Қазақ ағартушыларының оқу – тәрбие туралы ой – пікірлері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қазақ ағартушыларының оқу . тәрбие туралы ой . пікірлері ... ... ... ... ... .6

2. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

3. Ы.Алтынсарин . қазақ халық педагогикасының негізін салушы ... ... ... ...19

4. Қазақ ағартушыларының тәлім .тәрбиелік ой .пікірлерін қазіргі мектептің

оқу . тәрбие процесінде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
КІРІСПЕ
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне- өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әр бір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.
Әрине, жастарға тәлім – тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн.
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы – мақал – мәтел, ертегі, өлең – жыр түрінде, ақын– жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан – жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу – ең басты өзекті мәселе. Ол біріншіден, білім мазмұны арқылы іске асса, екіншіден, тәлім – тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен тәлімдік мұралары арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде қазақтың ағартушы-педагогтары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Торайғыров, Х.Досмұхамедовтың шығармаларын қолданудың маңызы зор.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қазақ ағартушыларының оқу – тәрбие туралы ой – пікірлері
... ... ... ... ... .6

2. А.Құнанбаевтың педагогикалық
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

3. Ы.Алтынсарин – қазақ халық педагогикасының негізін
салушы ... ... ... ...19

4. Қазақ ағартушыларының тәлім –тәрбиелік ой –пікірлерін қазіргі мектептің

оқу – тәрбие процесінде
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.25

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 36

КІРІСПЕ
Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді - дейді халқымыз.
Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып,
саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың
айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез –
құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал
енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-
өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен
сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының
асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың
парызы болды. Әр бір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас
түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір
тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық,
іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған
ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі
адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын
көрсетеді.
Әрине, жастарға тәлім – тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен
шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін
халық педагогикасына кешенді қараған жөн.
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық
даналығы – мақал – мәтел, ертегі, өлең – жыр түрінде, ақын– жыраулардың,
шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген Елбасының
Қазақстан - 2030 стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше
маңыз берілген. Сондықтан жан – жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі
дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге
халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын
нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар,
өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу – ең
басты өзекті мәселе. Ол біріншіден, білім мазмұны арқылы іске асса,
екіншіден, тәлім – тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен
тәлімдік мұралары арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде қазақтың ағартушы-
педагогтары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, С.Торайғыров, Х.Досмұхамедовтың шығармаларын қолданудың маңызы
зор.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи
мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы
жауапкершілігін жетілдіру рухани эстетикасы жоғары жасөспірім бейнесін
қалыптастыруға негіз болмақ. Ал тәрбие мәселесі қай заманда да талай ойшыл,
ғұлама, ғалым педагогтарды толғандырып келгені ақиқат.
Ендеше оқушыларға халқымыздың рухани байлығын, мәдениетін, дәстүрін
терең таныстырып, ақын – жазушыларымыздың педагогикалық ой – пікірін оқу –
тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни, тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау –
бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинаған мұраларын
ұрпақ тәрбиелеу ісінде қажетімізге жарату, жас жеткіншектерге ұлттық әдеп,
ереже, қағидаларын меңгертіп, сол сипатта өзін ұстауға бейімдеу жолдарын
қарастыру. Сондай – ақ әрбір оқушыға түбегейлі білім мен тәрбиенің
негіздерін беру және олардың жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Қазақ ағартушыларының (А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин) оқу-тәрбие туралы ой-
пікірлеріне талдау жасау
2. Қазақ ағартушыларының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің қазіргі
мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын зерттеу

1. Қазақ ағартушыларының оқу – тәрбие туралы ой – пікірлері
Аз жасаған өмірінде бойындағы бар талантын халық ағарту ісіне
арнаған, Қараңғы қазақ елінің көгіне, өрмелеп шығып күн болуды аңсаған
әрі ақын, әрі журналист, әрі ағартушы-педагог С.Торайғыров артына өлмес-
өшпес асыл мұра қалдырып кеткен халқының қалаулы ұлдарының бірі.
Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниетану оқуына, өнеркәсіп үйренуге,
мәдениетке жетілуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үлгі алуға, сөйтіп ілгері
өрлеуге, басқа елдермен теңесуге шақырады.
Ақын өзінің 1914 жылы жазған Бір адамға деген өлеңінде патшадан шен
алып, шекпен киген, елді паралап үйін дүние-мүлікке, ыдыс-аяққа, алтын
кесеге толтырған болысты сынап-міней отырып, осыншама байлықтың адал
еңбекпен келмей кедейдің еңбегін қанаумен табылған олжа екенін:
Кесені қолыма алып қарай бердім
Ішінде нақақ көзден жас бар ма? , -
деп жырлап, сықақ етеді. Айналадағы өмірден қанау, зорлық-зомбылық,
әділетсіздікті көп көрген ақын Халқының азғанын жөнге салуды армандайды.
Ақынның түсінігінше, надандықты жеңетін, әділеттілікке әкелетін
бірден-бір жол – еңбек пен білім. Халық оқыса, білім мен өнерді игерсе,
заман өзгереді, Надандықтың теңізі тарылады, орны отайып, көгереді.
Қызығын жайлап ел көреді,- деп ұқты.
Сұлтанмахмұттың педагогикалық ой-пікірлерін зерттеп, бүгінгі күн
кәдесіне жаратуда өзінің замандасы Ж.Аймауытовтың сөзімен айтсақ: Ақын
елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой. Жаннан,
ардан безбесе, ақынын қандай ел қадірлемесін! демекпіз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде
қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухан, мәдени, әдеби өміріне белсене
араласып, гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған
Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра қалдырған
Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші, өз бетімен
ғылыми-білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді.
Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді
өзіне ұран тұтып, Жастарға деген өлеңінде былай дейді:
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық ...
Асыл сол-ақыл, білім бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес.
Мен де анаудай болсам деп таласарлық,-деп оларға
қатарыңнан қалма, өтірік, өсек, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан,
жамандықтан қаш, өнегелі, өнерлі елдердің жастарынан үйрен, оқу оқып, білім
ал, талаптанып, талпын, бойыңдағы өнерің мен біліміңді ел қажетіне жұмса
дейді.
Сонымен қатар халық педогогикасына өз үлесін қосқан ақындардың бірі –
Жамбыл Жабаев болды. Отызыншы жылдардың соңы, қырқыншы жылдардың басындағы
ақын өмірінің шырқау биігі деп аталатын кезеңі басталып, жыр маржанын
төгіп, халық даналығын, халықтық дәстүрін, әдет– ғұрпын дәріптеп, өсиетті
– ұлағатты жырларын жазып, жастарға батасын бергендей болды. Оған мынадай
өлең шумақтарын келтіруге болады:
Жастарым жайнап жаңғырған,
Еңбекпенен табылған.
Көз жіберсек өткенге,
Еңбексіз қолың жеткен бе?
Теңсіздік басы байлылық,
Құр сенделдік, қаңғыдық.
Ерінбей адал еңбек ет,
Рахатын тап жаныңның.
Еліңнің аяулы ұлы бол,
Біл бабаңның қадірін, - деп еңбектің мазмұнын аша
отырып, еңбектің түбі өнбек және рахат деген ой түйеді ақын.
Жамбылдың өлең – жырларында патриоттық сезім, тәрбиенің күші бар,
тәрбиенің күшіне сенген ақын, тәрбие тағылымын, үлгісін әрбір өлеңнің
арқауы ете білді. Бүгінгі педагогикалық тұрғысынан қарап, ақын жырларын
талдап зерттесек, ол адамгершілік, ақыл – ой, дене тәрбиесін, патриоттық,
идеялық – саяси тәрбиені еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде
қарастырады. Мұның ішінде тәрбиенің негізгі категориялары ақылдылық,
даналық, адамгершілік, ұлағаттылық пен парасаттылық Жамбыл өлеңдерінің
өзекті проблемалары ретінде қаралады, соны жырға қосады. Мұны мына
шумақтардан айқын көре аламыз:
Жастарым, жайна, жалында
Еңбектің тігіп ордасын,
Оқы – оқы, өнер қу қалма қапыда
Бүгінгі ұлы дүбірде,
Бұл да бір сын ақынға
Болашағым, ұрпағым,
Лапылда, өшпей лапылда!
Ақын толғаулары оқу, өнер, білімге, келешекке меңзейді, жасөспірімді
алдағы өнер асуына, болашаққа, сәулетті де салтанатты өмір сарайын соғуға
шақырады.
Жамбылдың тәрбие тағылымдары, өлеңдерінің өміршеңдігі, өнерпаздың
бейнесі жазған өлеңдерінің санымен ғана анықталып қоймайды, поэзиядағы әлі
күнге дейін ешкім асып түсе алмаған сапасымен, әсіресе, өнерпаздық
диапозонының кеңдігімен, тақырыптарының, қамтыған мәселелерінің әр
алуандығымен, сол сияқты ақындық ерекшелігінің жан тебірентерлік күшімен,
үлкен ұлағатты тәрбиелік тағылымымен анықталады. Мұны Жамбылдың соғыс
аяқталып, халықты еңбек жолына түскендегі мына бір өлеңінен көруге болады:
Шарықта, шаттан, шабыттан,
Жеңімпаз батыр халқымыз!
Жығылды туы дұшпанның
Біз жеңдік, Жеңіс – салтымыз
Құтты болсын жеңісің!- деп жырлаған.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда Жамбыл жырлары, оның тәрбиелік
тағылымдары ХХ ғасырдың басындағы, одан кейінгі кезеңдердегі халықтық
педагогиканың негізін қалаудың айқын айғағы. Жамбылдың бүгін орнатып жатқан
гуманистік және демократиялық қоғамда ұлттық мәдени тілімізге, оның оқу –
ағарту ісіне өзінің өлең жырлары арқылы қосқан үлесі, сіңірген еңбегі,
тәрбие тағылымдары жастарымызды адамгершілік рухта тәрбиелеп еңбекке
баулудың үлгісі болмақ.
М. Жұмабаев – қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ұлтының бақыты үшін өз
бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі. Қынаптағы семсердей, халқының
игілігіне не істеуге жұмсаса да даяр болған. Ол ұлтының патриот ақыны, оның
ерекше ұлтжандылығы, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудің үлгісі
болды. Мағжанның Педагогика кітабында рухани және тәрбие мен дене
тәрбиесі жан – жақты терең қамтылған. Мағжанның пайымдауынша бұл кітап,
баланың бесікке салған күнінен бастап, тәй – тәй басқан әр қадамына,
елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады, осы заманғы
өркениет өресіне қол артады – деп толғануы ғажап пікір, нағыз педагогикалық
толғаныс таза шешім.
Кітапта тәрбие деген не? – деп сұрақ қойып анықтама беріледі.
Педагогиканың қандай пән екеніне түсінік беріле отырып, жалпы педагогика
оның ішінде дене тәрбиесіне жан – жақты талдау жасалады. Тәрбие бөлімдері
туралы да нақты әдістемелік материалдар бар. М. Жұмабаев балалар
әдебиетінің классигі мысалы әр түрлі эпостар, балаларға арналған
фольклорлық туындылардың авторы. Ең бастысы баланы бесіктен еңбекке
тәрбиеледің негізін салған ұстаз – жазушы. М. Жұмабаев туындылары бала
тәрбиесінің – таптырмас құралы, әдістемелік түп нұсқасы, қолтума дүние
деуге әбден болады.
Ұзақ жылдар бойы ұлтшылдық әдебиеттің өкілі деген айып тағылып,
жазықсыз жапа шеккен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті
қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында
тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартып,
құнды-құнды ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуымен, бірнеше оқулықтар мен оқу
құралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.
Күрескер жазушы, ақын, драматург Жүсіпбекті біз қазақ филасофиялық
ойын дамытуға тікелей қатысқан адам деп бағалай аламыз. Оның шығармашылық
мұрасы-философиялық толғауы терең рухани қазынамыз: қазақ болмысы,
ұлтаралық қатынастар, дала шаруасының санасы, әйел теңдігі, адамгершілік
нормалары, таптық қоғам өмірі, өтпелі кезеңдегі билік нысаны сияқты күрделі
теориялық мәселелер көркем әдебиет құралы мен тілі арқылы сөз қылды,
өзіндік шешім тапты. Ал Психология аталатын оқулығы осы күнге шейін
маңызын жойған жоқ.
Абайды өзінің бас ұстазы санаған Жүсіпбек ұлы ақын тағылымының қазақ
елінің ертеңі үшін әлі де берері көп екенін жақсы түсінген. Абайдың
шығармалары мен асыл сөздерінен алған сабағын былай түсіндіреді: Ақынды
дана, рақымды әділ, шыңға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ
болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген:
сөздің сырын сырлап, ішін түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған, ақындық,
сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, харакет қыл, тәрбие ал,
ынсапты адам бол, - деп өткен Абай еді. Халықтың қамын же, адам баласын
бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет, - деген Абай болатын. Өмір жолында
Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда, Абай
– қазақтан шыққан философ данышпан.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әзілхан Нұршайықовтың әдебиетке келгендегі әу бастағы мұраты –
адам тәрбиелеу мәселесімен ұштасып жатыр. Турасы, Ә.Нұршайықов – педагог
жазушы. Оның қай шығармасын алмаңыз, негізгі бастауын тәлім мен тәрбие
мәселесінен алады. Бір сөзбен айтқанда, педагогика - Ә.Нұршайықов
шығармашылығының лейтмотиві, алтын қазығы.
Алайда, бір мәселені естен шығармаған абзал. Тәлім – тәрбие дегенде
суреткер Сен олай жүрме, былай жүр, анау жақсы, мынау жаман,- деген
құрғақ насихатқа, жалаң ақылға еш уақытта бармайды. Қаламгердің бұл
саладағы ерекшелігі – кейіпкер сомдаудағы шеберлігі десек жаңылыса
қоймаспыз.
Кейіпкер сомдауда Ә.Нұршайықовтың өзіне тән тәсілі мен тәжірибесі
жетерлік... Ең бастысы, ол кейіпкерлерді алыстан іздеп, әуре болмайды.
Ә.Нұршайықов кейіпкерлері Сіз бен біз күнделікті кездестіріп жүрген таныс
та бейтаныс бейнелер.
Қаламгер есімін оқырман қауымға кеңінен танытқан шығармасы –
Махаббат, қызық мол жылдар романы болды.
Бір сөзбен айтқанда, Ербол жетпісінші жылдардағы қазақ прозасында
сәтімен дүниеге келген кейіпкелердің бірі. Қаламгер беріден ойлағанда
оқырмандарын, әріден ойлағанда ұлт жастарын дәл осы Ербол іс - әрекеті
арқылы адалдыққа, адамгершілікке, пайымдылық пен парасаттылыққа тәрбиелей
біледі. Махаббат, қызық мол жылдар қазақ әдебиетінің қаншалықты олжасы
болса, Ербол біздің жан дүниемізге соншалықты жақын жандардың бірі болып
кеткен.
Жасыратыны жоқ, Меңтай образы әдебиетшілер тарапынан әлі де зерделеп,
зерттей түсуді қажет ететін образ. Көп қырлы Меңтай образының ең бір ерекше
қыры – оның аппақ қардай адал сезімінде жатыр. Ол шын махаббатты жеңіл
сезіммен, ет пен терінің арасындағы желіден еш уақытта да шатастырмайды.
Тіпті, майданда қаза болған аға аманаты жолында ең асыл сезімі – махаббатын
да құрбандыққа шалуға бар. Және, ол солай істеді де. Сұм Тұмажанның құрған
торына топ ете түсуде бір жағы аңғалдық болса, екінші жағы қарындастың аға
сөзін жерге тастамайтын қанға сіңген қасиетінен, алған тәрбиеден.
Автор соғысты кінәласа да кейіпкер аузымен, оның бүкіл жан дүниесімен
кінәлайды! Жойылсын соғыс! - деген ұран, жалаң плакаттан саналы түрде бас
тартады, тәрбиенің жолы құрғақ насихат емес, өлмейтін өнер екендігіне тағы
бір көз жете түседі.
Иә, жазушы Ә.Нұршайықов нені айтса да, нені жазса да ең алдымен
ұлттық үрдіс, тәлім – тәрбие тұрғысынан келеді. Оның қаламгер ретіндегі ең
асыл мұраты да сол – қоғамды, жастарды тәрбиелеу міндетіне кірмейді әрине.
Ал, бұл мақаланы үлкен бір өзеннің жалғасы бар жақсы әңгіменің басы ғана
деп қабылдасақ, онда мақсаттың орындалғаны.
Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама турколог, жазушы, публицист,
ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір
дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы
өзіне тән прогрессивтік ой – пікірі бар ұлы ғалым. Ол өзінің алғашқы
жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнінде былай деп жырлайды:
Адамдық диқаншысы – қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ – құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге бұл халықтың, - деп бейқам жатқан
халқын сауаттандырып, өнер – білімге, мәдениетке жетектеді.
Ахмет Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-
ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне
бағыштады.
А.Байтұрсынов өмір шындығын, тәрбие тағылымын мынадай етіп келтіреді:
Тықылдап, құр пысықтап сөйлейтін көп,
Еркіндеп ұшқыр атта қарқындаған,
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,
Киіздей шала басып қарпылмаған, – деп сол екі шумақ
өлеңде - бүгінгі біздерге, жастарымызға арналып айтып тұрғандай емес пе?
А.Байтұрсынов еңбек тәрбиесін жырлаған, еңбек тағылымының туын көтерген
дана адам.
А.Байтұрсынов еңбексіз, арзан істерді надандықты, мешеулікті,
білімсіздікті өткір сынға алған.
...Жаны ашып, жаһан үшін қайғырма?
Жаны мол, жақыны мол, малдың құлы... ,- десе, ол
Жұртыма деген өлеңінде:
Келгенде өзді - өзіңе мықтысыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішсіңдер,
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді.
Қорыта келе айтарымыз, қазақ халқының бірі және бірегейі, ХХ ғасырдың
бас кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді
қолбасшы-көсемі А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде
ұлттық педагогика мен оқу-ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін
М.Әуезовше бағаласақ, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі орны
Қырық мысал, Маса, Қазақ газетінің 1916 ж. қан жылаған қазақ баласына
істеген еңбегі, өнер-білім, оқу-ағарту, саясат жолындағы қажымас қайраты
... тарих ұмытпас істер болмақ.

2. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы классик ақын – Абай
Құнанбаевтың ағартушылық көзқарасына тоқталсақ, өзінің өлеңдері мен қара
сөздерінде оқу, өнер – білім үйрену, оны халық қажетіне жұмсау, жастарды
адамгершілік қасиеттерге, өнегелі мінез – құлыққа тәрбиелеу мәселелеріне
ерекше көңіл бөлді. Абайдың ақындық шығармашылығының негізгі бөлігі жас
жеткіншектерді білім – ғылым негіздерін меңгеруге шақырады. Жастық шақ -
өмірдің асыл шағы. Осы бағалы уақытты бос жібермеу керек... адамды әдемі
де, күшті ететін оның ақылы, білімі, ары және еңбек дей келе, ол жастарды
білімге, өнерге, өз қоғамына адал қызмет етуге шақырады. Мұның негізі
ғылымда жатқанын, оны меңгеру қажеттігіне:
Дүниеде де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз, - деген өлең жолдары
арқылы көңіл аударады.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре – тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл шумақта ақын жастарға өнеге, ғибрат болсын деп өз
өміріндегі өкінішін жасырмайды. Жастық шағында білім алып үлгеріп қал,
кейін өкініп жүрме деп ескертеді. Ғылым таппай мақтанба, Интернатта оқып
жүр өлеңдерінде ғылым деген сөзді қайталап айта отырып, әрбір жастың
арманы ғылым болу керек екенін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге, - дей келіп, ғылымға
берілудің, ғылым болудың жолдарын нұсқайды.
Ғылым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Онда болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз? – деп, ғалым болудың басты
талаптарын, алғышарттарын түсіндіреді.
Ия, ғылым жолы – ұзақ жол, әділдік жолы. Ол жолда өтірік,
өсекке ермей, ерінбей еңбек ет, талаптан, қанағатшыл, рақымды бол,
мақтаншақ болма, не істесең де ойланып істе деп үгіттейді.
... Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан! - деуінен өмірден өз
орныңды табу, қоғамда қажетті болуға ұмтылу, азаматтық борышыңды ұмытпау
керектігін ұғамыз. Бұл сөздердің мәні күні бүгінде болашақты, татулықты,
достықты уағыздаушы болуға, ел үшін шыншыл, әділ, кешірімді болуға
үйретеді. Кемеңгер ақынның бала оқытудағы мақсаты да биік, өте терең
мағыналы. Мысалы:
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, - деген екі
жол өлеңде қаншама сыр жатыр? Ол тек өз баласын ғана емес, бүкіл қазақ
халқының баласын оқытуды және ғылымды меңгеру арқылы ілгері кеткен елдермен
теңесуді мұрат тұтады. Ол өз арманын жиырма бесінші сөзінде мейлінше
таратып айтқан: Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да –
бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын,
ғылымын білмек керек.
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі – бос!- деген ұлы өсиеттің
өміршеңдігін, бұрын да, қазір де, келешекте де маңызының зор екенін кім
мойындамайды?! Осы өнегелі өсиет бізге дәл қазіргі кезеңге де аса қажет
сияқты.
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Мұнда ол еңбек ет, арыңды сақта, қайратты бол, ақыл – білімнің
басқаларға да шапағаты тисін, мейірімді, қайырымды бол, сонда ғана адам
деген қасиетті атқа лайықсың дейді. Бұл сөздер – мәңгілік мәнін жоймайтын,
бір адамға бағыт сілтейтін бағдаршам. Уақыт өтер, бірақ бұл сөздер ұрпақтан
ұрпаққа мирас болып мәңгілікке қалады. Абай – мәңгілік дейтініміз де
осыдан. Бүгінгі мектептің алдына қойған мақсаты – білімді, адамгершілігі
мол, иманды, мәдениетті, ой - өрісі ауқымды, жан – жақты адам тәрбиелеу.
Осы орайда ұлы ақынның шығармаларындағы данышпандық ой – пікірлері бүгінгі
ұрпақ үшін маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше, жаңарып, өмірде өз орнын тауып
жатыр. Өзі өмір сүрген заманда Абай көтерген тәрбие, білім беру, еңбек,
адамгершілік, жақсы мінез – құлық мәселелерімен терең ұштасып, бүгінгі мән
– мағынаға ие болуда. Ғұлама бабамыздың кешегі айтқан әрбір сөзі – бүгінгі
өмірдің өзі. Сондықтан да дананың әрбір сөзін ұстаз сабақ үстінде әр түрлі
әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, жас ұрпаққа жеткізеді.
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Әні оны берем, міне мұны
берем деп, бастан балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы
болса кімнен көресің? Боқта!деп біреуді боқтатып, кәпір қияңқы, осыған
тимеңдерші деп, оны масаттандырып тентектікке үйретіп қойып, қу, сұм бол
деп, пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі жанға
сендірмей жат мінез қыласың,-деп теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты
сынға алады. Ақыл ардың сақтаушысы деп қарап, адамгершілік мәселелерін
жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы:
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап...
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап,-деп кейбір жастардың
іс-әрекетіне кейістік білдіреді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы
қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:
...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек,-деп адам мінезіндегі
орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсе қызарлық
сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді
еске сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ
ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді
қастерлейді.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне тоқтала
келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде Адам баласы туа сала есті болмайды.
Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер
қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді,-
деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп
береді. Абай: Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық,-дей келе, адамды
тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.
Абай ел қыдырып ас ішіп, аяқ босатар жатып ішер, жалқау жастарды
мінеп-сынай келе:
Жалға жүр, жат елге кет, мал тауып кел,
Малың болса сыйламай тұра алмас ел ...
Талаптан, талпын, адал еңбек ет.
Есек артын жусаң да адал еңбекпен мал табудың арлығы жоқ, егіннің
ебін, сауданың тегін үйрен,- дегенді насихаттайды. Қулық, сұмдық, ұрлықпен
мал таппақ болатын жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп күн көрушілердің
арам пиғылын әшкерелеп, ұрлық түбі қорлық, адалдан тапқан мал мұратқа
жеткізеді, еңбек түбі-зейнет дегенді өнеге тұт дейді.
Жастардың белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал
еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, әрқашан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан,-деп өмірден өз орныңды таба
біл, қоғамның пайдалы азаматы бол деп өсиет айтады.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана Атаның
баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе,
халқыңа тисін-, деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда
болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын
тіршіліктің тұтқасы, өмірлік өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық
жұлдыз нысанасы екені даусыз.

3. Ы.Алтынсарин – қазақ халық педагогикасының негізін салушы
Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог – ағартушы, ақын және
прозаик, публицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде қазақ
алфавитінің негізін қалаушы Ы.Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының
тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды.

Ыбырай жастарды оқу – білім, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа
ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді
оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал – тәсіл қолданады.
Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын
әр шумақ сайын:
Бір Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! - деген
жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу – білімнің пайдасын айтуда бала
жүрегіне жол таба білген. Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген Бір
Құдайға сыйынып, кел, балалар, оқылық атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне
жеңіл қарама – қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады. Мәселен, ол
білімділік пен надандықтың аражігін ашып көрсету талабында жарық пен
қараңғылықты қатар, жарастыра пайдасын жарыққа балап:

Оқысаңыз, балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар – десе, надандықтың мән
жайын:
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап, - дейді.
Автор өзі үндеп отырған оқу – білімнің тек ізденіс, еңбекпен
табылатынына үлкен мән береді. Ол үшін инемен құдық қазғандай ыждаһат,
сабырлылық қажет екенін ескертеді. Сондай сарыла ізденудің арқасында қол
жеткізген оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ақын ойынша: оқу
– білім мәңгілік, ол жұтамайды, таусылмайды. Ал бұған қарама – қайшы
тұратын надандықты ақын:
Надандықтың белгісі –
Еш ақылға жарамас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас, -
деп бейнелейді. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да оқу – білімінің өмірдегі
орнын, қажеттілігін баса көтереді. Осы орайда да Ыбырай бала жүрегіне жақын
ата – ананың ертеңгі күнін көлденең тарта сөйлейді.
Әлпештеген ата – ене
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата – енең қартайса,
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса,
Сүйеу болар бұл оқу! – дейді.
Әдебиетімізде бұған дейін оқу – білім өнерге біріңғай шақыратын
мұндай жырлардың жоқтығын ескерсек, осы Кел, балалар, оқылық өлеңінің мән
– маңызы атты өлеңін бастан – аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей
аламыз. Ы.Алтынсарин мұнда қазақ балалары түгіл, ересектердің ұғымында жоқ
техника тетіктері мен құрал – жабдықтарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Архимед Мыңбайұлы мен Рафиха Нұртазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері
Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеяларын педагогикалық тұрғыда негіздеу
Қазақ педагогикасының тарихы
Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Балалар психологиясының теориялық дамуы
ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер