Иммунитет



Иммунитет (латынша іm.munіtas . босап шығу, арылу, құтылу) . дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті. Әрине бұндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы тұра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өзара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштық қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды құртатын және улы заттардың уытын жойып ыдырататын қабілеті күшейеді. Иммунитет түзілуде бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бүнда басқарушы және бағыттаушы—орталық нерв жүйесі.
Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв системасының ұштары арқылы сарысу гамма.глобулиндерін түзетін тиісті органдарға әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антителалар бөледі. Осында клетка ішінде кандай процестер орын алатыны жөнінде толық мағлұмат жоқ.
Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады. Сонымен бірге иммунитттің организмде жақсы түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің, фосфор және кальций тұздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан зиянды әсерлерге қарсы күресуде арнаулы шаралармен қатар (вакциналар егу т. б.) малдарды және адамдарды толық бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет деген қорытынды шығаруға болады. Жалпы иммунитеттің бірнеше түрлерін ажыратады. Оны мына схемадан көруге болады:
Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет—адамдар және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол тұқым қуалайды. Бұдан мүйізді ірі қара малдың — жылқының маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен ауырмауы мысал бола алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше зиянды әсерге қарсы әсер ете алады.
Жасанды иммунитет адам мен жануарларда жұқпалы аурулардың әсерінен пайда болады және оны табиғи .жағдайда қабылдаған иммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде (егу, вакцина, сарысу енгізу) пайда болса, оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Бұнда организмдегі түзілген иммунитет зиянды микробтың бір ғана түріне арналады.
Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше үзақ болады. Ал кейбір ауруларға қарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталып қалады. Мәселен, адамдар шешек, обамен бір рет ауырса, екінші рет ауырмайды. Тіршілік барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Иммунитет (латынша іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу) - дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті. Әрине бұндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы тұра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өзара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштық қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды құртатын және улы заттардың уытын жойып ыдырататын қабілеті күшейеді. Иммунитет түзілуде бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бүнда басқарушы және бағыттаушы -- орталық нерв жүйесі.
Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв системасының ұштары арқылы сарысу гамма-глобулиндерін түзетін тиісті органдарға әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антителалар бөледі. Осында клетка ішінде кандай процестер орын алатыны жөнінде толық мағлұмат жоқ.
Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады. Сонымен бірге иммунитттің организмде жақсы түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің, фосфор және кальций тұздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан зиянды әсерлерге қарсы күресуде арнаулы шаралармен қатар (вакциналар егу т. б.) малдарды және адамдарды толық бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет деген қорытынды шығаруға болады. Жалпы иммунитеттің бірнеше түрлерін ажыратады. Оны мына схемадан көруге болады:
Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет -- адамдар және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол тұқым қуалайды. Бұдан мүйізді ірі қара малдың -- жылқының маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен ауырмауы мысал бола алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше зиянды әсерге қарсы әсер ете алады.
Жасанды иммунитет адам мен жануарларда жұқпалы аурулардың әсерінен пайда болады және оны табиғи -жағдайда қабылдаған иммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде (егу, вакцина, сарысу енгізу) пайда болса, оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Бұнда организмдегі түзілген иммунитет зиянды микробтың бір ғана түріне арналады.
Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше үзақ болады. Ал кейбір ауруларға қарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталып қалады. Мәселен, адамдар шешек, обамен бір рет ауырса, екінші рет ауырмайды. Тіршілік барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп екіге бөлуге болады. Бұнда организм зиянды әсерге өзі иммунитет құрайды. Жасанды жолмен құралған актив иммунитет түрақсыздау. Мәселен, паратифке қарсы бұзауларда жасалған иммунитет тек 6 ай бойына ғана сақталады. Сібір жарасына қарсы жасалған иммунитет тек бірақ жылға жетеді. Актив иммунитет организмге вакцина енгізіл-геинен кейін 2 -- 10 күн еткен соң түзіледі. Ал пассив, сарысу иммунитеті организмге дайын қорғаныш заттарды енгізгенде түзіледі. Түрлі аурулармен ауырған организмнің сарысуында осы ауруға қарсы иммунитет кұраушы заттар пайда болады. Оларды арнаулы фабрикада өндіреді. Бүл үшін малдарға ауру қоздырғыш микробтардан жасалған вакцинаны енгізеді. Сонда сол малдар қанының сары суында қорғаныш заттар -- антителалар түзіледі. Осындай сарысуды алып, басқа малдарға енгізгенде оларда осы ауруға қарсы тұра алатындық иммунитет түзіледі, бірақ бұл тұрақсыз иммунитет, оның үзақтығы 2 -- 3 жүма-ақ.
Табиғи пассив иммунитет организмге, оның әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе жатыр арқылы беріледі.

Имуниттердің табиғи физиологиялық факторлары
Иммуниттердің табиғи физиологиялық факторлары. Организмнің зиянды микробтардың енуіне карсы түра алатындық ерекше қорғаиыш бейімделушіліктері бар. Бұларды организмнің табиғи төзімділігі деп те атауға болады. Ол кез келген дені сау адам, жануарлар және өсімдіктерде кездеседі және олардың болуы сырқаттануға, зақымдануға, қала берді түрлі вакциналар енгізуге байланьгсты емес. Бұнда қорғаныштык қасиет организмнің микробтармен өне бойы кездесуінен пайда болуы ықтимал. Зақымдалмаған сау теріден организмге микробтар да ене алмайды. Тері микробтарды енгізбейтін тек механикалық фактор ғана емес, онымен бірге ол ауру қоздыратын микробтарды қырып жіберетін бактерицидтік заттарды да бөліп отырады. Тері неғүрлым таза, ластанбаған болса, солғүрлым оның бұл қасиеті күшті болады. Сондықтан адамның, малдың организмдерін таза ұстау, түрлі аурулармен күресуде айта қаларлықтай шара болып табылады. Мәлелен, тіпті көзден белінетін жастың өзінде микробтарды қырып жіберетін лизоцим деген зат болады. Танаудан бәлінетін түрлі секрецияларда тұмау вирустарын қыра алады. Осымен катар организмде түрлі микробтар ферменттерін ыдырататын арнаулы антиферменттер де түзіледі. Мәлелен, антигиалуронидаза микробтың ферментін ыдыратады. Соның арқасында ауру қоздырушы микробтардың таралуы тежеледі. Қарын сөлінің, микробтарды құрта алатын қасиеті бар. Ондағы тұз қышқылының әсері күшті. Ішек-қарында болатын сапрофит микробтары ауру қоздырушы микробтармен күресте айта қаларлықтай роль атқарады. Егер де ауру қоздырушы микробтар организмге ене қалса, сол жердің қабынатыны белгілі. И. И. Мечников бұл процесс организмге пайдалы деп көрсетті, өйткені дәл осы жерге фагоциттер көп жиналады да зиянды микробтарды жалмайды. Ауру қоздырғыш микробтарға организмдегі сүйықтар, соыың шінде қан сывороткасы жойқын әсер етеді. Егер де пробиркаға жаңадан алынған қан сывороткасын құйып оған қоздырғыш микробтарды жіберсе, олар шапшаң қырылып кетеді. Ал егер осы сыворотканы +56°-та 20 -- 30 минут қыздырып, одан соң зиянды микробтарды жіберсе, олар тіршілігін жоймайды. Сывороткада микробтарды жоятын алекси немесе комплемент деп аталатын ерекше заттар бар.
И. И. Мечников фагацитоз жөнінде және оның организмдердің ауруды қабылдамайтын қасиетіндегі рөлі жөнінде ілім жасады. Егер де организмге ерімейтін басқа бір затты енгізсе, оның айналасында мезодермалық клеткалар, ең алдымен, лейкоциттер шоғырлана бастайды. Бұдан ол осы клеткалардың организмде қорғаныш ролін атқаратындығы туралы пікір айтты. Жасалған бірнеше тәжірибелерден кейін И. И. Мечников организмге басқа ауру қоздыра-тын микробтар енгенде, онда сол микробтарды жоюшы, яғни жалмаушы клеткалар -- фагоциттер түзіледі деген қорытынды шығарды.
Осындай клеткалармен қатар түрлі антигендердің әсерінен организмде арнаулы қорғаныш заттар -- антителалар да түзіледі екен. Антигендерге тірі микробтар, олардың улары, өлген микробтар және әр түрлі белоктар жатады. Ал антителалар осы айтылған заттар әсер еткенде организм үлпаларында түзілетін заттар және олар сол антигендермен күресіп, оларды қүртып жіберетін де қабілеті бар. Негізінен антителалар көк бауырдың лимфалық ұлпасында, лимфалық түйіндерінде түзіліп одан қанға таралады. Антителалар организмде иммунитет құруға белсене қатынасады және ол организмнің қасиетін күшейте түседі.
Жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығы дерлік организмнің ауру коздырушыларға, олардың бөліп шығаратын түрлі уларына қарсы тұра алатындық қасиетін арттырып, оны аман сақтап қалуға көмектеседі.
Антиген мен антителалардың өз ара әрекеттесуі коллойдты және химиялық реакциялар типтес жүреді. Антитела мен антигендердің ұштарындағы топтар өзара байланысады да, нәтижесінде түрлі комплекстер түзеді. Сырты сарысу белогымен қапталған осындай комплементтер түрлі клеткалар сыртына, соның ішінде фагоциттерсыртына, адсорбциялануға қабілеті бар. Сонда фагоциттер оларды жойып, ерітіп жібере алады.
Сөйтіп, иммунитет реакциясы нәтижесінде организм тіршілігіне аса қолайлы жағдай туады.
Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші - ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 - 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни "бүйірлі тізбек теориясын" ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 - 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туылған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Иммунитет - өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сортты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әр түрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сорттарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.
Ағзаның инфекцияға қарсы бейспецификалық қорғанысын тері және сілемейлі қабығы, ағзаның ішкі тосқауылын лимфа тізбегі түріндегі барлық ұлпалардағы лимфа түзілімдері, фагоцитозға қатысушы клеткалар және қалыпты киллерлер, гуморальді факторлар - яғни лизоцим, комплемент, интерферон және басқа цитокиндер бейспецификалық қорғаныстың маңызды факторының бірі, терінің, сілемейлі қабықшаның қалыпты микрофлорасы болып табылады.
Адамның қалыпты микрофлорасы маңызды қорғаныс қызметін атқарады. Қалыпты микрофлора микроорганизмдерді бейспецификалық қорғанысты және олар: асқорыту мүшелері, тыныс алу, бүйрек - жыныс және тері қорғанысына қатысады.
Тері мен шырышты қабықтар - сыртқы тосқауыл, яғни микроорганизмдер мен патогенді микроорганизмдердің ағзаны зақымдамас үшін тосқауыл болып табылады. Ағзаның ішкі тосқауылына лимфоциттік құрылым мен лимфалық түзілім жатады.

Фагоцитоз (фаг және грек. kytos -- клетка) -- бір клеткалы организмдердің немесе кейбір көп клеткалы жануарлар клеткасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады. Организмдердің бұл қабілеті эволюция барысында фагоциттерге ауысқан. Сондай-ақ кейбір жануарлардың ооциттері, ұрық клеткалары, дененің жазылғыш қуыстары және көздің пигментті эпителийлері де нысан бөлшектерін белсенді түрде жұтып, қорыта алады. Фагоцитоз құбылысын және оның иммунологиялық маңызын И.И.Мечников ашқан (1882). Фагоцитоз осы процеске қатысатын нысандар мен фагоциттердің жақындасуы (хемотаксис) және аттракция (фагоцит бетіне микробтардың жабысуы), қармап алу, клетка ішінде қорытылу сатыларымен өтеді. Кейбір микробтар (мысалы, алапесті қоздырушылар) организмдегі фагоциттердің ішінде орналасқанда ғана әрекет ете алады. Фагоцитоз процесі антиденелер, әр түрлі физикалық және химиялық факторлар әсерінен тез жандануы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунитет.Иммунитет түрлері
Иммунитет. Иммунитет түрлері жайлы
Инфекциялық иммунология негіздері.
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Өсімдіктің иммунитетінің ерекшелігі
Иммунитет туралы түсінік
Иммунитет туралы
Иммунитет пен лимфа
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Малдардың өнімінің сапасын арттыру
Пәндер