М. Дулатовтың өмірі


Жоспар
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. М. Дулатовтың өмірі.
2. М. Дулатовтың шығармашылығы.
3. М. Дулатовтың репрессияға ұшыраған себептері.
Әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ жылдар бойы қатаң тыйым салынып келіп, енді ғана асыл мұраларымен халқына қайтып оралған ардақты есімдердің арасында Міржакып Дулатов аты - ерекше кұрметке лайық. Қиын-қыстау өмірінің өн бойында тынымсыз жалғасқан қарекетімен, тындырып кеткен ұлан-ғайыр істерімен халық жадында біржола сақталып калған бірегей тұлғалардың бірі.
М. Дулатовтың бүкіл өмірі осы ғасырдың бас кезіңде халқымыздың рухани көсемдерінің бірі ретінде танылған Ахмет Байтурсынов есімімен тығыз байланысты. Бұлда сондай, бойындағы барлық қайраты мен білімін туған халқының бостандығы мен бақыты жолына бағыттаған қоғамдық-саяси қайраткер, ойлы сөзімен халық даласын оятқан дарынды ақын, ағартушы ұстаз, жалынды публицист.
Міржакып Дулатов 1885 жылы қарашаның аяқ кезінде бұрынғы Торғай уезінің Сарықопа болысындағы № 1 ауылда, қазіргі Торғай облысының Жангелдин ауданына қарасты «Қызбел» совхозыныд жерінде туған.
Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жае өспірімнің кейінгі тәрбие қамқорлығы Асқар дейтін оқыған ағасының мойнында болады. Бұған дейін ауылда қара танып қалған жас талап 1897 жылы Торғай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі де, бес жыл окып, ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады. Содан алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқтады.
Әлі шәкірт жасындағы ұстаз жігіттің кейінгі өмірінде кеңінен өріс алған белсенді әлеуметтік, саяси, шығармашылық қызметі, міне, оеы кездерден басталады.
Бұл қай кез еді? Уақыт жағынан алсақ, талай халықтардың басынан небір сұрапыл дауылдарды соқтырып өткен XX ғасырдың басы. Ал, қазақ қауымының хал-жайына орайластыра ой жіберсек, ғасырлар бойы ұйқыда жатқан меңіреу даланың денесіне жан бітіп, қимылға келе бастаған кезі.
Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, бұл кезең - патшалықтың қазақ даласында отаршылдықгы күрт күшейтіп, онсыз да қағажу елге тізесін батыра түскен жылдары еді. Өткен ғасырдың аяқ кезінде қауымнан босатьшған орыс шаруалары жаппай қазақ өлкесіне көшіріліп, патша әкімшілігінің зорлығымен жергілікті халықтың оты-суы мол, ең шұрайлы жерлері қоныстанушыларға тартып әперілді.
Бұл жағдай сол кезде ұлттық сана-сезімдері оянып, туған халқының қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қаға беріс қалып, қалың ұйқыда марғау жатқан қараңғы елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Сол қапаотан құтылудың ең бірінші қадамы - надандықтан арылу, ілгері елдердің қатарына қосылып, өнер-білімге тартылу деп білді де, олар осы бағытта насихат жұмысын өрістетті.
Міне, осындай тарихи ахуалда ел ішінде жас ұрпаққа білім ұрығын сеуіп жүрген Міржақып сияқты көзі ашық, көкірегі ояу жас мүғалім халықтың тағдырына байланысты саяси-әлеуметтік мәселелерден оқшауланып кала алмады. Қалың қазақы ортадан шығып, айналасы 4-5 жылдың ішіңде уездік мектепте дүниелік пәндерден жалпы мағлұмат алып шыққан жас жігіттің алдынан күрескер азаматтық жолы осылай ашылып еді.
Өрелі ой мен әршіл Талап өз бойынан сәтті ұштастық тапқан жайсаң жас, алыс қияндарды аңсаған алғыр қырандай, өмірден кең
еріс іздейді, игі мақсаттар мен ізгі мұраттар жолында қүлаш жая қймыл жасайтын кен. даңғылды аңсайды. Осындай талапқа бекінген
мүғалім жігіт 1904 жылы Арқадағы қазақ оқығандарының бас қосатын бір орталығы - Омбы қаласына аттанады.
Осы сапарында өзінің болашақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Соған еріп Қарқаралы барады, ондағы ұлттық-демократиялық қозғалысқа белсене араласады. Отты сөзімен, орнықты ісі-мен көзге түскен жиырмадағы жас жігіт сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық-демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.
Кеше ғана Торғай топырағынан аттанған ауыл мұғалімінің әлеуметтік-саяси көзқарасының қалыптасуында, ой өрісінің кеңейіп, ішкі сенімдерінің беки түсуінде - бұл сапардың шешуші маңызы болады. Саяси күрескерліктің алғашқы сабақтарын Омбы бен Қар-қаралыда Ахаң мектебінен алған Міржақып астанаға барғанда одан әрі кеңейтіп, пысықтай түседі.
1907 жылы Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңі басылады- Ал, осы газеттің жарық кере алмай кеткен екінші санына Дулатов «Біздің мақсаттарымыз» атты бас мақала жазған екен, газеттің шықпай жатып тұншықтырылуына басты бір себеп болған осы мақала екен деген де деректер бар.
Бұл кезде Міржақып белсенді қайраткер, саяси күрескер ғана емес, сонымен бірге шабытты ақын ретінде де таныла бастаған. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» деген атпеи басылып шығады.
Жаңа ғана оқу-білімге тартылып, ана тіліндегі алғашқы басылымдарға ынта-ықыласы арта түскен қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Ауыл арасында қолдан-қолға, ауыздан-ауызға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның атақ-данқы өте алыс қияндарға танымал болады.
Бірақ, бұл кітап жас авторға халық арасындағы абырой-беделмен бірге патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргінді ала келеді. Мұғалім жігіт тергеу органдарының бақылауына алынады. Ақыры, ол туған жерден тайғақтап, өзі көрген Омбы жаққа, Ақмола облысындағы Қызылжар қаласына қарай жылыстап кетеді. Осының артынша «Оян, қазақ!» та кәмпіскеленеді.
Қызылжарға барғаннан кейін бақылауда жүрген Міржақыптың ресми орындарда еркін жұмыс істеуіне мүмкіндігі болмайды. Сот кеңсесінде там-тұмдап тілмәштық қызмет атқарып, күн көрістік қаражат тауып жүреді. Жеке адамдарға жалданып, - мүғалімдік қызметін де жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінде сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алған.
Революция толқыны күшиен басылып, ел ішін реакцияның қара түнегі қайта торлаған кезде, әрбір қадамы санаулы болған саяси сенімсіз жігіт белсенді қоғамдық қаракетке бара алмай, көбінесе көркем шығармашылыққа шоғырланады. Поэзияда қаламы төселіп қалған автор енді жаңа бір шабыттпен проза саласында, күрделі жанрда күш сынап көрмек болады. Ол дереу роман жазуға кіріседі. Шығарма тез жазылады да, 1910 жылы Қазандағы Қаримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» деген атпен жарықкөреді. Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман дүниеге осылай келеді.
Бұл кезде Міржақып өз шығармашылығын өлең мен проза жанрында қатар дамытады. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе, «Аиқап» журналына үзбей жазып түрады. Сонымен бірге қағілез жігіт қазақ даласындағы әлеуміеттік өмірден де қол үзбей, жіті құлақ түріп, халық тұрмысының жай-жапсарын қадағалап отырады.
Әр өлкедегі ел тұрмысын өз көзімен көріп-білгісі келеді. Осындай ниетпен 1911 жылы қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай саяхатқа шығады. Бірақ, бүл кезде патша тыңшыларының қатты аңдуына алынған азамат Семей қаласына келгенде полицияның қолына түседі. Осында бір жарым жыл қамауда отырады.
Абақтыдан шыққан бойда Міржақып ел шетінен жер аударылған Ахаңның ізімен Орынборға қарай беттейді. Мұнда келгеннен кейін осындағы азғана топ қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру, бәсеңсіп қалған жұртшылық қозғалысына қайтадан дем салу мақсатымен, баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарады. Қыр өлкесінің ағартушылық демократияшылдық бағыттағы тұңғыш биресми басылымы - айтулы «Қазақ» газетін шығару жөніндегі Байтұрсынов пен Дулатовтың бірлескен қызметі басталады.
Әдепкідіе баепахана жалдап, ақыға шығарылған газет көп ұзамай өзігндік баспаханасы, қағаз қоры, айналым қаржысы, шағын кітапханасы, тағы басқа керек-жарағы бар әжептәуір кеңселі мекеме дәрежесіне көтеріледі. Алғашқыда 3 мың дана болып басылған газет тиражы аз уақыттың ішінде 8 мыңға жетеді.
«Оян, қазақ!» кітабынан соңғы кезеңде жазылған өлеңдерін 1913 жылы осы Орынборда «Азамат» деген атпен жинақ етіп шығарып, 1914 жылы «Бақытсыз Жамалды» Қазанда қайтадан бастырып, 1915 жылы «Терме» атты жинақпен «Оян қазақтағы» өлеңдерің Орынборда тағы бір жаңғыртып шығарады да, өзінің ақын-жазушылық қалпын нығайтып, Міржақып осы жылдары журналистік, публицистік дарынын да мейлінше аша түседі.
«Қазақ» газеті 1913 жылдың бас кезінен 1918 жылдың наурызына дейін шығып тұрды. Алғашында айқын ағартушылық, дәйекті демократияшылдық бағытта болған бұл басылым Ақпан революциясын мойындап, ал Қазан революциясын қабылдай алмады.
Бірақ, оқиғалардың кейінгі аяқ алысында Алаш басшылары, оның ішінде М. Дулатов та, жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауға бекінеді.
Әлбетте, аумалы-төкпелі заманның аласапыраны кезінде жасалған бұл батыл кадамнық қатерлі тәуекелі де жоқ емес еді. Осының айғағындай, алғашында Ташкентке барып, аз уақыт «Ақжол» газетінің редакциясында, одан кейін Семей облысының сот органдарында қызмет атқарған Міржақып 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ, бұл әділетсіздік ұзаққа созылмай, Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады.
Содан кейін ол Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру инс-титутына (КИНО) оқытушы болып орналасып, мұнда 1922 жылдан 1926 жылға дейін ісейді. Ұстаздық қызметке қайта оралғаннан кейінгі осы төрт жыл, одан кейін Қазақстан мемлекеттж баспасында бөлім бастығы, «Еңбекші қазақта» редактордың стилистика жөніндегі көмекшісі болып істеген кездері - Міржақыптың қарбыта қалам сілтел, өндірте жұмыс істеген аса бір жемісті жылдары еді.
Атап айтқанда, 1922 жылы үстаздық қызметке қайта оралған бетте, ол екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын» әзірлеп, Ташкент каласында бастырып шығарды. «Балқия» атты төрт перделі пьеса жазды. Сол кездегі республика астанасында қазақтың ұлттық театрының негізін құрған көркемөнерпаздар үйірмесінде қойылып, зор табысқа ие болған бұл шығарманы - қазақ кеңес театрының алғашқы репертуарлық бастауларының бірі деуге болады.
1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа баеылымы жарық көреді.
Ал, енді осыған әрдайым қапталдасып отырған журналистік, ау-дармашылық қызметті қоссақ, тынымсыз еңбекпен өткен, қарекетшіл қажыр иесінің өмірі көзге айқын елестейді. Мәселен, бір ғана 1925 жылдың өзінде ол В. И. Лениннің «Жаңа үнем саясаты», «1905 жылғы төңкеріс», Г. Зиновьевтің «Ресейлік коммунистік партияның тарихы» атты еңбектерін аударып, Орынбор мен Қызылордада бастырып шығарады. Соған ілестіре революциядан кейінгі кезеңде қазақ тілінде шығарылған кітаптардың екі томдық библиографиялық көрсеткішін әзірлеп бастырады.
Бұл аталған фактілер Міржақыптың осы алты-жеті жыл ішіндегі ұстаздық, баспагерлік, қаламгерлік белсенді қызметінің басты-басты нәтижелері ғана.
Шығармашылық кемел шағына келіп, республикадағы мәдениет революциясы ісіне белсене ат салысып жүрген кезінде Міржақып Дулатов Сталин-Голощекин озбырлығының қармағына тағы да ілінді. Баяғы өткен оқиғалардың жаңғырығы қайта қоздырылып, 1928 жылдың аяғында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясыньің үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылды. 1935 жылы қазанның 5-і күні, елу жасқа толуына бір ай қалғанда, Ақтеңіз-Балтық каналының бойындағы Сосновец станциясында, лагерьдің қазаретінде ауыр науқастан қайтыс болды.
- М, Дулатовтың «қылмысты» ісін жан-жақты тексере келіп, Қазақ ҚСР-нің прокуроры 1988 жылғы қазанның 27-сі күні тиісінше наразылық білдірді де, республика Жоғарғы сотының коллегиясы сол жылғы қарашаның төртінде қылмыс құрамы болмағандықтан марқұмның есімін білжола ақтады.
Ақынның революциядан сегіз жыл бұрын шыққан алғашқы жинағының жалпы идеясы мен онда топталған өлеңдерінің негізгі мазмұны - «Оян, қазақ!» деген ағынан-ақ көрініп тұр. Автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы төрт жолдық беташарға түгел сыйғызылған:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал хараң боп, Қазағым, енді жату жарамасты.
Патшалықтың отарлау саясаты, халықтықөнер-білімнен мақұрым қалуы, тұрмыс күйінің күйзелісі және осылардан тамыр тартқан тағы басқа алуан түрлі тақсірет- осы төрт жол өлеңде түгел қамтылған. Айналасы мың жарым жолдай, яғни қазіргі замандағы кітап көлемінің өлшемімен алсақ, екі баспа табақтай ғана бұл шағын жинақта - қасірет зарын көп тартқан қазақ халқының ұзын ырғалы арғы тарихы мен кейінгі қатал замандағы кайғылы тағдыры және сол қараңғы қапастың қалың түнегінен шығар жол қайсы екен деп қарманбаған бейқам елдің болашағы көз алдыңа елестейді.
Жинақты оқып отырғанда, туған халқынын басындағы ауыр халді ойлап, бебеу қаққан азамат ақын жүрегінің құсалы күрсінісі естіледі. Тығырықтан шығар жолды іздеп, шарқ ұрған тынымсыз жанның: «ол мынау!» - деп қолмен нұқып көрсеткендей, ашынып айтқан аяулы зары келеді құлаққа. Болашағын ойлауға ақыл-сана сатысы төмендеу соғып жатқан жұртына қозғау салатын, соның нгілігіне қызмет етеді дейтін оқыған зиялыларға, болашақ иесі - жастарға шегелеп айтқан ождан сөзінің сарыны еседі.
Осындай көңілсіз көріністің үстінен биіктей көтеріліп, халық өмірінің әрбір дем-тынысына құлақ түрген, осы жолға өзінің қажыр-қайратын, өнер-білімін сарқа жұмсауға бел байлаған күрескер, азатшыл, мейлінше ұлт жанды, еркін ойлы, азамат ақын бейнесі тұлғаланып көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz