Саяси партиялардың пайда болуы ,құрылысы



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1.CАЯСИ ПАРТИЯ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Саяси партия ұғымының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Саяси партиялардың қоғамдағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ,ҚҰРЫЛЫСЫ ... ... ..10
2.1 Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Саяси партиялардың негізгі қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

3.ҚР партиялық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.1Қазақстандағы көппартиялылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ----------------------2
1.CАЯСИ ПАРТИЯ ҰҒЫМЫ.----------------------------- ----------------------------3
1.1 Саяси партия ұғымының түсінігі--------------------------- -------------------------3
1.2 Саяси партиялардың қоғамдағы орны------------------------------- ---------------6
2. САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ,ҚҰРЫЛЫСЫ.---------10
2.1 Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері-------------------------- --10
2.2 Саяси партиялардың негізгі қызметтері------------------------- -----------------13
3.ҚР партиялық жүйесі----------------------------- ----------------------------------- -17
3.1Қазақстандағы көппартиялылық--------------------- -------------------------------17
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- --------------27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------28

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.
Сонымен, партия - қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді. Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер
Зерттеу жұмысының мақсаты.
Партиялық жүйемен толығымен танысу .Оның құрылымындағы негізгі ерекшеліктерімен танысып ,жүйенің артықшылықтарымен кемшіліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.CАЯСИ ПАРТИЯ ҰҒЫМЫ.
1.1 Саяси партия ұғымының түсінігі
1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының саяси партиялар
туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
Саяси партияларға бiрiгу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.

Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету
негiздерi

1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды.
2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс.
4. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады.
5. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиiс.
6. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне жол берiлмейдi.
7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауiпсiздігiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, Ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың қызметiне тыйым салынады.
8. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
10. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.

Саяси партияны құру
1. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, pecпубликалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсінің атынан өкілдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке өзi қатысады. Азаматтардың сенiмхат бойынша саяси партияның құрылтай съезiнде (конференциясында) өкiлдiк етуiне жол берiлмейдi. Саяси партияның құрылуын, соның iшiнде құрылтай съезiнiң (конференциясының) өткiзiлуiн ұйымдастыруды қаржыландыру осы Заңның 18-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашы тобының электрондық және қағаз жеткiзгiштегi тiзiмдерi тiркеушi органға ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi.
3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткiзу үшiн құрамында кемiнде он адам бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін.
4. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады.
5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
Саяси партияның атауы мен рәмiзi

1.2 Саяси партиялардың қоғамдағы орны
1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол берiледi.
Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған саяси партиялардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгiн қайталамауға тиiс.
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ.
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы.
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс.
6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс.
Саяси партияға мүше болу

1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады.
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар саяси партияда болмауға, қандай да болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс.
4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте болады.
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс.
7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның басшы органдарына сайлауға және сайлануға, саяси партия мен оның басшы органдарының қызметi туралы ақпарат алуға құқылы.
8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады.

Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру

1. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;
2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;
3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған;
4) саяси партия мүшелерiнiң саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Саяси партияның қызметi тоқтатылып тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында партия атынан сөйлеуге, жиналыстар, митингiлер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, оның қызметi салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу жөнiндегi есеп айырысуларды қоспағанда, саяси партияның банктiк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.
3. Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта бастайды.
4. Саяси партияның орын алған тәртiп бұзушылықты жойғандығы фактiсiн саяси партияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот анықтайды.
Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi

1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға;
2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгуге;
3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға;
4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Саяси партия:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға;
2) әрбiр азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге;
3) заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмыс iстейтiн органы орналасқан жердiң өзгергенi туралы және өз басшылары туралы деректердi тiркеушi органға хабарлауға;
4) салық органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдер мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есеп табыс етуге мiндеттi.

Саяси партияның меншiгi

Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған объектiлердi қоспағанда, саяси партияның меншiгiнде оның жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер, сондай-ақ оның қаражаты есебiнен құрылатын ұйымдар болуы мүмкiн.
Саяси партия тұтас алғанда, саяси партия мүлкiнiң, соның iшiнде оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады. Саяси партия мүшелерiнiң саяси партияның мүлкiне қатысты құқықтары болмайды.
Саяси партияның мүлкi саяси партияның жарғысы мен бағдарламасында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру және мiндеттердi шешу үшiн пайдаланылады.
Саяси партияның мүлкi ол таратылған жағдайда оның жарғысына сәйкес пайдаланылуға тиiс. Егер саяси партияның жарғысында мұндай тәртiп көзделмесе, онда бұл мәселенi шешудi саяси партияны тарату туралы шешiм қабылдаған орган жүзеге асырады.
Саяси партияны қаржыландырудың көздерi
және оның қаражатын пайдалану
1. Саяси партияның қаражаты:
1) мүшелiкке кiру және мүшелiк жарналардан;
2) қайырмалдықтар құжатпен расталып, олардың шығу көздерi көрсетiлген жағдайда мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес ұйымдарының қайырмалдықтарынан;
3) кәсiпкерлiк қызметтен түскен кiрiстерден құралады.
2. Саяси партияға және оның құрылымдық бөлiмшелерiне (филиалдары мен өкiлдiктерiне):
1) шет мемлекеттерден, шетелдiк заңды тұлғалардан және халықаралық ұйымдардан;
2) шетелдiктерден және азаматтығы жоқ адамдардан;
3) шетел қатысатын заңды тұлғалардан;
4) мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк ұйымдардан;
5) дiни бiрлестiктерден және қайырымдылық ұйымдарынан;
6) иесi көрсетiлмеген қайырмалдық жасаушылардан қайырмалдық алуға жол берiлмейдi.
Осы тармақта көрсетiлген адамдардан келiп түскен қайырмалдықтар соттың шешiмi бойынша мемлекеттің кiрiсiне аударылады.
3. Саяси партиялардың ақшасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген банктердiң шоттарына орналастырылады.
4. Саяси партияның ақшасы мен өзге де мүлкi оның мүшелерi арасында бөлiнбейдi және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуға тиiс. Саяси партияның өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.
5. Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады.

2.Саяси партиялардың пайда болуы ,құрылысы.
2.1 Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері.
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.
Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән. Алайда, көппартиялық жүйелердің нақтылы құрылымы әр елде әрқилы. Осылайша, Жапония мен Италияда бір үстем партиямен көппартиялық жүйе қалыптасты. Жапонияда тек 1993 ж. ғана билік басындағы үстем либералды-демократиялық партияны бірнеше партиялардан қүралған одақ (коалиция) алмастырды. АҚШ, Англия, Канада және т.б. бірқатар елдерде анағұрлым ықпалды екі партия бар партиялық жүйе қалыптасқан. Авторитарлы саяси тәртіпке әдетте бірпартиялық принцип тән. Мұнда елдегі заңды жағдайдағы партиялардың ресми саны емес, бір партияның занды түрде билеуші үстем партия болып бекітілуінде. Ӏс жүзінде бұл партияның рөлі мемлекет жетекшілігіне бұқаралық қолдауды ұйымдастырумен шектеледі. Бірқатар авторитарлық тәртіптер ресми мойындалған нақтылы екі немесе одан да көп партияларға рұқсат беріп, қалғандарына тыйым салады. Бірақ осы жағдайда рұқсат етілген партиялардың қызметі едәуір шектеледі. Саяси өмірде олар қосалқы рөл атқарады, өйткені шынайы мемлекеттік саясатқа ықпал ете алмайды. Тоталитарлық саяси тәртіпке өзіндік партиялық жүйе тән. Мұнда тек қана бір саяси партия қызмет етеді, қалғандары таратылып, тыйым салынады. Алайда, авторитарлыққа қарағанда бұл саяси партия мемлекеттік биліктің басында түрады, қоғамда үстемдік етеді. Партияның аппараты мемлекеттік аппаратпен біте қайнасып жатады. Бұл, әдетте партиялық және мемлеттік қызмет шекарасының шайылуына әкеліп соқтырады. Мұндай жүйелердің пайда болуына билікті жүзеге асырудың демократиялық әдістерінің дағдарысы себеп болады. Қазіргі кезде мұндай жүйелер халықаралық қауымдастық алдында және сол қоғам пікірінде өздерін әшкерелеген құрылымдар ретінде саяси сахнадан шығып қалуда.
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая-си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға-сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
* Аристократиялық үйірмелер.
* Саяси клубтар.
* Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри-танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
* Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
* Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.
* Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:
* Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:
1Партия бағдарламасынын болуы;
2. Саяси билік үшін күрестің болуы:
3. Партиялық тәртіптің болуы:
4. Партияға мүшелік ету;
5. Мүшелік жарна төлеу;
6. Партияның жарғысының болуы:
7. Баспа органдарының, болуы;
8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;
9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы.
Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе
әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.

2.2 Саяси партиялардың негізгі қызметтері
Саяси партиялардың негізгі қызметтері
Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:
Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау
Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:
Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға қ атысу;
Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының бағдарламасын жасау;
Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Теориялық:
Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:
Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту,
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айталы.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері
Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар.
Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген:
Кадрлық:
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.
Бұқаралық
Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия-лық билеті жоқ мүшелік жар-на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.
Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.
Коммунистік партиялар -- К.Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық -- билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.
Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүдде-сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.
Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.
Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді
Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.
Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар-тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса-лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.
Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар-тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.
Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Мынандай түрлері бар:
Парламентке қатысатын партиялардың, ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құралған көппартиялық коалиция;
2. Екіпартия бірігіп үкіметті баскара алатындай уақытта құрылатын екіпартиялық коалиция:
3. Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, екі блоктық коалиция болады;
4. Егер дербес:Партия ұзақ уақыт билік етсе оны басымдық коалициясы дейді.
Барлық саяси партияларын жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек.
Демократиялық режимде саяси партияларсыз мемлекеттік билікті жүзеге асыру мүмкін емес. Саяси партиялар әр түрлі бағытына және түріне байланысты басқарушы ретінде немесе кез келген сәтте үкімет құра алатын ниет түзету аппозиция ролін атқарады. Саяси партиялардың бірінші қызметі үкіметттік билік орталығына және орындарына ие болуға жекелеген қарсылас топтар арасындағы күрес құралы ретінде көрінеді.
Мемлекеттік аппаратқа қатысты басқарушы партиялар ерекше рольді атқарады. Мұндай партиялардың басқарушы органдары тек үкіметті қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар барлық орталық атқырушы ведомство басшыларының жекелеген құрамын белгілейді. Мұндай міндет парламенттік басқару нысанындағы мемлекеттерде (Ұлыбритания, Италия, ГФР, Швеция, Дания, Нидерланды) партиялармен тиімді шешіледі. Онда парламенттік жолмен қалыптасқан үкімет өзінің жекелеген құрамы бойынша басқарушы партияның басқарушы органына толықтай дерлік сәйкес келеді. Бұл мемлекеттерде министрлер болып тек парламент мүшелер болып табылғандықтан, сайлауды жеңіп үкіметті қалыптастырған жағдайда, мүшелерінің санынан басқарушы партия өз фракциясының құрамын белгілейді. Классикалық үлгідегі (АҚШ) президенттік републикаларда үкіметтік партиялық құрамы төменгі деңгейде парламенттің партиялық құрамына тәуелді, демек оларда депутаттық мандат және министрлік портфельдің сиыспаушылық қағидасы әрекет етеді. Дегенмен басқарудың осы нысанында да билік етуші партия және мемлекеттік биліктің жоғарғы атқарушы органдар арасында тікелей байланыс бар.
Демократиялық мемлекеттердегі екі партиялық жүйені авторитарлы тәртіб жағдайында әрекет ететін және бірінші кезекте насихаттау ролін атқаратын жасанды қос партиялы жүйеден айыру қажет. Мысала, Индонезияда ресми тек екі саяси партияларға рұқсат етілген-тұтастық және даму партиясы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлаушылар партиясы
Саяси партиялардың пайда болуы, түсінігі және типтері
Саяси партия және партиялық жүйелер
Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері
Саяси партиялар туралы ақпарат
Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар туралы ақпарат
Саяси партиялар жайлы
Испания мемлекетінің саяси партиялары
Саяси партиялардың жіктелуі
Саяси партиялар туралы мәлімет
Пәндер