Сапа менеджмент жүйесі туралы түсінік



Жоспар
1. Кіріспе

2. Сапа менеджмент жүйесі туралы түсінік. ИСО 9000 стандарттары
3. Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау тәртібі.

4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
2. Сапа менеджмент жүйесі туралы түсінік. ИСО 9000 стандарттары
3. Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау тәртібі.
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сапа менеджментінің жүйесі - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз - өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.
Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше - сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.
Дамыған елдердің жүз мыңдаған тауар өндірушілері өз қызметтерін осы нормаларға сәйкестендіреді. ТМД елдеріндегі олардың саны бірнеше онмен ғана саналады, алайда халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ұмтылыс қарқын алып келеді.
Сапа менеджменті анықтамасын қарастыру үшін үйымды басқару дегеніміз не дегенді жалпылама тұрғыда бейнелеп алған пайдалы.
Барынша қарапайым түрде айтқанда басшылық дегеніміз мақсаттарға қол жеткізу жолында ресурстарды ұйымдастыру, бақылау және басқару.
Оны неғұрлым дәлірек ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, басшылықтың саясатын айқындау және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сол саясатты басқару жүйесіне енгізу ретінде бейнелеуге болады.
Бүгінде дүние жүзінде менеджмент жүйелеріне талаптар белгілейтін бірнеше стандарт бар. Оларға ІSO 9000 (сапа менеджмент жүйелері), ИСО 14000 (экологиялық ме - недж - мент), ОHSAS 18000 (өндіріс қауіпсіздігі және денсаулық сақтау), HASSP нормалары және ИСО 22000 (тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі), SA 8000 (әлеуметтік және этикалық менеджмент) стандарт топтамалары жатады.

Сапа менеджмент жүйесі туралы түсінік. ИСО 9000 стандарттары
ИСО 9000 сериялы стандарттары ұлттық стандарт ретінде 140 елден аса қабылдады. ИСО 9000 стандарттары өнімге емес, оның сапасын басқару, яғни Сапа Менеджмент Жүйесі (СМЖ). СМЖ тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің өнімдерінің сапасын жоғары дәрежеде жасалатынын қамтамасыз етеді, сонымен қатар кәсіпорынның қызметін жақсартады.
Сонымен қатар СМЖ сертификатталмаған ұйымдар мемлекеттік немесе муниципалдық тапсырысты ала алмайды, олар жеңілдіктер мен ірі инсвестицияларға қол жеткізеді алмайды. Егер сертификация ерікті өткізілсе - бұл ұйымның өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрікті мекеме ретінде көрсетеді. Мұндай саясат серiктестiктiң позитивтi имиджiнiң жасауына бағытталды, қазiргi нарықта оның сенiмдi абыройы және тұрақты жағдай туралы айтады.
Бiрнеше жыл бұрын ISO 9000-шi сертификатты тек қана iрi серiктестiктер және кәсiпорындар ғана ала алатын. Бүгiн сертификат қалғандарына да қол жетімді болды, соның iшiнде шағын және орта бизнес кәсiпорындарға да. Сәйкестiк сертификатын кез келген мәртебесіне тәуелсіз кәсiпорын ала алады.

ҚР СТ ИСО 9001:2009. Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар.

Қазақстан Республикасы қабылдаған мемлекеттік стандарт сапа менеджмент жүйесіне қойылған талаптарды қарастырады. Бұл стандарт сенімді, Қазақстан Республикасының сапа менеджмент жүйелерін құру тәжірибемен тексерілген.
Сапа менеджмент жүйесі - өнім сапасын үнемі артыру көздейтін, тұтынушыларды қанағаттандыруды және кәсіпорыннның тиімділігін басқаратын сапалы жүйе.
СМЖ сапаның кепілдігіне толықтай жауапты болады, сонымен қатар тұтынушының қанағаттандыруына кепілі болатындай тұтынатын тауарлардың қасиеттері мен сипаттамасының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. ИСО 9001:2009 стандартын еңгізудің артықшылықтары:
+ Ұйымның абыройы мен инвестициялық тартымдылығын көтеру, экономикалық орнықтылығын нығайту;
+ Ұйымның өнім, процесс және қызмет көрсету сапасын көтеру, жарамсыз өнімдердің үлесін азайту;
+ Материалдардың өнімсіз шығындалуын төмендету және уақытты үнемдеу;
+ Қайта жаңғырту механизімінің жүзеге асырылуы;
+ Басқаруды жүйелі түрде орындау;
+ Мемлекеттік сатып алу саласына қатысу, бәсекелестер алдында басшылық таныту.

Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау тәртібі.
Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау - бұл дайындаушы (сатушы, орындаушы) мен тұтынушыға (сатып алушы) тәуелсіз ұйым арқылы сапа менеджменті жүйесінің қойылған талаптарға сәйкес келетінін жазбаша түрде куәландыратын сәйкестікті растау рәсімі.
Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растауды өткізудің негізгі мақсаты мыналар болып табылады:
- сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау талаптарының (ИСО ҚР СТ 9004-2001) тиісті нормативтік құжатқа сәйкес белгіленуі;
- келісім-шартпен белгіленген мерзімде және жоспарланған көлемде жоспарланған сапада тұрақты өнім шығару немесе қызмет көрсету мүмкіндігінің жеткізуші өтінішіне сәйкестігі;
Өтініш беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган өздерін қызықтыратын барлық мәселелерді келіссөздер нәтижесінде анықтайды.
Өтініш беруші сертификаттауға өтініш беру туралы соңғы шешімін қабылдап өтініш бергенде, сәйкестікті растау жөніндегі орган бастапқы ақпараттар мен сұрақ-сауалнамаларды дайындап, өтініш берушіге ұсынуы тиіс.
Сертификаттауға өтінім ұсыну. Өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім, толтырылған сұрақ-сауалнама, бастапқы ақпараттарды жібереді. СМЖ сертификаттау жұмысын өткізу туралы шешімін, сертификаттау жөніндегі органның басшысы өтініш түскен күннен кейін 3 күннен соң қабылдайды.
СМЖ алдын-ала бағалау. СМЖ алдын-ала бағалау жүргізу бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган құрамында аудитор-сарапшы (комиссия басшысы) сәйкестікті растау жөніндегі органның СМЖ сертификаттау бойынша аудитор-сарапшы, белгіленген тәртіппен тіркелген техникалық сарапшылар, осы қызметтің саласында бағалайтын мамандардан комиссия тағайындайды.
Өтініш берушіге СМЖ сертификаттауды өткізетін комиссия құрамын күн бұрын хабарлайды. СМЖ талдау құжатының маңызы - өтініш берушідің белгіленген талабына сәйкес талдау жүргізетіні. СМЖ өтініш берушіден түскен талдау құжатының есебінен жүргізіледі.
Комиссия өз өкілін қосымша ақпарат жинауға қатысты ұйымға жіберді. Алдын-ала бағалау СМЖ алдын-ала бағалау нәтижесінің актісін дайындаумен аяқталды.
СМЖ алдын-ала бағалау нәтижесі бойынша ұйыммен әрбір ұсынылған актіде қарауға берілген құжаттар: өтінімге, бастапқы ақпаратқа, сұрақ-сауалнамаға, өтініш берушідің СМЖ жүйесіне ұсынған құжаттарына, белгіленген талапқа және мақсатқа сәйкес СМЖ баға және қорытынды тексерулері.
Алдын-ала бағалау актісіне комиссия мүшелері мен сертификаттау жөніндегі органның басшысының бекітуімен қол қойылады. Сертификаттау бойынша алдын-ала бағалау актісі 2 данада ресімделіп, бір данасын өтініш берушіге жібереді.
СМЖ бағалау және соңғы тексеріс. СМЖ соңғы бағалау мен тексерісті, сертификаттау жөніндегі органның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны басқарудың концепциясына талдау
Сапа жүйесі мен менеджментінің дамуы
ХАССП ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАР
Өнім сапасын басқару жөніндегі Американдық тәжірибе
«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
Ішкі және сыртқы аудит
Гормолзавод ЖШС-не Сапа менеджмент жүйесін енгізу
Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жоспарлау
Туристік кәсіпорындағы басқару мен бақылау негізі
Менеджмент
Пәндер