы көрсетіледі.Түбір етістіктің де,басқа сөз
табынан жасалған туынды етістіктің де алғашқы тура қалпында айтылған түрін
негізгі етіс деп атайды;They will build the bridge next year.
Ырықсыз етіс- түбір етістікке қарама-қарсы етіс. Іс-әрәкеттің
атқарушысы,қимыл иесі арнайы айтылмай,қимыл өздігінен істелінгені көрініп
тұрса,ондай етісті ырықсыз етіс деп атайды; The bridge will be build next
year. Passive voice-та қимыл иесі by көмекші сөзімен,ал қимыл-әрекеттің
құралы with көмекші сөзімен қолданылады; The arrival card was filled in
with the pen.
Тұйық етістік ( The Infinitive) етістіктің негізгі түбірі.Тұйық
етістік не істеді? қайтті?деген сұрақтарға жауап береді; to go, to do ,to
get ,to ask to meet, to eat ,to read.Тұйық етістікке тән шақ және етіс
категориясы бар.Ағылшын тілінде сабақты етістіктер төрт формада, негізгі
етісте және екі формада ырықсыз етісте беріледі.Негізгі етіс; to write ,to
be writing ,to have been writing.Ырықсыз етіс;to be written;to have been
written.Тұйық етістіктің алдында тұрған to демеулігоны ұқсас басқа етіс-тік
формасынан ажыратуға мүмкіндік береді.Тұйық етістік сөйлемде а бастауыш ә
баяндауыш б толықтауыш в анықтауыш г пысықтауыш қызметін атқарады.a) To
have asked questions here would have attracted attention.ә To see it to
believe б I wanted to tell before they discovered в There was no one to
read the words that were being traced гHe was a good workman;to good a
workman to be sacked.Тұйық етістік толықтауыштың барлық түрін қабылдай
алмайды да,үстеу көмегімен беріледі;If Godmanchester cared publicly to
break the lease with the society,let him do.Кейде үстеу to демеулігі мен
тұйық етістіктің ортасында келеді;I wish to specially stress the fact.Тұйық
етістік етістік баяндауышпен бірге іс-қимылдың біркелкілігін
білдіреді.контексқа байланысты баяндауыштағы іс-қимылдың келер шақта іске
асатынын да көрсетеді.I am sure,the Dean never intended to suggest anything
else.
When I told Rose,that I wished to transfer Gilbert Cooke I had an
awkward time.Перфект етістік баяндауыш бұрын болған іс-әрекетті
білдіреді;It was like her also not to have asked a single question about
what I had been doing(Snow) Бастауыш қызметін атқара отырып ,іс-қимылдың
толық мағынасын береді; To reach the escarpment top meant another spell
among the trees.Ал басқа жағдайларда инфинитивтің іс-қимылын,бастауыш
арқылы берген семантикалық субъектке сәйкес келеді;Then she would force
herself to attend to Margaret and to me (Snow I have to wish to listen to
anybodys private conversation (Christie)Толықтауыш құрамында
тұрып,инфинитив толықтауыш арқылы беріліп тұрған семантикалық субъектке
сәйкес келеді;Iam telling you not to worry.Әсір-есе бұл сәйкестік күрделі
толықтауыштарда байқалады.;Everyone watched him go (Snow)As her gaze
returned to Ralph, Isaw he recognize him.Инфинитив for +придикативті
конструкциямен,егер столықтауыш құрамында тұрып,придикативті-сын есімнің
мағынасын анықтаса сәйкес келеді;It s extremely funny for me to be
consoling you office affairs are easy to start and difficult to finish
particulary in a small town (Braine) Participle І ( осы шақ есімше) мен
герундий бірдей морфологиялық формаға ие,сондықтан көптеген лингвистер
қызметтері әр түрлі бір форма ретінде қарастырады.С.
Крейзинг,Плоткин,Бархударов осы ұстанымды ұстанады. Олардың вербальды
ұқсастығы оларды бір форма ретінде қарастыруға негіз болады. Герундий мен
осы шақ есімшені адъективті грамматикалық мағына беретін ing формасы
ретінде қарауға болады. Participle І есімге де,етістікке де тән
грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің жақсыз формасы. Particip le І
тұлғасындағы етістіктер тұйық етістіктерге ing жалғауын қосу арқылы
жасалады.Ағылшын тілінде Participle І адам немесе зат ұғымындағы зат
есімдердің анықтаушысы бола алады;The playing boy is my son.Participle І
пысықтауыш қызметін атқару мүмкін;Roy was standing at the upright desk
,reading a manuscript.Перфекті формасы алдында болып өткен уақиғаны
білдіреді;Having ushered Battle into a small room...Miss Amphrey
withdrew.Күрделі толықтауыштарда есімше бірінші толықтауыштың
компоненттерімен сәйкес келеді; It harassed me to see this proud man
humaliating himself.
Геррундий.
Герундий өздігінен баяндауыштың қызметін атқара алатын мағынасы мен
қызметі жағынан зат есіммен етістікке ұқсас жақсыз етістіктің бір
түрі.Герундийде етістік пен зат есімнің белгілері болады. Оның етістік
сияқты шағы,етіс категориялары бар. ParticipleІ ұқсас негізгі етістікке+ing
жалғауы жалғануы арқылы жасалады; reading asking. ParticipleІ мен
герундийдің айырмашылығы герундий алдында көмекші сөз яғни предлог
тәуелдік есімдік, тәуелсіз септіктегі зат есім қолданыла бередіГерундий
сөйлемде зат есімнің белгілерін білдіргенде бастауыш, баяндауыш,
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Герундий етістіктің
белгілерін де білдіреді. Өзінің кезкелген формасында бастауыш қызметін
атқарадыГерундий тура толықтауыш қызметін де атқарады. Being angry wouldn
t help .She needs taking care of .Hildegarde had taken to stading the
subject.Герундийге тән шақ және етіс категориясы бар.Герундий төмендегі
етістіктерден кейін қолданылады; to finish; to go on;to remember;to
stop;tosuggest;to mind,to give up;to be proud of; to object oto get used
to; to insist oon;to think of; to suggest in be fond of.
2. ParticipleІІ (өткен шақ есімше )зат есімнің белгілі бір қимылға
қатысты белгісін білдіреді;I took the written article.Бұл сөйлемде өткен
шақ есімше формасындағы етістік өзінің мағынасы мен синтаксистік қызметі
жағынан сын есім ретінде саналады.”Дұрыс” етістіктердің Participle ІІ түрі
негізгі етістікке -d -ed жалғауын жалғау арқалы жасалады яғни өткен шақ
етістігінің формасымен сай келеді;to ask-asked;to expect-expected.Бұлар осы
шақ есімшеге сырттай ұқсас болғанымен,мағына мен синтаксистік қызметі
жағынан айырмашылықтары бар.Бұрысетістіктер Participle ІІ түрі әр түрлі
жолмен жасалады.көбіне негізгі етістікке -en -e жалғауы арқылы,түбір
дауыстың мүлдем өзгеруі арқылы;to take-taken;to break-broken.Есімше
сөйлемде анықтауыш,баяндауыш,пысықтауыш және толықтауыш қызмытін
атқарады.Есімше етістіктің де белгілерін береді.Есімше тура толықтауыш
қызметін де атқарады;Signing the letter the manager asked sercetary to
sent it off at once.Есімше үстеумен анықталады; Packing his things quickly
he hurried to the station.
Mood (Рай)
Етістіктің іс-әрекет орындаушысымен,уақытпен байланысты жаққа,шаққа
түрленуі етістіктің рай категориясы деп атайды.Ағылшын тілінде райдың үш
түрі бар,ашық рай,бұйрық рай,шартты рай.
Ашық рай іс-әрекеттің осы,өткен,келер шақта болатынын
көрсетеді.Мысалы,He reads the newspaper in the evening. Бұйрық рай
сөйлеушінің сөзі өзіне, екінші жақ тыңдаушыға және үшінші жақ бөгде біреуге
не затқа қаратып айтылғанын білдіретін етістіктің формасы.
Бұйрық рай тек қана бұйрық мағынада айтылмайды,ол сөйлемде айтылу
сазына қарай бұйрық мәндес және кеңес беру мәнінде де айтылады.Бұйрық рай
етістігінің формасы тұйық етістікпен сәйкес келеді;Stop talking Be
quite.Тұйық етістіктен айырмашылығы біріншіден to демеулігінің
болмауы,екіншіден, тұйық етістіктің болымсыз түрінен ( I told you not to
talk)бұйрық рай болымсыз түрінің (Don t talk) айырмашылығы. Смирницкий
бұйрық райдың жоқ екенін айтқан.
Үстеулер қимылдың іс -әрекеттің сынын, мезгілін, мөлшерін, күйін
білдіреді, осыған орай, етістіктермен тіркесіп, олардың алдында тұрады.
Қазақ тілінде көмекші. есімдер, септеуліктер, агылшын тілінде предлогтар
заттардың бір — біріне немесе іс — әрекетке қатысын білдіруіне орай, зат
есімдерге тіркеседі, басқа сөз таптарына емес, зат есімдерге тікелей
қатысты көмекші сөздер ретінде ұғынылады. Артикльдер де басқа сөз таптарына
емес, зат есімдерге қатысты және соларға тән көмекші сөздер ретінде
танылады. Осыған орай, артикльдер зат есімдермен тіркесе қолданылады. Ал
еліктеу сөздер етістіктермен тіркеседі солардың алдында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Тілдік-кешенді талдау технологиясы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
Пәндер