Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Жоғары Техникалық Мектебі
Тақырыбы: « Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттары »
Орындаған: Айдынғали А. Н
Тексерген: Шамурова Г. Н
Орал - 2012 жыл
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
- Тарихи кезең
- Ұлттық саясаттың ұстанымдары
- Ұлттық саясаттың мақсаты мен мiндеттерi
- Ұлттық саясаттың негiзгi бағыттары:Саяси құқықтық саладаСыртқы саясат саласындаӘлеуметтiк-экономикалық саладаТәрбие, бiлiм беру және ғылым саласындаАқпараттық саладаТiл саласындаДiнаралық салада
- Қорытынды.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
I. Кіріспе
Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттiгiнiң бiрден-бiр құқықтық-тарихи мұрагерi және саяси-мемлекеттiк құрылымының жалғасы болып табылады.
Ұлттық, демократиялық, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет орнықтыруды көздеген қазiргi Қазақстан Республикасы - мемлекет құрушы қазақ ұлтының және әртүрлi тарихи кезеңдерде келiп қоныстанған барша диаспоралар мен этникалық топтардың тату, бейбiт өмiр сүрiп жатқан Отаны.
Қазақстан Республикасы өзiнiң бастапқы мемлекеттiк атауына - Қазақ Республикасы атауына қайтадан ие болады. Ешбiр негiзсiз, жалтақтықпен өзгертiлген қателiк түзетiледi де, Қазақ Республикасының Конституциясынан бастап, барлық заңдардағы, халықаралық құжаттардағы қазiргi атау бұрынғыша жаңартылады. Қазақ Республикасының азаматы болу - осы елдi мекендеген әрбiр ақниеттi адамның мақтаныш сезiмiн туғызады. Мемлекетiмiздiң төл атауын қалыпқа келтiру - халық талабы.
Халықаралық тәжiрибеде мемлекет құрушы ұлттың саны жалпы халық санының үштен екi бөлiгiнен асса, ол моноұлтты мемлекет деп қабылданады. Қазақ ұлтының саны осы межеден асты. Демек, Қазақ елi моноұлтты мемлекет деп қабылдануы тиiс.
II. Негізгі бөлім
1. ТАРИХИ КЕЗЕҢ
Қазақ ұлты - кең байтақ Қазақ елiн ғасырлар бойы мекен еткен, оны түрлi тарихи зорлық-зобалаңнан, басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт. Әр кезеңдегi тарихи оқиғаларға байланысты қазiргi таңда Қазақ елiнде қазақ ұлтымен қатар өзге де этностық топтар мен диаспоралар мекен етедi.
Үш ғасырға жуық тоқтаусыз жүргiзiлген ұлтсыздандыру саясаты қазақ ұлтының тiлiне, дiнi мен дiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне, бiтiм-болмысына қатер төндiрiп, ұлтты тығырыққа тiредi.
Ресей империясы мен кеңестiк кезеңнiң ұлттық саясаты халықтар құқығының бұзылуы, тiкелей геноцид, экологиялық апаттармен қатар жүргiзiлдi. Билiк ұлттық құндылықтарды жоя отырып, қолдан утопиялық Кеңес ұлтын құруға тырысты. «Бейбiтшiлiк» пен «келiсiм», негiзiнен, зорлықпен және жасанды идеологиялық қысыммен орнатылды. Осының негiзiнде ұлттық проблемалар шиеленiсе түсiп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне алып келдi. Айналып келгенде Кеңес Одағының құрдымға кетуi - дәл осы ұлттық мәселелердiң түбегейлi шешiлмеуiнiң нәтижесi болды.
Тәуелсiздiктен кейiн мемлекет пен саяси институттардың қызметi өзгерiске түсiп, экономикалық реформалар жүргiзiлгенмен этносаралық қатынастардың дамуы бұрынғы күйiнде қала бердi. Өкiнiшке қарай, Егемендiк Декларациясы мен Тәуелсiздiк туралы заңның Ұлттық мемлекет құру туралы талаптары толық деңгейде жүзеге асырылған жоқ. Отарлық саясаттың зардаптарын жоюға бағытталған кешендi бағдарлама қабылданбады. Әлемдiк үрдiске сай, отарсыздану саясаты жүргiзiлуi тиiс едi. Экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатының өсуi ғасырлар бойы жинақталған өзектi мәселелердi өзiнен-өзi шешедi деген ұғымның қате екендiгiн әлем елдерiнiң де, Қазақстанның да тәжiрибесi анық дәлелдеп отыр.
Ұлттық саясат әлi де этносаралық қарым-қатынастардың кеңестiк стереотиптерiнен арыла алмай келедi. Қазақстанда ашық қақтығыстардың жоқтығы қоғамда шешуiн таппаған өткiр қайшылықтардың бар екендiгiн жоққа шығара алмайды.
Қазақстанда кеңестiк заманда 70 жыл бойы, тәуелсiздiк алғаннан кейiн 20 жылға жуық мерзiм iшiнде орыс тiлi iс жүзiндегi мемлекеттiк тiл рөлiн атқарып келедi. 1989 жылы қабылданған “Тiлдер туралы” заң қазақ тiлiнiң мүшкiл күйiн жақсарта алмады.
Билiк қоғамдағы этносаралық саясатпен тек Қазақстан халық ассамблеясы ғана айналысуы керек деген ұғымды қалыптастыруға тырысып келедi. Бұл түсiнiк мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың осы мәселедегi жауапкершiлiгiн төмендетедi. Ұлттық проблемаларды шешудiң дұрыс жолы бұл мәселелердi мүлде көтермеу деген ойлар да бой көрсетедi. Ұлт мәселелерiн алға қою ұлттық өзiмшiлдiк деп те бағалануда. Ал проблемалардың шешiлмей жинақтала беруi болашақта қайшылықтар мен тартыстар тудырып, ұлттық мемлекетiмiз бен тұтастығымызға қауiп-қатер төндiредi.
Жоғары билiк тарапынан ұсынылған «еуразиялық идея» мен «қазақстандық ұлт» саясаты - қазақ ұлты мен елдегi барлық этникалық топтардың келешегi, елдiң тағдыры үшiн аса қауiптi бастама. «Қазақстанда 140-тан астам ұлт пен ұлыстың өкiлi тұрады» деген жалған қағидаға сүйену де - түбегейлi қателiк. Қазақ елiнде бiр ғана ұлт, яғни мемлекет құрушы қазақ ұлты және басқа да этностық топтар тiршiлiк етедi дегендi ашық айтатын мезгiл жеттi. Билiктiң бастамасымен құрылып, ресми БАҚ-та кеңiнен жарнамаланған, бiрақ ұлттық мемлекет мүддесiне сәйкес келмейтiн Қазақстан халқы ассамблеясы этносаралық келiсiмдi қалыптастыруға, ұлттық проблемаларды реттеуге қауқарсыз екенiн уақыттың өзi дәлелдедi. Қазақстанда қазақ халқының барлық ұлттық құндылықтарына басымдық берiлуi және жеделдете шешiлуi тиiс. Мұндай саралап жiктеу түрлi этникалық топтарға жататын адамдарды алалау, олардың жеке азаматтық құқығын шектеу емес, бұл - әлемдiк ұстаным.
2. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Ұлттық саясаттың басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы бәрiне бiрдей жауаптылық болмайынша ел iшiнде дұрыс түсiнiстiк болмайды.
Қазақстан Республикасы жалпыға бiрдей ортақ территория, бiр ғана азаматтық, жалпыға бiрдей жоғары билiк, жалпыға бiрдей құқық жүйесi мен жалпыға бiрдей бiр ғана мемлекеттiк тiл негiзiнде дамитын болады.
Қазақ халқы қашанда қазақ жерiнде өмiр сүрiп жатқан орыс, украин, өзбек, ұйғыр, немiс, татар, қырғыз, түрiкмен, әзiрбайжан, тәжiк, қарақалпақ, шешен және басқа да этностық топтардың тiлiне, дiнiне, мәдениетi мен әдет-ғұрыптарына құрметпен және төзiмдiлiкпен қараған. Бүгiнгi күнi де өз елiнде басым көпшiлiкке айналған қазақ ұлты елдегi этносаралық және дiнаралық бiрлiктi сақтауды, олардың тiлiн, рухани құндылықтарын дамытуды өзiнiң басты мiндетi санайды. Мемлекет пен оның негiзi болып табылатын қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркiндiктерiнiң қамтамасыз етiлуiнiң кепiлi болып табылады. Қазақ жерiнде тұрып жатқан этностық топтар мемлекеттiң және бiртұтас азаматтық қауымдастықтың бөлiгi болып саналады.
Мемлекеттiк тiлдi бiлу - әрбiр азаматтың мiндетi. Мемлекеттiң басты мiндетi - азаматтарға мемлекеттiк тiлдiң маңызын жан-жақты түсiндiре отырып, оның қоғамдық өмiрдiң барлық саласында қолданылуына қажеттiлiк тудыру.
Осы ұстанымдарды iске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет:
- ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және бiлiм беру, т. б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешендi түрде жүзеге асыруды;
- нәсiлiне, этникалық тобына, тiлiне, дiни сенiмiне, сондай-ақ әлеуметтiк топтар мен қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгiн қамтамасыз етудi;
- ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiруге, бiртұтас мемлекет пен қоғамды жiкке бөлуге, этносаралық және дiни алауыздықты, өшпендiлiк пен араздықты өршiтуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл қоюды;
- мемлекет пен қоғамның ақпараттық тәуелсiздiгiне қол жеткiзу, елiмiздiң өзiндiк ақпараттық-мәдени кеңiстiгiн құру, өзге елдердiң елiмiздегi қоғамдық пiкiрдi қалыптастыруына жол бермеудi;
- елiмiздiң басқа да түрiк мемлекеттерiмен бiрдей болашақта латын әлiпбиiне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргiзiп, осыған қажеттi дайындықтарды жасауды;
- этностық немесе дiни ерекшелiктерге негiзделген саяси партиялардың ел тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және дiни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды;
- Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз әрi заңсыз өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi құжаттарды қабылдауды;
- Қазақстан Республикасы шет мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасының құқықтары мен мүдделерiн қорғау, қазақ тiлiн, мәдениетiн, ұлттық дәстүрлерiн сақтау мен дамытудағы iстерiне қолдау көрсетудi қолға алады.
3. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерiнде құрылған ұлттық мемлекеттi сақтау және нығайту.
Осы мақсатта:
- барша азаматтарды қазақ ұлтының маңында топтастыру, тәуелсiздiгiмiз бен егемендiгiмiздiң баянды болуын қамтамасыз ету;
- қазақ ұлтының тарихи жадын, тiлiн, дiлiн сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзiндiк ұлттық-мәдени ерекшелiгiн қалыптастыру және әлемге паш ету;
- елiмiзде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тiлi мен мәдениетiнiң дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етiп, оған деген сенiмiн арттыру қажет.
Бұл үшiн мемлекет пен қоғам өздерiнiң ерiк-жiгерiн төмендегi негiзгi мiндеттердi атқару үшiн жұмылдыруы керек:
Қазақстан Республикасы қоғамының негiзгi ұлттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту;
қазақ тiлiн шын мәнiндегi мемлекеттiк тiл деңгейiне жеткiзiп, оны барша Қазақстан азаматтарын бiрiктiретiн факторға айналдыру;
этносаралық және дiнаралық саладағы мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиiмдi және пәрмендi қарым-қатынастарын қамтамасыз ететiн жүйенi қалыптастыру.
4. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
1. Саяси-құқықтық салада:
Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен ел ретiнде саяси және құқықтық салаларда өзiнiң ұлттық саясатының мынадай негiзгi бағыттарын жүзеге асырады:
елiмiздiң барлық азаматтары мойындаған, негiзiнде өздерiнiң ортақ қазақ мемлекеттiгiне қатыстылығын терең сезiнетiн ұлттық құндылықтар жүйесiн қалыптастыру;
ел азаматтарының тарихи жадын және ұлттық, мемлекетшiлдiк санасын қалыптастыру үшiн «тарихи ақтаңдақтарға», әсiресе Ресей отарлауы, 1920-1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргiндер мен Қазақстанға басқа ұлт өкiлдерiн зорлап депортациялау, ұлт-азаттық қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне саяси және заңдық баға беру, ортақ тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы мемлекеттiк мұражайлар мен ескерткiштер ашу;
Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан, рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрмендiлiкпен жүргiзу;
мемлекетiмiздiң негiзiн қалаған, ұлтымыздың тәуелсiздiгi үшiн аянбай күрескен тарихи тұлғалардың аттарын мәңгiлiк қалдыру бағытында ұлттық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткiштер мен атауларды өзгерту;
мемлекеттiң тұрақтылығы мен ұлт бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерiмен бүкiлхалықтық күрес жүргiзу;
елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет басшысына тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру;
елдегi этносаралық қатынастарды реттейтiн заңнамаларды осы тұжырымдамаға сәйкестендiру;
елдiмекендер мен жердiң тарихи атауларын қайтару жұмысының тиянақты жүргiзiлуi үшiн ономастика салаларында кешендi республикалық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, оны мемлекеттiң ұлттық мүддесi тұрғысынан республикалық деңгейде шешу;
қоғамдағы демократиялық институттарды дамыту, оның iшiнде саяси партиялардың рөлiн арттыру, оларды этносаралық және дiнаралық мәселелердi шешуге қатыстыру, этностық топтардың өкiлдерiмен тығыз жұмыс жасау.
2. Сыртқы саясат саласында:
Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты мiндетi - оның тәуелсiздiгi мен егемендiгiн, қауiпсiздiгi мен жерiнiң бiртұтастығын нығайту.
Сыртқы саясат бойынша аймақтық әскери одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға кiру мәселесiн тек барша халықтың ұйғарымымен жүзеге асыру көзделедi.
Халықаралық интеграция саясаты елiмiздiң тәуелсiздiгiне еш нұқсан келтiрмейтiндей ұтымдылықпен жүргiзiлуi тиiс. Осы кезге дейiн жасалған мемлекетаралық келiсiм-шарттар ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуы қажет.
Осы Тұжырымдамада көрсетiлген мәселелердi негiзге ала отырып ұлттық қауiпсiздiк, сыртқы саясат, қорғаныс, ақпараттық қауiпсiздiк доктриналары қайта қаралып, оларға қажеттi толықтырулар енгiзiлуi керек.
Алдағы жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында төмендегi басымдықтарды:
АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания сияқты ядролық державалармен елiмiздiң егемендiгi мен тұтастығын қамтамасыз ететiн, кепiлдiк беретiн арнайы екiжақты келiсiмшарттар жасауға ұмтылу;
Қазақстан Республикасында шетелдiк әскери полигондардың орналасуына заң жүзiнде тыйым салу;
Екi мемлекет арасындағы келiсiмшарт мерзiмi бiткенде Ресейдiң әскери базаларын шығару және олардың жұмысының нәтижесiнен туындаған экологиялық, басқа зардаптарды өндiру мәселесiн қою;
Орталық Азия, түрiк және мұсылман мемлекеттерiмен саяси-экономикалық, мәдени, экологиялық жақындасу, одақтасу саясатын белсендi жүргiзу;
Еуроодақ институттарымен жақындасу саясатын үдету, “Еуропаға жол” мемлекеттiк бағдарламасын қайта қарап, толықтыра түсу;
Қазақстан Республикасы азаматтығын берген кезде үмiткерлердiң мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейiн, бiлiмiн, жасын, кәсiбилiгiн, қаржылық мүмкiндiктерiн, туыстық қарым-қатынастардың бар-жоқтығын негiзге алу;
шетелде тұрып жатқан қандастарымызды Отанына қайтару саясатын белсендi түрде жүргiзiп, елiне қайтып жатқан қазақтарға тез арада жеңiлдетiлген азаматтық беру мен қоныстануын толық қанағаттандырарлықтай көмек көрсету;
қазақ диаспорасы тұрып жатқан мемлекеттермен тиiмдi қарым-қатынастар орнатып, қандастарымызға құқықтық, қаржылық, ақпараттық, мәдени көмек көрсету мәселесiн мемлекетаралық деңгейде көтерiп, белсендi түрде iске асыру қажет.
3. Экономикалық және әлеуметтiк салада:
Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсiздiгiн сақтап, ұлттық жаңғырудың (модернизацияның) кепiлi ретiнде барша халықтың әлеуметтiк жағдайының деңгейiн жақсарту мен рухани өсуiне толық мүмкiндiк жасап, жер мен жер қойнауы байлығын халқының мүддесiн қорғайтын деңгейде пайдаланып, шетелдiк инвесторлар мен трансұлттық корпорациялардың экспансиясына жол бермеу керек.
Бұл мақсатта:
ұлттың негiзгi байлығы жер мен жер қойнауы қазынасы халықтың ортақ байлығы екенiн бекiтiп, мемлекет тек оны пайдалануды реттеп отыруға құқылы болуын жүзеге асыру;
экономиканың стратегиялық даму салаларын қатаң мемлекеттiк бақылауда ұстау;
индустриялық даму бағыты жер қойнауы қазынасы мен табиғи басқа байлықтар ресурсын шикiзат күйiнде шетке шығаруды неғұрлым тежеп, отандық ғылым мен жаңа технологияны пайдаланып, iшкi және сыртқы сұранысқа сай сапасы жоғары, халықаралық деңгейдегi өндiрiстiк өнiм шығаруды жолға қою;
орта және шағын кәсiптi дамытуда, экономикалық тиiмдi, өнiмдерiнiң өз құнын төмендетiп, сапасын көтеретiн жаңа технологияны жедел өзгертуге бейiмделген өнеркәсiп орындарын көптеп ашуға мемлекеттiк қолдау жасау;
Қазақстан Республикасының көшi-қон туралы заңнамасын одан әрi жетiлдiру, шетелдiк жұмысшыларды шақырудың ұлттық мүддеге қайшы келмеуiн және елiмiздегi жұмыссыздықтың көбеюiне әсер етпеуiн қамтамасыз ету;
iшкi көшi-қонның мәселелерiне арналған арнайы заң қабылдау және iшкi көшi-қон толқынын реттеу мақсатында ауылдық жерлердiң экономикалық, әлеуметтiк мәселелерiн шешу;
шетелдiк инвесторлармен кезiнде жасалған келiсiмшарттардың құпия мазмұнын жариялау жөнiнде келiссөздер жүргiзу. Болашақта үкiмет пен шетелдiк компаниялар арасында жасалатын кез келген келiсiмшарттарды мiндеттi түрде жария түрде жасау;
Қазақстанға келген шетелдiк инвесторлар өздерiнiң шикiзат саласындағы жобаларын жүзеге асыру үшiн мiндеттi түрде жергiлiктi мемлекеттiк не болмаса жекеменшiк компаниялармен бiрлескен кәсiпорын ашуы керек. Бұндай кәсiпорындардағы қазақстандық компаниялардың үлесi 51 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;
экономикалық тәуелсiздiк пен қауiпсiздiктi сақтау үшiн отандық салалар мен кәсiпорындардың шетелдiк компаниялар сатып алатын барлық меншiктiк үлес мөлшерiнiң ең жоғарғы деңгейi 49 пайыздан аспайтындай, ал әрбiр шет елдiк компанияның меншiгiне бiр өндiрiс орнының 15 пайыздан артық үлес сатып алуына шек қоюды iске асыруы;
қазақ жерiнде жұмыс жасап жатқан шетелдiк компанияларды қазақстандық жұмысшылардың құқын сақтап, негiзiнен отандық тауарлар мен қызметтердi сатып алуға мiндеттейтiн заңдар қабылдануы;
елдегi ұлттық компаниялардың негiзгi акцияларын Қазақстан азаматтарының, бiрiншi кезекте ауыл тұрғындарының иеленуiн қамтамасыз ету, сол арқылы оларды кәсiпкерлiкке тарту;
ауылдың экономикасы мен әлеуметтiк жағдайының деңгейiн қала тұрғындары деңгейiне жеткiзуге бағытталған, ұлттық менталитетке байланыстырылған, ұлттық-аграрлық даму бағдарламасын дайындау;
«Жер Кодексiн», «Жер қойнауы туралы» заңды қайта қарау, жердi сату мен жер қойнауының байлығын пайдалану туралы заңнамаларды ұлттық даму тұжырымдамасының бағытына сәйкестендiру;
елiмiздiң ауыл шаруашылығына арналған жерлерiн шетел мемлекеттерiне жалға беруге немесе бiрлескен кәсiпорын құрып пайдалануына жол бермеу, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға жердi жалға беруге тыйым салу;
жоғары бiлiмдi инженерлер мен менеджерлердi, кәсiби жұмысшыларды оқыту және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру арқылы Қазақстанда жұмыс iстеп жүрген шетелдiк мамандарды ұлттық мамандармен ауыстыру;
ауылдың экономикалық, әлеуметтiк, мәдени өркендеуiне жұмыс iстейтiн, инфрақұрылымды дамытатын, ұлттық менталитетке негiзделген дәстүрлi экономиканы дамытатын аймақтық бағдарламаларды дайындау, оларды қомақты және мақсатты қаржыландыру;
елiмiзде орын алып жатқан урбанизациялық процестерге мемлекеттiк қолдау көрсету, қалаға келiп жатқан азаматтарды қоныстандыру және әлеуметтендiру үшiн арнайы мемлекеттiк бағдарламаны қабылдау;
қазба байлықтарды, мұнай мен газды шетелге сатуды қатаң бақылауға алу арқылы ел қазынасын молайту, одан түскен табыспен жастардың тегiн бiлiм алуын, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесiн түбегейлi шешу;
халықтың әл-ауқаты мен өсiмiн тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатындағы (зейнеткерлерге, студенттерге, көпбалалы аналарға берiлетiн көмек, дүниеге келген әрбiр балаға берiлетiн жәрдемақы және т. б. ) әлеуметтiк қолдаудың деңгейiн көтеру;
баспанасынан айырылған, банктерге қарызға батқан үлескерлер мен борышкерлердiң мәселесiн шешуге бағытталған мемлекеттiк iс-шараларды дереу қолға алу;
сыбайластықпен, заңсыз жекешелендiрумен талан-таражға түскен ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердi халыққа қайтару;
Қазақстан жерiнiң жартысынан көбi өмiр сүруге қолайсыз шөл және шөлейт жерлер екенiн ескерiп, онда тұрып жатқан тұрғындарды қалаларға немесе шұрайлы жерлерге көшiру бағдарламаларын жасау керек.
4. Тәрбие, бiлiм беру және ғылым саласында:
Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты мiндетi - оның тәуелсiздiгi мен егемендiгiн, саяси және экономикалық дамуының тiрегi болатын, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сiңiрген патриоттық рухтағы бiлiмдi жаңа ұрпақ тәрбиелеу, ғылымды жан-жақты дамыту.
Ол үшiн:
- ұлттық тарихты, зерденi, рух пен мәдениеттi терең насихаттайтын әр деңгейдегi, сан алуан технологиядағы жаңа буын оқулықтарын дайындау;
- жоғары оқу орындарында оқытылатын гуманитарлық және техникалық мамандықтарға арналған мемлекеттiк тiлдегi оқу құралдары мен оқулықтардың сапасын арттыру;
- арнайы мемлекеттiк бағдарлама арқылы жасөспiрiмдер үшiн қазақ және басқа тiлдерде ұлттық ауыз әдебиетiнiң үздiк үлгiлерiн, бай эпикалық мұрасын кеңiнен насихаттайтын кiтаптар, мультфильмдер, дискiлер шығару;
- 90-жылдардағы жабайы жекешелендiру кезiнде жабылып қалған балабақшалар мен мәдени ошақтары желiсiн қайтарту және демографиялық үдерiстерге сай қайта жаңғырту;
- бiлiм беру жүйесi жас азаматтардың қазақ тарихы мен мәдениетiне, мемлекеттiк тiлiне деген құрметiн арттыруға, Қазақстан Республикасына, оның мемлекеттiк рәмiздерiне, құндылықтарына деген сүйiспеншiлiк сезiмдерi мен отансүйгiштiк қасиеттерiн өсiруге бағыттау;
- балабақшадан жоғары оқу орнына дейiнгi мемлекеттiк тiлдi үйретудiң үздiксiз жүйелерi мен бағдарламаларын дайындап, оларды батыл түрде енгiзу;
- балабақшаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында тарихты бұрмалау, жеке басқа табыну, елдiң дамуын бiржақты дәрiптеу сияқты ұрпақ тәрбиесiнiң негiздемелерiне қайшы, бiлiм стандартына сай емес «Өзiн-өзi тану» сияқты жастарды рухани аздыруға алып келетiн пәндердi оқытуға тыйым салу;
- мемлекеттiк балабақшалардағы тәрбие жұмыстарын мемлекеттiк тiлде жүргiзу;
- барлық мектептер мен ЖОО-дарында қазақ әдебиетi, тарихы және тiлi оқытылуы тиiс. «Орыс әдебиетi» пәнiнiң орнына «Әлем әдебиетi» пәнiн енгiзу керек.
5. Ақпараттық салада:
Ақпараттық салада ұлттық саясат төмендегi басымдықтарды iске асыруға негiзделуi тиiс:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz