Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері



ЖОСПАР
Кіріспе 3

1.тарау. Құқықтық қатынастардың пайда болуы және түсінігі 5
1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері 5
1.2 Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары 9

2.тарау. Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері 12
2.1 Құқықтық қатынастың құрылымы 12
2.2 Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі 15

Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-тарау. Құқықтық қатынастардың пайда болуы және түсінігі 5
1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері 5
1.2 Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары 9
2-тарау. Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері 12
2.1 Құқықтық қатынастың құрылымы 12
2.2 Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі 15
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе

Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте
және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар.
Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық
және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас
объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық
қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік
қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс
процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың
жиынтығы. Өндірістік қатынас - қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам
материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі
байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен
қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын
алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең
маңыздылары - саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.
Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланысқан реттелген
бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір
ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың
өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі.
Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы
қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір
сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір
сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге
бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды
қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік
емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы
қауымдық қоғам, марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп
түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек
өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп,
басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік
т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады.
Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері
топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-
қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа
себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс.
Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп,
жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың
бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы
қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде
дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның
экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан
адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта
отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

1-тарау. Құқықтық қатынастардың пайда болуы және түсінігі

1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері

Құқықтық қатынас категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі,
орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына
құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық
қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді
иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық,
әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс - қатынастар
моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы
қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек
әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп,
басқарып отырады[1].
Құқықтық қатынас дегеніміз - мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты
құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-
белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп
отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың
мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса
жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы
нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші - қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің
толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес,
тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады[2].
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін
құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші - егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе
субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің
қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға
тиіс.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге
бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе -
саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық,
қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді:
реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып,
дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес
орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты.
Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында
болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда
басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге
бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын
құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде
тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі.
Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім
бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге
міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен
міндеттері бірдей болады.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі
және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс,
прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
1-кесте

1.2 Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары

Алғышартар – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар,
факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін
бөліп қарастырады:
1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық
қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады.
Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің
объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.
жағдайлардың жүйесі.
2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқықсубъектілік және
шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз
құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.
Құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық
қатынас – құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас.
Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:
а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің
элементтері болып табылады;
ә) құқық нормасы – бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;
б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;
в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда
болу жағдайларын көздейді;
г) құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының
субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды;
д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын
көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);
е) құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа
түседі, құқықтық қатынас – бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.
Құқықтық, нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп-басқару
үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып жатады. Ол нормалар
адамдардың, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-
әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске
асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға
сәйкес қоғамдық мүдде мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін
қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзіне
асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.
Құқықтық нормалардың орындалуы адамдардың тек заңды іс-әрекеттерімен
немесе әрекетсіздігімен (заңда тыйым салынған істерді жасамау) байланысты.
Құқықтық нормаларды іске асыруда субъектілер екі топқа бөлінеді: мемлекет,
оның органдары және халық, олардың ұйымдары. Құқықтың іске асуы нормативтік
актілерді қабылдаудан, бекітуден басталады. Мемлекеттің жоғарғы органдары
(парламент, президент) заң қабылдайды; үкімет, министрлік-ведомстволар, сот
және жергілікті басқарушы мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормалар
қабылдайды. Осы мемлекеттік органдардың бәрі де құқықтық нормаларды іске
асыруға, орындауға зор үлестерін қосады.
Заңдарды, заңға тәуелді нормаларды қабылдау, бекіту үлкен істің
басталуы ғана. Бұл істің негізгі міндеті – сол қабылданған нормативтік 
актілерді іс жүзіне асыру, олардың мазмұнын шындыққа, ақиқатқа айналдыру.
Өйткені бұл нормаларда қоғамның мүдде-мақсаты соған сәйкес мемлекеттің
билік бұйрығы басым орын алады. Бұл процесс құқықтық нормаларды объективтік
тұрғыдан іске асыру. Ал, қатынастағы субъектілердің құқығы мен
міндеттерінің орындалуын – субъективтік тұрғыдан іске асыру деп түсіну
керек.
Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болады.
Өйткені нысандардың өмірге келу себептері әртүрлі болады:
а) қоғамдағы қатынастардың мазмұны әртүрлі болуы;
б) нормативтік актілердің адамдарға әртүрлі әсер етуі;
в) норманың ерекше мазмұнының әсері;
г) құқықты іске асырудағы субъектілердің; құзыреті мен өкілеттігінің әр
түрлі болуы;
д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.
Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты – қоғамдағы қатынастарды дұрыс,
уақытында реттеп, басқарып іске асыру. Қоғамдағы барлық қарым-қатынастарға
құқықтың ықпалы, әсері болуға тиіс, сол арқылы жақсы дәрежеде жалпы
қоғамдық тәртіп, заңдылық қалыптасады. Егер құқықтық нормада бір іс-
әрекетке тыйым салынса, ол норма іс жүзінде орындалса құқықтың мақсаты
орындалды деуге болады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетті жасауға
нұсқау берілсе, ол орындалса құқық өз мақсатына жетті деуге болады.
2-тарау. Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері

2.1 Құқықтық қатынастың құрылымы

Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық
байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма
әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас — бұл субъективтік құқықтар мен
заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар
арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды
қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де
жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект,
субъективтік құқық, заңды міндеттер.
1. Құқықтық қатынастың субъектісі - жеке адам және заңды тұлғалар.
Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (КРАК, 126.).
Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі
қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет - құқыққа бостандықтар мен міндеттерге
ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде
аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың
құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның
ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет
етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып
келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-қатынас жасауға т.б. құқықтары бар
(кодекстің 14-бабы).
Әрекеттілік (дееспособность) - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана
алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау
қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада
белгілі жасқа толу болып табылады[3].
Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар
құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін
заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық
мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың
қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр
қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он терт жастан
басталады.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да
келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп
аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие
болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастар туралы
Құқықтық қатынастарының ұғымы, олардың белгілері
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқықтық қатынастың түсiнiгi, белгiлерi
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
Құқық қатынастары туралы
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Әлеуметтік құқықтың қағидалары
Пәндер