Мемлекеттік мекеме бойынша есеп беру



Жоспар
Кіріспе

1. «Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
1.1 «Шахтинск қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылуы және заңды мәртебесі
1.2 Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен қызметтерінің түрлері
1.3 Мемлекеттік мекемені басқаруды ұйымдастыру

2. Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі
2.1 Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі ережесі
2.2 Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі қызметі және құқығы

3. ММ қызметінде қолданылатын электронды басқару туралы
3.1 Электронды құжат айналымы
Дипломдық жұмыс үшін жиналған ақпарат
Тәжірибе бойынша ұсыныстар

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жергілікті басқару - демократиялық қоғамның маңызды институттарының бірі. Студенттердiң өндiрiстiк диплом алдындағы тәжiрибесi - бұл оқу жоспарымен сәйкес жүргiзiлетiн оқу барысының ажырамас бөлiгi, және студенттерге мамандық бойынша тәжірибелік бiлiм және жұмыстың дағдыларын алып, теориялық бiлiмдердi бекiтiп, қажеттi ЖОО және студенттiң қажеттi ұйымдармен кәсiпорындармен iскер байланысуларды орнатуға мүмкiндiк бередi.
Тәжірибе мақсаты - теориялық бiлiмдердi жетілдіру мен қорытындылау, таңдалған мамандық бойынша негізгі тәжірибелік дағдыларды қылыптастыру, басқарушылық шешімдер қабылдауға дайындық, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындау жұмыстарын ұйымдастыру, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарымен жан-жақты танысу.
Студенттік кезеңде алынған білім, икем және дағды мемлекеттік қызметтің білікті маманын дайындаудағы міндетті саты ретінде қаралады.
Тәжірибенің негізгі міндеті мақсатқа сәйкес келесілер болып табылады:
1. Оқу барысында меңгерілген теориялық білімді бекіту және жетілдіру;
2. Тәжірибелік жұмыс дағдыларын үйрену;
3. Заңдарды талдау және оларды құжаттарды рәсімдеу барысында ескеру;
4. Жеке іс, конкурстық құжаттар, кіріс-шығыс құжаттары, кадр қозғалысы бойынша құжаттар дайындау және т.б.
5. Таңдалған мамандыққа қатысты қызығушылықты бекіту және дамыту.

1. Шахтинск қаласы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі
1.1 Шахтинск қаласы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылуы және заңды мәртебесі

Шахтинск қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) заңды тұлғалық мәртебесі бар, әкімнің ақпараттық - талдау, ұйымдастыру- құқықтық және материалдық - техникалық қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастыру - құқықтық мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Мемлекеттік мекеме түрі: коммуналдық.
Мемлекеттік мекеме Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы №144 қаулысымен құрылды.
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Шахтинск қаласы әкімдігі - жергілікті атқарушы орган тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы болып, сонымен қатар оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі міндеттерін жүзеге асырушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Шахтинск қаласының әкімдігі болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде - Шахтинск қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Государственное учреждение Аппарат акима города Шахтинска;
Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шектi штат саны Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекiтiлген олардың штат санының лимитi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
Шахтинск қаласы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы келесі бөлімдерден тұрады: ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі, әлеуметтік сала және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі.[1] Сонымен қатар мекемеде бас маман - бухгалтер және АҚ және ТЖ жөніндегі бас маман қызмет етеді.
Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индексі: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы 50А.
Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен кезеңнен бастап заңды тұлға құқығын алады. Мемлекеттік мекеменің өзінің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктарда шоттары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесімен және мемлекеттік мекеме атауымен мөрлері, бланктері бар. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға құра алмайды, сонымен қатар оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттері бойынша оның иелігіндегі ақшаларға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жетіспеушілігі болса оның міндеттемелері бойынша қаржылық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы немесе сәйкес бюджет қаржыларының әкімшілік аумақтық бірлігі тартады.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық - құқықтық келісімдері Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімдерінде міндетті тіркелгенен кейін күшіне енеді.

1.2 Мемлекеттік мекеменің мақсаты, міндеттері және қызметтері

Мемлекеттік мекеменің мақсаты Шахтинск қаласы әкімінің ақпараттық - талдау, ұйымдастыру - құқықтық және материалдық - техникалық қызметтерін жүзеге асыру болып табылады. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме келесі қызметтер түрлерін жүзеге асырады:
1) коммуналдық мүліктің сақталуына және қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) сәйкес саладағы мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жүргізеді, өз құзыреті шегінде сәйкес саладағы мемлекеттік мүлікті басқару шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді дайындайды және бекітеді;
3) уәкілетті органға мемлекеттік мүлік бойынша мүлікті қайта бөлу және алып тастауға келісім береді;
4) осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерінде анықталған өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
5) Жалпыға бірдей әскери міндеттерін орындау шегінде іс шара бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылады.
6) коммерциялық емес сипаттағы әлеуметтік - мәдени және өзге де қызметтерді, басқаруларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
1) қала әкімі және әкімдігінің ақпараттық - талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық және материалдық - техникалық қызметтерін қамтамасыз ету;
2) қала әкімдігінің және әкім орынбасарларының, әкімнің тапсырмаларын, қала әкімдігінің және әкім актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылау;
3) қала әкімдігінің және әкім орынбасарларының, әкімнің тапсырмаларын, қала әкімдігінің және әкім актілерін уақытылы, сөзсіз және толық орындау;
4) Республикада, Шахтинск қаласы аумағында істер жағдайлары туралы қала әкімдігін және әкім орынбасарларын, әкімді толық және уақытылы ақпараттандыру болып табылады.
Мемлекеттік мекеме өз құзырлығы шегінде келесі міндеттерді жүзеге асырады:
1) өз құзырлығы шегінде ұсыныстар жасау, әлеуметтік - экономикалық даму болжамын және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын қамтамасыз ету және бақылау, әлеуметтік - экономикалық даму болжамын дайындауға қатысу жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президенттің ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын Шахтинск қаласы жүзеге асыруға қатысады;
2) республикаға бағынысты аумақтық органдар, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді және әрекеттестікті қамтамасыз етеді, орталық атқарушы орган өкілеттілігіндегі құзырлықтарға сәйкес, республикаға бағынысты мекемелер және ұйымдар, кәсіпорындар қызметін үйлестіреді;
3) қала әкімінің және әкімдігінің актілерін орындалуына бақылауды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президенттің актілерін, Республиканың заңдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
4) қалалық мәслихат, қала әкімінің және әкімдігінің актілері, нормативті - құқықтық актілер және заңнамалық жобалар бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) қала әкіміне оның орынбасарларына және қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне әлеуметтік - тұрмыстық, материалды - техникалық, қаржылық, шаруашылық қызмет көрсету мәселелерін шешеді, қала әкімі және оның орынбасарларымен өткізілетін іс шаралар, кеңестер және сапарлар, активтерді материалды - техникалық және құжаттамалық, хаттамалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық - талдау қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
6) қала әкімі аппаратының Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
7) іс жүргізуді мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу, құпия құжаттамамен жұмысты, іс жүргізуді жетілдіру және жөндеу, құжат ағымын, азаматтардан келіп түскен өтініштер және хаттар талдауы, азаматтарды жеке қабылдау, азаматтар өтініштері, хаттар, қызметтік құжаттарды қарастыру, қала әкімі және орынбасарларының қызметтерінің құжаттаалық қамтамасыз етулерін ұйымдастырады;
8) қала әкімдігінің қаулыларын және әкім өкімдерінің, шешімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
9) қаланың атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды қамтамасыз етеді;
10) қайта даярлау және тәжірибені, олардың оқуын ұйымдастыруды, кадр қорын құру, қала әкімі номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстар енгізу және оқуды ұйымдастыру жолымен жергілікті атқарушы билік органдарында кадрлық саясатты жүзеге асырады;
11) мәселелерді шешу жолдарын, қаладағы әлеуметтік және экономикалық жағдайды, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен жүргізілетін ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру, қала әкімдігі, қала әкімінің және орынбасарларының қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, олармен әрекеттестікті ұйымдастырады;
12) Шахтинск аймағында заң тәртібін және заңнамалықты бекіту мәселелері бойынша сот жүйесі органдарымен, құқық қорғау органдарымен қала әкімі және әкімдігінің әрекеттестігін және үйлесімділігін қамтамасыз етеді;
13) қала әкімі және әкімдігінің нормошығармашылық қызметі механизімін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
14) жылдық қаржылық есеп беруді бекітеді;
15) мемлекеттік мекемеге мүлік бекітеді;
16) мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
17) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шара қабылдайды;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен, ҚР Мемлекеттік мүлік туралы Заңымен анықталған өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме:
1) қала әкімі және әкімдігінің құзырылғына жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан жазбаша немесе ауызша түсініктемелер,мемлекеттік органдар және басқа да мекемелерден құжаттар, қажетті ақпараттар және басқа да материалдар сұрауға және алуға;
2) атқарушы органдар құзырлығында бар ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін, құпияларды пайдалануға;
3) анықталған жетіспеушіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізуге, қала әкімі және оның орынбасарларының, облыс әкімінің тапсырмаларын, қала әкімі және әкімдігінің актілерін, облыс әкімі және әкімдігінің актілерін Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президенттің актілерінің орындалуына тексеріс жүргізуге;
4) қала әкімі аппаратында жүргізуге жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
5) қала әкіміне және оның орынбасарларына мемлекеттік мекеме және қала әкімі аппаратының қызметкерлерін тағайындау және оларды лауазымдарынан босату ттуралы, оларды тәртіптік жауапкершлікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
6) жергілікті атқарушы органдар, қала әкімдігінің отырыстарына қатысуға;
7) әкім аппаратының басшысы, қала әкімі және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша мемлекеттік мекеме құзырына жататын проблемалық мәселелерді шеуге және білуге, әкімдік отырысында, қала әкімі және оның орынбасарлары жанындағы аппараттық кеңестерде қарастыру үшін мәселелерді дайындауға коммуналдық кәсіпорындар және жергілікті бюджеттен қарыландырылатын басқа мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, мемлекеттік органдар қызметкерлерін тартуға құқығы бар.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме құру мақсатында жауап бермейтін қызметтермен айналысуға құқылы емес.

1.3 Мемлекеттік мекемені басқаруды ұйымдастыру

Мемлекеттік мекемеге жалпы басшылық жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында орнатылған тәртіпте келесі міндеттерді жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлік бекітеді;
2) мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
3) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеме ережесін бекітеді, ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) мемлекеттік мекеменің құрылымын, құрылу тәртібін және басқару органының өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекемемен шешімдер қабылдау тәртібін белгілейді;
6) мемлекеттік мекеме басшысының құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны лауазымдық міндеттерінен босату негіздерін белгілейді.
7) мемлекеттік мекеменің құрылымын және штаттық санының шегін белгілейді.
8) жылдық қаржылық есеп беруді бекітеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шара қабылдайды;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапкершілік тартады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме басшысы уәкілетті органмен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады, Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлардан басқа.
Мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлардан басқа) және мемлекеттік мекемеге жүктелген тапсырмалар мен оның өз қызметін жүзеге асыруына дербес жауапкершілік тартады.
Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген өз құзырлығына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметі мәселелерін шешеді.
Мемлекеттік мекеме басшысының өкілдіктері:
1) Мемлекеттік мекеме құрылымының және қала әкімдігі Ережесін, сонымен қатар олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
2) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын (уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің), атқарушы органдардың қызметін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді, құрылымдық бөлімшелерінің және бөлімдердің жұмысын бақылайды және үйлестіреді, әкім және әкідіктің ақпараттық - талдау, ұйымдастыру- құқықтық, материалдық - техникалық және құқықтық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, мемлекеттік мекеменің жалпы басшылығын жүзеге асырады;
3) шаттық санының бекітілген лимиті шегінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекеменің шаттық санын және құрылымын әкіммен келісілгенен кейін бекітеді;
4) мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелерінің және бөлімдер туралы ережені әкіммен келісілгенен кейін бекітеді;
5) мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелерінің және бөлімдер басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылауды, мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді;
7) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз қызмет етеді;
8) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
9) шарттар жасайды,
10) сенімхаттар береді;
11) қызметкерлердің біліктіліктерін артыру және қазақстандық және шет елдердегі оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту, тәжірибе, іс сапар бойынша мемлекеттік мекеме жоспарларын және тәртібін бекітеді;
12) банкьік шоттар ашады;
13) барлық қызметкерлерге міндетті нұсқаулар мен бұйрықтар береді;
14) уәкілетті органмен тағайындалған қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
15) Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне әкішлілік тәркілеу салады және кеңейту бойынша шаралар қабылдайды;
16) уәкілетті органмен және осы Ережемен Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
23. Мемлекеттік мекеме басшысы осы Ережемен Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталатын, өз құзырына сәйкес аппарат қызметінің мәселелерін өзі шешеді, негізді әрекет етеді.
24. Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін қолданымдағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме мүлігін құру және оның қызметін қаржыландыру тәртібі
Мемлекеттік мекеме мүлігін заңды тұлға активтері құрайды, олардың құны оның бірлігінде көрсетіледі. Мемлекеттік мекеме мүлкі есебінен құрылады:
1) меншік иесімен берілген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктер (ақша кірістерін қосқанда);
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздермен;
Мемлекеттік мекеме оған смета бойынша бөлінген, қаржыға алынған мүлікпен немесе оған бекітілген мүлікті басқару әдісімен өз еркімен бөлуге құқығы жоқ.
Егер мемлекеттік мекемеге табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда бұл қызметтен табылған табыс мемлекеттік бюджет табысына жіберіледі.
Мемлекеттік мекемені қаржыландыру, егер заңнамалық актілерде басқа жағдайлар орнатылмаған болса, тек қана мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкес есеп ұсынады. Мемлекеттік мекеменің қаржылық - шаруашылық қызметінің тексерісін және ревизиясын Қазақстан Республикасының заңнамасында орнатылған тәртіп бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу тәртібі елімізде бекітілген заңға сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібіне және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларына қарсы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік мекеменің бөлімшелері және өкілдіктері жоқ.
2. Шахтинск қаласы әкімі аппараты ММ ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің қызметі
2.1 Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі ережесі

Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі (бұдан әрі бөлім) Шахтинск қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстарын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын (Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы, Әкімшілік рәсімдер туралы, Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңдары), Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдерімен, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентігі төрағасының кесімдерін, қоблыс, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімі аппараты туралы ережені, қала әкімі аппаратының және қалалық әкімдік регламентін, сондай - ақ осы ережені басшылыққа алады. Бөлім қала әкімі аппаратының басшысымен келісілген және қала әкімімен бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді.
2.2 Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі қызметі және құқығы
Бөлім: Қаланың өкілетті және атқарушы органдарымен, кент әкімі аппараттарымен, дербес бөлімдермен қала әкімінің ұйымдастыру және ақпараттық байланысын жүзеге асырады.
Аппараттық кеңестерде қала әкімімен берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізеді. Кент әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде Мемлекеттік қызметте өту тәртібі туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалықтарды бұзбау мәселесі жөніндегі Заңдардың орындалуының тексерісін жүзеге асырады. Тексеріс нәтижелерін қорытындылайды, қажеттілігіне қарай қала әкімінің және оның орынбасарларының қарауына бөлім құзырлығына жататын заңнамалық кесімдерді орындауды тежейтін себептерді жою жөніндегі, сондай-ақ ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, облыс, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын бұзған немесе орындамаған лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.Қала әкімі жанындағы аппараттық кеңестерде шығарылатын мәселелерді қарауға енгізеді.
Дербес бөлімдерге және кент әкімі аппараттарына бөлімнің құзырлығына жататын Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, облыс, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауда тәжірибелік көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс, қала әкімінің кадрлық саясат мәселелеріндегі бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, жүйелі түрде кадр сапасына, олардың қозғалысына талдау жасайды, кадр резервін дайындауды зерттейді, кадрларды оқытуды ұйымдастырады, жұмыскерлердің аттестациясын өткізеді, осы мәселелер бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің Қарағанды облысы басқармасымен және облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімімен өзара қарым - қатынас жасайды.
Қала әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып қала әкімі аппараты қызметінің айлық және тоқсандық жұмыс жоспарын құрайды.
Қаланың әкімшілік - аймақтық құрылымы жөніндегі материалдарды даярлайды, атқарушы өкімет органдарының жұмыстарын жетілдіреді, басқаруды оңтайландыру және мазмұнын түсірмеу мақсатында олардың құрылымдарын өзгертеді.
Қазақстан Республикасы Парламентіне және жергілікті өкілетті орган сайлауларын ұйымдастыру және материалдық - техникалық қамтамасыз ету, референдумдар өткізу жөніндегі құжаттарды даярлайды
Қала әкімі аппараты бөлімдерінің ресмпубликаның басқа облыстарынан, алыс және жақын шет елдерден келген делегацияларды қабылдау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, бөлімдермен бірлесе отырып олардың келу бағдарламаларын әзірлейді, қалалық кеңестерді және іс-шараларды ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді.
Бөлімге келіп түскен хаттар мен азаматтар өтінішін қарастырады.
Қала әкімі жанындағы дербес бөлімдермен, кент әкімі аппаратарымен, мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтерімен, ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімдерімен, Бас прокурордың жанындағы ҚС және АО, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агентігінің Қарағанды облысы басқармасымен бөлімнің құзырлығына енетін мәселелер бойынша өзара қарым - қатынас жасайды.
3. Бөлім құқығы
Бөлім:
Белгіленген тәртіп бойынша қала әкімі жанындағы аппараттық кеңестерге, қалалық әкімдік отырысына және активтерге құжаттар мен материалдар даярлауда қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерін тартуға құқылы.
Қала әкімінің құрылымдық бөлімшелерінде ұйымдастыру - кадрлық және құқықтық жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
Лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын жетілдіру және олардың құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Қалалық бөлімдерден, комитеттерден, басқармалардан, кент әкімі аппараттарынан, қала кәсіпорындарынан және ұйымдарынан ақпарат және басқа да материалдар сұрауға, олардың қызметіне талдау жасау үшін сәйкес лауазымды тұлғалардың жазбаша және ауызша түсініктемелерін сұрауға құқылы.

3. ММ қызметінде қолданылатын электронды басқару туралы
3.1 Электронды құжат айналымы

Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысында электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану кадрлық шешімдерді қабылдау тиімділігін арттыруға бағытталатын болады, өз кезегінде электрондық құжат айналымы жүйесін және мемлекеттік органдардың интранет-порталын пайдалану мемлекеттік органдар қызметінің ішкі және сыртқы рәсімдерін барынша оңайлату мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Озық әлемдік практикаға сәйкес (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т.б.), мемлекеттік қызмет саласындағы кадр саясатын тиімді іске асыру, оның ішінде жоғары мемлекеттік әкімшілік қызметшілер корпусына қатысты іске асыру мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың біртұтас жүйесіне және оны автоматтандыруға негізделген.
Е-қызмет жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне персоналды басқаруды озық әлемдік практикаға сәйкес жүзеге асыруға, мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының өнімділігін жоғарылатуға және ақпаратты алу мен өзекті етуге кететін уақыт және еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Е-қызмет жүйесі онлайн режимінде орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге қатысты толық кадрлық ақпаратты: дербес деректерді, ұйымдастырушылық мәліметтерді (кадрлық есеп), кәсіби және жеке құзыреттері, білімі, біліктілігі, жұмыс өтілі, кәсіби тәжірибесі, бағалау және аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтерді; ротациялаудың жедел мониторингін жүргізуді, оқытудан өтудің жедел есебін, курстардың мерзімдері мен тақырыптарын, ынталандыру туралы және әкімшілік және тәртіптік жазалау туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы құқық қорғау және сот органдарының деректерін алуға мүмкіндік береді.
Электрондық құжат айналымы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес іске асырылады.
Электрондық құжат айналымы ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі N 430 Қаулысы
Электрондық құжат айналымы ережесі (бұдан әрі -- Ереже) Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және 2-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Ереже жеке немесе заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, электрондық құжат айналымы тәртібін айқындайды.
Ереженің қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарға таралмайды.
Заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілттерін жасау жөніндегі жұмыстар (қалыптастыру, тіркеу, беру, сақтау, жою тәртібі) және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілттерінің құпиялылық режимі мен сақталуын қамтамасыз етудің тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Қызмет бабында пайдалану үшін белгісі бар таратылуы шектелген электрондық құжаттармен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс жасау ережесін бекіту туралы 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулыларымен айқындалады.
Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы - кілттерді криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, көбейтуді, қалыптастыруды, бөлуді және басқаруды іске асыратын құрал;
2) кілтті жеткізгіш - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін қамтитын ақпаратты жеткізгіш;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық (бұдан әрі - МО КО) - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы - электрондық үкіметтің, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
5) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзі жеке қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
7) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары арасындағы электрондық құжат алмасуға арналған электрондық құжат айналымы жүйесі;
8) нормативтік-анықтамалық ақпарат - нормативтік құжаттарға негізделген және құжаттың әртүрлі сипаттарын анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат (жіктеуіштер, анықтамалықтар, тізбелер және басқалары);
9) ЭҚАБЖ орталығы - электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушыларды тіркеуді, нормативтік-анықтамалық ақпаратты үйлестіруді және электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылар арасындағы электрондық құжаттар алмасуды қамтамасыз ететін ЭҚАБЖ ішкі жүйесі;
10) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
11) электрондық құжат айналымы жүйесі - оған қатысушылар арасындағы қатынастар Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
12) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
13) электрондық ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде қамтылатын, электрондық түрде сақталатын ақпарат (ақпараттық дерекқор);
14) электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі - ақпаратты (деректемелердің мәліметтерін) электрондық түпнұсқадан толық шығару арқылы алынған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін пайдалана отырып құрылған, түпнұсқа электрондық құжатты толық бейнелейтін ақпараты бар және барлық деректемелері мен олардың бір бөлігі осы құжатты растауға өкілеттігі бар адам растаған қағаз жеткізгіштегі құжат;
15) электрондық құжаттың түпнұсқасы - электрондық цифрлық қолтаңбаның, жабық (құпия) кілті пайдаланыла отырып құрылған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған), бастапқыда электрондық құжат форматында қалыптастырылған және қағаздағы шығыс түпнұсқасы жоқ құжат;
16) электрондық құжаттың форматы - оның негізінде электрондық, құжат қалыптасқан электрондық хабарламаның мазмұнды бөлігінің құрылымы;
17) электрондық тіркеу бақылау карточкасы - электрондық құжат деректемелерін тіркейтін, белгіленген нысан бойынша құжат туралы есептік деректер бар электрондық құжат;
18) электрондық, цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
19) тіркеу куәлігінің иесі - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
20) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін тарату, түсіру (жәненемесе түрлендіру), жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз енудің қолжетімділігін (оның ішінде ақпаратқа заңсыз енуді) болдырмауға бағытталған іс-шаралардың құқықтық, ұйымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын орындау бойынша қаржылық бақылаудың мақсаты мен міндеттері
Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісін ұйымдастыру
Алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің жағдайлары
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Есеп саясаты және сапалық сипаттамасы
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу
Мекемелер кірісі мен табысы
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізу жолдарын зерттеу, есептің ұйымға тигізетін әсерін анықтау және оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кәсіпорынның ақша қаражатының есебі
Пәндер