Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудасын талдау



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Сыртқы экономикалық сауданың теориялық қалыптасу негіздері
1.1 Сыртқы сауда түсінігі, оның белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Сыртқы экономикалық сауданың жүргізілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Сыртқы экономикалық сауданың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ...12

2 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудасын талдау
2.1 Қазақстандағы сыртқы сауданың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Қазақстандағы сыртқы экономикалық сауданың көрсеткіштерін талдау ... ... ... 19
2.3 Сыртқы экономикалық сауданы жүргізу мен ДСҰ орны ... ... ... ... ... ...25

3 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын мемлекеттік реттеу
3.1 Сыртқы экономикалық сауданың жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.2 Қазақстанның сыртқы экономикалық саудасын мемлекеттік тұрғыдан реттеу ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Сыртқы экономикалық сауданың теориялық қалыптасу негіздері
1.1 Сыртқы сауда түсінігі, оның
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сыртқы экономикалық сауданың
жүргізілуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .7
1.3 Сыртқы экономикалық сауданың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ..12
2 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудасын талдау
2.1 Қазақстандағы сыртқы сауданың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстандағы сыртқы экономикалық сауданың көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Сыртқы экономикалық сауданы жүргізу мен ДСҰ
орны ... ... ... ... ... ...25
3 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын мемлекеттік реттеу
1. Сыртқы экономикалық сауданың
жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2. Қазақстанның сыртқы экономикалық саудасын мемлекеттік тұрғыдан
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..35
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 36

Кіріспе

Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді.
Қосымша құн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар
қосымша құн өндірмейді. Сауда пайдасы қосымша құнның түрін өзгерткен үлгісі
мен бір бөлігі. Сонымен сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп
капиталистерінің пайдаларының қайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген
қосымша құн, жалпы құн және қосымша құн болуы да ықтимал. Сауда капиталы
осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға қатысады.
Тауарды толық тұтынушыларға жеткізуге кететін көптеген шығын
түрлерінің жиынтығын айналыстағы өндірістің қосымша шығындары дейміз.
Капитализмде сауданың үш түрі бар: көтерме, бөлшек және сыртқы сауда. Сауда
капиталистері тауарларды тікелей тұтынушыларға халыққа сатады. Бөлшек сауда
дегеніміз осы. Бір капиталистердің басқа капиталистерге тауарды көп көлемде
сатып өткізуін көтерме сауда деп айиамыз.
Капитализмде сыртқы сауда ерекше роль атқарады. Келешекте бұл
тенденция үдей түседі. Шет елдерге шығарылған тауарлар экспорт, әкелінген
импорт деп аталынады. Экспорт көлемі импорттан асып түссе сауда балансы
активті, ал импорт экспорттан басым болса сауда балансы пассивті болғаны.
Қазір әсіресе келешекте ел тағдырын шешетін күштердің бірі әлемдік рынок.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге
капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциядан
және тағы басқалардан түскен табыстар кіргізеледі. Төлем балансының маңызды
құрамдас бөлігі сауда балансы. Онда елдің экспорт, импорт және экспорт
бойынша кірістері мен шығындары анықталады.
Капиталистік қоғамда сауда капиталы, капиталистердің ерекше тобы тек
қана айналыс саласында қолданатын өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір
бөлігі болып табылады. Сауда капиталының айналымы тауарды өткізу процесінде
саудагерлер авансылаған капиталдың орнын толтырып қана қоймай, сонымен
бірге осы капиталдан пайда түсіруді көздейді.
Сауда пайдасы дегеніміз материалдық өндіріс саласында жалдамалы
жұмысшылар жасаған қосымша құнның өзгерген формасы. Бұл өнеркәсіп
капиталистері тауарларды өткізуді жүзеге асырғаны үшін, сауда
капиталистеріне, беретін қосымша құнның бір бөлігі. Өнеркәсіп және сауда
капиталистері жұмысшы табын бірлесіп қанайды, ал жұмысшы табы өндірген
қосымша құнды өзара бірдей көлемді пайданы, бірдей көлемді капитал жұмсау
принципі бойынша бөліп алады.
Тақырыптың өзектілігі: капиталимздегі сауданың негізін ашар болсақ
сауданың жүруі негізінен үш бағытта болады. Олар көтерме, бөлшек, сыртқы
сауда. Саудадағы капиталистердің алынған тауарларды көптеген көлемде сатуы
көтерме сауданың белгісі болып танылады. Жер бетіндегі сауда саласындағы
халық қазіргі кезде көтерме сауда арқылы өздерінің тіршіліктерін қамтамасыз
етіп келеді. Көтерме сауда негізінен алғанда сауданың көптеген бөліктері
мен жағдайларын құрастырушы ретінде болады.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсаты- сауда ішіндегі көтерме
сауданың маркетингтік іс-әрекетін талдау мен оның негізгі бағыттарын
қаарстыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- көтерме саудаға экономикалық сипаттама беру;
- көтерме сауданың маркетингтік бағыттарын айқындау;
- көтерме сауданың маркетингтік тиімділігін арттыру мен жолдарын
көрсету;

