Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипатын талдау



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипаты ... .5
1.1 Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Экономиканың аймақаралық жіктелімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Аймақаралық ерекшеліктің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2 Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипатын талдау ... ... ... .14
2.1Қазақстанның облыстарындағы экономикалық ерекшеліктер талдау ... ... 14
2.2 Республика экономикасының ерекшеліктерін талдау ... ... ... ... ... ...16
2.3 Қазақстанның экономикасының тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ...21

3Қазақстан Республикасының аймақаралық ерекшеліктерін дамыту негіздері ... ... ..25
3.1 Қазақстан экономикасының аймақаралық ерекшеліктерін дамыту жолдары ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қосымшалар

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипаты ... .5
1.1 Қазақстан Республикасының экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Экономиканың аймақаралық
жіктелімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Аймақаралық ерекшеліктің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..9

2Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипатын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1Қазақстанның облыстарындағы экономикалық ерекшеліктер
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Республика экономикасының ерекшеліктерін талдау
... ... ... ... ... ...16
2.3 Қазақстанның экономикасының тиімділігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ...2 1

3Қазақстан Республикасының аймақаралық ерекшеліктерін дамыту
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.1 Қазақстан экономикасының аймақаралық ерекшеліктерін дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 31

Қосымшалар

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігімізді шынайы
түрде баяндауда халықтың әлеуметтік жағдайын жылдам қарқынды түрде көтеру
жолында республика бойынша жалақы деңгейін тұрақтандырып экономикалық
мүмкіндіктерімізге орай белгілеу және нақты істер мен оңды қадам жасау
халықытң игілігі жүргізіліп жатқан игі істер екендігі сөзсіз.
Аталмыш стратегияның екінші көздеген мақсатын жоғарыда атадық. Ол жаңа
экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен ғылым негізінде дамыған
экономика, яғни тек өнім тауар шығаратын экономика емес, білімге білім
қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология туғызып,
соның негізінде дамитын экономика.
Сондықтан да ол бұрынғынмен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы.
Әлем тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі таңда дамыған технология, жаңа білім
негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда,
Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы
жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу
қамында.
Бізде жаңа экономика мәселелері те ктұрақты даму жолына түскенде
көтеріле бастады. Адам капиталын дамыту мақсатымен білім саласының 5 жылдық
бағдарламасы жасалып ол орындалып жатыр. Президент атап көрсеткеніндей
таяу жылдарда ғылым саласына мемлекет тарапынан бөлінген қаржы 25 есе өсуі
керек. Қазіргі таңда барша әлемді шарлап жаңа технологиялар іздеу
қамындамыз. Мұнай химиясы өндірісі саласында, құрылыс материалдары, тағы да
кейбір өндіріс салаларына жаңа өте тиімді технологиялар әкелу ісі басталды.

Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, кластерлік даму үлгілері де
осы жаңа экономиканың тәсілдерін игеру мақсатымен жасалып отыр. Қорыта
айтсақ бұрынғыдан да тиімді, жаңа экономика жасау бізден көп алға кеткен
елдерге жақындау жолындағы ең маңызды қадамымыздың бірі болып отыр. Болашақ
та да осы нысана біздің жолымыздың түпкі мақсаты болады.
Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикалы елдердің экономикалық
дамуы бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы өсу қарқыны
емес, бұл экономиканың өсуі, яғни ішкі жалпы өнімнің сапалық тұрғыдан өсуі.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырыптың ерекшеліктерін ашумен
қатар, Қазақстан экономикасының аймақаралық ееркшеліктерін талдау болып
табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойылған міндеттер:
- берілген тақырыпты теориялық тұрғыдан шолу;
- Қазақстан экономикасының аймақаралық ерекшеліктеріне тоқталу;
- Қазақстанның жеке аймақтарының дамуын көрсету;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі 3 тараудан, қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипаты
1.1Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы

Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға арналған
стратегиясына сәйкес негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы
салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа
бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталады. Ұзақмерзімді
стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында басты назар ғылымды қажетсінетін
және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға
аударылатын болады.
Инновацияның яғни жаңалықтың жаңа туған немесе жаңадан қолданысқа
енгізілген дүниенің халыққа берері мол болады.
Шағын және орта бизнесті дамытуда өзекті элемент болып табылады.
Бюджет табысының проценттік ставканы көтеру есебінен емес, салық салынатын
базаны кеңейту және салық төлеушілерді қамту есебінен көбейіп отырғанын
атап көрсетуге болады. Кәсіпорындар үшін ойластырылған жеңілдік жүйесі
жұмыс істейді, сондықтан бизнесті ашық жүргізу тиімді. Бюджеттің 70 пайызы
дағдарысты 1998 жылдың өзінде салық есебінен толықтырғаны кездейсоқ емес.

Индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу
қарқынын жылына кемінде 8-8,9 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы Жалпы ішкі өнім көлемін 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташ жылдық өсу
қарқынын 8-8,4% дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек
өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және Жалпы Ішкі өнімді энергия
сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді.
Стратегияны іске асыру нәтижелері 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын
қарқынды игеру жағдайында экономиканың және өнеркәсіптік өндірістің
құрылымын түбегейлі өзгеріске ұшыратпайды.
Стратегияны іске асыруға: Жалпы Ішкі өнім құрылымында өнеркәсіптің
үлестік салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52%-ке дейінгі мөлшерде ұлғайтуға;
Жалпы Ішкі өнім құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің
үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға;
Жалпы Ішкі өнім құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу
қарқынан 2000 жылғы 13,3%-тен 2015 жылы 12-12,6% дейін төмендеуін
бәсеңдетуге индустриялық саясат жүргізілмесе, 2015 жылы 10,9%-ті құрайтын
еді.
Сонымен қатар стратегия іске асырылмаса, өнеркәсіптік өндірістегі кен
өндіру салаларының қосылған құнның үлесі, оның ішінде мұнай өндіру 2000
жылғы 31,0 және 25,6 % қарағанда 2015 жылы тиісінше 55-56% және 50-51%-ке
жетуі мүмкін. Стратегияны іске асыруды есепке алғанда көп қажет ететін және
жоғарғы технологиялық өндіріс орындарының үлесі 2000 жылғы Жалпы ішкі өнім
0,1%-нен 2015 жылы 1-1,4%-ке дейін артады.
Өңдеуші өнеркәсіптің қосылған құнның құрылымында сапалық өзгерістер
болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесі өңдеуші өнеркәсіптің
қосылған құнының жалпы көлемдерінің 40,1%-нен 27-28%-ке дейін төмендейді,
ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1%-тен 45-46% дейін өседі. Бұл
ретте ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялы өнімнің үлесі 2000
жылғы 0,6%-пен салыстырғанда 9-11%-ті құрайды.
Әлемде өндірілетін 11 млрд тонна минералдардан республикамыздың
үлесіне 250 млн тонна астамы келеді екен, мұның өзі оған 11-ші орынды
қамтамасыз етіп отыр. Осы өнімдердің 37 түрі бойынша ол 1-шіден 19-шы
орынға дейін алады. Соңғы жылдары негізгі өнім берушілердің әлемдік
клубындағы оның орны беки түсті.
Жетекші экспорттаушылар қатарында Қазақстан шет елдерге жоғары
сұранысқа ие минералдық-шикізаттық өнімдер жөнілтіп отыр соның ішінде АҚШ-
қа мырыш, рений, берилий, Германияға-мұнай, Ресейге қорғасын, темір
рудасын, түйіршіктер жіберіледі.
Халық табысынының артуымен байланысты орныққан тұрмыстың жаңа сапасы
тұрғын үй рыногын дамытудың жеделдеткішіне айналды. Мұның өзі құрылысқа
қатыста басқа салалардың дамуын жеделдетті.

