Шыңғыс хан



І Кіріспе бөлім

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Шыңғыс ханның тұлғасы
2.2 Шыңғыс хан . қазақ
2.3 Шыңғыс хан жорықтары

ІІІ Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универсиеті

РЕФЕРАТ

тақырыбы: Шыңғыс хан

Орындаған: Тыныштықбай А., М-
103 тобының студенді

Қарағанды қ., 2013 ж.
Жоспар

І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім
1. Шыңғыс ханның тұлғасы
2. Шыңғыс хан - қазақ
3. Шыңғыс хан жорықтары
ІІІ Қорытынды бөлім

Кіріспе

ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде бүкіл Еуразия кеңістігін өз ғұзырымен
қайта құрған, ал тиянақтап, бағдарлап кеткен бар ісі бұдан соңғы заманда
мағлұм әлемді мүлде басқаша қалыптауға негіз болған Шыңғыс хан – адамзат
тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірегейі екені күмәнсіз. Кеңінен қамтып,
тереңіне бойлай алмасақ та, сөз ұққан, хат таныған кезімізден көкірекке
орнаған өзгеше бейне, Алып Ер екен.
Шыңғыс хан турасында жаңа тарих заманы – соңғы үш ғасырда Батыс пен
Шығыста жазылған шығармалардың ұзын саны ұшы-қиырсыз. Неміс, ағылшын, орыс,
қытай, жапон тілдеріндегі, жинақтап келгенде, әрқилы деңгейдегі қаншама
роман өз алдына. Әлбетте, тарихи роман – тарихтың өзі емес, көркемделген
сұлбасы. Тұлға да, заман да мүлде басқа бір кейіпте көрінуі мүмкін. Әйтсе
де, өз тұсындағы тарихи ұғым, әлеуметтік танымнан ұзап кете алмайды. Бұл
тұрғыдан алғанда, әлем әдебиетінде Шыңғыс ханның ақиқат, шынайы бейнесі
жасалған жоқ дер едік. Ал тарихи зерттеу сыпаты өзгеше. Ғылым атаулы өз
тақырыбын нақты мағлұмат, деректі болмыс негізінде қалыптауға тиіс. Бірақ
тарих ғылымы да күні бүгінге дейін идеологиялық тұрғыдан, ұлттық, нәсілдік
көзқарастан ұзап шыға алмай келеді, бұл сөз әсіресе өктем Батыс
оқымыстыларының еңбектеріне қатысты. Шыңғыс хан турасындағы, бізге
көпшілігі нақты мәлім, кейбірінің жөн-жосығы, енді біразының негізгі
сұлбасы белгілі арнайы монографиялардың өзінің қарасыны мол, ондап
саналады, ал жекелеген мәселелер төңірегіндегі зерттеу мақалалар қисапсыз
көп. Тек екі ғасыр шегі, соңғы жылдарда ғана қаншама жаңа кітап жазылыпты,
өткендегі көптеген еңбектер қайыра басылып, халықаралық тілдерге аударылып,
кеңінен таралыпты. Ұлттың байырғы тарихына айрықша мән беріп отырған бурят
пен татар – Улан-Удэ, Қазанда әлденеше мәрте өткерілген ғылыми
конференциялардың жария жинақтары бір төбе.
Сырттай қарағанда, әлемдік тарихнамада Шыңғыс хан тақырыбы толымды,
жан-жақты қарастырылған сияқты. Бұл ретте соңғы кезең жетістігін атап айту
керек. Еуропа ғылымы, ең аяғы нешеме ғасыр бойы қырын тартып келе жатқан
орыстардың өзі оңға бұрыла бастағандай. 1995 жылы Бүкіләлемдік ақпарат
орталығы һәм Америкада шығатын әйгілі “Вашингтон пост” басылымы сараптау,
сауалдама негізінде Шыңғыс ханды екінші мың жылдықтың ең басты тұлғасы деп
жариялағаны белгілі. Түйіндеп айтқанда, ұлы қағанның атақ-даңқы дабылдап
тұр. Қазіргі қалыпты, жалпы түсінік: бұл Шыңғыс хан деген – анау айтқандай,
жабайы мақұлық емес екен, ақымақ, топас, жауыз қанішер емес екен,
көлеңкелі, келеңсіз сыпаттары болса, ол – замана таңбасы; шын мәнісінде
парасатты, дана кісі, ұлы қолбасы, ғажайып саясаткер, адамзат тарихында
өзгеше орны бар, айтулы, бірегей қайраткер... Бұл төтенше байламның
көптеген тармақтары сонау ХVІІІ ғасырдың өзінде мағлұм болған. Бүгінгі
жаңалық – жаппай күстана, тұрпайы жаладан арылу бағдары ғана. Десе де, ең
озық ойлы, байыпты деген зерттеулердің өзінен тар өріс пен түсінбестік
аңдалмай тұрмайды. Өйткені, Шыңғыс ханға қатысты бұрынғы-соңғы, үлкенді-
кішілі еңбектердің барлығы да жат жұрт өкілдері тарабынан жазылған. Бұл
ретте бауырлас моңғол оқымыстылары басқаша көзқарас танытады, бірақ пайымды
зерттеулерінің өзі біржақты, бәрі біздікі, бәрі моңғол деген тұрғыда. Ал
түрік қауымы әлі күнге пәтуалы сөзін айтпапты. Орыс-совет шеңгелінде болған
біздің бұрынғы ахуал түсінікті десек, басы бұла анадолы түріктерінің бұл
тақырыпты мүлде қарастырмауы – таң қаларлық жағдай. Шын мәнісінде Шыңғыс
хан тарихы – ең алдымен түрік халықтарының тарихы болатын. Оның ішінде
ежелгі қазақ тарихының ең толымды кезеңдерінің бірі. Осы орайда, біздің
негізгі, көркем проза саласындағы бар шаруамызды доғарып қойып, ұлғайған
жасымызға қарамай, тым ауқымды әрі айрықша ауыр жұмыс – Шыңғыс хан тарабына
бет бұруымыз түсінікті болса керек.

Шыңғыс хан тұлғасы

Біздің қазіргі тарих пәнінен білетініміз, Шыңғысханның руы Қият-
Боржигин. Бірақ, оның көшпелі мәдениеттің өкілі ретінде рудан басқа ірі
көшпенді бірлестік, яғни туған тайпасы да болуы керек қой. Бүгінгі
тарихтанушылар Қият-Боржигин, Тайчут, Барин, Жатжират, т.б моңғол тайпалары
деп атайды. Бірақ олардың бәрі ру, бір рудың ішіндегі ата болып, өзара
туыстасып келіп, бір тайпаны ғана құраған. Сол себепті қазір бұл руларды өз
ішімізден таба алмаймыз. Ал тайпаның ішіндегі рулар өзіндік сүзгіден өтіп,
жаңарып отырған. Мысалы: бір рудың ішіндегі мықты адам ыдырап кеткен
басқа туыстарының бәрінің басын қосып, соңынан ертетін болса, сол уақыттан
бастап оның туыстары, басқа жекжаттар арасында, жаңа ру көсемінің есімімен
таныла бастаған. Уақыт өте көсемнің аты тұтастай оның руына көшетіні
тарихтан белгілі.
Тайпаның өз ішіндегі рулық атауы жиі өзгеріске түсіп тұрған. Ал
көшпенділердің одан ауқымды бірлестігі, яғни рулар одағы - тайпа атауы
өзгеріссіз қалып отырды. Сондықтан тарихта Шыңғысхан заманындағы көшпенді
тайпалардың атаулары сақталды. Ол - Керей, Абақ-керей(меркіт), Қыпшақ,
Найман, Қоңырат, т.б. Бүгінде бұл тайпалар қазақ халқының құрамына кіреді,
бірақ олардың арасында моңғол тайпасы жоқ. Көшпенді үшін моңғол сөзі
рулық немесе тайпалық ұғымды білдірмейді.
Әмір Темір өзінің ұрпақтарына қалдырған жазба мұрасында (оны өзбек
баспагерлері Әмір Темірдің аманаты деген атаумен шығарды) өз тайпасы
туралы тәптіштеп жазады. Міне осы кітаптан біз моңғол руының немесе
тайпасының бірде-бір өкілін іздеп таппаймыз.
Русь жылнамашылары алтынордалықтарды татар-моңғолдар деп жазды. Ақсақ
Темір заманында Шағатай ұлысының отырықшы халықтары (Мауераннахр
тұрғындары) моғолдар ( монғолдың бұзылып аталуы) деп көшпенділердің
барлығын бірдей атай берген. Бірақ бәрінен бұрын бұл атауды жақын көршілері
- оңтүстік Қазақстан аумағындағы көшпенділерге таңған.
Мауераннахрдағы биліктен айырылған Әмір Темірдің ұрпағы Бабур Шағатай
ұлысының әскерін Үндістанға алып келіп, жаңа бір көшпенді империяның
іргесін қалады. Ал жергілікті халық шағатай түрктерін моғол, яғни моңғол
деп атаған. Одан ұққанымыз, отырықшы ел өздерінің үстіне келген
көшпенділердің кім екенін ажыратып алмай жатып, бұрынғы үйреншікті тілмен
моңғолдар дей салған. Моңғол сөзінің түпкі мағнасы Шыңғысқанның
ұлыстары ыдырамаған заманда, барлық көшпенді жұртқа белгілі болған. Оны
Әмір Темір де білді, сондықтан да оның туыстарының ішінде де моңғол атанған
ешкім жоқ. Сондай-ақ, ол Темучжиннің руы кім екенін, оған Шыңғыс атағы
қалай берілгенін және ол сөздің мағынасы не екенін де жақсы білген.
Шыңғысхан шыққан көшпенді тайпа ешқайда жоғалып кеткен жоқ, ол біздің
арамызда өмір сүріп жатыр. Бірақ Шыңғысхан туралы жазған тарихшылар оны
түркі тайпаларының ішінен көре алмады немесе көргісі келмеген болар.
Бүгінгі күні қолымызда бар тарихи деректер мен мәліметтер Шыңғысханның
қандай тайпадан шыққанын және ол қай халыққа жататынын толық дәлелдеп бере
алады. Егер біз түріктердің салт-дәстүрлерін моңғолдардікінен айыра білсек,
онда Құпия тарих кейіпкерлері кім екенін өздері-ақ айтып берер еді.
Ең алдымен, орысша аудармасында Темучжин деп аталатын Шыңғысханның шын
есімі кім еді дегенді анықтап алайық. Біз көшпенділердің есімі қашанда
белгілі бір мағынаны беріп тұратынын білеміз. Тарихшы Е.И.Кычанов
Темучжин атауын Жизнь Темучжина, задумавшего покорить мир деген
кітабында былайша түсіндірген болады:
Алғашқы дереккөздерінде болашақ қағанның есімі татар батырының
құрметіне орай берілген деген ақпар бар: (сөзбе-сөз)...в это время когда
Есугай-Баатур воротился, захватив татарских Темучжина-Уге, Хри-Буха,
ходившая на сносях Оэлун-учжин родила Чингиз-хагана в урочище Делиун-
балдах на Ононе. Родился Чингиз-хаган, сжимая в правой руке своей сгусток
крови, величиною с альчик. Рождение его совпало с приводом татарского
Темучжин-Уге, вот его и нарекли Темучжином.
Әрі қарай:
Некоторые ученые предполагают, что имя Темучжин в переводе с
древнемонгольского означало кузнец. И для этого есть основания. Еще в
прошлом веке монголы считали, что наковальня Чингиса, сделанная из металла
бурын, имеющего свойства меди и железа, хранится на горе Дархан...
Әдетте, елге белгілі есімдер халық арасында ұзақ сақталып қалады, ұрпақ
алмасқан сайын бірнеше мәрте қайталанып отырса да, оның алғашқы мағынасы
өте сирек бұзылады. Кейде халық арасында мағынасы ұмытыла бастаған атаулар
да кездеседі. Мәселен, Аблаз - бұл Абыл және Азық сөздерінің қосындысынан
туған. Біздің жұрт бір кездері сайын даланы Күн бидің (Елсау) ұрпақтары
билеген көшпенділердің біріккен мемлекеті (үйсіндер) болғанын да ұмыта
бастағандай. Күнделікті өмірде көшпенділер өздерін көсемдерінің есімдерімен
Абыл елі, Азық елі және Албан елі атап кеткен (б.э.дейінгі 3 ғ - б.э 3 ғ).
Қалай дегенмен де шамамен осыдан екі мың жылдай бұрын Абыл-Азықтың
қысқарған түрі Аблаз атауы өмірге келген. Қазір көшпенділердің осы біріккен
мемлекетін әлемнің ешбір картасынан іздеп таппайсың, бірақ олардың
ұрпақтары адам есімі арқылы осы мемлекеттердің атын бүгінгі күнге дейін
алып келіп отыр. Бұл туралы 18 ғ. өмір сүрген тарихшы Қазбек бек Тауасар
ұлы жазды.
Енді Темучжиннің (Шыңғысханның) шын есіміне қайтып оралайық. Көшпенді
халықтың өлшеміне салсақ, ол өмір сүрген уақыт сонша қиырда жатқан жоқ.
Әйтседе, моңғолдар арасында да, түріктер арасында да Темучжин есімін
кездестірмейсіз. Неге десеңіз, мұндай атау бұл халықтардың ешқайсысында
да, ешқашан да болмаған. Біріншіден, бұл сөзде ешқандай мағына жоқ.
Екіншіден, ол - Құпия тарихты орысшаға аударғаннан кейін ғана пайда
болды. Қытайдан 19 ғасырда орыс синологы Кафаров жеткізген осы алғашқы
дереккөзі негізінде, өкініштісі сол, қолдан моңғолдар туралы ғылым
жасалды. Сөйтіп, аудармашылар Шыңғысханның есімін Темучжин деп түзетіп
жіберген. Аудармашылар, әйтпесе тарихшылар дейміз бе, 19 ғасырдың
ортасында қолдарында Шыңғысхан туралы материал, яғни Құпия тарих бола
тұрып, ең басты, ең үлкен қателік жіберді. Олар түріктердің көп руларын
моңғолдар деп түсінді. Шынтуайтқа келгенде, Құпия тарих - Шыңғысқанның
тарихи ата-шежіресі және ол Шыңғысқан өлген соң 13 жылдан кейін көшпенді
ортада жазылды. Сондықтан болар, ғылыми ортада ол Шыңғысхан туралы жазылған
дереккөздердің ішіндегі ең бір ақиқаттысы деп саналады. Тарихи шежіренің
соңында (282-тарау) автор былай дейді: Құпия тарихтың 282 тарауының
соңында ол былай дейді: Ұлы құрылтай болған жылдың (1240)тамылжыған айнда
( 7-ай)Керліннің Көде аралының Делуін бұлтығы мен Сілкінсек екеуінің
арасына қаған ордасы қонып жатқанда тәмамдадым. Әлбетте, жылнама авторы
Шыңғысханның этникалық тегін жазуды мақсат тұтпаған сияқты, бірақ жылнама
кейіпкерлерінің бәрі түркі ғұрыптарын ұстанғандықтан, олардың тегі кім
екені өзді-өзінен түсінікті емес пе. Осыған қарамастан ғылымда тыңнан
түрен түрушілер оларды моңғолдар деп жазып, ал олардың іс-әрекеттерінің
бәрін түрік жұртының ұлттық салт-дәстүріне таңып қояды. Сөйтіп 19 ғасырдағы
ғылыми ойдың жемісімен түркі дәстүрлі моңғол деген дүбәра халық пайда
болды. Бұл адасушылық Шыңғысханды да айналып өтпеді. Құпия тарих бойынша,
әлде-қандай жағдайлар болғанда ол биік төбеге шығып алып, мойнына салынған
белбеумен бірге түріктерше басын иіп Көк Тәңірге құлшылықпен жалбарынатын.
Ғылымда бұдан да басқа тағы бір Алтан товч деген алғашқы дереккөзі
бар. Ол 1926 жылы Монғолияда Хошуин тайпасының тайшысынан табылды. Орыс
оқырмандары онымен тек 1973 жылы ғана таныса алды (А.Шастина, Мәскеу қ).
Алтан товчта Құпия тарихтың 282 тарауының 233-і қайталанады, бірақ
сонымен қатар Шыңғысхан туралы кейбір толықтырулар да беріледі. Мысалы, екі
дереккөзінде де Темучжиннің тууы жөніндегі дерек бірдей: ...Ононның
Делуін бұлтық деген жерінде Шыңғыс қаған туады...Татардың Темүжін үкісін
ұстап әкелген кезде туды деп ырымдап, атын Темүжін қойыпты. Алтан товч
бұл қара жылқы жылының күн ысыған түс мезгілі болатын деп толықтыра
түседі. Сондай-ақ, татар Темучжиннің қолға түсуіне байланысты туған
нәрестені Темучжин деп атап, темір бесікке бөледі дегенді де қосады. Бұл
Шыңғысхан қашан туды деп дабыра көтеріп жүрген ғалымдардың сауалына
берілген нақты жауап. Автор Шыңғысхан есімінің түпкі мағынасы түрікше -
Темір дегенді анық айтып тұр. Яғни, ол 1162 жылы туған, оның есімі - Темір.
Біздің ата-бабамыздың салты солай- адам есіміне мән беріп қана қоймай, бала
мықты болып өсуі үшін мүмкіндік болса, оны темір бесіке де бөлеп тастайды.
Көшпенділердің баланы темір бесікке салуында өмірлік пәлсапа жатыр. Оның
мәнін сол кездегі көшпенділер жақсы түсінген.
Алтантовчтың авторы бізге Шыңғысханның шын есімі Темір екенін және оның
қайдан тарайтынын нақты айтып отыр. Сонда учжин деген жұрнақ қайдан
келген? Ол ерлердің де, әйел адамдардың да есімдерімен қосарланып жүреді.
Мәселен: Темір учжин, Оэлун учжин және т.б. Әдетте, мұндай дәстүрді
түріктер ұстанады, бірақ олар еке жұрнағын қолданған. Мүмкін бұл да
түріктердің еке жұрнағын учжинге шатастырып алып жүрген аудармашылар
мен көшіріп жазушылардың қателігі болар. Әйтпесе, әлемнің басқа бірде-бір
елінде мұндай тектес жұрнақ жоқ. Енді осы жорамалды анықтау үшін Құпия
тарих жылнамасы тарихына көз жүгіртейік. Мүмкін еке-нің учжин-ге қалай
айналып кеткеніне көзімізді сол жеткізер?
Қытайдан табылған Құпия тарих орыс тіліне аударылған соң, көпшілік
оқырманның танысып-білуіне кеңінен жол ашылды. Алғашқы дереккөзінің авторы
Шыңғысханның руынан екені сөзсіз. Құпия тарихтың 282 тарауының соңында ол
былай дейді: Ұлы құрылтай болған жылдың (1240)тамылжыған айнда ( 7-ай)
Керліннің Көде аралының Делуін бұлтығы мен Сілкінсек екеуінің арасына
қаған ордасы қонып жатқанда тәмамдадым. Осыған қарағанда оның өзі де
Шыңғысханның айналасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс хан ұлы қолбасшы және евразиялық империяны құрушы
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
Шыңғыс ханның жаулап алушылық соғыстары
Шыңғыс хан империясының хандық дәуірі
Моңғолстанның құрылуы
Шыңғыс хан және оның жаулаушылық саясаты
Шыңғысхан жайлы
Монғол мемлекетінің құрылуы
Шыңғыс хан қазақ жерін және Монғол мемлекетін ұлыстарға бөлу
Пәндер