1. Сыртқы экономикалық сауданың теориялық қалыптасу негіздері
1.1. Сыртқы сауда түсінігі, оның белгілері

Сыртқы сауда да фритретерствоны (еркін сауда) немесе
протекционизмді (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық
өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт кірігіп
араласып кетті.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары
қарқынмен жедел дами бастады.
Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернацоналданудың дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды
жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми техникалық революция
3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4. тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық
сауданың реттелуі;
5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп,
еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей
рыноктардың қалыптасуы;
7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар жаңа индустриалды елдердің
пайда болуы тағы басқалар.
Соңғы онжылдықта сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады.
Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда
экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. Америка Құрама Штаты
дүниежүзілік рыноктағы басымдылығынан айырыла бастады.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған
нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы
сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж. Скастың пікірінше: Қандай бір ел болмасын оның
экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Халықаралық сауда еңбек
бөлінісі негізінде әртүрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда
болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан
секторы өңдеуші өенркәсіп саласының тауарлары оның ішінде ғылыми сыйымды
тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына
500 млрд доллар құрайды, ал жоғарғы технологиялық өнімнің үлесі 40 пайызға
жуық. Машиналар мен жабдықтау саласының да ролі артып келеді. Осымен
байланысты ғылыми техникалық өндірістік кооперациялық қаржы несие
қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар
саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді.
Оларға инжиниринг, лизинг, консалтинг ақпаратты есептеу қызметтері жатады.
Халықаралық ұйымдардың (БҰҰ; ХВҚ) мәліметтері бойынша соңғы он
жылдықта халықаралық сауда жыл сайын орта есепппен 5,2 пайызға өскен. Бірақ
мұншалықты өсу барлық уақытта бірдей емес. Мысалы, 1989 жылы 4 пайызға
жеткен. Мұның басты себебі өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған
экономикалық тоқырау. Дәл осы кезеңде азиялық жаңа индустриалды елдерді
сыртқы сауда қарқыны 10 пайыздан асқан.
1994 жылы халықаралық сауданың көлемі 9,5 пайызға жоғарылап. осы
жылдардың басындағы төмендеу тенденциялары тоқтаған.
Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты
тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Олардың негізгісі
мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда экономикалық одақтар
деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы. Дүниежүзілік банктің
есептеулеріне қарағанда бұл одақтардың шеңберінде 90 жылдары дүниежүзілік
сауданың 42 пайызы жүзеге асырылған.

1.2. Сыртқы экономикалық сауданың жүргізілуі

Қазақстанның негізгі сауда аймақтары болған КСРО және СЭВ ыдырауына
байланысты сыртқы сауданың құрылымы да өзгерді. Республиканың сыртқы сауда
қатынастарында ТМД елдері, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы да
басқа оңтүстік Шығыс Азия елдері кіретін Азиялық Тынық Мұхит аймағы,
Түркия, Шығыс Араб елдері кіретін Азия, Германия, Швецария, Англия және
басқалар кіретін Еуропа сонымен бірге АҚШ кіретін Америка аймақтармен
сауда саттық байланыстарды дамытуда.
Қазақстанның жеткілікті экспорттық мүмкіншілігі бар. Республика
жерінде бұрынғы КСРО хром кен қорының 98%, вольфрамның 53%, қорғасынның
47%, мырыштың 40%, фосфориттің 65 %, мыстың 30 % және тағы да басқа қорлар
шоғырланған. АӨК-де әсіресе астық мал шаруашылығы өнімдері бойынша да
экспорттық мүмкіншіліктер бар. Қазақстанның жер қойнауында әлемде
зерттелген пайдалы қазбалардың 115 бөлігі орналасқан.
Қазақстан Республикасының жалпы тауар айналымы көлемінің 64 пайызы
ТМД, 22 пайызы Еуропа елдеріне, 13% Азия аймағы елдеріне келеді.
Халықаралық сауда мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы
тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасып, бірақ тек ХХ
ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен
өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатыасады. Халықаралық сауда дүниежүзілік
еңбек бөлінісіне, әртүрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың
табиғи-жағрапиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін
өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің
дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер ХІХ ғасрыда
айырбаста көбінесе шикізат азық-түлік жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса,
қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машина мен жабдықтардың
үлесі елеулі түрде өсті.
Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми техникалық
жетістіктер айырбасы қосылады олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы
айналымының 10 пайызын құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен
лицензиялармен сауда саттық жедел өсіп отыр.
Халықаралық сауда обьектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау
жұмыстары, лизинг, инжиринг жатады.
Халықаралық сауда экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық
ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД тағы басқалар жатады.
ГАТТ- тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың
сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады.
ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның
шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше
елдер арасында келіссөздер консультациялар, кездесулер өткізіледі. ГАТТ-ның
толық құқылы мүшелерінің саны 1990 жылы 90-ға жетті.[1.28]
ЕАСТ-Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы 1960 жылдан бастап жұмыс
істейді. Бұл ассоцияцияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі
мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.
ЮНКТД-Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясы. Бұған
170-ке жуық мемлекет, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТД-
халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау
жасайды.
Шикiзат емес сектордың қазақстандық тауарларын әлемдiк нарықтарға
экспорттық жылжытуға жәрдемдесy мақсатында мынадай жұмыс жүргiзiледi:
экспортты дамытуды ынталандыру бойынша шетелдiк оң тәжiрибенi зерттеу;
бiрқатар елдердiң, атап айтқанда, Ауғанстан, Пәкiстан, Үндiстан, Моңғолия,
Иран, Ирак, Египет, Оңтүстiк Африка Республикасы, Сауд Арабиясы, Америка
Құрама Штаттары, Бразилия, Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерi, Ресей
Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина, Қытай Халық Республикасы
тауарлар нарықтарына тиiстi шетелдiк ұйымдарды тарта отырып, талдамалық
зерттеулер жүргiзу; өз өндiрiсiн құру бойынша ұсыныстарды әзiрлеу
мақсатында дайын өнiмдi өндiру үшiн тиiстi шетелдiк зерттеу ұйымдарын
отандық кәсiпорындардың құрамдауыштар (жинақтауыштар, құрамдауыштар, шала
өнiмдер) түрлерiн пайдалану тұрғысынан тартуды жүргiзу;
      Экспортты дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған ұлттық
бағдарламасын әзiрлеу мақсатында әлемдiк нарықтарға тауарларды жылжыту
тәжiрибесi бар консалтингiлiк отандық және халықаралық ұйымдарды, оған
сараптама мен бағалау жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тарту, шикiзаттық
мақсаттағы перспективалы қазақстандық тауарлар мен брендтердi, оларды
әлемдiк нарықтарға одан әрi жылжыту үшiн олардың тiзбесiн қалыптастыру;
Қазақстанның шикiзаттық тауарлардың ауқымды ассортимент өндiрушi
ретiнде халықаралық имиджiн нығайту мақсатында отандық тауарларды әлеуеттi
өткiзу нарықтарында - шетелде таныстыру iс-шараларын өткiзу, отандық
тауарларды сыртқы сауданы жүзеге асыру кезiнде туындайтын сыртқы сауда
дауларды реттеу арқылы сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу;
"Қазақстанның дайын отандық өнiмдi үздiк экспорттаушысы" конкурсын өткiзудi
ұйымдастыру республиканың өңiрлерiнде отандық iскер ортада және сыртқы
нарықтарға, оның iшiнде шетелдiк экспорттаушыларды тарта отырып, отандық
дайын өнiмдi экспорттық жылжыту мәселелерi бойынша өндiрушiлер арасында
ақпараттық-түсiндiру iс-шараларын өткiзу. Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi
экономикасын құру әлемдiк экономикаға тығыз ықпалдасуына байланысты. Осыған
орай, республиканың бүкiл әлемдiк сауданың 95 % келетiн Дүниежүзiлiк сауда
ұйымына кiруi өзектi болып тұр. ДСҰ-ға кiру импортты тауарлар мен қызметтер
үшiн Қазақстанның нарығын ашуға ғана әкеп соқпайды, сондай-ақ республика
экономикасындағы реформаларды одан әрi тереңдетудi талап етедi. Келiссөздер
барысында: тауарлар мен қызметтерге баға белгiлеу процесiндегi мемлекеттiң
рөлiн азайту,сауда-экономикалық саясаттың транспаренттiгiн және кедендiк
рәсiмдердiң ашықтығын қамтамасыз ету, зияткерлiк меншiктi қорғау,
лицензиялар мен ветеринарлық сертификаттар беру жөнiндегi мәселелердiң кең
ауқымы бойынша республиканың мiндеттемелерi қабылданады.
      ДСҰ-ға кiру экономиканың қаржы, телекоммуникация, энергетика
және көлiк секторларын одан әрi ырықтандыруды көздейдi. Осы секторлардағы
бәсекелестiктi дамыту халықты және шаруашылық субъектiлерiн қоса алғанда,
тұтынушылар үшiн қызметтердiң сапасын жақсартуға және құнын төмендетуге
әкеп соғуы тиiс, түпкi нәтижесiнде қазақстандық тауарлар мен қызметтердiң
бәсекеге қабiлеттiлiгiне оң әсер етедi.
Қазақстанның егемен ел ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа
да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық
сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз
мындай оңды құбылыстарды байқауға болады:
1 . Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен
салыстырғанда 28,8 пайыз төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 пайыз қана
төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.
2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта
қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75% болса, сол
жылдың аяғында 52,5 %, ал 1996 жылы 30 пайыз болды.
3. Өндірістің құлдырауы тежеліп макроэкономикалық ахуал бойынша тұрақтанып,
келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996
жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 100,1
пайыз, соның ішінде өнеркәсіп өнімі 100,2 % болды. Соңғы жеті жылдың
ішінде түңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталылып, біршама
экономикалық өсуге қол жеткізілді.
4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,4
пайыз болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.
Солардың ішінде:
- облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық
байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын
бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- барлық лицензиялар мен квоталарды аукциондарда сатуды заңдастыру
керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға,
меншіктің әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен
квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді;
- экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен
ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде
талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу
бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын
тұрақтандырып, ролін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар
жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып,
экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар
саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына
сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталмаған
технологиялық кешендер құрып, өндіруі салаларды экстенсивті дамудан
интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды
пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін интенсивті ауыл шаруашылығын
жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан жақты дамыту жөніндегі іс шараларды батыл
қолға алу міндеттері тұр. [2.27]

1.3 Сыртқы экономикалық сауданың шетелдік тәжірибесі

Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық
потенциалын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де
қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы
арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл
және тез іске асыруға болтандығын ескерсек олардың экономкалық тиімділік
деңгейі жоғары екендігі түсінікті.
Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай
сауаттылығы, ғылыми зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге
қатысу мүмкіндіктері жатады.
Экономикасының шикізаттық бағасы, шетел инвестициялары мен жаңа
технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі
Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.
Қазақстанның егеменді ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін басқа да
көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда
қарым қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазіргі кезде Қазақстанада қолданылып отырған сыртқы сауда режимі,
баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі
өзгерістер қажеттілігі туындап отыр. Солардың ішінде:
- облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық
байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп,
олардан монополиялық сауда жасау құқығы алу қажет.
- барлық лицензиялар мен квоталарды аукциондарда сатуды заңдастыру керек.
Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің
әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға шақы
және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
- экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру
мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап,
қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын
тұрақтандырып, ролі мейлінше арттыру бағыттарында, қолға алатын жұмыстар
жеткілікті.
1994 жылдың 8 желтоқсанында құрылған ДСҰ өзінің қызметін 1995 жылдың
1 қаңтарынан бастады. Дүниежүзілік сауда ұйымы 1947 жылдан бері өзінің
қызметін атқарып келген тарифтер мен сауда жөніндегі Бас уағдаластықтың
(ГААТ) ізбасары болып табылады. ДСҰ-ның ГААТ-тан ерекшелігі ол БҰҰ
жүйесінің арнайы мекемесі ретіндегі заңды мәртебеге ие болды. ГААТ-пен
салыстырғанда ДСҰ-ның міндеті мен қызмет атқару саласы айтарлықтай кеңейді.
Сауда саласындағы тарифтер мен арбитраждың қызметтерден бөлек, ол басқа да
жаңа салаларды ауыл шаруашылығы қызмет көрсету саласын интелектуалдық
меншік саудасын өзіне қамти бастады. ДСҰ-ның құрылуы ғаламдану мен
халықаралық қатынастардағы өзгерістердің өсіп келе жатқан белгісі болып
көрінді. сондықтан да ДСҰ тек жай ұйым ғана емес, тауралар мен қызмет
көрсетудің халықаралық сауда сферасындағы үкіметтердің құқықтары мен
міндеттерін анықтайтын көп жақты келісім десе де болады. ДСҰ-ның құқықтық
негізіні 1994 жылғы редакциядағы тауралармен сауда туралы бас уағдаластық,
қызмет көсрету саудасы туралы Бас уағдаластық интеллектуалдық меншік
құқығының сауда аспектісі туралы Уағдаластық құжаттары құрайды. Ал аталмыш
уағдаластықтар ДСҰ-ға кірген елдердің парламенттерімен бекітілуі қажет.
ДСҰ-ның басты міндеті тауарлардың бір елден екінші елдерге бөгетсіз
енуін және дотациялық сфераларға, оның ішінде ауыл шаруашылығына
қатынастағы мемлекеттің протекционистік саясатын азайтудан көрініс табатын
халықаралық сауданы либерлизациялау болып табылатындықтан дүниежүзілік
сауда клубының қатарына өту әртүрлі мемлекеттердегі ең дәоменсіз салалардың
өкілдері тарапынан күшті қарсылыққа ұшырауы таң қалдырмайды. ДСҰ-ның іс
қызметі осы ракурста баға бәсекелестігінің төмендеуіне, инфляцияның,
жұмыссыздықтың өсуіне алып келетін, ұлттық кәсіпкерлік пен тұтас алғанда
экономикаға қатер ретінде қарастырылады.
Дегенме, ғаламдық әлем шаруашылығы бұл біздің уақытымздың шынайылығы,
ал әлемдік шаруашылық экономикалық қаржылық процестерге қатысудан шеттеп
қалу, тек экономиканың жабылуына ғана емес, оның апаттық тұрғыда қалып қоюы
мен жұтылуына алып келеді. Қазақстан Республикасының индустриалдық-
инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасының жасақтаушыларының
пікірінше, ғааламдану дәуіріндегі жабық, оның үстіне шағын экономика,
бастапқы капитализм стадиясында қалып қоюы мүмкін. Жабық экономика
саясатынан келетін зардап, Қазақстанның 1990 жылдардың бас кезіндегі
басынан өткізген қиыншылықтарынан да ауыр тиеді.
Қазақстан ДСҰ-ға бақылаушы мәртебесін осы үйымға қосылу жөніндегі
жұмысты көтере отырып, 1996 жылы алды. Осыдан кейінгі 6 жыл ішінде былайнша
айтқанда кіру процесінің ақпараттық кезеңі мен бастапқы ұйымдық-
процедуралық жұмыстары жүрді. Ал 2002 жылдан бастап, республика өзінің
атлмыш ұйымға кіруінің нақты шарттарын анықтау бойынша келіссөз процесінің
белсенді сатысына аяқ басты. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша 36 мүше
елдердің жұмыс топтарының арасынан 16 ел келіссөздерді жүргізуге ынта
білдірді- АҚШ; ЕО, Канада, Швейцария, Австралия, Латвия, Польша, Грузия,
болгария, Бразилия, Мексика, Чехия, Словакия Эстония, Пакистан.
ДСҰ-ның 135 мүше елдерімен саудалық қатынастарды жүргізетін Қазақстан
үшін, аталмыш ұйымға кіру бірнеше себептер бойынша маңызды ДСҰ-ға мүше
елдердің барлығымен қолайлы сауданы дамыту үшін, әсіресе инвестицияларды
тарту үшін, сауда егестерін шеттетпей шешу мүмкіндігі үшін. Қазақстан
экспортында шикізаттың басым екендігі, ал импортта дайын тауарлардың басым
екендігі белгілі, ал бұл тиімсіз баға пропорциясын тудырады. Көптеген
шикізаттың тауарларға қатынастағы антидемпингтік таластардың өзінен ғана
Қазақстан 550 млн доллар жоғалтып отыр. Одан бөлек Қазақстандағы кедендік
тарифтердің орташа бағамынан да төмен бұдан Қазақстандық экономиканың
ашықтығы дәрежесі айтарлықтай жоғары, ал қазіргі күндегі кедендік тарифтер
ішкі рынокты әлсіз қорғайды деп байлам шығарды. [3.45]

2 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудасын талдау
2.1 Қазақстандағы сыртқы сауданың ерекшеліктері

Ақтөбе облысының экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы ерекше
зор. Егемендiк алған жылдардан берi Ақтөбе облысының дүние жүзiнiң 80-нен
астам елiмен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесiнде Ақтөбе
облысыныңның сыртқа шығаратын және сырттан бiзге алып келетiн тауарлардың
(қаржы түрiндегi) көлемi жылдан-жылға өсiп келедi. Бiр қуанарлық нәрсе,
республиканың экспортқа шығаратын тауары импорттан асып отырғандығында
болып отыр. Мысалы, 2005 ж. экспорт импорттан 1 млрд. 250 млн. доллар
көлемiнде асып түскен, немесе 64 пайызға өскен. Сол жылы оның алдындағы
1994 жылмен салыстырғанда агроөнеркәсiп кешенi өнiмiнiң экспортын 2,5 есе
арттырды. Сөйтiп, ол импорттан алғаш рет 1,7 есе асып түстi. Ал 2001 ж.
Ақтөбе облысыныңның сыртқы сауда көлемi 14 млрд. АҚШ долларынан асты.
Ақтөбе облысыныңның сауда айналымының шамамен 32 пайызы ТМД елдерiнiң
үлесiне, 12-18 % Еуропа елдерiнiң (35 ел), 913 % Азия аймағы елдерiнiң
үлесiне тиедi. Ескере кететiн бiр нәрсе - сауда көлемi Еуропа елдерiнде
арта түсiп, Шығыс Еуропа (бұрынғы социалистiк мемлекеттер) елдерiнде едәуiр
кемiп бара жатқаны байқалады. Еуропаның қалтасы қалың инвесторлары үшiн
Ақтөбе облысының кәсiпорындарының есiгi барған сайын айқара ашылып келедi.
Алдағы кезде Еуропа Сыртқы сауда бiрлестiгiне мүшелiкке өтетiн болады.
Мiне, сол кезде Еуропа Одағына кiретiн елдермен екi арадағы сауданың бұдан
да кең өрiс алуына қолайлы жағдайлар туатыны сөзсiз. [4. 23]
Ақтөбе облысының сыртқа шығаратын тауарларының басты түрi металл (34
%), мұнай, газ, көмiр, минералдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Республикасының қызмет көрсету дамуының қазіргі деңгейі
Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері
Кедендік-тарифтік реттеу
Бөлшек тауар айналымы
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын және сыртқы саясатын дамытудың жолдары
ҚР-ның сыртқы саудасын статистикалық зерттеу
Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Пәндер