1.2 Экономиканың аймақаралық жіктелімдері

Бүгінгі күні экономиканың өсуі мен күшеюінің аркасында Қазақстан
әлеуметтік салаға түбегейлі бет бұруға мүмкіншілік алды. Соңғы жылдары осы
салада көптеген жұмыстар атқарылды. 2002 жылдан бастап республикалық
бюджеттің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік камсыздандыруға арналған шығысы
160 млрд. тенгеден 362 млрд. теңгеге дейін өсіп, екі есе артты. Үстіміздегі
жылдың 1 шілдесінен бастап көптеген мемлекеттік жәрдемақылардың кезекті
рет артуы жоспарлануда. Ал жаңа жылдан бастап бюджеттегілердің бәрінің
еңбекақысы артатын болады.
Қазақстанның жекелеген облыс тұрғындарының күн көріс деңгейі
әртүрлі. Экономикалық мүмкіндігі шектеулі немесе даму тенденциясы төмен
облыстарға Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының тұрғындарын жатқызуға
болады. Жалақы деңгейін көтеру мен оның даму жолын қарастыру мақсатында
бірқатар іс-шаралар жүргізу көзделгені дұрыс:
- өнімі өтімді кәсіпорындар санын көбейту;
- экспорттық тауарлар сапасын арттыру;
- күн көріс минимумын ескеріп, одан жоғарылату;
- экономикалық мүмкіндіктерді арттыру;
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігімізді шынайы түрде баяндауда халықтың
әлеуметтік жағдайын жылдам қарқынды түрде көтеру жолында республика бойынша
жалақы деңгейін тұрақтандырып экономикалық мүмкіндіктерімізге орай белгілеу
және нақты істер мен оңды қадам жасау халықтың игілігі жүргізіліп жатқан
игі істер екендігі сөзсіз.
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк
орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта
түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған,
алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу
туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр.
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар
аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды.
Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл
шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты
орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске
өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен
даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы
атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және
экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты
экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп,
әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп
және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігімізді шынайы түрде баяндауда
халықтың әлеуметтік жағдайын жылдам қарқынды түрде көтеру жолында
республика бойынша жалақы деңгейін тұрақтандырып экономикалық
мүмкіндіктерімізге орай белгілеу және нақты істер мен оңды қадам жасау
халықытң игілігі жүргізіліп жатқан игі істер екендігі сөзсіз.
Аталмыш стратегияның екінші көздеген мақсатын жоғарыда атадық. Ол жаңа
экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен ғылым негізінде дамыған
экономика, яғни тек өнім тауар шығаратын экономика емес, білімге білім
қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология туғызып,
соның негізінде дамитын экономика.
Сондықтан да ол бұрынғынмен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы. Әлем
тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі таңда дамыған технология, жаңа білім
негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда,
Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы
жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу
қамында.

1.3 Аймақаралық ерекшеліктің шетелдік тәжірибесі

Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы
тәжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы
жинақталған әлемдік тәжірибені оқып-үйренбей, оларды жан-жақтылы зерттемей
экономиканы мемлекеттік басқардың жаңа сатысына өту мүмкін емес. Ел
экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында
әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің
саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ
экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалыптастыруға
тиіспіз. Осы орайда бірқатар шет мемлекеттердің аймақтық саясатты
қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы онды тәжірибелерін ұсынуды жөн
санаймыз.
     Мемлекеттің құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді
орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер интеграцияланған
мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек, онда Ирландия, Португалия, Греция сияқты
мемлекеттерде аймақтық саясат мәселелеріне қатысты орталықтандырылған әдіс
қолданылады. Бұл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті
аумақтық деңгейге жүктеуге әрекет жасалынғанымен, жергілікті жерлерде
қажетті тәжірибенің болмауы салдарынан одан әрі жалғасын таппады.
     Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрылымы
интеграцияланған мемлекеттердің басқару құрылымынан түбегейлі түрде
ерекшеленеді. Бұл, әрине, аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асу барысын
айқындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясат саласындағы федералды
үкіметтің негізгі функциясы – GA (Біріккен операвтивті топ) шеңберінде
Жерлермен серіктестік қатынастар құру. Жоспарлау жөніндегі Комитет GА
құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын және аймақтық даму
басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға қажетті көмек
көрсету шаралары мен шарттарынан тұрады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру екі
жақтан бірдей үлеспен қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер әкімшілігі
аймақтық саясаттың іске асуына жауапты болады.
     Финляндияда аймақтық саясаттың құрылуына, яғни, аймақтық саясатты
үйлестіруге, заңдарды жасақтауға, проблемалы аймақтарды анықтауға т.б. Ішкі
істер министрлігі жауап береді. Аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі әр
түрлі орталық министрліктерге жүктелген. Финляндияның аймақтары жекелеген
шешімдерді қабылдайды, ал негізгі шешімдер орталықтан қабылданады.
     Ал Швецияда қалыптасқан жүйе бойынша аймақтық әкімшіліктер жалпыұлттық
директиваларды іске асырады. Бұл жүйеде Өнеркәсіп және сауда министрлігі
басты орынға ие. Министрліктің жанынан артта қалған аудандарға қатысты
аймақтық саясатты жасақтау, оны бақылау және Еуропалық комиссиямен
байланысты жүзеге асыру істерін атқаратын бөлімдер құрылған. Аймақтарды
дамыту стратегиясын жасақтаумен графствалардың әкімшілік кеңесі (САВ)
айналысады. Өздерінің саясатын іске асыру үшін олар бюджеттен
қаржыландырады.
     Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық саясатты жүргізудегі бай
тәжірибелерімен ерекшеленеді:
Франциядағы орталықтандырылған әдіс;
Нидерланды мен Ұлыбританияда орталықсыздандырудың жоғары деңгейі.
Австрия мен Бельгиядағы федералдық жүйе.
     Францияда министр СІАLA-дан алынған ұсыныстарға негізделген аймақтық
дамытуды ынталандыруға қатысты шешімдер қабылдау кіреді. DATAR –
Франциядағы аймақтарды дамыту жөніндегі басты ұйым. 1995 жылы қабылданған
негізгі Заңға сәйкес аймақтық даму саясаты ұлттық деңгейде анықталып,
жергілікті әкімшіліктермен жүргізіледі.
     Нидерландыда Экономика министрлігі мен провинциялар әкімшілігі
аймақтық саясат мәселелерімен айналысатын негізгі ведомстволар болып
табылады. Экономика министрлігі аймақтарға көмек көрсетуде 10 млн флориннан
асатын инвестициялар көлеміндегі жобаларға жауап береді, ал одан төмен
көлемдегі басқа жобалар орталықсыздандыру түрінде іске асырылады.
     Ұлыбританияда аймақтық саясат мәселелерімен Сауда және өнеркәсіп
министрі және Шотландия мен Уэльс істері жөніндегі Министр айналысады.
Англияда аймақтық саясатты қалыптастыру мәселесі Сауда және өнеркәсіп
министрлігі мен аймақтық үкіметтік ведомстволарға жүктелген. Аталмыш
министрлік Англиядағы үкіметтік ведомстволардың құзырет шегінен тыс
көптеген жобаларды және Ұлыбританияға өз салдарларын тигізетін жобаларды
бағалайды, сонымен қатар, ұлттық деңгейде директиваларды асақтап, олардың
орындалуына бақылау жүргізеді. Үкіәметтік ведомстволар құзыретіне
аймақтарға көмек көрсетуге қатысты қабылдау кіреді.
     Австрия Конституциясы аймақтық саясатты жүргізу өкілеттілігін
шектемейді. Федералды деңгей, жерлер әкімшілігі және жергілікті билік
арасында өкілеттілік аялары бейресми бөлінеді. Аймақтарға көмек көрсету
федералды үкіметпен және сол аймақтың жер әкімшілігімен қаржыландырылатын
және жүзеге асырылатын біріккен жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
     Бельгияда аймақтық саясат мәселелері аймақтық деңгейлерде
қарастырылады. Ірі жобаларға көмек көрсету шешімі аумақтық әкімшілікпен
қабылданады, ал қалған шешімдер аймақтық экономика министрлігімен
қабылданады.
     Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әр мемлекеттер үшін маңызы әр түрлі
көптеген құралдары бар. Тарихи даму тұрғысынан мұндай құралдардың бес үлкен
тобын көрсетуге болады:
халық тығыщ қоныстанған аймақтарда жаңа кәсіпорындарды орналастыруды
қолдауға кететін қаражат;
экономикалық даму саласында мемлекеттің қызметін кеңістіктік бөлу;
қаржылық қолдау жолымен компания қызметін ынталандыру;
инфрақұрылымды қалыптастыру;
дамуды ынталандыру жөніндегі жұмсақ шаралар.
     Қазіргі уақытта алғашқы екі құралдың рөлі айтарлықтай төмендеп кетті.
Қолдау құралдары Франция, Ұлыбританияда қолданылғанымен, бұл құралдардың
қолданылу ауқымы уақыт өткен сайын азаюда.
     Қазіргі уақытта Еуроодақтың көпшілік мемлекеттері аймақтық саясат
құралы ретінде соңғы үш топты қолданады. Қаржылық ынталандыруларға жұмыс
орнын құрумен байланысты жәрдемақылар, субсидиялар, несиелер және т.б.
жатады. Бұл әдістер фирмаларды проблемалы аудандарды инвестициялауға
ынталандыру үшін жасалған. Осы аталған құралдар Еуроодақтың барлық
мемлекеттерінде кеңінен қолданылуда. Инфрақұрылымның жұмсақ элементтеріне
ақпараттық желілерді қолдау, консалтингілік қызмет, ғылыми зерттеулер
жатады.

2 Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипатын талдау
2.1Қазақстанның облыстарындағы экономикалық ерекшеліктер талдау

Дегенмен, өмір сапасы елде әлі көңіл толтырарлықтай емес. Жалақы,
зейнетақы деңгейлері біздің межелеген тұсымызға жеткен жоқ, ауыл тұрмысы
әлі де төмен, елде жұмыссыздық та бар. Біріккен Ұлттар ұйымының ғылыми
орталығының мәліметі бойынша, Қазақстан өмір сапасы жөнінен, 1,05
коэффициентімен 78-ші орында, бірінші орындағы Норвегияда өмір сапасы
коэффициенті 3,83. Тұрақты дамитын жаңа экономика әлеуметтік мемлекет
боламыз десек, бізге әлі де осы салада жігерлі іс, мемлекет тарапынан
қомақты көмек, демек керек. Келешектің ең үлкен байлығы жер астында емес,
жер үстінде ол адам, оның білімі мен біліктілігі оның бойына сіңірген
рухани қуаты, жігерлі іскерлік белсенділігі. Осы қағидаларды мықтап
басшылыққа алып көптеген елдер жан-жақты дамып отыр, осы қағиданы қолға
алуға даму жылдары біздердің де мүмкіндігіміз болды. Бұл ұзақ та игілігі
мол жол.
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсуі
2010 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, республиканың барлық өңірлерінде
байқалды. Ең көп өсімге Ақмола облысында қол жеткізілді. Жоғарғы өсу
қарқыны Қызылорда облысында, Астана қаласында, Алматы, Қостанай, Оңтүстік
Қазақстан облыстарында байқалды.
2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен жылға тиісті құнмен
салыстырғанда облыстар шаруашылықтарының барлық санаттарында Маңғыстау
облысынан басқа тұтастай алғанда ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы саны
өсті. Маңғыстау облысында ірі қара мен жылқы саны төмендеді.
2011 жылғы қаңтар желтоқсанмен салыстырғанда, сүт өндірудің өсуі
республиканың өңірлерінде байқалды. Астана және Алматы қалаларында оның
төмендеуі байқалды. 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2010 жылғы кезеңмен
салыстырғанда жұмыртқа өндірудің өсуі Қазақстанның 12 өңірінде байқалды.
2011 жылғы қаңтар желтоқсанда капиталға жұмсалған инвестициялар 2810,3
миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңдегіден 10,6 пайызға
артық.
Инвестицияның өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалды.
Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан басқа, мұнда оның төмендеуі
байқалды.
2011 жылғы қаңтар желтоқсанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі
өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейден республиканың барлық өңірлерінде асып
түсті. Аса белсенді тұрғын үй құрылысы Алматы, Павлодар және Ақтөбе
облыстарында жүргізіліп жатыр, мұндағы өсім тиісінше 46,4 пайыз және 41,5
пайыз болады.
2011 жылғы қаңтар желтоқсан айларында бөлшек сауда тауар айналымының
көлемі 1561,6 миллард теңгені құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен
салыстырғанда 14,4 пайызға өсті. 2011 жылғы желтоқсанда тұтыну тауарлары
мен қызметтерінің бағасы өткен айлармен салыстырғанда республиканың барлық
өңірлерінде өсті. Азық –түлік тауарлары бағасының өсуі республиканың барлық
өңірлерінде байқалды. Бағаның ең көп өсуі Қызылорда облысында көп көрсеткіш
көрсетті.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша бағаны өсуі Ақмола, Қызылорда және
Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа, барлық өңірлерде байқалды. Азық-
түлік емес тауарларға бағаның ең көп өсуі Алматы, Астана, Ақтөбе және батыс
Қазақстан облыстарында байқалды. Ақмола, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан
облыстарындағы баға 2009 жылдың қарашасындағы деңгейде сақталды.
2011 жылғы қарашада Қазақстандағы жан басына шаққандағы орташа ақшалай
табысы 19544 теңгені құрады. Атырау және Маңғыстау облыстары республиканың
аса жоғары табысты өңірлері болып табылады, оларда орташа табыс
республикалық деңгейден тиісінше 2,3 есе және 2 есе асқан. Астана және
Алматы қалаларындағы халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай
табыстарының деңгейі орташа республикалық деңгейден тиісінше 2,1 есе асты.
Халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі ақшалай табысы Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындарында байқалды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің деректері бойынша 2011 жылғы желтоқсанның соңына жұмыссыздар
ретінде тіркелген азаматтар саны 75,1 мың адамды құрады. Ал олардың
экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі-0,9 пайыз. Өңірлер
бөлісіндегі бұл көрсеткіш 9 облыста асып түскен. Жұмыссыздардың қомақты
үлесі Павлодар, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан
облыстарына келеді. Астана, Алматы қалаларында бұл көрсеткіш тиісінше 0,7
пайыз, 6 пайызды құрады.

2.2 Республика экономикасының ерекшеліктерін талдау

Қазақстанның әлеуметтік ел мемлекет сипаты жылдан жылға айқын көріне
бастады. 1995-2005 жылдары қазақстандықтардың ақшалай кірісі 5,5 есе,
орташа айлық жалақысы 7,0 еседен артық, зейнетақының орта мөлшері 4,8 есе
өсті. 20 жылда банктердегі жекелеген адамдардың салған депозиттері 35 есе
өсті. Өте ауқымды үш жылдық мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы орындалып
жатыр. 2005-2007 жылдары тек осы бағдарлама бойынша 12,0 млн шаршы метр
тұрғын үй іске қосылып, 1 миллионнан астам азаматтар пәтермен қамтамасыз
етілді, бұл жеке меншіктердің өз қаржысына салып жатқан үйлерін
есептемегенде. Міне, осы көрсеткіштер ел тұрғындарының тұрмыс жағдайы үзбей
жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Осымен қатар өте мазмұнды денсаулық
сақтау жүйесін дамыту, халықты әсіресе ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен
қамтамасыз ету бағдарламалары орындалып жатыр. Бүгінгі таңда ішкі жалпы
өнімнің 3,6%-ы білім жүйесіне, 2,9%-ы денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалады.
Келешекте бұл көрсеткіштер тиісінше 5,0 және 4,0%-дарға дейін көтеріліп,
дамыған елдердің аталмыш салаларға бөлінген қаржылар деңгейіне жақындайды.
Нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі экономиканың барлық салаларындағы
өндірістің нақты көлемдерінің өсуіне негізделген. Тауар өндірісі
құрылымында құрылыс көлемі 35,6%, ауыл шаруашылық көлемі 7,0%, өнеркәсіп
көлемі 6,9%, оның ішінде кен өндіруде 7,0%, өңдеуші өнеркәсіпте 7,3% өсті.
Жалпы ішкі өнімнің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп құрайды
екен. Оның құрылымында 2009 жылға кен өндіру саласының үлесі 57,9%, дейін
ұлғайды, ал 2001 жылы кен өндіру және өңдеуші өнеркәсіп салалалары шамамен
тең үлесті құрады. Қызмет көрсету өндірісі мынандай салалардың былайша
өсуімен сипатталады: мемлекеттік қаржы қызметі 43,4%, байланыс қызметі
20,4%, сауда 9,8%, көлік 7,0%. Жалпы ішкі өнім құрылымында үлкен үлесті әлі
де қызмет көрсету саласы алып отыр, бұл ретте 2010 жылдан бастап жалпы ішкі
өнім өндірісінің жартысынан тұрақты түрде асады. (қосымша1)
Қаржы Министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін шығару көлемі 2009
жылы 155,3 млрд теңге болды, ал бұл өткен 2008 жылғы көлемнен 26,5% көп.
Макроэкономиканың тұрғысынан алып қарағанда қаржы делдалдарының ролі
жыл сайын артып келеді. 2004 жылы барлық қаржы институттарының активтері
648,8 млрд теңге болса, 2010 жылы осындай көрсеткіш 1432,4%-ға артып, 9,9
трлн теңгені құрады. Жалпы ішкі өнімге шаққанда активтері 2004 жылы 25%-дан
2010 жылы 102,1%-ды құрады. Сөйтіп, қаржы институттарының активтері 2010
жылы психологиялық қажетті көрсеткіштен асып түсті.
2010 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімдегі өңірлердің үлесі төмендегідей
қалыптасты: Батыс өңірі – 29,6%; Алматы – 18,2%; Оңтүстік өңір – 15,7%;
Солтүстік өңір – 13,7%; Орталық өңір – 8,5%; Астана – 8,3% және Шығыс өңірі
– 5,9%. Жалпы ішкі өнімнің өңірлік құрылымының өзгеруі 2003 жылдан бастап
Батыс өңірі пайдасына, оның экономикасы өсуінің жоғары қарқыны есебінен
болды.
Номиналды көрсеткіштегі жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) орташа жылдық
өсімінің ең жоғары қарқыны Астанада, Алматыда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Муниципалдық менеджмент
Аймақтық саясат құрылымы
Астана қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Аймақтық өсу теориялары
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Аймақтық саясат
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Пәндер