Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері


Мазмұны
Кіріспе
1 Синтаксис жайлы түсінік
1. 1 Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері.
1. 2 Морфологиялық құрылым туралы түсінік
1. 3 Сөз таптарының сөз түрлендіру жүйесі
2 Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
2. 1. Ағылшын тіліндегі морфология сөйлемдердің дауыс ырғағына оқытудағы негізгі принциптер мен мәні
2. 2. Қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің синтаксистік негіздері
2. 3 Қазақ және ағылшын тілдерінің грамматикалық құбылыстарын салыстырудың қысқаша сипаттамасы
Қорытынды .
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі таңда шет тілі, әсіресе ағылшын тілі білімі бар азаматтарға сұраныс күннен-күнге артуда.
Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай ағылшын тілін оқытудың сапасын артыру мәселесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Қазіргі нарық заманында Қазақстан көптеген шет мемлекеттермен достық қарым-қатынасты нығайтуда. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістер мен саяси-мәдени араласулардың көбею, біріккен өнеркәсіптердің пайда болуы, экономикалық қайта құрулар ағылшын тіліне деген қызығушылық пен сұраныстарды тудырып отыр.
Қазақ тілді мектептерде ағылшын тілін оқытудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқушы шет тілін дұрыс меңгеру үшін оның өз ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастық тары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады.
Лингвистикалық тұрғыдан қарасақ, қазақ тілі түркі тілдер тобына ал ағылшын тілі герман тілдер тобына жатады екен. Дейтұрғанымен, екі тілдің грамматикалық жағынан кейбір ұқсастықтары да кездеседі Мысалы, зат есімді алып қарастырайық. Бұл сөз табы ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де бар ұғым.
Зат есімнің мағнасын зерттеген кезде, зат есімнің түрленуі, (жекеше, көпше түрлері) шығу тегі, тәуелденуі, септеліп, зат есімнің баяндауыш қызметін атқаруын толық ескеруіміз керек.
Ағылшын тілінде артикль туралы айтқан кезде міндетті түрде қазақ тілінде ьұндай ұғым жоқ екенін ескеруіміз керек.
Артикль ағылшын тілінде зат есіммен бірге жүреді де, ол үш түрлі бір-бірімен байланысты функцияны, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік функцияны атқарады.
Артикльдің морфологиялық функциясы зат есімнің көпше түрін жасағанда көрінеді.
Ал артикльдің синтаксистік функциясының көмегімен сөз тіркесі және сөйлемнің коммуникативті мүшеленуі пайда болады.
Белгісіз артикль(a an) қазақ тілінде бір сан есімі мен зат есім тіркескен кезде, жекеше түрдегі заттың атауын білдіреді. Біркелкі заттардың арасынан біреуін атау үшін, ол зат туралы бірінші рет айтқанда, ағылшын тілінде a an белгісіз артиклі қолданылады The белгілі артиклі зат есімнің алдында белгілі бір нәрсені айтқанда, сол затты көрсетіп немесе қосымша нақтылаған кезде
қолданылады.
Етістік-оқушылар үшін түсінуге ең қиын грамматикалық категория Өткен және келер шақтағк іс-әрекетті көрсету үшін етістіктің бірнеше шақтары қолданылыды. Етістіктің ерекше категорияларының бірі-өткенде болып кеткен іс-әрекетті көрсететін категория.
Сұраулы сөзсіз сұраулы сөйлем жасауда айырмашылықтар бар. Ағылшын тілінде бұл үшін дауыс ырғағы мен көмекші етістік to do пайдаланылады. Мысалы, Do speak English Біз грамматикалық тіларалық интерференцияның бір бөлігін ғана қарастырдық.
Оқушылар қатені тек ғана тіларалық интерференциядан жібер мейді, сонымен бірге тілішілік интерференцияда бар, мұнда синонимдік грамматикалық формалар жөнінде және естігенде, оқығанда қабыл данатын to be етістігінің көп функциялығыра байланысты грамматика лық омонимдер жөнінде сөз болады.
Тілішілік грамматикалық интерференцияға оқып жатқан шетел тілінің грамматикалық белгілер системасын басқа тілдің системасына ауыстыру жатады. Ана тілімен шетел тілінің келіп, қиындық тілдердің морфологиялық формаларының байлығы мен әр түрлілігінде, ұқсас құбылыстардың ана тілінде болмауы, ойлау операцияларының қиындықтарында, грамматикалық құбылысты тану және қажеттісін пайдалануға керекті ақыл-ой қызметінің мөлшері не байланысты екенін көреміз. Мұғалім сабаққа дайындалғанда осы айырмашылықтар мен қиындықтарды ескере отыр, оқушыларға түсінікті болатындай жаттығуларды таңдап алуы керек.
Осы дипломдық жұмыста біз ағылшын тілі мен қазақ тілінің морфологиялық құрымын салыстыра келіп, сөз жасам тәсіліндегі айырмашылықтармен таныстық.
Шетел тілін оқыту методикасында морфологияны оқытуда кездесетін кейбір қиыншылықтарды қарастырдық.
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданыл ған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Синтаксис жайлы түсінік
1. 1 Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері.
Синтаксис - гректің сөзі: құру, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Ол грамматиканың бір саласы болып есептеледі де, сөйлемдегі сөздердің бір - бірімен байланысын, сөз тркесін, сөйлемнің құрамы мен құрылысын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Қазақ тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі.
Сөйлемде сөздер бір - бірімен грамматикалық байланыста қолданылады. Кез келген қатар тұрған сөздер бір - бірімен байланыса бермейді. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, яғни сөздер бір - бірімен белгілі бір тәсілмен байланысады. Ондай тәсіл қазақ тілінде төртеу.
- Жалғау арқылы.
- Шылау арқылы.
- Сөздердің орын тәртібі арқылы.
- Интонация арқылы байланысу.
Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқыл бір - бірімен байлансқа түседі. Мсалы мен келдім. Алматыға келдім деген тіркестеріндегі сөздер өзара жіктік, септі жалғаулары арқылы байлнысқан. Оқу үшін // келдім тіркесі шылау арқылы байланысқан. Үсен - жақсы инженер деген сөйлемдегі жақсы инженер деген тіркес ешбір жалғаусыз, тұрған орны арқлы байланысып тұрса, Үсен инженер деген тіркестегі сөздер дауыс ырғағы - интонация арқылы байланысқан.
Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері сөз тіркестері мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары екендігі жайында жоғарыда айтылды. Осылардың ішінен, ең алдымен, сөздердің байланысу амалдары мен формалары туралы тоқталайық.
Сөз тіркесі де, сөйлем де сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан жасалады. Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері (модельдері) пайда болады.
Сөз тіркестерінің және олардың модельдерінің жасалуында ұйытқы сөздің (стержневое слово) қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің құрылымы, әдетте, оның құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына, атап айтқанда, қай сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз тіркссін құрастырушы сөздердің өзара қарым-қатысы мсн байланысының сипатын айқындауға ол сөздердің жалпы категорияльдық мағынасының тікелей қатысы бар. Мысалы, заттылық мағынаны білдіретін сөздер тобы (зат есімдер) ұйытқы (басыңқы) сөз ретінде қолданылғанда, атрибутивтілік (сын, сапа түр-түс және т. б. белгілер) мағынаны білдіретін сөздермен (сын есімдер) тіркесуге және анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есімдер, есімшелер және есімдіктермен тіркесуге икем келеді де, атрибутивті сөз тіркестері және олардың моделі жасалады. Сын есімдер заттардың санасып, белгісін білдіріп, тіркесінің тәуелді, бағыныңқы сыңары ретінде қызмет атқарумен біргс (мысалы: ақылды адам, бай колхоз) өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен басқа септіліктердің бірінде тұруын керек етіп, сөз тіркесінің басыңқы (ұйытқы) сыңары ретінде де қызмет атқара алады (мысалы: ақылға бай, сөзге шебер, қаладан тыс, тастан қатты, құлықты көргіш, сұмдықты білгіш) . Мысалы: Абай өлеңдеріндс: Құлықты көргіш, Сұмдықты білгіш, Табылар кісі жөндерге мінезімен сыйымды және т. б. ) .
Етістіктер тіл-тілде тіркесу мүмкіндігі өте-мөте мол сөз табы ретінде есептелінеді. Әр түрлі іс-әрекеттің, қимылдық мазмұнын ашу-үшін іс істеушінің, іс-әрекеттің шығу тегінің, қалай болғандығының көрсетілуі қажет. Осыған орай, етістіктер ұйытқы сөздер ретіндс өзіне бағынышты зат есімдермен де, үстеулермен де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе береді.
Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігінің молдығы немесе аздығы ол сөздердің сөз табы ретінде жалпы категорияльдық мағынасымен тығыз байланысты. Мысалы, үстеулер қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, әдетте, зат есімдермен емес, көбінесе етістіктермен тіркессе, сын есімдер мен есімшелер заттардың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, көбінесе зат есімдермен тіркеседі, олардың анықтауыштары ретінде қызмет атқарады.
Бірақ сөз табының ішіндегі әр түрлі сөз топтарының басқа сөздермен тіркесу қабілетінде де ерекшеліктер мен айырмашылықтар болуы мүмкім. Мысалы, етістіктердің ішінде сабақты етістіктер табыс септігіндегі зат есімдермен және субстантивтенген басқа да сөздермен тіркесін, сөз тіркесінің белгілі бір моделін жасаса, салт етістіктер табыстан басқа септіліктердегі сөздермен тіркесіп, сөз тіркесінің алуан түрлі модельдерін жасайды.
Сонымен, сөз тіркестерінің және олардың түрлерінің жасалуында ұйытқы сөздің қай сөз табының болуының және бір сөз табының ішіндегі әр түрлі сөз топтарының лексика-грамматикалық табиғатының айрықша мәні мен қызметі бар екендігін көреміз.
Сөздердің бағыныңқы-басыныңқы байланысы деп бір сөздің басқа бір сөзге грамматикалық бағыныштылығын (тәуелділігін) айтамыз. Мұндайда бағыныңқы сөздің (немесс сөздердің) белгілі бір формада (немесе формаларда) тұруын басыңқы сөздің категорияльдық мағынасы (немесе категорияльдық қасиеті) айқындап белгілейді.
Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімсн синтаксистік байланысқа түседі. Сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бен бағыныңқы сөздің арасындағы синтаксистік байланыстын тіл-тілде бірнеше түрі бар. Мысалы, орыс тіліндс синтаксистік байланыстың қиысу деп аталатын түрі бойынша ұйытқы сөз бен бағыныңқы сөз бір-бірімен тек (род) жағынан да жекелік-көптік жағынан да, септік жағығынан да қиысып, сөз тіркестері жасалады. Мысалы: высокая гора - высокие горы; высокой горы - высоких гор; высокой горы - высоким горам. Орыс тілінде сөйлем құрамындағы тұрлаулы мүшелер де (бастауыш, баяндауыш) қиыса байланысады. Мысалы: Он играл, Она играла. Ал түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, қиысу сөйлемнің мүшелерін, атап айтқанда, бастауыш пен баяндауыш мүшелерді байланыстыру үшін жұмсалады. Қиысу сөздердің синтаксистік байланыс түрлерінің бірі ретіндс орыс тілінде сөз тіркесіне де, сөйлемге де қатысты болса, қазақ тілінде көбінесе сөйлемге қатысты. Осыған орай, түркі тілдері үшін синтаксистік байланыстың қиысу деп аталатын түрін предикативті байланыс түрі деп атауға болады.
Түркі тілдерінде матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен жақ және жекелік-көптік жағынан үйлесіп айтылады. Мысалы, менің кітабым деген сөз тіркесінің екі сыңары бірдей жекеше және бірінші жақта тұрса, сенің кітабың деген сөз тіркесінде сыңарлардың екеуі де жекеше, екінші жақта, оның кітабы деген сөз тіркесінде екі сыңардың екеуі де жекеше, үшінші жақта айтылым тұр. Осылар тәріздес сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің байланысу түрін кейбір тюркологтар қиысудың қатарыпа жатқызады. Қиысу мен матасудың арасында кейбір ұқсастықтардың бар екені рас. Қиыса байланысқан сөздердің арасында жақ, жекелік-көптік жағынан үйлесімділік болатыны сияқты, матаса байланысқан сөздер де бір-бірімен жақ, жекелік-көптік жағынан үйлесіп келеді. Алайда, сөздердің байланысының бұл түрлерінің арасындағы мынандай айырмашылықты мойындамасқа болмайды: матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғауы сөздің байланысы. Матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы басыңқы сөз тәуелдік жалғауында тұрады да, бағыныңқы сөз ілік септік жалғауында тұрған анықтауыш қызметін атқарады. Сөз тіркесінің сыңарлары шынжырдың бөлшектері тәрізді іліктесіп байланысады, Тәуелдік жалғаулы сөз әрқашан да ілік жалғаулы сөздің болуын керек етсе, керісінше ілік жалғаулы сөз тәуелді жалғаулы сөздің болуын керек етеді де, бір-бірімен іліктескен, матаса байланысқан сөз тіркесі жасалады. Қиысу бойынша бағыныңқы сөз басыңқы сөздің ыңғайына, грамматикалық мағынасы мен формасына бағынып, соның жетегінде болса, матасу бойынша, басыңқы сөз (тәуелді жалғауы сөз) бағыныңқы сөздің (ілік жалғаулы анықтауыштың) грамматикалық мағынасымсн үйлесіп, тиісті формада (тәуелдік жалғауында) қолданылады. Мұнымен бірге, басыңқы сөз (тәуелді жалғаулы сөз) бағыныңқы сөздің әрдайым ілік септікте тұруын талап етеді. Түркі тілдерінде сөздердіц қиыса байланысуынан сөйлем жасалса, сөздердің матаса байланысуынан сөз тіркесі жасалады.
Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың меңгеру деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Меңгеру бойынша, сөз трікесінің құрамындағы ұйытқы сөз (етістік, есім және үстеу) бағыныңқы сөздің жанама септіктердің, атап айтқанда, барыс, табыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұруын керек етеді. Мысалы, киімді тазалау, ауылға бару, үйден шығу, жолдасымен кездесу және т. б.
Синтаксистік байланыстың меңгеру түрі арқылы байланысқан сөздердің бірітіндеп басыңқы сыңары өзгергенмен, оның бағыныңқы сыңарының өзгеруі шарт емес (мысалы: автобусты күттім; автобусты күттіңіздер) ; екіншіден, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін бір ғана басыңқы сөзбен тіркесіп айтылған меңгерілетін сөздер әр түрлі формада қолданыла береді. Мысалы: ауылға қайту; ауылдан қайту; үйге бару; уйден бару т. б.
Меңгеріле байланысқан сөздер тобының көптеген тілдерде меңгеруші сыңары көбінесе етістік сөздерден болады, Сабақты етістік тура объектіні керек етіп, табыс септіктегі сөзді меңгерсе (сабағыңды оқы, айтқанды тыңда), салт етістік барыс, шығыс, жатыс, көмектес септіктегі сөздерді меңгереді (кітапханаға бар, тауға шықты, жиналыстан шықты, суда жузу, телефонмен сөйлесу) . Өз ара байланыста айтылған сөздер тобында кейде зат есімдер мен сын есімдер де меңгеруші сыңар бола алады. Мысалы: комиссияға мүше, депутатқа кандидат, іске шебер, қаладан жақын, таудан биік, іске жауапты, орындауға міндетті т. б.
Сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың қабысу деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Қабысу бойынша түркі тілдерінде сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөз ұйытқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысады. Мысалы: ағаш үй, жылы бөлме, білімді адам, он дәптер, білген кісі және т. б. Түркі тілдерінде қабыса байланысқан сөздердің орын тәртібі мынадай болады: бағыныңқы сөз әрқашан басыңқы сөздің алдында тұрады.
Сонымен, синтаксистік байланыс формаларының бұл түрі бойынша тіркескен сөздер, біріншіден, жалғаусыз, екіншіден, сөздердің орын тәртібі арқылы байланысады. Демек, сөздердің орын тәртібі қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық тәсілі болып саналады.
Қабыса байланысқан есім сөз тіркесінің құрамындағы сынарлардың орны ауысса, онда бүтіндей сөз тіркесінің білдіретін мағынасы өзгеріп кетеді. Мысалы: көз әйнек - әйнек көз, қалта сағат - сағат қалта; монғол тілінде тұмор тулгуур (темір тірек) - тулгуур тұмар (тіреуші темір) . Бұл тәрізді ерекшеліктер, түркі тілдері мен монғол тілдеріне қарағанда, ағылшын тілінде жиі ұшырайды.
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары зат есім мен етістіктерден болады. Зат есіммен қабыса тіркесетіндер: зат есімдер (күміс сағат, ағаш күрек), сын есімдер (ақ орамал, ақылды кісі), сан есімдер (отыз үй, он екінші ай), есімдіктер (барлық адам, бұл кітап), есімшелер (сөйлеген кісі барар жол) . Етістікпен қабыса тіркесетіндср: үстеулер (ерте тұру, кеш жату, ілгері жүру), көсемшелер (түсініп жазу, қадала қарау), сын есімдер (жақсы түсіну, қатты сүйсіну), сан есімдер (екі шоқып, бір қарау), еліктеуіш сөздер (сылқ-сылқ күлу, бұрқ-бұрқ қайнау) т. б.
Синтаксистік единица ретінде қаралатын сөз тіркесінің лингвистикалық табиғатын айқындап, оған анықтама беру үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзімен сырттай ұқсас құбылыстардан, атап айтқандай, күрделі сөзден, жалпы сөздердің тіркесінен (атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесі, сөздердің салалас қатары) . фразеологиялық сөз тіркесінен және сөйлемнен ажырату, екіншіден, оған (сөз тіркесіне) тән басты белгілерді айқындап алу қажет.
Сөз тіркесі - мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. Сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыс сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыстан анағұрлым еркінірек болады. Алайда, бұл еркіндік сөз тіркесінің мағыналық және синтаксистік бүтіндігін бұзатындай дәрежеде болмауға тиіс. Мысалы, сөз тіркесінің сыңарларының арасында ұзақ кідіріс (пауза) жасалса немесе ол сыңарлардың арасына бірнеше сөздер өтсе, сөз тіркесінің бірлігі, тұтастығы бұзылуы. мүмкін. Сөз тіркесінің сыңарларының арасында да, сөздің (мейлі жалаң сөз болсын, мейлі күрделі сөз болсын) бөлшектерінің арасында да байланыс бар, бірақ сөздің (соның ішінде күрделі сөздің де. ) бөлшектсрінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыстан басым да, бекем де болады. Осыған орай, жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретіндс сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына емін-еркін өтсе, синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Осылай болғандықтан, оның құрамындағы сыңарлар ыңғайына қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.
1. 2 Морфологиялық құрылым туралы түсінік
Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе граматика теориясының өте-мөте маңызды проблемаларының бірі болып саналады. Дүние жүзіндегі тілдерді морфологиялық немесе типологиялық классификация бойынша түбір тілдер, флективті тілдер, агглютинативті тілдер және инкорпоративті тілдер деп әр топқа бөліп топтастыру әр түрлі тілдердің құрылымының, ен: алдымен ондағы сөздердің морфологиялық құрылымының, әр басқа болу фактісіне негізделуден келіп туған. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын салыстыру тұрғысынан талдай отырып, тілдердің әр басқа тобына тән өзіндік ерекше белгілер мен ортақ белгілерді айқындау олардың (тілдердің) салыстырмалы типологиялық классификациясын дәлдей және толықтыра түсуге көмектеседі. Әр түрлі тілдердегі сөз-дердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өзара байланысу және тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық титітерін айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс негізде жасау үшін де өте-мөте қажет.
Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізті морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема тура-лы ұғыммен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz