Тіс-жақ аймағының қабыну дерттері



Жақ бет аймағының қабыну дерттері
Жақ.бет аймағының қабыну процестері хирургиялық емдеуді қажет етеін көп таралған ауруларға жатады. Олар басқа стоматологиялық ауруларға қарағанда жиі еңбекке қабілетін төмендетуге, науқасты ауруханаға жатқызуға себепкер болып, адам өміріне қауіп туғызады. Соңғы жылдары медициналық жетістіктеріне қарамастан бұл аурулардың ауыр түрлері жиі кездесіп жүр.

Периодонтит

Бұл тіс ұяшығы мен тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде жүретін қабыну аурулары.
Периодонтит инфекциялық және инфекциялық емес болуы мүмкін. Инфекциялық емес түріне жедел ағымды немесе созылмалы жарақаттан.жарақатық, тіс емдегенде қойылған дәрі.дәрмектен болған медикаментоздық периодонттер жатады.
Инфекцияның ену жолы мен патологиялық ошақтың орнына байланысты түбір ұшының және маргиналдық периодонтиттер болады.
Инфекция периодонтқа әртүрлі жолмен енеді. Жиі инфекция көзі өлген ұлпа тіндері болады. Яғни тамақты шайнағанда немесе асқынған тісжегіні емдеу кезінде түбір инесімен іріңді әрі қарай периодонтқа итеріп жіберуден микрофлора периодонтқа өтеді де периодонтит дамиды.


Жедел ағымды серозды периодонтит

Жедел ағымды периодонтиттің біріншілік кезеңі болып табылады. Науқас тісінің өздігінен қатты ауыратынына, тісті басқанда ауыру сезімі күшейіп, басқа тістерден биіктеген сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таралмайтындықтан науқас ауырған тісін дәл көрсете алады. Ал шайнағанда ауыру сезімі күшейетін болса да, егер науқас тісін тістестіріп біраз уақыт тұрса ауырғаны жайлап басылады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Кіріспе: Тіс-жақ аймағының қабыну дерттері

2.Негізгі бөлім: а) Периодонтит
б) Жедел ағымды серозды периодонтит
в) Созылмалы периодонтит
г) Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
с) Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
д) Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді
остеомиелиті
е) Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу,созылмалы
кезеңі
3.Қорытынды

Жақ бет аймағының қабыну дерттері

Жақ-бет аймағының қабыну процестері хирургиялық емдеуді қажет етеін көп таралған ауруларға жатады. Олар басқа стоматологиялық ауруларға қарағанда жиі еңбекке қабілетін төмендетуге, науқасты ауруханаға жатқызуға себепкер болып, адам өміріне қауіп туғызады. Соңғы жылдары медициналық жетістіктеріне қарамастан бұл аурулардың ауыр түрлері жиі кездесіп жүр.

Периодонтит

Бұл тіс ұяшығы мен тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде жүретін қабыну аурулары.
Периодонтит инфекциялық және инфекциялық емес болуы мүмкін. Инфекциялық емес түріне жедел ағымды немесе созылмалы жарақаттан-жарақатық, тіс емдегенде қойылған дәрі-дәрмектен болған медикаментоздық периодонттер жатады.
Инфекцияның ену жолы мен патологиялық ошақтың орнына байланысты түбір ұшының және маргиналдық периодонтиттер болады.
Инфекция периодонтқа әртүрлі жолмен енеді. Жиі инфекция көзі өлген ұлпа тіндері болады. Яғни тамақты шайнағанда немесе асқынған тісжегіні емдеу кезінде түбір инесімен іріңді әрі қарай периодонтқа итеріп жіберуден микрофлора периодонтқа өтеді де периодонтит дамиды.

Жедел ағымды серозды периодонтит

Жедел ағымды периодонтиттің біріншілік кезеңі болып табылады. Науқас тісінің өздігінен қатты ауыратынына, тісті басқанда ауыру сезімі күшейіп, басқа тістерден биіктеген сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таралмайтындықтан науқас ауырған тісін дәл көрсете алады. Ал шайнағанда ауыру сезімі күшейетін болса да, егер науқас тісін тістестіріп біраз уақыт тұрса ауырғаны жайлап басылады.

Объективті: жақасты немесе иекасты лимфа түйіндері өзгермеген, кейде сәл үлкейіп ауыру сезімі болуы мүмкін. Ауырған тіс маңындағы тіндер өзгермейді. Тісте жиі тісжегі қуысы, кейде пломба болады. Перкуссия тіке ауыру сезімін туғызады, ал бүйірден қағып тексергенде ауырмайды.

Патологиялық анатомиясы: түбір ұшы, периодонт қызарып қалыңдаған. микроскопта гиперемия, ісінуі және сәл лейкоцитарлық инфильтрация көрінеді.

Емі - консервативті.

Созылмалы периодонтит

Әдетте, жедел ағымды периодонтиттер ұзақ уақыт және үздіксіз түбір өзегінің микрофлорасы инфекциясымен қозған жағдайда дамиды, кейде жедел ағымды периодонтиттен кейін дамуы мүмкін.

Клиникалық байқаулар бойынша, жедел ағымды периодонтитке қарағанда, созылмалы периодонтиттер жиі кездеседі, себебі жедел ағымды периодонтит деп диагноз қойылғандардың көпшілігі мұқият тексеріп қарағанда созылмалы периодонтиттің өршуі болып табылады.

Фиброзды созылмалы периодонтит созылмалы периодонтиттің жеңілдеу түрі. Өзінше дамиды, сирек гранулденген және гранулематозды периодонтиттердің кері дамуы нәтижесінде дамиды.

Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы

Әдетте, созылмалы гранулденуші периодонтиттің өршуі, асқынуы болып табылады. Бұл қезде түбір маңындағы грануляциялық тін теріасты май қабатына таралады да осы жерде ұзақ уақыт бойы ауру сезімінсіз сақталады. Бұл аз мөлшерде ірің жиналып грануляция түзетін теріасты май қабатындағы баяу өтетін қабыну процесі. Кейбір ірің ошақтары өз бетінше ашылып, теріде қанды немесе қанды іріңді заттар бөлетін терең емес жыланкөздер түзіледі. Олардың кейбіреулері жабылады, бірақ көршілес жерден жаңа жыланкөз пайда болуы мүмкін.

Беттің одонтогенді теріасты гранулемасының даму кезеңін 2-ге бөлуге болады: 1) жасырын кезең -- мұнда бет терісінде еш өзгеріс болмайды (процестің біріншілік сипаты) және 2) тері көріністері кезеңі, мұнда бет терісінде өзгерістер пайда болады. Осы кезеңдердің 4 клиникалық түрі бар (біріншілік, стационарлық, жылжымалы, іріңдеуші).

Жедел ағымды жақ сүйек периоститі

Жедел ағымды одонтогенді жақ сүйек периоститі деп альвеольды өсіндінің немесе жақ сүйегі сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НОМА НЕМЕСЕ СУЛЫ РАК
Бет пен жақ сүйектің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ХИРУРГИЯСЫ. БАСҚА МЕДИЦИНА САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Үшкүл нерв жүйесінің невралгиясы
Жақ-бет аймағындағы нерв дерттері
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
Тіс жарып шығу процесі дерттері
«Тіс емдеу факультетінің студенттері үшін» оқу-әдістемелік құралы
Пәндер