Microsoft PowerPoint программасы Презентациялар құру



Жоспары:
• PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау;
• Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру;
• Шаблондар көмегімен және бос презентация құру;
• Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық объектілер енгізу,
• PowerPoint программасында жұмыс істеу режимдерінің ерекшеліктерін ескеру әрекеттерін меңгеру.

Microsoft PowerPoint программасы
Презентациялар құру

Жоспары:
• PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін
таңдау;
• Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру;
• Шаблондар көмегімен және бос презентация құру;
• Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық объектілер енгізу,
• PowerPoint программасында жұмыс істеу режимдерінің ерекшеліктерін
ескеру әрекеттерін меңгеру.

Кіріспе

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы,
презентациялық
материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға
және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда
үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді
бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Micrisoft
PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с
әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультемедиалық мүмкіндіктерін
пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

1. PowerPoint программасын іске қосу
• Powerpoint программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын
шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft Power Point
қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.
• Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С
дискісінде сақталған Microsoft Offіce бумасындағы Microsoft Power
Point жарлығын-да тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

Power point программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың
тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны беретін сұқбат
терезе ашылады.
• Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдаласа, жаңа
презентация , белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру
элементтері еңгізіліп
сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап,сатылы түрде
сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұныы
автоматты түрде жасалады.
• Перзентациялар шаблоны (шаблон презентации) ауыстырғышы өз
презентацияыңызды бұрыннан безндіру элементтері сақталып қойылған
шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.
• Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтін
енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос
презентация құру мүмкіндігін береді.
• Презентация ашу ауыстырғышы бұрны құрылып, сақталып қойған
презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан
кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап
ететін сұқбат терезе пайда болады.
2.Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру
Автомазмұн шебері( Мастер автосодержания)көмегімен:
• Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; (Докпады по общим вопросам)
• Қызмет бабы бойынша баяндамалар;(Доклады по служебным вопросам)
• Мекеменің жұмыс істеу жөнінде мағлұмат;(Сведения о функционировании
предприятия)
• Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар;(деловые отчеты о
продажах и маркетинге)
• Жеке хабарламалар(личные сообщения)сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға
арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап,өз
презентациямызды құра аламыз.Microsoft Power Point программасы іске
қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері
өрісін таңдап,ОК батырмасын шертеміз.Осы кезде Автомазмұн шебері іске
қосылады.

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай
сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1-ші қадамда Презентацияның түрі,яғни оның жалпы тақырыптық
бағытын таңдаймыз;Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң,
Ары қарай(Далее)батырмасын шертеміз.
2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның
баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан
құралатынын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып, көрермендер өз
беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;
3-ші қадамда Презентацияны шығару материялының форматы,қағазға
басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу
керектігін көрсету қажет.
4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және
титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.
Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері
презентацияны дайындайды.Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін
Дайын(Готово) батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай
өзгертіп, арнайы эффектілер қосып,көркемдеу элементтерін қолдана
аламыз.Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу
қажет болса,Файл-Құру(Файл-Создать)команд асын орындап,ашылған сұқбат
терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде
тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

3.Шаблондар көмегімен және бос презентация құру
Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн
шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады.Оның бірі
алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса,екіншісі
ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып
алып,одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Point программасының бір
ерекшелігі осы екі жағдайда да,құрылған презентацияны,алдын ала безендіру
элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.
3.1 Презентацияны шаблондар көмегімен құру
Power Point программасында безендіріліп,дайындалған презентациялар
шаблондар түрінде сақталынып қойылған.Кез келген уақытта осы шаблондарды
пайдалана отырып,өз презентациямызды құруға болады.

Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған
мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны(Шаблоны
презентаций)опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция
таңдалғаннан кейін Жалпы(Общие), Презентациялар дизайндары(Дизайны
презентаций), Презентациялар,Web-парақтар(Web-стр аницы)астарлы беттерінен
тұратын,Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады.Осы сұқбат терезе Файл-
Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады.Сұқбат терезенің оң жақ
шетінде орналасқан үш батырмакөмегімен презентациялар тізімін ірі шарт
белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.
Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын
үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз.Осы
мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде
қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет.Экранда таңдалған шаблонға сәйкес
бос презентация пайда болады.Осы презентацияға тиісті мәтіндерді
енгізіп,арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.
3.2Бос презентация құру
Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері
қолданылмаған таза презентация құру әрекетін :
• Power Point программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған
сұқбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Боспезентация(Пустую
презентацию) опциясын таңдау арқылы;
• Файл-Құр укомандасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің
Жалпы(Общие)астарлы бетінде Жаңа презентацияны(Новую презентацию) шарт
белгісін таңдау арқылы;
• Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру(Создать) батырмасында тышқанды
шерту арқылы орындауға болады.
Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру
сұқбат терезесі ашылады
Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау
әрекетін Слайд құрусұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.
Power Point программасында слайдтар белгіленуінің 24
түрлі варианты бар.Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң
ОК батырмасын шертеміз.
4.Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу
Шаблон көмегімен немесе бос презентацяны құру командалары
орындалған соң, Слайд құру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PowerPoint программасына жалпы сипаттама
Microsoft Power Point программасы
Microsoft PowerPoint программасы
Microsoft PowerPoint программасы туралы түсінік
Слайдтар режимі
Microsoft excel электронды кестелердi өңдеу бағдарламасы
Презентация құру (слайдттар)
Презентация құру сұхбат терезесі
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
MICROSOFT POWER POINT БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер