Дәстүрлі емес ілім


Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде оқытудың сапасын көтеруге айрықша көңіл бөлініп отыр. Біздің елімізде де бәсекеге қабілетті түлек тәрбилеп шығаруға көп мән беріледі.
Американдық педагог Филип Шлекти өзінің ХХI ғасыр мектебі атты еңбегінде мектеп бағдарламасын жақсы меңгеріп, бірақ әртүрлі жағдайларда ары қарай жетілдіріп қолдана алмайтын түлектің қоғамда өзінің орнын табуы екі талай деп есептейді.
Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын анықтау үшін әртүрлі сауалнама жүргіздім. Олардың нәтижелері бойынша сұрақтарға жауап берген оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы 26% жоғары, 33% орташа, 41% төмен деңгейде екендігі анықталды. ЖБДД анықтау үшін өткізілген бақылау тілігі оқушылардың тек 51% ғана «анализ», 38 % «синтез» 35% салыстыру жасай алады. 29% логикалық ойлау, ал 34 % қорытынды жасау қабілеттері дамыған.
Қазіргі заманда ең басты мақсат - біліммен қаруландыра отырып, инттеллектісі жоғары дамыған, білімге құштар тұлғаны тәрбиелеу. Жоғары оқу орындарына білімді, жаңашыл түлектер қажет. Осыған байланысты, заманымызға сай мұғалім сабақта тұлғаны белсенді оқу-білім қызметіне кірістіру арқылы дамыту керек. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыруының маңызды факторларының бірі - оқытуды ұйымдастырудың алуан түрлілігі. Оқушылардың танымдық қызметінің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып белсенді білім алу жұмысына кірістіру, сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіншіліктерін әлдеқалай кеңейтеді.
Білім стандарты жаппай міндетті білім, білік, дағдының орнына күтілетін нәтиже ретінде тұлға құзырлылығын қойып отыр. Құзырлылық бірінші орынға оқушының ақпаратпен қамтамасыз етілуін емес, тапсырма жауабын ісі арқылы шешудегі дайындық әлеуеті. Педагогикалық жобалау шығармашылық қызметінің компоненті ретінде білім беру мазмұнын оқушы тұлғасының жетістігі етуді, оны баланың жадына емес, жанына, интеллектісіне жақындатуды талап етеді. оқушыға нақ осы сәтте не қажет екендігін нақтылау оның даму бағытын белгісіздік қағидаларына сүйене отырып жобалау - субъектілердің ойлануына, жаңа білім үлгісіне тән субъект-субъектілік қатынастың орнауына мүмкіндік туғызады.
Осы жерде айта кету керек білім-беру үрдісіндегі өзара қарым-қатынастың маңызы өте зор. Адамның өмір сүру қабілеті өзінен тыс өмір сүре алмайды және өзгелердің сыртқы әсерінен де пайда болмайды, ол тек қана оның өз мәселелерін қалай шеше алатынына байланысты. білім алу үрдісіндегі өзара қарым-қатынас әр түрлі құрылымдардағы, сабақтағы және сабақтан тыс, оқушылар мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мұғалімдермен ата-аналардың, қоғамдық ортаның, әкімшіліктің арасындағы ақпараттық, әрекеттік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және басқа да байланыстардың тұлғалық бағдарлы сипатын беретін ұғым болып табылады. Аталған қатынастар педагогикалық үрдісте: мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім өзара «субъектаралық қатынастар», мұғалімдер ұжымы, оқушылар ұжымы «ұжымдық диалогтік» және «тұлғалық рефлексиялық қатынастар» деп аталатын педагогикалық шарттар ретінде қарастырылады.
С убъектаралық қатынастардың шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып табылады.
Ұжымдық диалогтік қатынас шарттары мұғалімдер ұжымына да, оқушылардың сыныпішілік, мектепішілік ұжымына да әкімшілік топтарына да қатысты орындалады.
Тұлғалық рефлексиялық қатынастар шарттары тұлғаны педагогикалық үрдістегі субъект ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерінің дамуы үшін қолайлы орта туғызуды көздейді.
Өз қызметімде оқушылардың ББД деңгейімен мемлекеттік тапсырыс арасындағы қарама-қайшылықтарды ескере отырып мен өзекті мәселемді анықтадым. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру барысында өзім үшін бірнеше бағыттар қабылдадым:
-Оқушыларға заманымызға сай ғылым қозғалысын алға басуын көрсете алатын деректермен, мәліметтермен таныстыру;
- қызықтыратын мәліметтермен таныстыру идеяларының туындауын, ғылыми ізденістерінің мағынасын ашу;
- өзекті оқытуға сүйене отырып оқушылардың алдына әртүрлі қарама-қайшылықтар қойып, ғылыми деректермен идеяларды түсіну үшін диалектикалық тәсілдерді қолдануға үйрету;
- Оқыту барысында оқушылардың өздік жұмыстарын түрлендіру, танымдық қызметінің әдістерін жетілдіру. Оқушыларды мұғалімге, құрбыларына сұрақтар қоюға итермелеу;
- Сабақта үрдістің топты және жеке оқушылардың жұмысына талдау жасауды үйретуді үйғардым.
География пәніне оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда: а) табиғи нысандармен (тау жыныстарының жинақтары, үлгілер, кеппешөптер т. с. с), ә) географиялық картамен, б) суреттермен в) тәжірибе жасау жұмыстарының маңызы зор.
Дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, немқұрайлығын жойып сабақ дағдысын қалыптастырады, балалардың көңіл-күйін көтереді, оқушының бойында терең тиянақты білім қалыптастырады. Сондықтан дәстүрлі емес сабақ түрлерін пайдалану, сабақ үрдісінде басты рөл атқарады.
И. П. Подвласованың анықтамасы бойынша : Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз - түрлендірілген сабақ түрі, өзінің құрылымы бар . Дәстүрлі емес сабақты білімді тиянақтауда немесе жаңа сабақта өту кезінде пайдалануға болады. Мұғалім алдындағы негізгі міндет-берілген тапсырманы оқушыға түсіндіріп, көрсетіп, жеткізіп беру емес, берілген жұмысты ұйымдасқан түрде жасауға, шешуге үйрету. Математика сабағында дәстүрлі емес сабақ өткен ыңғайлы, өйткені ол, оқушының сабаққа деген қызығушылығын артырады, өзіндік іс-әрекетке бейімдейді және олардың бойында білім, білік дағдыларын қалыптастырады. Негізінде бекіту және қайталау сабақтарында баланың сабаққа деген қызығушылығы төмен болады. Осыған байланысты сабақтарды дәстүрден тыс сабақ ретінде берсе, сабақ өте қызықты болар еді. Дәстүрден тыс сабақ беру барысында сабақты тиімді оқыту, мұғалім мен оқушыны шығармашылық қатынасқа жетелейді. Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Сабаққа дайындық негізі оқулықпен ғана шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды кеңінен, тереңнен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түрлендіріп, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерлеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегіндегі сабақта қолданылатын әдістемелердің нәтижелігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы, үнемі және мақсатты түрде, өз білімін, өз тәжірбиесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы мақсатында сіздерге төмендегі:
Сабақтың түрлері және оның құрылымы
- Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында
- Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту
- Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету
- Сайыс сабақ - оқушылар ойларының жетітігін байқау
- Конференция сабақ - іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
- Сынақ сабақ- білім дағдысын бір бір жүйеге келтіру.
- Диспут сабақ - білім мен дағдысын қалыптастыру.
- Ойын, жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
- Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.
- Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
- Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
- Интеграциялық- сабақпән аралық байланысты жетілдіру
- Панорамалық сабақ мақсаты - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі.
- Аукцион сабақ- бір нәрсені сату арқылы өткізіледі
- Көңілді тапқыштар сабағы -өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі
- Шығармашылық сабақ- оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады.
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады. Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары. Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі - ойын сабақ.
Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді. Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.
Дәстүрден тыс сабақтың бірі - «Сауалнама» ойыны.
... жалғасы«Сауалнама» сабағы - оқушыларға сұрақ қойып, жауап алумен ұштасады. Ойында кім көп жауап берсе сол жеңімпаз атанады. Сауалнаманы сабақтың басында ауызша есептеуге, сабақ ортасында сабақты меңгерген меңгермегенін анықтау үшін, сабақтың соңында оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында қолданамын. Жақсы ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Сабақта қойылатын сұрақтар алдын ала қағазға жазылып қояды немесе тақтаға жазып, бетін жауып қоямыз. Сұраққа оқушылар бірден жауап береді. Оқушыларды бағалауда тек қана дұрыс жауаптар ғана есептелмейді, сонымен қатар жылдам жауапта есептеледі. Оқушылар жауапты кезекпен береді. Сабақ соңында шығарған есептердің дұрыстығы да тексеріліп, қорытынды шығарылады. Ауызша есептер шығарғанда «Үндемес» ойынын қолданамын. Әр оқушыда жауаптың дұрыс-бұрысын көрсетіп отыратын белгілер бар. Балалар осы белгі арқылы ғана жұмыс жасайды. Мұндай ойын оқушылардың тыныш отырып жауап беруіне және сабақты меңгерген меңгермегенін анықтауға болады. Егер оқушы жауаппен келіссе көк кеспені, келіспесе қызыл кеспені көтереді. Сабақты қорытындылауда немесе пысықтауда «Математкалық лото» ойынын қолданамын. Оқушылар арнаулы қалташада салынған кеспе қағаздарын алады. Оқушы кеспе қағазды алып берілген есепті шығарады да лотаны суреттері бойынша жинақтайды. Егер жинақталған лотадан дұрыс сурет шықса онда оқушы дұрыс жауап берді, егер суреттер дұрыс жиналмаса жауап дұрыс емес. Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. . Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz