Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
Кіріспе.
- Терроризм тақырыбының өзектілігі, мақсаты, міндеттері.
- Осы жұмыста пайдалынылатын негізгі ұғымдар мен терминдер.
2-бөлім. Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері.
- Терроризм түсінігі және оны жіктеу.
- Терроризм құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет ретінде.
- Терроризмнің сараланған белгілері.
- Терроризм актісін дайындауға қатысқан адамды қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері мен шарттары.
3-бөлім Терроризмді басқа қылмыс құрамдарынан ажырату:
- Терроризм және қасақана кісі өлтіру.
- Терроризм және бандитизм.
- Терроризм және диверсия.
- Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар.
- Терроризмнің қазіргі таңдағы әлемдегі орны.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
- Терроризм тақырыбының өзектілігі, мақсаты, міндеттері
Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - делінген.
Терроризм-ең қауіпті және қоғамның ең басты проблемасы ретінде адамзат 21 ғасырға енді. Яғни, соңғы кезде терроризм дами келе қоғамға қауіптілігі күшейіп, осының салдарынан көптеген елдерде және оның азаматтарына орасан түрде зиян келтіреді. Сонымен қоса саяси, экономикалық, имандылық немесе өнеге (мораль) саласында орасан зор шығындарға әкеліп соғады және көптеген адамдарға психикалық түрде әсер етеді. Ең бастысы ешқандай кінәсі жоқ жандардың құрбан болуы.
Терроризм өткен ғасырдың ойлап тапқаны емес. Оның демі адамзат тарихын қашанда улаумен келеді, алайда ол алғаш рет екі мыңжылдықтың тоғысында қаһарлы да ауқымды кейіпке енді.
Терроризм тақырыбының өзектілігіне келетін болсақ, соңғы кездері терроризмнің бағыты арта түсіп, террористердің мақсаттары айқын болып келеді.
Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие.
Мұның өзі, қаншалықты идея мен идеология не жетілмеген немесе шикі болса, терроризм соншалықты идеологияның шашбауын көтереді. Бұл екі жағдайда жүзеге асуы мүмкін:
Біріншісі-идеологияның негізінде бағдарламалық нұсқау ретінде күш көрсетіп жатқан кезде, екіншісі-идея мен идеология соншалықты жетілмегендіктен, оның мақсатын жүзеге асырудың жолы тек қана күш көрсету болған кезде.
Қазіргі таңда террорлық ұйымдарда, әсіресе әлемге әйгілі мықты террорлық ұйымдарда өзінің рухани лидерлері және бапкерлері, өздерінің ұйымдастырушылық құрылыстары, және идеологиясы және іс-қимыл стратегиясы, өздерінің күшті және бай демеушілері бар.
Қазіргі этапта терроризмнің жан-жақтылығы дамып, ол өте кең өріс алып отыр. Яғни, соңғы кездері терроризмнің салдары ұлтаралық, мемлекет аралық конфликтіге әкеліп соғуда. Соңғы жылдары террористік қылмыстың географиялық жағдайы өсіп, яғни оның жасалу айқыны ұлғайып және сипаттамасы күннен-күнге күрделеніп барады. Терроризмнің саны күрт өсуде және оның жасалу формасының әр келкілігі, объектісі мен мақсаттарының әр келкілігі онымен күресуге қиындық соқтырып отыр. Америка Құрама Штаттарында жарық көретін ІNTERNATІONAL SECURІTY REVUE1 (халықаралық қауіпсіздік шолуы) журналының мәліметтеріне сүйенетін болсақ 20 ғасырдың 60 жылдарынан бастап терроризм халықаралық аренада кең өріс алып, әр түрлі әдістері пайда бола бастаған.
1970-78 жылдары аралығында әлемде 5534 террористік акт тіркелсе, 1981 жылдың өзінде 2700 террористік акт жасалып, негізінен әлемнің 50 ден астам елінде 125 террористік топтар өз қызметін атқарған. Ал, 1985 жылы бұл көрсеткіш 15 процентке өскен. Ал қазіргі таңда бұл көрсеткіштер бірнеше есеге өсіп отыр.
Дүние жүзінде 2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың бірінші жартысында болған процестердің қарапайым ғана талдауы террористік белсенділіктің өсе түскенін көрсетеді. Бұған қоса, 2002 жылғы террористік актілер 1992 жылдан бергі соңғы он жыл ішіндегі көрсеткіштен асып жығылуы әбден мүмкін. Бұған қапаландыратын статистика айғақ. Тек қана 2002 жылдың сегіз айында дүние жүзінде 390 теракт болған, мұның өзі 2001 жылы тіркелгеннен он пайызға көп. Террористік белсенділіктің 2002 жылғы сегіз айындағы көрсеткіш те 1992, 1994, 1996 және 1997 жылдырдағы көрсеткіштерден асып түсті. Тек 2002 жылдың сегіз айында ғана террористердің қолынан 4776 адам қаза тапты, мұның өзі 2001 жыл бойғы көрсеткіштен көп еді. Индонезиядағы соңғы оқиға осынау сұмдық статистиканы күрт көтеріп жіберді. Қасыретті шежірені 2002 жылғы қазандағы Мәскеу драмасы жалғастырды.
Соңғы кезде терроризм халықаралық, глобальді сипатқа ие бола бастаған. Кейбір жағдайларда ұлтаралық сипатқа да ұштасып жатады. Терроризмнің өзектілік мәселесі әлемде террористік ұйымдардың санының өте көп болуына және осылардың санынан кем түспейтін және осыларды демеп тұратын көмектесуші топтардың, құрылымдардың болуына байланысты болып отыр. Тіпті демеуші ретінде мемлекеттердің де болуы ғажап емес.
Ең басты өзекті мәселе ретінде терроризм қаупінен ешқандай мемлекеттің сақтандырылмауында болып отыр. Яғни, бұл дегеніміз мемлекет-мейлі дүние жүзінде ең мықты держава болсын немесе артта қалған дамушы мемлекет болсын бәрібір, олар үшін терроризм қаупі бірдей болып отыр. Бұған негіз ретінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарындағы болған қанды оқиға мен 2002 жылдың 23 қазандағы Мәскеудегі болған әрекеттерді айтуға болады.
Ал, қазіргі таңдағы басты өзекті мәселенің бірі-терроризм қылмысы бойынша әлемнің ислам дініне деген көзқарасы болып отыр. Соңғы кездегі көптеген террористік әрекеттердің салдары (11. 09. 2001 АҚШ немесе 23. 10. 2002 Мәскеу т. б) және қазіргі таңдағы көптеген мұсылман елдерінде террористік ұйымдардың болуы әлемде ислам дініне деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп жіберді.
Қазіргі таңда терроризм-тек жалғыз басты жауынгер, самолет айдап кетуші, өлтіргіш-камикадзе ғана емес. Қазіргі заманғы терроризм-бұл тиісті жабдықталған, қаржылық-экономикалық мүмкіндігі мол өте күшті жүйе болып табылады.
Жоғарыда аталғандардың барлығына сүйене келе-міндетті түрде терроризм проблемасын шешу үшін біртұтас және ерекше талпыныс қажет.
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ
Осы бітіруші жұмыстағы басты мақсатымыз - біріншіден, терроризм қылмысымен күресудің қылмыстық құқықтық жолдарын қарастырып, сонымен бірге терроризмнің даму себептері мен оның алдын алу амалдарын қарастыру болып табылады.
Осы жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Осы терроризм тақырыбына байланысты барлық әдебиеттер мен нормативтік актілермен танысу;
- Терроризмге толық түсініктеме беру;
- Терроризмнің сараланған белгілерін қарастыру;
- Терроризмді қылмыстық жазалау түрі ретінде қарастыру;
- Терроризмді басқа қылмыс құрамдарынан ажырату;
Бұл міндеттер негізінен терроризмнің қылмыстық құқықтық аспектілері жөніндегі қойылған мақсатқа жету үшін арналған міндеттер болып табылады. Мұнымен қоса, терроризмнің қазіргі таңда не себептен аса қарқынмен көбейіп террорлық ұйымдардың не себептен әлі күнге дейін өз қызметін жасап тұрғанын, қазіргі таңдағы терроризм қылмысының аса қауіптілігн және терроризмнің Қазақстанға қаупі төніп тұрған-тұрмағандығын негізінен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды немесе белгілі бір ресми құжаттарды пайдаланып немесе осы өмірде кездескен оқиғаларды негізге ала отырып, осы аталған қосымша мақсаттарға жетуге болады.
1. 2. Осы жұмыста пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Бітіру жұмыста мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
- Терроризм-қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;
- Террористік іс-әрекеттер-террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердің кез келгенін қамтитын іс-әрекет. Терроризм идеологиясын тарату; Террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау; террористік акциялары жасауға айдап салу, террористік мақсатта зорлық-зомбылық жасауға шақыру; террористік акцияларды жасау мақсатымен әскерилендірілген заңсыз құрамаларды немесе қылмысты ұйымдарды құру, сондай-ақ оларға қатысу; террористік акцияларға террористерді тарту, қаруландыру немесе пайдалану, сондай-ақ оларды террористік дағдылар үйрету; террористік ұйымдарды немесе террористерді қаржыландыру; террористік әрекетті дайындау мен жасауға жәрдемдесу;
- халықаралық террористік іс-әрекет:
террорист немесе террористік ұйым біреуден көп мемлекеттің аумағында немесе біреуден көп мемлекет мүдделеріне зиян келтіретін; бір мемелекеттің азамттары басқа мемлекеттің азамттарына қатысты немесе басқа мемлекеттің аумағында; террорист те және терроризмнің құрбаны да бір мемлекеттің немесе әртүрлі мемлекеттің азаматтары болып табылған, бірақ қылмыс осы мемлекеттер аумағының шегінен тыс жерлерде жасалған жағдайда жүзеге асыратын террористік іс-әрекет;
- террористік акция-терроризм актісін не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористік мақсаттарда қудалайтын өзге де қылмыстарды тікелей жасау;
- терроризм актісі-жарылыс жасау өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оны мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау;
- террористік ұйым-террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқару органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын болса, терролристік ұйым деп танылады;
- террорист-террористік іс-әрекеттіжүзеге асыруға қатысушы адам;
- терроризмге қарсы операция-азаматтар мен лауазымды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, террористік акцияларды тыю, террористерді, жарылғыш қондырғыларды зиянсыздандыру, сондай-ақ террористік акциялардың зардаптарын барынша азайту үшін мемлекеттік органдар жүргізетін арнаулы шарала кешені.
Терроризмге қарсы операцияларға Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы экс-Президентінің және Қазақстан республикасының Президенті бекітінің тізбе бойынша өзге де адамдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің мемлекет, үкімет басшыларының және халықаралық ұйымдар жетекшілерінің Қазақстан аумағында болуы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет шаралары жатқызылады;
- терроризмге қарсы операцияларды жүргізу аймағы-аталған операция жүргізілетін жер учаскелері немесе су айдындары, әуе кеңестігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ;
10. арнаулы мақсаттағы бөлімшелер -терроризмге қарсы күресу
үшін заңдарға сәйкес құрылғын мамандар топтары.
11. сепаратизм -мемлекеттердің аумақтық тұтастығын бұзуға, соның
ішінде оның аумағының бір бөлігін одан бөлуге немесе мемлекетті күштеп ыдыратуға, сондай-ақ осыған пара-пар осындай әрекеттерді жоспарлау мен дайындауға, оның жасалуына дем беруге, оған арандатуға бағытталған әрекеті;
12. экстремизм - билікті күштеп басып алуға немесе күштеп ұстап тұруға, сонымен қатар мемлекеттің конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сонымен пара-пар қоғамдық қауіпсіздікке күштеп араласуға, оның ішінде жоғарыда көрсетілген мақсаттарда заңсыз қарулы құрылымдар ұйымдастыруға немесе оларға қатысуғы бағытталған әрекеттер;
13. фундаментализм -өзінің нақты мәнінде белгілі бір ілімнің түпкі принципін сақтауға ұмтыла отырып, даму барысындағы ауытқушылықтарды жеңуді білдіреді;
2-бөлім. Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері
Қазіргі таңда терроризм қылмысы ең глобальді проблемалардың бірі болып отыр. Адамзат 21 ғасырға осы терроризм қылмысының аса дамып, шарықтау шегіне жетуімен бірге еніп отыр.
Бүкіл әлемде соның ішінде Қазақстанда да уәкілетті мемлекеттік органдар және басқа заңгерлер, саясаткерлер, ғылымдар т. б. терроризммен күресуге басты назар аударып отыр. Терроризмнің қаупін кейбір Батыс ғылымдары 40 жылдан астам уақытқа созылған суық соғыс, яғни бұрынғы Кеңес Одағымен Америка Құрама Штаттары арасындағы қару-жарақ өндіру бәсекелестігінің қаупінен де жоғары бағалап отыр. Сол себептен, осы терроризмге қарсы күрес барысында бұрынғы «суық соғысң проблемасындай әлем екіге емес барлық мемлекеттер бірігіп күресуді жоспарлап отыр. Бұрын мұндай проблемаға, яғни терроризм проблемасына аса көңіл бере бермейтін және бір қырымен қарайтын әлемдегі екі үлкен держава Ресей мен Америка Құрама Штаттарының өзі соңғы әлемде болған террорлық актілерден соң (2001 жыл 11 қыркүйек Америка Құрама Штаттарындағы Нью-Иорк және Пентагонда орын алған оқиға және 2002 жылдың қазанынағы Ресейдің астанасы Мәскеуде болған оқиға) терроризмге деген көзқарасы бірден өзгеріп, енді осы мемлекеттердің өзі терроризм қылмысын басты проблема ретінде санайтын болды. Жалпы, жоғарыда көрсетілген жағдайлардан соң әлемде терроризмге деген көзқарас елеулі түрде өзгерді. Себебі, көпшіліктің тұжырымдауы бойынша терроризм тек әскери қорғаныс жағынан осалдау немесе мемлекеттік конститутциясының құрылымы қалыпсыз мемлекеттерде орын алады десе, соңғы әлемдегі алдыңғы қатарлы екі мемлекеттегі оқиғадан соң, террористер үшін ешқандай шекара да, немесе мемлекеттің қауіпсіздік қорғанысы да, немесе саяси тұрақтылығы да өз мақсаттарына жету кезінде ешқандай кедергі бола алмайтындығын әлем жұрты түсініп білді.
Әйтсе де, осы бір зұлым терроризммен күресуді барлық мемлекеттер, халықаралық ұйымдар қолға алып, оның алдын-алу шараларын жүргізуде. Терроризм проблемасы-бұл бүгінгінің проблемасы емес, ол кешеден келе жатқан проблема, тек бүгін осы терроризмнің қайнап пісіп тұрған шағы. Сондықтан, барша жұрт тек 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған АҚШ-тағы оқиғадан соң осы терроризмнің күресе бастады десек, біз қателескеніміз. Біз бұл проблемаға бұрыннан көңіл бөліп келгенбіз, тек әлемде болып жатқан соңғы оқиғалардан соң біз проблемаға аса көңіл бөле бастадық.
Бітіру жұмыстың тақырыбы ”терроризммен күрестің қылмыстық құқықтық аспектілері” болғандықтан біз негізінен осы терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық мәселелерін қарастырамыз.
Біріншіден, осы терроризммен күресуде Қазақстан қандай әрекеттер жасап жатқандығына, яғни Қазақстанда терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық мәселелеріне тоқталатын болсақ, соңынан, әлемде терроризммен күресуде қандай іс-шаралар атқарылып жатқанын айта кетеміз. Әлемдегі терроризммен күресу негізінен халықаралық масштабта болғандықтан біз халықаралық терроризмді кеңінен қарастыратын боламыз. Соның ішінде шет мемлекеттердің терроризмге қарсы күресудегі әртүрлі амалдары, осы проблемамен күресудегі бұқаралық ақпарат құралдарының ролі, халықаралық терроризмге қарсы күресудегі мемлекеттердің өзара бірлесуі және терроризммен күресу туралы халықаралық конвенциялар.
Қазақстанда терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық мәселелері
Өзінің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің қалыптасуы жолындағы ең алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы интеграциялық процестерге жай ғана қатысушы болып келе жатқан жоқ, сонымен бірге қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында елдерді біріктірудің бас инициаторларының бірі ретінде танылып келеді. Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңесін құрудың инициаторы болып табылады және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру процесінде де негізгі рөлге ие.
Қазақстан тарапынан Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімді (ҰҚК) шыңдауға, сондай-ақ ҰҚК-ні қауіпсіздік саласындағы жан-жақты ынтымақтастықтың ықпалды тетігіне айналдыруға қатысты жұмыстар жүргізілді. Қазіргі кезде Қазақстан басқа да құрылымдық бірлестіктердің белсенді ұйытқысы болуымен бірге, Антитеррористік коалиция қабылдайтын шараларға да сергек қолдау көрсетіп отыр.
Сондай-ақ Қазақстанда “Қазақстан Республикасында терроризммен және басқа да экстремизм мен сепаратизм көріністерімен күрес жөнінде 2000-2003 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама” ережесіне сәйкес халықаралық терроризммен және экстремизммен күрес бойынша жақын және алыс шетелдермен өзара ықпалдасу жұмыстары жүргізілуде, біріккен ескерту шаралары қабылдануда.
Солардың ішінде мәселен, Антитеррорлық ТМД орталығының ұйытқы болуымен кешенді оперативті-тактикалық “Оңтүстік -антитеррор -2002” жаттығуының екінші кезеңі 2002 жылдың сәуірінде Алматы қаласында өткенін атап өтуге болады. 2002 жылдың мамырында Астана қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы “Бішкек тобының” отырысы болып, онда ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррорлық құрылымын (ААТҚ) құрудың жобасы келісілді. 2002 жылдың маусымында Атырау қаласында әуе терроризмі актілерінің алдын алу шаралары бойынша кең қарымды “Дабыл” жаттығуы өткізілсе, шілде айында қазақстан-американдық біріккен “Баланс-Барыс” жаттығуы Қапшағайда өтті. Бұған қоса, қазақстандық және ресейлік әскерилермен бірігіп Маңғыстау облысында өткізген Каспийдегі “Бейбітшілік теңізі-2002” кең қарымды әскери жаттығуды атап өтуге болады.
Қазақстан Республикасында 1999 жылдың 13-шілдесінде Қазақстан Республикасында терроризмнің пайда болуына қарсы әрекеттің құқықтық және ұйымдастырушылық негізін анықтап берген "Терроризммен күрес туралы” Заң қабылданды. Осы Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылдық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастын ұйымдардың қызметі тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес мынадай принциптерге негізделеді:
- Террористік оқиғалар салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірімен денсаулығына, құқықтарына басымдық беру;
- Заңдылықтарды сақтау;
- Терроризмнің алдын алуға басымдық беру;
- Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жазаның болмай қалмайтындығы;
- Алдын алу, құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық насихат шараларын кешенді пайдалану;
- Терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде тартылатын күштер мен құралдарға оралымды басшылық етуде дара басқару;
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес мынадай мақсатта жүзеге асырылады:
- Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау, тыю және оның зардаптарын жою;
- Жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау;
- Террористік іс-әрекеті жүзеге асыруға жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық мәселелеріндегі басты мақсат ол террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу болып табылады.
Террористік іс-әрекеттің алдын алу:
Біріншіден, терроризмді насихаттауға;
Екіншіден, террористік ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендірілген құрамалардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынады;
Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік органдарының террористік іс-әрекетке қатысқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құқығы бар.
Террористік іс-әрекетті анықтау:
Біріншіден, Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы күресті тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органдары террористік іс-әрекетті анықтауда заңдарға сәйкес өткізеді;
Екіншіден, Қазақстан Республикасы аумағындағы мемлекеттік органдар мен меншік нысандарына қарамастан ұйымдар, террористік іс-әрекет белгілері бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы куресті тікелей жүзеге асыратын органдарға қабарлауға міндетті;
Террористік акцияның жолын кесу:
Біріншіден, террористік акцияның жолын кесу үшін терроризмге қарсы тікелей күресті жүзеге асыратын мемлекттік органдар қолда бар күштер мен құралдарды, соның ішінде арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді іске тартады. Қажет болған жағдайларда террористік акциялардың жолын кесу үшін терроризмге қарсы операциялар жүргізіледі.
Екіншіден, терроризмге қарсы операцияларды тікелей жүзеге асыру үшін органдарда штабтар құрылады. Террористік акцияның қоғамдық қаупінің ауқымы мен дәрежесіне күтіліп отырған келеңсіз салдарына қарай республиклық немесе аймақтық оралымды штабтар құрылады.
Үшіншіден, оралымды штабтардың іс-әрекеті терроризмге қарсы күресті тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ведомствааралық нормативтік актілерімен белгіленген тәртіп бойынша бекітілетін олар туралы ереже арқылы анықталады.
Қазақстан аумағында терроризмнің пайда болуына қарсы әрекет тетігі арнай заңнан басқа да заңдарға арқа сүйейді. Ол Қылмыстық Кодекс заңы. 2002 жылдың 19-ақпанында еліміздегі Қылмыстық Кодекске өзгертулер мен толтырулар енгізіліп, онда террористік актілер мен ондай әрекеттерді жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz