Инфекция формалары және олардың сипаттамасы



1.Кіріспе
2.Инфекцияның түрлері
3.Инфекцияның таралу жолдары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Кіріспе

2.Инфекцияның түрлері

3.Инфекцияның таралу жолдары

4.Негізгі эпедемиялық түсінік

5.Қорытынды

1. Кіріспе

Адам ағзасымен микробтар арасындағы қарым-қатынастар, биологялық
заңдылықтарға сәйкес симбоз (грек Symbiosis-ортақ тұрушы) деп атайды.
Инфекция дегеніміз-микроорганизмдердің микроорганизмдер ағзасына еніп
көбеюі, соның нәтижесінде инфекциялық кезеңінің басталуын айтады. Ол қарым-
қатынасы екеуара ыңғайлас қарым-қатынас мутуализм бір-біріне кедергі
келтірмейтін қатынас комменсализм, бөгде ағза басқа организм арқылы
қоректеніп зиянын тигізуді паразитизм деп аталады.
Медициналық микробиология үшін паразитизм ең қауіптісі. Себебі:осы
паразитизм арқасында инфекциялық аурулар кеңінен таралған.
Паразитизм (грек. Parasites-арамтамақ) ағза бөгде ағзаның денесінде
тіршілік етіп оған зиянын тигізеді. Паразиттерге-вирустар, приондар,
бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, құрттар-гельминті.
Адамда және жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдер (грек. Ppathos-
қайғы, қасірет, genos-туылу) ал олардыңауру туғызуы-патагендік деп аталады.
Адамға қауіпті 2500 инфекциялық аурулар түрлері белгілі.
Инфекциялық сөзі лат. infectio -жұғу, жұқтыру деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде адам организмдерімен потагенді микробтар арасындағы қарым-
қатынасты 3түрлі терминдермен қарастырады:инфекция, инфекциялық процесс,
инфекциялық ауру.
Инфекция термині эволюциялық процесс кезінде адам ағзасы-микроорганизм және
қоздырушы микроорганизм арасындағы биологиялық қарым-қатынасты атайды.
Инфекциялық процесс термині микроорганизмдегі потагенді микробтарға
қойылатын қарсы әрекетін білдіреді.
Инфекциялық ауру-инфекциялық процестің клиникалық өзгешелігі, әр түрлі
симптомдар және признактармен көрінеді. Белгілі бір клиникалық көрінісі
бар инфекция білінуінің ең ашық түрі инфекциялық (жұқпалы) ауру
деп есептеледі (анық инфекция). Мал немесе адам организмінде
паразиттік тіршілік етуге эволюциялы бейімделген микроорганизмдердің
қоздыруынан пайда болған барлық ауруларды инфекциялық деп атайды.
Инфекциялық ауруларға ең тән қасиет – спефицикалық тірі қоздырушы –
паразиттің бар болуы жанасуымен берілуі немесе жұқпалылығы (таралу
қабілеттілігінің салдарынан қоздырушының ауру малдардан сау малдарға
берілуі), инкубациялық (жасырын) кезеңнің бар болуы циклділік дамуы,
қоздырушының әрекетіне организмнің спецификалық реакциясы
(антиденелердің құрылуы, аллергиялық жай-күйі және ауырып, айыққан
малдардың иммунитеті болуы).

Жұқпалы аурудың пайда болуы мен дамуы тек қана спецификалық
қоздырушының бір болуы мен оның ауруға бейімді мал организміне
енуіне ғана байланысты емес, сонымен бірге микро- және
макроорганизмнің өзара қатынас сипатын белгілейтін ішкі және сыртқы
ортаға да байланысты. Ауру қыздырушылардың мал организміне кіріп
кетуін немесе енгізілуін ауру жұғуы деп аталады. Ауру жұғуы үнемі
ауруға әкеп соқпайды, аурудың басталуына, оның алғашқы белгілерінің
білуіне әкеп соғады. Көп жағдайда макроорганизмнің қорғаныс
икемділігі патогендік микробтарды зиянсызданыдыруға мүмкіндік береді.

2. Инфекцияның түрлері.

Инфекция

спонтанды (табиғи) экспериментальды
(жасанды)

Спонтанды инфекция осы патогендік микробқа тән беріліс механизмі іске
асқан табиғи жағдайда пайда болады және мал организмінде
әлдеқашан мекендеген шартты патогендік микроорганизмдердің активтенуі
арқылы болады.

Жасанды инфекцияны патологиялық материалды немесе қоздырушының
культурасын енгізу арқылы жасайды

Егер спецификалық қоздырушы сырттан, қоршаған ортадан,
организмге енген болса, экзогендік инфекция туралы сөз болады.
Бірақ, малдың ауруға қарсы тұрушылығы төмендеген организмді
коммпенсалдар есебінде мекендеушілер, шартты патогенді микробтар
инфекцияны тудыра алады. Бұл эндогендік инфекция (аутоинфекция).
Қоздырушының бір түрімен пайда болған инфекцияны қарапайым
(моноинфекция) деп, ал бүтін бір топ микробтарының потогендік
әрекетінің нәтижесінде пайда болғанда – ассоциативті деп аталады.
Кейде осындай жағдайда микробтың бір түрінің басқалардың ықпалымен
патогендігі күшеюінен синергизм байқалады. Әр түрлі екі аурудың
қатар жүргізуіндегі инфекция аралас (қоспа) деп аталады. Тыныс
жолдарының ішектің кілегейлі қабығында мекендейтін шартты патогенді
микробтардың активтенуі нәтижесінде бастапқы (негізгі) фонда
екінші (секундтары) инфекцияның дамуының кездейсоқтығы да белгілі.
Пастерелл мен сальмонельдің патогендік әрекеттері, мысалы, классикалық
шошқа обасын асқындырады. Аралас, екінші және ассоциативтік
инфекциялар таршылық жерде малдардың көп шоғырланған өндірістік мал
шаруашылығы жағдайында маңызды мәселе болып отыр.

Егер болып өткен инфекция мен мал организмінің оның қоздырушысынан
тазарғаннан кейін сол патогендік микробтық себебімен қайтадан ауру
болса, оны реинфекция дейді. Оның даму шарты сол қыздырушыға
бейімділігінің сақталуы.

Сол патогендік микробпен қозып, бұрынырақ дамыған инфекциялық
процестің фонында басталған жаңа (қайтадан) қанығудың салдары –
суперинфекция деп аталады.

Аурудың қайтадан оралуы, басталған клиникалық жазылудан кейін оның
нышандарының қайта көрініс беруі редцидив деп аталады. Ол малдың
ауруға қарсы тұрушылығының төмендеуімен болып өткен аурудың организмде
сақталған қоздырушылардың активтенуінен пайда болады. Рецидивтер тұрақты
иммнитетті жеткіліксіз құрылуынан болатын ауруларға тән (бруцелез,
туберкулез, жылқының індетті қан аздығы).

3. Инфекциялық аурулардың таралуы:
Инкубациялық кезең –ауруды жұқтырғаннан бастап клиникалық белгілерінің
шығуына дейінгі уақыт.
Продромальдік кезең-ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Нақты қоздырғышқа типті инфекция формасы
Антидене титрлары
Вирустар, түрлері және организмге орналасуы
Инфекция және вирустар
Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Бұршақ тұқымдасының тех
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайлар
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары туралы
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Пәндер