Арт-терапиялық жаттығулар



Көптеген арт-терапиялық жаттығулар көзді жұмып визуализациялау тәсіліне негізделген. Мұндай нұсқауды берген кезде қатысушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алған жөн. Р.Ассаджими мәліметтері бойынша экстраверт адамдарға көз жұмып қиялдау оңай болады, себебі мұндай адамдар көздерін ашқан кезде еріксіз түрде белгілі-бір сыртқы объектіні іздей бастайды. Демек көзді жұму экстраверттерге өз зейінін ішкі өміріне «бұруға» көмектеседі. Интроверттерге керсінше, көзді жұму үлкен қиындықтарды туғызады, себебі олардың назарынсыз да ішкі әлемге бағытталған, ал түрткі ішкі «бейнелер» және психикалық процестер ойдағы визулизация объектісін ығыстырып шығарады. Ал көзді ашу ішкі әлемге бағытталған интроверттердің назарын реттей алады.
К.Юнгтің айту бойынша, индивид әртүрлі психикалық функцияларға қатысты экстровертті немесе интровертті бола алады. Мысалы, сезімдерге байланысты интровертті және ойлауға қатысты экстравертті болады. Визуализация жаттығуы кезінде сезімдермен түйсік біз үшін үлкен маңызға ие, себебі негізінен түйсік көруге байланысты. Сондықтан сензитивті экстраверттерге ашық көзбен визуализациялау кезінде үлкен қиындықтар туады. Сонымен бірге сензитивті интроверттерге керсінше жұмған көзбен визуализациялау қиын болады.
Сонымен арт-терапия жұмысы сияқты шығармашылық процес болып табылады. Көптеген мамандардың айтуы бойынша арт-терапия үшін уақытты, құралдарды, материалдарды қолданудың икемділігі тән.
Арт-терапия қорынан мысалдарды, өзгертілген және арт-терапиялық жаттығулар (М.Либман,М.Наумбург, Д.Уэллер) төмендегідей:
«Айна»
Осы жаттығудың әртүрлі нұсқалары белгілі. Мұнда бір қатысушы көшбасшыны, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін атқарады. Көшбасшының міндеті-өзінің артынан ерту, ал бағынушы адам көшбасшысының қимылдарын дәлме-дәл, сол қарқында қайталауға

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Арт-терапиялық жаттығулар
Көптеген арт-терапиялық жаттығулар көзді жұмып визуализациялау тәсіліне
негізделген. Мұндай нұсқауды берген кезде қатысушылардың психологиялық
ерекшеліктерін есепке алған жөн. Р.Ассаджими мәліметтері бойынша экстраверт
адамдарға көз жұмып қиялдау оңай болады, себебі мұндай адамдар көздерін
ашқан кезде еріксіз түрде белгілі-бір сыртқы объектіні іздей бастайды.
Демек көзді жұму экстраверттерге өз зейінін ішкі өміріне бұруға
көмектеседі. Интроверттерге керсінше, көзді жұму үлкен қиындықтарды
туғызады, себебі олардың назарынсыз да ішкі әлемге бағытталған, ал түрткі
ішкі бейнелер және психикалық процестер ойдағы визулизация объектісін
ығыстырып шығарады. Ал көзді ашу ішкі әлемге бағытталған интроверттердің
назарын реттей алады.
К.Юнгтің айту бойынша, индивид әртүрлі психикалық функцияларға қатысты
экстровертті немесе интровертті бола алады. Мысалы, сезімдерге байланысты
интровертті және ойлауға қатысты экстравертті болады. Визуализация жаттығуы
кезінде сезімдермен түйсік біз үшін үлкен маңызға ие, себебі негізінен
түйсік көруге байланысты. Сондықтан сензитивті экстраверттерге ашық көзбен
визуализациялау кезінде үлкен қиындықтар туады. Сонымен бірге сензитивті
интроверттерге керсінше жұмған көзбен визуализациялау қиын болады.
Сонымен арт-терапия жұмысы сияқты шығармашылық процес болып табылады.
Көптеген мамандардың айтуы бойынша арт-терапия үшін уақытты, құралдарды,
материалдарды қолданудың икемділігі тән.
Арт-терапия қорынан мысалдарды, өзгертілген және арт-терапиялық
жаттығулар (М.Либман,М.Наумбург, Д.Уэллер) төмендегідей:
Айна
Осы жаттығудың әртүрлі нұсқалары белгілі. Мұнда бір қатысушы
көшбасшыны, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін атқарады. Көшбасшының
міндеті-өзінің артынан ерту, ал бағынушы адам көшбасшысының қимылдарын
дәлме-дәл, сол қарқында қайталауға тырысады. Екеуінің сезімдері мен
қайғыруларын талқылап болған соң ролдердің ауысуы жүреді. Жаттығудың
аяғында қатысушылар қай ролде өзін сенімдірек, ыңғайлы сезінгенін анықтап
алған маңызды.
Осы жаттығудың қолдың тактильді контакты қолданылатын басқа да түрі де
қызықты. Қатысушылар жақын ара қашықтықта бір-біріне бетпе-бет тұрады да,
саусақ ұштарын түйістіріп синхронды қимылдар жасайды. Кейінірек әр жұптың
қимылдары қаншалықты үйлесімді болғаны талқыланады.
Кеңістікте сурет салу
Қиялдағы бояу жаққышпен жасалатын сурет кеңістігіндегі (ауада)
көсілмелі қимылдар бірте-бірте саусақтардың моторикасын жетілдіретін
штрихқа өту керек. Жаттығуды жұппен де, топпен де орындауға болады. Топпен
орындау кезінде қимыл мен оның қарқынының сипатын арт-терапевттің өзі
ұсынады, ал кейін қалау бойынша топ мүшелері өздері орындайды.
Соқыр және жетекші
Осы жаттығуда ролдер алдыңғы жаттығуға сәйкес бөлінеді. Жұптар екі
жақты келісімдер негізінде немесе спонтанды түрде кездейсоқ құрылуы мүмкін.
Жұптарды кездейсоқ құру үшін қатысушыларға көздерін жұмып, тыныштықта
жайлап кеңістікте қозғалу ұсынылады. Соқыр кіммен бірінші соқтығысып
қалса, сол адамды жетекші етіп алады. Ең бастысы-вербалды емес өзара
әрекеттесу.
Ролдермен ауысып, жаттығуды түрлі нұсқада қайталаған соң, бірінші
жұппен, кейін топта алған тәжірибе, соның ішінде өзара сенім тәжірибесі
талданып талқыланады, қатысушылар өздерінің алған әсерлері мен сезімдерін
айтып береді.
Менің көңіл күйімнің түсі
Осы жаттығуды диагностикалық мәліметтерді алуда қолдануға болады.
Сонымен қатар кіші топтарды қатысушылардың эмоциялық күйінің ұқсастық
сипаты бойынша құрғанда қолдануға болады.
Кабинет кеңістігі шартты түрде сегіз түсті зонаға бөлінеді (Люшерлік
түстер) әр зонаның ортасында бір түсті матамен жабылған текше немесе
орындық орналасқан. Әр бір қатысушы лабиринтте серуендеп жүріп түсі оның
көңіл-күйіне сәйкес келетін зонада тоқталу керек.
Нәтижесінде қатысушылар сандық мөлшер мен эмоциялық күйі әртүрлі
топтарды құрап шығады. Кейінірек көңіл күйдің таңбалары мен
(символдармен,бейнелермен) индивидуалды шығармашылық жұмысты өзгертуге
болады, соның негізінде топтың эмблемасы жасалады.
Топтың ішінде алынған әсерлермен бөліскен соң, жаттығу қайталанады.
Кейбіреулер өздерінің көңіл-күйлерінің түсін өзгертуі де мүмкін. Осындай
өзгерістің себебін анықтап, осы қатысушылардан өздерінің жаңа эмоциялық
күйін бейнелейтін тағы бір белгіні жасауды сұраған дұрыс. Л.Н.Собчиктің
зерттеулері бойынша түстер қатарын таңдау адамның тұрақты (негізгі)
қасиеттерінің жиынтығына және белгілі-бір жағдаймен себептелген күйге
байланысты болып келеді.
Пайдалы кеңес
Қосымша диагностикалық мәлімеиттерді жинау үшін сегіз түсті қағаздан
жасалған үшбұрыштың, төртбұрыштың, дөңгелектің үлгілерін алдын жасап қойған
дұрыс. Мұндай жағдайда қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін ғана емес,
сәйкес форманы да пайдалана алады.Мұндай белгі киімге жабыстырылып,
психолог үшін өзінше бір индикатор ролін атқарады. Эмоциялық күйдің өзгеруі
басқа түсті жаңа үлгіні немесе форманы алдын таңдалып қойылған үлгіге қосу
арқылы белгілеп отырады.
"Серуендеу"
Мысалы, дәптер бетіндегі "серуендеу" қатысушыларға өздерін жалғыз
әріппен белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген
территорияда "серуендеу" ұсынылады. Арт-терапевттің белгісімен барлық
қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде
орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың
"әрпі" қай жерде - парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде
орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс
дисграфиямен ауыратын балаларға тән. Жаттығуларды қайталаған кезде
қатысушыларға, яғни "әріптерге" сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады.
Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды
жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп,
кеңістікте қиялдау жетіледі.
"Серуендеу" ерік болуы мүмкін. Жаттығудың мақсаты -
бөлменің белгілі-бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет,
ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну. Ақырындап
жаттығу күрделене береді. Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар вербалды емес
тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау.
Келесі тапсырмада әр кездесу ден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту
керек. Мысалы, арттерапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрылу,
отырып тұру, секіру, т.б. Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығы
сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады. Джейн
Райнның сөзі бойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындаудың бағытын өзі
анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа
да шығармашылық іс-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін
айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек. Автордың көрсетуі
бойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмауға, сананың бақылауын әлсіретуге
және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі. Көніл күйді,
өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек көру, сұлулық, еркіндік туралы
өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады. Тапсырманы орындап болған
соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады, қиялдағы
ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін.
Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.
"Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы"
Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арт - терапиялық жаттығулардың бала психикасына әсері
АРТ - ТЕРАПИЯ - ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Психотерапиядағы арт-терапия
Арт-терапия
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Психологиялық бағыттар
Арт терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу
Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
Пәндер