Бағалы қағаздар нарығын реттеу



1. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мазмұны мен міндеттері
2. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
3. Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық Комиссияның міндеттері

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛІК, ҚАРЖЫ-БАНК АКАДЕМИЯСЫ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

Пән атауы: Инвестицияны қаржыландыру мен несиелендіру
Реферат
Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығын реттеу

Орындаған:

Тексерген:

Алматы, 201

Жоспар

1. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мазмұны мен міндеттері
2. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
3. Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық Комиссияның міндеттері

Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдіс салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді. Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құралдар ретінде болуы да септігін тигізді.
Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту.
Бағалы қағаздар нарығының міндеті - бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңында көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:
* әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудан барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;
* Бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері, брокерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы реттеуге болады. Ішкі реттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.
Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлық қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:
:: мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;
:: нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы мемлекеттің немесе нарықтың кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығының кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;
:: қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдық пікір арқылы реттеу.
Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыққа кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
:: бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
:: осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
:: бағалы кағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және сол сияқты жұмыстар.
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
:: несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
:: мемлекеттің салық саясаты;
:: депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
:: қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазынашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және сол сияқты шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
:: мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және сол сияқты жұмыстарды реттеу);
:: мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және сол сияқты) іс-шаралары.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте құрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.
Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқықтық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқығы бар. Ол үшін оларға мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және сол сияқты үлкен өкілеттілік берілген.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеттері:
:: нарыққа қатысушылардың кызмет етуіне нарық ережесіне сай жағдай жасау;
:: нарыққа қатысушыларды кейбір жақтардың алаяқтық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;
:: бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;
:: кәсіпкерлікті ынталандыратын тиімді нарықты калыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;
:: белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және т.б.) құру.
Бағалы кағаздар нарығын реттеудің мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік карызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі - 1995 жылы Президенттің Бағалы қағаздар және Қор биржасы туралы жарлығына сәйкес құралған Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.
Қор нарығын мемлекеттік реттеу органының негізгі атқарған қызметтері төмендегідей:
:: бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау;
:: қор нарығын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау;
:: бағалы кағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекеттің каржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;
:: бағалы қағаздар нарығында қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету;
:: қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін құру;
:: бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құруға әрекет жүргізу.
Осы аталған қызметтердің орындалу барысында Қазақстан бағалы кағаздар нарығындағы және оның кызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінеді.
Тар мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу - бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін жою және қалыпты инвестициялық климатты қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмнің жиынтығы болып табылады.
Кең мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу - бұл нарықтың ары қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәіпкерлік құрылымдардың, халықтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы.
Мемлекеттік реттеудің негізі мақсаты ретінде бағалы қағаздардың сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады.
Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу - көп деңгейлі үрдіс. Ол анықталған мемлекеттік мақсат пен қағидаларға сәйкес, құқықтық, әкімшілдік, экономикалық, техникалық және басқа да әдістер жиынтығы арқылы нарықтың барлық субъектілерінің қызметіне әсер ететін механизм. Реттеу жүйесі осы аядағы мемлекеттік саясаттың маңызды құралына жатқызылады.
Мемлекеттік реттеу бағалы қағаздар нарығында келесідей жіктелімнен тұрады:
- бағалы қағаз түріне байланысты
- қызмет түріне байланысты
Бағалы қағаз түріне байланысты мемлекеттік реттеудің әр түрлі сегменттерін қамтиды. Олар - корпоративтік бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қарыздар, туынды бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.
Қызмет түріне байланысты эмиссиялық және инвестициялық аядағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай әдістері бар:
oo бағалы қағаздардың эмиссиясын және проспектісін тіркеу;
oo қор нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін лицензиялау;
oo инвестициялық институттардың қызметкерлерін аттестациялау;
oo инвесторларды сақтандыру;
oo эмитенттердің қаржылық жағдайын аудиторлық және рейтингтік тексе-ден өткізу;
oo бағалы қағаздармен операцияларды бақылау және қадағалау;
oo айырбас және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы жайлы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар теориясы
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Бағалы қағаздар нарығы
Пәндер