Қант диабеті


Диабет созылмалы инекциялық ауру болып табылады және ол сіздің қаныңызда глюкозаның (қанттың) өте жоғары деңгейде екенін білдіреді. Глюкоза ағза үшін аса маңызды энергия көзінің бірі болып табылады. Осы энергияны пайдалану үшін глюкоза қаннан дене жасушаларына өтуі тиіс. Ол үшін қанда жеткілікті деңгейде инсулин болуы қажет.
Диабеттің бірнеше түрі бар. Диабеттің 1 түрі әдетте, балалар мен жас адамдарда дамиды. Олардың ағзаларында инсулин өте аз немесе мүлдем өндірідмейді.
Диабеттің ең кең тараған түрі диабеттің 2 түрі болып табылады, ол әдетте, ересек адамдарда кездеседі. Диабеттің осы түріне асқазан асты безінің инсулинді жеткіліксіз мөлшерде өндіре бастауы, не болмаса, дене жасушаларының инсулинге деген сезімталдығы төмендегені тән болып келеді.
2 түрдегі диабет негізінен ересек адамдарда пайда болады. Дегенмен балалар мен жастар да ауырып қалуы көбеюде. Ауыр салмақ пен дененің белсенділігінің жетіспеушілігі диабеттің пайда болу қауіпін ұлғайтады.
Диабеттің 2 түрі ақырындап және байқаусыз дамиды. Сондықтан ол айтарлықтай ұзақ уақыт бойына анықталмаған күйі қалуы мүмкін.
Диабеттің ұзақ уақытты ағымында қанның құрамындағы қанттың жоғары деңгейі көздің, жүректің, бүйректің, жүйке мен қан тамырларының күрделі зақымдануларына алып келуі мүмкін.
Тиісті түрде емдегенде, диабеттің асқынуларын болдырмауға, және сол кезде сіз қалыпты өмір сүріп, мүмкін болғанынша, мансабыңызбен айналысып, спорттық іс түрлеріне қатысып, балалы бола аласыз.
Диабеттің 2 түрімен ауырып қалған кезде, өзіңіздің өмір сүру салтыңызды бейімдеп, салмақ төмендетуге жүйелі түрде дене шынықтыруларға баса назар аудару керек.
Қанның құрамындағы инсулиннің деңгейін және инсулинге сезімталдықты реттейтін дәрілерді қабылдау керек, бұл қандағы глюкоза деңгейін қалыпты шектерде ұстап тұруға көмектеседі. Қандағы глюкозаның деңгейін ұдайы өлшеп отыру міндетті болып табылады.
Қанттың деңгейін төмендететін таблеткалармен немесе инсулинмен емделген кезде қанның құрамындағы глюкоза деңгейі қалыпты деңгейден төмен түседі. (4ммоль/л немесе 70мг/дл-ден төмен) . Бұл гипогликемия деп аталады.
Гипогликемия туындауы мүмкін:
Көмірсулар жеткіліксіз мөлшерде болғанда;
Инсулин инъекциясынан кейін көмірсуларды кеш қабылдағанда;
Денеге аса көп күш түскенде;
Инсулиннің көп мөлшерін енгізгенде;
Құсу немесе іш өту жағдайында;
Шектен тыс мөлшерде алкоголь қабылдағанда;
Гипогликемия түнгі уақытта болып, осы жағдайды сіз сезінбеуіңіз мүмкін. Сіздің өзіңізбен кез келген кезде глюкозаны, мысалға: 2-3 шақпақ қант немесе глюкоза таблеткаларын, сонымен бірге қан құрамындағы қант деңгейін өлшеуге арналған құрал-глюкометр болуы керек.
Гипогликемия белгілері әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Алғашқы белгілері аштықты сезіну, бастың аурулары, дірілдеу, қозғыштық, терлеу, бозару, көрудің нашарлауы болады. Гипогликемия қауіпті болуы мүмкін. Егер шара көрсетілмесе немесе олар тым кеш қабылданса, естен тануы мүмкін.
Гипогликемия жағдайында дереу глюкозаның 3-4 таблеткасын, соратын кәмпиттерді қабылдау немесе қантты сусын ішу керек. Физикалық жүктемені доғарыңыз. Егер сіз рөлде болсаңыз машинаны тоқтатып, қандағы глюкоза деңгейін өлшеңіз. Белгілер басылған соң құрамында көмірсулары бар тағамдар қабылдаңыз. Тағы да қандағы глюкоза деңгейін өлшеңіз
Глюкозаны кез келген түрінде, сіз үйде немесе қандай да болса басқа жақта болғаныңызға байланыссыз, әрдайым қол астыңызда болсын. Сіздің жанұяңыз, достарыңыз бен әріптестеріңіз гипогликемия белгілерін танитын, қажет болған жағдайда, қажетті шаралар көрсетуге қабілетті болулары керек.
Гипогликемия (қандағы глюкоза деңгейінің 12 ммоль/л немесе 200 мг/дл-дан жоғарылауы) жиі келесі белгілермен жүреді: шөлдеу, жиі және көп мөлшерде зәр шығару, шаршағыштық. Ұзақ уақытқа созылған гипергликемия салмақ жоғалтуға алып келуі мүмкін.
Егер қандағы глюкоза деңгейі 10 ммоль/л-дан жоғары ( немесе 180 мг/дл) көтерілген болса, глюкоза зәрмен шығарыла бастайды. Бұл жиі зәр шығаруға және ағзаның айтарлықтай су жоғалтуына алып келеді. Ауыр жағдайда бұл жүрек ұстамасына, есінен тануға, өлімге алып келуі мүмкін.
Егер қанда глюкоза деңгейі жоғары болса, құрамында қанты жоқ сусындарды ішу керек (су, шәй) . Глюкоза деңгейі өте жоғары болғанда физикалық жүктемелерді тоқтату керек. Қандағы глюкоза деңгейін жүйелі түрде өлшеп отырыңыз және дәрігерден глюкоза деңгейін қалай бақылау керектігі жөнінде кеңес алыңыз.
Қандағы глюкоза деңгейін сіз өзіңіз оңай тексере аласыз. Пациенттердің көпшілігіне мақсатты деңгейлер:
Аш қарынға <5, 6 ммоль/л (100мг/дл) тамақтанғаннан соң 2 сағаттан кейін <7. 8 ммоль/л (140мг/дл)
Дәрігерден өзіңіздегі диабетті емдеудегі мақсаттарыңызды біліп алыңыз.
Өзіндік бақылау үшін сізге қажет:
Қанның құрамындағы глюкоза деңгейін өлшеуге арналған құрал, тест-жолақтар, лаценттер мен тесуге арналған құрылғы.
Өлшеуге кіріспестен бұрын
А - қолдарыңызды жуып, оларды жақсылап, құрғатып сүртіңіз
Б -тесуге арналған құрылғыны дайындап, саусақ ұшының бүйірлік беткейін тесіңіз.
В - қанның бір тамшысын тест-жолаққа тамызу және ары қарай да қандағы глюкоза деңгейін өлшеу жөніндегі нұсқаулықты орындаңыз.
Г -нәтиже дисплейде көрінгенге дейін күте тұрыңыз және алынған нәтижені өзіңіздің күнделігіңізге жазып алыңыз. Тест - жолақ пен лаценттерді жоюға қатысты нұсқаулықты орындаңыз.
Қандағы глюкозаның сізге ұсынылатын деңгейін сіздің емдеуші дәрігеріңіз анықтайтын болады.
Дәрігерге әрбір барған сайын өзіңізбен бірге қандағы глюкоза деңгейін өлшеу күнделігін алып жүруіңіз керек.
Өзіңіздің шекерленген гем-оглобин деңгейін жүйелі түрде анықтап отыру керек. Шекерленген гемоглобин - бұл алдыңғы 8-12 апта ішіндегі қан құрамындағы глюкоза деңгейінің орташа көрсеткіші. Ол 7 % тең немесе одан аз болуы тиіс.
Салауатты тамақтану диабеттің 2 түрі бар адамдар үшін емделу негізі болып табылады. Артық салмағы бар адамдар салауатты емдәм ұстап, калориясы аз тағамдарды қабылдаулары керек.
Салауатты өмір салты әркім үшін маңызды: күн сайынғы жарты сағаттық дене шынықтырулар артық салмақтан арылуға, қандағы глюкоза деңгейін қалыптастыруға және диабеттің асқынуларының алдын алуға көмектеседі.
Инсулин инъекциясын қажет ететің адамдар үшін әртүрлі тағамдардың құрамында қанша көмірсулар барын білу маңызды. Ешқашан тамақтану уақытын жібермеңіз. Күні бойына жүйелі түрде тамақтаныңыз.
Құрамында қарапайым қант бар (кәмпит, бал немесе кәдімгі қант) сияқты азық-түлік өнімдерін мүмкін болғанша аз қабылдаңыз. Көмірсуларды (мысалға, нан, макарон, картоп, күріш) қабылдауыңызды күні бойына бөліңіз.
Талшықтар пайдады. Ол қанттар мен майлардың сорылу процесін баяулатады және жүрек пен қан тамырларын қорғайды. Сондай-ақ, талшықтар асқазан, ішек жолы менішек қозғалысы үшін пайдалы. Көкөністер мен тұтас дәнді тағамдарда талшықтар көп.
Талғамыңызды өсімдік майларына, мысалға, соя жүгері, күнбағыс және әсіресе, зәйтүн майы сияқтыларға беріңіз. Қатты майларды қолдануды шектеңіз (мысалға: сары май мен сало)
Мал мен өсімдік ақуыздарын (бұршақ, жасымық, атбұршақ және т. б. ) пайдалануды ауыстырып отырыңыз. Балықты, тауық еті мен жасық сиыр етін қолдануға тырысыңыз.
Алкогольді ішпеуге тырысыңыз немесе алкоголь ішуді күніне 1 құты шарап немесе 2 құты сыраға дейін шектеңіз. Егер сізде артық салмақ болса, алкогольді сусындарды ішу ұсынылмайды, өйткені алкоголь құрамында калория мөлшері көп.
Қантты пайдалануды шектеңіз. Тәтті тағамдар қандағы глюкозаның төмен деңгейін жылдам түзету үшін ғана колайлы.
Диабеттің екінші түрі бар емделушілердің жартысына жуығы инсулинмен қосымша емделлуді қажет етеді. Диабеттің 2 түрі бар адамдарға жиірек қандағы глюкоза деңгейін бақылау үшін таблеткаланған дәрмектерге қоса инсулин шашу тағайындалады.
Инсулиннің сан алуан түрлері қол жеткізімді. Емдеуші дәрігерден инсулиннің қалай әсер ететінін түсіндіруін өтініңіз.
Әдетте, инсулинді енгізу үшін щприц-қаламсап - пайдалануға дайын, инсулинмен толтырылған шприц қолданылады. Сүт түсті қоспа беркелкі болуы үшін шприц - қаламсап ішіндегіні (аралас инсулин не ұзартылған әсерлі инсулин) ақырын араластыру керек.
Инсулинді енгізбес бұрын әрдайым қолдарыңызды мұқият жуыңыз. Ұшындағы мөлшерлегішті айналдыру арқылы сәйкес келетін мөлшерді таңдаңыз.
Инсулинді бұлшық еттерге емес, тері астындағы май ұлпасына енгізу керек. Енгізу үшін мүмкін бөліктер: іш, бөксе. Инсулинді енгізу жерлерін әрдайым алмастырып отыру керек.
Инсулинді тері беткейіне тік немесе теріні алдын ала жиырып енгізуге болады. Сіздің емдеуші дәрігеріңіз сіз үшін ең тиімді әдіс жөнінде кеңес береді.
Өзіңіздің шприц-қаламсабыңызды бөлме температурасында сақтаңыз. Инсулин қаламсап ішінде 4-6 апта бойы сақталына алады. (нұсқалықты оқыңыз) . Қосымша инсулиндік шприц-қаламсаптарды немесе инсулині бар картриждерді тоңазтқыш камерасында емес тоңазтқышта сақтаңыз.
Сіздің емдеуші дәрігеріңіз тағайындаған шаншулардың барлығын жасаңыз. Ешқашан шаншуларды қабылдауды тоқтатпаңыз.
Әрбір шаншу алдында, иненің өткізгіштік қабілеті мен шприц -қаламсаптың тиісті жұмыс істеуін тексеру үшін инсулиннің екі бірлігін шығарып отырыңыз.
Гипергликемия (қанның құрамында глюкозаның жоғары болуы) асқынулар дамуына алып келетінімен қауіпті. Гипергликемия уақыт өткен сайын көздің, жүйкенің, бүйректің, жүрек пен қан тамырларының күрделі зақымдануына алып келуі мүмкін.
Асқынулар біртіндеп дендейді. Егер диабет ағымы қаншалықты мүмкін болғанынша бақыланатын болса, асқынулардың пайда болу қауіпі төмендейді.
Жақсы бақыланған диабет дегеніміз, емделушілердің басым көпшілігінің қан құрамындағы глюкоза деңгейі аш қарынға 5, 6 ммоль/л-ден төмен, ал тамақ ішкеннен соң 2 сағаттан кейін 7, 8 ммоль/л-ден төмен болу. Жүйелі түрде, 7 % төмен болуы тиіс. Шекерленген гемоглобин деңгейін тексеріп отыру керек.
Диабет көздің торлы қабатының зақымдануына алып келуі мүмкін. Әдетте, бұл байқалмай өтіп, күрделі жағдайларда соқырлыққа алып келуі мүмкін. Егер сіздің көруіңіз тіпті жақсы болса да, сіз жыл сайын маман тексеруінен өтуіңіз керек.
Диабеттің нәтижесінде жүйкелерде зақымдануы мүмкін. Сіз табан мен аяғыңыздағы ауруды, сезімталдықтың жоғалуын, шаншу не қыжылдауды сезе бастауыңыз мүмкін. Егер сіз осы белгілердің кез келген біреуін сезсеңіз, дәрігерден кеңес алыңыз.
Диабет жеткілікті бақыланбағанда, жүйкелер зақымдануы белгісіздік мәселелеріне алып келуі мүмкін. Емделуіңіз мүмкін, сондықтан өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізді сексуалдық мәселелеріңізден хабардар етуден қорықпаңыз.
Қанның құрамында глюкозаның жоғары деңгейде болуы бүйректерге жоғары күш түсуіне алып келуі мүмкін. Бұл өз кезеңінде, олардың зақымдануына алып келеді. Бұл зәрді сараптағанда анықталуы және ақуыздардың зәрмен шығарылуының басталуы мүмкін.
Егер сіздің зәріңізде ақуыз бар болса, қан құрамындағы глюкоза деңгейін мүмкін болғанша бақылап, артериалды қан қысымын қалыптастыру маңызды.
Артериалды қысымды жүйелі түрде тексеріп отыруды ұмытпаңыз. Жоғары артериалды қан қысымы (сынап бағанасының 130/85 мм-нен жоғары) бүйрек зақымдану қауіпін ұлғайтады.
ДИАБЕТ ЖӘНЕ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ
Диабет артериялары зақымдануы мүмкін болғандықтан, бұл жүрек ұсатамасына, инфарктқа, инсультке және қан тамырларының, мысалы: аяқ, көз бен бүйрек тарылуына алып келуі мүмкін.
Егер сіз диабетке шалдығып, аса көп салмағыңыз болса, онда сізде жүрек-қантамырларының ауруы немесе инсульттің даму қаупі айтарлықтай жоғарылайды. Салмақты төмендетіп және күн сайын дене шынықтырулармен айналысу қажет.
Жоғары артериалды қан қысымы (сынап бағанасының 135/85 мм-нен жоғары) жүрекке салмақ түсіруге алып келеді және жүрек ұстамасы қауіпін жоғарылатады. Өзіңіздің емделу жоспарыңызды қатаң орындаңыз.
Холестериннің (жалпы холестериннің) 5 ммоль/л-ден астам, ТТЛП 2, 5 ммоль/л-ден жоғары деңгейі рацион өзгертілуі, дене шынықтырулар және егер бұл жеткіліксіз болса, дәрмектердің көмегімен төмендетілуі қажет.
Үшглицеридтердің жоғары деңгейі де тамырлар үшін зиянды. Жоғары деңгейін (2, 0 ммоль/л-ден асатын) тәтті тағамдар мен алкогольді пайдалануды тоқтату арқылы төмендету керек. Қандағы глюкоза деңгейін бақылаңыз.
Шылым тарту тамырлық аурулардың даму қауіпін ұлғайтады (ісіктің даму қауіпі жайлы айтпағанда) . Егер сіз шылым тартуды тоқтатсаңыз, сіз жүрек ұстамасы қауіпін тез арада бірден 50%-ға қысқартыңыз.
Күнделікті жаттығулар қандағы глюкоза деңгейін, артериалды қан қысымы мен холестерин деңгейін төмендетеді, сонымен қатар, олар сізге артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Күнделікті жарты сағат бойына серуендеңіз немесе аптасына 2-3 рет белсенді спорт түрлерімен шұғылданыңыз. Тек қана үй шаруасымен айналысу, осындай шаруалардың қарқындылығына қарамастан, жеткіліксіз екенін есте сақтаңыз.
Сіз өзіңіздің қан тамырларыңызды сау күйінде сақтау үшін, салауатты өмір салтын ұстануыңыз керек. Медициналық дәрі-дәрмектерді пайдалану көмектесуі мүмкін, алайда емделуіңіз үшін жеткілікті болып табылмайды. Дәл қазір бастакыз: шылым тартуды доғарыңыз!
Сіздің аяқтарыңыз баса назар аударуды қажет етеді
Диабет аяқтардың зақымдануына алып келуі мүмкін. Қан тамырларының тарылуы сияқты жүйкелер зақымдануы жара немесе инфекцияның дамуында үлкен орын алады.
Жүйкелер зақымдануы аяқтағы сезімталдықтың төмендеуіне алып келеді. Егер сіз ауыруды сезінбесеңіз, онда сіз асқынулар дамуына алып келуі ықтимал аз ғана кесіп кету немесе жараны байқамай қалуыңыз мүмкін.
Қанмен қамтамасыз ету бұзылғанда жара нашар жазылады және нашар емделеді. Ампут Ешқашан жалаң аяқ жүрмеңіз. Мақта-матадан жасалған шұлық және баумен байланатындарын таңдап, сәйкес келетін ыңғайлы туфли кию ұсынылады. Биік өкшелі туфли қауіпті болуы мүмкін.
Ешқашан жалаң аяқ жүрмеңіз. Мақта-матадан жасалған шұлық және баумен байланатындарын таңдап, сәйкес келетін ыңғайлы туфли кию ұсынылады. Биік өкшелі туфли қауіпті болуы мүмкін.
Күн сайын жылы суда аяғыңызды жақсылап, жуып тұрыңыз. Жуған соң аяғыңызды толығымен, әсіресе, саусақтар арасын құрғатыңыз. Ыстық ванна қабылдамаңыз. Аяқ тырнақтарын тым қысқа кеспеген жөн, тырнақтарды түзу кесу керек.
Аяқты суға салмастан бұрын, шынтағыңызбен судың температурасын тексеріп алыңыз. Егер сіздің аяқтарыңыз тоңса, ыстық суды пайдаланбаңыз. Аяқтардың сезімталдылығы азайғандықтан, күйдіріп алуыңыз мүмкін.
Күнделікті аяқтарыңызды кесу, жаралар, қызулар болуына, тері температурасының жоғарылауы не ісініп кету, бар болуына тексеру үшін мұқият қараңыз.
Ешқашан кесілу мен жараларды өз бетіңізше емдеуге тырыспаңыз. Дереу дәрігерге барыңыз. Егер шара қолданбаса, жара инфекциямен асқынуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz