Сәндікқолданбалы өнері арқылы технология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . 3 I. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің даму тарихы және

түрлер . . . 8

1. 1. Ұлттықбаскиімдер . . . 13

1. 2Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері . . . 16

1. 3. Қазақтың ұлттық киімдерін өрнектермен өндеу . . . 20

II. Сәндікқолданбалы өнері арқылы технология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру . . . 25

2. 1. Технология сабағында сәндік қолданбалы өнері бойынша қолданылытын әдістері және принциптері . . . 28

2. 2. Ер адамдарға арналған ұлттық киімдер . . . 31

ІІІ. Шығармашылық бөлім . . . 33

3. 1. Экономикалық есеп . . . 46

Қорытынды . . . 47

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 51

Қосымша . . . 53

КІРІСПЕ

Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі ең алдымен қоғамның әлеуметтік, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеу керек. Яғни, қоғамның алдында тұрған мақсаттарынан-білім, тәрбие беру жүйесінің мақсаттары, одан барып, жекелеген мектептердің, бұл мақсаттардан жекелеген пәндерді оқыту мақсаттары тундайды.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.

Бүгінгі ғылыми педагогикада оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші ықпалының пәрменділігін арттыру көзделеуде, яғни оқытудағы басымдылық жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуге беріледі.

Көкейтестілігі . Педагогикалық ізденіс барысында технология пәнін оқытуда жаңа әдістерді қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат етіп қойдық. Дипломдық жұмысқа алған тақырыбым « Технология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту».

Сол мақсатпен технология пәнін тереңдетіп оқытуды қолға алдық. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет.

Алдыма алған мақсаттың себебі:оқушылар сабақ үстінде шет қалмауы. Сондықтан оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіріп өткізуге ұмтыламын.

Мәселе . Технология пәніне байланысты жұмыс барысында бірнеше мәселелер туындайды:

Ең бірінші: мектептегі технология кабинеттерінің жабдықталуы, яғни материалдық базасы. Егер бір кабинет өз талаптарына сай болса, мұғалім және оқушы кедергісіз жұмыс және білім алар еді.

Тағы бір мәселе, оқушы талапқа сай болуы үшін, оған ата-аналары көмек көрсету керек. Себебі оқушылардың керек жарағын (ине, жіп, мата. . т. б) сатып алуына және сабаққа дайындалып келгенін қадағалау.

Енді бір мәселе, мектептің кітапханасында технология пәніне арналған кітаптардың, журналдардың тапшылығы.

Қазіргі өмір талабы-оқу процесін түбегейлі өзгерту. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып сапалы әдепті ұрпақ тәрбиелеу.

Деректерді талдау: Дипломдық жұмыс кіріспеден және негізгі, әдістемелік бөлімнен тұрады.

«Технология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» бөлімінде оқушыларға ұлттық тәрбие, кәсіби бағдар беру мәселелері қарастырылды. Осы бөлімде « Қазақ халқының ұлттық киімдерінің даму тарихы» және «Сәндік қолданбалы өнері арқылы технология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру», күнтізбелік және сабақ жоспарлары, шығармашылық жұмысты баяндау жатады. Зерттеу кезінде көптеген әдебиеттер мен педагогикалық журналдар, сабақта жүргізілген іс-тәжірибелер пайдаланылды.

Әдістемелік бөлімде «Қазақстан мектебі», «Ұлағат», «Бейнелеу өнері және сызу», «Мектептегі техналогия», «Мектеп және өндіріс», «Ерке-нұр»( сән журналы), «Сынып жетекшісі», «Бастауыш мектеп» т. б. көптеген ғылыми-танымдық және технологияға байланысты кітаптарды пайдаланылды.

Зерттеудің мақсаты . Технология сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізілгендіктен, оны меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек. Ал бұған көп оқушының шамасы келе бермейді.

Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, білікті, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет. Сол себепті мұғалім әр сабағын жаңашылдандырып өткізізуді мақсат етіп, күрделі дайындықпен сабақты өткізуге қалыптасқан жөн.

Сабақтың сапасы - ол оқушынын ілімділігі, біліктілігі, мәдениеттігі. Бұл салада бірінші сәттілік мұғалім проблемасын анықтап, алдына мақсат қояды. Екіншісі - тақырыптық календарлық бағдарламаны жан - жақты зерттеп, мектеп ерекшелігін ескере отырып, дұрыс құруы, мұғалімнің мақсатына жету жолының ашықтығы.

Сабаққа үлкен жауапкершілікпен қарап, жаңа техналогияларды қолданып, түрлендіре өткізу пәннің маңыздылығын арттырады. Сабақтан соң мұғалім өзіне есеп беріп отыру қажет:мақсатқа жеттім бе, нені ескермедім, артық кеткен жері, оны түзету шараларын ойластыру, келесі сабақта толықтыру т. б. сияқты мәселелерді үнемі есте ұстаған жөн.

Сапалы білім беруде білім, білік және тәрбие бір деңгейде тұруы керек.

Оқушыларға білім бере отырып, имандылыққа да баулағанымыз дұрыс.

Әр баланың ерекшелігін ескеріп, тақырыпты өмірмен байланыстырып, әр оқушыға бағыт беріп отыру керек. Сонда біздің пәнге оқушылардын қызығушылығы артады. Осы кезде пәнаралық байланысты жетік менгеріп, дұрыс қолдансақ тиімділігі жоғары болмақ.

Технология пәнінде оқушы қыздардың икемділігі, түсті таңдауы, жинақтылығы, және ілтипаты, биязы болып, өз ойын дәлдәйекті етіп, айқын көрсетуін талап етемін.

Оқушының пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып, үйреніп, тереңдете оқып шыңдалады. Менің оқытудағы әдісім қыздарды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу және үйрету.

Сондықтан да әрбір сабақта кәсіпке оқыту әрбір оқушының өмірі үшін өте қажет деп санаймын. Өйткені талаптанған бала әр қашан өз мақсатына жетеді.

Сабақтың барысында қыздарды тігінге үйретудегі мақсатым-халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлермен оқушыларды жеке таныстырып, үйрету болатын.

Зерттеу объектісі: Технология сабағында 7-8сынып оқушыларының қөзқарасын және сабаққа деген ынтасын қарастырдық. Жалпы оқушылардың берген бағытты қабылдап, мұғалімнің қойылған талаптарына сай жоспарланған күнтізбелік жоспарын іске асыру. Қазіргі кезде мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіруге даңғыл жол ашу. Болашақ мамандықты таңдауға көмектесу.

Зерттеу пәні : 7-8 сынып оқушыларына технология сабағында ұлттық киімдерді тігуге үйрету арқылы ұлттық тәрбие беру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Осы зерттеудің болжамы жас ұрпаққа әсемдік тәрбиесін беру ісінде, халық шеберлерінің шығармаларын мұмкіндік арқылы қолданып, әр оқушы өз талабына сай болашақ мамандығын таңдап алуына жол көрсету.

Зерттеу әдістері. Сабақта пайдаланатын негізгі әдістерім оқушының көңіл күйіне, ынтасына, қабылетіне қарай, топпен, жеке оқушымен жұмыс істеу, ойын элементтерін жиі пайдалану.

Қәзіргі кезде жай білімді емес, өте білімді оқушы тәрбиелеу үшін алдыма бірнеше мәселерді мақсат етіп, жұмас атқарып келемін.

Оқушының оқу аумағын кеңейту, білімін, көзқарасын тереңдету, технологияны өнермен, өмірмен байланыстыру және оқушының өзіндік ойы, көзқарасы, шығармашылығы еркіндігіне бір шама тың қадамдар жасалған.

Қәзіргі кезенде пәндердің балалар болашағына таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни, мақсатты істің ең маңыздысы болып отыр.

Кәзіргі кезде жастар арасында оқуға, еңбекке деген қызығушылықтың төмендегені, рухани жұтандықтың пайда болғандығы, қарапайым қасиеттердің кездеспейтіндігі байқалады. Технология сабақтарындағы білім беру мен тәрбие саласында жаңа міндеттерді қойғанда жеке адамды қалыптастыруда ерекше маңызды бар қоғамдық орта, мектеп, отбасы байланыстыра қарастыру керек екені айқын.

Технология сабағында сәндік қолданбалы өнері бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру жұмысының мазмұны:

  1. Сынып бөлмесін талапқа сай безендіру, көрнекілік жинақтау.
  2. Оқушыларды технология сабағында халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу.
  3. Дарынды, білімді оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Технология пәнінің сәндік қолданбалы өнерінің беделін көтеру үшін мына мәселелер жүзеге асырылады.

1. Өз әдісімді күнделікті жетілдіріп отыру.

2. Шығармашылық жұмысты жүйелеу, оны белсенді түрде тұрақты жүргізу.

3. Технология пәнін өмір талабына сай, оқу жоспарына, мектеп реформасына сай оқыту.

4. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

Оқушыларды технология сабақтарында сәндік қолданбалы өнері бойынша оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері.

1. Оқушыларды салауаттылыққа баулу

2. Теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра білуге меңгерту.

3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

4. Өз бетінше жұмыс істеу қабылетін жетілдіру.

5. Баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту.

6. Оқушыларды ұлттық үрдісте тәрбиелеу.

7. Оқушыны білімге ынталандыру.

8. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы, өзара сенім туғызу.

9. Оқушының жұмысына бақылау жасау.

10. Әр оқушыға жеке әдіс пен амал қолдану.

Оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу олардын физиологиялық және психологиялық дамуына үлкен ықпал жасайды.

  1. Халықтың салт - дәстүрлерін, әдеп - ғұрыптарын үйрету, сабақта тиімді пайдалану.
  2. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
  3. Шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізу (альбом жасау, дидактикалық материалдар құрастыру) .
  4. Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулау.
  5. Мінез - құлқын, таным - қабілетін, жеке қасиеттерін дамыту.
  6. Оқушының сабаққа ынтасын, дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға үйрету.
  7. Оқушыларды сәндік қолтанбалы өнеріне баулау және өнерді дамыту.
  8. Туған жерді, Отанды сүюге баулау, тәрбиелеу.

Оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы - жеке бастың даму барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Қызығудың қалыптасуы оқушының іс- әрекетке және жеке өмір тәрбиесіне байланысты болады.

Баланың қызығуын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдесі, тәрбие, мұғалімдер ұжымы. Қызығудың тағы бір ерекшелігі, оның әсеріне іс-әрекет сипаты тез өзгереді.

Сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде танымдық қызығуының мындай көрсеткіштері байқалды:

1. Қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынасы;

2. Білім алуға және меңгеруге тырысу;

3. Таным үдірісі мен танымдық іс-әрекетінің эмоцианалдық көрінуі;

4. Танымдық іс-әрекетте еріктің болуы.

Еңбек тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін балалардың ата-анасына, үйіне, туған -туысқандарына, дос-құрбыларына, мектебіне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет. Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің пәрмеді құралы-халықтың тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрі, қол өнері және ұлттық киімдері.

Еңбек тәрбиесінің мазмұнына оқушыларды адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жатады.

Ғылыми жаңалық: Технология пәнінің оқытушысы- еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Ол оқушыларды еңбектің әр түрімен таныстырады. Технология сабақтарында алған білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді, келешек мамандығын таңдауға бағыт береді.

Практикалық маңыздылығы: Технология пәнінің мұғалімі қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері, олардың түрлері, халық шеберлері туралы білімдерін кеңейтіп, өнерді зерттеу әдістерін үйретеді. Мұндай істер өнертану және әдістемелік дайындықтарын арттыра түседі және халық шеберлелінің шығармашылығы арқылы оқушыларға тәрбие беру мәселесі қарастырылады.

Өйткені қоғамдық өміріміздің ертеңгі жалғасы солар дейтін болсақ, онда оларға жақсы тәрбие және де сапалы білім беруге тиіспіз

Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу аса қажет нәрсе, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын . Оқудың түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, жеке тапсырмаларды, әсіресе, шығармашылық жоба бойынша оқушының ойлау қабылетін арттыруға көп көніл бөлемін .

Мұндай жағдайда қыздар өзіне тиісті жұмыстан басқа да өзінің танымдық қызметін, ғылыми ойлау санасын, шығармашылық қабылетін жетілдіріп отырады.

Ұстаздық педагогикалық тәжірибемде, сәндік қолданбалы өнер бағдарламасының жобасында қолөнер түрлерінің бірнеше саласы бойынша сабақ өткіземін. Олар: ши тоқу, гобелен тоқу, бисер тоқу, батик өнері, киім тігу, құрақ құрау, киіз басу, тері қалдықтарымен жұмыс.

Осы қолөнерді үйренуге қызығушылығы артып, игеріп жатқан шәкірттердің саны өсуде. Елбасының халыққа жолдауында айтылғандай, дамыған елдер қатарына қосылуға талпыну кезеңі барысында, оқушылардың танымын ұлғайтып, жан-жақты іскер азамат етіп шығаруда технология пәнін оқытудың маңызының ерекше екенін атап өткім келеді.

I Қазақ халқының ұлттық киімдерінің даму тарихы және түрлері

Өресі биік, өрісі кең қолөнердің қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай болмасын өнер және талант, дарын иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық өнер дейміз. Сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұй -ымдар, киімдер үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттары - қай заманда болсын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім.

Өзге халықтар сияқты, қазақтың да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып-терген мол тәжірибелері бар.

Қазірғі кезде, сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін мектептерде жүргізілетін технология пәні.

Ұлттық қолөнер түрлерінің ішінен мен ұлттық киімге ерекше тоқталамын.

Қазақтардың бар өмірі көлік үстінде өткен, олардың киімдері де құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығына, салқын самалы мен аңызғақ желіне төтеп беретіндей сай тігілген. Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымының, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер мұқалып», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұрмысық шаруашылығы мен қара байыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болмағандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, жүріп-тұруға ыңғайлы-лығымен ерекше.

Ал оның кешегі халқымыздың сезімталдығын, аса зор эстетикалық талғамын аңғартатын қарқара, мұрақ, айыр қалпақ, қасаба сияқты зерлі - кестелі бас киімдердің, бұрын бір ата елдің, кіші-гірім бір рудың ортақ мұрасы ретінде, қыз ұзатып, келін түсіргенде ғана басына кигізетін, кәдесіне лағыл, жақұт, інжу, маржан, перуза, ақық секілді бағалы тастар, алтын-күміс жытырлар жаратылған сәкәгүлді, құйма төбелі сәукеле, тіптен кемер белбеу, кісе белдік, қыздар буынатын ширатпалы нәзік белдік, күмістен таптаурын кебіс, көксауыр секілді қол өнеріндегі мүлтіксіздіктің шегінен көрінетін заттардың, алтын мен аптап, күміспен күптеген алқа, тамақша, шолпы, бойтұмар, сырға, білезік, сақина- жүзіктердің болғаны әсемдікке құштарлықты көрсетеді. Мұның өзі қазақты киімнің табиғатындағы екі жақтылықты - тұрмыс қажеті мен сымбатты болу қамын аңғартатын жәйт. Өйткені заттық өндірістің өзі, сайып келгенде, халықтың сезімталдық талғамымен біте қайнасып жататын құбылыс. Қазақтағы киімді қусырынатын, шалғайына, етек - жеңіне оқа тігетін, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізетін, сәбидін, қыз - баланың, сал - серілердің бас киіміне үкі қадайтын дәстүр о баста табиғаттан тысқары, пайымдауға сия бермейтін сиқырлы - сұғанақ күштердің, дәлірек айтқанда, жын, перілердің «салқынын» бойына тартып, пәле - жаладан, сұқ көзден, ауру - сырқаудан сақтайды-мыс деген көне түркі - қыпшақ заманынан туған. Бірақ кейін бірте - бірте қазақша киінудің жөн - жобасына, киім - кешекті сәндендіру жүйесіне енген. Мұны біз қазақы шапанның, сеңсең тонның шектен тыс айқара қаусырынылатын, өңіржиексіз кимешектің - келіншекті, ал үкісіз тақияның қыз баланы, әсіресе оның бұрымы жоғын ұсқынысыз етіп көрсеткенінен де аңғарамыз [11, 22] .

Қазақы киімге қатысты зергерлік заттарға әр түрлі кұстардың, жыртқыштардың, бал арасының, көбелектің, ағаштың, жер - судың, тау - тастың кескінін беретін дағдының ерте келе жатқанын және оның ежелгі сақ, үйсін тайпаларының мәдени жетістіктерін бойына сінірген «Қарғылы қоймасындағы»аты шулы тәтіге, Эрмитажда сақталған батыр дулығасындағы тау, ағаш, құс суретіне ондағы көне шапан кестесіне, тағы да басқа белгілі ескерткіштерге меңзейтін Қазақстанның мұражай қорындағы кісе белбеу оқшантайларынан, қаптырмалардан, бой тұмарлардан нәзік белдіктерден көруге болады [26, 7, 28] .

Халықтың ою - өрнек әшекейінің ең бір көп кездесетіні ұлттық киімдерде. Сондықтан қазақ өнер әшекейлерін зерттеушілер:

С. Дудин, Е. Шнейдер, Р. Карутц тағы басқалары қазақ халдкының киім үлгілері мен оның әшекейленген өнер мәнеріне үлкен мән берген. Қазақ киімдерінің түрлерін жинау, үлгі өнер мәнерлерін ғылыми тұрғыдан зерттеу Ұлы Қазан Революция жеңісінен кейін, қазақ халқының өз алдына мемлекет құрған кеңес дәуірінде ғана кеңінен өріс алып отыр.

1922 - 1926 жылдары қазақ республикасының астанасы болған Орынбордың мұражайлары жер - жерлерге өкілдер жіберіп, қазақ киімдерінің түрлерін, үлгілерін жинай бастады. Бұл істе мұражайдың ғылыми қызметкерлері А. Чатыркин мен А. Мелков орасан үлкен еңбек сіңірді. Олар неше түрлі жол азаптарын көре жүріп, Ақтөбе, Торғай, Семей Павлодар аймақтарының көп жерлерін аралап, мықты көптеген ұлтық киімдер мен өрнектердің, алтын - күміс әшекейлердің экспонаттарын жинады, орташа, дәулетті қазақтардың 7 түрлі киімі болатынын жазды. Атап айтқанда, әр адамда көйлек, дамбал, шалбар, қамзол не бештеп, шапан (ішік), күпі (тон), бас киім, аяқ киім болатынын анықтап, зерттеушілер әр облыстағы әр түрлі үлгі түрлерін, атауларын қағаз бетіне түсірді.

Қазақ киімдерінің ұлтық түрлерін жинап, оның әр алуан әсем үлгілерін жасауда кеңестік дәуірді өрнек жайған қазақ театрлары мен көркемөнерпаздар ұжымдары үлкен еңбек сіңірді. Мысалы, қазқтын Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы көптеген игі жұмыстар істді. Олар «Қыз - Жібек», «Ер - Тарғын» «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қобыланды батыр» сияқты тарихи эпостық дүниелерді сахнаға шығарумен бірге қазақ киімдерінің неше алуан әшекейлі түрлерін де қалпына келтірді.

1930 жылдар Қазақ ССР Орталық мұражайының қызметкерлері Ә. Омаров пен В. Куж бірлесіп Алматы қаласынан және Еңбекшіқазақ ауданынан қазақтын ұлтық киімдерін жинады. Бұл жылдары Қазақстан суретшісі Е. Клодт қазақ киімшең тұрған қазақтардын бейнелерін суретке түсірді.

Сол сияқты қазақ киімдерінің түрлері мен атаулары, үй жиһазы мен өрнек- әшекейлері туралы республикамыздың әйгілі ғалым академигі Ә. Марғұлан мен архетиктура ғылымының кандидаты Т. Бәсенов, Ә. Масанов, Х. Арғынов жолдастардың еңбектерін баса айтуға болады [22] .

Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жұз, кіші жүз үлгілері, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қыпшақ тымақ, адай бөрік, қызай бөрік, ноғай бөрік тағы сол сияқты. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді: қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және тағы басқа. Мұндай бөлініп атау киімдерінің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыраталады. Мысалға, шапан үлгісі. Ұлы жұздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Онтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісінің тігілу мәнеріне осы жағдайлардың ықпал еткенін көреміз.

Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады.

Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың қайырма жағалы болып келеді.

Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Ертеден қалаған киімдердің үлгі нұсқаларына қарағанда, киімді адам денесіне шақ етіп тігу берірікте, орыс халқымен аралас, қаламен қатынас көбейе түскен кезде қалыптаса бастаған сияқты. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлі орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі [22] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІНДЕ АРТТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Еңбекке үйретудің әдістері
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Еңбекке баулу әрекеті арқылы эстетикалық тәрбие беру
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz