Кенесары - төре тұқымынан шыққан әйгілі қолбасшы
І Кіріспе бөлім
Кенесары . төре тұқымынан шыққан әйгілі қолбасшы
ІІ Негізгі бөлім
2.1 1837.1847 жылдар Кенесары бастаған көтеріліс
2.2 Кенесары . Қазақ хандығының соңғы ханы
2.3 Кенесары хан тұқымдары
ІІІ Қорытынды бөлім
Кенесары . көреген стратег

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универсиеті
РЕФЕРАТ
тақырыбы: Кенесары Қасымұлы
Орындаған: Тыныштықбай А., М-
103 тобының студенді
Қарағанды қ., 2013 ж.
Жоспар
І Кіріспе бөлім
Кенесары - төре тұқымынан шыққан әйгілі қолбасшы
ІІ Негізгі бөлім
1. 1837-1847 жылдар Кенесары бастаған көтеріліс
2. Кенесары – Қазақ хандығының соңғы ханы
3. Кенесары хан тұқымдары
ІІІ Қорытынды бөлім
Кенесары – көреген стратег
Кіріспе
Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Көкшетау өңірінде дүниеге келген.
Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол
өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Шыңғыс ханның жиырма жетінші ұрпағы,
бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген
үлкен баласынан тарайды. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы
болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Галдан Сереннің қызы Топыштан дүниеге
келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты
ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен
Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер
қауымының дәстүріне сай жастайынана шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал
табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының
ерлік қасиеттері, бірбеткейлігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы
қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте
ерте мойындатқан.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр
І билігі кезеңінен басталған Ресей мен қазақ хандығы арасындағы қатынастар
сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан
Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп
есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажаттігіне ерекше мән берген – ді.
Қазақ хандығы аумағын Ресейге күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді.
Ресей отаршылдығының ерекшелігі – орыс солдатының соңынан орыс мұжығы
ілесіп отырғандығында, сөйтіп жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып
жіберуге тырысатынында (М. Шоқай) еді.
1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті
жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей
өкіметі қазақ елінің ішкі тіршілігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін
жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін
қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне,
сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі
Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады,сондықтан да ол өз мақсатын
күшпен жүзеге асыруға кіріседі.
1824 жылдан бастап туған ағасы Саржанның көтерілісіне де
қатынасқан Кенесарының көзқарасының қалыптасуына әкесі Қасым төренің
қимылдары да әсер етті. Қасымның қырық мың шаңырақ жақтастарымен Көкшетау
боыйнан Қоқан хандығының шекарасына қарай өзінің балалары Есенгелді,
Саржан және Кенесарыны ертіп,көшіп кетуінің басты себебі – патша үкіметінің
округтік приказдарды құруына қарсылығы болатын.
1836 жылы Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапқан бауырлары мен
әкесінің тағдырына қатты налыған Кенесарының тағы да бір мақсаты –
қоқандықтар тепкісіндегі қазақтарды азат ету еді.
Отаршылдарға қарсы соғысты соғысты бастамас бұрын Кенесары бірнеше
рет дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға, Орынбор генерал-
губернаторы В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір генерел-губернаторы
П.Д. Горчаковқа хат жолдады. ,Сол хаттарының бірінде Кенесары Қасымұлы
былай деп жазған еді:
Генерал –губернатор мырзаға Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан
...Сізге хабарлайын деп отырғаным: екі елдің халқы бейбіт өмір
сүрсін деген ойым. Біздің аудандарымызды өзіне қаратып алды деп маған
күдікпен қарайтын көрінесіз. Керісінше, сіздер менің атам Абылайдың
иелігіне округтік дуандар (приказдар. – Ж.Қ.) құрдыңыз, қырғыз (қазақ.
–Ж.Қ.) халқынан салық жинап, қысым көрсетудесіз. Біздің ренжуіміз орынды,
сіздің қарамағыңызда өмір сүру мүмкін емес. Мен өз жағыма тек Баянауыл,
Қарқаралы және Ақмола халқын тартып қойғаным жоқ. Қазақ халқының көне
замандағы жағдайының өзгермегенін құптаймыз. Онда біз де, сіз де тыныштықта
өмір сүрген болар едік.
...Дуандардың басшылары қырғыздардың жақсы жылқыларын тартып
алуда. Қазақтар өздеріне күніне үш қойдан сояды. Дуан басшыларының
бассыздығына қарсы қырғыздардың шағымдары жауапсыз қалады. Патша ағзамның
заңдарына сай біздің жылқыларымызды өлтіруге, тартып алуға тыйым салғаны
сөз жүзінде ғана. ...Сізбенен ғұмырлық достықта болу үшін: Ақтау бекінісін
жоюда, Ақмола дуанын таратуды өтінемін, түрмедегі адамдарымызды босатыңыз.
(Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты. 374-қор, 2-тізім,
25-іс, 15-16 -парақтар). Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде
Кенесары жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті
соғысқа мұқият даярланды.
1837-1847 жылдар Кенесары бастаған көтеріліс
Кенесары Қасымұлының көтерілісі ХІХ ғасырдағы бүкіл Қазақстанды
қамтыды. Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары бұл көтеріліске белсене қатысты.
Көтерілістің әр кезеңдерінде сұлтанды қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті,
алшын, керей, жаппас, бағаналы, табын, тама, арғын және басқа ірі рулар
қолдап отырды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ
шаруалары еді. Кенесары көтерілісін жер – жерден қолдаушылар
көбейеді.Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери
бекіністер сала бастайды, көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын
жаңа жер іздеуге мәжбүр болды. Оның үстінен патша үкіметінің алым-салығының
ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының барлығы қазақ қауымының
наразылығын күшейтіп, олады Кенесары бастаған көтерілісті жан-жақты
қолдауға итермеледі.Езілген үш жүздің еңбекшілерінің осы арпалысқа қатысуы
қозғалыстың басты мақсаттарына ұлт – азаттық сипат берді. Көтеріліске
қатысқан ірі ақсүйектер талабы – көтерілісті, бір жағынан, өздерінің ұсақ
мүдделеріне пайдалану, артықшылықтарын қайтарып алу болса, екінші жағынан,
көшпенді дербес мемлекет бостандығын қалпына келтіру еді. Көтеріліске
қатысқан белгілі Шыңғыс ұрпақтарының ішінде Көкшетау өңірінен сұлтандар:
Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым, Ақмола округінен:
Күшік, ЖанайАйшуақұлы, жадайлар болды. Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола,
Қарқаралы, Баянауыл округінде, кейіннен патша үкіметінің сот-жазалау
мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда, көтеріліске 80-нен астам
сұлтан, би, старшындар қатысқан.
Көтеріліс шеңберінің кеңейіп бара жатқанынан шошынғпн патша
үкіметі Кенесары мен Қоқан хандығының арасындағы қайшылықты пайдаланып, оны
тұншықтыру үшін тікелей шаралар іске асыра бастайды. 1842 жылы В.А.
Перовскийдің орнына Орынбор өлкесіне губернатор болып тағайындалған
генерал В.А. Обручев қарулы қолмен көтерілісті қанға бояуды ойластырады.
Екінші жағынан, Батыс Сібір генерал – губернаторы, князь П.Д Горчаков та
Сібір жағынан қысымды үдетеді. 1842 жылы қазақ даласына Сібір әскери
шебінен жіберілген Сотников тобы Кенесары жасақтарына қарсы шабуылды
бастады. Кейіннен құрамы күшейтілген Батыс Сібір жазалау отряды Ақсақал
төбе маңынан 1000 түйе, 3000 жылқы, 10000 қойды айдап әкетіп, 100 адамды
өлтірді. Бейбіт ауылдардың қазақтарын соққы жықты. Осы жағдай Батыс Сібір
генерал – губернаторының билігіндегі қазақ ауылдарының күштерін
біріктіруіне түрткі болды.
Отты қарумен қаруланған патша әскеріне қарусыз халық жасақтарының
төтеп беруі қиын еді. Соған қарамастан Кенесары өзінің дарынды қолбасшы
екендігін танытып, түрлі әскери тәсілдер арқылы оларға бірнеше рет ойсырата
соққы беріп, бірнеше бекінісінің талқанын шығарады. Солардың бірі
Кенесарының Екатеринбург станциясына жасаған шабуылы. Шабуылдың тұтқиылдан
болғаны сондай, казактар, тіпті, қарсылық көрсете алмай қалады. Осы жолы
Кенесарының жігіттері 18 мылтық, 2 пистолет, 18 қылыш, 27 найза қолға
түсіреді.
Тыңшылардың Орынбор шекара комиссиясына Кенесары аға сұлтандарға
қатты өкпелі деп жеткізуі 1844-1845 жылдары қалыптасқан ахуалдан хабар
береді. 1844 жылдың 21 шілдесіне қараған түнде Өлкейек өзенінің бойында
сұлтан Ахмет Жантөриннің әскерімен болған қырғында оның соңынан ерген 44
сұлтан қаза болады.
Ашық шайқастарда бетпе – бет келіп қарсы тұра алмаса да, аға
сұлтандар көтерілісшілердің ізіне түсіп, олардың саны, құрамы, қару—жарағы
жөнінде патша әкімшілігіне жеткізіп тұрды, қозғалысқа іріткі салды.
Тыңшылық қызметті ұйымдастыруда Орынбор Шекаралық комиссиясы осыларға иек
артты.
Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы
болып сайланады. 1841 жылы тамыз айында хандық билікті қалпына келтірген
Кенесары қазақ қауымында белгілі билер сотын жойып, оның орнына хандық
сотты кіргізді.Көшпелі феодалдық мемлекеттің құрылысында жалпы
Қазақстандағы хандық биліктен бірқатар өзіндік ерекшеліктері болды. Хандық
кеңестің құрамы Кенесарының жақын туыстарынан, би, батыр және сұлтандардан
тұрды. Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен бір ерекшелігі –
биліктің тізгіні Кенесарының өз қолында болды. Кенесары өз хандығын
нығайту үшін біраз экономикалық және саяси шараларды жүзеге асырады. Оның
алым-салық саясаты шариғатқа негізделіп, мал өсіретін аудандарда зекетті,
егіншілік аудандарда ұшырды енгізеді. Халықтан алым – салық жинауды арнайы
жасауылдар жүзеге асырады. Сонымен қатар көтерілісшілерді қолдаған ірі
фещдалдардан алынған мал, дүние-мүліктерін бөлу немесе оны басқару ісімен
Кенесарының көмекшілері айналысты. Кенесарының тікелей қатысуымен құрылған
басқару ісі Хандық кеңес қабылдаған шешімдерін қадағалап отырды, алым-
салықтың жиналуын қамтамасыз етті. Арнайы билеу органы сонымен қатар қазақ
ауылдарында көтеріліс басшысының үндеулерін уағыздап, таратуға жауап
беретін.
Кенесары Қасымұлының басшылығымен іске асырылған өзгерістердің
ішінде көңіл аударатыны – хандықтың жер саясаты. Егіншілікке көшуді, жер
шаруашылығын дамытуды Кенесары әрқашан қолдап отырды. Алайда Кенесары
Қасымұлы сарбаздарының көтеріліс қамтыған аудандарды басып өтетеін сауда
керуендерін шабуылдауы, осы өңірдегі экономикалық байланыстарға нұқсан
келтірді. Қалалардың көшпе,нді қазақтармен сауда байланыстары құлдырады.
Орынбордан Петропавл, Семейден Орта Азияға, Шығыс Түркістанға тауар
апаратын көпестердің байланыстары әлсіреді. Алайда Кенесары ру арасын
жегідей жеген барымтаға, әр түрлі жағдайда жиі қайталанып тұратын
тартыстарға қатаң шек қойды, пәрменді шара қолданып отырды.
Патша үкіметі кесіп алған жерлерді иесіне қайтару жолындағы
күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру барысында Орта Азия
хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Әскери қимылдар кезінде де Кенесары
және оның көмекшілері бірқатар өзгерістер жасады. Батырлар мен
төлеңгіттердің басқаруындағы көтерілісшілердің әскери күші негізінен өз
еркімен құрылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz