Компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары
Жоспар:
I. Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі:
1.1.Жүйелік блок.
1.2.Дисплей.
1.3.Пернетақта.
1.4.Тышқан.
II. Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды:
2.1. Принтер.
2.2.Сканер.
2.3.Модем.
III. Жүйелік блоктың ішінде орналасатын барлық құрылғыларды ішкі құрылғылар деп атайды:
3.1.Аналық плата.
3.2. Процессор.
3.4.Оперативті жад.
3.5.Қатқыл диск.
3.6. Видеоадаптер, дыбыстық адаптер.
3.7. Желілік карта.
3.8.Компакт дискілерді оқитын CD.ROM немесе DVD.ROM құрылғысы.
Әдебиеттер тізімі:

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ НҰР-МУБАРАК ЕГИПЕТ
ИСЛАМ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары
Орындаған:__________________
Тексерген: __________________
Алматы -2010ж.
Жоспар:
I. Дербес компьютердің дербес деп аталуының себебі:
1.1.Жүйелік блок.
1.2.Дисплей.
1.3.Пернетақта.
1.4.Тышқан.
II. Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды:
2.1. Принтер.
2.2.Сканер.
2.3.Модем.
III. Жүйелік блоктың ішінде орналасатын барлық құрылғыларды ішкі құрылғылар
деп атайды:
3.1.Аналық плата.
3.2. Процессор.
3.4.Оперативті жад.
3.5.Қатқыл диск.
3.6. Видеоадаптер, дыбыстық адаптер.
3.7. Желілік карта.
3.8.Компакт дискілерді оқитын CD-ROM немесе DVD-ROM құрылғысы.
Әдебиеттер тізімі:
Дербес компьютердің құрауыштары
Дербес компьютердің дербес деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір
адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам
басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты
мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай
алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға
салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне
қойылатын(desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес
компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.
Қазіргі нарықтық кезеңде дербес компьютерлердің ондаған, тіпті
жүздеген модельдері кездеседі. Бірақ осы модельдердің барлығы дерлік
негізгі деп есептелетін төмендегідей 4 құрылғыдан тұрады:
· жүйелік блок
· дисплей
· пернетақта
· тышқан
Компьютермен жұмыс жасау үшін кем дегенде осы төрт құрылғының болуы қажет,
бұларды дербес компьютердің базалық құрамы деп те атайды. Енді осы
құрылғылардың әрқайсысына жеке дара тоқталып өтсек.
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік
блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад,
қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды
құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және
қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын
дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік
блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша
құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен
кірістік құрылғылар орналасқан.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні
бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі
телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
ЭCТ (сол жақта) және сұйық кристалды (оң жақта) монитор
Дисплей – компьютердің тілі. Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы
барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес
компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын
мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың
ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде
орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай
бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық
электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.
Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің
жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі
түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің
бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда
орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді.
Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның
ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары
болады.
Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді
монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты.
Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке
дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.
Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді.
Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін
компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын
компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.
LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық
күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты
заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр
кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы
өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде
экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз.
Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы -
көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ
мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл
мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың
түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта:
мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге
болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік
ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге
мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі
динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды.
Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ
мониторларды таңдайды.
Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі дюйммен(1
дюйм =2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады.
Пернетақта
Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу
үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен
компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі
компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы
бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы
орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
· символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады.
Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге
болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар,
тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады;
· функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда
орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,...,F12) әрпімен белгілеген. Функционал
пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді
(құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). Әр түрлі
жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі
міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1...F10 пернелерін басып, белгілі
командаларды орындауға болады;
· нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері. Курсор
дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық
пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер
символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде
бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;
· цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң
жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге
енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. Num
Lock пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін
ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде
көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл
пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады.
Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес
арнайы пернелер де бар. Оларға Enter(енгізу пернесі), Delete(жою
пернесі), Backspace(артқа қарай өшіру), Caps lock(үлкен регистрді қосу)
және т.б. пернелер жатады.
Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға
болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы,
пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін
Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt
(Ctrl) пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың
екеуін де босатады.
Тышқан – графикалық басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен
жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып,
қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш)
батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды
орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны
айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-
парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.
Соңғы кезге дейін ішінде темір шар орналасқан механикалық тышқандар
қолданылып келген болатын. Бұл тышқандардың ішінде орналасқан темір шар
өзара перпендикуляр орналасқан екі шағын білікті айналдырып, компьютерге
оңға-солға және жоғары-төмен деген жылжыту сигналдарын береді. Бұл
тышқандарды арасында тазалап отыру қажет болды. Қазір олардың орнына
оптикалық тышқандар жиі қолданылады . Оптикалық тышқанның бұрынғы
механикалық тышқаннан айырмашылығы - тышқанды жылжытатын ауыр шариктер мен
ролик біліктерінің болмауы. Бұл тышқандардың ортасында орналасқан арнайы
жарық сәулелері кілемшенің бетіне шағылысып, экрандағы тышқанның курсорын
жылжытатын арнайы командаларға ауысады.
Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды.
Бұл құрылғылар әдетте компьютерге ақпаратты енгізу немесе шығару үшін
қолданылады. Солардың кейбіреулерін атап өтсек:
· принтер
· сканер
· модем
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше
түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты
(LED) принтерлер бар.
1 2 3
1- матрицалық, 2- сия бүріккіш, 3- лазерлік принтерлер
Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкциясы бойынша ең
қарапайымы матрицалық (инелік) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде
принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып,
бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады. Матрицалық принтерлердің
қағазды басып шығару сапасы мен жылдамдығы төмен, олар жұмыс кезінде шу
шығарады. Сол себептен қазір бұл принтерлер көп қолданылмайды десе де
болады.
Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерлерден айырмашылығы –
тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі
түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады.
Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң
баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай
ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен
кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді
салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығарады.
Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы
өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен
арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып
оған жабысады.
Сублимоционалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы
негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады.
Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы
лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан
LED принтерлері біршама арзандау болып келеді.
Плоттер
Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық
объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару
құрылғысы - плоттер қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін
сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық,
электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша
плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің
негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 ммс, ең
жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру
мүмкіндігі бар Ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік
плоттерлерде болады, бірақ олардың бағасы қымбат
Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу
үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып,
компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық
сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі
электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-
ақ түсті немесе түрлі түсті болады.
Планшетті(сол жақта) және қол сканері(оң жақта)
Сканерлердің негізгі екі түрі болады:
· ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz