Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Химиялық тепе.теңдік.
2. Химиялық тепе.теңдіктің ығысуы.
• Концентрацияның әсері.
• Қысымның әсері.
• Температураның әсері.
3. Ле Шателье принципі.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
II. Негізгі бөлім.
1. Химиялық тепе.теңдік.
2. Химиялық тепе.теңдіктің ығысуы.
• Концентрацияның әсері.
• Қысымның әсері.
• Температураның әсері.
3. Ле Шателье принципі.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Химиялық тепе-теңдік.
2. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.
* Концентрацияның әсері.
* Қысымның әсері.
* Температураның әсері.
3. Ле Шателье принципі.
I. Қорытынды.
II. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Химиялық тепе-теңдік.
Нәтижесінде бастапқы заттар (реагенттер) толығымен реакция өнімдеріне айналатын химиялық реакцияларды қайтымсыз реакциялар деп атайды. Бір мезгілде қарама-қарсы бағытта (тура және кері) жүретін реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды.
Кез келген қайтымды реакция үшін бастапқы сәтте әрекеттесуші массалар заңына сәйкес тура реакцияның жылдамдығы максимал мәнді, ал кері реакцияның жылдамдығы нөлге тең. Уақыт өте келе бастапқы заттардың концентрациялары кемиді, ал өнімдерінің концентрациялары артады. Демек, тура реакцияның жылдамдығы кемиді, кері реакцияның жылдамдығы артады. Ерте ме, кеш пе тура және кері реакцияның жылдамдықтары теңесетін кезең болады, ол кезде жүйеде тепе-теңдік күй орнайды. Оның жалпы химиялық теңдеуі:
аА + bB ⇄ cC + dD
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандағы жүйенің күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды.
Тепе-теңдік орнаған кезеңдегі әрекеттесуші заттардың концентрацияларын тепе-теңдік концентрациялары деп атайды. Әдетте олар мольл-мен өрнектеліп, квадрат жақшада беріледі, мысалы, [А], [В], [С], [D] және т.б. Химиялық тепе-теңдік бұзылғанға дейін олардың мәндері өзгеріссіз қалады.
Қайтымды реакциялар жағдайында бастапқыда заттардың реакция өнімдеріне айналу дәрежесі химиялық тепе-теңдік күйімен анықталады, оның сипаттамасы химиялық тепе-теңдік константасы (К) болып табылады. Ол сан жағынан реакция өнімдерінің тепе-теңдік концентрацияларының көбейтіндісін бастапқы заттардың тепе-теңдік концентрацияларының көбейтіндісіне бөлгенге тең. Тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының қатынасы кері реакцияға қарағанда тура реакция қанша есе жылдам жүретінін көрсетеді.
Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес тура ( υтура ) және кері ( υкері ) реакцияның жылдамдықтары мына теңдеулермен өрнектеледі:
υтура = kтура [А]а [В]b,
υкері = kкері [C]c [D]d.
Тепе-теңдік кезінде тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бір-біріне тең, демек:
kтура [А]а [В]b = kкері [C]c [D]d ,
осыдан,
k k = C D А В =К.
Мысалы, 2SO2 + O2 ⇄ 2SO3 реакциясы үшін
К = [SO ] [SO ] [O ] .
Әрбір қайтымды реакция берілген температурада бастапқы заттардың реакция өнімдеріне айналуын анықтайтын тепе-теңдік константасының белгілі мәнімен сипатталады. К 1 кезінде алынған заттардың концентрацияларының көбейтіндісі бастапқы заттардың концентрацияларының көбейтіндісінен көп есе артық болады. К 1 кезінде, керісінше реакция өнімдерінің шығымы өте аз. Бірінші жағдайда жүйенің тепе-теңдігі реакция өнімінің түзілу жағына қарай ығысқан, екінші жағдайда - бастапқы заттарға қарай ығысқан.
Химиялық тепе-теңдік кезінде бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің концентрациялары өзгеріссіз қалады. Бірақ химиялық тепе-теңдікті статикалық деп ұғынуға болмайды. Қайтымды реакциялар әдетте аяғына дейін бармайды. Тура және кері реакциялар тепе-теңдікке жеткеннен кейін де жүріп жатады, бірақ олардың жылдамдықтары бірдей болғандықтан, жүйедегі өзгерістер байқалмайды. Сондықтан тепе-теңдік динамикалық деп аталады.
Сонымен тұрақты температура кезінде қайтымды реакцияның тепе-теңдік константасы тепе-теңдік кезінде айқындалатын реакция өнімдерінің (алымы) концентрациялары мен бастапқы заттардың (бөлімі) арасындағы арақатынасты көрсететін тұрақты шама.
Тепе-теңдік константасының теңдеуі тепе-теңдік жағдайында реакцияға қатысатын барлық заттардың концентрациялары өзара байланысты екенін көрсетеді. Кез келген осы заттың концентрациясының өзгерісі барлық қалған заттардың концентрацияларының өзгеруіне әкеледі, бірақ жаңа тепе-теңдік константасымен сипатталады.
Гетерогенді реакциялардың тепе-теңдік константасының өрнегіне тек қана газ немесе сұйық фазадағы заттардың концентрациялары кіреді.
Тепе-теңдік константасымен шамасы әрекеттесуші заттардың табиғаты мен температураға тәуелді. Катализатор тура және кері реакциялардың белсендіру энергияларын бірдей шамаға өзгертетіндіктен, ол жылдамдық константаларының қатынасына әсер етпейді. Демек, реакция шығымын арттырмайды және кемітпейді. Ол тек қана тепе-теңдіктің орнауын тездетеді.
2.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.
Егер тепе-теңдік күйдегі жүйенің жағдайы өзгерсе, онда жүйе тепе-теңдіктен шығады. Көбіне тепе-теңдіктің бұзылуы тепе-теңдікте тұрған заттардың біреуінің концентрациясының, қысымның немесе температураның өзгеруі салдарынан болады.
Концентрацияның әсері. Жай заттардан йодсутек синтезінің қайтымды реакциясын қарастырайық:
Н2(г) + I2(г) ⇄ 2HI(г)
Сутек, йод буы және йодсутек белгілі температурада және қысымда бір-бірімен тепе-теңдікте болсын. Жүйеге қосымша сутектің біраз мөлшерін енгізейік. Әсер етуші массалар заңына сәйкес, сутек концентрациясының артуы тура реакцияның жылдамдығын арттырады. Енді реакция тура бағыттағыға қарағанда кері бағытта жылдамырақ жүреді. Нәтижесінде сутек және йод буының концентрациялары кемиді де, тура реакция баяулай бастайды, сөйтіп HI концентрациясы арта түсетіндіктен кері реакция жылдамдайды. Біраз уақыттан кейін тура және кері реакциялардың жылдамдығы қайтадан теңеседі де жаңа тепе-теңдік орнайды. Әрине бұл кезде HI концентрациясы сутекті қосқанға дейінгі концентрациядан жоғары, ал I2 концентрациясы төмен болады.
Тепе-теңдіктің бұзылуынан болған концентрацияның өзгеру процесін тепе-теңдіктің ығысуы немесе жылжуы деп атайды.
Егер бұл кезде теңдеудің оң жағында тұрған заттардың концентрациялары артса (және осы уақытта сол жағында тұрған заттардың концентрациялары кемісе), тепе-теңдік оңға ығысады, яғни тура реакцияның бағытында жүреді; концентрация азайғанда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz