Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несиелік реттеу саясаты, қазіргі жағдайы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Пән атауы: «Ақша несиелік реттеу»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несиелік реттеу саясаты, қазіргі жағдайы»
Орындаған:
Тексерген:
АЛМАТЫ, 201 ЖЫЛ
Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несиелік реттеу саясаты, қазіргі жағдайы
Халықаралық экономиканың даму тарихында мемлекеттің ақша-кредит саясаты түрлі мақсаттарға қол жеткізуді көздеді. Экономиканың өсу деңгейі, орталық банктің экономикалық және саяси еркіндігінің дәрежесі, елдің монетарлық саясаты мақсаттарының уақыт тезінен өту тұрғысынан алғанда өзін-өзі ақтауы сияқты факторларға, сондай-ақ жүргізілетін саясаттың жалпы экономикалық нәтижелілігіне қарай басты назар өзгеріп отырды.
Ақша-несие саясатының қазіргі басымдығы - баға тұрақтылығы
Әлемдік тәжірибені, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің жылдарында жинақталған 20 жылдан астам өз тәжірибемізді пайдалана отырып, ҚР Ұлттық Банкі экономиканың өзекті мәселелерін басшылыққа ала отырып, түрлі мақсаттар қойды және қазіргі уақытта елде баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді өзінің негізгі мақсаты деп жариялайды. Баға тұрақтылығы еліміздің жинақталған байлығының құндылығын, экономикалық өсудің құндық мазмұнын, инвестициялар мен жинақталған қаражаттың кірістілігін сақтауға мүмкіндік береді.
2007 жылдың ортасында Қазақстанның банк секторын шарпыған қаржы дағдарысы ҚР ҰБ-ның инфляцияға қарсы саясаттың қатаң бағдарларын біршама аттап өтіп, қаржы секторының тұрақтылығын уақытша бірінші кезекке шығару туралы шешім қабылдауына негіз болды. Бұл түсінікті де: жүйенің жеткіліксіз дамуынан (мысалы, қаржы институттарының көп қырлы болмауы, нарықтағы құралдардың жеткіліксіздігі) қаржы нарығындағы қатысушылар арасында өзара терең кірігуі ірі коммерциялық банктер банкротқа ұшыраған жағдайда «домино әсері» қаупін төндірді. Осындай бірін-бірі өзара жоққа шығаратын, бір жағынан, қаржы институттарын кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету қажеттілігі мен, екінші жағынан, инфляциялық үдерістердің үдеуіне қарсы тұру сияқты міндеттердің ішінен ортақ шешімді іздей отырып, Ұлттық Банк екеуін де еңсере білді.
Соған қарамастан еліміздегі инфляциялық үдерістер сыртқы әсер - азық-түлік пен мұнайдың әлемдік бағаларының көтерілуіне тәуелді екендігін көрсетті. Соның нәтижесінде Қазақстанда жылдық инфляция көрсеткіштері 2007 жылдың басындағы 8, 5%-дан 2008 жылдың ортасында 20%-ға дейін өсті. Дегенмен, 2008 жылдың екінші жартысында ҚР ҰБ мен Қазақстан Үкіметінің шаралары өздерінің тиімділігін көрсетті: жылдық инфляция 2009 жылдың басында 9%-дан төмен түсті.
Біраз уақыттан соң Ұлттық Банктің қаржы саласындағы тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған шараларының (атап айтқанда, банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптар тетігін жұмсарту, кредиттік өтімділікке қол жеткізуді кеңейту) арқасында ахуал тұрақтанды. Бұл еліміздің қаржы секторының тұрақтылығы және ұлттық валютаның айырбастау бағамының тұрақтылығы сияқты мақсаттардың маңыздылығына мән бере отырып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету басымдығына қайта оралуға мүмкіндік берді.
Трендке кедергі жасамай, құбылмалылықты төмендету
Ұлттық валютаның айырбастау бағамының тұрақтылығы ақша-кредит саясатын іске асыру тұрғысынан да, бүкіл ел үшін жалпы экономикалық мағынасында да негізделген маңызға ие. Айырбастау бағамы экономиканың сыртқы және ішкі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы алғанда, теңгенің айырбастау бағамы нарықтық экономиканың заңына сәйкес валютаға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалатын тауар бағасын білдіреді. Бірақ бұл тауардың маңызы мен оның бүкіл экономиканың дамуына әсерінің күштілігі сондай, мұндай бағаның оңтайлы мәнін айқындауда нарықтық күштерге белгілі бір дәрежеде реттеуші көмек көрсетеді. Бұл ретте реттеушінің іс-әрекеттері, әдетте, айырбастау бағамы динамикасының нарықтық алғышарттар белгілейтін жалпы трендін өзгертуге емес, бағамның күрт ауытқуларының алдын алуға ғана бағытталған. Нарықтық шындыққа қарсы тұру орталық банктің алтын-валюта резервтерінің азаюына әкеп соғады. Қандай да бір тауардың бағасы өсті дерлік, ал сіз оны бұрынғы бағасымен сата бересіз. Сіз нарықтың өзгерістеріне қашанғы мән бермейсіз? Ол сіз үшін немен аяқталуы мүмкін?
2008 жылдың екінші жартысында мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеген кезде, бұл барлық елдердің, оның ішінде Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің валюта саясатын тез арада өзгертуіне әкеп соқты. АҚШ доллары да қымбаттай бастады, ал әріптес-елдеріміздің ұлттық валюталары АҚШ долларына қатысты арзандай бастады. Бұл фактілерге мән бермей, бұрынғы бағытты ұстана беру еліміздің алтын-валюта резервтерінен айырылуды білдірді. Бұдан басқа қазақстандық өндірушілер, оның ішінде Ұлттық қорды және мемлекеттік бюджетті кірістерімен қамтамасыз етіп отырған энергия тасымалдағыштарды экспорттаушылар айырбастау бағамының әлемдік нарық пен сауда талаптарына сәйкес келмеуінен айтарлықтай шығынға ұшырады.
Теңге девальвациясының сауда әріптес-елдермен салыстырғанда кейінірек жүргізілгенін атап өткен жөн. Мәселен, Ресейде рубльдің девальвациясы ертерек жүргізілді, оған қоса Ресей орталық банкі оны бірнеше кезеңмен жүргізді. Бұл Ресейдің алтын-валюта резервіне айтарлықтай зиян келтірді, себебі бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу шараның тиімділігін төмендетеді. Қазақстандықтардың экономикалық көрегендігін атап өткен жөн - теңге 25%-ға құнсызданбастан аз уақыт бұрын жеке және заңды тұлғалар арасында девальвациялық күтулер айтарлықтай жоғары болды.
Ұлттық валютаның девальвациясынан кейінгі үш жылдық кезеңде теңге өзінің орнықты тұрақтылығын көрсетіп келеді. 2011 жылдан бері елде айырбастау бағамының басқармалы өзгеру режімі қалыптасқан. Бұл орталық банктің бағамның трендіне ықпал етуге емес, оның күрт ауытқуының алдын алуға бағытталған барынша аз араласуын білдіреді. Бұл валюта бағамының нарықтық алғышарттарға толық сәйкес екендігін көрсетеді.
Мақсатты дәліз шеңберінде
2011 жыл қорытындысы Ұлттық Банктің елдегі қаржы дағдарысының салдарын жеңуге жұмсаған күш-жігерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді. Инфляциялық үдерістердің баяулауы - бұл біздің күш-жігеріміздің бірінші кезектегі объектісі, салыстырып көріңіз: 2008 жылғы тамыздағы 20, 1%-дан 2011 жылдың қорытындылары бойынша 7, 4%-ға дейін төмендеді. Осылайша, жылдық инфляция біртіндеп 6-8% мақсатты дәліз шеңберіне «қайта оралды».
Ұлттық валютаның тұрақтылығы. Әлемдік экономикада орын алған теріс қаржылық үрдістердің қазақстандық валюта нарығына кейбір әсер ету үлесін алмағанда, теңгенің тұрақтылығын теңселтіп кеткені жасырын емес.
Қазақстанның оң төлем балансы. 2011 жылдың басынан бастап төлем балансының ағымдағы шоты профицитпен құралып келеді. Жалпы алғанда, бұл біздің экспорттың негізгі объектілеріне қойылатын әлемдік бағалармен жасалатын қолайлы жағдайдың салдары болып табылады.
Елдің қаржы секторының тұрақты жұмыс істеуі. Әрине, банк секторында проблемалар бар, атап айтқанда, олардың ішіндегі ең бастысы - несие портфелінің төмен сапасы. Соған қарамастан, осы проблеманы шешуге бағытталған қажетті шаралар қабылданды: күмәнді банк активтерін балансына қабылдау жүктелген және оларға одан әрі қызмет көрсетумен айналысатын арнайы ұйымдар құру үшін барлық құқықтық және институционалдық жағдайлар жасалды.
2008 жылдан бастап кредиттік белсенділіктің өсу қарқыны барынша қысқарды. Бұл теріс үрдіс шамамен үш жыл жалғасты, осы жылдар ішінде кредиттеу іс жүзінде жүргізілген жоқ. Соған қарамастан, 2011 жылдан бастап кредиттік белсенділікті қалпына келтіру байқалып келеді, кредиттеу көлемі дағдарысқа дейінгі цифрдан асып кетті.
Депозиттік базаның өсуі. Қаржы секторының тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы халықтың жалпы банк жүйесіне деген сенімінің өсуіне негіз болды. Сондай-ақ, бұған жеке тұлғаның депозитін 5 млн. теңге мөлшерінде кепілдік берілген қайтаруды белгілеу негіз болды.
2012 жылы біз, жалпы алғанда, экономиканың, оның ішінде ҚР ҰБ қызметіне тікелей қатысты салалардың қолайлы даму үрдістерінің сақталуын байқап отырмыз. 2011 жылдың екінші жартысынан басталған елдегі инфляциялық үдерістердің бәсеңдеу үрдісі жалғасып келеді, 2012 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 4, 7%-ды құрады, бұл 1999 жылғы мамырдан бастап ең төменгі көрсеткіш болып табылады.
Елдің ірі қаржы институттары көбінесе Үкімет пен ҚР ҰБ-ның дер кезіндегі қолдауының арқасында негізінен өздерінің сыртқы берешектерін өтеді. Сыртқы берешегінің қалған бөлігі мерзімдері бойынша ұтымды бөлінді және оны өтеуге қаржы институттарының өздерінің де шамасы жетеді.
Еуропа мен АҚШ-тың қаржы институттарына, сондай-ақ сауда-саттық пен ықпалдасқан бірлестіктер бойынша әріптес елдерге (мысалы, Ресей) қарағанда қазақстандық банктер кредиттік ресурстарға аса мұқтаж емес. Керісінше, қазіргі кезде өтімділіктің көптігі байқалып отыр. Бұл да отандық қаржы секторын дамытудың болашағына нық сеніммен қарауға, атап айтқанда оның қаржылық тұрақтылығына деген сенімділікті сақтауға мүмкіндік береді.
Меншікті және әлемдік тәжірибені ескере отырып
Біз Ұлттық Банк қызметінің мақсаттары мен нәтижелерін сипаттап отырмыз, реттеуші олаға қандай тәсілмен қол жеткізеді? ҚР ҰБ құралдарының ішінде орталық банктердің халықаралық тәжірибесінде оң беделге ие болған ақша-кредит саясатын жүргізудің классикалық құралдары да бар. Құралдар ашық нарық операциялары, тұрақты құралдар мен ең төменгі резервтік талаптар түрінде жіктеледі. Біріншісі реттеушінің бастамасы бойынша жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Бұған валюта нарығындағы, бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы операциялар, сондай-ақ реттеушілердің өздері шығаратын қысқа мерзімді ноттар - МБҚ-мен жасалатын операциялар жатады. Екіншілері қаржы нарығына қатысушылардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Ең төменгі резервтік талаптар да әлемдік тәжірибеде ақша нарығының өтімділігін реттеудің ұтымды тетігі ретінде танылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz