Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Төлем қабілетсіздік мәселесінің теориялық сипаты
1.1. Төлем қабілетсіздік түсінігі мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Төлем қабілетсіздіктің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Төлем қабілетсіздіктің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін талдау13
2.1. Қазақстандағы төлем қабілетсіздіктің сипатын талдау ... ... ... ... ... .13
2.2. Қазақстандағы төлем қабілетсіздік жағдайын талдау ... ... ... ... ... ...14
2.3. Қазақстандағы төлем қабілетсіздігінің талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

3. Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін шешу жолдары
3.1. Қазақстандағы төлемқабілетсіздікті мемлекеттік тұрғыдан шешу ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қосымшалар

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Төлем қабілетсіздік мәселесінің теориялық сипаты
1.1. Төлем қабілетсіздік түсінігі мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Төлем қабілетсіздіктің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Төлем қабілетсіздіктің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .9

2. Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін талдау13
2.1. Қазақстандағы төлем қабілетсіздіктің сипатын
талдау ... ... ... ... ... .13
2.2. Қазақстандағы төлем қабілетсіздік жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ...14
2.3. Қазақстандағы төлем қабілетсіздігінің
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .16

3. Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін шешу жолдары
3.1. Қазақстандағы төлемқабілетсіздікті мемлекеттік тұрғыдан шешу ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29

Қосымшалар

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан үшін басым міндеттердің
бірі бәсекеге қабілетті экономика құру болып табылады. Орта мерзімді
перспективада бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге және
қазақстандықтар үшін өмір сапасының жаңа жоғары стандартын құруға ниеттеніп
отыр. Бұл күрделі міндеттердің қуаты экономикалық негізі бар, ол нақты және
оған қол жеткізге болады. Қазіргі таңда тәуелсіз ел сахнасына шыққан
Қазақстан Республикасы сияқты елдерге әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруда
ешқандай ештеңені ойлап табудың қажеті жоқ. Өйткені, әлемдік тәжірибеде
әлеуметтік мемлекеттіліктің қалыптасқан классикалық үлгісі бар. Ол үлгі
бойынша әлеуметтік мемлекетке тән белгілер мыналар:
- мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай
ұйымдастырылуы;
- мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік қасиетінің болуы;
- экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
- табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа әділетті бөлу;
- құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
- әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын
тетіктердің болуы.
Әлеуметтік мемлекет ұғымына тән белгілерге зер сала қарағанда ол тек
экономикалық және саяси үрдіс емес, ол сонымен бірге қоғамның адамгершілік
құндылықтарымен де өлшенетін үрдіс екеніне көз жеткізуге болады. Әлеуметтік
мемлекеттегі әлеуметтік саясат қазіргі таңда мемлекеттің барлық жақтарын
қамтиды. Әлеуметтік саясат Қазақстандағы басты міндеттердің бірі болып
табылады.
Тұрақты даму жолы экономика саласында бұрынғы дан да ауқымды шаралар
белгілеп оларды іске асыруға жол ашты. Қазақстанның табиғи байлығын,
өндіргіш күштерін шетелдіктермен қатынастардан туған мүмкіндіктерді
пайдалана отырып жаңа экономиканы түбегейлі және жан-жақты жасақтау осы
тұрақты даму жолына шығудан басталды.
1997 жылдан бастап Президент Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға
дейінгі Даму стратегиясын ел назарына ұсынды. Терең ойластырылған осы
стратегия біздің бүгінгі іс-қимылдың және болашақта асатын асулардың жол
нұсқаушысы болып отыр. Ел экономикасының әр саласының дамуына арналған
мемлекеттік бағдарламаның негізгі арқауы да осы стратегия болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
жылдарындағы дамуын зерттей отырып, халық табысы мен шығындарын талдау
болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- халық табысы мен шығындарын көрсету;
- халықтың табысы мен шығындарын экономикалық көрсеткіштері;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3тараудан, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1Төлем қабілетсіздік мәселесінің теориялық сипаты
1.1Төлем қабілетсіздік түсінігі мен жіктелуі
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігімізді шынайы түрде баяндауда
халықтың әлеуметтік жағдайын жылдам қарқынды түрде көтеру жолында
республика бойынша жалақы деңгейін тұрақтандырып экономикалық
мүмкіндіктерімізге орай белгілеу және нақты істер мен оңды қадам жасау
халықытң игілігі жүргізіліп жатқан игі істер екендігі сөзсіз.
Аталмыш стратегияның екінші көздеген мақсатын жоғарыда атадық. Ол жаңа
экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен ғылым негізінде дамыған
экономика, яғни тек өнім тауар шығаратын экономика емес, білімге білім
қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология туғызып,
соның негізінде дамитын экономика.
Сондықтан да ол бұрынғынмен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы.
Әлем тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі таңда дамыған технология, жаңа білім
негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда,
Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы
жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу
қамында.
Бізде жаңа экономика мәселелері тек тұрақты даму жолына түскенде
көтеріле бастады. Адам капиталын дамыту мақсатымен білім саласының 5 жылдық
бағдарламасы жасалып ол орындалып жатыр. Президент атап көрсеткеніндей
таяу жылдарда ғылым саласына мемлекет тарапынан бөлінген қаржы 25 есе өсуі
керек. Қазіргі таңда барша әлемді шарлап жаңа технологиялар іздеу
қамындамыз. Мұнай химиясы өндірісі саласында, құрылыс материалдары, тағы да
кейбір өндіріс салаларына жаңа өте тиімді технологиялар әкелу ісі басталды.

Қазақстан экономикасының дамуы 2009 жылы дүниежүзінің барлық елдерін
қамтыған терең экономикалық дағдарысқа және экспорттық тауарлардың бағасы
мен сұраныстың төмендеуіне бейімделу жағдайында өтті. Отандық банктердің
сыртқы нарықтардағы қарыз алу мүмкіндігінің қысқаруы салдарынан экономиканы
кредиттеудің төмендеуі экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне айтарлықтай
әсер етті. Банктердің өздері 2009 жылы берешекті ұзартуға және қайта
қаржыландыруға байланысты кейбір қиындықтарды бастан кешірді. 2009 жылы
экономиканың өсуі негізінен рецессияға жол бермеуге және экономикалық
дамудың бәсеңдеуінің теріс салдарын жұмсартуға бағытталған мемлекеттік
ынталандыру шараларымен қамтамасыз етілді. 2009 жылдың бірінші тоқсанында
ЖІӨ-нің маусымдық және күнтізбелік факторларды есепке алмағанда, алдыңғы
кезеңге қарағанда 3,4%-ға азайғаны байқалды. Экономиканың жалпы құлдырауы
негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың, банктердің экономиканы
кредиттеуінің және Қазақстаннан экспорталатын тауарлардың дүниежүзіндегі
ғаламдық тұтынуының қысқаруы аясында өтті. Экономиканың нақты секторының
салаларындағы өндіріс көлемінің ең көп қысқаруы дәл 2009 жылдың бірінші
тоқсанына келеді. Өнеркәсіп өнімінің көлемдері нақты есепте өткен жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде
0,2%-ға, өңдеуде 11,8%-ға кеміді. Өсудің оң қарқыны ауылшаруашылық
саласында 3,6% мөлшерінде сақталды. Құлдырау құрылыста байқалды, онда
құрылыс жұмыстарының көлемі 4,2%-ға кеміді. Қызмет көрсету саласында,
экономикадағы тұтыну және инвестициялық сұраныстың қысқаруына қарамастан,
өсудің аз ғана – 0,9% оң қарқыны орын алды. Экономикадағы сұранысты
қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары екінші тоқсаннан бастап экономиканың
салаларындағы іскерлік белсенділіктің төмендеу қарқынының бәсеңдеуіне және
өсудің біртіндеп қайта басталуына ықпал етті.
2009 жылы елдің ЖІӨ-нің оң өсу қарқыны көбінесе экономикадағы
инвестициялық белсенділіктің арқасында қамтамасыз етілді. 2009 жылы негізгі
капиталға инвестицияның нақты өсу қарқынының өткен жылмен салыстырғанда
бәсеңдеуіне қарамастан, оның оң серпіні сақталып, көлемі 2,1%-ға өсті.
Қаржыландыру көздеріне қатысты инвестицияның құрылымы бірқатар өзгерістерді
бастан кешірді. Шетел инвестицияларының үлесі жалпы көлемнің өткен 2008
жылғы 25,3% көрсеткішімен салыстырғанда 37%-ға дейін өсті. Инвестициялардың
мемлекеттік бюджеттегі үлесі 2008 жылғы 18,7% көрсеткіштен 19,3%-ға дейін
өсті.[7.10]
Өнеркәсіп өнімінің өсу қарқынының бәсеңдеуі және осы саладағы
шаруашылық субъектілері табыстарының төмендеуі 2009 жылы инвестициялар
қысқаруының басты себептері болды, өйткені мұнда 60%-дан астам капитал
салымдары шоғырланады. Шаруашылық субъектілерінің өз меншігіндегі қаржыдан
негізгі капиталға қаржы бөлуі 2009 жылы 14,4%-ға кеміді, бұл олардың
инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағының 40,5%-дан 34%-ға дейін
төмендеуіне әкеп соқтырды.
Кредиттеудің құлдырауы, кредит ресурстарының шектеулілігі мен
кәсіпорындар үшін олардың жоғары бағасы қарыз қаражат инвестицияларын
қаржыландыру көздеріндегі үлестің төмендеуінің басты факторлары болып
табылады. Егер 2008 жылы инвестициялары қаржыландыру көздеріндегі қарыздық
қаражаттың үлес салмағы 15,5%-ды құраса, 2009 жылы ол 9,8%-ға дейін
төмендеді. Статистика агенттігінің есепті деректеріне сәйкес 2009 жылдың
қорытындылары бойынша ЖІӨ нақты мәнде 1,2% өсіп, 17 007,6 млрд. теңгені
құрады. 2009 жылы ЖІӨ оң өсімін сақтаудың негізгі факторлары ауылшаруашылық
өнімдерін жинау көлемінің артуы, дүниежүзілік нарықтарда мұнайдың баға
конъюнктурасының жақсаруы және мұнай өндіру көлемінің өсуі, әлеуметтік
салалардағы тұрақты өсім болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша ауыл
шаруашылығындағы ЖҚҚ нақты көлем индексі 113,7%, өнеркәсіп 103,3%, қызмет
көрсету саласында 98,5% құрады.    Өнеркәсіптегі  өсудің негізгі
қозғалтқышы болып 7,5% өсіммен тау-кен өнеркәсібі табылып, өнеркәсіптің
басқа салаларындағы іскерлік белсенділігінің құлдырауын нивелирлеуге
мүмкіншілік туды. Денсаулық сақтау және білім сияқты әлеуметтік салалардағы
тұрақты өсім қызмет көрсету саласының терең құлдырауына жол бермеді.
Тұтынушылық сұраныстың және экономикадағы іскерлік белсенділіктің фискалдық
ынталандыру шаралары 2009 жылы өндірістің терең құлдырауын болдырмай,
әлеуметтік жағдайды тұрақты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Үкіметтің
дағдарысқа қарсы саясаты аясындағы қолға алынған шаралар, біріншіден
экономикалық құлдыраудың әлеуметтік салдарын жұмыспен қамту деңгейін қолдау
арқылы жұмсартты.

1.2. Төлем қабілетсіздіктің қалыптасуы

Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жәненемесе жете пайдаланылмаған
дамуға арналған нысаналы трансферттер сомасы Бюджет кодексінде белгіленген
мөлшерде тиісті төмен тұрған бюджеттің иелігінде қала алады.
Әрбір бюджеттің дербес жұмыс істеуі белгілі шығыстың дербес жүзеге
асырылуын ғана емес, сонымен қатар табыс көзіне қол жеткізу мүмкіндігін де
қамтамасыз ететінін білдіреді.
Табыс көзін бюджет жүйесінің деңгейі арасында тұрақты негізде бөлу
өңірдің бюджеттік қамтамасыз етілуін түзетуге, жергiлiктi атқарушы
органдардың бiрдей деңгейде мемлекеттiк қызмет көрсетуiн қамтамасыз етуге
бағытталған.
Түсімдерді бюджет жүйесінің деңгейі арасында бөлу негізіне мынадай
негізгі принциптер алынған:
- табыстың тұрақтылығы – әрбір бюджет жүйесінің деңгейіне тиісті
түсімдер заңды бекітілген, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге жалпы
сипаттағы ресми трансферттер мөлшері белгіленеді: бюджеттік
субвенция мен алулар. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер жергілікті
бюджеттердің бюджет қаражатымен қамтамасыз етілуін көлденең
түзетуге және бюджеттің әрбір деңгейінің шығыс өкілеттігіне сәйкес
мемлекеттік қызметтің стандартты деңгейін көрсетуге тең фискалдық
мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған;
- табыстың жеткіліктігі – бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің
толыққанды мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін қаржы
қаражаты болуы тиіс. Аймақтардың экономикалық дамуының қатты
айырмашылығы болғандықтан, өңірлер бойынша табыс базасы тең
бөлінбеген, сондықтан халықтың мемлекеттік қызметке тең қол
жеткізуіне жету түрлі реттеуіш табысы арқылы жүзеге асырылады;
- табысты реттеудің бірыңғай нысаны мен әдісі – бюджет жүйесінің
әрбір деңгейіне қосымша табыс беру бірыңғай көзқарасқа негізделуі
тиіс. Бұған трансферттер, бюджеттік несие және табыс бөлу нормативі
арқылы қол жеткізіледі.
- мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігі – бюджет жүйесінің әрбір
деңгейі нәтижелі өндірісті және мемлекеттік қызмет көрсетуді
қамтамасыз етуі тиіс.
-
1.3. Төлем қабілетсіздіктің шетелдік тәжірибесі

Республиканың 2000-2005 жылдардағы даму кезеңі транзиттік ретте
сипатталады. Еліміз ұзаққа созылған жүйелі дағдарыстан нарықтық
реформалардың онжылдығында тұрақты даму жолына шықты.
Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасының
жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 64 миллиард долларға жетеді (бұл-1,7 триллионнан
астам теңге). Халықтың сатып алу қабілеті 138 миллиард доллар болып
табылады. Қазақстан халқының биылғы жылы 200 мың адамға көбейетінін де
ұлттық саясатқа оң әсер ететін жағымды жаңалық деп қабылдаған жөн.
Жақын көршілес елдерге қатысты мәліметтер де қызығушылық тудыратыны
күмәнсіз. Мысалы, Өзбекстандағы экономикалық өсім шамамен -5,7 пайыз ЖІӨ
-10 миллиард доллар. Республика халқының сатып алу қабілеті 55миллиард
доллар болып отыр. Ал, жан басына шаққандағы жылдық табыс 400 доллардың
төңірегінде. Бұдан өзбекстандықтардың табысты Қазақстан азаматтарына
қарағанда 10 есе аз табатынын көреміз.
Қытайлықтардың сатып алу қабілеті 9,48 триллион долларды құрайды. Бұл
елдегі инфляция 2 пайыздан аспайды деп болжанып отыр. Құрлықтық Қытайдың
халық саны 1,32 миллиард адамға жетеді. Ал, әр қытайлықтың жылдық табысы-
1700 доллар.
Халықаралық беделді сарапшылардың талдауына сүйенсек, Қытайдың
аймақтағы дәстүрлі бәсекелесі-Үндістанның көрсеткіштері әжептәуір төмендеу
болатыны байқалады. Бұл елдегі ЖІӨ -857 миллиард доллор болса, халқының
сатып алу қабілеті 4 триллион доллар көлемінде. Жан басына шаққандағы
жылдық табысы бар-жоғы-700 доллар. Дегенмен, сарапшылар ел үкіметінің
экономикалық саясатына жоғары баға беріп отыр.
Ал, Пәкістанның перспективасы қуантарлықтай емес. Экономикалық өсімі
6,5 пайызды құрағанмен, ел өткен жылдың күзінде болған сұрапыл зілзаланың
салдарынан әлі де айыға алмауда. 160 миллион пәкістандықтың бір жылда
табатын табысы 730 доллардан аспайды.
Халықаралық беделді сарапшылар деңгейі жоғары Америкадан кейінгі
екінші орында тұрған Жапонияның биылғы экономикалық өсімі 1,3 пайызды
құрайтынын хабарлайды. Елдегі инфляция іс жүзінде- нөлдік деңгейде. Есесіне
жан басына шаққандағы жылдық табыс 39 мың долларға жуық.
Бүгінгі таңда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарғы деңгейге
жеткізу, Үкіметпен және Министрлікке үлкен міндеттеме, жүктеме болып отыр.
Әлемдік тәжірибеде бәсекеге қабілетті мемлекеттерді анықтайтын бірнеше
рейтингтер бар. Бұлардың біреуі Әлемдік экономикалық форумда жарияланатын
бәсекеге қабілеттіліктің жыл сайынғы берілетін есеп.
Бұл есепке сай 2010 жылы Швеция 3-ші орынды иеленді. Бұл мемлекет
өткен жылдарымен салыстырғанда 4 сатыға жоғары көтерілді. Бұл рейтингті
Швеция жоғары макроэкономикалық көрстекіштер мен керемет макроэкономикалық
менеджменті үшін алды.
Жүз жылда артта қалған мемлекеттен Швеция экономикасы дамыған
мемлекетке айналды. Бұған табиғи қорлар ықпал етті: гидроэнергия, орман,
темір рудалар. Швед орманы үлкен сұранысқа ие болды.
Швецияның экономикалық даму тенденциясы темір рудасынан қара
металлургияға, электродтарға, химиялық және фармацевтикалық өнімдерге бай
болды.
Мемлекетте еңбек ақы өте жоғары, үлкен салық мөлшері мен қоршаған
ортаға деген күзет қатаң талапта. Бірақта экономикалық және саяси
тұрақтылық, экономикалық субьектілердің құқылы қорғалуы, орнықты қаржылық-
валюта, жоғары деңгейлі жұмыс күші шетелдік инвестицияның қызығушылығын
тудырады.
Сонымен қатар Швецияда монополиялық өндіріс жоғары деңгейде, ол
өндірістің жарқын болашағын көрсетеді, мысалы мыналар: қара металлургия,
машиналар мен тұрмыстық электроника.
Тауарлардың экспортқа қызметі соңғы жылдары швед экономикасының алға
жылжитын күші болып отыр. [7; 25]
Швецияның бәсекеге қабілеттілігі мына факторлардан тұрады:
Біріншіден, өндірістің жоғары техникалық деңгейінің салдарынан экономикалық
стратегияның өсімі.
Швецияның ең маңызды экономикалық ерекшелігі экспортқа деген керемет
беталысы. Швеция жүз жыл бұрын экспорт өндірісіне табиғи ресурстарды салды.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында Швецияның экономикалық даму
тенденциясына шикізат өндірісінен технологиялық, яғни транспорт,
электротауарлар, байланыс құралы, химиялық және фармацевтикалық
өндірістеріне көшті. Осы тауарларға экспорт өнімі өсті.
2010 жылы Швеция экспортқа тауарларды шығару арқылы өнімін
қорландырды, 49 % жалпы ішкі өнімге кетті, 80% экспортқа өндірілген
тауарларды жіберді.

2. Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін талдау
2.1. Қазақстандағы төлем қабілетсіздіктің сипаты

Биылғы Жолдауда халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту мәселесіне
ерекше маңыз берілген. Ол үш басымдық бағытта өрбиді. Біріншісі – білім
беруді дамыту, екіншісі – денсаулық сақтау саласын жақсарту, үшінші –
тілдерді дамыту. Осы үш бағыт негізінде былтыр мемлекеттік бағдарлама
қабылданған. Бұл ретте білім беру мен денсаулық сақтау саласын
қаржыландыру көлемі ұлғайтылып, тілдерді дамытудың механизмдері
айқындалады. 2020 жылы мектеп түлектерінің барлығы мемлекеттік тілді еркін
игеріп, Қазақстан халқының 95 пайызы қазақ тілінде, тағы да 95 пайызы орыс
тілінде емін еркін қарым қатынас жасай білетін болса, 20 пайызы ағылшын
тілін меңгеруі ескерілген.
2015 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын – 70 жасқа, 2020 жылы
– 72 жасқа дейін ұзарту көзделіп отыр. Елбасы өз Жолдауында жұмыссыздарға
төленетін жәрдемақы оның мамандық алуына жұмсалуы қажеттігіне ерекше мән
берді. Басты мәселе – жатыпішерлік пен масылдықтан арылту. Сондықтан да
халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше ден қойылып отыр. Сондай
жобалардың бірі екі жыл бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Жол картасы
бағдарламасы. Биыл зейнетақы мен шәкіртақыны, бюджеттік сала
қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Екі жыл
қатарынан бұл төлемақылар 25 пайызға артқан болатын.
2011 жыл Президенттің Жарлығымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп
жарияланғаны мәлім. Бұл ретте мемлекеттік комиссия құрылып, іс шаралардың
жалпыұлттық жоспары бекітілген: Бұл – жалпыхалықтық іс, мен Үкіметке
инвесторлар мен бизнес қауымдастықтың, қазақстандықтардың бұл іс шаралардың
жүзеге асырылуында күш біріктіруі жайында тапсырма бердім. Біздің
мерейтойымыздың ұраны – Бейбітшілік пен жаңа қоғам құрудың 20 жылдығы деп
аталады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының базалық құндылықтары –
Еркіндік, бірлік, тұрақтылық және даму қалыптасты деді Елбасы.
Әлемдік қаржы дағдарысының салдары банк секторындағы проблемаларды
айқындап берді, алайда кредиттеу көлемдеріндегі төмендеу, оның сапалық
құрамының нашарлауы аясында Қарағанды облысындағы банк құрылымдарына оның
динамикасындағы оң қозғалыстарға қол жеткізу мен депозиттік нарықтағы
қызметті жандандырудың орайы келді. Қазіргі кезде аймақтың банк секторын 24
коммерциялық банктің филиалы құрап отыр (2007 жылдың басында олардың саны
17 болды). Облыстың депозиттік нарығын сипаттай отырып, банк жүйесіне
сенімділік пен халықтың депозитті инвестициялаудың нағыз сенімді
нысандарының бірі деп санауға икемділігі нығая түскенін атап айту қажет.
Депозиттік база 2008 жылы ғана төмендей бастады. Бұған қоса 2008 жылдан
бастап және дағдарысты 2009 жылы нарық ұдайы өсу динамикасын көрсетті.
Облыс тартылған депозиттер көлемі бойынша республика бойынша 4-ші орында.
Салымдардың жалпы сомасы дағдарысқа дейінгі 2007 жылғы деңгейден асып
түсіп, жыл басында 216 млрд. теңгені құрады. Тартылған депозиттер көлемінің
өзгерістеріне жүргізілген талдаудан аймақтағы депозиттік нарықты
қалыптастырудың ерекшелігі, айтарлықтай үлестің – 139 млрд. теңге немесе
64%-ы халықтың салымдарына тиесілі болу фактісі екендігі көрінді.

2.2. Қазақстандағы төлем қабілетсіздік жағдайын талдау

Қаржылық дағдарыс  жағдайындағы Қазақстанның әлеуметтік саясатының
басым бағыттары аймақтық халықты жұмыспен қамтамасыз ету  мен мамандарды
қайта дайындауға, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызметкерлердің
жалақысын арттыруға баса назар аударылып отыр. Осы бағыттарды қамтыған Жол
картасы бағдарламасы алғаш рет 2009 жылғы ҚР Президентінің Халыққа
Жолдауында айтылған еді. Өткен жылғы  бағдарламаның нәтижедлері бойынша 
республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 168,9 млрд. теңгенің 99,6
пайызы игеріліп, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нысандары, әлеуметтік,
мәдени нысандар мен жол жөндеу,  және жылылау жұмыстары, мамандарды қайта
дайындау, жастар тәжірбиесін ұймдастыру шаралары жүзеге асты. “Жол картасы-
2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны
реконструкциялау жөнінде  жобалар іске асырылып, электр желісі, сумен
жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген
мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді. Бұл
ауқымды әлеуметтік маңызы зор бағдарлама 2010,0 жылы да жалғасын тапты.
Жалпы көлемі 131,8 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Жалпы алғанда 130 мың
жұмыс орындарын ашу күтілуде. Сонымен өатра, әлеуметтік жұмыс орынары мен
жастар тәжірбиесі бойынша  53 мың  уақытша жұмыс орындарын ашу көзделген.
Дегенмен, Жол картасы бағдарламасының негізгі кемшін тұстарының бірі –
білімі, біліктілігі жоқ мамандарды қамтиды. Сонымен қатар, төленетін қаржы
көлемі нарық сұраныстарына сай емес, яғни төмен. Сондықтан, көп
азаматтардың, әсірес, дипломы бар мамандардың бұл мемлекеттік бағдарламаға
қатысуға құлшыныстары төмен. Әсіресе, соңғы кездері жұмыссыздықтың көлемі
дипломды жастар арасында артып отырғандықтан, студенттердің тәжірбиесі
дұрыс ұйымдастырылмай келеді. Мысалы, Жастар тәжірбиесі бағдарламасы 2010
жылы студенттер тәжірбиесінің маусымдық кезеңінде ұйымдастырылмады.
 Мысалы, Білім және ғылым министрлігі мәліметі бойынша жастар арасындағы
жұмыссыздық  5,9 пайызға төмендегенін көрсеткенімен, бұл нақты жұмыссыз
ретінде тіркелеген азаматтардың саны ғана. Тағы бір мәселе, өткен жылы
 5056 педагог ауылдық жерлерге жұмысқа орналасты дегеніміз, ауылды
жерлердегі сұраныс әлі де қанағаттанбай отыр. Негізінен Жол картасы
бағдарламасы нақты еңбек нарығындағы жұмыссыздардың көп бөлігін қамти алмай
отыр. Ал қайта дайындаудан өткен 70668 адамның, тек 58 пайызы ғана жұмыс
жасап жүр. Демек, мамандарды қайта оқытудағы мақсатымыз ақталмай отыр;
мамандар еңбек нарығына қажеті жоқ, немесе біліктілігі төмен, бәсекеге
қабілетсіз.
Әлемдік экономикадағы жайсыз үдерістерді ескере отырып, Қазақстан
Үкіметі 2011 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына
өзгертулер мен түзетулер енгізді.
Болжамға сәйкес, 2011 жылдың соңына дейін экономика өсімі 7 пайыз
деңгейінде бағалануда. Жалпы ішкі өнімнің атаулы көрсеткіші 2,5 триллион
теңгеге өсірілді, оның 0,3 триллион теңгесі – болжанған базаны нақтылаудың
және экономиканың есебінен қосылса, 1,2 триллионы – мұнайдың әлемдік
бағасының артуы есебінен қосылып отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз
айларында Brent мұнайының әлемдік бағасы іс жүзінде 111,6 долларбаррель
болғанын ескере отырып, 2011 жылы мұнай баррелінің әлемдік бағасының
болжамы 65 доллардан 90 долларға дейін арттырылды. Жылдың аяғына дейін
бағаның құлдырау тәуекелі ескеріле отырып, осындай болжам жасалып отыр.
Әлем экономистерінің пессимистік болжамдарын және қазіргі уақытта әлемдік
экономикада орын алып жатқан тұрақсыздық тәуекелдерінің күшейгенін
ескерсек, Үкімет қабылдап отырған бұл шараларға негіз бар.
2.3. Қазақстандағы төлем қабілетсіздігінің негізгі мәселелері

2011 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 461,7 мың адамды
құрады,деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның еңбек сұранысы, артық жұмысбастылық, еңбекақы бойынша төлем қабілетсіздік
Экономикалық дамудағы банкроттың рөлі
Қазіргі жағдайда толық есепке ала отырып, банкрот проблемасын толық түсіндіру
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы
ІІІ БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Қаржылық ағымдардың талдауы
Құрылған кәсіпорынды басқару
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыздандырудың әлеуметтік дамытылуы
Пәндер